ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл бөлуде болып отыр.....
Рефераттар
Толық

Туризм саласындағы маркетингті реферат

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа
бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, "әдемі" де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.....
Рефераттар
Толық

Солтүстік Америка материгінің табиғаты

Солтүстік Америка – солтүстік жарты шардың Евразиядан кейінгі екінші материгі, оған Кариб алабының аралдары, Багам аралдары және Гренландия аралы кіреді. Батысында Тынық мұхитымен, ал шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхитының теңіздерімен ұласып жатыр. Жер материктері ішінен ол жер көлемі бойынша (20,4 млн. км2) үшінші орын алады.
Континент Оңтүстік Америкамен Орталық Америка таулы аймағының мойнағы арқылы байланысқан, ал Еуразиямен Чукотка-Аляска ауданында Беринг бұғазы арқылы шекараласады. Нәтижесінде Орталық Америка табиғат жағдайлары бойынша Оңтүстік Америка материгінің солтүстік аудандарына, ал Солтүстік Американың тундрасы Еуразияға жақын келеді. Чукотка мен Аляска арқылы Солтүстік Америкаға адамдар өткен деген жорамал бар. Құрлықтың табиғат жағдайларының ерекшеліктерін қалыптастыруда Гренландиямен көршілес жатуының да үлкен маңызы зор. Оның мұздықтық қалқаны өте үлкен тоңазтқыш ретінде рөл ойнайды.
Материктің жағалық сызығы күшті тілімденген: түбектері де көп, шығанақтары құрлыққа қарай тереңдеп кірген.
Солтүстік Америка материгінің негізінде ежелгі платформа жатыр. Солтүстік-шығыста Канада қалқаны аймағында оның қатпарлы фундаменті жер бетіне жақын жатыр. Территорияның басқа бөліктерінде-Мидконтинент плиталарының шегінде палеозой шөгінділерімен және Ұлы жазықтар ауданының шеткі майысуларында мезазой шөгінділерімен жабылған. Платформаға негізінен жазықты жер бедер түрлері-цокольді және қабатты ойпаттар, қытарттар мен үстірттер сәйкес келеді. Платформаның шет жақтарына әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдар жалғасады. Эпигерциндік платформа фундаменті материктің оңтүстік-батыс Галф-Кост плитасы шегінде мезо-кайназой шөгінділерінің қалың қабатымен жабылған. Басқа аудандарда жер бедері қатпарлы құрылымы негізнен таулы болып келген. Пайдалы қазындылар тектоникалық құрылымдарына байланысты таралады. ....
Рефераттар
Толық

Солтүстік Американың географиялық орны

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
• Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең.
• Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді;
• Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км;
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі;
• Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
• Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген.
• Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.....
Рефераттар
Толық

Пайыз Оның пайда болуы және факторлары

Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.
Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.....
Рефераттар
Толық

Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы

Мәнерлеп оқу дегеніміз — дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, "мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.
Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.
Мұғалім кебінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды радио мен телевизорды, магнитофонды кең пайдалану арқылы да үйретуге болады.
Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе тексті оқығанда, қалай дем ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет — осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу үнемі дер кезінде дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау — дауыс күші мен оның тазалығын, -үнін сақтаудың басты шарты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты – қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Яғни, Қазақстандағы тарих ғылымының зерттейтін өзекті мәселелердің бірі – кеңес мемлекеті тұсындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қоса жүргізілген көші-қон және халықтарды қоныстандыруға байланысты нақты тарихи үрдістер. ....
Рефераттар
Толық

Дене тәрбиесі | Қазақстанның дене тәрбиесінің жүйесі

Дене тәрбиесінің жүйесі. Оның негізгі: дүниетанымалдығы, теориялық-әдістемелік, ұйымдастырудың нормативті бағдарламасы. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік педагогикалық жалпы қағидалары.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз-әлеуметтік экономикалық заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселен үйлестіріп отырған әрі басшылық ететін ұыймдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жұйесінің басты мақсаты күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделді.
1. Білім беру міндеттері-қимылдық ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері-дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.
3. Тәрбиелік міндеттер-адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастырға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Қазақ елінің өз тәуелсіздік бағытындағы даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін кемденіп отыр.Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін өзара байланысты жекеленгендене тәрбиесі жүйесін құрып тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйдегі әлеуметтік ұйым болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өкенбіз. Дегенмен, «дене тәрбиесі», «спорт», «дене шынықтыру», т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу, ең әуелі, оның ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Дене тәрбиесі негізі 2-бөлімнен тұрады: бірінші спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы.
Екіншісі-денешынықтыру. Бұл –жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тәрбиесі», «Дене шынықтыру»деген түсініктен туындайтынын анық, негізгі бөлімдерінң бірі болып есептелінеді. «дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
«Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға қарай ұласатын «мәдениет» түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адам өзінің денесін дамытып өзгерту жолындаған қызметтің нәтижесі және оны осы жолдағы процесс деп ұғынған жәнеөн деп есептейміз. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.

Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстанның Америкамен қарым-қатынасы

АҚШ-тың қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі. Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мырыш қоры жөнінен екінші, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары (әсіресе мұнай, газ, темір рудасы) сарқылған. Никель, марганец, хромит, кобаль және т.б. жетіспейді (не мүлдем жоқ).
Америка көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федералдық Колумбия округінен (астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі. 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска (патша үкіметінен 1869 жылы сатып алынған) және Гавая аралдары. «Мұхиттың арғы жағына» орналасқандығы және Еуропа мен Азияда тұтанып тұрған соғыс ошақтарынан шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауіпсіздігіне сенімді кепіл болды, Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхит аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым-қатынастарын оңайлатты.
АҚШ-тың су ресурстары мол әрі сан алуан. Бірақ олардың көбі елдің шығысында. Мұнда АҚШ-тың басты өзен артериясы – тармақ салаларымен бірге шаруашылық маңызы зор (көлік, энергетика, жер суару тұрғысынан) – Миссисипи ағып өтеді. Осы өңірде, Канадамен шекарада әлемдегі ең зор көлдер жүйесі – Ұлы американ көлдері орналасқан.
Тұтас алғанда Құрама Штаттардың орасан зор аумағы (Кордильдер мен Аппалачтың биік таулы өңірін, сондай-ақ Аляска мен шөлдерді қоспағанда) адамның тіршілік және экономикалық қарекетіне қолайлы. Ал климат жағдайының әр алуан екені соншалық іс жүзінде қоңыржай белдеудің барлық өсімдіктерін, көптеген субтропиктік және тіпті тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық