Мақала ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ЖӘНЕ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ


 ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ЖӘНЕ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ

 Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Ешмаханова айгерим Алдамжаровна

 Астана қаласы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп лицейінің ағылшын тілі пә мұғалімі  

         

 Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Шет елдермен қарым-қатынас күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

 Мақсаты: ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды ойын элементтері арқылы осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту.

 Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн. Сол себепті зерттелетін сынып анықталып зерттеу жұмысы ұйымдастырылды.

 Міндеттері:

1.         Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру қабілеттерін тексеру;

2.         Оқушылардың сөздік қорын дамыту;

3.         Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету;

 Ойын түрлері

 Көптеген әдебиеттерді оқып, интернеттен іздеп, баспа – құралдарымен танысып, сабақ жоспарларымды зерттеу нәтижесінде ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім. Сонымен мынандай қорытындыға келдім. Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады.

 1.Фонетикалық ойындар.

 Мақсаты: Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.

 2.Грамматикалық ойындар

 Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын бекіту.

 3.Орфографиялық ойындар

 Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру

 Гусеница(қуыршақ) ойыны

 Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.

 Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.

 Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.

  4. Лексикалық ойындар

 Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.

 Менің тақырыбыма байланысты мен осы Лексикалық ойындара тоқталғым келіп отыр. Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.

1)      «Табу» (тыйым салу)

 Ойын барысы: Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалімнің алдында карточкалар және таймер тұрады. Әрбір карточканың ішінде бірнеше сөздер бар (негізінен тақырыпқа байланысты жатталған сөздерді қолдануға болады). Бірінші топтан бір оқушы шығып, карточканы суырып алып, соның ішіндегі ең бірінші сөзді өз тобына ешбір іс-қимылсыз, өз ана тілін қолданбай, тек ағылшынша түсіндіруі тиіс.

 Бірақ ең басты ойын ережесі: сол сөздің астындағы Табу сөздерін қолданбау қажет. Ол Табу сөздері негізінен сол бастапқы сөзге мағынасы жағынан өте жақын сөздер, сондықтан сөзді түсіндіру аса оңай болмайды. Әрбір оқушығы сөзді түсіндіруге 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт жетпей немесе табу сөзін айтып қойса, сол топ ұпайсыз қалады. Ал келесі сөзді екінші топ түсіндіреді. Бұл ойынның негізгі мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту және өткен сөздердің жатталу деңгейін тексеру.

2)      «Баскетбол»

Бұл ойынды 2, 3 немесе 4 топпен ойнауға болады. Мен бұл ойынды 5 сыныпта спорт деген тақырып өткен кезде  өздерді қайталау мақсатында жүргіздім.

 Ойын шарты: Бір топтан бір оқушы келіп, бір сұраққа жауап беру керек (немесе сөз, сөйлем беріліп, оның аудармасын оқушы беру керек). Егер оқушы дұрыс жауап берсе, онда ол допты алып, себетке лақтыруға мүмкіндік алады. Себетке допты 3 түрлі қашықтықтан лақтыруға болады, яғни 1, 2 және 3 ұпайлы сызықтар бар. Әрбір оқушы өзінің мүмкіндігіне қарай және қанша ұпай жинағысы келетіндігіне байланысты сызықты таңдайды. Ал егер дұрыс жауап бермесе, онда қарсылас топтың оқушылары жауап бере алады. Сонда ең көп ұпай жинаған топ жеңеді.

  

3)      «Әңгіме құрастыру»

Бұл тапсырманы оқушылар жұппен немесе топпен орындауға болады. Тақтада 4х4 құрылған кестенің әрбір ұяшығында сөздер жазылған. Осы сөздердің барлығын қолданып, оқушылар қызықты әңгіме құрастырулары тиіс. Содан кейін әрбір әңгіме сынып алдында оқылғаннан соң ең қызықты әңгімені бүкіл сынып дауыс беріп белгілейді.

  

  

  

  

4)      Сөздік чемпионаты

 Негізінен тоқсандықтың соңында немесе бірнеше параграфты өтіп болған соң жүргізіледі. Бұл турнир бірнеше турдан тұрады. Алдымен екі оқушыдан шығып, оларға әр түрлі 10 сұрақ қойылады (сөздердің аудармасы). Екеуінен көбірек ұпай жинаған бір оқушы келесі турға өтеді, ал ұтылғандарға басқа тапсырма беріледі. Екінші турда тағы екі оқушыға 10 сөйлем аударуға беріледі, оны көбірек аударған оқушы келесі турға өтеді. Сөйтіп, соңында 2 оқушы финалға шығады. Оларға сөйлем құрастыруға, сөздерді, сөйлемдерді аударуға 10 тапсырма беріледі. Жеңіп шыққан оқушы сол тоқсанда «Сөздік чемпионы» атағын алады. Ал, оқушылардың дайындығын арттыру үшін әр топтан жеңіске жеткен бір оқушыға құрмет грамотасы беріледі. Бұл турнирді қазір 5 және 8-сыныптарда өткізіп жүрмін, оқушылардың барлығы да белсенді қатысады.

 Қорыта келгенде, тиімді қолдана білген ойын арқылы:

    Білім беру сапасы артады

    Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

    Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

    Оқушы белсенділігі артады

    Материалды меңгеруге түрткі болады

 Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын және сөйлеу дағдысын арттыру үшін ойын технологиясын қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім. Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу