«Алтын күз» атты ертеңгілік
Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі ән ойналып тұрады. Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата - аналар, ұстаздар және «Балдәурен»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады. Ендеше
«Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз, жаңбырлы күз,
Жомарт күз, суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын,
Алтын күздің тойында.
Балалар хормен: Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз
Жүргізуші: Қызыл жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайық, би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге
«Күз жомарт» әнін тыңдаңыздар.
Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумақтарына кезек береміз.
Нұрасыл: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі
Еңлік: Күн суытып жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды
Қамбаға құйылды
Мөлдір: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Аяжан: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Нұрдәулет: Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Айша: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Айтуған: Қуандырып бізді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз
Айдын: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан, жапырар
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер бұл жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді. Ендеше сендер дайынсыңдар ма?
Балалар: Әрине дайынбыз.
Жүргізуші: Көк майсалы көрікті
Алқап тола көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін. (Күз)
Жапқандай жапырағымен айналаны
Қуантып байлығымен халқымды
Бір қуантып қайту үшін біздерді
Сабырлы, сары алтын күз келді.
Балалар хормен: Біз сізді күтудеміз алтын күз
Күз ханшайымы келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба?
Күз ханшайымы: Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге Қыркүйек, Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.
Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді. Қане балалар менің Қыркүйек, Қазан, Қарашамның әнін тыңдаңдар
Қыркүйек, Қазан, Қараша ән айтады.
Жүргізуші: Қандай тамаша ән балалар сендерге ұнады ма?
Балалар: Ұнады керемет ән.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилерде алғыр жан
Балдәуреннің ұл қызы
Клип түсірді жаңадан - деп «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері Ерке Есмаханның « Қайда» әнінен шағын клип түсірді. Сіздердің көңілдеріңізден шығып жатса, Астана қаласына жол тартсақ деп отырмыз. Қарсы алыңыздар сіздердің алдарыңызда « Балдәурен» тобының бүлдіршіндері.
Ойын ата - аналармен «Көкөністер мен жемістерден» ойыншықтар жасау.
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық - деп Айжан мен Еркеназ қыздарымыздың « Алтын күз» әні мен биші қыздарымыздың «Лента» биін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Ерте ерте, ертеде
Бау - бақшасы көп өлкеде
Көкөністер жиналып
Үлкен айтыс құрыпты
Көкөністер туралы өлең шумақтарына кезек береміз.
Бексұлтан: Это зрения обман
Синеньки пресиний
Зреет толстый баклажан
Он по форме длинный
Қалданай: Думаю из овощей
Лучше всех картошка
Без нее не свариш щей
Не поешь окрошки
Полина: А я – сочная капуста
Витаминами горжусь
В голубцы борщи салаты
Я конепригожусь
А какие вкусные
Щи мой капустные
Диас: Дремлет под землей морковь
Что же ей там снится
Пригрозем нахмурив бровь
Покажись девица
Бірханым: Зеленый огурец
Большой – большой хитрец
Сидит себе на грядке
С людьми играет в прятки
Айару: Горошек зеленый бывает
И каждый из нас это знает
С пюре из горошка зеленного цвета
Любая зима превращается в лето
Жүргізуші: Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді
Ертегіні жақсы көрем мен тегі — деп « Құмырсқа мен шегіртке» ертегісін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Жемістерді тердің бе?
Мұндай жеміс көрдің бе?
Жемістердің айтысын
Ал тыңдайык кел бірге - деп «Жемістер» өлең шумақтарын тыңдаңыздар.
Эдьяр: Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмін
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайын
Нұрислам: Мен өрікпін ірімін
Алма, алмұртқа інімін
Дастарханның гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын
Еркебұлан: Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегін
Серік: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім
Ролан: Я - замороский гость банан
Переплыл я океан
Меня солнце попрсило
Передать свою вам силу
Бибінұр: И варенье и компот
Из созревшей вишни
Красный сок измазал рот
Все вопросы лишни
Жургізуші: Қызыға біз қараймыз
Бүлдіршіндерге бүгінгі
Көрейікші көрермендер
«Жұп» биін тамашалап - деп «Жұп» биіне кезек береміз
Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық
Би билейік бәріміз
Алтын күзде бүгінгі
Шырқап әнге салайық - деп «Балабақша» әнін тыңдаңыздар.
Күз ханшайымы: Балалар мен сендердің өнерлеріне риза болдым, қош сау болыңдар.
Шат көңілді балалар
Шаршағанды білмейді
Алтын күз туралы
Мақал - мәтел айтады - деп күз туралы мақал – мәтелге кезек берейік.
Ақбота: Көктемде жерге түскен бір дән
Күзде мың дән болады.
Бота: Егіндікті күз суғар
Күзде суғарсаң жүз суғар.
Мөлдір: Күз келсе, бақыт келер ырыспенен.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар. Берекелі мерекелі жомарт күздің
сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман
заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі « Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Қош сау болыңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?