Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі

Кіріспе
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті біраз зерттелді десек те, оның әлі де толық зерттелмеген тұстары баршылық. Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір қоғамдық саяси ахуалды бастан кешірген тұсы - осы кезең. Абай айтқан «Қалың елім қазағым» (1,58) деген ойдың алға шығып, Ахмет ұсынған «елеулім болуды» (2) көздеген тұсы болатын-ды.
Қазақ зиялылары жаңа бір арнаға бет бұрып, ірі саяси- әлеуметтік оқиғаларға араласып қана қоймай, көбі қазақ әдебиетінің барлық жанрларының біршама дамуына қызмет етті. Әдебиеттің осы бір даму кезеңінде уақыт сұранысына орай әрқилы көзқарастар қылаң беріп,
жан- жақты ой ортаға салынды. Ақынның көбі ұлт мәселесін, елдікті, діл мен тіл, жер мен ел тағдырын жырлады, ғылым, оқу арқылы биіктерге көтерілуге болатынын айтып ағартушылық мақсатты өз шығармашылықтарына арқау етті. Ал енді заман өзгеріп қос төңкерістің қыспағынан шыққан тұста ол ойлардың көбі замана сұранысына сай болмай шығып келді. Міне, сондай ақынның бірі Сәбит Дөнентаев еді.
Әрине, Сәбит жайлы аз жазылған жоқ. Ол әдебиет тарихынан шығып та қалған жоқ. Бірақ оның өзіндік көзқарастары, өмірлік ұстанымдары, шығармашылық бағыт- бағдары өңі айналдырылып беріліп, тіпті, көптеген дүниесі назардан тыс қалып қойды. Ақын шығармашылығының кеңестік идеологияның ыңғайына келетіні белгілі. Тіпті ақын шығармашылығын осы күнге дейін бір ғана зерттеуінің ізденісіне арқау болғанын, ал негізінен мақалалар мен жиған оқулықтарда, әдебиет тарихында жалпылама сөз болып келгенін еске алсақ та жеткілікті. Өйткені Сәбит Дөнентаев шығармашылығы даулы дүние болатын. Ғасыр басындағы (XX ғасыр) зерттеуінде Сәбит ақындығына қатты көңіл бөлініп, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды жазушылардың назарына ілінгенімен кейінен ақын шығармашылығына деген бір түрлі салқындық сезіледі. Жаттанды, бір бағыттағы кәдеуілгі мақтау ақын шығармашылығын тану болып табылмайтыны белгілі.
Сонау XX ғасыр 20-30 жылда қазақ зерттеушілер Сәбит Дөнентаев туралы қилы пікір айтып, өзіндік ой қорытқанда М. Әуезов Сәбитті көркем әдебиеттің көрнекті өкілдеріне балап, өлеңдері ойшылдыққа бейім деп таныса (3,148), Сәбит Мұқанов керісінше оны ұлтшыл ақын (4,236) деп білді. Әрқайсы өзіндік пікірінде қалды.
Сәбит Дөнентаев туралы іргелі зерттеу жазған Балташ Ысқақов Сәбитті бұқарашыл ақын деп танып (5,72) оның шығармашылық болмысына терең бойлай алды.
Ал енді бүгінгі күнде Сәбит Дөнентаев шығармашылығына өзгеше көзбен қарап, оның ақындық табиғатын тереңдей ашуға ден қойып отырмыз. Әсіресе, ақынның 100 жылдық, 110 жылдық мерейтойлары тұсында бұған аса қатты көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Сәбит Дөнентаев ақындығының тың беттері ашылды деп білеміз. Сәбиттануды жаңа белесі жаңадан шығып жатқан он томдық қазақ әдебиетінің 5- томындағы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихына арналған Сәбит Дөнентаев шығармашылығы туралы жазған ұстазымыз Т. Кәкішұлы жазған тарау деп білеміз. Онда тың ойлар жетерлік.
Міне, осынау шығармашылығы сан түрлі пікірге арқау болған ақын туралы жазу бізге оңай түспегені белгілі. Осы кісінің шығармашылығы туралы өзіндік ой- пікірімізді білдіріп, бітіру жұмысын жазуға ниет еттік.
Жұмыстың өзектілігін әлі де болса шығармашылығы толыққанды зерттелмей келе жатқан ақынды жете тануға сәлде болса үлес қосу талабы оның ақындық болмысын ашуға, өзіндік ерекшелігін ашуға ұмтылған талпынысымызды танытады. Ал жаңашылдығы - ақын шығармашылығына бүгінгі көзқарас, байыптаулар тұрғысынан көз жіберу деп білеміз.
Бітіру жұмысы екі тараудан кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімі болып табылатын екі тараудың алғашқысын «Ақын поэзиясындағы ағартушылық арна» деп атап онда ақын ғұмырнамасын ағартушылық пен бірлікте алып қарастырдық. Ақын шығармашылығындағы ағартушылық ойдың өрісіне көз салдық. Ағартушылық идеяның негізін ашуға тырыстық.
Ал жұмыстың екінші тарауы «Ақындық шеберлік айшықтары» деп атап, Сәбит Дөнентаев поэзиясынан өзіндік ерекшелігін, ақындық шеберлік белгілерін талдауға ұмтылдық.
Кезінде XX ғасыр басындағы ақын - жазушыларды ұлтшыл- буржуазияшыл, діни- клерикальды, ағартушы - демократ деп бөліп, кейіннен ағартушы, ағартушы- демократтар деп бөлген едік. Бүгінгі әдеби көзқараста ғалым Дихан Қамзабекұлы ұстанған XX ғасыр басында негізгі ағартушылық болды деген пікірі (6,67) біздің ойымызда жақын. Ал енді осы ағартушылық ағымда Сәбит Дөнентаевтың орны ерекше-ақ. Ендеше, біздің мақсатымыздың бастысы - Сәбит шығармашылығындағы ақындық ағартушылықтың орнын айқындау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық