Лагерьде жүргізілген жұмыстардың қорытынды есебі
№224 орта мектеп жанынан ашылған «Толағай» жазғы тынығу
лагеріндегі «Жас Ұлан» тобында жүргізілген жұмыстардың
қорытынды есебі
№ 224 орта мектеп жанынан ашылған «Толағай» жазғы тынығу лагері 1 маусым мен 10 маусым арлығында үздіксіз жұмыс жасады. 1 маусым «Баларды қорғау күніне» орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, әндер айтып, би - биледі.
Жазғы демалыстың әр күні оқушылар үшін қымбат. Лагерь ашылған күннен бастап оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Лагерге қатысатын оқушылар «Жас Ұлан» және «Ақ көгершін» болып екі топқа бөлініп жұмыс жасады. «Жас Ұлан» тобындағы 20 балаға Досанова Гүлжамал мен Кенжеева Гүлнар тәрбиешілік жасады. Күнделікті таңертең сағат 900 –де балаларды қабылдап алып, топтың атын, ұранын, әнін жатқа айтқызып, бой сергіту жаттығулары жасалынып отырды.
Күн режимі бойынша 930 –таңғы ас, 1200 –де түскі ас уақтылы беріліп отырды.
1- 10 маусым аралығында әр түрлі спорттық жарыстар, ойындар, білімділік сайыстары өткізілді.
Өткізілген ойынның түрлері: «Орамал тастамақ», «Түймелер» ойыны, «Менің қорқынышымды түсін», «Құсты құтқарып ал», «Құстың ұшуы», «Анам мені не үшін жақсы көреді», «Күн сәулесі» ойыны, «Жүгіру ассоциациясы ойыны», «Түгелдеу, шатастыру» ойыны, «Не өзгерді» ойыны», «Гүл» ойыны, «Кел жүзігім, кел» , «шеңбер» ойыны. Күнделікті осы ойындарды ойнату арқылы оқушылардың лагерге деген қызығушылығын арттырып, бір – бірімен жақын қарым – қатынаста болуы жолға қойылды.
Сонымен қатар спорттық жарыстартар өткізіліп отырды . Атап айтатын болсақ екі топты қатыстырып фудбол, баскетбол, валейбол, қызыл ту, «Ақ терек, көк терек», қашықтыққа жүгірту т. б ойын түрлерінен жарыстар өткізілді.
Ән - әуәз пәнінің мұғалімі Б.Бакировтың жетекшілік етуімен балалар күнделікті көңілді би билеп, әндер айтып отырды.
4.06.2012 жылы «Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар» тақырыбында «Жас Ұлан» тобындағы балалар «Аққу» және «Сұңқар» болып бөлініп білімділер сайысына түсті. Нәтижесінде екі топ бірдей баға алды.
6.06.2012 жылы «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткізілді.
Мақал сайысына 3 оқушы, жұмбақ сайысына 3 оқушы қатысты.
Мақал сайысы бойынша жеңіп шыққан 5 сынып оқушысы Әбіл Үміткүл мен жұмбақ сайысының жеңімпазы Тілеков Ділшат ақтық сайысқа түсті . Жұмбақшы жұмбақ жасырып, мақалшы сол жұмбақтың жауабына мақал құрастырды. Осылай сайыс жалғасып, өз мәресіне жетті.
9.06.2012 жылы «Тапқыр достар» ойыны ойнатылды. Ойын 3 бөлімнен өткізілді.Оқушыларды екі топқа бөліп, әр түрлі сұрақтар қойылды. Екінші бөлімінде жасырылған әріптерді таңдатып , жүргізушінің сұрақтарына cол әріптерден басталатын сөзден жауап беру тапсырылды.
«Кім жылдам» бөлімі сайысында кішкене қырқылған қағаздарға әр түрлі сөздер, аң аттары, бұйым атаулары жазылып, қимылмен көрерменге түсіндіру тапсырылды. Соңынан екі топ бір біріне әннің бастапқы қатарын айтып, «келесі қатарын жалғастыр» тапсырмасы мен ойынды аяқтады. Ойын өте қызықты өтті.
10.06.2012 жылы «Біз - бақытты баламыз» тақырыбында лагердің жабылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің өнерлерін көрсетті.
Соңында лагерь балаларымен әңгіме өткізілді. Олар өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Тәрбиеші: Г.Досанова
№224 орта мектеп жанынан ашылған «Толағай» жазғы тынығу
лагерінде жүргізілген жұмыстардың
қорытынды есебі
№ 224 орта мектеп жанынан ашылған «Толағай» жазғы тынығу лагері 1 маусым мен 10 маусым арлығында үздіксіз жұмыс жасады. 1 маусым «Баларды қорғау күніне» орай «Біз бақытты баламыз» тақырыбында лагердің ашылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, әндер айтып, би - биледі.
Жазғы демалыстың әр күні оқушылар үшін қымбат. Лагерь ашылған күннен бастап оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Лагерге қатысатын оқушылар және «Ақ көгершін» болып екі топқа бөлініп жұмыс жасады. «Сұңқар» тобындағы 20 балаға Махамбетжанова Бақтыгүл мен Бакиров Беркінбай, «Ақ көгершін» тобына Досанова Гүлжамал мен Ахатаева Бағлан тәрбиешілік жасады. Күнделікті таңертең сағат 900 –де балаларды қабылдап алып, топтың атын, ұранын, әнін жатқа айтқызып, бой сергіту жаттығулары жасалынып отырды.
Күн режимі бойынша 930 –таңғы ас, 1200 –де түскі ас уақтылы беріліп отырды.
1- 10 маусым аралығында әр түрлі спорттық жарыстар, ойындар, білімділік сайыстары өткізілді.
Өткізілген ойынның түрлері: «Орамал тастамақ», «Түймелер» ойыны, «Менің қорқынышымды түсін», «Құсты құтқарып ал», «Құстың ұшуы», «Анам мені не үшін жақсы көреді», «Күн сәулесі» ойыны, «Жүгіру ассоциациясы ойыны», «Түгелдеу, шатастыру» ойыны, «Не өзгерді» ойыны», «Гүл» ойыны, «Кел жүзігім, кел» , «шеңбер» ойыны. Күнделікті осы ойындарды ойнату арқылы оқушылардың лагерге деген қызығушылығын арттырып, бір – бірімен жақын қарым – қатынаста болуы жолға қойылды. «Достарым байлығым» тақырыбында әңгіме өткізіліп, «Менің мейірімді достарым» тақырыбында эссе жазылды.
Сонымен қатар спорттық жарыстартар өткізіліп отырды . Атап айтатын болсақ екі топты қатыстырып футбол, баскетбол, валейбол, қызыл ту, «Ақ терек, көк терек», қашықтыққа жүгірту т. б ойын түрлерінен жарыстар өткізілді.
Ән - әуәз пәнінің мұғалімі Б.Бакировтың жетекшілік етуімен балалар күнделікті көңілді би билеп, әндер айтып отырды.
4.06.2013 жылы «Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар» тақырыбында екі топтан команда дайындалып, білімділер сайысына түсті. Нәтижесінде «Ақ көгершін» тобы жеңіске жетті.
6.06.2013 жылы «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткізілді.
Мақал сайысына 3 оқушы, жұмбақ сайысына 3 оқушы қатысты.
Мақал сайысы бойынша жеңіп шыққан 5 сынып оқушысы Иса Айбибі мен жұмбақ сайысының жеңімпазы Жолдас Нұрғазы ақтық сайысқа түсті . Жұмбақшы жұмбақ жасырып, мақалшы сол жұмбақтың жауабына мақал құрастырды. Осылай сайыс жалғасып, өз мәресіне жетті.
9.06.2013 жылы «Тапқыр достар» ойыны ойнатылды. Ойын 3 бөлімнен өткізілді.Оқушыларды екі топқа бөліп, әр түрлі сұрақтар қойылды. Екінші бөлімінде жасырылған әріптерді таңдатып , жүргізушінің сұрақтарына cол әріптерден басталатын сөзден жауап беру тапсырылды.
«Кім жылдам» бөлімі сайысында кішкене қырқылған қағаздарға әр түрлі сөздер, аң аттары, бұйым атаулары жазылып, қимылмен көрерменге түсіндіру тапсырылды. Соңынан екі топ бір біріне әннің бастапқы қатарын айтып, «Келесі қатарын жалғастыр» тапсырмасы мен ойынды аяқтады. Ойын өте қызықты өтті.
10.06.2013 жылы «Бақытты балалық шақ» тақырыбында лагердің жабылу салтанаты өткізілді. Балалар өздерінің өнерлерін көрсетті.
Соңында лагерь балаларымен әңгіме өткізілді. Олар өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Ибрагимова
Тәрбиешілер: Г.Досанова
Б.Ахатаева
Б.Махамбетжанова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?