"Келді міне,Жаңа жыл"


 

Тақырыбы:Келді міне, Жаңа жыл!

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.Балалардың шығармашылығын,тілін дамыту.Түрлі сахналық көріністер арқылы дүниетанымын қалыптастыру.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық акелсін.

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да,

Қол соғып қарсы алайық.

Шақырайық ортаға,

Ертеңгілік басталсын.

«Сұңқар» ерте жас тобында!

(Балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Хор:Жаңа жыл!

(Музыка қосылады ортаға Түлкі кіріп келеді).

Түлкі өте асығыс амандық жоқ, саулық жоқ,Түлкі Аяз атаның қапшығын ұрлап келгенін айтып кетеді.Жүргізуші:балалр түлкі өте қу бізді мерекеде көңіл күймізді түсірмекші.Аяз атаны дауыстап шақырайықшы.

Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!

Аю кіріп келіп сәлеметсіңдерме балалар!Неге көңіл күйлерің жоқ.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе жаңа ғана Түлкі келіп Аяз атаның қапшығын ұрлап кеткенін айтты.

Аю:Ешқандай уайымдамаңдар, Түлкіні тауып беремін деп айтып шығып кетеді.

Жүргізуші: Жарайды олай болса сыйлықты тауып келгенше Аяз ата мен Қарша қызды ортаға шақырайық.

Аяз ата мен Қаршақыз келеді.

Аяз ата:

Құтты болсын балалар,

Келген Жаңа жылдарың .

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз-ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма .

Ал мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Қаршақыз: Сәлеметсіңдер ме балалар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Қаршақызбын арайлы .

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды,

Қаршақызбын аппақпын.

Қалай тыныш жатпақпын,

Менсіз қыстың сәні жоқ.

Әнмін жырмын тақпақпын!

(Аяз ата шыршаны жағады.)

Жүргізуші: Қане балалар Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейікші.

Батырхан:

Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз.

Айкөркем

Келдің бе аман алыстан ,

Сәлем Аяз атамыз.

Каусар

Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Айла

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Муслима

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Мирас

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Жүргізуші: «Жаңа жыл» биі. (қыздар биі.)

Түлкі жүгіріп келеді, артынан аю кіріп келеді. Кешірім сұрайды барлығы мерекені тойлайды.

Түлкі: Балалар менімен бірге ойын ойнайсыңдарма? Бұл жолы алдамаймын. Балалар келіседі.

Ойын: Қар жинау

Жүргізуші: Енді біздің балаларымыздың биін тамашалаңыздар.

Би:«Күшіктер биі»

Жүргізуші: Балалардың Аяз атаға арнаған тақтаптарын тыңдаңыздар.

Мансур

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Қанатбек

Жаңа жылды біз тойлап ,

Шаттанамыз бәріміз!

Сағнур

Әдемілеп тізілген ,

Ойыншықтар ілінген.

Бағым

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз!

Аяз ата: Балалар мен сендерге сыйлығымды берейін, сендер кереметсіңдер,барлықтарың өнерлі екенсіңдер. Мені басқа балалар да күтіп отырған болар . Ақшақар екеуіміз басқа бақшаға жол тартайық.Сау болыңдар!

Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет! Балалар сендер керемет ақылды,өнерлі екенсіңдер.Жарайсыңдар! Олай болса балабақша меңгерушісі:Д.У.Абдыханова апайымызға сөз берейік.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу