1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 1-2
Мектеп | №11 орта мектеп | ||||
Мұғалімнің аты-жөні | Есалиев Байғанин Рахметович | ||||
Сынып | 8 «А» | 8 «Ә» | 8 «Б» | ||
Күні | |||||
Қатысушылар саны: | |||||
Қатыспағандар саны: | |||||
Бөлім | 1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес. | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін | ||||
Оқу мақсаттары | 8.3.4.1. Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу | ||||
Сабақ мақсаттары | Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану | ||||
Бағалау критерийі | Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс. Талқылауға арналған сұрақтар: - әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды? - қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды? - оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма? - алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? - осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? - сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды? - допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме? - жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Ұялы телефон, планшет, ноутбук |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері | Оқушының әрекеті | Педагогтің әрекеті | Бағалау | Оқу ресурстары | ||||
Сабақтың басы 10 минут | Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. | Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау. | Кері байланыс арқылы бағалау | Конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш. Сөрелік екпінге арналған тапсырмаға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE Төменгі сөреден жүгіру техникасы интернет ресурсына сілтеме: Мектеп стадионы, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш. Төменгі сөреден жүгіру техникасы интернет ресурсына сілтеме: | ||||
Сабақтың ортасы 30 минут |
|
| ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді. | Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды. | ||||||
Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау | Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?