Экономика | ТЕПЕ-ТЕҢДІК ПРИНЦИПТЕРІ,БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МАҢЫЗЫ

КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады.
Бухгалтерлік есептің бұл тәсілінің көмегімен субъектінің құралдары жайлы, олардың іс жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және реттеледі.
Шаруашьшық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылык туындауы мүмкін:
• табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға айналу, төгілу);
• құралдарды кабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);
• есептеу кезіндегі қателіктер — арифметикалық қателіктер, алғашқы құжаттардағы жаңылыстар, құжаттык мәліметтерді қате көрсету;
• ұрлық, қымқыру, кем өлшеу - материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату кезіндегі, ақша жэне басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай-ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.
Айырмашьшықтарды құралдардың нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін оқтын-оқтын салыстыру негізінде түгендеу жолымен анықтауга болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Табиғатты қорғауға бағытталған технологияларды еңгізу

Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Ғылыми-техникалық прогресс.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы

Кіріспе
Осы тақырыптың негізгі мақсаты - сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Жетілген бәсекелі нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды ары қарай дамытамыз. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-тендіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсінеміз. Микроэкономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыз-дылығымен ерекше орын алады. Сондықтан тақырыпта сұраныстың бағалық, табыстық және қиылысқан икемділігіне, сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторларға, икемділіктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі роліне көп көңіл бөлінеді. Сұраныс пен ұсыныс теори-ясының мәнін жете түсінбей, келесі тақырыптарда қарастырылатын материалдарды меңгеру мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады .....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері

Кіріспе.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктің пайда болуы және оның түрлері . Ұлттық банк

Кіріспе
“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары

Кіріспе
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады. ....
Курстық жұмыстар
Толық