Ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды

Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды
Міне, биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Еліміз бұл күнді атап өтетіні белгілі. Қан майданда біздің қаншама батырларымыз қаза тапты. Біз бұл жеңіске онайлықпен жеткен жоқпыз. Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Салқыны сан жылдарға созылған, сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның жеңісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, екінші дүние жүзілік соғыстың (1939 – 1945) құрамдас бөлігі. .....
Шығармалар
Толық

Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Шығармалар
Толық

Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс

Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз.
И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған. ......
Шығармалар
Толық

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Шығармалар
Толық

Отбасылық альбомның кейіпкері

... Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар,
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
..Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар...
С.Мәуленов
Жылыой ауданы, Жаңатаң ауылында тұратын нағашы атамның ауылына барған сайын мен ыстық ықыласқа, шексіз мейірімге бөленіп қайтамын. Әсіресе, ұнататын ермегім- нағашы атам мен әжемнің басынан өткен естелік әңгімелерін тыңдау.Ол кісілер айтып отырған әңгімелерді естіп отырып, бейне бір ертегі тыңдағандай әсерде боламын. Ал анам, балалық шағын еске түсіргісі келе ме, ауылға барған сайын , міндетті түрде отбасылық альбомды қарайды, әрине, онымен бірге біз де отыра қалып альбом ақтарамыз. Сондай бір альбом қарау кезінде мен альбомның алдыңғы жағына ұқыптылықпен жапсырылған ескі фотолардағы екі әйел адамның суретін көрдім де, қасымда отырған әжемнен «Мына кісілер кімдер?» деп сұрадым.Сол кезде әжемнің жүзінде ерекше бір толқыныс пайда болып: «Бұл кісілер-менің әжем мен анам» -,деп жауап берді. Мен: «Олардың аттары кім?Қашан қайтыс болған?»-,деп сұрағымды жалғастырдым........
Шығармалар
Толық

«Ерліктері ұмытылмас ел есінен»

Қиындық пен қуаныш қатар тұрар бір егіз,
Төзе білсек, бәрін де оңайлықпен жеңеміз.
Тар жол, тайғақ кешкен ата-бабам,
Есімдерін мәңгілік ұмытпастай жүреміз, -деген өлең жолдарыммен, Жеңіс күніне арналған ой толғанысымды ақ қағаз бетіне түсірейін...
Иә, Жеңіс туының желбірегеніне биыл 71 жыл толып жатыр. «Еліңді сүйсең ерлік істейсің» дегендей қазағымнан шыққан алып батырлар елі үшін жан пида қылды. Азапқа толы күндер, ұйқысыз түндер, бауыр еті баласы мен жан жарынан жырақта болу, әрине, өте қиын... Аспаны ашық, отбасы, бала қамымен тыныштықта өмір сүріп жатырған еліме, кенеттен қара бұлт үйірілді. Зардабы сан мыңдаған адамның өмірін жалмады. Сол бір төрт жыл еліме қасірет әкелді.Аналарымыз ауыр-ауыр жұмыстар атқарып, әкелеріміз, ағаларымыз майданда ел үшін талаң-тартыста болған. Ұлы Отан соғысына қатысушы батырлардың көбі Қазақстаннан шыққан қайсар ұл-қыздарымыз болатын. «Шешінген судан тайынбас» дегендей 18-19 жасар жастарымыз соғысқа өз еріктерімен барып, тәуекел етті. Олардың сол кездегі Отанына деген сүйіспеншілігі, қайсардай мінезі келер ұрпақты патриот болуға тәрбиелейді......
Шығармалар
Толық

Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.......
Шығармалар
Толық

Ерліктерімен аңызға айналғандар

Ұлы Отан соғысы еліміздің басына ауыр қасірет пен бейнет, азап пен қайғы алып келді.Аналарымыз жылап, бауыр еті балаларын майданға аттандырып, өздері ауыр жұмысқа жегілді. Жеңгелеріміз қимас ерлерін соғысқа шығарып салды. Сәбилеріміз ел басына төнген мына бір қасіретке көндіге алмай, жәутеңдеп қала берді.Ауыл өмірі сондай бір жұпыны, көңілсіз күй кешті. Әйелдер мен қарттар, қабырғасы қатпаған жеткіншектер күн шықпай егіс басына барып, күн ұзақ егін егіп, майданға азық дайындаған. Қас қарайғанда шаршап келіп, сүлделері құрып, омақаса құлаған. Оның үстіне майданнан күнде бір үйге қара қағаз келіп, онсыз да қоңыр ауылды күңірентіп, жоқтаумен тітіркендіріп жіберген. Иә, майданға ұлдарын аттандырған ауылдың тіршілігі осындай болғанмен, майдандағы аға-әпкелеріміз өз борыштарын абыроймен өтеп жатқан. Олар қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеп жатты. Еліміз бұл соғысқа бір миллион 366 мың адамды атттандырған. Олардың 5183 қызкеліншектер болған.
Жалпы республикамыздан 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық , 4 минометтік, 3 аавиациялық полк, 14 жеке батальон құрылып, майданға жіберілген. Осындай дивизиялардың бір тобы батыс майданы құрамына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты.......
Шығармалар
Толық

Ұлы жеңіске ғажап күшпен жеттік

Қазақ елі! Жасыл ел! Мәңгілік ел! Ұлы жол! Нұрлы жол! Болашаққа бастар жол! Қадірі мен қасиетіне бас иер даму жолына қол жеткізуге ұлт ұрпағы оңай келген жоқ.
Біз ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Барлығы жеңіс үшін күресті. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетіп, газетжурнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері 71 жыл өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Сол кезде соғыс адамға не істетпеді десеңізші?! Соғыс туралы хабар қазақ халқына тарай салысымен, Қазақстанның ұл-қыздары соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдарында өз борыштарын өтеп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстан еңбекшілері тылда «Бәрі де жеңіс үшін!» деген үндеумен маңдай терлерін төге, күн-түн демей жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты. Жауынгерлер қыс-жаз демей соғысты. Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. 1944 жылы ғана жау қоршауды бұзып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310-314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін болған шайқаста басынан аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Әлия Молдағұлова м ен Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың ерліктері тарихқа өшпестей із қалдырды......
Шығармалар
Толық

Өз жерін қорғаған азаттық соғыс

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік
Мұхтар Әуезов
Қазақ халқында жерін жаудан, елін езгіден, қызын күндіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлар көп болған. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен көңіліндегі мұңы дүниені күңірентті. Тарих толқыны үнемі жаңаланып отырады. Бірақ ұмытылмайтын, ескермейтін, мәңгі сақталатын тарихи оқиғалар болады. Қазақ халқының ерік- жігерін, батырлығын көрсеткен тағы бір оқиға – бұл екінші дүниежүзілік соғыс еді.Сұрапыл соғыс қасиетті қазақ жерінде болмаса да жерлестеріміз шайқаста ерлікпен асқан шеберлікпен көзге түсіп батыр атанды.Төрт жыл бойы қан қақсатқан фашистер патшасы Гитлердің сұмдық саясатына қарсы тұра білген қазақ батырлары бұл жылдары беріспей өліскен емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22- де болған еді. Бұл кездер халқымыздың басына қара бұлт үйірілген жылдар болды. Фашистік Германия 1939 жылдың 23 тамызындағы шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзады. Кеңес одағына қарулы күштерімен кенеттен тұтқиылдан баса көктеп кіріп, бейбіт өмір кешіп жатырған халықтың тыныштығын бұзады. Осылай ешқашан ұмытылмайтын, жер беті қанға боялған Ұлы Отан соғысы басталады. Немістер үшін бұл соғыстың сипаты әділетсіз болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған азаттық соғыс болды. Немістің басшысы Гитлер 1940 жылдың орта кезінде-ақ кеңес Одағына басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталған жоспарды жасауға кіріскен болатын. Олар бұл жоспарда Кеңес Одағына бір мезгілде әуеден және соғыс теңіз күштері арқылы шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа 3-4 ай ішінде «Қауырт соғыс» идеясы 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді.......
Шығармалар
Толық