Наурыз эмблемасы. Сурет сабағы


Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Символдарды қолдана отырып шығармашылық ою - өрнекті композиция орындау. «Наурыз эмблемасы».
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстарды жасауға деген құлшыныстарын ояту.
Білімділігі: оқушыларға символдарды қолданып, ою - өрнектен композиция жасап, эмблема жасау туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ою - өрнектерді қолдану кезінде суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: наурызға қатысты эмблема суреттері, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, түрлі ойындар.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмалар орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, кезекшіні анықтап, оларды түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою - өрнек үш топқа бөлінеді:
1. Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
2. Зооморфтық (жан - жануарлар).
3. Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).
3. Жаңа сабақты түсіндіру: - Ою - өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Символикалық өрнектер казіргі таңда өте шапшаң дамып келе жатыр. Бұл - фирмалық белгілер эмблемасы.
- Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы геометриялық топ, бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құрушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік ырғақты қасиеттермен шектеледі. Қазіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып табылады.
Енді сол сияқты біздің бүгінгі тақырыбымыз соған сәйкес символикалық ою - өрнектерді қолдану арқылы наурыз эмблемасы туралы болмақ. Мысалға мына бір эмблеманы алатын болсақ, мұнда...

Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышы наурызек пен наурызгүл болса
Биыл күн мен түннің теңелуі жаңа жылдың басталуы. Бұл – Наурыз жаңа жылының басталғандығын күллі әлемге паш ететін жұлдызды сәт. Ендеше, келе жатқан Ұлыстың ұлы күні оң болғай!..
Ел ішінде наурызек, наурызкөк, немесе көкқұс аталатын жұдырықтай ғана жыл құсы өкпек есіп, қар ери бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келеді. Наурызекті кей жерлерде жылқышы құс деп те атайды. Құсты бірінші көрген жан жақсылыққа балап, оған жем шашады. Біздіңше, осы құстың бейнесі халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын бейнелеуге сұранып - ақ тұр. Сонымен қатар наурызшешек, наурызгүл аталатын алғаш көктейтін өсімдік те Наурыздың нақышын жеткізіп бере алады.
Осы ретте, су, топырақ, наурызгүл (топырақтағы тіршілік иесі) және наурызектің (көктегі тіршілік иесі) элементтерін араластырып, Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын нақтылауға болады.
4. Сарамандық жұмыс: Құрастырмалы коллаж. Қазақтың ою - өрнектері арқылы наурыз эмблемасын жасау. Коллаж жасауға құралдар: қайшы, түрлі түсті қағаздар, желім, карандаш.

Тапсырма беру. Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшісі Ә. Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» – деген сауалға:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан.
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен» – деп жауап берген екен. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зер салып көрсек, ою - өрнекке қарап, оларды өзіміз бейнелеп, қиып көріп біз де үлкен адам болатын шығармыз. Ендеше, іске сәт!
Ол үшін сіздерге бір мағыналы тапсырма беріледі.
(Слайдтар арқылы нұсқау карталар көрсетіледі)
Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Алдарына берілген заттарды ою - өрнек - термен әшекейлеулері керек.
1 топқа – тақия;
2 топқа – кесе;
3 топқа – аяққап. (Әр топқа бірнеше композициялық шешімдер беріледі.)
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Жылы түсті ата.
а) көк
ә) сары
б) күлгін
2. Иллюстрация дегеніміз —
а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет
ә) ойдан салынған сурет
б) түрлі нобай суреттер
3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады?
а) натюрморт
ә) портрет
б) пейзаж
4. Маринистік жанр дегеніміз —
а) соғыс тақырыбындағы шығармалар
ә) теңіз, көл тақырыбындағы шығармалар
б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар
5. Акварель бояуын немен езеді?
а) сумен
ә) тек ыстық сумен
б) арнайы ерітіндімен
6. Суық түстерді ата.
а) қызыл ә) қоңыр б) көк
7. Түс шеңбері неше түстен тұрады?
а) 8 ә) 6 б) 4
8. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға жатады?
а) пейзаж ә) портрет б) тарихи жанр
9. Түрлі - түсті бояулармен салынған көркем шығарма қалай аталады?
а) графика ә) сәулет өнері б) живопись
10. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата?
а) гуашь ә) акварель б) тушь
11. Негізгі түстерді ажырат.
а) күлгін, сары, жасыл
ә) қызыл, көк, сары
б) жасыл, қызыл, көк
12. «Композиция» сөзі нені білдіреді?
а) бейнелеу
ә) құрастыру
б) суретті бояу
13. Пейзаж қандай шығарма?
а) жануарлар бейнеленген сурет
ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет
б) адам келбеті бейнеленген шығарма
14. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер.
а) мүсінші ә) суретші б) сәулетші
15. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім?
а) Қ. Телжанов ә) Ә. Қастеев б) М. Кенбаев
Адасқан ою - өрнектер ойыны: ойынның шарты – ою - өрнектердің атаулары тақтада тұрады, соған сәйкес парақшада берілген ою - өрнектерді өз атауларына қарай орналастырамыз.

Гүл Ирек Қазтабан
Қосмүйіз Қошқармүйіз Қырықмүйіз
Құсқанат Түйетабан Сынықмүйіз
Суөрнек Құсмойын Арқармүйіз

5. Бекіту кезеңі: оқушыларға сұрақ қою арқылы, сөзжұмбақ арқылы бүгінгі сабақты бекіту, оқушыларды бағалау.
1. Бірінші сұрақ терминнен алынған, жобалық сурет термин сөздігінде қалай аталады? (Эскиз).
2. Бүгінгі сабақта қандай ою - өрнек арқылы эмблема жасадыңдар? (Символ).
3. Шартты белгілер салынған суреттер қалай аталады? (Эмблема).
4. Көктемде алғаш көктейтін өсімдік? (Наурызгүл).
5. Көктемде қар ери бастағанда өзге құстардың алды болып ұшып келетін жыл құсы қалай аталады? (Наурызек).
6. Ою - өрнек түрінің қандай түрі кең тараған? (Өсімдік).
7. Бүгін сабақты бейнелеу өнерінің қандай түрімен орындадыңдар? (Символ)
6. Бағалау: Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма: берілген тірек сөздерді пайдаланып кішігірім эссе жазу, сол жазған эссе бойынша сурет салып келу. Берілген тірек сөздер: Көктем, күн, су, ағаш, құс, гүлдер, адамдар.
 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу