Физиология | НӘРЕСТЕНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НЫШАНЫ

Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін). Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т.б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес , қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің , мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Нәрестенің жеке тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы нышаны

Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін). Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т.б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес , қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің , мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кездегі мыдың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализатордың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе , оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Нейронның құрылысы қызметі

Орталық жүйке жүйесі дегеніміз – адам мен омыртқалы жануарлар жүйке жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелермен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функцианалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады. Торша тұлғасы- денесі, қысқа өсінділер- дендриттер, ұзын өсінді- нейрит немесе аксон және ұшы немесе терминалдар. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Иммунитет және денсаулық

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық табиғаттың адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты ақтап, оны орынсыз ысырып етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған поссивтітүрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Зиянды әдеттер

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ алкоголизмге келесі анықтама беріп отыр:Алкогол депспирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде кез келген формада қоғамға немесе оның мүшелеріне тигізуді айтамыз.Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша,бауыр церрозы ауруының 50ы,туберкулезге шалдығудың 30 ішімдік ішумен байланысты.Гетеборг қаласының ғалымдары 45-55 жас аралығындағы 10 мың ерлерді зерттеп ,ішімдікпен әуестенушілер әуестенбеушілерге қарағанда 2-3 есе жиірек қайтыс болатынын анықтаған.Ресей ғалымдарының зерттеуі бойынша ішімдікпен әуестенушілердің әустенбеушілерге қарағанда 20-30-ға көбірек гипертониялық ауруларға шалдығады. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Нәпсілік қатынас және денсаулық

Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл-ой қуаттың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбітер кезеңдегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен – 45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кезде-гі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында:”Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында” деп жарияланған.
Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тамағына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл-тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орындары, денсаулық сақтау орталықтары, бала тудыратын үй т.б.) қызметін пайдалануға байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Жыныс генетикасы

Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді: ....
Рефераттар
Толық