Ата_ана_мен_бала_арасындағы_қарым_қатынас_дөңгелек_үстел


Алтынай тәрбие саласы құжаттары

ТАҚЫРЫБЫ:

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас

Дөңгелек үстел

2022-2023 оқу жылы

Сәлеметсіз бе! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Кіріспе сөз: Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі – ата – аналар жиналысы. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады?

Бүгін біз ата – аналар жиналысына кішігірім тренинг ұйымдастырғалы отырмыз. Бәріміз бірге атсалыса отырып, қызықты өткіземіз деген ойдамын.

тақырыбы: Ата – аналар мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас.

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс, илюстративті, тест, баяндау,

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, шам, А4, түрлі-түсті қарандаштар, жапсырмалар.

Дөңгелек үстел бағдарламасы:

1. Кіріспе.

2. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.

3. «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.

4. «Өтінемін!» ойыны.

5. «Біздің отбасымыздың суреті».

6.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы.

7. «Тілек шамы».

8. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.

9. Ой толғаныс: «Бақытты отбасы».

10. Қорытынды.

  • Кіріспе.
  • «Біздің эмоциямыз бен көңіл – күйіміз».

 Құрметті оқушылар және ата – аналар мына түстердің біреуін таңдаңыз және есте сақтаңыз. Түстер сырын тренинг соңында білетін боласыз.

  • «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.

 Құрметті ата – аналар алдыңғы сабақта оқушылар отбасы суретін салған болатын, енді осы алдарыңдағы суреттер арсынан өз балаңыздыңсалған, суретін табуыңыз сұралады.

  • Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
  • Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
  • Суреттерден өз отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
  • «Өтінемін» ойыны.

  Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір – біріне көңіл бөлу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

  • Құрметті ата – аналар, студенттер! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіңдер?
  • Рахмет, өтінемін, т.б
  • Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
  • Секіріңдер
  • Оң аяқтарыңды көтеріңдер
  • Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
  • Өтінемін, бір – біріңді құшақтаңдар
  • Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
  • «Біздің отбасымыздың суреті».

 Суретті бір – бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастыру және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.

Талдау:

  • Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
  • Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
  • Бір – біріңізді қалай түсіндіңіз?
  • Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

  • Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы

Мақсаты:Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.

 Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.

  • «Тілек шамы»

 Мақсаты: ата аналар туралы пікірлерін ортаға салу.

 Құрметті ата – аналар.Біз сіздермен жанұядағы ата – ан мен балалар арасындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екнін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

  • «Біздің эмоциямыз бен көңіл – күйіміз»

 Құрметті оқушылар және ата – аналар қазір мына түстерден біреуін таңдаңыз және тренинг басында қандай түс таңдағаныңызды есіңізге түсіріңіз. Тренинг басында қандай түс болды, енді қандай түс? Түстер өзгерді ме? Жауабын білгенде қандай сезімде болдыңыз?

  • Ой – толғаныс: «Бақытты отбасы»

 Алдарыңдағы түрлі жапсырмалар бар. Осы белгілер бойынша ата –анаға, оқушыларға, оқытушыға өз ұсынысыңызды немесе ой – пікіріңізді жазуыңызға болады. Жағзан пікірлеріңізді оқи отырып, «Бақытты отбасы» бейнесін шығарамыз.

  • Қорытынды.
[attachment=84287:ata_ana_men_bala_arasynday_arym_atynas_dgelek_stel.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?