Қазақстан Республикам - менің
Тақырыбы: «Қазақстан Республикам - менің»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, қайталау, мадақтау.
Көрнекіліктер: ҚР картасы, ҚР рәміздері.
ҰОІӘ барысы:
Балалар топқа күй әуенімен кіреді, шеңбер жасап тұрады.
Амандасу рәсімі:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Балалар, бүгін біз Отан туралы әңгімелейміз, ән айтамыз. Бұл ҰОІӘ «Кім шапшаң?» ойынынан бастайық. Мен сұрақтарды оқимын, сендер жауап берулерің керек. Дұрыс және бірінші жауап берген балаларға мынадай әдемі гүлдерді сыйлаймын. Ойын соңында алған гүлдерін санап жеңіске жеткені анықталады.
Сұрақтар:
1. Біз қай Республикада тұрамыз?
2. Республикамыздың астанасы қай қала?
3. Аспанның түсі қандай?
4. Күннің ше?
5. Президентіміз кім?
6. Кім Отан туралы тақпақтар біледі?
(Балалар өздері білетін Отан туралы тақпақтарын айтады).
Қолдарындағы гүлдерін санап, жеңімпаздарды анықтау.
«Отан» тақпағын оқып, түсіндіру.
Отан - деген атамекен,
Отан - деген туған жер.
Отан - ана
Отан - пана
Қазақстан туған ел.
Біздің туып өскен жеріміз, ауылымыз, тарихымыз, тіліміз, анамыз бір ғана сөзбен айтқанда егеменді Қазақстан Республикасы - Отанымыз.
Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз.
(Балалар өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды).
Балалар, сендерде Отан - ананың балаларысыңдар. Сондықтан, Отанды құрметтеп, қорғау міндетіміз. Отанды қорғау үшін денсаулығымыз мықты, жігерлі болу керек. Ал ендеше дене жаттығуларын жасайық. (жүгіру, еңбектеу, жорғалау).
Тапсырма: (Ұжымдық жұмыс). Мына плакатқа туған елімізді, жерімізді жапсырмалап көрелік. Сендер туған жерімізді қалай елестетесіңдер? Міне мынадай әдемі жерімізді сүюіміз керек. Сендер осы жердің, Отанымыздың гүлдерісіңдер, сондықтан «Гүлге қону» ойынын ойнайық. Ойынның шарты: музыка әуенімен гүлді айналып, билеп жүреді. Музыка тоқтаған кезде 1 гүлдің үстіне 2 баладан қону керек.
Қорытындылап, мадақтау.
ҰОІӘ Қазақстан Республикасының гимнімен аяқтау.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті,
"Балдәурен" балалар бақшасынің
тәрбиешісі Сүтбаева Айгүл Танжарбайқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?