8 Наурыз. Ашық сабақ
Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.Барысы:Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.1 - оқушы:Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!2 - оқушы:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.Ана дейді жас сәби де жарқылдап.Ана деген – бәйтерегі өмірдіңАна деген – алтын қазық, алтын бақ.
3 - оқушы:Ана деген асыл жандар болаттай,Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.О, адамдар қадірлей біл ананы,Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.4 - оқушы:Ана десем шешек ашып жанары,Өмірімнің бастау алар жанары.Ана деген тіршілікке пана боп,Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.5 - оқушы:Ана деген ақылшың,Анаң барда батырсың.Қасыңда кім болса да,Тек анаңа жақынсың.6 - оқушы:Ақыл құйған санама,Күннен артық, расында.Күн алыста, ал анам,Ылғи менің қасымда.
Естуре Ұлдананың орындауында өлең шумағы «Ана»
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан.
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.
Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың,
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр
8 Наурыз 2012 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
7 - оқушы:Шалқып, тасып әнімізЖадырасын жанымыз,Ана сені құттықтап,Әндетеміз бәріміз.2 - жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандайАхметхан Дәриғаның орындауындағы «Ана - Әке» әнін, қабыл алыңыздар.Ән «Ана - Әке»2 - жүргізуші:Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,Иықтан шашып, төгіліп жерге,Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың « Флеш моб», қабыл алыңыздар.Би «Флеш моб»
1 - жүргізуші:Дүние ойдан шығалы,Өзімді өзім ұмытып.Көңілім әнді ұғады,Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.Сайлауова Мақпалдың орындауында «Перзент парызы» әні2 - жүргізуші:Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.2 - жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер.Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.Алдарыңызда қазіргі үнді биі,Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте, Нахыпбек Бекзаттың орындауында би «Майкл Джексон Smooth Criminal »қабыл алыңыздар!1 - жүргізуші:Ана ол біздің елде ардақты адам,Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске береміз.Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»Немересі: - Әже деймін, әже,Сұрақ қойғым келеді сізге.Мен түсінбейтін бір жәйт бар.Түсіндірші соны бізге.Бірінші сұрағым сізге:Дүниеде не қымбат?Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.Немересі: - Адамға не қымбат?Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.Немересі:- Балаға не қымбат?Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.Немересі: - Иә, десеңші әже!Түсінбеппін осы жайды.Тағы бір сұрағым бар сізге,Қатты мен жұмсақ жайлы.Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?Әжесі: Ананың сүті тәтті.Немересі: - Дүниеде не қатты?Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.Қарағым, сауал қойдың көп маған.Бір ақыл айтайын сағанТату болса – ағайын жақын,Ақылшы болса - апайың жақын.Бауырмал болса - інің жақын,Алдыңа тартқан адал асың,Қимас жақын қарындасың.Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:Алтын ұяң - Отан қымбат,Құт берекең - атаң қымбат.Аймалайтын - анаң қымбат.Мейірімді - әжең қымбат.Асқар тауың - әкең қымбат.Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!2 - жүргізуші:Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.1 - жүргізуші:Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,Мерекеге өнерімен келген бүгін.Таң қалдырып, қанекей би билеші,Қол соғып, демеу берсе көрермендер!Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.
Садықов Әкімбектің орындауында «О анам, анам менің» өлең шумағы
О, періште Анам!
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жұмақ-құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Жыртылмастан жағаң,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!
1 - жүргізуші:Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.Өрлесін елдің берген бақыт бағы,Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте «Апатайым – анашым» әні, қабыл алыңыздар!Хор «Апатайым – анашым»8 - оқушы:Достықты біз ойлаймыз,Бірге күліп ойнаймыз.Қыздарды да құттықтап,Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.Тәңірберген Асылбектің орындауында
8 Наурыз күнгі сөз
Қылықты мінез қыздар-ай,
Сендерді көріп тынар ма жүрек сыздамай?
Сендерге арнап жылы сөз, сірә, айта алмай,
Қалармыз үнсіз біз қалай?
Қадірлі қыздар,
Құтты да болсын мереке,
Мереке болса елге де келер береке.
Дастархан толы дәм-тұзын
Жігіттер біздің ер екен.
2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар, қыздар, ұстаз апайлар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
«Мақтарал» мектеп – гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Салыбекова Молдир
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?