Философиядағы негізгі мәселелердің бірі адам мәселесі

Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып
жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. ....
Рефераттар
Толық

Философия | Дүниеге көзқарас оның құрылымы және негізгі үлгілері

Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың қағидалары және құндылықтары.
Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері - сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі.
Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен, бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына бөліктер маңызды роль атқарады.
Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады.
Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады.
Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы. ....

Рефераттар
Толық