Отбасы бақыт мекені
Тақырыбы: «Отбасы бақыт мекені»
Мақсаты:
- Ата - аналармен бірлесе отырып, жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыту.
- Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. - Ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, слайдтар.
1 - жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті дәрігерлер, ата - аналар, ұстаздар мен оқушылар!: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен - кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы - бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата - ана тәрбиелеуші.
Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Бүгінгі біздің санаторийімізде Отбасы мерекесіне байланысты «Отбасы өмір аясы» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!
ІІ - ведущий: Добрый день, уважаемые родители, врачей, педагоги,! Добро пожаловать на праздник, посвященный дню семьи.
1 – жүргізуші
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы тәрбиелік шарамызды ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегін «Ивушка» балалар санаторийінің бас дәрігері Әлия Хабиболлақызына сөз беріледі.
ІІ - ведущий: Это особый день, это – праздник радостей, побед и ощущения надежности близкого человека. Именно в семье малыш впервые испытывает глубокую радость от согревающей родительской любви, что является залогом его уверенного вступления в большую сложную жизнь. Здесь он учится видеть прекрасное и постигать секреты общения между людьми. Здесь передается мудрость от одного поколения к другому, уходящая корнями в вечность.
Муз. номер: «Узбекский танец». Танцевальная группа «Жулдыз - Ай».
Ән: «Перзент парызы» Орындайтын: Капсихова Т. Тулекова А.
1 – жүргізуші
Қыз бой жетіп келеді, шуақ шашып әр үйге,
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне,
Ата - ананың жүрегі «Бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.
Ән: «Қос бәйтерегім» Орындайтын: Елжанова Гүлмира
ІІ - ведущий
Основное назначение семьи – вырастить детей, дать им достойное образование и помочь определиться в непростом мире человеческих отношений. И очень важно, чтобы семья была прочной. Установление этого дня было вызвано озабоченностью сообщества современным положением семьи, а также ее значением в жизни общества и воспитании подрастающего поколения.
Би: «Қазақ биі
Ән: «Әке - ана» Орындайтын: Ғарифолла Т., Капсихова Т.
Ойын: Шығармашылық жұмыс
1 – жүргізуші
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған әндерін тыңдап көрейік.
ІІ - ведущий: На свете добрых слов
Живёт немало.
Но всех добрее
И нежней одно:
Из двух слогов
Простое слово «мама»,
И нету слов
Роднее, чем оно!
Ән: «Моя мама лучая на свете» Орындайтын Кульмуханова Саягүл
Ойын: «Мен сән әлеміндемін» (3 ата - ана және балдары шығады. Алдарыңызға қағаз беріледі. Сол қағаздардан 5 мин ішінде балдарыңызды әсемдеп киіндірулеріңіз қажет)
Би: «Румбо»
Ән: «Ана» орындайтын Қадыров Ислам
1 – жүргізуші
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.«Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Ән: «Елім менің» орындайтын - Капсихова Тойғаным, Елжанова Гүлмира
Ойын « Менің балам(қызым) балдай!» (Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу)
Би: Жастар биі
Жанұя» ойыны
1 Балаңыздың туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 Балаңыздың сүйікті мультфильімі?
7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
12 Балаңыздың ең жақын досы кім?
Балаларға:
1. Ата - анаңның туған күні, айы, жылы
2. Ата - анаңның сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Ата - анаңның ізгі қасиеттері
4. Анаңның сүйікті түсі?
5. Анаңның сүйікті тағамы?
6. Анаң сені қалай еркелетеді
7. Анаңның сүйікті телесериалы
8. Анаң қандай тамақ пісіргенді ұнатады
9. Ата - анаңның арманы
10. Анаңның сүйікті көйлегі
Хор: Қазақстаным - Ұлы Отаным - ай
1 – жүргізуші
Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені. Осымен отбасы күніне арналған сазды бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс - дәулет, жақсылық пен шаттық болсын деп тілейміз!
ІІ - ведущий: С Днём семьи Вас поздравляем,
И в этот чудный «День семьи» от всей души желаем:
Для сердца – праздник тепла и радости в общении.
Желаем с близкими всегда быть в лучших отношениях!
Уважаемые родители и учащиеся нашей школы, благодарим Вас за участье. На этом завершается праздничное мероприятие, посвященное «Дню семьи».
ЖУМАГЕЛЬДИНА КАМИЛА ШАЯХМЕТҚЫЗЫ
Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез санаторийі мектебінің тәрбиешісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?