Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы). ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кеден ісі | Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді. Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан - әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикасы бар егеменді мемлекет. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының экономикалық қиындықтары аз болған жоқ, алайда егемен ел болу үшін басты мақсаттар қатарынан саяси-рухани мәселелерді де көре аламыз. Олардың ішінде даралап айтып кетер бір - саласы жастардың саяси ой санасы мен құндылықтар жүйесінің, саяси бағдарларының қалыптасуы.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық мінддеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Жастар – еліміздің жарқын болашағы, әрі әлемде өзіне баса назар аударатын халықаралық жастар қауымдастығының бір бөлшегі болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағалау | Жер бақылау мен жерді бағалау жолдары

Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2-ін теңізбен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтанда ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатынг Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агро азық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенмен айтсақта жеткілікті.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн. га жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, куроттар, қорықтар, тарихи және мәдениет болып бөлінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты

Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады.
Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Жаңа әлемдік геосаясаттағы Иран факторы

Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Иран Ислам Республикасының алатын орны ерекше. Иран өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешеді. Диплом жұмысының өзектілігі жаңа әлемдік тәртіппен және Иран Ислам Республикасының (ИИР) қалыптасқан жағдайдағы алатын орнымен ерекшеленеді.
Иран – Оңтүстік Батыс Азиядағы аса ірі елдердің бірі. Ауданы бойынша ( 1648 мың шаршы шақырым) онымен шекаралас Түркия (солт батыс ), Ауғаныстан мен Пәкістан (шығысында), Ирак (батысында) елдерінен анағұрлым басым болып келеді. Егер Иранды Еуропа елдерімен салыстырсақ, онда оның аумағы Англия, Швецария, Италия, Флоренция, Испания территорияларын бірге алғандағымен тең болады.Солтүстігінде Иранды Каспий теңізі жуып өтеді, ал оңтүтігінде Парсы және Оман шығанағы жатыр.Азияда бұл көрсеткіш Қытай және Индонезия аумағымен тең. Шекара ұзындығы ,шамамен, 80000 шаршы....
Дипломдық жұмыстар
Толық