Заттарды санау ойыны

  Заттарды санау ойыны

Кабенова Шолпан Социалқызы
№ 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар қаласы.

Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау ойыны
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі : заттарды рет-ретімен, түсімен, топтастыра санап үйрету.
ә) дамытушылығы: балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын ,есте сақтау қабілетін дамыту
б) тәрбиелігі: жауапкершілікке, шапшандылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер,есептер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
1/ Балалармен амандасу.
2/ Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
Тәрбиеші:
- Балалар, бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
- Балалар, сендер нешеге дейін санап үйрендіңдер ?
- Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып 20-ға дейін санайық 1, 2, 3, 4, 5,6, ...20 жақсы балалар. Бәріміз орнымызға отырамыз!
- Ал енді 20-дан бастап кері санайық, мен кімнің атын атаймын, сол бала орнынан тұрып кері санауды бастайды.
- ( ол баланы кез-келген жерден тоқтатамын , келесі бала әрі қарай жалғастырады )
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін біз заттарды санаймыз.
- Тақтаға назар аударайықшы, ненің суретін көріп отырсыңдар?
(заттарды санау)
- Барлығы нешеу екен?
10+1= 11 12+1=13
15-1=14 11+1=12
Түсіп қалған санды көрсет.
Сергіту сәті:
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем,
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,солға қараймын
Аяқты топ-топ басамын.
Біраз сергіп аламын
Тапсырма
- 1-ден бастап 20 санына дейін тура жазып шық.
Қорытынды:
- Нешеге дейін санап үйрендік?
- 20 саны үлкен бе, әлде 18 саны үлкен бе?
- Сандар нешеден басталып жазылады?
Мадақтау, бағала.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?