Діннің қоғамдағы рөлі


ТАҚЫРЫП Діннің қоғамдағы рөлі
МАҚСАТЫ: Діннің шығу тарихы, дін және заманауи өмір, толеранттық және ождан бостандығы, руханилық туралы түсіндіру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Діннің шығу тарихы, ислам діні, оның негізгі қағидаларын, дін және заманауи өмір, толеранттық, руханилық туралы оқып, біледі. Ақпаратты өз бетінше меңгереді, бейне ролик көріп, талқылап, топпен, жұппен, ұжыммен жұмыс жасап, бір - бірімен ынтымақтастықта болады.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
І. Қызығушылықты ояту
(5 минут)
ОҚУШЫНЫҢ ІС - ӘРЕКЕТІ
Шаттық шеңбері «Досқа тілек»
Қызығушылықты ояту: Ассосация құру -- Дін -- Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары I топқа 1. Таусылмайтын байлық (білім), 2Қоғамдық, саяси, ғылыми, философия және әдебиетпен айналысқан (Ш. Уәлиханов), 3Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (Абай), 4Мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі мен мейірбандығының көрсеткіші ғана емес, ол философиялық және эстетикалық санаты (шыншылдық).
II топқа 1. Сұлулық шындықта – деп жазған орыс суретшісі (И. Е. Репин), 2. Оқу орнының, өндірістің, отбасының мүшесі (адам) 3. Тәртіпті, ұйымшыл, ұстамды, жинақты адам қандай адам? (мәдениетті), 4Адам баласына «кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек дұрыс іс»деп үйреткен кім? (Абай).
III топқа 1. Өзі ақын, әдебиет зерттеушісі, лингвист, педагог, саясатшы ретінде танымал тұлға (А. Байтұрсынов). 2. Бір - бірінен алыс жатқан техникалық ұғымдарды гуманитарлық салалардағы терең біліммен ұштастырған қазақ академиктері (Қ. Сәтбаев, Е: Букетов). 3. Өз халқының мәдени жетістіктері мен ерекшелігін өзге тілде жазып қалдырған (Ш. Уәлиханов) 4. Адамның бойындағының бәрі оның келбеті, киімі, жан дүниесі, ойы да сұлу болуға тиіс деген орыс жазушысы (Чехов): мәдениеттілік, шыншылдық, иман, білім, ғылым - адам бойындағы құндылықтар.

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ) Жеке, жұппен, топпен

БАҒАЛАУ: Бағдаршам, Бағалау парағы

РЕСУРСТАР
Оқулық, ҚР Конституциясы,
«Баршаға арналған адам құқығы», Адам. Қоғам. Құқық 9 класс, 10 класс

ІІ. Мағынаны ажырату
(20 минут) Таныс емес сөздің мағынасын ашу

Тақырыпты өз бетінше оқу, түсіну.
Видео ролик көрсету
Тапсырма беру:
Постер қорғау
I топ Дінтанушылар Ислам дінінің шығуы және таралуы
II топ Тарихшылар Қоғамдағы дінге көзқарас. Толеранттық
III топ Саясаттанушылар Діни экстремизм, оның алдын алу
Әр топ тапсырмалары бойынша постер қорғайды.

БАҒАЛАУ
Смайликтер, бағдаршам
Бағалау парағы
РЕСУРСТАР
Оқулық 9 - 10 кластар ҚР Конституциясы, «Баршаға арналған адам құқығы» слайд
1 - топ Дінтанушылар Ислам діні VII ғасырда Арабия түбегінде пайда болды. Таратушысы Мұхаммед пайғамбар болатын. Ислам адам және адамзат қоғамы, оның өткені мен қазіргісі, келешегі, әлем және оның құрылымы туралы әмбебап ілім. Құран (арабша оқу)- ислам дінінің қасиетті жазбасы.
II топ Тарихшылар Қоғамдағы дінге көзқарас дұрыс. Қазақстан халқы басым бөлігі ислам дінін ұстайды, одан кейін христиан дінін қабылдағандар. Қазақстан қалалары мен елді мекендерінің барлығында мешіттер мен шіркеулер бар. Бұқараға рухани қызмет көрсетуде ол діни мекемелер өз үлестерін қосып отыр.
III топ Саясаттанушылар «Экстремизм» латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, қандай да бір белгі ленген шектен тыс кету деген мағына береді. Оның бірінші белгісі адамның надандыққа, көр соқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқат жағдайын түсінбейді, немесе түсінгісі келмейді. Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы топтар бұқара жұртшылықтың татулығын, ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық араздық пен алауыздықты туғызатын жансақ пікірлі саяси топтар.
Діни экстремизмге қатысты видео ролик көрсету.
БАҒАЛАУ: Басбармақ, кері байланыс, смайликтер, бағдаршам
Бағалау парағы
РЕСУРСТАР:
Оқулық, ҚР Конституциясы,
«Баршаға арналған адам құқығы» слайд, деректі фильм,
. Назарбаев Жолдаулары, еңбектері, Қазақстан тарихы әдіс темелік журналдары 2013ж №1, 2014ж №11,
2015ж №7,№11, 2016ж №2
Конституция 22 - бап, Қазақ әдебиеті, интернет материалдары

ІІI Ой толғаныс
(17 минут)
Ой - толғаныс:
I топ Видео ролик бойынша жұмыс. Діни экстремизді болдырмау үшін ұсыныстарыңыз.
II топ Көрсетілген видео ролик арқылы РАФТ жазу.
III топ эссе «Ислам - дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз»
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Оян қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!

ІV. Үй тапсырмасы 3 минут
§ 21 Тақырыпты оқу, мазмұндау. Тақырыпқа байланысты диалог құрастыру
БАҒАЛАУ: кері байланыс

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу