Мембранасыз органоидтер
Сабақтың тақырыбы: §17 Мембранасыз органоидтер
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мембранасыз органоидтер туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға Мембаранасыз органиодтер және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шыгармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша, баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, химия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Суретке қарап шағын әңгіме құрастыру.
2. Сызықтық диктант.
1. Лейкопластарда крахмал синтезделеді.
2. Пластидтердің екі типі бар.
3. Хлоропалстар жасыл түс береді.
4. Хромопластарда фотосинтез процесі жүреді.
5. Хлоропластар митохондриялар сияқты қос мембраналы органиод
6. Хлоропластардың ұзындығы - 5 - 10 мкм
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Рибосома — белок синтезін жүзеге асыратын клеткаішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.
Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр клеткада шамамен 1000 - нан 10000 - ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм - дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70С және 80С (С - седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70С Рибосома ядросы жоқ прокариоттар клеткаларында, ал 80С Р - лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р - лар РНІ - нан және белоктардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70СБолд техт Рибосомасының 60 — 65%- ы РНҚ және 35 — 40%- ы белоктан, ал 80С Рибосомасының 50%- ы РНҚ - дан, 50%- ы белоктан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады. Олар клетка цитоплазмасындағы Мг иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар клеткада белок синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір - бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5 - 70 - тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (протеин пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.
Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір - біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді.
Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.
Жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Дене тұрқы 4 - 500 микро миллмметрден аспайтын жасыл эвгленаны органикалық заттары мол тұщы суқоймалардан, жағаға жақын су түбінен жиі кездестіруге болады. Эвгленаның пішіні сүйір жапыраққа ұқсас, денесінің алдыңғы жағы доғалдау, артқы жағы сүйірлеу келеді. Амеба тәрізді эвгленаның денесінде де нақтылы қабыршақ болмайды, дегенмен цитоплазмасы дене пішінін сақтайтын тығыздау келген сыртқы қабатпен қапталады. Сондықтан эвгленаның дене пішіні өзгермейді. Біржасушалы эвглена денесінің алдыңғы жағынан ойыс байқалады. Бұл – эвгленаның жұтқыншағы. Жұтқыншақта жіп тәрізді талшық орналасады. Талшық – цитоплазманың созындысы, эвгленаның қозғалу мүшесі. Эвгленаның алдыңғы жағындағы талшық ширатылып, тарқалғанда және толқындана иілген кезде жәндік доғал жағымен алға қарай жылжиды.
Ү. Сабақты бекіту.
1. Сиқырлы таяқша
Шарты: Әр оқушы бір сөйлеммен сабақты қорытындылайды.
2. Жамбы ату.
Шарты: топ жетекшілері шығады. әр шардың ішінде сұрақтар жасырылған сол сұрақтар жылдам жауап беру тиісті.
1. Трансляция дегеніміз не?
2. Рибосоманың неше түрі бар және оларды ата?
3. Эукариоттық рибосоманың жалпы өлшемі қанша?
4. Жасуша орталығы неше құрамдас бөліктерден тұрады және оларды ата?
5. Кірпікшелі кебісше қалай қозғалады.
6. Центриольдердің пішіні қандай?
7. жасушадағы вакуоль қандай қызмет атқарады?
8. Жасыл эвгленаның құрылысы қандай?
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Осы тақырыпты оқып келу,
43 - суретте не бейнеленген, оның жасуша тіршілігіндегі рөлі қандай?
44 - суретте не бейнеленген, ол қандай органоидке мысал болып табылады?
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
№29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің
биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?