Ата-анаға жадынама


Ата-ана назарына!

Балалардың жол және өмір қауіпсіздігіне қатаң түрде көңіл бөліңіз!

Құрметті ата – ана, алда көктем жаз мезгілдері жақындап келеді. Сондықтан

С Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі мен сынып жетекші сізге төмендегілерді ескертеді. Көктем су таситын уақыт. Бұл уақытта өзен көлдер жағасында жүру өте қауіпті, кез келген мезетте су ішіне құлап кетуіңіз әбден мүмкін. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай өзендер мен көлдерге шығып кетіп жатады. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласуы әбден мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтап жүру жөн. Сол себепті төмендегі ережелерді ескеру керек.

Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;

Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстаулары керектігін ескертіңіз;

Өрт,су,жағажайға жалғыз бармау,тоғайға жалғыз бармау және жолда жүру ережелерін сақтау керек;

Үйде жалғыз қалдырмау, жалғыз қалған жағдайда өрт қауіпсіздік ережелерін ескерту,оны сақтауын қадағалау;

Өзен жағалауына, жарқабақтардың маңайына жақын бармауды, ойнамауды ескертіңіз;

Тоғайға, қырға мал бағуға шыққанда түрлі жәндіктер мен кене шағып алудан сақ болуды ескертіңіз;

Кешкі сағат 21:00-ден кейін көшеде жүруге болмайды;

Баланың көлік жүргізуі, түнгі уақытта қараусыз жүрмеуі, дүкеннен алкогольді бұйымдар мен темекі мейлі әке шешесі жұмсасын , қандай жағдайда болмасын сатып алмауы және сатпауы бойынша ҚР ӘҚБ ата-анаға "Ескерту", "Айыппұл" салу және баланы аудандық полиция бөліміне есепке алып базаға тіркеу мемелекет тарапынан заңға сай қарастырылғанын екертеміз;

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу.

Құрметті ата – ана сабақтан тыс уақытта баланың өміріне өзіңіз жауаптысыз!

Таныстым ата-ана : ---------------------- ------------------------------------------------------------------ « 29 » 04. 2024 ж

Сынып жетекшісі: --------------------- Мамекова Назира Кенжетаевна « 29 » 04. 2024ж



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу