Геология | Метаморфтық тау жылы

Метаморфтық тау жылы. Метаморфизм әрекеттерінің нәтижесінде ең соңында мета-морфтық тау жыныстары түзіледі.

Олардың құрамына кіретін минералдардың барлық түрлері толық кристалданған күйде болады. Метаморфтық жыныстардың химиялық құрамы өте күрделі. Өйткені олар алғашқы магмалық, алғашқы шөгінді немесе бұрынырақ пайда болған метаморфтық жыныстардың негізінде, қайтадан кристалдану жағдайында құралады. Олардың құралу барысында.....
Рефераттар
Толық

Геология | Метаморфизм түрлері

Метаморфизм түрлері локалдық (жергілікті) және регионалдық (аймақтық) болып екіге ажыратылады. Локалдық түрі контактілік (шекаралас немесе жап-сарлық) және дислокациялық метаморфизм түрлеріне бөлінеді.

Контактілік метаморфизм ыстық магманын, суына келе (жер кыртысының жоғарғы суық қабаттарында) шөгінді жыныстар арасында интрузиялық денелер (плутондар) түрінде қалыптасу барысында, олардың.....
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Метаморфизм

Метаморфизм. Алғаш рет “метаморфизм” (грекше “метаморфоз»- өзгеріске ұшырау) геологиялық термин ретінде ағылшын ғалымы Ч. Лайелдің (1825 ж.) ұсынысы бойынша ғылыми әдебиеттерге еніп, сонан бері осы уақытқа дейін қолданылып келеді.
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну кезінде не істеу керек?

Жер сілкіну кезінде не істеу керек?. Қазіргі кезде сейсмологтардың алдында тұрған зор міндет жер сілкінуді болдырмау немесе халықты алдын ала сақтандыра білу болып табылады.

Жер сілкіну апатына қарсы тұруда қолдан келетін шаралардың бірі, жоғарыда айтылғандай, сейсмикалық аудан-дастыру карталарын жасау. Мұндай карталарды жасау — жер сілкінну әрекеттерін алдын ала болжау мақсатында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі деуге болады Аудандастыру карталарын жасау жұмыстары біздің елімізде 1968—1978 ж. ж. жүргізіліп, соның нәтижесінде дүмпу күші VII балдан жоғары (М5К-62 жүйесі бойынша) қауіпті аймақтар айқын-далды. “Жер сілкінулер атласы” басылып шықты (1961).
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкінуді алдын ала болжау

Жер сілкінуді алдын ала болжау, ерекше маңызды іс. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары барлық елдерде, әсіресе жер сілкіну жиі байқалатын Жапония

(халқының жартысынан көбі сейсмикалық аймақты мекендейді), Қытай (үштен бірі), АҚШ (жетіден бір бөлігі), ТМД (оннан бір бөлігі) территорияларында жан-жақты жүргізілуде.
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкінудің географиялық таралуы

Жер сілкінудің географиялық таралуы барлық жерде бірдей емес екендігі бұрыннанақ мәлім.

XX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай жер сілкінуді зерттеу әдістері жетілдіріліп, оның эпицентрін дәлірек анықтауға мүмкіндік туды. Жердің сейсмикалық картасына жасалған талдау жұмыстарының нәтижесі, яғни ең басты сейсмикалық белдеулердің Тынық мұхиттық және Жерорта теңіздік (Альпі—Гималай) белдеулер екендігін көрсетеді.
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкінудің зерттеу әдістері

Жер сілкінуді зерттеу әдістері. XIX ғасырдың ортасына қарай жер сілкіну құбылыстарының белгілі бір аудандарда ғана қайталанып отыратындығы айқындалды.

Бұл жағдай ғалымдарға жер сілкіну каталогын (тізімін) жасау жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туғызады. Ресей территориясын, Элицентр қамтитын ең алғашқы каталог авторларының қатарында И. В. Мушкетов пен А. П. Орловтың есімдерін атауға болады. XIX ғасырдың соңында жер сілкіну құбылыстарын тіркеуге арналған арнаулы құрал-жабдықтар жасалына бастады (Ресейде — Б. Б. Голицын, П. М. Никифоров; Германияда — А. В. Вихерт) және геофизиканың бір саласы сейсмология (грекше “сейсма” — сілкіну) жер сілкіну әрекеттерін зерттейтін өзінше бір жаңа ғылыми бағыт болып қалыптасты.
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну себептері және оның түрлері

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну себептері және оның түрлеріЖер сілкіну себептері және оның түрлері. Жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетіндегі елді мекендерді аямай киратып, өзендерге бөгеу болған, жер бедерін адам танымастай өзгертетін, орасан зор алып күш қайдан пайда болады? Бұл сұрақтарға қазіргі кездегі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, жауап беруге болады. Жер беті үнем қозғалыста болып турады. Оның дәлелін жер шарының кейбір аудандарынан байқаймыз. Мысалы, дүниежүзіндегі әсем қалалардың бірі Венеция (Италияда) қазіргі кезде жартылай су астында қалған, ал Голландия жері жылы-на 1 мм төмен шөгуде. Егер арнаулы бөгеттер жүйесі (плотиналар мен дамбалар) болмаса, оның көп аудандары су астында қалған болар еді; Скандинавия жері, керісінше жылына 1 см шамасында жоғары көтерілуде. Ертедегі теңіз толқындарының сақталған ізі қазіргі кезде су деңгейінен ондаған; метр жоғары биіктікте орналасқан жартастардан байқалады.
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну

Жер сілкіну. Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі — жер сілкіну.

Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды. Ерте кезден сақталған тарихи деректер бойынша, бар болғаны бірнеше секунд ішінде үлкен бір қаланың немесе кішігірім мемлекеттің түгелдей дерлік жоқ болып кеткендігі белгілі.
Рефераттар
Толық

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Тербелмелі қозғалыстар

Тербелмелі қозғалыстар деп, жер қыртысының ғасырлар бойы (жоғары-төмен) тік бағыттағы баяу қозғалысын айтады. Кейде олар эпейрогендік (грек тілінде “эпейрогенез” — материктің жаратылуы деген мағынада) деп те аталады.
Рефераттар
Толық