Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Тілдер күні (Ана тіліңді құрметте)

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана тіліңді құрметте
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Тәрбие сағат түрі: Дәстүрлі
Тәрбие сағат әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Тәрбие сағат көрнекілігі: Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар

Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі:
Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың......
Мақал-мәтелдер
Толық

Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Арман, мақсат, мұрат

Армансыз адам алысқа бармас.

Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Іздеген мұратына жетеді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Заң

Әділ бектің заңы жоғары.

Әр елдің заңы басқа,
Иттері қара-қасқа.

Әділ заң — аспан тірегі.

Әділ туған заң жақсы.

Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ.

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Мақал-мәтелдер
Толық

Тас

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.
Мақал-мәтелдер
Толық