Жаңалықтар


Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды

2013 жылдың шілдесінде 4 338 вакансияның ішінде сыйақысы ең жоғарысы (жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарының 32%-ын құраған) сауда саласында екені белгілі болды.

Фото: ok-inform.ru
Фото: ok-inform.ru

Оған сәйкес, бас директор қызметі үшін айына бір миллион теңге және компания табысынан жылдық бонус ұсынылған, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы HeadHunter компаниясына сілтеме жасап.

Аталмыш топ-менеджердің қызметіне сатылымдарды басқару, баға белгілеу жүйесін жасау міндеттері кіреді. Зерттелген аумақта жалақысы жоғары мамандықтар "Құрылыс және жылжымайтын мүлік" (500-ден 800 мыңға дейін) және "Өндіріс" салаларына тиесілі (3 мың мен 4 мың доллар арасында).

Ал ең төменгі жалақы ІТ-салада (15 мың теңгеге дейін) және банк құрылымында (18 мыңнан 35 мың теңгеге дейін) екен.

Көп жағдайда бұл тағлымдамадан.....

Жаңалықтар
Толық

Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады

Осыған дейін имамдарға қатысты масқара мәлімдеме жасаған Жанар Боранбаева бүгін Діни басқарма алдында шу шығарып, мешіт қызметкерлерінің жауап беруін талап етті.

Алайда, Діни басқарма қызметкерлері алғашында зардап шеккен қыз алдында ақталмақ түгілі, камераны көре сала тұра қашты.

Наиб имамдарға қатысты жағаны ұстатар жайттарды жайып салған Жанар Боранбаева орталық мешітке ашуланып келіп, ұстаздарын іздеді. Қолында мешіт жанындағы сауат ашу курсын бітіргенде берілген, мөр басылған сертификаты бар. Мешіт қызметкерлеріне құжатын көрсетіп, өзінің дәріс алғанын дәлелдемек болды. Имамдар Боранбаева бізде мүлде оқымаған деген еді.

"Имамдарды жина! Жауап берсін! Мені осы жерде оқыған жоқ деген кім? Тез жиналыңдар", - дейді ол.

Жаңалықтар
Толық

Cалымшылардың жиған-терген ақшасының біраз бөлігі жоғалып кетуі мүмкін

Зейнетақы қорлары бір қолға шоғырланса, салымшылардың жиған-терген ақшасының біраз бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Еліміздің Зейнетақы қорлары қауымдастығының басшысы Айдар Әлібаев осыған алаңдаулы.
Жаңалықтар
Толық

Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады

Жақында мектеп оқушыларының біліміне жүргізілген ұлттық мониторинг біраз кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты
Жаңалықтар
Толық

"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды

"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.

Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.

"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.

Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.

Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.

Жаңалықтар
Толық

Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Жаңалықтар
Толық