АТА АНАМЕН ТРЕНИНГ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
- «Танысу» жаттығуы;
- Топқа бөлу;
- Ой жинақтау;
- Ситуациялық сұрақтар;
- «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;
- «Ашық айтсам…» жаттығуы;
- Рефлексия;
- қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
- «Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
- Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
- Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
- Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
- Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
- Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
- Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
- Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
- Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
- Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
- Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
- Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
- Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
- Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
- Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
- «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
- Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
- Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
- Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
- Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
- «Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________
Менің тренингтік есімім_____________________________________________
Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________
__________________________________________________________________ Қолы__________________
- Рефлексия:
- Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
- Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
- Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
- Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.
Бақытыңды балаңнан іздеМақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіруӘдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтарТүрі: пікірталасБарысы: Құрметті ата - аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде»атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,Қайтсем ғана осыны адам етем,Басқалардың осындай балалары,Тап осындай жаңғалақ шала ма екенОйым емес, оллаһи, біздікінің...Енжарлығы елде жоқ алабөтенТуа сала тұлпардың жалын тартқан;Қырғиларға қызығып қарап өтем.Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ауБолмаса да топ жарған дара бөтен.Мүше тістеп мықтылар той жасаса,Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?.... Үміт пен күдіктің ортасындаАта - ананың үміті талады екен!Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.- Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:Ата - аналар дөңгелене тұрадыМұғалім сұрақ қойып допты береді ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді1. Балаңыздың туған күні қашан?2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?3. Балаңыздың парталас көршісі кім?4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?5. Балаңыздың сүйікті асы не?6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?- Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету1 - жағдаят Өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетіп ақша тартып алу2 - жағдаят Бала міндетіне салғырт қарау3 - жағдаят Балаларға қымбат зат алып беруАта - аналардың пікірі тыңдаладыОсы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»4 - қателік Балаларды тым еркелету5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспауМіне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.Енді «Жұмбақ кейіпкердің» әңгімесін тыңдасақ1. Ата - аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?2. Сіздердің түсініктеріңізше «Бақытты жанұя» қандай болуы керек?3. Балаға, ата - анасына қандай ақыл кеңес айтар Келесі кезекті ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасқа арналған ойынға беремізОйын «Жазалау» деп аталадыОртаға 3 ата - ананы шақырамыз1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңізАта - аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек- Ата - анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру)Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүредіЖағдаятқа енуОртаға оқушыларды шақырамызОқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы2 - оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым3 - оқушы Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым4 - оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдымАта - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс - қимылын салып) көрсетеді- Ортаға ақ және қара жәшік қойыладыАта - аналардың қолына ата - анаға қатысты жақсы жаман қасиеттер жазылған үлестірме қағаздар таратыладыАта - ана осы қасиеттерді іріктеп жақсы қасиаттерді «егер мен баламнан бақытымды көргім келсе» деп ақ жәшіккеЖаман қасиеттерді қара жәшікке саладыҚұрметті ата - аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н. Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!- Ата - аналардың пікірлері тыңдаладыБүгінгі пікірталас сайысымыздан қандай әсер алдыңыз?- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,Өнерімен қуантады түбінде.Бала нені білсе жастан, ұядан -Өле - өлгенше соны таныр қияданӨнер - білім берем десең басынан,Бер оқуға балаларды жасынан.Ата - анадан өсіп ұрпақ тарағанЖақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Бақытыңды балаңнан ізде» атты пікірталасымызды аяқтаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?