Тіл дамыту ойыны

 Тіл дамыту ойыны

Мектеп: Абай атындағы гимназия мектебі
Күні: 19.02.2016ж. Мұғалімнің есімі: Кулшыкбаева Маншук

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту ойыны
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, мамандықтың барлығы жақсы екенін меңгерту. Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту.
Сабақ мақсаттары: Барлық балалар: Балалар кейбір мамандық түрлерін біледі.
Балалардың басым бөлігі: Өз ойларын айта алады.
Кейбір балалар: Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Тілдік мақсат: « Мамандық» сөзін орыс, ағылшын тіліне айтып қайталау.
Негізгі сөздер мен тіркестер: мамандық түрлері
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдыңғы оқу Жеті қазынаның бірі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
Ортасы
Аяқталуы -Бүгін ауа райы қандай болып тұр? Ауа райы қандай тамаша! Көңіл күйімізде осындай тамаша болсын.
Басымызды иеміз,
Сәттілік тілейміз!
Бірімізге – біріміз
Көмектесіп жүреміз!
Қадірменді қонақты
Құрметпен қарсы аламыз!
Сыйлап өткен ұстазды
Тәрбиелі боламыз!
Жұмбақ жасыру.
• Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)
• Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
• Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)
• Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Бұл сөздер нені білдіреді?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы»
-Бізге маймыл қонаққа келді, қарсы алайық.
-Маймылға көмектесейік.
Ой тастау
Мамандықтар туралы не білеміз?
Болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? Неліктен?
Ата-анаңның мамандығы туралы айтып бер.
«Егер мен .............болсам» ойыны
Мамандық – жауапкершілікпен қарайтын, өзіңнің таңдауың арқылы белгілі бір салада жұмыс жасау. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Мамандық сөзінің орыс тілі және ағылшын тілінің аудармасын сұрау.
Әліппе дәптермен жұмыс. Сәйкестендіру.
Сергіту сәті. Балалар маман иелерінің суреттеріне қарап олардың жұмыстарының қимылын көрсетеді.
Мына өлең жолдарын жаттайық
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
(ЖЖ) «Пазл» ойыны
Балалар тиісті суреттерді жапсырып, артығын алып тастайды.
-Ал маймыл біздің көмегіміз тиді ма?
-Өзіңе мамандық таңдай алдың ба?
-Балалар сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
Интерактивті тақта
Сурет.
Суреттер
Сөздіктер
Әліппе-дәптер.
«Пазл» ойыны
Қосымша ақпарат. Өлең жолдарын жаттау.
Саралау
Бағалау.
Басбармақ көрсету, шапалақ соғу арқылы баланы ынталандыру. Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу, ағылшын, орыс тілі, құрастыру
Рефлексия
Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін балалар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?