Дүниеге ерлігімен танылған

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман.
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
Жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.1941 жылы 22 мауысымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Неміс басқыншылары шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі – кеше ғана елі 105 жылдығын атап өткен қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Анасы-Рәзия, әкесі-Момыш.
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардың тік иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Даңқ туын майдандағы көтерген .....
Шығармалар
Толық

Еліміз ерлерімен мақтанады

Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Б.Момышұлы
Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
Ерліктің арқасында бақ қарады....
Шығармалар
Толық

Қайсар жүректі солдаттарым

1941 – 1945 жылдар барша қазақстандықтар үшін өкініш пен жұбанышқа, қайғы мен қасіретке толы кезең ретінде мәңгі есте қалады. Келешек ұрпақтың жарқын, тәуелсіз болашағы жолында аға – әпкелеріміз сұрапыл соғысқа қатысып, жанкешті ерлік көрсетті. Жеңіс туын желбіретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру біздің батыр ағаларымыздың асыл арманы болатын. Жеңісті жақындатуда қаһармандық пен қайсарлық танытып, елжандылық пен елдіктің символына айналған ұлы бейне Бауыржан Момышұлы сұм соғыста еліне деген асқан сүйіспеншілігі мен жеріне деген шексіз құштарлығының арқасында жауға тойтарыс бере білді. 1941 жыл. Ызғарлы қыс. Түн. Волоколам тас жолы. Қарға омбыған бір топ әскер жер бауырлап, бір ізбен алға жылжып келеді. Осы әскерді үстіне қалың тоңды бүркене киген, мылтық асынған, сұсты командир басқарып тұр. Бұл жерде жаңа ғана қанды шайқас болып өтті. Анадай жерде қалпағын мұз басқан, кірпігін қыраудан аша алмай отырған сержант радио арқылы штабпен байланыса алмай жатыр. Қаһарлы қыстың әсерінен батальоннан 3 күн бұрын байланыс үзілген. Тіпті, «Батальон жау қолында қаза тапты» деген сыбыстар да ел арасында тарап кеткен. Анда – санда командир : « Бір солдат мың қолға татиды, берілмейміз! » - деп өз әскеріне рух беріп қояды. Солдаттар мұндай рухты сөздерді естігенде бойларына жылу барып, қандары тулап бір – бірлеріне қарап, «Біз жеңеміз!!!» дегендей болады. Бұл командир – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының батальонды басқарып келе жатқанына 3 күн, 3 түн болды. Бауыржан Момышұлы бір сәтте қалың ойға шомып, кері шегінудің жоспарын құра бастайды. «Эх, мына соғыс тым ұзаққа созылып кетті.....
Шығармалар
Толық

Соғыстан қайтқан солдаттар

Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар? - деп халқымыздың көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жырлағандай, сұм соғыс қай шаңыраққа қайғы–шер әкелмеді десеңізші?! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы! Ұлы Отан соғысы... Бұл тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сиякты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні– бұл барлығымызға ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі біздер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның дамуы мен қайта өрлеуінің негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Батырларымыздың табандылығы мен ерлігінің арқасында, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында олар қатал соғыста жеңіске жетті. Сол жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. .....
Шығармалар
Толық

Елі үшін еңбек еткен ерлер

Екінші дүниежүзілік соғыс біздің жерімізге алапат дауылдай келгені рас. Бұл дауыл біздің есімізде өшпестей болып із қалдырды.Соғыс – халықты, елді, жерді жайпайтын өте үлкен күш. Соғыс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Әрине , ол кезді майданда болып,жерімізді қорғаған батырлар сезінбесе, бізге тіпті елестету де қиын. Бірақ , сол сәтті көз алдымызға бейнелей суреттесек, судай аққан қан, ана қорқынышы, жастай кеткен батырлар, шырылдаған сәби, елге деген ұлтжандылық бірден еске түседі.Осындай қиын қыстау сәттерде жауынгерлерге рух беріп, күш – қайратын жігерлендіріп отыратын өлеңдер көптеп кездеседі. Солардың біріЖамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Өлең қазақ жауынгерлеріне үлкен күш-қуат беріп отырды. Жауынгерлеріміз осындай патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдерді оқи отырып, рухани жағынан күш алғаны сөзсіз.
Майдан алаңында берілмей отан ұшін жанын аямаған ұл – қыздарымыз сол кездері өте көп болды. Қуаныштың бір үмітін көру үшін тек ұлдар ғана емес, қыздарымыз да ержүректілігімен, қайсарлығымен ерлерден кем түспей , соғыс майданында ерлік көрсете білді.Солардың бірі – Әлия Молдағұлова. Әлия апамыз майданда «дәлдеп атушы мерген» міндетін атқарған . Біз үшін батырдың майдандағы ерлігі ерекше орын алады. Оның шын есімі Лия Молдағұлова болыпты. Ал,Мәншүк Мәметова апамыздың шын есімі – Мәнсия. Бұлай болу себебі, Мәншүк апамыз кішкене кезінде орыс балабақшасына барған . Ондағы кішкене орыс балаларының тілі келмегендіктен, есімін өзгертіп, оны Мәншүк деп атап кеткен екен. Бұл батыр ұл-қыздарымыз соғыс болар шақта өлімнен қорықпаған. Сол батырларымыз қазіргі күнде аз ғана қалды. Ардагерлер бүгінде біздің негізгі байлығымыз......
Шығармалар
Толық

Әлия Отанына болған мақтан

Молдағұлова Әлия (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы Ақтөбе облысының Қобда ауданы Бұлақ аулында туған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры.Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі № 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, 1943 жылы мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты. 1943 жылдың тамыз айынан 2- Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники теміржол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Санкт- Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған аулында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің № 891 орта мектебі жанында Әлияға арналған мұражай бар. Оның өмірі мен ерлігі жайында ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары» повестерін жазды. Молдағұлова туралы «Мергендер» атты фильм түсіріліп, балет шығарылып, «Әлия» әні туды. «Әлия» әні ән көгінде кәрі-жас ұйып тыңдайтындай ән маржанына айналды. Бұл мәңгі жас Әлияға арналған әнмен қойылған ескерткіш еді. Мәншүк, Әлия бүгінгі күні жас ұрпақтың табынары, ерлік пен елдіктің, сұлулықтың символы.......
Шығармалар
Толық

Соғыстан қайтқан солдаттар

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Тарихымызда қалған бұл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз аман болсын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге ала құйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан қаһарлы зұлмат-екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымды жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Соғыс – уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Ұлы Отан соғысы кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қариялар азайып бара жатқанын, олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік өшпес отты жылдар

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1млн 196 164 адам қатысты. 12-атқыштар дивизиясы, 4-ұлттық әскери дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық қатысты.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таң қалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдеді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси В.Г.Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17-қарашада дивизияға «8-гвардиялық» деген атақ беріліп, кейінірек «ҚызылТу», «Ленин» ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін «Екінші дәрежелі Суворов» орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.......
Шығармалар
Толық

Бейбіт күн жасасын әлемде

Батыр ел үшін туады,
Елі үшін өледі.
Халық мақалынан
Қаһарман қайсар рухты қазақ елі батыр халық.Ол шірене қалса,асқарасқар тауларына сүйенеді,айқын щалқар көліне,кең байтақ жеріне одан кейін азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай бірлігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Аяулы мен Әлия мен Мәншүгімді,-деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім.Мәншүк Маметованың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды.Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. ......
Шығармалар
Толық

Отанға деген сүйiспеншiлiк

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы.
1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Шығармалар
Толық