Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары

Экономиқалық саясат тек мемлекеттің экономикаға ықпал ету шаралар жүйесі мен механизмін пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін. Мемлекеттің ықпалы негізінен үш бағытта шоғырланады: экономикалық, құқықтық және әкімшілік. Оларды нақты түрде белгілеместен бұрын экономикалық жүйе мен оның қызмет атқару механизмінің бірнеше заңдылықтарына тоқтала кеткен жөн.
1. Экономика, шаруашылық кешені ретінде уақыт өткен сайын күрделене түседі. Бұл, ең алдымен, оның құрылымдық өзгерістерінен, жеке алғанда, шаруашылық буындарының өсуінен, ал нақты түрде, нарық субъектілері сандарының артуынан көрінеді. Нарық субъектілері - экономикалық мүдделер иелері. Көптеген нарық субъектілерінің бір-бірімен келісуі, олардың ынталарын сәйкестендіріп-үйлестіру мәселесі шаруашылық жүйесінде күннен-күнге қиындай береді. Демек, мемпекеттің қоғамда қарқынды өсіп отырған келіспеушіліктерді шешу жауапкершілігі күрт өседі. Экономикалық саясатта жалпы экономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті алдыңғы қатарға шығарылады.
2. Экономиканың күрделенуі, осыған байланысты, шаруашылық процестерінің даму тұрақтылығына әсер ете алатын көптеген анықталуы қиын факторлар әрекетін алдын ала болжау қажеттігі, экономикалық саясат пен оны іске асыру құралдары арасындағы сәйкестікті табу мәселесін қиындатады. Жеке алғанда, бұл толығымен сыртқы экономикалық факторға қатысты келеді. Соңғы кезде оның ұлттық экономика дамуына жасайтын ықпалы өсіп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттің сыртқы экономикалық сферадағы белсенділігі артуда.
3. Мемлекеттік реттеу жүйесіне жүктелген міндеттер салмағын экономикадағы уақыт факторы ролінің артуы ауырлатып отыр. Осыған байланысты мемлекет экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сәйкес тез шешім қабылдап, нақты іс-әрекет жасауы қажет. Уақытында қабылданбаған шешімнің «төлем бағасы» аз емес. Және де осы экономикадағы өзгерістер қазіргі кезде әдеттен тыс тез өрбиді, сондықтан зкономикалық саясатты түзету алдын алу түрінде болмаса да, кем дегенде, олардан қалмауы қажет.
4. Тізімделіп көрсетілген жағдайлар экономикалық саясатта қолданылатын әдістер мен құралдар түрлерін кеңейтпей қоймайды. Ал бұл олардың ең ұтымды құрамасын анақтауды қиындатады. Бұдан басқа, ықпал жасау әдістерін таңдағанда, өзара байланысты экономика саласында жағымсыз ықпал әсерінің пайда болуынан сақтанған жөн.
Экономикаға ықпал ету әдістері жиынтығын рационалды пайдалану үшін, олардың әрбіреуінің мәні мен ерекшелігін және объективті түрде бұрыннан қалыптасқан өзара құрылымдық тәуелділігін білу керек. Экономикалық саясатты жүргізу әдістері мен құралдарын анықтап жіктеудің бірнеше нұсқалары белгілі......
Рефераттар
Толық

Шығыс Қазақстанның туристтік мүмкіншілігі

Бұқтырма—көне обалар тобы. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Бұқтырма ауылынан солтүстікке қарай 2км жерде. 1953 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттелген. Олар тас дуалмен дөңгелене қоршалған. Мүдделері сопақша қабірлерге жерленген. Обалардың ішінен б.з.б. 3-4 ғасырларға жататын қола шанышқы, қорамсақ ілетін темір ілмешек, мата қалтаға салынған қола айна, қола түйреуіш, моншақтар, ағаш қайықтың қалдықтары табылған.
Бұқтырма--өзен,Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Зырян аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 405км, су жиналатын алабы 15,5мың км . Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 243 м/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты,т.б. Өзен аңғарының беткейлері тік жарлы, терең шатқалды, аңғарының ені 5-6км, тар жері 0,3-0,4км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде; жазда тасиді. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма аталған.
Бұқтырма бөгені, Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облыс аумағында, Қалба, Нарым, Күршім жоталары аралығында орналасқан. 1960-1967 жылдары салынған. Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940км , ұзындығы 600км, ені 40км, ең терең жері 80м. Суының көлемі 49,6км .Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің төмен ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айынан басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң бір тұтас су айдынына айналды.Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне бойланысты шартты түрде үшке бөлуге болады:жоғар, орта және төменгі бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биітігіне жетеді....
Рефераттар
Толық

Теміржол көлігіндегі құрылғылар мен құрылыстар

Теміржол көлігі  күрделі көп салалы шаруашылық. Оның құрамына темір-жол мен кәсіпорындар, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, мәдениет-тұрмыс, медициналық мекемелер, ғылыми және оқу институттары, техникумдар, мек-тептер кіреді.
Тасымалдау процестерін орындау үшін жылжымалы құрамнан және құры-лыстар мен құрылғылардан тұратын теміржолдың техникалық құралдары бар Олар: бөлім бекеттеріндегі жол тарамдары. Олар пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, қарсы қабылдауға, басып озуға, вагондарды таратуға,және сұрып-тауға, т.с.с. операцияларды орындауға арналған; жолаушыларды мінгізуге, түсіруге және т.б. қызмет көрсетуге арналған құрылыстар; жүктерді түсіруге, тиеуге, сақтауға арналған құралдар; пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамта-масыз етуге және өндіріс процестерін жеделдетуге арналған автоматика, те-лемеханика, байланыс және есептеу техникасының құрылғылары; локомо-тивтер мен вагондарды жабдықтау мен жөндету құрылыстары; электрмен қамтамасыз ету құрылғылары ( бұған қосалқы жетек стансалары және электр-лендірілген жолдардағы түйіспе жүйелері кіреді); сумен қамтамасыз ету құ-рылғылары; материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету құрыл-ғылары.
Теміржол қарамағындағы өнеркәсіп орындарына қызмет көрсететін ( вагон-дарды беру, қайтару және тиеп-түсіру операциялары және басқалары орында-лады) аймақтық көлік салаларының аралық қатынасының (шаруашылық есепті) бірлестіктері мен өнеркәсіп орындары кіреді.
Теміржолдардың барлық аймақтарда орналасуына, пойыздардың барлық жағ-дайда жүйелі түрде жүруін және теміржол конвейерінің барлық бөлімдерінің нақты түрде өзара бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігіне байла-нысты, олардың жұмыс ерекшеліктеріне лайықты басқару құрылымы да өзіне тән ерекше болады. Бұл құрылымның теміржол көлігін басқаруда негізгі принциптері бар:
а) бір орталықтан басшылық етуді (төменгі органдар жоғарыға бағынады), жол бойындағы бөлімшелерге үлкен хұқықтар мен дербестік беруді үйлесті-ру ;
б) дара басшылықты сақтау;
в) өндірістік-территориялық принциппен басқаруды ұйымдастыру....
Рефераттар
Толық

Үнді мұхитының физикалық географиялық орны

Үнді мұхитының физикалық – географиялық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шекарасы -— Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді.
Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан. Үнді мұхитының жағасы — ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 — 1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челленджер» кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде—«Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері. Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері — Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған. Кер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп, Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзілгенін көрсетеді.....
Рефераттар
Толық

Ресей ғалымдарының шығыс ойшылдарын зерттеуі

Орта Азия мен Қазақстан халқының ежелгі мәдени мұраларын зерттеу ісі ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталған болатын. Прогрессивтік бағыттағы орыс ғалымдары орта Азия мен Қазақстан халқының тарихын зерттеуге, оған ғылыми негізде бағалауға ерекше көңіл бөлді. М.: А.А.Бартольд, А.А.Радлов, Б.В.Григорьев, К.А.Иностранцев және басқа орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары Орта Азияның ежелгі тарихы туралы жазылған ескі араб, парсы, қытай, армян тілдеріндегі әдебиеттерді тауып зерттеді.
1890 жылы және 1896 жылы В.А.Жуковский ескі Мерв қаласының орнын қазып зерттеді. В.Л.Вяткин 1903 жылы Ұлықбектің Самарқандтағы обсерваториясының орнын тапты. Ұлы Октябрь революциясына дейін орта Азиядағы археологиялық жұмыстардың нәтижесі мардымды болмады. Өйткені патша өкіметі жылдарында ғана археологтардың ескі Хорезм, көне Үргеніш, Соғд, Мерв маңайынан тапқан тарихи ескерткіштері Орта Азияның ұмытылған тарихын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Ғалымдар Г.Г.Григорьев, Массон, С.Толстов, А.Якубовский, И.Юшкеевич, Я.Гулямов бастаған археологиялық эксперименттер көптеген жаңа материалдар тапты. А.Ю. Якубовскийдің айтуына қарағанда Соғдының жоғары мәдениеті, бай бейнелеу өнері араб шабуылы салдарынан жойылып кетті немесе одан әрі дамымай тоқтап қалды. Ю.Рушка ІХ-Х ғғ. өз еңбектерін араб тілінде жазған математиктер мен астрономдарды зерттей келіп, олардың түгелдей дерлік Хорасан, Трансоксания, Бактрия және Ферғана жерінің тұрғындары екенін атап көрсетеді. Сол сияқты акдемик В.В.Бартольд: «Бағдад қаласында мұсылман елдерінің көптеген әдебиеттері мен ғалымдары болған. Бірақ олардың басым көпшілігі Таяу Шығыс және Орта Азиядан еді» деп жазды.
Ж.Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд пен Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалым Е.Э.Бертельс пен А.Н.Самойлович, А.Н.Кононов,Радлов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Поэманы ғылыми негізінде В.В.Радлов 1891-1910 жж. Түп-нұсқаны аудармамен салыстыра отырып, зерттеп шықты. 1884 ж. Радлов Венадан шығарманың көшірмесін сұрайды. 1890 ж. Каирлық жазудың нақты мазмұны беріледі. 1897 ж. ғалым өзінің транскрипциясын жазып және «Құдатғу білікті» аударуды бастайды. Бірақ дәл сол жылы каирлық кітапханадан табылған жаңа шығармаға байланысты зерттеу тоқтатылады. 1897 ж . немістің араб зерттеушісі Эдуард Зохау Радловқа каир кітапханасының директоры тапқан шағырманың бір бөлігінің көшірмесін жібереді. Бұл профессор Бернгард Мориц болады. Кітапхананың тәртібі бойынша Санк-Петербургке шығарманы жіберуге болмады, сондықтан шығарманың көшірмесін түсіруді Бернгард Мориц ұсынды. 1910 ж. толық зерттеліп болды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді.
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де европалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал, табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тиек етедi.
Сол уақытта ащы да болса шамбайымызға тиген шындықты айтқан шетелдік мамандарға біздің елімізде туризм саласының кенжелеп қалғанын мойындайтындығымызды, ол олқылықтың орнын 2007-2011 жылдарға арналған «Туризм саласын дамыту» бағдарламасы толтыратындығын жеткізген едік.
Бүгінде әлемдегі Испания, Түркия, АҚШ, Грекия, Таиланд сынды елдердегі ішкі жалпы өнімнің бестен бірі, кейбірінде тіпті 30 пайызы туризм саласына тиесілі екен. Өзінің сан алуан табиғи кешендері мен тарихи орындары бар Қазақстан сынды елге туризм саласының кірісі қара алтын мен металдан әлдеқайда табысы қомақты екені даусыз.
Енді, Қазақстандағы туризм бизнесінің даму динамикасын қарастырайық. ....
Рефераттар
Толық

География | Климаты қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

Климат жағдайларының арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын, жел белсенділігі және температуралық режим.
Жерге орналастыру обьектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезеңде түсетін жауын-шашынның түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соңғыларының мазмұны жеткілікті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шөлде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі, тәлімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше.
Желдің күші мен бағыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасайды. Бұндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған.
Дефляциялық процестердің алдын алу немесе бәсеңдету мақсатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік және орман жолақтары жобаланады.
Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті аңызақ жел температураның жоғары және ауа ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура қосындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын тікелей себептейді.....
Рефераттар
Толық

Қаржы | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен саяси құндылықтардың ықпалы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда.
Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Рефераттар
Толық