Electronics Workbench 5. 12с модельденген сұлба нәтижелерін көрсету және оларды өңдеу


Схемотехника - радиотехниканың, автоматиканың, есептеуіш техникаларының және т. б электронды құралдардың синтез және талдау мәселелерін қарастыратын ғылыми - техникалық бағыт. Оның мақсаты - ішінде орналасқан элементтердің берілген функцияларының және есептеу параметрлерінің оптималды орындалуының қамтамасыз етілуі.
Техникалық құралдарды синтездеу және талдау есептерін шешу кезінде әр түрлі сұлбалар қолданылады.
Сұлба дегеніміз (schema грек сөзінен – сыртқы түрі, форма) - өнімнің немесе құралдың және құрама бөлшектерінің, қосылуының немесе өз ара байланыстарының шартты графикалық түрде көрсетілген сызбасы.
EWB 5. 12 схемотехникалық модельдеудің негізгі мәліметтері
Electronics Workbench бағдарламасы аса күрделі аналогтық, цифрлық және цифрлы аналогтық сұлбаларды модельдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның құрамындағы кітапханада кең таралған электронды компоненттердің үлкен жинағы бар. Жаңа компоненттерді кітапханасына қосуға және құруға мүмкіншілік бар.
Компоненттердің параметрлерін кең мәнді диапазонында өзгертуге болады. Қарапайым компоненттер – мәндерін батырмадан өзгертуге болатын параметрлер жинағымен сипатталады, активті элементтер – элементтер параметрлер жиыны болып табылатын және нақты бір элементті немесе оның идеалды түрін (үнсіздік) сипаттайтын модель арқылы сипатталады.
Аспаптардың кең жинағы әр түрлі шамаларды өлшеуге, кірістік әсерлер беруге, графиктерді құруға мүмкіндік береді. Бүкіл аспаптар (амперметр, вольтметр, осциллограф, мультиметр, Боде плоттер (сұлбалардың жиіліктік сипаттамаларының графигін құратын аспап), функционалды генератор, сөздік генераторы, логикалық анализатор және логикалық түрлендіргіш) нақты түрге максималды жақындатылып бейнеленген, сондықтан олармен жұмыс істеу жеңіл және ыңғайлы.
EWB - да сұлбаларға әр түрлі кірістік сигналдар әсер еткендегі өтпелі процестерді зерттеуге болады.
Модельдеу қорытындыларын принтерге шығаруға немесе әрі қарай өңдеу үшін мәтінді немесе графикалық редакторларға енгізуге болады.
Өткізгіштердің түстерін өзгерту арқылы күрделі сұлбаларды ыңғайлы және көрнекті етуге болады. Графиктерді де әр түрлі түстермен бейнелеуге болады, бұл бірнеше тәуелділікті бір уақытта зерттеуге өте ыңғайлы.
Electronics Workbench бағдарламасы Windows - тың стандартты интерфейсін қолданады, бұл оның қолданылуын жеңілдетеді.
Electronics Workbench 5. 12 бағдарламасы әр түрлі дәрежедегі күрделі сұлбаларды келесі операциялар көмегімен құруға мүмкіндік береді:
- кітапханалардан элементтерді және аспаптарды таңдау;
- элементтерді жұмыс өрісінің кез келген жеріне жылжыту;
- элементтерді және элементтер тобын 90 градусқа бұру;
- элементтерді және элементтер тобын, сұлбалардың фрагменттерін және тұтас сұлбаларды көшіру, қою немесе өшіру;
- өткізгіштердің түсін өзгерту;
- сұлбалардың контурын көрнекті қылу үшін түспен белгілеу;
- бірнеше өлшеуіш аспаптарды бір уақытта қосу және олардың өзгерістерін монитор экранында бақылау;
- элементке шартты белгілеу енгізу;
- элементтер параметрлерін кең диапазонда өзгерту;
- бөлек элементтерге немесе бүкіл тұтас сұлбаға температуралық режимдерді беру және т. б.
Бүкіл операциялар тышқан мен пернетақта (клавиатура) көмегімен жүргізіледі. Тек пернетақтада ғана басқару мүмкін емес
Аспаптардың параметрлерін өзгерту арқылы келесі амалдарды орындауға болады:
- аспаптардың шкалаларын өлшеу диапазонына байланысты өзгерту;
- аспаптардың жұмыс режимін енгізу;
- сұлбаға кірістік әсерлердің түрлерін енгізу (тұрақты және гармоникалық тоқтар және кернеулер, үшбұрышты және тік бұрышты импульстер).
Бағдарламаның графикалық мүмкіншіліктері:
- графикте бірнеше қисықты бір уақытта бақылау;
- графиктердегі қисықтарды әр түрлі түстермен белгілеу;
- графикте нүктелердің координаталарын өлшеу;
- мәліметтерді графикалық редакторға импорттау, сол суретті түрлендіруге және принтерге шығаруға мүмкіндік береді.
Электр сұлбасының моделін Electronics Workbench бағдарламасында құрастыру.
Сұлбаны құру үшін элементтерді табу және оларды бағдарламалық жұмыс аймағында орналастыру
Осы зертханалық жұмысты орындау кезінде біз келесі библиотека компоненттерін қолданамыз:
– Sources (источники – көздер): Battery (источник постоянной ЭДС – ЭҚК тұрақты көзі) және Ground (заземление - жерлену) элементтері бар.
– Basic (базовые элементы – базалық элементтер): Connector (соединение - қосу), Resistor (резистор) және Switch (ключ - кілт) компоненттері бар.
– Indicators (индикаторы - индикаторлар): Bulb (электрическая лампа – электр шамы).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу