Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Өзін - өзі тану 1 сынып
Тақырып: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.
Сабақтың мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: Өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Шыншыл, адал болуға тәрбиелеу
Ресурстар: құралдар, мәліметтер (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
Ә. Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі.
Биік таудың ар жағында апалы - сіңлілі екі қыз өмір сүріпті. Біреуінің аты Шындық, екіншісінің аты – Өтірік екен.
Шындық әдемі ақ көңіл, ақылды қыз болады..........
Сұрақтар:
- Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
- Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
- Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
- Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Қорытынды: (Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді)
- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.
3. Дәйексөз.
«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді».
Оқушыларға мағынасын түсіндіру
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
Сұрақтар:
- Шындық неге жеткізеді?
- Ал өтірік ше? Мысал келтір.
Жаттату:
- үш рет қайталау;
- қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;
- 2 - 3 баладан сұрау
4. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы
«Шындық пен өтірік» (Аңыз әңгіме)
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
Сұрақтар:
- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
Қорытынды: Балалар, шыншыл адам өз сөзіне берік, ісіне адал болады.
5. Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, А алма т. с. с
6. Топпен ән айту. «Балдырғандар» әні
Сөзін жазған: О. Әубәкіров
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы: Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Мектебіміз жайнады рет
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.
Қайырмасы
7. Үй тапсырмасы.
а85 беттегі «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;
ә Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді» оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.
8. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қою
Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
Бастауыш сынып мұғалімі Қожакеева Г.Ә.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?