Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабына арналған оқырмандар конференциясының сценарийі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Темірбек Жүргенов атындағы
№123 мектеп - лицейдің кітапхана меңгерушісі
Абишева Сауле Нургазиевна
Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабына арналған оқырмандар конференциясының сценарийі
Конференцияның мақсаты: Аталған кітаптың мазмұндық идеясын, тәрбиелік құндылығын көрсету.
Көрнекіліктер: «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты тақырыптық көрме. «Ғасырдың ғажап азаматы», «Еңсесі биік Елорда», «Аман бол, Азаттықтың астанасы», «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты видеоролик
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті оқырман, ұстаздар, қонақтар! 1 - желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні баршаңызға құтты болсын! Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1 - желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады. Жастардың «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына тұлғалық үлесін қосу және Елбасының публицистикалық шығармаларын насихаттау мақсатында Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабы бойынша оқырмандар конференциясы атаулы мерекемен тұспа тұс келіп отыр.
Халқымыздың бақытты өмірі үшін аянбай еңбек еткен қайраткердің тағдыры мен тағылымынан сабақ ала білу – өркениеттілік белгісі, кемел келешек кепілі. Ендеше Елбасымыздың еңбектері «Мәңгілік Ел» іргетасын қалауға кіріскен Қазақстанда іргелі нәтижелермен көмкерілетіні сөзсіз.
(Осы кезде экраннан «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты видео ролик қосылады)
Жүргізуші: Елбасымыздың еңбектері болашаққа қадам бастар, ел сенімін ақтар саналы тәуелсіз мемлекетіміздің – ұл қыздары үшін таптырмас байлық.
Мемлекет басқару өнері күнделікті ел тағдырына қатысы бар үлкенді – кішілі шешімдер қабылдаумен ғана шектелмейді. Ол сондай – ақ халқыңмен күнбе-күн жүздесіп отыруды, өз ойыңды көркем тілмен кестелі етіп жеткізе білуді, мақсат – міндеттерді айқын ұғындыру арқылы өз жұртын ұлы істерге ұмсындырып, соны орындауға жұмылдыра білуді қажет етеді. Сондықтан да халқының көңілінен шығатын Елбасының ойға терең, сөзге шешен болып келуі, ең алдымен, елдің бағы деуіміз керек.
(Бір топ оқушылар Елбасына арнап өлеңдерін оқиды)
Жүргізуші: Ел басқару тізгінін қолына ұстаған тұңғыш Елбасымыз, екі тілде шешен де көсем сөйлеп, көсілте жаза білетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сондай айтулы тұлғалардың қатарынан көреміз. Оның осы жылдарда түрлі мінбелерден сөйлеген сөздері мен халық өкілдерімен өткізген кездесулерінде ағынан жарылып айтқан пікірлерінің арасында оқырманы мен тыңдарманын елең еткізіп қана қоймай, жан – жүрегін баурап алатын өрісті ойлар мен толғамды пікірлер аз емес. Елбасымыздың: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз» деген қанатты сөзінде үлкен мән жатыр.
Ән: Тәуелсіз Қазақстан
Жүргізуші: Бүгінгі таңда Президент – әлемдік көшбасшылардың бірі.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемге танылған басқарушы ғана емес, ол шешен, ақын, дана тұлғалардың бірі. Елбасы еңбектерінің қандай да болмасын тақырыптарын оқысаңыз ел экономикасын, ел тарихын, ел рухын, халықтың жағдайын, салт – санасын оятар ойлар. Сондықтан да біз бүгінгі күннің саналы азаматтары ретінде Елбасымен бірге үндесіп, болашағымызға жол тауып отыруымыз қажет.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады, - деп дала данышпаны Асан қайғы бабамыз кезінде тап басып айтып кеткендей, мұнда елбасымыздың халқына керекті сөзді дер кезінде әрі әсерлі айта білген сұңғылалығының да өзіндік орны болғаны. Бүгінгі конференциямыздың мағынасын ашып, Елбасымыздың ұлағатты сөздерін насихаттайтын оқырмандарымызбен таныс болайық.
1 – оқушы. 6 класс оқушысы –
2 – оқушы. 10 класс оқушысы –
3 – оқушы. 10 класс оқушысы –
4 – оқушы. 5 класс оқушысы –
5 – оқушы. 5 класс оқушысы –
6 – оқушы. 7 класс оқушысы –
7 – оқушы. 7 класс оқушысы –
8 – оқушы. 5 класс оқушысы –
9 – оқушы. 8 класс оқушысы –
10 – оқушы. 9 класс оқушысы –
11 – оқушы. 9 класс оқушысы –
12 – оқушы. 9 класс оқушысы –
Жүргізуші: Бүгінгі тақырыбымызға оралсақ, «Ой бөлістім халқыммен» атты жинаққа ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың кітаптарындағы баяндамаларымен басқа да еңбектеріндегі, алқалы жиындар мен ел аумағының алуан аймақтарындағы әр түрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегі қанатты қағидалары қамтылып, терең ой толғамдары мен тапсырмалары топтастырылған. Сонымен қатар бұл кітап бұрындары жарық көрген «Туған елім – тірегім» және «Өзекжарды ойлар» жинақтарының заңды жалғасы. Басылым Елбасының өмірдің сан – саласын қамтитын жаңа ой орамдарымен толықтырылған. Кітап 2006 жылы Алматы қаласында, Мектеп баспасында, 248 бет болып жарыққа шыққан.
Кітап мазмұны 12 тараудан тұрады:
1 - тарау: Жалғыз Отан – Тәуелсіз Қазақстан
2 - тарау: Жер тағдыры – Ел тағдыры
3 - тарау: Садағаң кетейін айналайын халқым!
4 - тарау: Тәуелсіздік – тәуекелі тұратындардың еншісі
5 - тарау: Ана тілі ұлтымыздың айнасы
6 - тарау: Тарихтан тағлым ала алсақ
7 - тарау: Ел бірлігі – асыл қасиет
8 - тарау: Ұлттық намыс – ұлы ұғым
9 - тарау: Демократия жарлықпен орнатылмайды
10 - тарау: Сенгенің игілікті еңбегің болсын
11 - тарау: Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның
12 - тарау: Өрелі рухсыз өркениет жоқ
Бүгінгі конференциямызға осы 12 тарау бойынша сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салатын әр сынып бойынша 12 оқырманымыз қатысқалы отыр. Осы ел тарихы, жер тарихы, тіл тарихы, халықтың болашақтағы мен жарқын өмірін саралап беретін қанатты сөздері туралы еңбектерін айта отырып ой бөлісіп, пікір алмасып отырайық. Ендеше 1 - тарау бойынша сөйлейтін оқушымызға сөз береміз.
1 - оқушы: Армысыздар азат елдің жанашырлары!«Бодан елдің бостан болуы оңай емес. Ал оны ұстап тұру, бекемдеу, баянды ету одан да қиын. Адамзат тарихында басы бұғауға түспеген елдер сирек, көбі бодандықта болып, азаттық алған елдер. Азаттық алғанымен, бодандық қамытын мойнынан біржола сыпырып тастай алмай жүрген елдер де кездеседі. Бұлардың қай – қайсысын алсақ та, үйренеріміз де үлгі алар тұстарымыз да жетерлік. Талайғы тарихында іргелі қағанаттар құрған, жеке хандық көтеріп, дербес мемлекетке ие болған, тарихтың тағы бір аласапыран сәттерінде еріксіз бодандыққа бас иген халқымыздың өз Тәуелсіздігін жариялап, өзіндік даму арнасына түскеніне ширек ғасырға жуық қана уақыт өтті. Алайда осынау аз ғана уақыттың ішінде еліміз ғасырға татитын жол жүргендей күй кештік десек, артық айтқандық болмайды. Иә, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ Білектің күшімен, найзаның ұшымен келген сонау Ұлы Отан соғысынан бергі Желтоқсан оқиғасының нәтижесімен келген Тәуелсіздік ұғымы қашанда тәтті. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Бұл сөзіме осы кітаптың осы тарауында айтылған Елбасымыздың: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз»деп айтқан сөзі дәлел және тағы бір қанатты сөзі (11 бет) «Елімізге бойына ата – бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой - өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.»(15 бет) деп біз сияқты жас ұрпақтың бар екенін және біздерге сенім артып нық айтқан. Сауатты да салауатты болып өсу үшін аянбай білім алудамыз. Біз қашанда Елбасымыздың бізге артқан сенімінен шығатын сауатты да, салауатты ұрпақ боламыз деп сенім білдіреміз. Назарларыңызға рахмет!
Жүргізуші: Келесі 2 - тарау: «Жер тағдыры – Ел тағдыры» бойынша өз пікірін айтуға 2 - ші оқушымызды тыңдайық.
2 - оқушы: Ғажап азамат ретінде бізге қалдырған осы бір туындысы «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабының 2 тарауында Елбасы ауылдың амандығын, қаланың тағдырын, алтын бесік – Алматының, Астананың келбетін қанатты сөздеріне арқау еткен. «Мінезінің ашық – жарқындығы, шыншылдығы, адамға сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсүлтан Әбішұлы - өз халқының даусыз басшысы.» - деп Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон нық сеніммен айтқандай, осындай мемлекет құрып, Қазақстанды әлемге паш еткен Елбасымызға достастық елдерінің азаматтары да өз пікірлері мен бағаларын беріп жатыр. біз де яғни Қазақ елінде тұратын әрбір азамат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Ғасырдың ғажап азаматы» деп білеміз. Осы тараудағы мына бір қанатты сөзге зер салсақ: (27 бет) «Төрткүл дүниенің төрт құбылысынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, достығы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді» - деген сөзінде үлкен мән жатыр. Қазақстан – қазақ халқының төл мемлекеті, төл жері, төл мұрасы болғанымен, байтақ жерімізде тарихтың қалауы тағдырдың жазуымен бір ғасырдан астам кезеңнен бері түрлі ұлт өкілдерінің де мекендеп жатқан жері, киелі мекені – Қазақстан Республикасы.
Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында ел экономикасы жақсарып, төрт құбыламыздағы мемлекеттермен тату тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Келесі: «Қазақтың қасиетті жерінің асты да – байлық, үсті де - байлық» (39 бет) деп, жердің үстіндегі байлығы біз, яғни халқы болсақ, астындағы байлығы деп Қазақстан жер асты кендеріне бай екенін мақтанышпен айта алады. Тағы бір мына сөзінен: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бәрі де өзім туып - өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...»(40 бет) - деп туған жерге деген, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін жеткізіп, біздің патриоттық сезімімізді оята түсті. Осындай тақырыптағы басылымдар әлі де көптеп шығып халыққа насихатталса нұр үстіне нұр болар еді. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Жүргізуші: Келесі 3 - тарау: «Садағаң кетейін айналайын халқым!» атты тарау бойынша шығып сөйлеуші оқушымызды тыңдайық.
3 – оқушы: «Садағаң кетейін айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін» - деген сертпен тегеурінді тіркестер айтып халқына серт берген көшбасшымызға алғысымызды білдіреміз. «Мемлекетіміздің діңгегі – Қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында»(45 бет) - деп сенім білдірген халқы Елбасын жерге қаратпайды. Оған бір ғана мысал кеше ғана Қазақстанды әлемге тағыда мойындатқан Илья Илиннің 4ші рет рекорд жаңартып жетістікке жеткені. Еліміздің осындай ұлдары тұрғанда біздің байрағымыз мәңгі желбірейтін болады. «Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өн бойында өзге халықтар көсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын» (53 бет) деп халықты қайратты, мықты, жігерлі болуға шақырады. Сонымен қатар «Біз кешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз»(47 бет) деп қазақ халқының жығылған тауының қайта бас көтеріп, үлкен мемлекеттің бірі болғанын айтады. Сөзімді аяқтай келе: «Біздің халық небір зұлмат замандарды басынан кешірсе де, ежелден құт – береке дарыған халқымыздың дархан көңілі ешқашан ортайған емес» екенін айтқым келеді. Рахмет!
Жүргізуші: Келесі 4 - тарау: «Тәуелсіздік – тәуекелі тұратындардың еншісі» атты тарау бойынша сөз кезегін 4 ші оқушыға береміз.
4 – оқушы: Армысыздар Тәуелсіз елдің тұрғындары! «Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?» деп осы бөлімнің 62 ші бетінде жазылғандай, арпалыспен келмесе Тәуелсіздік біздің қолымызда тұрар ма еді? Біз тәуелсіздіктің қалай келгенін, оның қадір – қасиетін бағалай білетін ұрпақпыз. Білем азаттықтың ақ таңы бізге оңайлықпен атпады.
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын
Біз жастармыз, болашағы қазақтың. – дей келе Елбасының мына бір сөзін сөзге тиек еткім келеді: «Азаттық жолы ұзақ та тауқыметті. Оны баянды ете білу де оңай шаруа емес.»(78 бет) Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып, әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтамыз. Келесі бір сөзінде: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.»(76 бет) деген болатын. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты бастан кешірді. Кешегі Бауыржан, Тәйімбет, Талғат, Баубек, Рақымжан, Қасым Қайсенов, Қайрат Рысқұлбеков және жергілікті жеріміздегі Болтай, Дауылбай сынды ағаларымыз бен Әлия мен Мәншүк, Ләззат пен Сәбира, Хиуа апаларымыз секілді халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірін қиса да ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Сол құрбандардың рухына құрмет көрсету біздің азаматтық борышымыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Назарларыңызға рахмет!
[url=http://bilimdiler.kz/engine/go.php?url=aHR0cHM6Ly95YWRpLnNrL2kvTmE4akliX0ZxZzd2eQ%3D%3D]Толық нұсқасын жүктеу[/url]
Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?