Ақтөбеде алты балалы жалғызбасты ана өлместің күнін кешіп жүр. Келіншек балаларын асырау үшін емізулі баласын тастап, ертеден кешкен дейін еден жуады. Ал жолдасы ішімдікке салынып, алты баласымен тастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың есептік кездесуіне халық көп жиналды. Әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарымен таныстырды. Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлігі айқай-шумен өтті десе болды. Жоқшылықтан шаршаған аналар микрофонға таласып, жеке сұрақтарын айтқанда жылап жіберді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде заманауи стильде бет ашқан асабаның видеосы тарап кетті. Ол келінді жұртқа қазіргі хит әндердің бірімен таныстырған деп хабарлайды NUR.KZ.
Бүгінде малшының құлына айналған қыздың тағдыры 9 сыныптан бастап тас-талқан болған. Мектеп оқығанда жүкті болған аруға туыстары түсік жасатып, жігітін түрмеге отырғызыпты. Артынша анасымен бірге еріп кеткен ол өгей әкенің де ойыншығына айналған екен. Дәлірек айтқанда, азамат өгей қызын арақ үшін малшыға айырбастап жіберген. Бұл оқиғаны журналист Жазира Бегалы өз Facebook парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.
Қарағандыдағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Рақымжан Жансейіт 23 жаста болған. Отбасындағы бес баланың ортаншысы 2013 жылы Қарағандыдағы агротехникалық колледжден механик мамандығын алып шыққан. Қайтыс болған ұлы мен сол күнгі оқиғаның анық-қанығын қыршын кеткен баланың әкесі айтып берді деп жазады "Замана" басылымы.
Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Ғаламның үздік дауысы" деген америкалық шоуда бақ сынауда. Ол бір түн ішінде екінші орыннан 369 орынға түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.