Шығармалар


Ауылым - алтын бесігім

Қазақтың берекесі мен қуанышын,қайғысы мен мұңын бірге бөлісетін,жақсылығыңды мақтап,жамандығыңды бетіңе басатын ағайынның,он шақты ұл ,моншақты қыз өсірген,шаңы мен түтінінің иісі,қымбат әтірдің иісіненде асып түсетін ауылдың қадірі мен қасиеті кереметқой! Міне ,арман қуып қалаға кеткен әрбір қазақ өз ауылын,бабадан мұра болып қалған қара шаңырақты сағынбасына кім кепіл? Ауылдан адам кетседе,адамнан ауыл кетпейді деген осығой!

Ауылым алтын бесігім! Неліктен ауыл мен үшін алтын бесік?

Қазақтың шығысында ойып тұрып орын тепкен Тарбағатай ауданың Зайсан көл маңында орналасқан Байтоғас ауылының қара домалақ баласы үшін,яғни мен үшін ауылдың орны бір бөлек.Ең алғаш кіндік қаным тамып,ең алғаш көйлегім тозған елдің қадірі мына мен үшін ерекше.Қаланың өршіген қарбалас тірлігінен қарағанда,ауылымның тыныш жатқан көрінісі,жаныма рақат беріп,бар ауыртпашылығымды жоқ қылып жібереді. «Бісміллә» деп алғаш қадамым жасалып,тұсауым кесілген жер,былдырлап алғаш сөйлеген сөзімде,естен кетпес ағайын- туыстың келбетімен жарқын күлкісі осы алтын ұям,алтын бесігім-ауылымның төрінде! Мінеки,жоғарыда қойылған сұраққа жауап ретінде осы қанатты сөздерді ұсынамын!......
Шығармалар
Толық

Жемқорлық

Жемқорлық-екі сөзден құралған,

Жамандықтың тамырынан .

Жетелеген арам ойы талайды

Шырмауықтай өмірі де шырмалған.



Жемқорлық сөзі , адамға естігенде құлаққа жағымсыз, жасағанда қасірет, ұсталғанда түрме екенін түсіне ме екен?

«Жемқорлық» аты айтып тұрғандай өміріңіз қорлықпен өтетін айтпаса да белгілі.

Жемқорлық адамға бала кезден басталуы мүмкін. Соған үйренген бала болашақта оңай жолмен ақша табуды құмартады. Қазіргі біздің Қазақстанда дамып келе жатқан індет десем артық айтпас едім?

Неге? Өйткені дипломмен ауылға жастар келеді, жұмысқа тұру үшін ақша тамыр-таныскерек. Ақша табу үшін 1-2 жыл (жігіттер) қара жұмыс істеп ақша жинап жұмысқа тұрады. Ал ол дипломы мейлі көк мейлі қызыл болсын шындықпен шырылдап, білімін көрсетіп алған білімгер болса өз мамандығымен жұмыста істей алмайды. Осы сұрақ мені қатты мазалайды. Мекеме басқарып отырған басшылар оның креслосы жеке меншік дүние деген көзқарас қалыптасқан. Жеке меншік дегеніміз өзінің дегенін жасайды деген мағына.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің басынан қара бұлт сейілген жылдар ата-бабаларымыздың сонау күнгі сағымдай ұшқан армандарының қайта қанат жайып, асқақтап, қомдануына және кемел болашаққа жаңа көшбасшымызбен қадам басуымызға арқау болды. Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалар теңдессіз байлық. Қазіргі таңда, біз дамыған заманға бет бұруға тырысып жатырмыз. Соның бір дәлелі, еліміздің дамыған 50 ел қатарынан табылуы. Алайда, бұл күнге жетпес бұрын біз талай асуларды бағындырып, еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуге лайықты екенін сан рет дәлелдедік. Ата Заңымыздың қабылдануы ең алғашқы жетістіктеріміздің қатары деп есептеуге болады, себебі, Конституция - тәуелсіздіктің айғағы, теңдігіміздің бұлтартпас дәлелі. Кейін, еліміз түрлі даму сатыларынан өтіп, ресми тіліміз, валютамыз біртіндеп қабылдана бастады және бұл елімізді ерекшелеп көрсететін, тарихымызды айқындайтын ұлттық құндылықтарымыз еді. Дамыған мемлекеттермен иық тірестіру бізге оңайға соқпайды. Қазіргі күнімізге шейін мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай, қай жерде оза шаптық, қай жерде қалыс қалдық?

Тәуелсіздіктің таңы арайлап атқаннан кейін еліміздің жеке мемлекет ретінде сын-сипатын анықтайтын белгілері қалыптасты. 1992 жылы ҚР Президенті «ҚР Мемлекеттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды. Туымызда бейбітшілікті бейнелейтін ашық көк аспан, алтын күн, қайсарлығымыздың дәлелі қыран бейнеленді. Ал, 1994 жылы дербестігімізбен көрген ұлы тойымыз қазақ азаматының еліміздің атынан тылсым ғарышқа сапар шегіп, қауіпті де, қызықты ғарыш әлемін бағындыруы еді. Ол «Халық қаһарманына» айналған Талғат Мұсабаев болатын. ......
Шығармалар
Толық

Ұстаз - қоғамның тірегі

Мұғалім деген ат — қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам - мұғалім.
С. Мұқанов

Ұстаздық ету – ең ұлы іс. Ал ұстаздар – шын бақыттылар. Ұстаз алдынан өтпеген жан кемде-кем. Мейлі әкім бол, мейлі ғалым бол, ұстазыңның алдында мәңгілік қарыздарсың! Өйткені оның тәлім-тәрбиесін, үйреткен оқу-білімін жылдар бойы сіңіріп, дүниенің бір кірпіші боп қаландың.

Ұстаз деген кім? Ол – мектептің жүрегі. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен жеткізсек, ұстаз - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Мен «ҰСТАЗ» ұғымын өз ісінің ұстасы, шебері деп түсінемін.

Әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен асыл дінімізде де ұстазға деген құрмет сөз болады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар»,- делінген. Халқымыздың: «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген даналығынан ұстаздар қауымының жоғары бағасын көремін.......
Шығармалар
Толық

Мен - бастауыш сынып мұғалімімін

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы.Ұстаз болу - бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Өйткені, мен - бастауыш сынып мұғалімімін.

Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.......
Шығармалар
Толық

Тілі мықтының – елі мықты

Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар
Толық

Шәкіртімнің ертеңгі жетістігі – менің бүгінгі тәлімімнің нәтижесі!

"Білім – парасатты, ол – бір ағын,

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.

Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,

Қастерлі, қасиетті – ол мұғалім"

Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Шығармалар
Толық

Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы әйел бейнесі

Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы ерекше орын алғанын білеміз. Қазақ әдебиетіндегі ірі, орта эпикалық туындылардың алғашқыларының -«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» атауларынан-ақ олардың тақырыптық-идеялық сипатын айқын аңғарамыз.

Жалпы осы тақырыпта да қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері және батыс классиктері болды. Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. .....
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз деген ұғым бұл ұғым, таймайтын менің тұғырым!

Ғұлама қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов «Абылайдың ғасыры қазақтың ерлік ғасыры болып табылыды» деген баға берген.

Ресей демекші,орыстың қыл құрсауында қараңғы қазақ даласы мәшһүр,н Тәуелсіздік! Азаттық! Еркіндік! Бостандық!...

Не деген мағынасы тұңғиық терең,түп тамыры мықты да берік, шойындай қайратты да қайтпас қайсарлықпен тізгіндес сөз десеңші...Осы сөздің түйінің шешіп, қалың Алаш ордасын тас бұғаудан құтқарар күнді иен қазақ баласы сан ғасырлар бойы аңсаған нетті...550 жыл бұрын қазақ хандығы құрылып,еріксіз,риясыз,күй кешкен қазақ тегі үстем ұлт өкілдеріне бағынуға мәжбүр емес пе?... «Әттеген-ай» деген ащы кермек ыза тұла бойыңды еріксіз билеп аларын ай! Азаттықтың таңы атар күнді қаншама қара қазақ баласы аңсап, арпалыса арлан қасқырдай аш бөріге таланғаны сөзсіз мәлім дүние.

Бостандық демекші, қазақтың кең құлаш дариясын ғасырға табан тіреген сан қилы заман куәгерлері, тайпалар, рулар, отырықшы көшпенділерде өз заманының еркіндікке ауадай мұқтаж болғаны еріксіз қыл қаламды қолына алдырары құпия толсын құбылыс.

Өткен өткінші өмір өзегі Ұлы Жібек жолдары етегімен тектесе « Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысымен» үзеңгілес бола тұра, «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» оқиғасы негізінде қазақ халқының саяси өмірінде ерекше орын алатын......
Шығармалар
Толық