"Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.
Бейімбеттей біртуар жазушының шығармашылық тағдыры мен адами тағдыры теңдес емес. Ол айтарын айтып үлгермеген, жазарын жазып тауыспаған, жүректегі батпан шерді тұтастай тарқатып бере алмай кеткен боздақ.
Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі - Қалихан Ысқақ. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, қиыншылықтарымен өткен.
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отан-дық жекеменшік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық эконо-микаЭға негізделінеді. Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта көсіп-орындарында ЖIӨ-дің (жалпы ішкі өнім) 40-50% өндірілуі қажет. Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясат-тың келесі он негізгі қағидаларын сақтау қажет. 1. Мемлекеттік экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндеті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай оты-рып нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақта, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами коймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде болғаны жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатнастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресу сенімді шараларды жүргізуге, қажетті инфрақұры-лымды дамытуға қамтамасыз етуге белсенді қатысуы жөн. 2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валютаны жағдайда және қорланудың жоғарғы нор-масы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру. 3. Бағаны нарықтандыру бұл Қазақстанда аяқталған процесс. 4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтьш заң жүйесін құрудың есебінен нығайту. 5. Кәсіпорындарды жекешелендіру. Бұл процеске негізінен аяқталған. Бірақта енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды пайдалану қажет. 6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда (келесіні ескеру қажет) біздің ұлттық қамтамасыз қазыр жас әрі әлсіз, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің міндеті. 7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты - экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу. 8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстан тартылған шетел инвес-тицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл қажет. Шетел инвестициялары негізінен табиғи ресурстарды игеруге, ин-фрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық ор-талықтар салуға жұмсалады. Бұл болса экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуға, және Қазақстанның халықаралық қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етеді ....
Абу Насыр өл Фараби (870 - 950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар (Фараб -Қарашоқы) қаласында туып, сонда білім алған, кейін Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген. Ол - ғақлиялық (Ғылымилық) бағыттың бастаушысы. Ғалымның ғылыми еңбектерінің саны жүзден астам. Оларды топтасақ: 1. Астрономия; 2. Астрология; 3. Математика; 4. Логика; 5. Музыка; 6. Дәрігерлік ғылым; 7. Табиғат ғылымдары; 8. Социология - әлеуметтік ғылым; 9. Лингвистика - тіл ғылымы; 10. Поэзия - риторика; 11. Философия; 12. Педагогика. Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) атанған. Оның ұлы шәкірттерінің бірі Әбу әли ибн Сина (Авиценна) болған. Әл — Фарабидің педагогикалық пікірлерінен төмендегіше тұжырымдарды аламыз: 1. Ғылым туралы: Ғылымда әл — Фарабидің "Бақытқа жету", "Ғылымдар тізбегі", "Ғылымдарды топтау" еңбектері ерекше орын алады. Ол математиканы жеті тарауға бөледі: 1. Арифметика; 2. Геометрия; 3. Оптика; 4. Астрономия; 5. Музыка; 6. Статика; 7. Механика - әдіс — айла жөніндегі ғылым. Ол "Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе", "Риторика", "Софистика", "Поэтика", "Логика", "Этика", "Метафизика", т.б. көптеген оқулықтар, ғылыми трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары, Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.....
Зерттеудің өзектілігі: Батыс Рим империясы V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті, әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді. Зерттеудің мақсаты: VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийс-кий осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заң-дық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жаса-ған және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Зерттеудің міндеті: Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды. ....
Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады. Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар. Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде. ....
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі. Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі. Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1. Фольклористика 2. Этнология 3. Культурология 4. Мифология Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ. Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды. Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады. ....