5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
62-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
3. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің міндеттері:
1) адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
2) әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;
6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда, басылымдар мен электронды құралдарды қолдану.
2-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны
4. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді).
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып |
| |||||||
5-9 сыныптар | 2 | 2 | 2 | 2 | ||||
10-11 (ҚГБ. ЖМБ) | 1 | 1 | 1 | 1 | ||||
10-11 (ҚГБ. ЖМБ) | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) | 1 | 1 | 1 |
5-9 сыныптарда және 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 2022 жылғы 26 қаңтардағы бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарларымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
2023-2024 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» бойынша келесі оқулықтар пайдаланылатын болады:
- 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2,5 млн жыл бұрын – V ғасыр);
- 6-сынып –6-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
- 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);
- 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
- 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін)
Ежелгі заман тарихы 5-сынып, аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат
№ | /Бөлім/ Тақырыптар | Сабақ тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағаттар саны | Мерзімі | Ескерту | ||||||||||||||||
1- тоқсан (8 сағат) | ||||||||||||||||||||||
| Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін |
|
|
| ||||||||||||||||||
4 | Өзен алқаптары өркениеттері | Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? Өзен алқаптарындағы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? | 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау; 5.2.2.3 ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру | 1 | ||||||||||||||||||
| Ежелгі Египет |
|
|
| ||||||||||||||||||
7 |
| Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? БЖБ №2 | 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау; 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау | 1 | ||||||||||||||||||
8 |
| Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді? | 5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу; 5.2.2.2 Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау; 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау | 1 | ||||||||||||||||||
2 – тоқсан (8 сағат) |
|
|
| |||||||||||||||||||
| Қос дөңгелекті арбалар және империялар |
|
|
| ||||||||||||||||||
| Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы |
|
|
| ||||||||||||||||||
16 | Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды? | 5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау | 1 | |||||||||||||||||||
3 –тоқсан (10 сағат) | ||||||||||||||||||||||
| Ежелгі Қытай |
|
|
| ||||||||||||||||||
| Ежелгі Грекия |
|
|
| ||||||||||||||||||
| Ежелгі Грекия мәдениеті
|
|
|
| ||||||||||||||||||
4 – тоқсан (8 сағат) | ||||||||||||||||||||||
| Рим империясының гүлденуі
|
|
|
| ||||||||||||||||||
| Дәуірлер кезеңіндегі Рим |
|
|
| ||||||||||||||||||
34 | Қорытынды қайталау. | ІV тоқсан бойынша оқу мақсаттары | 1 | |||||||||||||||||||
Барлығы | 34 сағат |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?