Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі құрамы
Тілдегі варианттылық – қазіргі тіл біліміндегі келелі мәселелердің бірі. Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс. Сөз варианттылығы ауызекі сөйлеу тілінде жиі
ұшырайды. Коммуникация заңы бойынша бір сөздің қолдану өрісінде түрліше айтылуының өзі бір жағынан,тілдің мол мүмкіншілігінен бүрын сөздің артықтығын көрсетеді десек те,тілдің үздіксіз даму жағдайында вариант сөздердің болуы заңды нәрсе.Өйткені тіл-қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, алшақ дамымайды. Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық – тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы үғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері түптеп келгенде стильдік мақсатпен жүмсалады. Негізінде жалпы варианттылықтың тура қызметі осы ғой. Сондықтан да, сөздің айтылуында кез келген вариант артық дүние емес.
Тілдің ішкі даму заңдылығында вариант болатын, бола беретін құбылыс. Бұл – тілдік тарихи категория. Өйткені тіл адамдарсыз жеке дара өмір сүре алмайды. Тіл қатынас құралы болғандықтан, тілдің қайсыбір қызметі қолдану аясында сан түрлі тіршілік тынысында сөздің даму сатысы адамдар ықпалымен өзгіріп отырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы-ның басқару тиімділігін жетілдіру

Кіріспе
Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жұмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыру дәрежесіне тәуелді. Басқару тиімділігі өндірістің технологиялық деңгейіне сонымен бірге кадрлар сапасына да байланысты. Кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты - өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру. Кез келген кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін, өндіріс құралдарын толық пайдалануы, сыртқы ортамен байланыста болуы, еңбек бөлінісі тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге тиімді басқару арқылы сапалы өнім шығарып, оны ұтымды жолдармен өткізу, яғни өткізуді басқару керек.
Басқару тиімділігін жетілдіру жолында мынандай нақты қызметтер орындалуы тиіс.
 кәсіпорынның даму болашағын болжай білу және алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;
 ресурстарды даярлау және тауарлар өндіру мен қызметтер ұсынуды ұйымдастыру;
 кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру;
 билік жүргізу және басқа іс-әрекеттерді үйлестіру;
 кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды, икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары, ерік жігері дамиды.
Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі етіп алу. Өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын озық мәдениетті адам қалыптастыру.
Мұғалімге қажетті қасиеттер: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу, балаға адам ретінде қадірлі болу, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі мол болуы қажет.
1. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары. Құқықтың мемлекет

КІРІСПЕ
Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-һото sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адам¬дар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не, рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мем¬лекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-ғы лизингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Кіріспе
Ғылыми-техникалық үрдістің өндіріс және айналым саласындағы дамуы мемлекетімізде қалыптасып отырған эконмикалық жағдайлардың күрделі өзгерістерге ұшырауына әкелуде. Бұл болса өз алдына елімізде қалыптасушы халық шаруашылықтың материалдық-техникалық базалары мен әртүрлі меншік нысаны бар, негізгі қорлық субъектілердің дамуына жаңа қалыптасқан салттан тыс тәсілдердің енгізумен негізделеді.
Бәрімізге белгілі біздің республикамызда кіші және орта бизнесті дамытуға көптеген реформалар қабылдануда. Азаматтық құқықтағы осы шараларды бекітуге арналған өзгерістер кәсіпкерліктің бұл түрін реттеуге және дамытуға көп серпіліс берді. Азаматтық кодекіске жаңа түсініктер мысалы: лизинг, франчайзйнг, траст т.б. енгізілді.
Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан өндірісінің дамуына елеулі кері ықпал тигізетін тәндік және моральдық, тұрғыда ескірген қорлар, артта қалған технологиялық ресурстар көлемімен байланысты келеусіз жағдайларды шешуге бағытталған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар

Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі елде ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Екі елдің тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.
Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екі жақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Негізгі әдебиеттер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екі жақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың «Ресей мен Қазақстан» атты монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.
Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екі жақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы

Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.
Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды.
Ал біздің ел үшін әлемдік нарыққа ену кезінде әрі көрші, әрі серіктес, әрі бәсекелес болып келетін Қытай сияқты алып мемлекеттің экономикасының даму ерекшеліктерін зерттеу аса маңызды болып келеді. Қытай халық республикасы дүние жүзілік сауда ұйымына 2001 жылы мүше болған. Қазақстан Республикасының осы ұйымға мүше болуға үлкен дайындық жасап жатқандығы белгілі. Осыған орай, әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған Қазақстан үшін, Қытай сияқты көршіміздің экономикалық дамуын білу өте қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары

Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық аспектілерінің интеграциялануы мен интернационализациялануы, сайып келгенде әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді.
Жаңа қайта құру жағдайларында Қазақстанның салық жүйесін экономикалық даму мен жаһандану құбылысына сай қалыптастыру—еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан өз Отанымыздың салық жүйесінінің қазіргі жағдайын зерттеу және жетілдірудің ғылыми негізделген әдістерін табу—объективтік қажеттілік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары» деп таңдап алдым. Менің бұл дипломдық жұмысымда салықтардың экономикалық мазмұнынан бастап, ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы, оны дамытудың перспективалары мен стратегиялық жоспарларын қолдану мүмкіндіктері сияқты мәселелер талданып қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика

Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру.
Жалпы, қаржы жүйесінің қалыптасуына энономиканың даму деңгейі, жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, халықтың қолындағы қаражаттар тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан ең алдымен халықтың қал-ахуалын жақсартып, содан кейін жүйені қалыптастыру қажет. Сонымен қатар нормативті-құқықтық актілерді ретке келтіріп, заңдар енгізу өзекті болып отыр.
Мен білетіндей 1995 жылдары еліміздің қаржылық жағдайы өте нашар болды. Ал қазір ол көрсеткіштер өзгерген. 2004 жылдың 10-шы маусымында шыққан газетке жүгінсек, парламент бюджетті 121 млрд теңгеге көбейтуді ұсынған және бұл жүзеге асқан. Бюджеттің кіріс бөлігі, оның ішінде ішкі өнім 18,4 пайызды құрайтын жаңа параметрлері 934,3 млрд теңге көлемінде, ал шығыс бөлігін бюджеттің 92,7 млрд теңге дефицитін сақтай отырып, яғни ішкі өнімнің 20,2 пайызы 1027 млрд теңгеге бекітуді көздеген. Бұл мәлімет біз үшін көз қуантарлық болып отыр.
Біздің ендігі мақсатымыз осы даму деңгейін ары қарай жетілдіре отырып, халықаралық аренада тек жақсы жағымен көріне беру. Келешек мемлекетіміздің мамандары біз боламыз, сондықтан әрбір студент өзіне жүктелген міндеттерді сезіне отырып білім алса, біздің болашақ қаржы жүйесі жаман болмайды деп сенеміз.
Әлемдік практиканы өз елімізге ендіре отырып, тек тиімді жақтарын алуға тырысу қажет. Қаржы жүйесі функцияларын дұрыс анықтап, дефицит деңгейін мейлінше төмендетіп, макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып әлемдік стандарттарға сүйену қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық