Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Сен және Заң»
Мектеп | |
Сабақтың тақырыбы: | Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Сен және Заң» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Бір түрлі фигур алғандарды 1-топқа «Заң», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құқық» тобына бөлемін. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал Оқушылар дың пікірі тыңдалады | Слайд |
Жаңа сабаққа кіріспе | «Миға шабуыл» әдісі 1.Заң бұзушылықтың себебі қандай? 2. Заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін 3.Қара жол дегеніміз не? 4.Ақ жолды неге теңеуге болады?. | Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек. Өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады.Сондықтан қазірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара. Маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.) Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу | Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрінде.) |
Сабақтың ортасы 26 мин. | «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13жастағы баланы «Отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан». | Енді осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: -1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. -1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. -1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. -1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. -1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. -1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. -1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екіншіКонституциямыз қабылданды. - 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды. - 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. | |
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері бар. Мақтарал аграрлық колледжінің де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері көрсетілген: 1. Колледждің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті. 2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға. 3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті. 4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге. 5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына. 6. Сабаққа 15 минут ерте келуге. 7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға. 8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті. Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген. Тиым салынады: 1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге. 2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға. 3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға. 4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. | «Заңды білу – міңдетің» сұрақ – жауап ойыны. 1. Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? 1990 ж 2.Қ.Р бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды? 2002ж 3.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?1989ж 4.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? АҚШ 5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? 1948ж 6.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? 14 жастан 7. Қ.Р-ның азаматтары қандай білім алуға міндетті? Орта білім 8. Заң бойынша бала деп кімді атайды? 18 жасқа толмаған адам 9.Заң шығарушы орган? Парламент 10.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? Бостандық 11.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас?16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады. 12.Ел басқару саласындағы ең басты тұлға? Президент 13. Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі? Тәуелсіздік 14.Тәуелсіздіктің қорғаны? Әскер 15.Отанға деген сүйіспеншілік ? Патриотизм 16.Қазақстан азаматының қасиетті борышы және парызы не? Қазақтанды қорғау | ||
Құқық сөзінің кілті. Бәріміз бірге оқыймыз.Хормен оқыту. Қ-азақ Ұ-лты Қ-айырымдылықты Ы-ымырашылдықты Қ-олдайды | |||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Сонымен, қорытындылай келе, біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымыздыда, өзгенің құқығын да бұзбай, тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік! |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?