Балабақша тәрбие сағаты: «Әкеммен анаммен»

Балабақша тәрбие сағаты: «Әкеммен анаммен»

Сабақтың тақырыбы: «Әкеммен анаммен»
Сабақтың мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ата – анамен бала денсаулығын нығайту.
2. Спортшылар арсындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру.
3. Сенімділікке, қайсарлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгінгі өткізілетін «Әкеммен, анаммен» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! – дей отырып ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
1. «Жұлдыздар» тобы
2. «Тұлпар» тобы
3. «Балапан» тобы
4. «Ботақан тобы» тобы
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Балабақша директоры: Турганбаева Нұрсауле Тұрақбайқызы
2. Балабақша әдіскері: Алибекова Зарина Әлібекқызы
3. Балабақша медбикесі: Тлегенова Ақшагүл
4. Балабақша шаруашылық меңгерушісі: Избасарова Сабина Серікқызы
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. «Таныстыру» (топтың аты, ұраны, эмблемасы)
2. «Кім жылдам» (кедергілерден өту)
3. «Кенгуру» (қаппен секіру)
4. «Мерген» (допты дәлдеп құрсауға салу)
5. «Арқан тарту» (қазақ халқының ұлттық ойыны)
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер
1. Кезең «Таныстыру»
Шарты: әр команда тобының атын, ұранын айтып, эмблемасын тағып шығуы керек.
Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда – дей отырып, сайысымыздың 2 – ші кезеңіне кезек берейік.
2. «Кім жылдам»
Шарты: қолымызда доп, кедергілер арасынан мүдірмей өтіп, допты келесі ойыншыға береміз. Ойын осылайша қайталанады.
Жүргізуші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай жеңістерге
Үшінші кезең
3. «Кенгуру»
Шарты: қапты киіп кеглидің арасымен ирек жасай жүріп, айналып келу.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Сен болмашы еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан да, еңбек ет – дей отырып келесі кезеңге өтейік.
4. «Мерген»
Шарты: қолымыздағы допты құрсауға дәл салуымыз керек.
Жүргізуші: Шынығамыз біз күнде,
Тынығуды білмейміз.
Шаршамаймыз біз мүлде,
Ойын ойнап әр күнде.
Бесінші кезеңге де жеттік.
5. «Арқан тарту»
Шарты: екі комндадан бірігіп тартып, ұтқан команда келесі топтың жеңімпазымен арқан тартысып әрі қарай жалғастырады.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думандатып жүріңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті спортшылар, ата – аналар жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Әкеммен, анаммен» атты спорттық эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!..


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?