Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері (күнделікті сабақ жоспары)
1. Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері.
2. Қайталау. Тест
3. Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері және олардың биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы
4. Жасушаның ашылу тарихы.
5. Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы.
Биология 9 сынып
Сабақтың
Сабақтың тақырыбы: Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология - биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін, тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. жалпы биология негіздері туралы шолу жасау.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: білім беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: жануарлар селекциясы
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Жаңа сабақ
Биология грекше(bios - өмір, және logos - ғылым деген мағынаны береді) жаратылыстану ғылымының салаларының бірі. Тірі оргонизмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі оргонизмдердің құрылысын, функциясын, шығу - тегін зерттеумен айналысады.
Қазірде биологияның барлық тармақтарын біріктіретін бес принцип бар.
• Жасуша теориясы. Жасушаға қатысы бар нәрсенің бәрін зерттейтін ілім. Барша тірі организмдер ең кемінде бір жасушадан, күллі жандылардағы функциялаудың бірлігінен, тұрады. Сонымен қатар барлық тірі организмдерде жасушаның маңызды механизмдері мен химиясы ұқсас келеді және жаңа жасушалар тек бұрынғы жасушалардың бөлуінуінен пайда болады. Жасуша теориясы жасушалардың қалай пайда болатынын, қалай көбейетінін, қоршаған ортасымен қалай араласатынын, олардың қандай заттардан құралатынын, жасушаның құрамдас бөліктерінің қалай жұмыс атқаратынын және жасушаның басқа бөлімдерімен қалай қатынаста болатыны сияқты мәселелерді қамтиды.
• Эволюция. Популяциялардың тұқым қуалайтын қасиеттері ұрпақтан - ұрпаққа табиғи сұрыпталу мен генетикалық дрифт нәтижесінде өзгеріске ұшырайды.
• Ген теориясы. Тірі организмнің сипаттары мен белгілері геннің түпкі компонентінде - оның ДНҚ - сында генетикалық код түрінде жазылған. Және белгілі бір организмге тән сипаттар осы гендер арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа өтіп отырады. Барлық мәлімет генотиптен организмнің көзге байқалатын, яғни көрінетін физикалық немесе химиялық ерекшеліктері - фенотипте көрініс табады. Ген экспрессиясы арқылы пайда болған фенотип организмнің қоршаған ортасына қарай бейімделуі мүмкін. Алайда мұндай жағдайда жаңа мәлімет гендерге қарай кері бармайды. Гендер қоршаған ортаға жауап ретінде тек эволюция процессі арқылы өзгереді.
• Гомеостаз. Организмнің қоршаған ортаға қарамастан өзінің ішкі ортасын қалыпты жағдайын ұстап тұруға бағытталған физиологиялық процесс.
• Организмнің өзін - өзі ұстауы. Барлық жанды нәрселер стимул - жауап қасиетіне ие.
ІІІ Бекіту сұрақтары
1. Биология ғылымы нені зерттейді?
2. Биология салаларын атаңдар.
3. Биология ғылымының маңызы қандай?
4. Тіршіліктің негізгі жаратылым деңгейлерін атаңдар?
5. Қандай деңгейді жаратылым деңгейлерін атаңдар?
6. Биологиялық жүйелердің өлі табиғат зерзаттарынан айырмашылығы неде?
IV Бағалау
V Үйге тапсырма. Оқу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?