Сауат ашу негіздері "Дыбыстық талдау"


№41 ҰІӘ.Күні:14.12.2022

«Қатынас»

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Дыбыстық талдау.

Мақсаты: дыбыстық талдауды меңгертуді жалғастыру.

Міндеттері: 1. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру.

2. Берілген дыбысқа сөз құрап, сөздегі сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын бекіту.

3. Артикуляциялық жаттығу жасату арқылы əдемі сөйлеуге баулу.

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды, берілген дыбысқа сөз құрайды.

Түсінеді: сөздер əртүрлі дыбыстардан тұратынын.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөздегі дыбыстың орнын анықтайды.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дəптері, көркем суреттер,түтікше,карточка,айна т.б.

ҰІӘ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Қызықты кубик-рубик» балалар шеңберге тұрып кубик рубикты лақтырады,кубиктағы қимыл-қозғалысты жасайды.

2. Негізгі бөлім

Өткен тақырыптарды қайталау.

«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.

1) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2) Дауысты дыбыстар

3) Дауыссыз дыбыстар

4) Қандай түспен белгіленеді?

5) Дауысты дыбыс қызыл түспен,дауыссыз дыбыс көк түспен

6) Өкпеден шыққан ауаға ауыз қуысында қандай мүшелер кедергі жасайды?

– Балалар, тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек, езу өкпеден шыққан ауаға кедергі жасайды екен.

Артикуляциялық жаттығу жасау. (айнаға қарап отырып жасайды)

«Күрекше» – тілді жалпайтып шығарып, астыңғы ерінге тигізу керек.

«Ине» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10–15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – жоғарғы тістерді төменгі тістерге тигізіп тұрып, ерінді түтікше етіп алға созу. Осы күйде ерінді 5–10 секунд ұстап тұру керек.

«Түтікше» – Тілді ауыздан жалпайтып шығарып, тілдің екі шетін көтеріп, түтікшемен үрлегендей үрлеу.

Педагог дыбыстық сызбаларды тақтаға іліп, балаларды тақтада шақырады. Балалар жұмыстарының дұрыс-бұрыстығын тақтамен тексереді.

– Суреттерде не бейнеленген?

– Лақ,нан,піл.

Педагог дыбыстық талдау жасаған кезінде сөздегі əр дыбысты анық айтуларына тапсырма береді.

«Лақ» сөзіне дыбыстық талдау.

Л – үнді дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

А – жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

Қ – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түсті белгімен белгілейміз.

Лақ сөзінде 1 буын, 3 дыбыс.

«Піл» сөзінің дыбыстық талдауы.

П – ұяң дауыссыз дыбыс, көк түсті белгімен белгілейміз.

І– жіңішке дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

Л – үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

«Піл» сөзінде 1 буын, 3 дыбыс

«Нан» сөзінің дыбыстық талдауы

«Н»- үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

«А»- жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

«Н»- үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

«Нан» сөзінде 1 буын,3 дыбыс

Сергіту сəті

«Көңілді сырнай»

Дəптермен жұмыс

1. Заттардың атында естілген н, л дыбыстарының дыбыстық белгілерін қой.

2. Дыбыстық талдау жаса.

– Балалар, дəптерімізді ашып, үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Балалар орындарында түтікшемен үрлеп тарту арқылы карточкаға орналастырады, дыбыстық талдау жасайды.

Саусақ жаттығуы

Партадағы саусақтар

Адымдайды, жүреді.

Өнерлі бұл саусақтар

Сурет сала біледі.

Ортанғы мен сұқ саусақ

Түйеқұсты салады,

Төңкеріліп аспанға

Қоян да бола қалады.

Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс)

5. Штрихта

6. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастыр.

Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, дене сымбатына зиян екенін айтып өтеді.Қаламсапты қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.

3. Рефлексия

Педагог ҰІӘ-тін қорытындылайды. Балалардың жетістіктерін ауызша бағалайды,мақтайды.

– Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сəттерің болды ма? Қай тапсырмада?– Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл жəне қызық болса, көңілді смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз смайлды бояңдар.

-Балалар бүгін жақсы қатыстыңдар,менің сендерге сыйлығым бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу