Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту 6-10м. жүгіру


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 5

Мектеп

№11 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Есалиев Байғанин Рахметович

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

Күні

16.09.2022ж.

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.

Сабақтың тақырыбы

Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту 6-10м. жүгіру

Оқу мақсаттары

8.3.2.1. Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құру және көрсету, сондай-ақ оның маңыздылығын түсіну

Сабақ мақсаттары

Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау

Бағалау критерийі

Жақсартуды қажет ететін жаттығуларды орындайды.

Ағзаны қалыпқа келтіретін жаттығуларды көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Бор, ысқырық, жеңіл атлетикалық кедергілер, конустар, фишкалар, гимнастикалық ағаш ат, орындықтар, шеңберлер.

https://www.youtube.com/watch?v=VlbRuXXVM5s

https://www.youtube.com/watch?v=ZZ3uR-hyw84

Сабақтың

ортасы

30 минут

(Т, Тәж., ҚБ) Оқушылар топтарда төрт адамнан жұмыс жасап, конустармен белгіленген үшбұрыштың тура жақтарымен 60 м қашықтықты 15 секундта жүгіріп өтуге тырысады. Оқушылар жүгірудің басынан дұрыс қарқынды ұстауға тырысады. Олар үшбұрыштың келесі нүктесіне жүріп немесе аяң-жортақпен барады. Жүгірушілер қажет қарқынды сезу үшін, сол қашықтықты және қажет уақытты екі немесе үш рет қайталаңыз.

(Ж, Т, К) Кешенді эстафета. Сыныпты топқа бөліп, қашықтыққа кедергілерді қою. Эстафетаның бір айналымы 400 м. Оқушылар сөреден кезекпен шығып, келесіге эстафетаны береді. Белгі бойынша оқушылар бірінші кезеңге жүгіреді, бір-бірінен параллелді орналасқан 3-4 кедергінің астынан өтіп, келесі кезеңге жүгіреді, белгілі кезекте орналасқан фишкалардан өтеді. Үшінші кезеңде оқушылар гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп өтеді, төртінші кезеңде гимнастикалық ағаш аттың астынан өтеді, бесінші кезеңде гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп өтіп, үстінен секіріп түсіп, тағыда үстінен кері бағытта жүгіріп өту. Алтыншы кезеңде сызылған шеңберлердің ішіне аяқпен дәл басып, жүгіріп өтеді де, келесі қатысушыға эстафетаны береді. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Оқушыларға, берілген тапсырманы орындау кезінде, берілген қашықтықты дәл 15 секунд ішінде (1 секунд айырмашылықпен) жүгіріп өту қажет екенін түсіндіріңіз. Берілген тапсырманы өткізуді қайталау, оқушылардың оңтайлы қарқынды таңдауға мүмкіндік береді.

Нұсқасы: бірнеше табиғи немесе жасанды кедергілері бар ойлы-қырлы жерде өткізуге болады.

Эстафетаны өткізер алдында әр кезеңде не істеу керек екендігін түсіндіріп, көрсетіңіз. Яғни сынып оқушыларымен барлық қашықтықты өтіп, жеке орындап көруге мүмкіндік беріңіз. Әр кезеңде орындайтын тапсырманы, қауіпсіздік ережелерін сақтай және оқушылардың дене дайындығын ескере отырып, өзгертуге болады. Оқушылардың шыдамдылығын жаттықтыру үшін, тапсырманы орындаудағы негізгі қашықтық 400-500 м болады. Кезеңдерді өту кезінде тапсырмалардың талаптарын дұрыс және дәл орындау қажет екенін естеріне салыңыз. Дұрыс орындалмағаны үшін айып ұпайларын белгілеңіз. Эстафетаны мектеп стадионында ғана емес, сонымен қатар ойын алаңдарында өткізуге болады. Ол кезде кезеңдерді оқушы «жыланша» тәрізді ирек жолмен орындайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.

Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу