Рефераттар


Шешен сөйлеу сыры

Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
"Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді береді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады. Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. V-IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары - риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы - ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
• Саяси тақырыпта сөйлеу
• Салтанатты мәслихатта сөйлеу
• Сотта сөйлеу
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болып табылады. Даңқты шешен Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы деп санаған. Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.....
Рефераттар
Толық

Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау

Өндірістік қызметке жұмсалатын шығындар түсінігі басқарушылық есепте жиі қолданылыды, бірақ нақты мағына бермейді. «Шығындар» түсінігі қосымша түсініктемені қажет етеді. БҰл түсініктеменің мағынасы ақпаратты пайдаланушының қойған мақсаты мен бухгалтер пайдаланған шығындарды қортындылау үлгісіне байланысты анықталады.
Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жинтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық: біріншіден, шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады, екіншіден, шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстарының санын сипаттайды, үшіншіден, шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнімөндірісі, қандайда бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) белгілі бір мақсаттағы пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлешдегі шамасы.
Шығындар есебінің объектісі әртүрлі шекарада анықылуы мүмкін. Бұл ақпарттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.
Ішінара шығындар бойынша өзіндік құнды бағалау тікелей шығындарды жабуға бағытталған. Бұл жүйенің мәні келесілерге келіп тіреледі: тікелей шығындар деп бұйымның өзіндік құнына, ал жанама шығындар түгелімен өздері болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесіне кіреді. Өнімдерді сатудан түскен түсімнен сол өнім өндірісіне жұмсалған шығындарды алып тастасақ, жалпы табысты анықтаймыз.
Барлық бұйымдар бойынша брутто-табысты қосып,тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабу үшін қолданылатын жиынтығын аламыз.Брутто-табыстан тұрақты шығындарды өндірістің нәтижесін есептейміз.
Айрықшылық жағдайлар кейде өзіндік құнды есептеуге, сараланған шығындарды қолдануға итермелейді. Сараланған шығындар деп олардың шамасы белгілі бір жағдайлармен салыстырғанда басқаша болуы мүмкін шығындарды айтамыз. Сараланған шығындар барлық уақытта қандай да бір нақты әртүрлі шығындарды.
Шығындар бабы әрбір нақты мәселе бойынша әрбір нақты жағдайды анықталады.....
Рефераттар
Толық

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ

Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен совет заманының өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік методология тұрғысынан объектнвті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік ашылған жағдайда ақын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы халық қазынасына айналып отыр. Қазақстан Коммунисттік партнясы Орталық Комитетінін Бюросында «Ақын Шәкәрімнің творчестволык мұрасы жөнінде» мәселе қаралып, құптау хабар жариялануын қалың жұртшылық аса ризашылықпен қарсы алды. Мән – маңызы ерекше осы документте былай делінген: «Шәкәрімнің әдеби творчествисы идеялық – тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де коркемдік қуатының молдығымен ерекше – ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы және ол ХІХ және XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы «үнсіздік» пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс». Казақстан Компартиясы Орталық Комитстінің Бюросы ұлы Абайдың талантты щәкірті және оның реалистік дәстүрін жалғастырушы Шәкәрімнің шығармаларын сыншылдық тұрғыдан қарай отырып игеру, сөйтіп оларды халыққа жеткізу жөнінде, оның «Түрік, қыргыз, казак һәм ханлар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» аталатыл кітапшаларынан басқа барлық шығармалары еңбекшілер тәрбиесіне зардап тигізерлік зиянды идеялардан мүлдем ада екені өз алдына, олардың қоғамымызды рухани байыту ісіне, оның гуманистік және адамгершілік мүраттарын бекітуге қызмет ететіндігі туралы комиссия ұсынған тұжырымдар мен ұсыныстарға келісті. Ақынның уақытша жаңылысуы мен қателесуіне келсек, бұл оның дүние танымындағы белгілі бір шектеуліліктің көрінісі ретінде бағалануы керек». Өткенде қиын жағдайларда өмір сүріп, халыққа аянбай еңбек еткен бірсыпыра асыл адамдардың қатарында енді Шәкәрім Кұдайбердиевтің бейнесі биіктей бермек. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX гасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухаии, мәдени, әдеби өміріне кейде айтарлықтай белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтык, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра калдырған Шәкәрім Кұдайбердиев еді. Ол — әрі ақын, әрі прозалық, әрі аудармашы, философ, тарихшы, біршама журиалистикаға да араласты. ....
Рефераттар
Толық

Ши тоқу өнері

Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты көшпелі басқа шығыс халықтары да кеңінен пайдаланған. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан – ақ қолданған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқан. Ши өңдеу, тоқу өнермен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбінесе әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті күнделікті күнделікті тұрмыста пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ортаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым қондырғы пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатқан. Қазақ халқының қолөнер саласына ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, ою салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер болып табылады. Ши бұйымдары жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши деп үш топқа бөлінеді.
Мұндай ши түрлері қазақ арасында өз орнымен әр түрлі мақсатта пайдаланған. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік, т,б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгі жасау үшін, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланылған. Ал оның бойы тұтас оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.....
Рефераттар
Толық

Шикізат азық түлік энергия проблемалары

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген прблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтардың қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мэселелерді шешуге жол ашты.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мэнінде оларды эр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге пшкізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан сонымен қатар ол озат техналогияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен қайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалықтардың көлемі 1 мллиард тоннадай. Статистикалық мэліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т тусті металлургия өндірістің меншігіне жатады (4 млрд т - тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд т байыту фабрикаларныкі жэне 105 млн> т металлургиялық өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар). Сонымен қатар эр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұық қалдықтар жинақталған. Қалдықтардың 70 - 75 %-і тау-кен өндірістерінен, 20 %-і байыту жэне қалғандары металлургия кәсіпорындарынан пайда болады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едэуір. Оны оларды дұрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мэселесі шешілетін болса, ауыл шаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады ....
Рефераттар
Толық

Шойынды алудың негізгі физика механикалық процесі

Шойын деп құрамында көміртегінің шамасы 2,14%-дан артық темір мен көміртегінің қорытпасын айтады. Оның болаттан негізгі айырмашылығы құрамындағы көміртегі санының көптігі ғана емес, құйылғыштығы жақсы, құны болаттан арзан, ал пластикалық қасиеті едәуір төмен.
Құрамында көміртегінің қалыптасу жағдайына қарай шойындардың келесі түрлерін ажыратады: ақ шойын, сүр шойын, созылғыш шойын, аса берік шойын және арнайы шойындар.
Шойында көміртегі мен темірден басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор және басқа элементтер болады, олардың мөлшері мен әсері болатқа қарағанда басқаша.
Кремний шойын құрамына графиттену үдерісін күшейтіп, қатты әсер етеді. Оның мөлшері 0,8...3,6%-ға дейін болады.
Марганец графиттену үдерісінің өтуіне кедергі жасап, шойынның ағаруына көмектеседі. Шойын құрамындағы марганец мөлшері 0,5...1,5% болады.
Күкірт те марганец сияқты шойынның ағаруына көмектеседі, оның құю қасиетін нашарлатады, сондықтан шойындағы мөлшері шектеледі, 0,15%-дан аспауы керек.
Фосфор шойынның сұйық аққыштығын жақсартып, графиттену үдерісіне әсер етпейді. Шойын құрамында оның мөлшері 0,3%...0,12% болады.
Ак шойын ақшойындар көміртегі цементит күйінде болады, ал графит бос күйінде болмайды. Ағартылған шойыннын, тек сыртқы беті ғана цементит, ал негізі сұр шойын. Мұнда да графит бос күйінде кездеспейді. Ақ шойыннан құйылған құймалар қаттылығының, тозуға, тотқа төзімділігінің жоғарылығымен, жалынға, жылуға төзімділігімен сипатталады. Ақ шойыннан кұйылған құймаларды тек қана өте қатты қорытпадан жасалған кұрал-сайманмен кесу аркылы өңдеуге болады.
Ақ шойынның қолданылатын жерлері:
1. Т о з у ғ а жұмыс істейтін детальдар (тежеу қалыптары, ұсақтағыш машинкалардың және сұйық дайындайтын абразивті насостардың тетіктері).
2. Жалында және жоғары температурада жұмыс істейтін детальдар (оттық және т. б.).
3. Химиялық әсерге ұшырайтын детальдар (қазандар, мырыш қорытатын аппаратура және химия өндірісіндегі арматуралар).
Ақ шойын химиялық кұрамы бойынша қоспалы және қоспасыз болыл екіге бөлінеді. Қоспалы ақ шойын никельді және борлы (тозуға төзімді), жоғары хромды (тозуға және жылуға төзімді), жоғары кремнийлі (кышқылға төзімді) болып бірнеше түрге бөлінеді. Ағартылған шойынның тек сыртқы ағартылған беті ақ шойын, ал негізі сүр шойын. Ағартылған шойын прокат біліктерін, гидравликалық цилиндрлер және тағы басқа детальдар жасау үшін қолданылады. ....
Рефераттар
Толық

Шоқан Уалихановтың саяси көзқарасы

Жиырмасыншы жүзжылдық бүкіл әлемдік тарихта ең саясаттандырған кезеңдердің бірі. Құқық, мемлекет, саясат мәселелері бұл ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністерге және бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді.Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, дағдарыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режимдердің қалыптасуы және құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы және көптеген жаңа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы адамның теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіләлемдік мойындау − міне, осының бәрі әртүрлі әлеуметтік саяси бағдардағы ойшылдар мен ғалымдардың мемлкет, құқық және саясатқа қатысты теориялық қызметеріне ықпал етті.
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихи-адамзаттық рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси ілімі мен тәжірбиесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтық даму тарихы, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) − заманның жан-жақты білім алған оқымыстысы, саясатшы, қазақ тарихы әдебиетінің зерттеушісі, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына тарихи дәуір тұрғысынан кең көлемді шолу жасаған ғалым. Шоқан Уалихановтың дүниетанымына, рухани жетілуіне Омбы кадет корпусының прогресшіл ниетті оқытушылары мен қазақ даласына қуғындалып келген халықшылардың үлкен әсері болды.Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарастарында деомакратиялық бағыт қалыптасуына 1859-1861 жылдар аралығында Петербургте алған білімдері мен крепостойлық құқықтың жойылу қарсаңындағы революциялық қозғалыс,заманының алдыңғы қатарлы идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал еті. Ел даланы еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта қалғандығына көзі анық жетіп, оның болашақ тағдырын ойлады.Ресейдегі және де Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістермен жақсы таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың зардаптары туралы ұсыныстары мен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Шоқан Уәлиханов

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.....
Рефераттар
Толық

Шолпан планетасы

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған.

Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады.
Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай.
Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3° төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ.
Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді. (1-сурет)
Ымырттық доға деп аталатын бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.
1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4», «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен «Вега-1» және «Вега-2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады.....
Рефераттар
Толық

Шөл және шөлейіттік топырақтарға жалпы түсінік

Шөлді аймақ топырақтары Еуразияның ішкі континенталды бөлегінде, Орталық Азия мен Қазақстан Респибликасы тегістігінде орналасқан және ТМД территориясының 6 проценттен астам жерін қамтиды. Бұл аймақ топырағын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар – С.Неуструев, Н.Димо, Л.Прасолов, И.Герасимов т.б.
Шөлді аймақтың басты сұр-қоңыр топырақ типі автоморфты атмосферадан үстіртін ылғалдану, топыраққұралу туралы пікірді Е.Лобова 1960 жылы айтып, оны бореалдыға таяу белдеуге жатқызған. Гидроморфты сутекті төмен ызадан ылғалданатын топырақтардан бұл аймақта сортаңдар мен тақырлар тараған. Желді аймақ климаты жазы ыстық, қысы суық болып келеді. Орта жылдық температура аймақтың солтүстігінде 16°С-тан, оңтүстік бөлегінде 20°С-қа жетеді. Орта жылдық атмосфералық түсім 75-150мм, оның басым бөлегі қыс-көктемгі маусымдарға келеді. Топырақ кескіні тек жоғарғы жарты метр тереңдікке дейін дымқылданады. 10°-тан жоғары тиімді температура жиынтығы 4000°-тан астам. Өсімдік жамылғысын негізінен сораңды-бұталы, жусан, бетеге, еркекшөп, құмаршық, бұйырғын, баялыш, қараған, теріскен және эфемерлі түрлер құрайды. Соңғылар құмда көбінесе сексеуілмен қосыла дамыған. Тақыр бетін балдырлар басқан. Шөл өсімдіктерінің биомассасы көп емес. Родин мен Базилевич есептеуінше 4,3т/га тең; құрылық үстінде ыдырамаған органикалық қалдық болмайды. Көктемгі шөлде эфемерлер құлпырып кетеді де, жазда көк өсімдік қурап қалады. Топыраққұраушы жыныстардан лөсті және көне алювилік желмен ұшырылған шөгінділер басым. Соңғылар Тұран ойпатында шоғырланған және мұнда құмдар кең тараған. Ойпаң тегістіктер арасында неоген заманынан қалған платолы көтеріңкі жерлер кездеседі. Көтеріңкі жерлерді үштік дәуір жыныстары құрады, үстінде жұқа қабатты лөсті салындылары бар. Бетпақ дала, Шу-Іле тау-қыраты бетін және Қызылқұмның орта шенін палеозой заманының жанартаулық метаморфтық жыныс үгінділері басқан. ....
Рефераттар
Толық