«Мектебім - мейірім мекені» білім күнінің салтанатты жиынын өткізудің тұжырымдамасы
«МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
- «Білім күні» салтанатты жиынын өткізудің жалпы ережесі
Тарихи алғышарты
Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығы жоғары дәріптелген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу - ілімге шақырды. Ы. Алтынсарин арқасында алғашқы қоңырау соғылды. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде жастарды білім алуға шақырып, оқу, өнер, ғылым – білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттайды.
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарындағы балалардың сауатты болуына, білім алуына үлес қосқан ағартушы – ұстаз Ахмет Байтұрсынов білім арқылы ұлт мәдениетін көтеруге және тіл тазалығын сақтауға ден қойды. Ол «мұғалім балаға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі, баланың табиғатын біліп, оның көңіл сарайын танитын болуы, баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі хәлінен хабар болуы керектігін»тұжырымдаған.
Одан әрі қазақ зиялысы Міржақып Дулатов қазақ халқының көзі ашық, білімді болуына баса мән берді. Жастарға берілетін білім өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқыту жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керектісін алып шығатындай болғанда ғана, балалар қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайтынын айтқан.
Мектептердің жаңа бір сатыға көтерілуіне ықпал еткен Жүсіпбек Аймауытов ұлттық тәрбиеге, білімді ұрпақты қалыптастырудағы ұстаз мен шәкірт арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударған.
Алғашқы «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев баланың кемел адам болып қалыптасуы үшін тәрбиешілерді бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуге шақырған.
Жоғарыда аталған тарихи зиялыларының негізгі идеялық, педагогикалық көзқарастары білім күнінің атап өтудің маңызды екендігін және бұл күн баланы сапалы білім алуға, өнер - ғылымды үйренуге шақыру екенін негіздейді.
1935 жылы 1 қыркүйекті оқу жылының басталу күні деп танылды.
«Білім күні»жалпыхалықтық мереке ретінде 1984 жылы 15 маусымда сай атап өтіледі.
Тәуелсіз Қазақстанда Мемлекет Басшысының 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен 1 қыркүйек «Білім күні» деп белгіленді.
Шетелдік тәжірибе
Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Латвия және тағы басқа елдерде Білім күні ресми мереке болып қала берді. 1 қыркүйекте оқу жылы дәстүрлі түрде Бельгия, Ирландия, Польша және Словенияда басталады. Австрия сияқты басқа еуропалық елдерде де оқу жылы қыркүйекте басталады, бірақ күндер әртүрлі болады - әдетте қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде.
АҚШ - та әр штат өзінің оқудың басталу және аяқталу күндерін белгілейді. Көбінесе бұл қыркүйектің бірінші дүйсенбісі. Канадада мектептегі оқыту қыркүйек айының бірінші дүйсенбісінде атап өтілетін Еңбек күнінен кейін басталады. Түркияда кешірек 15 қыркүйекте басталады.
Австралияда жаңа оқу жылы қаңтардың аяғында немесе ақпанның басында басталады. Ал алғашқы күндері мектепке тек бірінші сынып оқушылары мен басқа мектептен ауысқан балалар ғана келіп, жаңа ғимаратқа экскурсия жүргізеді. Жаңа Зеландиядағы мектептер де 27 қаңтарда басталады.
Қытай, Лаос, Тайвань, Моңғолия және Мьянмада мектептер қыркүйектің екінші сәрсенбісінде ашылады. Жапонияда оқу орындары оқушыларға 1 сәуірде ашылады. Тайландта мектеп оқушылары жаңа жыл мерекесінен кейін оқуын бастайды. Оның күні әртүрлі, бірақ әдетте сәуір айының ортасына келеді.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әр жылдың 1 - қыркүйегінде білім күні салтанатты шаралар өткізіледі.
1 - қыркүйек - «Білім күніне» мектепішілік салтанатты жиын, сондай - ақ сынып сағаттарын өткізу көзделеді Сынып сағаттары аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай - ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым - қатынастың, жауапкершілік пен бір - біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.
Өңірлік білім басқармалары әр жаңа оқу жылын жариялайтын іс-шараның жоғары идеялық - құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс - қимылдарды үйлестіреді.
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етеді.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс - шаралар болып табылады.
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Салтанатты іс - шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл - күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты жиын келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- жергілікті атқарушы органдар;
- бөлімдердің / білім басқармаларының басшылары;
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- оқушылардың ата – аналары / заңды өкілдері;
- азаматтық қоғам және бизнес өкілдері.
Сынып сағаты аясында ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір - біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылады.
Сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.
Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл - күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
- балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай - ақ жаңа оқу
жылынан күтулерін талқылау;
- заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата - аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1 - 2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық», «Менің сүйікті мектебім», «Менің алғашқы ұстазым» республикалық онлайн акциясын Bilim_quni хэштегімен өткізу ұсынылады.
Білім күніне арналған салтанатты іс - шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының сайттарында орналастырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?