Шойын өндірісі
Бекітемін
«Арнайы пәндер»
бірлестігінің жетекшісі
___________ Ш.Е.Назарова
«___» ________ 2020 ж.
Күні: 08.09.2020 ж
Оқу тобы: АНЖ-191
Сабақтың тақырыбы: Шойын өндірісі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып,шойынды,шойынның түрлерін таныстыру. Білімгер алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру.
Дамытушылығы: Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жаңа сабақты түсіндіру .
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:. Шойыннан жасалған автокөлік бөлшектері
Сабақ/оқу барысы
Реттік № |
Сабақ/оқу кезеңі |
Мазмұны |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі қою. Назарларын сабаққа аудару. |
2 |
Өткен сабақтар бойынша деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) |
Қара және түсті металдар |
3 |
Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру |
Жаңа сабақты түсіндіре отырып,шойынды,шойынның түрлерін таныстыру. Білімгер алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру.
|
4 |
Өтілген сабақты (материалды) бекіту |
Білімгерлердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау
|
5 |
Үйге тапсырма |
Шойыннан жасалған автокөлік бөлшектерін зерттеу келу |
6 |
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау |
Жаңа сабақты пысықтау |
Арнайы пәндер оқытушысы: А.Т.Таласбай
Сабақтың өту барысы
І Ұйымдастыру.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру
- Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Маңызды сөздер(шарты: сөздердің мәнін ашу)
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Үй тапсырмасын сұрап, білімдерін қосымша сұрақтар арқылы тексеру
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
1.Жаңа сабақты түсіндіре шойынды, шойынның түрлерін таныстырутаныстыру.
2.Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру
Шойын өндірісі
Шойын (Чугун)- жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы; темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Шойынның түрлері:
Ақ шойын (Белый чугун) -карбид түрінде көміртек құрамына кіретін, ал омырық бетінің түсі күңгірт-ақшыл болатын шойын; құрамында көміртек темірмен химиялық қосылыс (цементит) түрінде болатын шойын. Ақ шойынның кристалдану процесі Fe-C диаграммасы бойынша жүреді. Қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік, морттық қасиеттері жоғары. Ақ шойын өндеуге келмейтіндіктен, одан қорытпалар гана алынады. Ақ шойынды соқаның тістерін, илем біліктерін, диірменнің шарларын құюға және соғылмалы шойын алу үшін пайдаланады.
Домна шойыны (Чугун доменный) - домна пешінде балқытылып алынған шойын; темір және марганецті кендерден домна пештерінде балқытып алынатын сұйық шойын. Домна шойынының 80—85%-інен болат өндіріледі.
Соғылмалы шойын (Чугун ковкий) — құрамына жапалақ түрлес графит кіретін және ақ шойынды босаңдату нәтижесінде алынатын шойын.
Сұық шойын (Чугун жидкий) — домна пешінде немесе шойынпеште қорытылған шойын. Сұйық шойын қатайған сон тасымалданып тұтынушыға жеткізіледі.белдігін, күпшектер, картерлер, фитингтер жасағанда соғылмалы шойын орнына қолданылады. Осының нәтижесінде құйма дайындамалардың массасы соғылмалы шойыннан құйылған дайындамалар массасынан шамамен екі еседей кем болады; құрылымында сфера түрлес графиттік кірме бар болатын, беріктігі жоғарғы шойын.
Шындалған шойын (Чугун ковкий) — механикалық қасиеттері жағынан сүр шойын мен болат аралығына сәйкес келетін шойын. Шындалған шойынды кейде соғылмалы шойын деп те атайды. Шойынның технологиялық қасиеттері бойынша және оның тіпті соғылмайтындыгын ескере отырып, шындалған шойын атауының дүрыс екенін ескерген жөн. Тұтқырлығы жоғары, құйма ретінде ақ шойындар қатарына жатады, ақ шойын құймаларын жоғары температурада ұзақ уақыт қыздырып, жасыту арқылы алады.
Сұр шойын (Чугун серый) -тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде немесе толық бос күйде болатын шойын; құрамында Мn, Р, S қосындысы бар Fe-C-Si қорытпасы. Сұр шойын құрамында 2,4— 3,8% көміртек пен 1,2—3,5% кремний болады. Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын (Чугун с шаровидным графитом (высоко-прочный)) беріктік көрсеткіштері жоғары шойын. Негізінен, шойын құрылымын магний, кальций, және т.б. элементтер қосып түрлендіру арқылы алынады. Әдеттегі сұр шойындай емес, мұнда графит тақташа түрінде болмай, шартәріздес болғандықтан мұндай шойын беріктігіне қоса илемді болып шығады. Иінді біліктер, бұлғақтар, тісті доңғалақтар, жалғастырғыштар және басқа да жауаптылығы жоғары тетіктер жасауда, болаттың орнына, сондай-ақ автомобильдердің артқы
Қорытындылау:
1.Жаңа сабақты пысықтау
Үй тапсырмасы:
- Шойыннан жасалған автокөлік бөлшектерін зерттеу келу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?