Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
Сабақтың мақсаты:
• Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік, оның түрлері туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау.
• Оқушыға рухани - адамгершілікке тәрбие бере отырып, құқытық сана мен мәдениеті қалыптастыру.
• Оқушылар білімдерін стандартты емес жағдайда қолдана білу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: жинақтау
Сабақтың формасы: ұжымдық, ішінара жекеше, топтық
Сабақтың әдісі:
әңгімелеу, сұрақ - жауап, өздік жұмыс, пікірталас, зерттеушілік т. б.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кесте, топтамалар, т. б.
1. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу және түгендеу.
Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру:
Бүгін сабағымыз алдынғы сабақта өткен тақырыбымыздың жалғасы. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік». Сабақта осы тақырып бойынша білімдеріңді жүйелеп, жинақтаймыз және алған білімімізді практикада қолдана білуге үйренеміз. Онда сабағымызды бастайық.
Сабағымызда негізгі ойы және тәлімі ретінде Бауыржан Момышұлының мына нақыл сөзін алып отырмын:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.»
3. Білімін тексеру:
• Өткен тақырыптар бойынша білімдеріңді тексеруде тілші мен қоғамның белсенді мүшелері жастар арасындағы сұхбаттасу әдісін пайдалансам, рұқсат етсеңіздер.
Оқушыларға жалаушалар үлестіру.
Ендігі кезде сонымен біз қылмыс үшін жазалау, қылмыскердің кінәсін ауырлататын және жеңілдететін жағдайларға тоқталамыз.
Дәптерімізді және кітабымызды ашып бүгінгі күнді қойып, тақырыпты жазамыз.
ҚР Қылмыстық кодексі, ІІ бөлім Қылмыс, 15 - баптың 2 - тармағымен таныстыру.
Әрқашан естеріңізде болсың, қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады. Жазалар әртүрлі болады.
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Жазаның мынандай негізгі түрлері бар:
«Жеті Жарғы» заңдар жинағынан баптарын оқу.
Қылмыс сипатына қарай төмендегідей тұрпаттарға жіктеледі:
• Адамның жеке басына қарсы қылмыс (адамды өлтіру, жаңа туған сәбиді өлтіру, абайсызда адамды өлтіру, суицидке итермелеу, денсаулығына зиян келтіру, азаптау, қорқыту, адамның органдарын сатуға мәжбүр ету, адамға ЖИТС - ті жұқтыру, науқасқа көмек көрсетпеу, азғындау, адамды ұрлау, қорлау, жала жабу, т. б.)
• Адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс ( азаматтардың тең құқығын бұзу, жеке өмірге қол сұғу, дәрігерлік құпияны ашу, тұрғын үйге қол сұғушылық, сайлау құқығын бұзу, еңбек құқығын бұзу, ар - ождан және діни наным бостандығы құқығын бұзу, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау, журналистің кәсіптік қызметіне кедергі келтіру, т. б.)
• Конституциялық құрылыстың негізі мен мемлекеттік қауіпсіздігіне қарсы қылмыс( мемлекеттік опасыздық, шпионаж, президенттің өміріне қастандық жасау, билікті күшпен басып алу, қарулы бүлік, мемлекеттің аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру, диверсия, мемлекеттік құпияны ашу, жұмылдыруға шақырудан жалтару)
• Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс ( кәсіпкерлікке кедергі келтіру, заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік, заңсыз қаражат алу, несиені қайтармау, аукциондарды өткізу тәртібін бұзу, жалған жарнама беру, заңсыз тауарлық белгі, контрабанда, салық төлемеу, тұтынушыны алдау, т. б.)
• Меншікке қарсы қылмыс ( ұрлық, бөтен мүлікті иелену, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды ұрлау, қорқытып алушылық, алдау, ұрланған мүлікті сату, авторлық құқықты бұзу, бөтен адамның мүлкін бүлдіру, т. б.)
• Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс ( есірткі заттарды сату, тасымалдау, тарату, улы заттарды заңсыз пайдалану, санитарлық - эпидемиологиялық ережелерді бұзу, адамның өміріне және денсаулығына зиян келтіру, қауіпті тауарлар сату және шығару, жезөкшелікпен айналысу, қатыгездікті пен күш қолдануды бас ұруды насихаттайтын туындыларды тарату, өлгендерді немесе жерленгендерді қорлау, адам мәйітінің органдарын заңсыз алу, жануарларға қатыгездік жасау)
• Әскери қылмыстар ( бұйрыққа бағынбау, бастыққа қарсы тұру, бастыққа қарсы күш қолдану, жарғы ережелерін бұзу, әскери қызметшіге тіл тигізу, қызметті өз бетімен тастап кету, қашқындық, жауынгерлік кезекшілік ережесін бұзу, қарауыл ережесін бұзу, патруль ережесін бұзу, билікті теріс пайдалану, қызметке селқос қарау, тұтқынға өз еркімен берілу, тонаушылық, әскери құпияны ашу, т. б.)
• Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ( терроризм, экстремизм, адамды кепілге алу, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз әскери құрама ұйымдастыру, бандитизм, мекемені басып алу, ұшақты, кемені, пойызды айдап әкету, теңіз қарақшылығы, жаппай тәртіпсіздік, сапасыз құрылыс, қаруды заңсыз жасау, бұзақылық, өрт тағылық, т. б.)
4. Жаңа білімді тексеру:
- Жаза дегеніміз не?
- Қылмыстың қай тұрпатына жатады?
- Оқушыларға жағдаяттар тарату:
1 – тапсырма:
Өз отбасымен 700 км жол жүріп келген Ернат көлігімен солға бұрылмақ болды. Осы кезде қарсы келіп қалған жеңіл көлікті көріп тежегішті басып еді, тежегіш ұстамай жол апаты болды. Нәтижесінде қарсы жақтың бір адамының аяғы сынып, біреуі төрт күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Ернат жапа шеккендерге 1000 АҚШ долларын беріп көмек жасады. Бірақ жапа шеккендердің туысы 10 000 доллар сұрап немесе сотталуын талап етуде. Қылмыстық жағдайды саралап, қылмыстың қай тұрпатына жататынын тап. Қылмыскердің кінәсін жеңілдетін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма?
Абайсызда, зиянын өтеу, жеке адамға
2 - тапсырма:
15 жасар Гүлнар өзінің ауласында қаңтар айында қыз баланы дүниеге әкелді. Нәресте тірі және толық жетілген, өмір сүруге толық жағдайы бар. Өлсін деген ниетпен анасы оны аулаға тастайды. Ертесінде баланы ауладағы қоқсықтың астына көмді. Гүлнардың іс - әрекетін саралап, қылмыстың қай тұрпатына жататынын тап. Қылмыскердің кінәсін жеңілдетін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма?
Жеке адамға, балаға қарсы, қасақана
3 - тапсырма:
13 жасар Марат пен 16 Жасар Асхат арақ пен темекіні қатар пайдалануды әдетке айналдырды. әбден еркінсінген Асхат 14 жастағы Айдосқа темекіден екі - үш соруды талап етті. Темекі тартудан бас тартқан Айдосты Марат мазақтады. Ал Асхат жұдырықпен қойып жіберді. Жастардың іс - әрекетін талда. Қылмыстың қай тұрпатына жататынын тап. Қылмыскердің кінәсін жеңілдетін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма?
Есірткі зат, балаға қарсы, мас күйінде, халық денсаулығымен қоғамдық қауіпсіздік, жеке адамға
4 - тапсырма:
Сабақтан қайтып келе жатқан Даниярды жоғарғы сынып оқушысы Самат пен жұмыссыз жүрген Айбол саябақта ұстап алды. Айбол қолындағы пышақпен қорқытып, баланың сырт киімін, телефонын, т. б. заттарын беруді талап етті. Заттарды алған соң олар Даниярды соққыға шықты. Қылмыстың қай тұрпатына жататынын тап. Қылмыскердің кінәсін жеңілдетін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма?
Денсаулыққа зиян келтіру, тонау, жеке адамға, меншікке қарсы, ұйымдасқан
5 - тапсырма:
Ержан 15 жасқа келіп, оңай кәсіп тапты. Мектепте оны ешкім іздемейді. Ол алғашқы кезде ауладағы жайып қойған киімді алып, арзан бағаға базарда сатты. Кейін танысы арқылы ет сатуды үйренді. Ал етті табу тіпті оңай. Ержан көршілердің қойын, сиырларын жетектеп кетіп жүрді. әке - шешесі Ержанның әкелген ақшасына қуанып, баласының табыскер болғанын мақтаныш етті. Осы әрекет полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қылмыстың қай тұрпатына жататынын тап. Қылмыскердің кінәсін жеңілдетін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма?
Ұрлық, алаяқтық, меншікке қарсы, кәмелетке толмаған, зиянын біле тұра
- Төмендегі сөйлемдердің қате тұжырымдарын түзетіңіздер:
А) Мас күйінде істеген қылмысы үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.- жоқ
Б) Қылмыс істеуге даярланғандық үшін жаза тағайындалмайды.- жоқ
В) Қажетті қорғану жағдайында жәбірленуші әрекетінен кісі өлімі болса, ол әрекет - қылмыс болып табылады.- жоқ
Қорытынды сөз:
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заң алдында бәрі тең. Ешбір адамның, ол жоғары лауазым иесі болса да, заңды бұзуға қақысы жоқ. Қазақ халқына бұзақылық пен қылмыс жат қылық және оған қатаң тек қойған. Ұрпақтарын жастайынан бұзақылық пен қылмыстан аулақ ұстап, Отанға, халқына пайдалы жақсы азамат болып жетілуге баулиды. Ұлттық тәлім - тәрбиеміз арқасында емес пе қазақтың маңдай алды ұл - қыздарының дүниеге келуі. Текті ұл - қызды тәрбиелеген салт - дәстүріміз бен заңымызды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат мұратына жетеді.
Бауыржан Момышұлы:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.»
Қосымша дерек:
Жасөспірімдерге және оның ата - аналарына арналған жадынама
5. Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқып, тарау бойынша өткен тақырыптарды қайталап, тест сұрақтарына дайындалу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?