Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады, деп хабарлайды NUR.KZ.
2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті. Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында......
Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірген. Бұл, Ұлыбританиялық басылым таратқан ақпарат деп хабарлайды 31 арна.
Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты.
- Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға....