АҒАЛАР МЕКТЕБІ САБАҚТАРЫ
1-«Ағасы бардың жағасы бар» тақырыбындағы дискуссияның (талқылау) сценарийі
Мақсаты: Ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру. Міндеттері: 1) Ағалық міндеттің мағынасын ашу 2) Інілері мен қарындастарына қамқорлық жасаудың мәнін түсіндіру Көрнекілігі: Ағасы бар бақытты, Өткізер бірге уақытты. Ақылын естіп күн сайын, Бойына жияды жақұтты. Айтбек Әліпов Аға деген, Іні деген Бір-біріне туысқан. Аға деген, Іні деген Жаралғандай құрыштан Оспанхан Әубәкіров Іс-шараның түрі: Дискуссия, дебат Барысы: Талқылаудың мақсат, міндеттерімен таныстыру. Ернар Айдардың орындауында «Аман бол, ағаларым» әні ойнап тұрғаны дұрыс болады. https://www.youtube.com/watch?v=2TTi_5wwB_w Модератор: Құрметті қатысушылар, алқалы жиынға (талқылау) қош келдіңіздер! Бүгінгі жиында аға мен іні, аға мен қарындас арасындағы қарым қатынас туралы әңгіме қозғайтын боламыз. Отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы сөз қозғаймыз. Әр адам өзі жетпеген арманға, шығатын биікке тек ұрпағымен жетуді мақсат етеді. Осы қағиданы мықты ұстанған халық бала болашағын тәрбиеден бастайды. Бүгінгі іс-шарамызда тәрбиелеудегі ағаның рөлі туралы пікірлеспекпіз. Алдымен қонақтарымызбен таныстыра кетсек: 1. ________________ 2. ________________ 3. ________________ 4. ... Кіріспе сөз: Директор: Аға – өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш. Аға әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға. Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады. Сондықтан да «Ағасы бардың жағасы бар», «Ағаның үйі ақ жайлау» деп арқаны кеңге салып жүреді. Өз кезегінде аға да іні-қарындастарының қуанышына ортақтасып, жығылғанда демейді. Ал іні ағаның артынан ерген із. Бауырым деп бағалайтын қазынасы. Қазақ халқында аға мен іні арасындағы қарым-қатынас - ең ізгі, берік туыстық қатынас. Бүгінгі таңда осы қарым-қатынас өзінің беріктігін сақтап тұр ма? Балалар жасөспірім шағында ағаларының қамқорлығын көріп жүр ме? Бүгінгі жиында осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, «Аға мектебінің» жұмысын оң жолға қойсақ деген иниетпен жиналып отырмыз. Олай болса, тәрбие мәселесінде ағалардың рөлі қандай деген мәселеде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына сөз берейік, «Аға мен іні, аға мен қарындас арасындағы құрмет пен ілтипат» тақырыбында ұлттық тәрбиедегі ағалардың рөлі туралы айтып өтсе... Директор: Ағалардың да белгілі бір деңгейде тәрбие мәселесіне жауапты екенін түсінгендей болдық. Олай болса, төмендегі жағдаяттарды талқылай отырып, інілерімізге, қарындастарымызға қалай қамқорлық жасаймыз, олардың салауатты өмір салтын ұстануларына қалай ықпал етеміз деген мәселеде ой бөліссек: 1-жағдаят: Бауырыңыздың өзінен төмен сыныптың балаларына немесе құрдастарына, кейде қыздарға тиісіп, мазақтап жүргенін естідіңіз. Тіпті күш көрсетіп, ар-намыстарына тиетін кездері де болады екен. Аға ретінде не істейсіз, қандай кеңес бересіз? 1. ... 2. ... 3. ... 2-жағдаят: Аға мен іні, аға мен қарындас арасындағы қарым-қатынас туралы біраз ой ортаға салынды. Бүгінгі әңгімеден ағалардың позитивті аға болуға дайын екендерін түсініп отырмыз. Бұл өте қуанарлық жағдай. Мен тағы бір мәселені көтергелі отырмын. Елімізде жалғыз бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Осындай балалар да аға қамқорлығын көрсе деп ойлаймыз. Осы мәселені қалай шешуге болады? Талқылау. 1. ... 2. ... 3. ... 3-жағдаят: АҚШ пен Канада педагогикасында Link-Crew (байланыс тобы) жүйесі жұмыс істейді. Ол үшін көшбасшылық қабілеті бар, позитивті, мейірімді ең белсенді оқушылар таңдалады. Олардың ішінен кіші балаларға қамқорлық жасайтын команда құрылады. Әр басшыға бір-екі жас кіші 3-5 көмекші келеді. Көшбасшылар күніне кемінде бір рет өз қамқорлығындағы балаларға барып, жағдайын біледі. Орта мектеп оқушылары жақсы бейімделгендіктен, олар кіші балаларға нақты көмек пен қолдау көрсете алады. Күрделі жағдайлар туындай қалса, топты басқаратын психологқа жүгінеді. Американдық сарапшылар балалардың осындай командаға қатысуға қызығушылық танытатынын атап өткен. Жалпы шетелдік тәжірибе демесек, қамқорлық мәселесі біздің халқымыз үшін де, мектептеріміз үшін де үлкен жаңалық емес. Алайда осы жұмысты мектеп әкімшілігі емес, ағалар мектебі арқылы ұйымдастыруға бола ма? Талқылау. 1. ... 2. ... 3. ... Жылдам дебат Интерактивті тақтаға «Барлық мәселе тек білектің күшімен шешіледі» деген пікір шығып тұрады. Отырғандарды теңдей бөлеміз. Бір топ «ЖАҚТАУШЫЛАР», екінші топ «ДАТТАУШЫЛАР» болады. Пікірталасқа дайындалуға 10 минут беріледі. Бұл уақыт ішінде сіз өз ұстанымыңызды қорғау үшін дәлелдер мен мысалдарды айқындауыңыз керек Ортаға арқан (жіп) тасталып, тұжырымды ҚОЛДАЙТЫН тыңдаушылар бір жағына тұрады. ҚАРСЫ дәлел келтіретін тыңдаушылар оларға қарсы, арқанның екінші жағында тұруы керек, сөйтіп екі жақтың мүшелері жұп құрады. Әр тарапқа өз ұстанымын қорғауға 90 секунд беріледі, бұл уақытта қарсыласы тыңдап, қажет деген тұстарын жазып алады. Соңында «пікірталас» жүргізуге барлығына уақыт беріледі, онда екі тарап өз дәлелдерін келтіріп, айтыса алады. Пікірталас кезінде олар бір-бірін тыңдағанын көрсетіп, пікірлер жүйелі түрде ұсынылуы керек. Ішкі-сыртқы шеңбер Төмендегі мәселелерді талқылау. «Бүгінгі аға бауырларына қалай қаморлық жасайды?», «Ағаның ақылы», «Жасөспірімге ағаның берер кеңесі», т.б. «Ішкісыртқы шеңбер» әдісі. 1. Әр топ шеңбер бойымен – ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне қарап тұрады. Бір-біріне бетпе-бет тұрған жұптар жүргізуші ұсынған бір пікірді бір минут бойы талқылайды, біреуі айтқан кезде, екіншісі тыңдап тұрады. 2. Жүргізуші ауысу туралы белгі береді. 3. Ішкі шеңбердегі 1-топ тұрған жерінде қала береді. Сыртқы шеңбердегі 2-топ сол жаққа жылжып орын ауыстырады, сөйтіп жаңа жұп құрылады. 4. Бастапқы әріптесіңізбен болған әңгімені қысқаша түйіндеңіз. 5. Тренер ұсынған тақырыпта жаңа әріптесіңізбен пікірлесуді бастаңыз. 1-топ 2-топ Қорытынды сөз: Директор: Сонымен бүгінгі талқылауға қатысқан, ағалар, алған әсерлеріңіз мол болды деп ойлаймын. Бір әке, бір шешеден туған іні-қарындастарымыз ғана емес, күллі елдің баласын бауыр, қарындас көріп, ағалық қамқорлық жасауымыз керек деп ойлаймын. Оларды жаман істен жирендіріп, жақсылыққа тартайық. Ініқарындастарымызды спорт үйірмелеріне қатыстырып, салауатты өмір салтын ұстануларына мұрындық болайық. Осымен іс-шарамыз аяқталды. Мектеп өміріне, соның ішінде «Даналық мектебінің» жұмысына белсене араласқандарыңыз үшін көптен – көп рахмет айтамыз! Талқылауда естігендеріңізді әлеуметтік желілер арқылы інілеріңіз оқитын сыныптағы ағалармен бөлісіп, осы жұмыстың жандануына үлес қосады деп сенеміз. Ернар Айдар, «Жасай бер, ағаларым». https://www.youtube.com/watch?v=Q2Gu04iWUfA Іс-шараның аяқталуы
2-«Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі» тақырыбындағы кездесу кешінің сценарийі
Мақсаты: Халық ықыласына бөленіп жүрген спортшылар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері: Інілерін спортқа баулу ағалардың міндеті екенін түсіндіру Ағаның інісі мен қарындасына деген қамқорлық сезімін ояту Аға мен іні арасындағы қарым-қатынастың сырын ашу
Өткізілетін орны: мектептің акт залы
. Көрнекіліктер: Төмендегі нақыл сөздерді іліп қойса дұрыс болады: «Ағасы бардың жағасы бар», «Ағаның үйі ақ жайлау, інінің үйі іннен тар», «Ағадан ақыл, Атадан нақыл», «Әуелгі сөз ағадан, әдепті сөз ініден», «Жөн білмеген ағалар, Бүлініп кетсең қуанып, Сүрініп кетсең табалар», «Өз ағасын ағалаған, Қолда барды бағалаған». «Аға адасса, іні із кеседі», «Жасы кіші ініні, Ақылы артса, аға тұт. Жасы үлкен ағаны Жақсы сыйлап, жаға тұт». «Жақсы аға – орман, Жақсы іні – қорған». Шақырылған қонақтар: жергілікті жерден шыққан (ауылдан, ауданнан, қаладан) танымал спортшылар Қатысушылар: Мектеп оқушыларының ағалары, педагогтер, қатысуға ниет білдірген басқа да адамдар. Мектеп ауласында, ішінде, акт залында Бахтияр Тайлақбаевтың орындауында «Аман бол, ағаларым» әні ойнап тұрады. https://mp3iq.net/m/194627-bahtiyar/159967642-aman-bol-agalarym/ Жүрзуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, алдыңғы буын ағалар! Қазақ халқынан шыққан, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген саңлақ спортшыларымыз аз емес. Солардың бірі, жігіттің мықтылығы сынға түсетін талай жарыстарда ауылымыздың (қаламыздың, облысымыздың, республикамыздың) атын аспандатып жүрген жерлесіміз ______________ бәріңіз білесіздер! Олай болса ду қол шапалақпен ортамызға шақырып, қош келдің айтайық. Кездесу кешін ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры ____________________ береміз. Директордың сөзі: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Директордың сөзінен кейін спортшының жетістіктері, жеке өмірі туралы бейнеролик қойылады. Жүргізуші: Міне _________________ туралы бейнероликті көріп, кейіпкерімізді жақынырыақ таныдыңыздар деп ойлаймын. Алайда, _______________ сіздің балалық шағыңыз, спорттағы жетістіктеріңіз, жеке өміріңіз, хоббиіңіз, атаанаңыз, ағайын-туыстарыңыз, аға-інілеріңізбен қарым-қатынасыңыз туралы мәліметтердің бір роликпен түгесілмейтіні белгілі. Мына жерге жиналған көпшілік сізбен тереңірек танысқысы келіп отыр. Бүгін сіздің спортшылығыңыздан өзге қырларыңызды көреміз деген ойдамыз. Енді өзіңізге арналған сұрақтарға кезек берейік. Олай болса, алғашқы сұрағымыз: Сұрақ: Ең алғаш спорт үйірмесінің есігін ашқан сәтте неше жаста едіңіз және спортпен айналысуға кімдер ықпал етті? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Жауабыңызға көп рақмет, ал біз тағы бір сұрақ қойғымыз келіп отыр. Сұрақ: Спортта жетістікке жету оңай емес, сіздің осындай үлкен жетістікке жетуіңіздің сыры неде? Ағалардың қамқорлығын көрдіңіз бе? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Сұрақ: Боз кілемде жеңіс тұғырына талай рет көтерілдіңіз, сондай сәттердің әсерімен бөліссеңіз. Кімдерге алғыс айтар едіңіз? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Сұрақ: Біреулер үшін өмірдің қызығы – ас та төк байлықта, енді біреулер үшін жоғары мансап пен билікте. Ал сіз үшін өмірдің қызығы, мәні неде? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Қазақ «ән көңілдің ажары» дейді. Бүгінгі кездесу кешіне арнайы келіп отырған мектебіміздің жас әншісі, аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері _____________________ орындауында «Ағаларым» әнін тыңдайықшы. Аға туралы ән орындалады. Жүргізуші: Біздің қадірлі қонағымыз _________________________ егер байқаған болсаңыз, мектеп ауласында да, мектептің ішінде де, акт залында да Бахтияр Тайлақбаев ағамыздың «Аман бол, ағаларым» әні ойнап тұрды. Осы жердің өзінде айнала ағалар туралы нақыл сөздер жазылып, ілінген. Жаңа ғана жерлес ініңіз де «Ағаларым» әнін орындады. Қалай ойлайсыз? Неге? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Бүгінгі таңда тәрбие мәселесінде ағалар мектебінің жұмысы ақсап тұрғаны ешкімге жасырын емес. Жасөспірімдер арасында жаппай етек алмаса да, ішінара деструктивті мінез-құлық, буллинг, зорлық-зомбылық, суицид, тәуелді мінез-құлық мәселелері кездесіп жатады. Осы мәселеде бала ата-анасына, мұғалімге айта алмағанын ағасына айта ала ма? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Сұрақ: «Спорт – денсаулық кепілі» деп жатамыз. Әлсіз балаларды спортқа қалай тартуға болады? Жасы кішілерге күш көрсететін мықты, бұзақылау балаларды әлсіздерді қорламай, қорғап жүретіндей жағдайға жеткізуге бола ма? Осы тұрғыда ағалардың орны қандай? Оларға қандай ақыл айтасыз? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Сұрақ: Аға мен іні, аға мен қарындас арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек? Ағасы іні-қарындастарына қалай қамқорлық жасайды? Осы төңіректе залда отырған ағаларға қандай кеңес берер едіңіз? Кездесу қонағы: ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________________ Жүргізуші: Аса қадірлі ________________________ Бүгін кездесуге келіп, Сұрақтарымызға жауап беріп, өмірден көрген-түйгендеріңізбен бөліскеніңіз үшін сізге көп рақмет! Бүгінгі кездесуден залда отырған ағаларымыз біраз әсер алды деп ойлаймын. Ал қазір қонағымызға сұрақтарыңыз, осы мәселеге қатысты ойпікірлеріңіз болса ортаға салуға рұқсат. Сұрақ-жауап, талқылау. Жүргізуші: Бүгін көңілде жүрген біраз мәселені ортаға салып, ой бөлістік. Ұлттық тәрбие мектептерінде «Аға мектебінің» орны ерекше екенін тағы да айтқымыз келеді. Ағаның қамқорлығын көрген іні-қарындастары ешкімнен зорлық көрмейді. Ағам бар деп арқа сүйеп жүреді. Ал сізге ___________________________ тек жеңістер мен сәттілік тілейміз. Құрметті қатысушылар, «Даналық мектебі» жұмысына белсене қатысып, Ағалар қамқорлығын насихаттауға үлес қосқандарыңыз үшін бәріңізге мың алғыс. Бүгінгі кездесу кешінде естігендеріңізді әлеуметтік желілер арқылы інілеріңіз оқитын сыныптағы ағалармен бөлісіп, осы жұмыстың жандануына үлес қосады деп сенеміз. Қош сау болыңыздар! Кездесу кешін төмендегі әуенмен аяқтап, осы әндегі іні үмітін ақтайтындарыңызға сенемін. https://www.youtube.com/watch?v=HPs_R96c_mg ән ойнатылады. Кештің соңы ЖЕҢГЕЛЕР МЕКТЕБІ Сабақтың тақырыбы: Қ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?