Қанжығалы Бөгенбай
Ш. Күмісбайұлы
Қанжығалы Бөгенбай
ББК 63.3 (5қаз)
К 84
К 84
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр
Күмісбайұлы Ш.
Қанжығалы Бөгенбай. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы:
«Аруна» баспасы. 2005. – 92 бет («Шығыстың ұлылары» топтамасы)
ISBN9965-26-057-5
«Аруна» баспасы сіздерге арнап «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ере- сектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда қазақ-жоңғар соғысында елін, туған жерін ерлікпен қорғаған қолбасшы, жекпе-жек- терде ешкімнен жеңіліс көрмеген қазақ елінің бас батыры Қанжығалы Бөгенбайдың өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалады.
ББК 63.3 (5қаз)
0503020905К
00(05) – 05
Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды.
ISBN 9965-26-057-5
© «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005
Мазмұны
Бәсiре
уыл бүгін абыр-сабыр. «Бөгенбай нағашысының ауылынан бәсiре мiнiп қайтыпты» дегендi естi-
ген өздерін қанжығалымыз дейтін жұрт Ақша баласына тұлпар жетектеткендей мәре-сәре күй кешуде. Тойсыз күнiн өткiзбейтiн ел бұл жолы да қол қусырып отыра ал- мады. Мал сойып жiберiп, жер-ошақтың астына от тұта- тып, қазан-қазан ас көтерді. Көршi отырған ауылдарға ат шаптырды.
Елден ерек Бөгенбайдың қуанышында шек жоқ. Өз қызығы өзінде. Ендi оның жекеменшiк тайы бар. Иә, Қызылкүрең қалай болғанда да бәйгенiң алдын бермес сәйгүлiк атанады. Тұқымы тектi жылқыдан екен. Осыны армандап қазақ үйдiң артындағы ойпаңда Қызылкү- реңді шылбырымен ұсындыра жайып, көрпеше үстiнде жатқан Бөгенбай шын бақытты едi. Ол тек мінген бә- сіресіне тамсана қараумен болды. Атасының да, әкесi Ақшаның да әңгiмесiн әлсiн-әлсiн есiне түсіре бердi.
– Қарғам-ау, бiздiң тегiмiз – түркi, түлiгiмiз – жылқы. Содан да болар, атам қазақ «Қой – береке, түйе – ғазиз мал, ал аттың жалына қиямет күнiне шейiн жақсылық байлаулы тұрады» дейдi. Жылқы – төрт түлiктiң төресi. Тәкаппар да сезiмтал, кербез де киелi жануар. Қазақ қазақ болып, ұлт атанғаны үшiн негізінен осы жылқы малына қарыздар. Осыншама кең-байтақ жердi бабала- рымыз аттың жалында, түйенiң қомында жүрiп, бiлектiң күшiмен, найзаның ұшымен сақтап қалды. Бiзге аманат етiп тапсырды, – дейтiн атасы.
Сенбеске шараң жоқ. Атасы анау-мынау емес еңсе- гей бойлы ер Есiм ханның бас сардары болған.
5
Әкесі Ақша да:
- Жылқы малы бәйгеде, барымтада, көкпарда және жан алып, жан берiскен соғыстарда, жорықтарда, қан- шама бiр аласапыран қырғындарда жаудың да, жара- лы жауынгерлердiң де денесiн баспайды. Жылқының тектілiгi сонда. Көп жағдайда аттан құлаған адам аман қалады, тiптi кейде еш жерi жарақаттанбайды. Сондықтан халқымызда «Есек тұяғын төсейдi, түйе шудасын төсейдi, ат жалын төсейдi» деген сөз бар, – дейтiн.
Бөгенбай Қызылкүреңге сүйсіне қарап сәл отырды да, көк шөптiң үстiне аунай кеттi. Сөйткенше қылқұйрық- тың қоңыраудай сыңғырлаған үнi естiлдi. Ол да тайға ұқсап кiсiней берiп едi, Қызылкүрең бұған қарады да, жерге жата кетiп аунай салды.
- Мазақтаған түрiн менi. О, тентек, – дедi Бөгенбай күбiр етiп. – Әлi-ақ нағыз тұлпар боласың …
- Өз уақытында атақты Ескендiр Зұлқарнайын да Сыр бойына келiп, мақсатына жете алмай өз елiне қайтуға мәжбүр болған. Өйткенi оларды шөлді, құмды шексiз дала, сусыздық, жолсыздық зәразап* етіпті. Тұтқиылдан қырғидай тиiп, шабуылдайтын да, лезде көзден ғайып болатын атты сақ жауынгерлерi әбден зықысын шығарыпты. Қанша мерген болғанымен жау әскерiнiң сақтарға атқан оғы тимейтiн көрiнедi. Жел- дей жүйрiктер жауға жеткiзбей кетедi екен. Әне, бiздiң бабаларымыз осындай жаугер болған, – дейтін әкесi.
Әңгiменiң қызығына берiлiп кеткен Бөгенбай:
- Онда Ескендiр әскерінде мергендер тобын неге құр- маған? – деп әкесiне аңтарыла қарайтын.
- Әрине, олардың жауынгерлері әскери шеберлігі жа- ғынан ешкімге дес бермейтін. Алайда сақ жауынгерлерін қанша мерген болса да оққа ұшыру оңай емес. Олардың тұлпарлары иелеріне оқ тигізбейтін еді. Біздің ата-баба- ларымыз баяғы заманда он бір – он екi жасар балалары- ның қолына садақ берiп, сала құлаш жiппен қазыққа байланған құлынды бес жыл бойы күнiне әлденеше рет
*зәразап ету – запы қылу, мезі ету
7
ағаштың бұтағынан жасалған мамық оқпен аттырып, жаттықтырады екен. Сол бала он жетiге келгенде, бесті- сіне шыққан құлын да дайындық жаттығудан өтiп, садақ оғын дарытпай, шиыршық атқан. Содан ұрыстарда жа- уынгер түгiлi, оның астындағы аты да оқтан жалтаратын болған, – дейтін әкесi.
Өскенде Қызылкүрең сондай болса ғой …
Әп-сәтте ойына әлдене түстi ме, Бөгенбай орнынан тұ- рып тайға қарай аяңдай басты. Жас хайуан да бала сияқты ғой, өзiне қарай ентелеп келе жатқан қараға осқырына қарап, сауырын бұрып, теппекке ыңғайланды.
-
- Әу, солай ма? – дедi дауыстай сөйлеген Бөгенбай. – Өз иеңдi тебетiн ойың бар екен ғой. Мен сенi тәубеңе кел- тiрейiн …
Әне-мiне дегенше шылбырдан жасалған қыл бұғалық тайдың мойнына барып ілінді. Бөгенбайдың ауылдағы балалар арасында нағыз ат үйретудiң шеберi екенiн Қызылкүрең қайдан бiлсiн. Тай тiкесiнен шапшып ас- панға атылғанда Бөгенбай астына кiрiп кетiп, алдыңғы екi аяғынан шап берiп, бiр жамбасына алып ұрды. Қос құлағынан ұстап, басын жерге кіргізiп жiбере жаздап, қолындағы елiк сапты қамшымен сауырынан шып еткi- зiп тартып-тартып жiбердi. Көзi шарасынан шыққан тай денесi дiрiлдеп, бұлқынғанын қойып тыншып, момақан күйге түсті.
Бөгенбай Қызылкүреңді орнынан тұрғызып, ноқта- лап алып ары-берi жетектеп едi, соңынан монтаңдап ерiп, оғаш қимыл байқатпады. Тайды өзi отырған көрпенiң жанында жатқан жүген, тартпа, тоқымға таяу жетек- теп кеп, жiптiктей қып ерттеді де, үстiне қарғып мiн- дi. Бұл жолы да Қызылкүрең асаулық танытпады. Қара сұр, түсi суық, биiк қабақ, қыр мұрынды баланың айтқанына көнiп, айдауына жүрдi. Бөгенбай тебiн- бей-ақ, ұмсына тiзгiндi қағып едi, тай майда жүріспен жүріп бердi.
-
- Сен, сен нағыз ақылды тай екенсiң ғой. Әлден-ақ күш көрсеттiм бе саған? Тұлпар болар қылқұйрықты бестiсiне дейiн еркiн жiберу керек деген ғой үлкендер.
8
Оны қалай ұмытып кеттiм екен, ә? Жә, кешiр ендi. Саған жасаған зорлығымның басы да, соңы да осы болсын, – деп Бөгенбай тайымен адамша сөйлесіп жүрiп, тартпасын босатып алып, лақтырып жiбердi де, Қызылкүреңнің жүгенiн сыпырды.
-
- Ал, ендi сен бостандықтасың. Ренжiмейсiң ғой ма- ған, – дедi ант қабылдағандай боп.
Тай жанынан ұзай бердi. Әлгiдегi құқай көрсеткен қара дөйден құтылдым ба, құтылмадым ба дегендей, сәл уақыт мойнын бұрып Бөгенбайға қарады да, кенет құйрығын көтерiп, басының еркіндігін тойлағандай Бө- ген өзені бойындағы көкорайлы шалғынды айнала ша- уып, жұлдыздай ақты. Бөгенбайдың ойына сонау бiр ақсақалдар жиылғандағы әңгіме түсті.
-
- Атбегілер деген көреген әрi бiлгiр болады. Оларға аттың тұяғын көру де жеткiлiктi. Соған қарап-ақ бәрiн болжайды. Көзбен көрiп, қолмен ұстағандай анық ай- тады. Жылқы атаулының пайғамбарлары дерсің. Сон- дықтан да аттың иелерi бәйгеге қосатын тұлпарын тұяғына дейiн жабулап, сырт көзге көрсетпейдi, – деген еді Жабал қарт.
Одан әрі топ қария дуылдасып Қамбар ата түлігін мақтап жөнелсiн. Бiрi жылқы малдың патшасы десе, ендi бiрi жылқыны жетi қазынаның бiрiне жатқызды.
Қызылкүреңнің ары-берi ойнақтағанына көз са- лып тұрған Бөгенбайдың ту сыртынан әлдекiмнiң көк шалғынды сусылдата басып келе жатқан аяқ алысы естiлдi. Сөлi кетіп, ендi-ендi қатая бастаған шүйгiн шөп бырт-бырт етiп дыбыс шығарып сынып жатқандай.
-
- Әй, Бөген, сен тура жылқымен туыс адам сияқтысың. Әкем үнемі солай дейдi. Тiптi сенде жылқының иiсi бар дегендi қоңырсытады. Түсiнбедiм, ол не дегенi? – дедi Көлбай ежелгi қырсық, қыңыр сөзiн бастап.
Шынында өзiне тете осы ағасының мiнезi қызық. Оны көргенде құрбы-құрдас атаулы сонадайдан қа- шып, әйелдерi аяғының ұшымен жүрiп қызмет етедi. Жезделерi де Көлбайдың аты аталғаннан-ақ зар қағады. Балдыздығын жасап, қалжыңдаған боп, аттарының
10
жүгенiн сыпырып бос қоя бередi. Не болмаса мінісінің* ер-тоқымын терiс ерттеп қояды. Тіпті кейде атының шап айылын босатып, жезделерiн талай рет ат бауы- рына да түсiрген. Қойшы, әйтеуір жасамайтыны жоқ. Жеңгелерiнiң көрген күнi де осы.
Қайткенде Көлбайға «бағынуы» керек. Әйтпесе, жағ- дайлары қиын. Әкесi де Көлбайға қой демейдi.
Сонау бiрде ағасы Қалабай Көлбайға:
- Мына тiрлiгiң ұят қой. Үйге жезделерің келсе, зар қағатын болды, – деп ескерту жасаған.
Iнiсi ағасының бұл сөзін құлағына да iлмедi. «Ойы- нын» қоймаған соң тіпті бiрде Қалабайдан қамшы да жедi. Бүкiл ауылды басына көтерiп жылап, елдiң бере- кесін алған соң әкесi Ақша:
- Әй, Қалабай-ай, осыған тиiспешi, шат-шәлекейiңдi шығарады, – деген.
Мұны естiген Көлбай одан сайын құтырынып алды.
Алайда ол да тиiсетiн адамына ғана тиiседi.
Бекдауыл деген жездесi нағыз алыптың өзi. Бал- дызының қалжыңын шыбын шаққандай көрмейтiн. Бiр жолы мiнген атының шабына қурай жүгіртіп мөңкiтiп, байқаусызда жездесі ат үстiнен ұшып түскен.
Ашуланған Бекдауыл Көлбайды ұстап алып, шың- ғыртты дерсiң. Содан берi оның маңайына қарыс аттам жақындамайды. Есбике жеңгесiнен де аулақ жүредi. Оған «шымшуыр» деп ат қойып алған. Шамасы, ол да Көлбайды тәубесiне түсiрсе керек.
- Әй, қара дәу, не жаңалық естiдiң? – дедi көрпешенiң үстiне етбетінен жата кеткен Көлбай. Iнiсiне қойып алған аты – «қара дәу». Бөгенбай ағасына жалт қарады. – Бiз атажұртқа – Қоржынкөлге көшедi екенбiз. Әкем солай деп жүр, – деді сөзін жалғастырып.
- Шын ба?
Көлбай алдымен басын изеп алып, артынша сұраққа жауап қайырды:
- Жаз аяғында қозғалатын сияқтымыз.
*мініс – мінетін ат, көлік
11
-
- Қап-ай, Бөгендi тастап кетемiз бе? Қимай отырғаным- ды қарашы, – дедi Бөгенбай Көлбайға мұңын айтып.
- Қайтесiң. Ата-бабаның қонысы. Әкем мен шешем де сол жақты көп айтады ғой, аңсайтын сияқты. Мәселен, менiң де Бөгеннен кеткiм жоқ. Қарашы жан-жағыңа. Биiк тау, асқарға өрмелеген қарағай. Таза ауа. Салқын самал. Бiр уақыт Бөгеннiң сылдырына құлағыңды тосып көршi. Қандай ғажап.
- Ал Қоржынкөл маңайы, менің естуiмше, ұшы- қиырсыз жазық көрінеді ...
Көлбай iнiсiнiң сөзiн орта жолдан бөліп кеттi.
-
- Онда Ерейментау деген тау бар ғой.
- Бiлемiн. Ол мына Қаратау сияқты биiк емес қой.
- Әкемнiң айтуынша, Қоржынкөл атамның аталарының қыстауы екен. Жаз жайлауы – Қарағайлының маңайында Бибатыр дегенге таяу жер. Ол жаққа Көкшетауды басып өтiп, көшiп-қонып жеткен. Мүмкiн ол жақ та әдемi шығар. Қанжығалымын, арғынмын дегендер түгел қоныс аударады екен, – дедi Көлбай.
- Ендi қалай деп ең. Ертеңгi күнi қалмақтар шапса …
- Тәйт! Тiлiңе шоқ түссiн. Жамандық шақырма, қара дәу …
- «Жау жоқ деме жар астында, бөрi жоқ деме бөрiк астында» деген, – деп Бөгенбай мақалдап қойды.
- Пәлесiнен аулақ, – дедi Көлбай шошып түсiп.
- Естуiмше, тау асып келген қалмақтар, әсіресе, ер балаларға өш дейді. Көзіне түскенін аямай, басын шауып алады екен. Неткен қатiгез, қанiшерлер, ә?
Көлбай Бөгенбайға қабағын түйе, өңi қуарып, жағы суалып, ендi не iстедiк дегендей дәрменсiз күйде мойнын бұрды.
-
- Сонда не iстеу керек? Көздi бақырайтып қойып, қалмаққа басымды кесе ғой деп ұсынамыз ба? Намыс қайда? Сауыт киiп, арқаға садақ iлiп, Қызылкүреңге мi- нiп жауға қарсы шаппаймыз ба? – дедi жiгерленiп кет- кен Бөгенбай.
Дауысы зорайып, құдды тұғырынан түлеп ұшқан қырандай. Сұстана шыққан үндi естiген Көлбай iнiсiне
12
таңдана көз тастады. Ол қабағын түйсе, бұл да қабағын түйiп:
- Пах, пах! Сен бар ғой, сен тура әкемнен аумайсың. Рас, ей. Келбетiңе сүйсiнiп кеттiм, – дедi ағынан жарылып.
- Шынында бiз Қалабай, Майбасар, Тайбасар, менiмен сен атқа қонсақ, кәдiмгiдей-ақ бiраз күш екенбiз ғой …
Жауап орнына Бөгенбай басын изедi. Әншейiнде жас баладай тынымсыз Көлбай бұл жолы үлкендiк танытып, Бөгенбайдың мазасын алмады. Бұл екi ортада iнiсiнiң
«сол күнге тезiрек жеткiз, Құдайым» деп күбiрлегенiн естiген жоқ.
-
- Көлбай, Көлбай! Бiр нәрсе айтсам, елге жариялап жүрмейсiң бе? – дедi Бөгенбай Қаратаудың ұшар басына қарап әлдененi ойлап отырған ағасына.
- Айта ғой. Аузымнан сөз шықса, айдалаға қаңғып кетейiн.
Бөгенбай бауырына өкпелеп, аузын томпайтып терiс қарады. Оған Көлбай қиястанып жауап берiп отырғандай көріндi.
-
- Ау, Бөген, мен саған құлағымды тiгiп отырмын ғой. Құдай ақы, шыным. Өтiрiк айтсам, оңбайын, – деп Көлбай қолымен мойнын қамшылады.
- Шын айтам, сен ертең мазақ қылып жүрмейсiң бе?
- дедi iнiсi сабырмен.
- Оллаһи, биллаһи! Мен жезделерiм мен жеңгелерiме әдейi тиiсемiн ғой. «Бұралқы сөз күлгенге жақсы» дейдi атам. Оның үстiне өздерi де тыныш жүрмейдi.
- Әй қайдам?
- Түу, сенбейсiң бе? Олар жұрт көзiнше момақан бола- ды, былай шыға маған көресіні көрсетедi, – дедi Көлбай.
Екеуi сәл уақыт үнсiз қалды.
-
- Сен менiң Қызылкүреңімді сынадың ба? – дедi Бөгенбай сәлден соң. – Жақсы ат болатын сияқты.
- Солай шығар. Кiм бiлiптi оны?
- «Жақсы ат – жарым патшалық» дейдi атам.
- Е, қойшы.
- Қоятын ештеңесi жоқ. Жылқы атаулының лай су iшкенiн көрдiң бе? Тіптен тұмсығын да малмайды.
13
-
-
- Солайы солай…
- Мiне, жылқыны тектi дейтiнi сондықтан. Ойыңды тез ұғады. Қазақ жылқы малын аса құрметтейді.
- «Жақсы ат – ер қанаты» дейді емес пе? Сенiң кү- реңің де нағыз батыр мiнетiн тұлпар болып шықса ғой. Бөгенбай ағасының жүзiне ұрлана қарады. Осы шын айтып отыр ма деген күдiгi де жоқ емес. Көлбай қолына ұстаған елiк сап қамшысының шашақты ұшын жерге
-
қадап, шұқшиып кетiптi.
«Иә, тұлпар болып шықса ғой» деген бауырының сөзiн күбiрлей қайталады. Сөйткенше құбыла беттен күмiс қо- ңыраудай сыңғырлаған Қызылкүреңнің кiсiнегенi естiл- дi. Бөген суына беттеген топ тай-байталдың iшiнен ерек шығып, басын көтерiп, «Ей, Бөгенбай ием. Мен алысқа ұзаған жоқпын. Iздесең жаныңдамын» деп белгi берген- дей. Бөгенбай қолын бұлғап дауыстап қалғанын да өзi байқамайтын сияқты. Көлбай:
-
-
- Әй, Бөген. Осы сенiң жылқы «жының» бар, – деген сөзiн осымен екiншi рет қайталады.
-
Бөгенбайдың бар ниетi Қызылкүреңге ауып, ағасы- ның сөзiн аса ден қойып тыңдай да алған жоқ. Тай тұнық та, мөлдiр ағынға әлсiн-әлсін бас қойып сәл тұрды да, топтан бөлектенiп ойнақтай жөнелдi.
-
-
- Әне, менiң Қызылкүрең тайым. Нағашымның маған сыйлаған бәсiресi, – дедi мақтанған Бөген.
-
- Тайым дегенше, тұлпарым десеңшi, – дедi Қы- зылкүреңнің тiрлiгiне мәз болып елеңдеген Көлбай.
- Иә, солай дейiншi. Тұлпарым менiң, – деп күбiрледi Бөгенбай.
Оның бұл үнiн сыбыр еткен жел шартарапқа жаяр- дай жұлқынып екiлене жөнелдi. «Тұ…л…пар…ым... ме…нiң!».
14
Ата жаудың басын кескен алдаспан
өгенбай әр таңды өзiнше қарсы алады. Ертеңгiсiн оянып, түңдiктен аспанға көз тiгiп,
түндегi самсаған жұлдыздың ғайып болғанына өкiнiп, сәл уақыт жатып, кеудесiн көтередi. Қатарында жат- қан аға-iнiлерiн түгендеп, барына көзi жеткен соң, ақырын ғана көрпенi ысырып, орнынан тұрып сыртқа беттейдi. Есiктi ашып жiберiп, қиырдағы көкжиекке көз тiгедi.
Таң атудың аса бiр құпиясы жоқ. Шолпан туып, бi- раз сайрандап, жанары өше бастаған сәтте қаракөк аспанның жермен шектескен тұсынан ақ шапақ белең бередi. Сөйтедi де әлгi ағараң тартқан тұс аумақтанып, аспанға жайыла бастайды. Құдды ақ жамылғылы сан мың сарбаз қара киiмдi жау әскерiн түре қуып бара жатқандай. Сөйте-сөйте жарты аспанды кеулеген ақ таң Бөгенге жетедi.
Түнiмен тыныштыққа ұйқы бермей мазалап, iңгәла- ған сәби – мөлдiр ағынның үні айқындала түседi. Осы бiр сәтте тауға көз салыңыз.
Шаруасы сәтiмен бiткен жайдары қарттай көз ал- дыңда еңсесiн көтерiп тұра қалады. Сынық айнадай жылтылдаған сан сәуле әсем бiр аспан шатырлы үйге жағалай iлiп тастаған шырағдандарды елестетедi. Қа- ратаудан бетiңдi сипаған жiбек самал еседi. Салқын ауа, тербелген дала …
Бұл күні де күндегі әдетімен Бөгенбай далаға бет алды. Алдыға аттай берiп, артына бұрылды. Түнiмен
15
қыңсылап, әлсiн-әлсiн ұлып маза бермеген Жолдыаяқ табалдырықтың көзiнде жатыр екен. Үстi-басы қан-қан. Екi аттап, итке жеттi.
-
- Айналайын, күшiгiм-ау, саған кiм тиiстi? Қасқыр- мен арпалыстың ба? – дедi.
Сонан соң ары-берi айналып көрдi. Әлдекiмнiң қы- лышының жүзi жон арқасын тiлiп өтiптi, бірақ терiсi- не терең бойламапты.
-
- Жазығы не мақұлықтың? Түз тағысы болса бiр жөн. Алысқа ұзап шықпайтын ауыл төбетi. Қалай ғана қара ниеттің қылышына тап болдың екен?
Обал-ай… Кішкенесінен асыраған күшігі. Көзiн аш- пай тұрып, көршi ауылдан алып келiп едi. Жолдыаяқ- тың жарасын таңып жүрiп те, есiк көзiндегi тулақтың үстiне жатқызып жатып та Бөгенбайдың ойынан күдiк тарқамай қойды. Жалпы бұл түнi маңайдағы ауылдың итiне маза болмап еді.
16
Таңертеңгi астан соң Бөгенбай әкесiне Жолдыаяқтың жайын баяндаған. Шаршап келген әкесi бұған аса мән бермедi. Тек баласын өрiстегi атын әкелуге жұмсағанда барып:
-
- Әй, Бөген! Жалпы сақ болғандарың жөн. Қылыш- тарың қында жүрсiн. Жаудың жақын жүрмесiне кiм кепiл, – деді сыбырлай сақтандырып. Мұнысы әйелдер мен қарттар естiмесiн дегенi болса керек.
- Ұқтың ба? – дедi сонан соң. – Ауылдан ұзап шығар заман емес. Жылқыға да көз салып жүрiңдер.
Түстен кейiн әкесi қабағын түйген күйi Әлденбай- ға балаларды тапсырып, шоқырақ желiске түсiп, ұзап кеткен.
Келесі күні ертеңгісін Бөгенбай Қызылкүреңді алыс- тан бiр көрмек боп сайға түстi. Тобылғы топтала өскен қыраттан жылқы малын көре алмай жүрегi су еттi. Жүгiрген бойы қыратқа шығып, жан-жағына асыға көз тастады. Қылқұйрық атаулы зым-зия, жердiң жарығына түсiп кеткендей. Жүгiре-жүгiре беткейдегi қалың қара- ғайға жеттi. Жылқы атаулы ұшты-күйлi. Сырғыған күйi сай табанына түстi. Қыбыр еткен тiршiлiк жоқ. Бiр күннiң iшiнде осындай жұмбақ өзгерiс болады екен-ау. Жүгiрген бойы үйге жеттi. Үш бауырының ойына ештеңе кiрiп-шығар емес. Ұйқыны соғып жатыр.
-
- Әй, жiгiттер! Тұрыңдар! Маңайдағы жылқы атаулы зым-зия. Ниетi бұзық адамдар айдап кеткен сияқты.
Қорқынышты хабар әкелген дауыстан бәрi оянып, бастарын жастықтан жұлып алды. Әуелi кiшкентай Тайбасар да еркек екендiгiн танытып, ағаларымен қоса орнынан атып тұрды.
Бұл екi ортада дәл iргеден ат тұяғының дүрсiлi естiлiп қалды. Бауырларын асықтырған Бөгенбай артына қарап үлгере алмады.
-
- Жау шапты! Мына жатыстарыңа жөн болсын, – де- ген Әлденбайдың айғайы естiлдi. Үлкен кiсiнiң осынша- ма мазасызданғанын Бөгенбай аса жақтыра қойған жоқ.
- Не дедіңіз, аға! Елдiң зәресiн алмай жөнiн айтса- ңызшы, – деп жеңiнен тартты.
17
Мына оқыс әрекет Әлденбайдың мысын басты ма, кiм бiлсiн, мұртты қара күбiжiктеп қалды.
-
- Батыр кеше ханның шақыртуымен кеткен. Аңдып тұрғандай мыналардың қорлығын-ай, – дедi.
- Кiмдi айтасыз?
- Қалмақты ше? Сауын ауылындағы әйелдер мен бала- ларды түгел айдап кетiптi.
- Не дейді? Еркектер қайда?
- Үш-төртеуiн шауып тастапты. Қалғанынан хабар жоқ.
- Басқа ауылдар бiле ме мұны?
- Әлгiнде естiп, баласы бар, шағасы бар, Ойрантөбеде жиналып жатыр.
- Онда кеттiк. Мiнiстi қайттiк?
- Жылқыларды да түп-түгел айдап кетiптi. Қалабай, Көл- бай үшеуiңе екi ат жарар. Мiнгесiп аласыңдар жеткенше ...
- Қозғалдық онда. Бөгенбайдың iшi қан жылады.
- Қызылкүрең тайым да қолды болды ғой? – дедi iшi- нен күбiрлеп, әлi де сенер-сенбесің білмей. – Майбасар мен Тайбасарды қанжығалының бiр үйіне тастап, ары қарай жауды табу керек.
Бөгенбай аттан қарғып түстi де, сай iшiндегi жалпақ алаңның ары-берiсiне байыптап қарады. Анадай жердегi алаңқайда сырық басында үлкен садақ пен қорамсақ iлулi тұр. Он шақты жебенiң басы қылтиып көрiнедi. Бұл жердi Ойрантөбе деп атайды екен.
Жиналып жатқан жұрттың айтуынша, осы төбеде әкесi Ақша батыр сарбаздарымен таң бозынан ат ойнақтатып, найза шаншысып, қылыштасып жаттығу өткiзедi екен. Атын да затына қарап қойған болар. Ары таман жүре бас- тап едi, анандай жердегi жалпақ тақтайшаға жабысты- ра тартып iлген терi нысананы көзі шалды. Бұған қатты қуанып кеттi. Қорамсаққа қол салып, қозыжауырын жебе алды. Иығындағы садақты алып адырнасын тартып көрiп, оғын орналастырды. Әкесi сыйлаған кәдiмгi соғыс садағы. Тiзерлеп отыра қалып нысанаға көздедi. Ернiне күрек тiсiн қадап, ышқына тартып қалды. Жебе нысанадан асып ба- рып, алаңқайдың үстiнің шаңын бұрқ еткiзе қадалды.
19
-
-
- Масқара, ұят болды ғой мынау, – деп күбiрледi. – Мерген бала атанғаны қайда? Көлбай ағасының мұның жа- нында тұрмағанына шүкір. Анау жиналған топ та оны көрсе, мазақтап күлетiн едi.
-
Жан-жағына ұрлана қарап алды да, екiншi жебеге қол сал- ды. Әлгiнде терiсiне сыймай ашуланып, садақты лақтырып жiберiп, бетiн басып отыра кеткен. Садағы анандай жерде жа- тыр. «Менiң жазығым жоқ» дейтiндей. Қаруын қолына қайта алды, қайта көздедi. Қолы дiрiлдеп, көз алды мұнартатын сияқты ма? Адырнаны тарта алмады. «Тигiзе алмаймын деп қорқып тұрсың ба?» дей ме, босаған адырна дiр-дiр еттi.
-
-
- Тигiземiн, – дедi кiжiнiп өз-өзіне.
-
Адырнаны шiрене тартып қап, көзiн жұмған күйi тұрып қалды. Екі ара жиырма қадамдай болатын. Бiр аттап, екi ат- тап алдыға қарай жүрдi. Адамның әрбiр басқан қадамының мұншама зiл боларын кiм бiлген. Санап барады, ойлап бара- ды. Бiр қадамы «тидi» десе, екiншi адымы «оғың лағып кет- тi» дейтiн сияқты. Нысанаға жете бере көзiн ашып қалып, қайта жұмды. Сонан соң қолын созып терi керiлген тақтаны қолымен сипады. Үмiт алдамапты. Нысананың дәл орта- сында дiр-дiр еткен қозыжауырын жебе тұр.
-
-
- Жарадың! – дедi дауыстап жiберiп. – Бәсе, дәлдегенiм- дi құр жiбермеушi ем ғой …
-
Осы кезде керней үнi естілді. Жиналуға шақырған белгi. Әркiм өз шаруасына берiліп кеткенінен бе, Бөгенбайға еш- кiм назар аудармапты.
-
-
- Сапқа тұрыңдар! – деген әлдекiмнiң дауысы естiлдi. Бөгенбай шеттеу тұрған Сансызбай деген сарбаздың жаны- на келіп сапқа тұрды.
- Әй, батырым! Әлi бесiктен белiң шықпаған баласың. Мұның не? – дедi көршi ауылдағы анасының немере бауыры.
- Қалмақтар Қызылкүреңімді алып кетiптi, – дедi Бөгенбай ашулы үнімен. Қатарда тұрғандар ду күлдi.
- Батыр балам не дейдi, домбырам не дейдi. Мұның тайын алып кетiптi, – деп кекеттi ел iшiнен әлдекiм.
-
Жанарынан ұшқын от жылт еткен Бөгенбай саптың алдына шықты да:
-
-
- Жаңағы мақалшы кiм? – дедi қатқыл дауыстап.
-
20
Шамасы, әлгiндегi ұзын тiлдi жiгiт алғашқыда Бө- генбайды ойын баласы, еркелеу өскеннің бiрi ме деп қалса керек, жауырынды, кең иықты, еңселi қара сұрды көргенде, әлдене деуге бата алмай, үнсiз қалды да, сәлден соң қақалып-шашалып барып:
-
- Мы…науың ө…зi ба…ланың н…ары… ғой, – деп сө- зiн әрең аяқтады.
Жiгiттер күлiп едi, Бөгенбай әлгiнiң сөзiнен ыңғай- сызданып, төмен қарады да, атын тебiнiп қалып, саптағы орнына қайта тұрды. Қанжығалылар ауылына бас-көз боп Ералы деген Ақша батырдың жиенi қалса керек:
-
- Жiгiттер, қанға – қан, жанға – жан. Бала-шағамыз- ды қалмаққа құл қылғанша, өлгенiмiз жақсы емес пе, – деп дауыстап қалды.
Ақша балаларына да ат берiлiп, топқа алынды.
Мiне, содан берi бiр күн өтiп, түн келдi. Қазақ ауыл- дарын тонап, бала-шағаны алдына салған зорлықшыл қалмақтар Қаратаудан асып кете қойған жоқ. Себебі жол жалғыз. Долананың да асуынан өте қойған еш- кiм байқалмайды. Шамасы, олар сай-сайдағы қалың тоғайлардың iшін паналай тұрып, түннiң бiр сәтiнде тау аспақ. Қазақ жасағы асу басына қарауыл қойып, қыбыр еткенге құлақ тiгiп отыр. Азығы – тасқуырдақ*.
Доланадан бастау алған кәусар бұлақ екпiндей ағып, қыз күлкiсiндей сыңғырлайды. Тәуiптiң таспиғындай жалт-жұлт етедi. Таудың әтiр сепкен самалына балапан жапырақтар сырын айтқандай.
... Өткен жылы ауылдың көп қарасирағы Долана- ның беткейінен бүлдiрген терген-тін. Ол да бiр қызық шақ екен ғой. Дәл қазір сол күндердiң ауылы алыс- тап кеттi. Ойпыр-ай, осы адамдар не үшiн бiрiмен-бiрi қырылыса бередi екен. «Бiр бұзығы, қараниеттiсi соғыс бастап, қалғандары соның соңынан ередi» деушi едi қанжығалының қарттары. Көптi көрген көне көздер бiл- месе айтпайды ғой.
*тасқуырдақ – етті турап суға салып, оның үстінен қыздырылған тастар- ды салып отырып қайнатып пісіретін тамақтың түрі
21
-
-
- О, Құдай, жарылқай гөр, қолдай гөр, – деп Бөгенбай күбiрлеп, еңкейiп тұлыпты* суға салды.
-
Су толған соң нар тұлыпты «әуп» деп арқасына өңгеріп алып, алға қарай аяңдады. Кенет құбыла беттегі сайдың ішінен жылт еткен оттың сәулесі көрiндi де, жалп етiп өштi. Артынша қайтадан сәулеленді де, ұштанып барып сөндi.
-
-
- Мыналар дәу де болса қалмақтар, – дедi сонан соң сы- быр етiп. – Түнде от жағатын басқа кім бар?
-
Дәл бүгін жүз қаралы жасаққа бетегесi мен селеуі қалың шүйгiн жайлау азықтарын да тауып бердi. Сәтi түсiп, қанжығалары қанданып бiр-екi таутеке атып алған. Соны жақсы ырымға жорыған шоқша сақалды кегежiм тартқан қарт:
-
-
- Тасқуырдақ жасалық. Құдай жолымызды оңғарады екен, – деп қуана дауыстап жiбердi. – Адамдарымызды бо- сатып алып қайтады екенбiз.
-
Осы сәтте су арқалап жеткен Бөгенбай:
-
-
- Анау сайдың ішінен жылтылдаған жарық көрдiм, – дедi тұлыпты жерге қоя берiп. – Тастың тасасына қалқалап от жаққан солардың өзі. Әлгiндегi жылқының кiсiнегенi де тегiн емес екен.
- Алдымен тамақтанып алайық, – дедi Нұралы. – Сонан соң көрермiз тағы.
-
Оразалы қарт қазаншұңқыр тастың ойығына су құйып бiр тазалап алды да, қайтадан су толтырды. Үш-төрт жiгiт- тiң басын қосып ет туратты. Жылбысқы* ет күрең тартып, кебірси бастапты. Қураған көп бұтақты бір жерге үйіп, оның үстіне жұмыртқадай домалақ қорым тастарды салып, от тұтатты. Қу бұтақтан ағаш шөмiш жасады. Туралған ет- тi қазаншұңқыр тасқа құйылған суға салып, Оразалы қарт алақанын бiр-бiрiне үйкеп отыра кеттi.
Бөгенбай жанарын аспанға қадаған қалпы шалқасы- нан жатыр. Самсаған көп жұлдыздың бiрi аспанды қылдай жарып ұзын ақ жолақ жол салып барып өштi. Мүлгіген тыныштықты бұзып, әлдеқайдан үкiнің қорқынышты үні,
*тұлып – мал терісінен жасалған дорба
*жылбысқы – жаңа сойылған малдың жасық, былжырақ еті мен терісі
22
суырдың шаңқылдаған даусы естілді. Көже қотарғандағы будай болып, аспанға көтерілген түйдек бұлт шың басын бүркей басыпты. Түн тымығын баян еткен кияқ ай шеруде- гi бас сардардай құбылаға қарай асыға беттеп барады. Соңын- дағы көп жұлдыз-сарбаздар «басшысынан» қалысар емес.
«Күн жаумаса екен. Осындай бiр жылымықтан соң ауа райы бұзылып, жауын жауушы едi ғой» деп ойла- ды Бөгенбай iшiнен. Осыны естiп қойғандай, Оразалы итерiнiп барып орнынан тұрды. От iшiндегi қып-қызыл шоқтай болып қызған қорым тастарды ағаш шөмішпен iлiп алып қазаншұңқырдағы туралған ет салып қой- ған суға тастай бастады. Алғашқыда быж етiп буы бұрқыраған су сәлден соң қайнай бастады. Оразалы қарт шамалы уақыттан кейін қызуы қайтқан шоқ тастарды алып тастап, оның орнына келесi шөмшек оттағы шоқ тастарды ауыстырып салды.
Кенет тастардың домалап сырғыған дыбысы біліндi. Бөгенбай селт еттi. Басқалары да жан-дәрмен қаруына жармасқан. Әдетте, от басындағы көзі қарыққан адам қараңғыдан шыққанды байқай алмайды ғой. «Адам ба, басқа ма, ажыратып болғысыз. Әлде қан иiсiн сезiп, маңайлап жүрген бөрi ме екен? Жоқ, әлде бұл аю ма? Жаудың барлаушысы болмаса не қылсын». Бөгенбайдың арқасынан мұздай тер шықты. Сөйткенше:
-
-
- Әй, жiгiттер, – дедi ту сырттан естiлген дауыс. – Қазан-ошақтың басында Оразалының жанында бiр-екеуiң қалыңдар, өзгелерiң соңыма ерiңдер. Іздеген жау сайдың iшiнде жатыр. Тіпті бейқам, мәз-мейрам ...
-
Әлгі тысыр Нұралы екен. Абыр-сабырда Бөгенбайдың
«от көрдiмін» ести сала, барлауға барып келіпті.
-
-
- Артынан қуғыншы күткен қалмақ жоқ. Олжасына есiрiп жатыр. Мас түгел. Көрiнде өкiртейiк, бәлем... Қа- лабай, Көлбай, сендер осы жерде боласыңдар. Оразалыға көмектесесіңдер.
- Құп болады! – дедi Көлбай. Қалабай да басын изедi. Қос жағасы жайдақтау келген сайдың iшi тым-тырыс.
-
Тақыр бас, айдарлы қалмақ найзаға сүйенген күйi қалғып отыр. Тұтқындарды күзеткен түрі. Топ жылқы қаңтарулы
24
тұр. Барымта жылқыны сайдың бiткен тұсындағы үңгiрге қамапты. Өздері түгел сілесі қатып, ұйқыға бас қойыпты. Мұндағы жаудың саны елуден аспайды. Қалғаны жо- рықта жүрген болар. Ендігі қауіп-қатер – күзетшілер. Сондықтаналдыменсолардыжержастандырукерек. Қолайлы кезде Нұралы ұлар боп үн қатуы тиіс. Осы сәтте бұлар күзетшілерге бірден шабуыл жасайды. Жаза басуға
болмайды.
Қылышын қынынан суырып алған Оразбай тастай қа- тып қалыпты. Кенет ұлар үн қатты. Қайқы қылыш қылқа мойынға тиiп күзетшi қалмақ ұзынынан түскенде, Бөген- бай ұстаған гүрзi шоқпар қалмақтың басын мылжалады.
Жүзге тарта еркек пен бала-шағаны босатып, үш- төрт қалмақты тұтқындап, қалғанының жанын фәниге аттандырып, жауынгер топ Қалабайларға жеткенде таң ата бастаған. Тасқуырдақтан дәм татып, ендi қайтуға дайындалғанда Көлбай Бөгенбайға сыбыр еттi.
-
- Қалмақты өлтiрдiң бе?
Жауап орнына Бөгенбай басын изедi.
25
-
-
- Өтiрiк емес қой.
- Оллаһи, биллаһи.
- Онда жарадың!
-
Інiсiнiң тiрлiгiне мақтанған Көлбай алға жүре берiп, қайта бұрылды.
-
-
- Осы сен он үштесiң ғой? – дедi сонан соң.
- Иә.
- Шын ей, сен нағыз батырсың. Айтпақшы, Қызыл- күрең көзiңе түспедi ме?
-
Бөгенбай басын тағы изеді.
-
-
- Атаңа нәлет, қу қалмақ! Бөгенбай батырдың тұл- парының түгіне қолын тигiзiп көрсiншi, сазайын тартады.
-
Ағасының арсы-гүрсi сөзiне Бөгенбай ұялып төмен қараған едi, арт жақтан Оразбайдың:
-
-
- Батырлық жасқа қарамайды екен. Бөген бүгiн ал- ғашқы дұшпанын жер қаптырды, – деген даусы естілді.
- Әкемнің айтқаны айдай келді, – деді Көлбай бауы- рына сүйсіне қарап.
-
... Сонау бірде Долана асуының маңына бүлдірген те- ре барып, ауылдың бір топ баласы ойда-жоқта ошақта асу- лы тұрған етті көріп қалған-ды. Аяқ астынан кездескен олжаға балалар қуанып кетті. Әсіресе Көлбай дегбірсізде- ніп, шикілі-пісілі жілікті қолына ала берген. Бөгенбай де- реу қолынан жұлып алып:
-
-
- Жапан түздегі әлдекімнің пісірген асын жеуге бол- майды. Мүмкін жауына арнап ішіне у салып қойған шығар, – деген ағасына.
-
Біраздан соң бала атаулы ошақ басынан аулаққа ке- тіп, ауылға қайтқан-ды. Алып келген жілікті әкесіне көрсетіп, Бөгенбай болған оқиғаны жіпке тізгендей етіп айтып шыққан. Сонда Ақша Көлбайға қарап:
-
-
- Ойпырмай, осы сенің түз тамағына бас ұрғаныңа қарағанда үрім-бұтағың ұры атанып жүрер ме екенсің?
-
- деген, сонан соң Бөгенбайға қарап: – Ұстамыңа қа- рағанда әр нәрсеге байсалды қарап, еліңе сыйлы, батыр боларсың, – деп арқасынан қаққан.
Көлбайдың «Әкемнің айтқаны дәл келді» деп жүргені сол еді.
28
Қарашекпенмен қақтығыс
өгенде жүрген сонау он үштегі кезінде бала- шағаны қалмақтардан құтқарғаннан кейін-ақ Бөгенбай тыным көрген жоқ. Нағашыдан алған Қызыл- күреңмен бірге өзі де ержеткен. Тынымсыз тірліктің әсері ме, қара сұр, биік қабақ, балаң бозбала толысып қыр мұрынды, қақпақ жауырынды, кең иықты, еңселі, батыр
денелі жігіт болған да шыққан.
Енді міне, Бөгенбайға ел назары түсе бастағаны шығар, хан оны сарайына шақыртыпты. Хан алдына арнайы ша- қырумен бару – үлкен сын. Жол бойы сарбаздар ондай рәсімнің жөн-жосығын мықтап үйреткен-ді. Сол әдеппен ордаға кірген бойда тізесін бүгіп, сәлем беріп:
- Хан ием, шақыртуыңыз бойынша келіп тұрған Ақшаұлы Бөгенбай, – деп қолын кеудесіне апарып тағзым етті. Мұздай жарақтанған жас жігітті көргенде хан шы- нында аузын ашып, көзін жұмды.
Тағынан төмен түсіп, жеделдей басып жақындап, Бөгенбайға «орныңнан көтеріл» деп иек қақты.
- Ақшаның ұлымын дейсің бе? – деді бетіне таңырқай қарап.
- Иә, солай хан ием!
- Батыр Ақшаның ұлысың ба?
Жауап орнына басын изей беріп, хан алдында тұрғаны есіне түсіп:
- Үшінші ұлымын, хан ием, – деді абыржып.
- Ақша оны маған неге айтпаған?
Әз-Тәуке біраз уақыт ойланғандай үнсіз қалды да, Бөгенбайдың жүзіне қарап жымиды.
30
-
- Түсінікті, – деді сонан соң. – Қанаты қатайсын деге- ні ғой. Енді бұл батыр менің еншімде болатын шығар.
Әз-Тәуке осыны айтып, өзінің қасындағы хан сара- йындағыларға барлай қарады.
Осы күннен бастап-ақ Әз-Тәукенің бір көзі Бөгенбай- да болды. Елден естіген бе, Бөгенбайдың «жылқы иі- сі» барын да біліп алыпты. Содан оны әскерге жексін кеп. Ат үстінде жасалынатын небір әдістерге Бөгенбай әбден машықтанған. Шауып келе жатып, атының ба- уырына түсу, ердің тасасында тығылып шалма тастау, оқтан бұғыну, жауының тұсынан өте беріп, қылыштың қырымен шабу, найзаны дәлдеген жеріне тигізуді жақ- сы меңгеріп алғандығы сонша, бағыныштыларының қолқасымен әдістерді қайта-қайта көрсететін. Қызыл- күрең де иесінің ойын қимыл-қозғалысынан-ақ сезіп,
31
тізерлеп жылжу, жекпе-жекте жау атын шалып құлату сияқты соғыс әдістерін меңгеріп алған-ды. Нөкерлері Бөгенбайдың атына да қызығатын. Ал домбыра тар- тып, ән салғаны бір төбе, талай арулар көздерін төңкере қарап, сызылатын. «Сегіз қырлы, бір сырлы, жігіттің төресі ғой» деп сыртынан мақтайтындары қанша.
... Түркістан маңындағы ауылдарда қалың қолға әскери әдістерді үйретіп жүрген Бөгенбай он шақты нөкермен тал түсте Хан Ордаға келіп жетті. Әз-Тәуке- нің ордаға шақыруы тегін емес. Неге шақыртты екен бұл жолы?
Ханның қабағы тым қатулы екен. Тағынан тұрып, сарай ішінде ары-бері теңселіп жүріп, Бөгенбайдың тау- дай боп есіктен енгенін байқаған сыңайлы. Әз-Тәуке бір- ден қарсы жүрді.
– Сәлеміңді қабылдадым, – деді сөзін қысқартып. – Қабаған ит қаппай қоймайды. Қамшы тисе, жуасиды.
32
Сөйтті де Әз-Тәуке Бөгенбайдың бас-аяғына қарап жылы жымиды. Ханның елмен ақжарқын сөйлесіп әзілдесуі кейінгі кезде сиреп кеткен болатын. Қашан да жауар бұлттай түнеріп, зорға жауап беретінін күнде көріп тұратын есік көзіндегі қос жасауыл да ханмен қоса жымыңдасты.
-
- Қарғайын десем, жалғызым, қарғамайын десем, жалмауызым. Би боламын деп өрекпігенде, төсін тоқ- пақтағанда ерен еді, ел шетіне жау тигенде түк білме- генсіп үнсіз жатыр. Өздерінше бір-бір руды ел қып алмақ түге. Тарыдай шашыраған кәззаптар*, – деп бір тоқтады хан. Бұл екі ортада еркін басып тағына жеткен.
- Шақырғаным, қарашекпендер Жайықтан өтіп, қазақты жайғап жатыр. Әбілқайырдан жаушы жетті.
«Әке қартайса, баласы әке» демекші, қарамағыңа отыз мыңдық жасақ беремін. Аттануға қалайсың? – деді со- нан соң Әз-Тәуке оқты көзін қадай.
Алғашқыда Бөгенбай не айтарын білмей сасқалақтап қалды.
-
- Соғыстың бәрі жекпе-жек емес. Отыз мың қолдың тағдырын саған тапсырдым. Олар мыжи салатын қоңыз емес, адам. Адам болғанда жеріңді, еліңді жаудан қорғайтын қарулы қол. Ашсаң алақаныңда, жұмсаң жұмырығыңда. Жеті өлшеп, бір кесесің. Өлтірсең де, өлтірмесең де өз қолыңда, – деді бір жағы ақыл, бір жа- ғы әмір ете сөйлеген Әз-Тәуке. – Әкең біледі бәрін. Жан- жақтан бөріше талады ғой жаудың ақ-қарасы.
Бөгенбай іштей тынды. Әз-Тәукенің «әкеңмен ақыл- дастым» деуінде де үлкен мән-мағына жатса керек. Әкесі Ақшаның айтуынша, азуы алты қарыс шүршіт те, ақпанның аязындай ақырған орыс та, оңтүстікте тақия киген өзбек пен Еділ қалмақтары да, оның ағайыны жоңғарлар да, әуелі Хиуа мен Қоқан да қазақ жеріне көз тігуде екен. «Қайда барып күн көреміз?» деп әкесінің ренжігені есіне түсті. Енді, міне, соның алғашқы дүрбелеңі басталды. Қарашекпен деп жүргендері Еділ
*кәззаптар – оңбаған, сұрқия, жексұрын, алаяқ
33
мен Жайықтың казак-орыстары. Кезінде олар Қап та- уын мекендеген ұлыстарымен де соғысып, оқ атысқан. Тіпті соларға ұқсамақ болып таулықтардың киімде- рін киіп, өздеріне үлгі етіпті. Аз ғана уақыттың ішінде тау халқының жүндес бөркін, кеудесінде оқ салғышқа ұқсаған белдемесі бар френчін* киіп, қарашекпен орыс- казак атанып шыға келіпті. Бөгенбай «Қарашекпеннің от құдайы бар ғой» дей жаздай барып тиылды.
Артық ауыз сөз естiсе шарт етiп жарылып кетуге даяр хан бiраз уақыт үнсiз қалды. Бөгенбайдан жауап күтiп, тағатсызданған кейпi бар.
-
-
- Елi, жерi бір ағайын-туыстың тiлегiнен асып қайда барамын, – дедi Бөгенбай нық үн қатып.
-
Сөйткенше Әз-Тәуке де орнынан атып тұрды.
-
-
- Елi, жерi бір ағайын-туыс дейсiң бе? Сөзiң түйеден түскендей болса да, ағыңнан ақтарылдың. Ханды да
-
*френч – әскери үлгіде тігілген күртеше
34
аузыңа алмадың. Менің де ойлап отырғаным – қара қа- зан, сары баланың, елдiң қамы, – дедi ентелей жеткен хан.
-
- Ертең билер кеңесi. Сол жиынға әскербасылардың бәрiн жинаймын. Ойыңды жинақтап айтуға тырыс!
Бөгенбай басын изедi. Бұл Бөгенбайдың қазақ қолын басқаратын 64 жылының алғашқы күнi едi.
Ел билеген Әз-Тәуке де, қара орман халық та «отыз мың қолды басқарып, ел шетiн лаңдаған жауды жай- рат, еңiрегендi еле, ескер, басының бостандығын алып бер, ұлтарақтай жерiңдi жауға таптатпа» дейтiндей. Оның сыртында Бөгенбай – елiнiң асқар таудай азама- ты Әлдеуiннiң немересi, Ақша батырдың ұлы. Әйтпесе Әз-Тәуке жиырманың сегiзiне ендi шыққан Бөгенбайға осыншама әскердi сенiп тапсыра ма?
... Шала ұйқыда жатқан жас батыр орнынан тұрып, әр жерде жанған шөмшек оттың жарығында көз шырымын алған сарбаздарды аралай жүрiп, сақшыларды тексерiп қайтты. Жауаптары тақ-тұқ, қимылдары ширақ.
Мұндайда ұйқы келе ме?! Бас сардардың бөлмесiнде өлi тыныштық орнапты. Балауыз шам сығырая, есiк- тен анда-санда кiрген ұры желдiң екпiнiне шыдай ал- май шалқи жанып, маздайды. Осы кезде Тайлақ батыр бастаған үш-төрт жiгiт кiрiп келiп, төр ортасындағы тақытқа арқа сүйеген қолбасшыға беттеді.
-
- Бас сардар, өкiнiшке орай, жау қолының санын анықтай алмадық. Арақ iшiп алған, түге. Топ-топ болып, бет ауған жаққа шапқылап жүр. Жатақ ауылдарын кезiп жүргенi де жетеді, – дедi Тайлақ жағдайды баяндап.
- Сонда қалай, жайылып кеткен жауыздар ашса алақанда, жұмса жұмырықта дегің келе ме? Күзетшiлері де жоқ екен, ә? – дедi сұстана әрі кекете бетiн бұрған Бөгенбай. – Қарашекпендердiң үлкен шендiлерiн тұт- қындап әкеліңдер демеп пе едiм.
- Топтасып жүр, түге. Оның үстiне түн қараңғылығы да өз дегенін істеп, жауға көмектесіп ... Қайсысы би, қайсысы қожа екенін біле алмадық, – дедi Тайлақ.
- Солай де, – дедi бас сардар. – Қане, менiмен бiрге қайсың ересiң?
35
-
-
- Мен барамын, – дедi барлаушылардың басшысы.
- Мен де …
- Мен де еремін …
- Сонда қалай, бас қолбасшы бүкіл әскерді басшысыз тастап, жауға жалғыз бара ма? – дедi қапелiмде Тайлақ шошып.
- Сендер бар емессiңдер ме? – дедi Бөгенбай.
- Азбыз ғой … Оның үстіне қолға түсіп қалсақ ...
- Ештеңе етпес. Қорыққанға қос көрінеді.
-
Әлгiнде барлаубасы «түн қараңғылығы жауға көмек- тесiп тұр» дегенде Бөгенбай балалық балдәурен шақтағы қайталанбас бiр сәттерді есiне алған. Ештеңе ойламай- тын бейкүнә сәбисiң. Ойын баласысың. Сен үшiн ең рақат дүние – түн баласы «қалмақ пен қазақты» ойнау.
Итжығыс, алма-кезек жеңiс пен жеңiлiс. Бiрақ қайткен күнде қазақтың басымдығына іш бұрасың. Ауылдың балалары екiге бөлiнген сәтте Бөгенбайға таласатын. Әрине, ол басқалардан iрi, қайрат десе қайраты бар, қияннан жол табатын айлакер едi. Бiр ерекшелiгi – көзге түртсе көргісіз су қараңғыда жана- рының жанып кететiндiгi. Бұл қасиетiне өзi де таң.
«Шабуылға» немесе «барлауға» шыққанда артына ер- ген нөкерлерi әлденеге шалынып құлап жатады. Ол сүрiнбейдi. Құдды күндiзгідей желiп отырады. Тiптi Бөгенбайға ай жарығы да қажет емес. Аға, інілерін- де мұндай қабілет жоқ. Жалпы, бауырларының найза ұстап, атқа мiндi дегенi болмаса, қалай да бір ерекше- ленгенін көрмепті, көптiң бірі.
-
-
- Мұрттылардың «құдайы» бар ғой, – деді Тайлақ ұзай беріп.
- Мейлі, – деп мырс етті Бөгенбай. Тайлақ сасқалақтап қалды.
- Бізге қарағанда қаруы мығым дегенім ғой ...
- Жер жаудікі емес, біздікі, – деді батыр.
- Түсінбедім, – деді Тайлақ.
- Сені де жігіт дейді-ау. Көлеңкеңнен қорқып... Жау жеріңді таптап жатса, мылтығы бар екен деп иіліп төсек, жайылып жастық болуымыз керек пе? Аңдамай
-
38
сөйлеген батырын Бөгенбай жер-жебіріне жете сөкті. Тайлақ үнсіз қалды.
Бел астындағы сарылдай аққан өзенге таяп келген- де әр жерде шоқ-шоқ боп жанған шөмшек от жамырап шыға келді. Бесеуі тізгін тартты. «Әй, балам. Алыстан көрінген от бірде үміт, бірде үрей. От бар жерге ошақ ие. Ошақтың иесі – тірі пенде. Тек адам аласы ішін- де. Бейуақыт жүргенде байқау керек» дейтін әкесінің әңгімесін ойына алды. Құлақтың түбінен уілдеген жел. Алда – Тайлақ. Мінісіне нықтана отырып алыпты. Табанының астында жау жатса да таптап өтетіндей ерсі де басбұзар тірлік.
Бөгенбай жан-жағына барлап қарап:
-
- Әкесінің үйінде жатқандай еліруін мына шош- қалардың, – деді сонан соң. – Аттарды әнебір шоқ талдың маңына апарып байлаңдар!
Түйе керуеніндей маңыған белең-белең бел түн құшағында жатыр. Анда-санда өзеннің асау сарыны гүрілдеп, түнді басына көтеріп әкетердей ышқынады кеп. Қызыл ұштанған шөмшек от бір сәт жан-жағын жарқыратып жіберіп, шоғыр-шоғыр үйіндіні, адам- дардың сұлбасын көрсетсе, енді бірде аспан көгіндегі әлсіз жұлдыз шоғындай дірілдей қалады.
-
- Батыр-ау, қалың әскердің тізгіні сіздің қолда. Дұшпанға мен барайын, – деді бұл жолы жау қосыны- ның жақындығын сездіре сыбыр еткен Тайлақ.
- Үніңді өшір, – деді Бөгенбай. Осы сәтте анандай- дан екі адамның екілене дауласқаны естіліп қалды. Тайлақтың қапелімде қылышқа қолы барып қалды. Қос қарашекпен есік пен төрдей жерге кеп сәл аялдады. Бейқам. Араққа сылқия тойғаны білініп тұр. Бұлардың демін ішіне тартып, үнсіз қалуын тағы да Тайлақ бұзды.
- Байлап алайық, батыр, – деді сыбырлап.
- Үніңді өшір, – деді батыр екінші рет қайталап. Көздің көрегендігі осындайда аса қажет. Сөйткенше үш- төрт қарулы кісілер жетіп келіп, әлгі екеуді алдына са- лып айдасын да кетсін.
- Астапыралла, – деді Тайлақ жағасын ұстап.
39
-
-
- Дұшпанның өзі келіп қолға түсті деп қуанғансың- ау ... Батыр аңғалдығынан өледі, – деді Бөгенбай қатқыл үн қатып.
- Қорқытып жібердің ғой, – деді Тайлақ жер астынан шыққандай дүңк ете үн қатып.
- Ұра берсе қорқақ та ержүрек болады.
-
Тайлақ бұл жолы да ұрымтал сөзге аузын ашпады.
Құнжың-құнжың етіп батырға бұрылды да:
-
-
- Өстіп отыра береміз бе? – деп кінәлай қарады.
-
Мұнысы тек қоқан-лоқы ғана еді. Бөгенбай Тайлаққа қарап әлдене дейін деп ыңғайланды да, артынша үнсіз қалды. Осы сәтте ол:«Асықпа, бауырым! Жау саған ба- уыздай салатын қой емес. Қасқырдан әккі, түлкіден қу. Сондықтан да әліптің артын бағайық» дегендей болды.
Жайық бойының табиғатына сеніп болмайды. Бір сәт тымық күй кешсе, енді бір кезде шайпау әйелдей бүлініп шыға келеді. Құм шағылдар қорқынышты әуе- зінен танбайды. Оған толқынды өзеннің бүлкілдеп ағар жылымдарының сиқыр үні қосылады.
-
-
- Мен кеттім. Сендер осы жерден қозғалмаңдар, – де- ді бір сәт бас сардар артына бұрылып.
- Оныңыз қалай, батыр? Мынауыңыз көзсіздік қой,
-
- деді де, манағы әзірейіл үн қайта естіліп қалатындай бұға қалды.
- Мен қазір ...
Еңгезердей дәу қараны алыптығына қарамай, қа- раңғы түн жұтып қойды. Бұл кезде әлгіндегі жалпылдай жанған көп оттың нұры тайып, қызарған шоққа айна- ла бастаған. Көзге түртсе түк көрінбейтін қараңғы түн. Тіршілік атаулы ұйқыға еніпті. Тайлақ қараңғыға сіңген бас сардардың соңынан мәнсіз үңілумен болды. Қолы қылышының сабынан ұстап қатып қалыпты.
Шай қайнатымдай уақыт өтті ... Ет пісірімге де таяп келеді. «Алып-ұшпа мінезін-ай мына Ақша батырдың баласының ... Егер қолға түсіп қалса ше? Масқара! Мен не деп тұрмын, ә! Пәледен аулақ». Тайлақ өз ойынан өзі шо- шып кетті. «Хан да шекесін қыздыра қоймас. Әй, Тайлақ, бұрыннан қылыш ұстап, садақ атып жауға шапқаның бар.
40
Бөгенбайды жалғыз жіберіп саған не көрінді дейді ғой. Мұндай да қайсарлық, батыл шешім болады екен-ау ...». Отыра қалып, көзін көлегейлеп, алғы бетке көз тікті.
Түн әлі сыр бермей жатыр. Қаракөк аспанда да өзгеріс жоқ. Тек көп жұлдыздың бірі ағып түсті. Көк аспанды қылыштай тіліп, ұзын жол жасап барып көзден ғайып болды. Тайлақ қорқып кетті. Әркімнің өз жұлдызы бар деуші еді ... Ағып түсті ... Аяғы шідерленген жылқыдай тұралап, Тайлақ малдас құрып отырған орнынан әрең тұрды. Жанындағылар да қозғалақтай бастады. Әлгінде бір үп еткен жел бар еді, ол да із-түзсіз жоғалып кетіп- ті. Кенет әлдекімнің пысылдаған демі естілді. Барлығы елең етті.
– Әй, бір-екеуің бері жақында! – деген сыбыр естілді.
- Бол, тездетіңдер.
Тайлақ бастағандар алға жылжыды.
-
- Мына шошқаның ауырын. Аузына тығылған шүбе- рек түсіп қалмасын. Атқа отырғызыңдар.
Үш жігіт бейтаныс тұтқынды сүйретіп ала жөнелді.
... Тірі «олжаны» қолға түсірген сарбаздар қосынға таянған уақытта кенет «Тоқта!» деген дауыс естілді.
-
- Самырсын, – деді Тайлақ әскери шартты белгіні айтып.
Бас сардарды көргенде ұзын бойлы, шашақты найза ұстаған сақшы жігіт сасқалақтап қалды.
-
- Ойпыр-ай, бас сардар қай уақытта күзет шебімізден шығып кеткен?– деп күбірледі ішінен.
Әп-сәтте бүкіл шеру сапқа тұрды. Мыңбасылар, жүзба- сылар өз сарбаздарын белгісіз бағытқа бастап әкетіп жат- ты. Таң әлі ата қойған жоқ. Тек жүзбасы Жанайды бөлек алып қалған Бөгенбай оған ерекше тапсырма берді.
-
- Бірде-бір зеңбірек бізге қарсы оқ атпауы керек. Атқыштарын түйреңдер, зеңбіректерін тұзақ салып, төңкеріп тастаңдар. Тағы да ескертемін. Жеңістің кіл- ті сендерде ...
Айналасы атшаптырым мекенде құжынаған мол әс- кермен соғысу қаншалықты қиын десеңші. Алаң-елеңде әр жақтан ұрандап тиген қазақ жасағының жойқын
41
соққысынан орыс-казактар ес жия алмай, есеңгіреді де қалды. Кешегі сайран бітіп, мүшкіл халге жеткен дұш- пан қолындағы бар-жоғын тастай қашты.
Зеңбірекке жабысқан топты Жанай бастаған сарбаз- дар әп-сәтте тұтқынға алып, қарсыласқандарын жер жастандырды. Әупіріммен суға секірген орыс-казак- тардың дені су түбіне кетті. Салға жабысып, арғы жаққа аман өткендері алды-артына қарамай тайып отырды.
Күн өте Бөгенбай орыс-казактардың жуық арада өзеннен бері өте алмайтынына әбден көзі жеткен соң тұтқындарды алға салып әскерімен Түркістанға бет ал- ды. Жеңіс салтанатын хабарламақ жаушы ертеңгісін ат- танып кеткен еді.
Жанынан домбырасын тастамай үнемі алып жүретін Үмбетей жырау:
Балдырғаны білектей, Бүлдіргені бүйректей, Бөденесі үйректей, Шортаны таудай тулаған, Маралы қойдай шулаған, Ұзыны шексіз, екі алыс, Еділден өттің, Бөгенбай! –
деген арнауын осы жолы шығарған еді.
Бұл қолбасшы Қанжығалы Бөгенбайдың алғашқы жеңістерінің бірі болатын.
42
Қарақұмдағы құрылтай
қшабатыратынантүсiп,ақтуынбаласы Бөгенбайға ұсынып: «Ата жауың – таудың арғы жағындағы құба қалмақ. Содан сақтан» дегенiне бiрер жыл өткенде Қазақ Ордасында, Қарақұмда құрылтай өттi. Қазақтың сүт бетiне шығар қаймағы осы жерге та- бан тiредi. Хан ордасы – ақшаңқан киiз үйдiң iшi де, сыр- ты да адамға толды. Тәуке хан, Бұхар жырау, Әбiлқайыр, Сәмеке, Әбiлмәмбет, Қайып, Болат хандар, Барақ сұлтан, Көкжал Барақ, Қаракерей Қабанбай сияқты батырлар, ұлы жүзден үйсiн Төле, орта жүзден Қаздауысты Қазыбек, кiшi жүзден алшын Әйтеке билер, қырғыздан Қараш, қарақалпақтан Сасық, құрамадан* Мұхамедтерге ерiп келген кеңесшiлер мен нөкерлер дейсiң бе, бар жақсылар осында. Құрылтайға жиналғандардың даңқ-дәрежесі мен жолы алуан түрлі болып көрiнсе де Бөгенбайдың ұққаны
– ел үрейлi кейiпте. Қабақтары салбыраңқы, реніші мол. Құдды бiр алыс жолдан шаршап келгендей. Бөгенбай бұл кезде оң-солын аңғарып қалған сақа жігіт.
Ел жиналған жерде сөз де, алып-қашты пiкiр де ат- көпiр. Жиынды Әз-Тәуке ашып, ары қарай Әбiлмәмбет хан жалғастырды. Айналып келгенде сөздiң түп қазығы –
«Жау шабуыл жасайды, қазақ не iстемек?» деген сауалға тiрелдi. Әркiм өзiнше ойын білдірді. Бiрi жоңғарға бас ұрып, «иiлiп төсек, жайылып жастық боламыз» десе,
*құрама – әр түрлі ұлыстар мен тайпалардан құралған ел
44
бiрi Хиуаны көкседi, ендi бiрi Бұхарға сiңбек болды. Жайықтың арғы жағындағы Ресей патшасына да қол қусыратынын жасырмады. Бөгенбай, әсiресе, батырларға қатты ренжiген. Көңілге қонарлық пікір айтылмаған соң шыдамай кетiп, ел ортасына батыл шығып:
– Уа, ағайын! Ұлымызды құл, қызымызды күң етіп, жайларымызды жатқа беріп, мал-жанымызды дұшпан- ға талатқанша, қара жердің астына неге түспейміз! Желбіретіп ту көтеріп, батыр бабаларымыздың үрдісі- мен ата жауға қарсы неге аттанбаймыз! Сүңгіміздің ұшы мұқалып, айбалтамыздың жүзі майырыла ма? Дұрыстап құлақ салыңдар! Ойратпен қасықтай қаным қалғанша соғысамын. Жерiмдi тастап кетпеймiн. Қылыштарың қайраулы, найзаларың сайлаулы болсын, – деп өз ше- шiмiн айтып тастады.
Қайран қазағым, әзер шыдап отыр екен, батырды қостап ұрандап келіп берсін. Әз-Тәуке де бұл шешiмдi қолдады. Бөгенбай қазақ Ордасының тарихында тұң- ғыш рет бас сардар болып сайланды …
Рас, құрылтай өте салысымен-ақ басып кiрген қал- мақты ойранын шығарып жеңдi. Одан кейiн бас көтермей жеңiлдi кеп …
1715 жылы Әз-Тәуке дүниеден өттi. Таққа інiсi Қайып хан отырып, етек-жеңiн жинаған сияқты едi, отыз мың әскерімен Әбiлқайыр екеуi Аякөз маңында ту-талақай жеңiлдi. Дүрбiн-Ойрат әскерi Арыс, Бөген, Шаян өзен- дерiнiң бойын шауып, бүкiл оңтүстiктi ойрандап, ол- жасын артып, тау асты. Мұнан кейiн ойрат қытаймен келiсiп, бар әскерiн қазақ жерiне төктi. Елдің тоз-тозы шықты. Қарақұмдағы ант бергендерiн ұмытқандар да кездесті. Қалай дегенде де қазақтар бар намысын біржо- ла жоғалтып алмаған екен. Өліп барып, қайта тірілді. Қазақтың үш жүзi, барлық халқы, Сартай бастаған мың баласы Сарысу бойындағы Бұланты өзенiнiң маңында, қалмақтың быт-шытын шығарған еді.
45
Алғашқы таныстық
ырғи қабақ уақыт едi, қауіп бұлты әлi де қазақ аспанынан аумай тұр. Қарақұмның құмын ба-
сып өтіп Түркiстан маңайын мекендеген Төле биге сәлем бермек боп сапарға шыққан Бөгенбай Құрылтайдан кейінгі мән-жайларды ой елегінен өткізіп келе жатқан. Кенет төбе астынан шыға келген топ аттыны көрiп, Бөгенбай ат тiзгiнін тартты. Батырдың қасындағы Оразбай мен Сартай әлгiлерге қарсы жүрді де, қалған жүз шақты сарбаз келесі сәтті күтті. Соғыс жағдайы сақтыққа әбден үйреткен сыңайлы. Бұл екi ортада Оразбай қайтып оралды.
– Бидiң ауылы ана төбенiң астында отыр екен. Мына топ бізді қарсы алуға шыққан шолғыншылар, – дедi қуанышын жасырмай.
Жол бойы алдын барлап, артынан көз алмай желе жортқан сарбаздар алға қозғалды. Жортуылдағы жол- барыстардай тас-түйiн қалыптарынан айнымай кел- ген айбынды қауымның жүздерiнен жылылық лебі сезілді. Қашанғы ер үстiне қақайып отырсын. Мiнiс аттарының желiсi де түзеле бастады. Төбенiң үстiне шығып, барлығы бiрден сай табанында отырған отыз шақты үйге көз тiктi. Көлдiң жағасы екен. Аспанында бiрлi-жарым шағаласы ұшып, қызғышы бағзы әуенiне салып, топты жүргiншiнi «сәнімен» қарсы алды. Көлi кәусар, маңайындағы шалғыны абат болса да, тұнжы- раңқы, бұлыңғыр көрiндi.
Бөгенбайлар ауыл шетiне iлiне бергенде ақжал ат мiнген жас жiгiт қарсы жүріп, анандайдан сәлем берiп, жол бастады. Еңсесiн тiк ұстайды екен. Тостағандай екi
46
көзiне ой тұнып, ақыл ұялағандай. Кiсiнiң өңменiнен өткендей ғажайып от бар, жанып тұр. Бала дейтiн де бала емес, жасы мұрты тебіндеген жігітке бейім, сөзi орнықты. Кiсi танитыны бiрден бiлiнiп тұр:
- Әу, сен осы Шақшақ Жәнiбек айтқан батыр жiгiт болып жүрмесең, – деген Бөгенбай қапелiмде.
Ол бұл сөздің аузынан аңдаусызда шығып кеткенiн де байқамай қалды.
- Өзiңiз кiм десеңiз, мен сол боламын, – дедi жiгiт бiрден жауап қатып. – Ауылымызға хош келдiңiз, ба- тыр аға!
- Рақмет, айналайын!
Бөгенбайдың ойына Шақшақ Жәнiбектiң сүйсіне айтқан бір әңгiмесi түстi.
«Пысық әрi алғыр. Шашы өсiп, қомыт-қомыт күпi ки- генiмен, жiгiттiң бойында сырт көз шала бермес үлкен тектiлiк мен мұндалап тұрғандай. Тиянақты. Жүрiс- тұрысы мүлдем ерекше. Келбетінде өзгеше асылдық, бекзаттық бар. Қолын жумайынша ас iшпейдi. Ауыл- дың мұрты тебiндеген өзi сияқты жiгiттерi сияқты жер талғамай, көрiнген жерге отыра кетпейдi. Күпiсiн ше- шiп ап, бүктеп-бүктеп биiктете салып, биiк таудың ұшар басына қонып дамылдаған қыран тәрiздi тәкаппар маңғаздықпен қыбыр етпей қалады. Жатысы да ере- сен. Еш үркiп-қорқуы жоқ, жападан-жалғыз жатады. Үлкенге бергiсiз, ақылды. Түбi бiр жерден шығады» де- ген. Ендi сол Сабалақ атанған бала өзiне қарай емексiте бастағандай ма, қалай?
Қазақ әскерiнiң бас сардары Бөгенбайдың сөз саумай- тын, ердiң құнын екi-ақ ауыз сөзбен бiтiретiн кемеңгер би Төлеге сәлем берiп келуi айтулы оқиға едi.
Осы жолы Төле би Бөгенбайға Сабалаққа қойдың ба- сын берiп, оны жігіттің өзi жемей жолдастарына қалай таратқанын, түйiндi сөз айтқанын жеткiзгенде батыр шынымен таң қалды. Сөз арасында биден:
- Осы балаң өзi қалмақпен шайқасуға қалай екен? – деп сұраған.
Батырлардың әдетi ғой.
47
-
- Жанып тұр, – дедi Төле. – Дәлдегенiн тигiзедi, ат құлағында ойнайды. Ал қылыштасатын жауды әлi кездестiрген жоқ.
- Солай деңiз…
Бөгенбай ойланып қалған. «Осы шiркiндi шайқаста сынап көрсек қайтер екен. Өзi жас, жаттықтырған да жөн шығар. Төле жiбере қояр ма екен?»
Екiншi күнi би бесін намазын оқуға киіз үйге енген- де батыр Сабалақпен далада кездесiп қалды. Ақжарқын сәлемiне риза боп, демеп алға бастады.
-
- Дат, тақсыр! – дедi жiгiт салған бойдан.
- Датың болса айт, – дедi Бөгенбай.
- Жiгiттің ат жалын тартып, жауға аттанарда жыл- қы баққаны қалай болар екен?! – деп күрсiндi Сабалақ.
- Жылқы – ер қанаты, – дедi Бөгенбай.
- Дұрыс-ақ. Ер атқа мiнбесе, садағын мойнына iлме- се, қылышын қайрап, найзасын сайлап қан майданда жүрмесе, елін, жерін жаудан қорғамаса, – дедi Сабалақ батыр ағасына мұңын айтып.
- Ердiң сөзiн сөйлеп, ерлiктiң бағытын айттың, бала,
- дедi Бөгенбай сөзiн қысқарта түйiндеп.
- «Ағасы бардың жағасы бар, iнiсi бардың тынысы бар» демеушi ме едi бабаларымыз ...
- Сiз қол бастағанда, мен артыңыздан ерсем деп едiм.
Бөгенбай жанары жалт етiп, өзiне өтiнiш бiлдiрген жiгiттiң жүзiне тiктей қарады. Осыдан он төрт жыл бұрын ел алдында сөйлеген сөзiн еске алды. Өзі де сол кезде дәл мына жiгiттей мәрт едi.
«Таланған көштiң, тұтқындалған бала-шағаның бей- шара бақылаушысы болып отырмыз. Дұшпаннан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлемiз. Қыпшақ даласының сарбаздарының жаудан жалтарған кезi болды ма? Мен қолымды жау қанына малғанда, сақалды жұрт көп едi. Әлi де көп. Ақылдың жөнiн айтар солар емес пе? Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман. Жауға мiнер тұлпар құрып па? Сұр жебе тола қорамсақ қақырап бос қалып па!» деп хан алдында қасқайып, iшiндегi наласын
50
сыртқа шығарып едi. Ендi мына жiгiт соны қайталап тұрған сияқты.
- Тәуекел! Олай болса, шешiнген судан тайынбас, – дедi Бөгенбай Сабалақтың арқасынан қағып.
- Әттең-ай, қиналып тұрғаным-ай. Бала атанып ке- лiп, жiгiт боп жеткенiме бiр адамның зор көмегi тиiп едi. Жұртқа тастап кеткендей боламын ба? – деп жұм- бақтады жас жiгiт.
Батыр жігіттің сөз ыңғайын бiрден түсiндi.
- Жiгiттiң жолын бөгемес болар ақылды адам. Ке- меңгер би – алты алашты аузына қаратқан от ауыз- ды, орақ тiлдi адам. Сауға сұрап мен барсам, бетiмдi қайтармас, – дедi батыр Сабалақты қуанышқа бөлеп.
- Әзірге жігіттігіңді сынап көрермін. Ертең шекара маңын шолып қайтамыз. Бес қаруыңды сайла, жігітім.
Сабалақтың қуанышында шек болмады. Түнімен қос бүйіріне кезек-кезек аунап шыққан да шығар.
Айтылған сөз – атылған оқ. Қызыл іңірде Бөгенбай Сабалақ екеуі ешкімді ертпей шекара қайдасың деп тар- тып кеткен.
Төле бидің әлдебір дауды шешуге көрші ауылға жедел аттанғанын пайдаланды. Түн – қарақшының, ұрының қолдаушысы. Барымтаның уақыты. Алғашқыда Сабалақ ештеңеге түсінбей, батырдың соңынан ере берген. Сабалақ Бөгенбай батырды артық ауыз сөзі жоқ, көп сөйлемейтін адам ба деп ойлаған. Ондай емес екен. Жас жігіттің зерде- сін тексергісі келді ме екен, әлде қызықты ма, кім білсін, батыр төбеден түскендей етіп сұрағын қойып қалды.
- Әй, бауырым! Қалмақ дегеннен не хабарың бар? – деді жігітке бұрылып.
- Батыр аға, мен де осы сұғанақ иттің кім екенін енді- енді біле бастадым. Үлкендерден естігенім, бізге ежел- ден көрші екен. Біз көшсек, бұлар да соңымыздан ілесе берген көрінеді.
- Қызық екен. Білгеніңді айта түс, – деді Бөгенбай атын тебініп қалып жақындай түсті.
- Бұлардың бабалары Шыңғыс ханға тәуелді болып бас игеннің өзі екен. Бірақ құл боп кісен салынып, күң
51
боп кісі есігінде жүрмеген. Маңғұлдардан соғысуды да үйренген.
-
- Соғысқаны қалай? Бұлар сонда бізге ертеде де лаң салғанның бірі десеңші.
- Иә, солай, батыр аға! «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген.
Бұлар Сібір мен Моңғолияның қыратты, таулы ау- дандарын мекендеген ойрат деген жұрт екен. Әлгінде айтқандай, олар Шыңғыс хан әскеріне жылына қырық мыңдай әскер беріп отырған. Жаман да соғыспаған. Барлық қиян-кескі ұрыстарда ойрат жасағы Шыңғыс хан әскерінің сол жақ қанатын алып жүрген. Ал сол жақ дегенді моңғолша «зұңғар» дейді. Осыдан барып қалмақтар «жоңғар» атанса керек.
-
- Әй, бала, өзің менің көзімді аштың ғой. Ау, сен мұны қайдан білесің? – деді таң-тамаша қалған Ақ- шаұлы Бөгенбай батыр.
- Бекер адам Сабалақ болмайды емес пе? – деп күлді жас жігіт.
- Менің Төле ағам да бұдан бейхабар емес шығар?
- деді батыр. Ондағысы әңгімені биден естіген шығар деп пайымдағаны.
- Ол жағын білмедім, – деді Сабалақ жауапты төтесінен қайырып.
Бөгенбай таңданған үстіне таңдана түсті. Анау бір кездегі Шақшақұлы Жәнібектің: «Әй, сол ұл текті тұқымнан. Тірлігі мені таң қалдырады» деген сөзі қайта ойына түсті. Тағы да бір жүзіне дұрыстап қарайыншы деп жігітке бұрылып еді, түнерген қою қараңғылықтан ештеңе аңғара алмады. «Жауабы жоқ, түпсіз тұңғиық жұмбақ адам» деп ойлады іш- тей. «Бұл жігіттің өнерін барымтада көрейін. Қанша ақылды болғанымен, кейбір адам қылыштың жүзі, найзаның ұшында әлсіз келуші еді ғой».
Екеуі ай астынан шыға келді. Таудан асып түсіп, етекке еңкейген. Сайға түсті, қайтадан белеңге өр- леді. Сөйткенше алдыңғы беттен жылқының кісіне- гені естілді.
52
- Е, «Қалмақасу» таяу екен ғой, жылқылары «То- былғысайда» жатыр, – деді Бөгенбай.
ЖетіқарақшыҮркердіайналғаншаекеуітырс үндемеді.
- Ал батыр-екесі, мен кеттім. Қалмақтардың тамы- рын басып көрейін. Сен осы жерде күт, – деді батыр.
Сабалақ үн қатпады. «Мені де ала кетіңіз» деп жа- лынған жоқ. Бөгенбай қараңғыға ұзай беріп:
- Қорықты ма екен? – деген ойға қалды.
Қияқ ай бұлтқа кіріп кетті де, көзге түртсе көрін- бейтін қараңғылық басты. Жылқы алыста емес екен. Атының жалына жабысып, басын еңкейтіп, құбыла беттен жылқыға кірді.
Айнала тым-тырыс. Үп еткен жел жоқ. Жылқышы- лар ұйықтап жатқан сияқты. Бейқам. Қосы да жақын жерде болу керек. Бөгенбай қалың жылқыны аралап, үйірдің айғырын көп іздеді. Ақыры тапты-ау. Алдыға салып айдап көріп еді, қолды болатынын білгендей, шыр айналып үйірін топтастырды. Іздегенге сұраған, жылқының бәрі жиналды-ау деген сәтте үйірді алдыға салып қуып берді.
Ет пісірім уақытта қайтып оралған батырды күткен Сабалақ анандайдан қарсы шықты.
- Олжаңыз оңынан болсын, – деді сонан соң. – Батыр аға, рұқсат етсеңіз, мен де аттанайын.
Батыр бас изегендей болды. Онысын мақұлдағанға сайыған жігіт қараңғыға сіңіп жүріп кетті.
Сабалақ кеткен жақтан еш дыбыс жоқ. Тасыр-гүсір шу да естілмейді. «Әй, мына бала тағы да өз дегеніне басты» деп ойлады Бөгенбай. «Қайда барсақ та қанқұйлы жоңғар қыр соңымыздан қалмай, үріккен киік үйіріндей дүркіреп есіміз шықты ғой. Анда-санда біз де тіземізді бір батырып алайық». Бөгенбай ой тұңғиығына батып кеткенін өзі де сезген жоқ.
Қалмақ деген де жұтып қояр аждаһа емес екен. Екі аяқты пенде болған соң, оларға да жан керек. Қоян- қолтық соғыс салып ек, бәлем, алды-артына қарамай зытты ғой, түге. Сартай бастаған балаларды айтамын-ау.
53
Жанын құрбандыққа шалып, тұра ұмтылғандары кере- мет болды. Мұнан кейін қазақтың рухын, намысын қу қалмақ бағаласа керек еді-ау. Бәрінен де артымыздан
«елім», «жерім» деп қару ұстап, жауға шабатын жүректі де айбынды ұрпақ өсіп келеді екен, тәуба! Бұл жеңістің киесі ер жігітті сергітті, қарсы тұрар қауқары барын білгізді.
Қарашекпені, башқұрты жан-жақтан бөріше та- лап, есті шығарып жіберді емес пе. Байқап отырсақ, қазақ қолы кімді болса да еңсеріп жібере алады екен. Зеңбірегі бар қалмақты қалай-қалай ойсырата жеңді! Енді бір сілейтсек... Айтуға жеңіл, істеуі қиын бір шаруа. Меніңше, әскер екен деп кім болса соған най- за ұстатып, шоқпар ілдіртіп қажеті жоқ екен. Жаумен шайқаса кеткенде тегеуріні темірдей, кірер жерін есік қып, шыққан жерін тесік қып жіберетін кілең қайратты, жүрегінің түгі бар, сайдың тасындай жігіт- терді іріктеп алған жөн.
Мұндайда саны отыз-қырық мың әскер талай істі тындырады десем, артық айтқандық емес. Ол үшін жауынгердің бес қаруы да, мінісі де кез келген шайқасқа сайма-сай болуы дұрыс. Қатаң талап қажет. Ал соғыс өнеріне үйретуде әсте аяушылық болмауы керек.
Үш тоғыс соғысы, қаша ұрыс, жүре соғыс, жекпе- жек, ошақ, қоян-қолтық, ай қоралануы, қоян қашты, шұбыртпалы соғыс дегендер әр сарбаздың зердесінде жатталып, бүге-шігесіне дейін қамтылып, үйретілуі
- әскери шыңдалудың негізгі мақсаты. Аштыққа да, шөлге де, ауыр ұзақ жолға да шыдау қазақ әскерінің дағдысына айналғаны жөн. Бірақ қатаң талап сар- баздарға әрдайым қамқорлықпен ұштастырыла жүр- гізілсе құба-құп. Елім деп еміренген адал жүректен шықсын.
Бас сардардың әрбір сөзі жауынгерді рухтандырып, намысқа жетелеуі керек. Сонда ғана қазақ жауынгері елі мен жерін жанқиярлықпен қорғап, жаумен қасықтай қаны қалғанша шайқасып, жеңіс әкеледі, жаудың жа- сағына өзінің мықты екенін дәлелдейді.
54
Бөгенбай бір сәт ойдан арылғанда өзінің айдалада, қараңғы түнде жападан-жалғыз ат үстінде отырғанын сезіп, селк етті.
-
- Ау, әлгі Сабалақ қайда? Жан-жағына барлай қара- ды. Таң қараңғысы селдіреп, түн түңлігі түріле бастаған екен. «Сорлы бала соры сорпадай қайнап қалмақтардың қолына түсіп жүрмесе де... Төле биге не дедім? Бидің жылқышысын жетектеп апарып, жау қолына беріп қайтты Бөгенбай батыр деген сөз өлім ғой. Енді не істе- дім? Сынап нем бар еді. Өзі де жүзіктің көзінен өткендей
55
екен». Әлгінде көзіне тығылған ұйқы қашып, батыр әбігерге түсті. Сөйткенше ат тұяғының дүбірі естіліп қалды. Енді бір сәттен соң үш қарайғанның сұлбасы көрінді. Батырдың қолы қынына таяй берген. Кенет екі түйе жүк артып алған Сабалақ шыға келсін.
-
-
- Батыр аға, түйенің ішінен атандарын таңдаймын деп жүріп кешігіп қалдым. Айып етпеңіз, – деді жігіт. Енді Бөгенбай Сабалақтың сыннан мүдірмей өткені-
-
не қуанды. «Не істедің, не қойдың?» деп сұраған да жоқ. Тек күн найза бойы көтеріліп, ауылға жақындаған сәтте:
-
-
- Ал, батыр, олжа бөлісейік, – деп жігіттің бетіне қараса, жігіттің жүзі оттай жанып тұр екен. Ол:
- Батыр аға! Ештеңенің керегі жоқ. Батаңызды бе- ріңіз, – деп саңқ етті. Бөгенбай қолын жайып жіберіп:
-
Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің, Мінезің қазақтағы хан екенсің, Жазғытұрым қалмаққа аттанамыз, Соған да керек болар жан екенсің!
Әрқашан жолың болсын! –
деп батасын берді.
Бұл Бөгенбай мен қазақтың атақты ханы Абылайдың тұңғыш кездесуі еді.
56
Аңырақайдағы шайқас
ақыт осыншама құбылмалы, заман аумалы- төкпелі деп кім ойлаған. Қалмаққа жын біт-
кендей, алып-шауып, арпалысып, жан таптырар емес. Сонау жиырма үшінші жылдан бері бір тынышталмады. Қаша ұрыс салу, жүре соғысу, сақ болу, көз ілмеу деген сөздер қазақ сарбаздарының құлағында жаттанды боп қалды. Күндіз бас сауғалаумен өтсе, түнде бір сілкі- ніп алады. Құрттай құжынаған қалмақ әскеріне қарсы шығар айбат жоқ. Түркістан, Тәшкен, Саураннан, бү- кіл Оңтүстік өңірден айырылған қазақ тұяқ тоқтатар бұдыр таппады.
Босыған жұрт Жем мен Жайыққа жетіп, табан ті- реді. Бірі аттылы, бірі жаяу шығысқа қарай шұбырған, аштықтан, аурудан әлсіреген оларды Бұқар да талады, башқұрт та «аузына» салды.
Қазақ бір рет белді бекем буып, бар күшін жиып, Шұбар теңізде ата жауын жеңген. Бұл Сыбан-Раптан өліп, оның ұлы Қалдан-Серен басшылыққа әлі бекіме- ген кез еді. Артынша қалмақ қайта құтырды. Қалай дегенде де қазақ әскерінің алдында қалмақтарды ой- сырата жеңу міндеті тұр. Ол ойдың орындалу, орын- далмауы белгісіз. Осы бір жайды ой сарабынан өткізіп, өткен-кеткенді таразылап отырған Бөгенбай бірне- ше нөкерімен өзіне беттеп келе жатқан Әбілқайырды
57
көрді. Түсі сұсты, сұлуша келген адам сәлем соңынан- ақ бас сардарға:
-
-
- Батыр аға, қайткен күнде жау жағының басшы- ларының бірін қолға түсіру керек, – деп алғашқы тілегін жеткізді. – Әйтпесе, жағдай қиын. Құрттай құжынаған қалмақтың ары-берісін білмесек, көп кешікпей Аягөздің кебін киеміз.
- Менің ойымды тап бастың.
- Құдай сәтін берсін!
-
Аягөзді еске алудың да жөні бар. 1717 жылы Қайып хан мен осы Әбілқайыр қазақ ордасының отыз мың әскерін бастап, Дүрбін-Ойратқа қарсы аттанған. Бұл бір үміт күткен жорық еді. Аттаныс алдында біраз уақыт соғысқа жаттыққан. Екі жақ Аягөз өзенінде беттесті. Мылтықпен қаруланған, өзеннің арғы бетінде шеп ұста- ған мың қаралы қалмақ ұзақты күн оқ атып, қазақтарға қарыс қадам аттаттырмады. Кеш бата қалмақтар ағаш кесіп, бекінісін нығайта түскен. Қазақтардың бір бөлігі өзеннің жоғарырақ тұсынан өтіп, шеп құрды. Сөйтіп отырғанда қалмақтарға көмекке мың жарым адам жетті. Бұл күні де екі жақтың соғысы алыстан аты- сумен өтті. Үшінші күні таң бозында қалмаққа тағы да мол әскер келіп қосылды. Тың күшпен басталған қалмақ шабуылы қазақтарды ту-талақай қылды. Бұл адам айтқысыз жеңіліс еді. Әбілқайырдың әлгіндегі
«Аягөздің кебін киеміз» деуінің сыры осы болатын.
... Бөгенбай Аңырақай жерінің ой-қырын әбден зерт- теді. Жүзден аса шақырымға созылған қиыры шексіз жазық мекенде Хантөбе, Қарауылтөбе белеңдері таумен иықтасып, сай-сайдан бұрқанған бұлақтар атқыласып жатады екен. Ертерек кездерде бабалар бұлақтардың кө- зін киізбен жауып, топырақпен бастырып жауды шөлге қақтап, өлімге ұшыратыпты деген аңыздар да мол. Соған ызаланған ата жау бұл мекенді «Итішпес» атандырған екен. Тарихтың қойнауында небір ашылмаған құпия сырлар бұғынып жатыр дегенге сенбей көріңіз. Жақпар- жақпар тау үңгірлерінде әлі күнге дейін болат қорытқан қазандықтар, ұстаханалар кездеседі. Тоқта таудан есетін
60
Ебінің желі* де, анда-санда ен даланың шаңын еңсеріп бір өтетін Сайхан желі* де осы маңның еншісі. Пай-пай, дүние-ай десеңші. Осы бір жалпақ далаға таласқан екі көшпенді халыққа не жетпейді? Көрші қақысы бұлай болмаса игі еді. Қазақтар қаруын асынып, жазда жай- лау, қыста қыстау болған атамекенінде озбыр дұшпанға оймақтай жерін бермеу үшін қасықтай қаны қалғанша айқасады, яғни бұл жергілікті халық үшін әділетті соғыс, ал таудан асып, атқа мініп дөңайбат көрсеткен қалмақ ісі
- әділетсіздіктің белгісі. Құдай мен әділет қай жақта? Осы бір сауал төңірегінде ойланып тұрған бас сардарға:
- Тапсырманы бүгінгі түннен қалдырмай орындау керек, – деді Әбілқайыр.
Жауап орнына Бөгенбай басын изеді. Сол түні бас сардардың көз қырағылығының тағы бір пайдасы ти- ді. Қалмақша киініп алған батыр түн ортасы ауа, көп шатырдың бірінде жатқан айдарлы қалмақтың аузын
*Ебі, Сайхан желі – жер атауымен байланысты жел атаулары
61
тығындап, арқалап келді. Ол ойраттардың көп мың- басыларының бірі еді. Тұтқынның аузынан шыққан сөзге сенсе, жоңғар әскері қырық төрт мыңға жетер- жетпес екен. Екі мың адамға аз қазақ жасағы бұл санды қарсыласымызбен тепе-теңбіз деп бағалады. Сол жолы Бөгенбай Абылайды тағы да түнгі жорыққа алып шыққан болатын.
-
-
- Батыр аға, жеңіске жол аштыңыз, – деген Абылай батырдың ерлігіне қуанып.
-
Денелі, мұртты жігіттің тұлғасы зорайып, жанары- нан от ұшқындап тұр екен.
Екі күн өте таң бозынан керней тартылып, майдан дабылы қағылды. Төбе басына ақ ту тігіліп, қасына ту ұстаушы қонды. Әбілқайыр шатырында барлық мыңбасылар жиналып, алдағы соғыстың жоспары талқыланды.
-
-
- Бұл соғыста қайткен күнде жеңу керек, – деді Әбілқайыр.
- Немесе қара жерді құшақтап өлу керек. Ханның да, байдың да, кедейдің де тұрағы – қасиетті атамекен.
-
Ханды қоршап тұрған әскербасылардың үні бір жерден шықты. «А...н...т ... е...т...ей...ік!» деген сөз Аңырақай даласының аспанына көтеріліп, жер тітірет- кендей естілді. Намыс оты лаулап жанғандай болды.
Енді бір сәтте майдан даласының үстін қою шаң бүркеп, көкжиек көрінбей қалды. Анда-санда таудан есер самалды бері беттеген қалың қалмақ жасағы жібер- мей қойғандай. Оның үстіне күн арқан бойы көтеріле- ақ, денесіндегі бар қызуын жерге төгіп, онсыз да маңып жатқан даланы балқытып жөнелді.
-
-
- Шабуыл басталды, – деді биік төбеден төмендегі бір-біріне қарсы беттеген қос әскердің аттаған қадамын көзден таса қылмай бақылап тұрған Әбілқайыр.
- Құдай жақ болсын! Өз орындарыңнан табылыңдар! Торы қасқамен екпіндете шауып орта жүз әскері- нің алдына шыға келген бас сардарды көрген сарбаз- дар «Бөгенбай!» деп дауыстап үлгерген. Сөйткенше екі жақ бір-біріне қарсы кеп, түзем құрды. Қалмақ жақтан
-
62
сары жалауша ұстаған үш сарбаз жақындап келіп, ат- тарынан түсіп тізелерін бүгіп тәжім етті.
-
- Ойраттар соғысуға дайын. Тек алдын ала батыр- лардың жекпе-жекке шығуын күтеміз. Жауабын есті- гіміз келеді, – деді.
Көп ішінен Бөгенбай батыр:
-
- Жекпе-жек! – деп дауыстап қалған.
Сәлден соң түйедей теңбіл шұбар ат мінген еңгезер- дей қара қазақ сарбаздарының ортасынан шығып, май- дандасар алаңға беттеді. Жоңғарлардың тізесі діріл- деуі де мүмкін шығар. Мұндай алып адамды көрген де, көрмеген де бар, құдды үйдей. Ұялы көздерінен от ша- шырайды. Жалпақ жауырынды, екі иығы кере құлаш, бойшаң да алып адам мінісін ақырын бастырып, сайыс орнына кеп тұрды да, жау жаққа сабырмен қарады.
Ортаға адам емес, тап бір төбе көшіп келгендей. Екі жақ та аң-таң. Қазақ тобы қалмақтардан кім шығар екен деп қарсы алдынан көз алар емес. Бір кезде төбедей қара қасқа атын ойнақтатып, алып қарақұс сияқтанған айдар- лы қалмақ ортаға шыға келді. Сұсы керемет. Алыптығы да ересен. Ұзыны мен көлденеңі бірдей жуан қара кі- сі. Бөгенбай батырдан бір де кем емес. Қиықша кел- ген, қысыңқы еті өскен қызыл көздері аш бөрінікіндей тынымсыз, томпақ бет пен түйілген қабақ ортасында қысылып, алыстан көрінген түнгі оттай жылт-жылт ете- ді. Құдайдың өзі екеуін майдан даласында кездестіре- тіндей етіп, әдейі жарата салған сияқты. Екі жақ та екі дөйден көз алар емес.
Батырлар бір-біріне таяп кеп, ат тұмсығын түйіс- тіргенде әлдеқандай бір құдіреттің күшімен екі тау етегін- дегі қос төбе жылжып кеп, қатар тұра қалғандай болды. Бірі сауыт кигеннен соң ба, ұшы үшкір төбеге ұқсайды, екіншісінің тұлымы болғандықтан ба, төбесіне шынар өскендей әсер қалдырады. Бұл екі ортада керней тартыл- ды. Қазақ жағы «Бөгенбайлап!» ұран тастап, жер-дүниені басына көтерді. Қалмақ батыры қабанша қорсылдап ұмтылса, қазақ батыры қыран бүркіттей ширығып, еп- пен қимылдайды. Көк аспандағы әлемді жарқыратып
63
тұрған табақша күн бар қызуын жиып, дәл мына жалпақ дала Аңырақайға, одан қалса осы бір алаңқайға төгіп салған ба, жердің топырағын балқытатындай аптап шектен шығып тұр.
Жебеден, қылыштан сақтайтын қалың сауыт киген сарбаздардың үсті-басы малшынған тер. Батырлардың шайқасы қылыштасумен басталып, найзаласумен аяқ- талды. Аттарының сауырларынан тер шүмектеп ақты. Ақырында қалмақ батырын шығыңқы қарыны ажал құштырды.
Шығыршығы бұзылған кіреукенің ашық тұсын байқаған Бөгенбай батыр оңтайлы сәтті қалт жіберме- ді. Қайың сапты найзаны бойлата сұғып, ырғап қалған. Түйе дене теңселіп барып жерге бұрқ етті. Бөгенбай өз тобына қарай жүре бергенде қазақ қолы ұран са- лып алға ұмтылды. Мұнысы батырды қалмақтардың қоршауынан алып қалуға жасалатын ежелгі әрекет болатын. Екі жақ қоян-қолтық, қаптама ұрысты бас- тап кеткен. Қалай дегенде де батыры жеңген жұрттың мысы басым келеді. Сайға қарай қуалай соғысып, тоқтату дабылы қағылғанша қырқысты. Төбе үстінде тұрған ақ ту да ілгерілеп барып қадалған. Әбілқайыр Қарауылтөбе баурайындағы кең қолтықтан зеңбірек үні шығып қалар деп қауіптенген. Зеңбіректердің қай тұста тұрғанын айтқан тұтқын мыңбасының пайдасы тиді. Құдай сәтін берді. Алғашқыда от мылтықтың да- уысы маңайды жаңғырықтырып шыққан еді, артынша қазақтардың тосыннан тиген қолының екпінді естіл- ген ұранының үні басып кетті. Әбілқайыр Бөгенбай батырдың шайқасына сыртынан қарап тұрып сүйсінді.
-
- Бізде де ел ардақ тұтар ерлер бар екен ғой, – деп тәубе етті. Дауысы дірілдей шықты.
Екі жақ та таң атқанша аңдысып көз ілмеді. Ертең- гісін ақ ту ұстап елшілер жетті.
-
- Мыңбасыны қайтарыңдар. Шайқас әділ болсын,
- деді олар.
- Біз адам ұрлау үшін емес, соғысуға келдік, – деді Әбілқайыр кекетіп.
65
-
-
- Онда сендер нағыз әділетсіздік танытып отырсыңдар,
-
- деді жоңғар елшілері.
- Әділдік іздегендер әділетсіз соғыс ашқанын біл- мей ме екен? – деді Бөгенбай біздей тілін сұғып алып. Әбілқайыр ызалана мырс етті.
- Батыр аға, қай беттерімен кеп тұр бұл атаңа нәлеттер!
Шауып тастайын ба өздерін, – деді Көкжал Барақ.
-
- Атқа теріс мінгізіп жіберейік, – деді Қабанбай гүрілдеп. Әбілқайыр оң қолын көтеріп, өршеленген батырларға басу айтты.
- «Қашқан жауға бәрі батырдың» керін келтір- меңдер. Мықты болсаңдар, анау қол бастаған қані- шерлерінің басын кесіңдер, – деді ол.
Батырлар өршелене түсті.
-
- Несі бар, шапсақ шабамыз, – деді Қабанбай шам- данып.
- Шаппай жүрміз бе? – деді Барақ тұлданып.
Әбілқайыр Бөгенбайға көз тіккен. Түс кезіндегі ерен айқастың әсері ме, жүзі дуылдап жанып, бұрышта жан-жағындағыларды үнсіз бақылап отыр екен.
-
- Қосындардың бәріне айтыңдар, сақ болсын. Күзетшілер қалғымасын. Жоңғарлар да енді адам ұрлауға кіріседі, – деді Әбілқайыр ескертіп.
Түн түңлігі түрілгенше жүзбасыларға тыным болма- ды. Таң алдына дейін күзетшілерді бақылап есі шықты. Хан баянына қарағанда қазақ әскерінің алғашқы алы- мы тегеурінді екен. Қалмақтың бес зеңбірегінің үшеуін істен шығарыпты. Бәрін бүлдіріп бара жатқан сол от- мылтық. Алыстан атып, қазақтарды көптеп жаралап барады. Бұлардың көзін құрту үшін әскердің неғұрлым қоян-қолтық ұрысы қажет. Сондықтан да жазыққа бар- май, шұбыртпалы соғысқа жоламай, төбе астынан шыға келіп, қапелімде бас салу, кезі келсе өлген қалмақтың мылтығы мен оқ-дәрісін тартып алып, өзіне бағыттау да есте болғаны жөн.
Тағы да бір қауіп – ойда-жоқта тау асып көмекке ке- лер жау әскері. Әбілқайыр Жантай батырға өз жасағы- мен қалмақ қолына қосылар көмектің жолын қиып,
66
аз-көптігіне қарамай талқандап, көзін құртып отыруды тапсырды. Бұл ойды Әбілқайырға айтқан Бөгенбай еді. Елуді еңсеріп қалған қарт батыр басынан не өткермеді десеңші. Үмбетей жырау жырламақшы:
Қолтығы ала бұғының, Пәйкесіндей Бөгенбай. Жалаң қия жерлерден Жазбай түсіп түлкі алған, Білегі жуан бүркіттің,
Тегеурініндей Бөгенбай бұл жолы да ойдан шықты.
Осы жерде сөзге Шақшақ Жәнібек араласқан.
- Сарбаздарға дұрыс қару керек, – деді ол өзіне үнемі қамқор боп жүретін Әбілқайырға. – Адамың мен атың сай болғанмен, соғыста бес қаруың сай болмаса, көптігіңнен пайда шамалы.
- Қару жасау қолымыздан келмейді ғой. Бір ғана дәметеріміз – орыстар. Олар батысындағы көршілермен жиі шайқасып, әр соғыс сайын қаруларын жетілдіріп келеді. Досың күшті болса, сен де айбаттысың. Қуаты мол көршілерге қол созуымыз керек, – деді Әбілқайыр.
Бұл сөз Шақшақ Жәнібекке ұнамай қалды.
- Мінеки, мынау менің қаруым. Ал да үйрен, жауыңа жұмса дей қоятын орыстар есектің миын жемеген шы- ғар, – деп шарт кетті.
Әбілқайыр да қасарыса түсті.
- Тең тұтып төрден орын бермесе де, енді солардың алдына иіліп барсақ, кеудеден итере қоймас. Бүкіл қазақ соңыма ереді деп айта алмаймын. Кіші жүзге ша- мам жетеді. Осы соғыстан соң Болат та, Сәмеке де ал- дымен өз жұртына ие болып алсын. Аягөзге – ат тұяғы түгілі құстың қанаты талар шалғайға Әбілқайыр енді келмейді.
- Алдымен қалмақты жеңіп алайықшы, – деді Бөгенбай Шақшақ Жәнібек пен Әбілқайырды бітімге шақырып. Бұл екі ортада ұрыс дабылын білдіретін кер- ней тартылды.
67
-
- Уа, аруақ! – деп Бөгенбай дауыстап жібергенін өзі де байқамай қалды.
Майдан даласы дүркіреп кетті:
-
- Жарадың! – деді бірі.
- Мә, иттің баласы ...
- Жер жастандыр ит-доңызды ...
Сарбаздардың кеудесі көтеріліп, құдды батыр орны- на өздері соғысып жүргендей айбарланды. Жау жағы да аямай кескілесті. Қызыл іңірде алашапқын майдан то- ластап, сарбаздар қосынына қайтқан.
Апта аса жан алып, жан беріскен соғыс екі жаққа ке- зек-кезек ауып, шығар шыңына жеткенде, ойда-жоқта құбыла беттен қою шаң көрінді. Түнде көрінген оттай жұмбақ көрініске екі жақтың да қолбасылары аңтарыла қарады. Екі әскерге де бұл сәтте келер көмектің қажеттігі шөлейт жерге аспаннан жауған нөсер жаңбырдай еді.
-
- Мынау Өтеген батырдың ақ туы ғой, – деді Бөгенбай батыр жанындағы Әбілқайырға.
- Құдай жақсылығын берді десеңші.
Сөйткенше қалмақ жақтан шегіну дабылы естілді.
-
- Жау қашты! – деді майдан даласын бақылап тұрған Әбілмәмбет.
Әп-сәтте тосыннан қосылған әскер ұрандап аспан көгін тітіретті. Ертеден қара кешке дейін шайқасып әлі құрыған қазақ жасағына қосылған тың күш жауын турап салар екпін көрсетті. Төбеден бар қызуын төмен қарай сорғалатқан күн түлкі жонданып еңкейгенге дейін Аңырақай даласында босыған қалмақты қуып жүріп кескілеген қазақ сарбаздарының айбынды үні естіліп жатты:
-
- Мә, тарт сазайыңды! Жерімді жаулап, адамын құлдыққа жекпек екенсіңдер ғой.
... Тау беткейіндегі домаланған төбелердің ендігі жер- де «Қалмақ қырылған» деп аталатынын бұл кезде ешкім білген жоқ еді.
Бәрінен де жауды ел шетінен ұзатып сап, жерін, көлін, өзенін қорғап қалған қазақтардың мақтанышы зор. Алайда атажұрт үшін соғысқан сан мыңдаған
68
боздақтардың денесі осы Аңырақайда қалды. Олар ен да- ланы кезіп, «Елім-айлап» зарлап, қабырғасы қайысып, аш-жалаңаш еңіреген, маңдайының соры бес елі қазақ жұртының жанкешті өтемі еді.
Рух – халықтың жаны. Алғашқыда бұлар майдан ше- біне бас қолбасшы, хас батыр, мыңбасы, жүзбасы, сарбаз болып кірген еді. Шайқастан соң бір тудың астындағы ұлт болып «намысы биік қазақпыз» деп шықты. Негізінде бұл ұран қазақ хандығында бұрыннан қалыптасқан, әлі де рухтандырып, намысқа жетелейді.
Шындығында бұл ұрысқа иісі қазақтың үш жүзінің жұрты түгел қатысты. Оларды майданға Әбілқайыр бас- тап, Сәмеке, Әбілмәмбет хандар қостап шықты. Қан- жығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Көкжал Барақ сияқты ел сенетін ерлер білек сыбана кірісті. Олар осы- лайша басын біріктіріп, табанды күрес жүргізсе, ешбір жаудан жеңілмейтініне жұрттың көзін жеткізді.
Егер Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болма- са, қазақ Ордасы тозып-құрып бітуге жақын еді. Енді біраз шабуылдағанда Жоңғар қалмағы Еділ қалмағына тоғысып, бүкіл Сарыарқаға иелік етпесіне кім кепіл. Ол кезде хандық садаға, халықтың өзі құрып кетер еді.
Қуатты Жоңғар тұмсығы тасқа тиіп жапырылды. Бұл елеулі оқиға болды. Алайда арада біраз уақыт өте, қалмақтар тағы да соғысқа аттанып, қазақ әскерін ора- сан зор шығынға ұшыратты. Оның себебі Аңырақайдағы жеңістен кейін біртұтас Қазақ Ордасы іс жүзінде әлденеше билікке бөлінді. Әбілқайыр ел билігін бермедің деп өкпелеп, Кіші жүзге кетті. Батыр хан, Сәмеке хан, Әбілмәмбет хан, Жолбарыс хан, Барақ сұлтан өз иелікте- ріне басшылық етті. Олар жауға бірігіп әскер шығаруды ойламады. Мызғымас ынтымақ қана ұлтты жеңіске жет- кізетінін тереңнен түсінбеді.
Халықта «бөлінгенді бөрі жейді» деген ұлы қағида бар. Қазақ, міне, осының кебін киді.
69
Қалмақты талқандау
ршындаған апталар, ат желісті айлар, жылжы- ған жылдар өткенде Бөгенбайдың соңына еріп,
талай соғыс, барымтаға барған шәкірті Абылай хан сай- ланды. Жиырма жасында билікке жеткен Абылай ұзақ уақыт бойы тура өкім құрса да, осы жылдардың бәрінде Бөгенбай батыр ханның ақылшысы болды.
1771 жылы қазақтың үш жүзі – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз хандары мен сұлтандары, билері мен ба- тырлары, барлық игі жақсысы Түркістан қаласында, мұсылман әулиесі Қожа Ахметтің қасиетті күмбезінде ата жұртының ежелгі дәстүрі бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы деп жариялады.
Сонау Орта жүз ханы болып жүрген кезде-ақ, Орта- лық Азиядағы ахуалды, әскери іс пен саяси жағдайды анық байыптаған Абылай ең алдымен қалмақ басқын- шылығынан құтылудың жолын іздеді. Бұл жөнінде ол хан Ордасы адамдарымен де, Бөгенбай бастаған батырлар- мен де ынтымақты бірлікте болды. Абылайдың парасат- ты әділ билігі әміршіге деген халық сенімін нығайтты.
Ал Бөгенбайды таң қалдырғаны Абылайдың көшпен- ділердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын кеңінен қолдануымен қатар, жаңа жағдайға арнап әдіс-тәсілдер шығарып, үлкен соғыстың стратегиясын жасауы еді.
Қалдан-Серен өлгеннен соң тақ үшін балалары ара- сында келіспес дау басталды. Өз ағасы Сыбай-Доржыны өлтірген Лама-Доржы билікке келді. Ол ел айтқандай,
«қазаққа қарап ұлып» қазақтан барған елшілерді өлтіртіп, тағы да қалың қолмен тау асты.
71
Осыны пайдаланған Абылай жоңғар тағының үміткерлері Әмірсана мен Дабашыны қастарына бес жүз сарбаз қосып беріп, Жоңғарияға аттандырды. Олар әскері жоқ Лама-Доржыны тұтқындап, басын ал- ды. Таққа Дабашы отырды. Енді Әмірсана мен жаңа тақ иесінің арасында соғыс басталып, тақ Дабашының қолында қалады. Міне, осы сәтте Абылай хан жасы талайға кеп қалған Бөгенбайды бас етіп, қалмақты бір- жола талқандауға аттандырған еді.
Аягөз бойына топтасқан қазақ қолы шеп құрып, екі-үш күн тыныққан сәтте Бөгенбай маңайды шо- лып, төбе басында тұрған. Бір кездерде Әбілқайыр екеуі осы маңда қалмақтармен соғыс салып еді. Енді міне, маң далада тағы да кездесіп тұр.
-
- Батыр аға! – деді шашақ найзалы сарбаз жаны- на жақындап кеп, қолын кеудесіне апарып, тізесін бүгіп. – Қалмақтардан елшілер келіпті. Сізді күтіп отыр. Жолығуға мұрсат сұрайды.
- Келсін де. Несі өте кетіпті?
Шашақ найзалы сарбаз Бөгенбайдың тұлан тұтқан түрінен шошынып қалды.
-
- Батырларды жина!
- Құп болады!
Шатыр ішіне мыңбасылар келіп болды-ау деген сәтте Бөгенбай жанындағыларға бұрылды.
-
- Жігіттер, мына тоқпақ айдарлы жұрттан ел- ші келіпті. Не дейтінімізді құптасып, тоқсан ауыз сөздің түйінін айтайық бұларға.
- Жүні жығылып кетіпті. Бітім сұрап келмесін осылар, – деді әншейінде өз ойын бүкпей айтатын Қабанбай батыр.
- Төлегетайдың* төл батыры Қабанбай, жерімізді иемденіп алып, бітім сұраған қалмаққа келісім бере қою оңай ма екен? – деді Шақшақ Жәнібек. Батырлар күлісіп алды.
- Иә, соны айтамын-ау ...
*Төлегетай – Найманның үлкен бір атасы
72
Бұл Өтеген батыр еді.
- Жә, күлісіп болдық. Қалай дегенде атаңа нәлет қалмаққа айтқанымызды орындатып, айыбын тарт- тырумыз керек, – деді Қабанбай жөн сөздің тізгінін қолына алып.
- Басын жерге жеткенше исін. Өз мекені таудың арғы жағында екенін білсін, – деді Мүйізді Өтеген құшырланып.
- Енді Аягөз бен Жетісу жеріне аяқ баспайтын ету керек, – деді Керей Жәнібек кесімді сөзін айтып.
Енді бір сәтте шашақты найза ұстаған жасауылдар- дың «демеуімен» Бөгенбай батырдың ордасына ұзын саны онға жетер елшілер келіп кірді. Бастарын жерге жеткенше иіп, мүсәпір бола қалыпты, түге.
- Байқайсың ба, иініне су кеткендей боп бүрсиюін,
- деді Қабанбай іштегі ызасын сыртқа шығарып.
- Пенде атаулының кеудесіне нан пісіп, ертеңгі кү- нін ойламайтын әдеті емес пе? – деді Шақшақ Жәнібек.
- Әкесінің құны қалғандай өңмендеді емес пе? – деді Мүйізді Өтеген.
Бөгенбай оң қолын көтерді. Бұл «сабыр етіңдер, жауға сыр бермеңдер» деген белгісі еді. Жұрт жағалай тізерлей отырған қалмақ елшілеріне қарады. Орта тұсында отырған егде ойрат қолтығының астынан ал- ған кішкентай сары туын Бөгенбайдың алдына тастап еді, қалғандары да осы қимылды қайталады.
-
- Батыр! – деді сол сәт тақыр бас қалмақ қазақша сөз бастап. – Біз бітім сұрап келіп отырмыз. Иілген бас- ты қылыш кеспейді.
- Зәндемін*, өтірік мүсәпірсуін қарашы, – деді шы- дамай кеткен Қабанбай.
- Сонан соң екен ғой, бала-шағаның, шал-кемпірдің басын қырқып қан қақсатқандарың.
Бас елші Қабанбайдың сұсты жүзіне ұрлана көз тас- тап, өңі қаракүреңденіп шошып кетті. Тұқырайған күйі үнсіз отырып қалды.
*зәндем – сұм, қу, залым
73
-
-
- Қалай шештіңдер? – деді Бөгенбай батырларға қарап.
- Тұрар жерін айтсын. Мен келісе алмаймын, – деді тұлан тұтқан* Қабанбай.
- Лама-Доржы әділ болса, барған елшілердің басын шаба ма?
- Ол қонтайжы о дүниеге кеткелі қашан, – деді бас елші.
- Енді қалғаны да соның кебін киетін күн алыс емес,
-
- деді Шақшақ Жәнібек ортадан киіп кетіп.
- Онда бұлар өз келісімімен тұтқынға түсіп, соғыс- пай берілсін, – деді көп сөйлей бермейтін Жанатай ба- тыр жан-жағына қарап.
- Пау, жігіттер, сөздерің дәл тиетін оқтай болсын да,
- деді Шақшақ Жәнібек. – Қалмақ та біз сияқты халық. Жаз жайлау, қыс қыстаумен өмір сүретіні де жалған емес. Алайда көп ішінен бір қызылкөз шықпай ма? Жан- жағына көзін алартып, қара орман халқын алдап-сулап, мол дүниеге кенелтпек боп, сөзге жықпай ма? Астына тақ, қолына қылыш тиген соң соғысқа апарып тықпай ма? Соны да түсіну қиын ба?
Шақшақ Жәнібек батыр орнынан тұрып кетті, ары- бері сенделе жүріп, қолын ары-бері сілтей нықтана сөйледі.
-
- Ондай білгіш болсаң, кесіміңді айтшы, – деді Қабанбай күндей күркіреп.
- Айтсақ айтайық, – деді жан-жағына қараған Шақ- шақ Жәнібек.
- Ең алдымен анау мыңбасы, жүзбасылары астында- ғы аттарын сойып, етін асып алдымызға әкелсін.
- Ол ненің жөні, батыр ағасы? – деді шыдамай кеткен Мүйізді Өтеген.
- Қазақ – әдетінде ырымшыл халық. Тау асар мінісі пышаққа ілінсе, қалмақ соғысқа жаяу шықпайды. Оның үстіне етін асып, қазаққа ұсынса, жайылып жастық, иі- ліп төсек болғаны, – деді тілді батыр айтар ойының мән-мәнісін тәптіштеп жеткізіп.
*тұлан тұту – бұлқан-талқан болу, қатты ашулану
74
- Оныңа құба қалмақ көнер ме екен? – деді Жанатай.
- Көнбесе, қылыштың жүзі, найзаның ұшы қанға мұқалмас.
Жан-жақтан:
- Батыр ағаның сөзі жөн екен.
- Мұндайды айтпаса, елін соңына ерткен көсем бола ма?
- Келісейік бұған, – деп мақұлдаған сөздер естіліп қалды.
- Ал енді оған қалмақ не дер екен? – деді Қабанбай өршеленіп.
- Құлдық, – деді бас елші қолын кеудесіне апарып. Бөгенбай тағы кімнің айтары бар дегендей жан-жағы-
на қарап еді, Шақшақ Жәнібек:
- Айтарымды түгел айтып біткемін жоқ, батыр-екесі,
- деп дауыстап қалды.
- Айтсын!
- Аузынан қақпайық, – деп дүрілдесті жағалай қон- ған батырлар тобы.
- Аманатқа бас батырға ақ үй әкеп тіксін, – деді осы сәт Шақшақ Жәнібек.
- Онысын қалай түсіндік? – деді Жанатай батыр қам- шысын шошаңдата ұстап, қолын бүйіріне апарып.
- Соны да түсінбедіңдер ме? – деді Шақшақ Жәнібек батырларға сестене қарап.
- Ақ үй – аманатқа тұрарлық нәрсе. Көңілім ақ, жері- ңе тіккен үйімді өздеріңе сыйладым, жеріңе аттап бас- паймын деген антым болсын демей ме қалмақтар ...
Бас елші келіскенін білдіріп басын изеді. Бөгенбай тағы да жан-жағына көз тастады. Ешкім дараланып шыға қоймады.
-
- Елші мырзалар, – деді Бөгенбай қалмақтарға бұ- рылып. – Шақшақ Жәнібек батырдың айтқан сөзі – қазақтың сөзі. Қалай естідің, солай орында! Басшыла- рың ақ ту көтеріп, Өлеңтіге шықсын. Біз сол жерден табыламыз. Рәсім де сол жерде орындалсын. Бұлтаққа салсаңдар, қазақтың қылышы қайраулы, белінде шоқ- пары байлаулы, балтасы саптаулы, найзасы баптаулы,
- деді Бөгенбай даусын қатқылдандыра гүжілдеп.
75
Қалмақ елшілері бастарын изей-изей сыртқа бетте- генде Шақшақ Жәнібек естісін дегендей.
-
- Бұқаға туған күн бұзауға да туады, – деп мырс етті. Бөгенбай осы бір сәтте өзін еркін сезініп, бір жа-
сап қалды. Қаншама боздақты қыршынынан қиылар соғыстан сақтап қалды. Майдан бар жерде өлім бар. Бітім – айтарға жеңіл, істеуге қиын бір тірлік.
-
- Әскерлерің жайылып кетпесін, – деді сонан соң жағалай отырғандарға көз тастап.
- Жәнібек қышуымды қандырды-ау. Өйтпесе әрі батыр, әрі шешен болып туа ма! – деп есілді Қабанбай кеңк-кеңк күліп.
- Адам ойламағанды ойлап табады. Жауды аяған жаралы. Бауыздамай сойды деген осылай болса керек,
– деді Жанатай.
– Дұрыс-ау, – деді бағанадан бері үндемей отырған Мүйізді Өтеген гүр етіп.
Сол күні қалмақтар қазақтың айтқанына бас ұрды.
76
Шүршітпен соғыс
ягөздегі бітімнен соң, ойда-жоқта Қытай әскері Жоңғарияғабасыпкіріп,қалмақжұртын еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін қырып жойды. Сылтауы – тақ иесі Әмірсананы «заңды тағына отырғызу» еді. Оның астарында байлығы мол елді иеле- ніп қалу дәмесі тұрған. Осы кезде Абылай мен Бөгенбай әскеріменқалмақтыңшекарасындабекініпжатқан болатын.Жоңғардыңонсыздаәлсірегенінбілетін қытай еженханы* арнайы елшілік арқылы қазақтарға
мәлімдеме хат жолдады.
«Сіздер бұрын өлүттермен* тынымсыз жауласып келдіңіздер, – деп жазылыпты бұл хатта. – Біздің аспан асты әулеті әскер аттандырған кезде Дабашымен соғысып жатыр едіңіз. Енді Жоңғар жері тыныштанды. Барлық жұрты біздің қызметшіміз болып табылады. Бұдан былай қастандық жасауға жол бермейміз. Егер сіздер де біздің айтқанымызға құлдық ұрсаңыздар, мейлінше жарылқар едік. Ал дербес ел болып отыруды қаласаңыздар, өз шекараларыңызды сақтап, бейбіт тұруға рұқсат. Бұдан былай біздің жаққа басып кіруге тыйым салынады, егер бұрынғыны қоймасаңыздар, өзіміздің жеңімпаз әскерімізді аттандырып, жазаға тартамыз ...».
Қалай дегенде де бұл қашанда өзін жарым дүниенің әміршісімін деп есептейтін Мәнжу-Цин боғдыханының қазақтардың күш-қуатын бағамдап, Қазақ Ордасының тәуелсіздігін танығаны еді. Қытай еженханы енді
*еженхан – билеуші, әмірші, император дегенді білдіретін лауазым
*өлүт – ойраттардың бір атауы
77
Әмірсананың өзінің көзін құртпақ болып, оны шақырт- қан. Бірақ Әмірсана Абылайға қашып келіп, көмек сұрайды. Қытайға да керегі сол болатын.
1756 жылы жазда қытай әскері Хадаха мен Дардана- ның бастауымен қазақ жеріне кірді. Абылай үш жүздің басын қосып, батырлары мен билерін ордаға шақырған. Бұл аса қиын кезең болатын. Бөгенбайдың жетпістің ал- тысына келген шағы еді.
- Қарсы шығып, ел екенімізді көрсетеміз, – деді Абылай хан. – Екі лек қытай әскері бір-біріне қосылған- ға дейін әлсіретіп соғамыз.
- Меніңше жүре соғысып діңкесін құрту керек, – де- ді Қабанбай.
- Олар даланың қыр-сырын білмейді. Бетін шөлге бұрып, ата-бабаларымыздан қалған ұрыс тәсілдерін қолдану керек, – деді Бөгенбай.
- Дұрысы сол, – деді Шақшақ Жәнібек батыр да қостай жөнеліп.
Бөгенбай Абылайға осы жолғы соғыстан босатуды өтінген. Бірақ хан:
- Жан қысылар шақта алдындағы айбатын көрмей, жігерленбей қазақ әскері шүршітпен қалай шайқаспақ? Қабанбай әскердің бір бөлігіне ие болса, Шақшақ Жәнібек екіншісіне жөн сілтер. Ортасында күжірейіп өзің жүрсең, Бөгенбай аға, жоғымыз табылып, барымыз көбеймей ме? – деп тізгінді босатпай қойды.
Кешегі күні жаумен шайқасуды үйреткен шәкіртің ел билеп тұрса, қалай ғана көмектеспей тастап кетерсің. Бөгенбай сөзге тоқтап Абылайдың әмірін күтті.
- Батырлықты сізге үйретер біз емес. Соғыс ережесі белгілі. Шүршіт деген ел жалпы тұмсығы тасқа тимей тоқтамайтын көрінеді, – деп жымиды хан.
Айтса айтқандай, саны көп шүршіт өлген-тірілгені- не қарамай, алға ентелей береді екен. Бөгенбай әскерді шағын-шағын қосынға бөліп, түнде, оқыста шабуылдау- ды әдетке айналдырған. Бұл негізгі әскер күшін сақтап қалуға да жөн көрінеді. Соғыс болған соң құрбандық болмай тұрмайды. Шүршіт әскерлерінің алдында жүре
78
отырып, жекелей қонған адамдарды, малдарды аман алып қалудың шаралары қарастырылды. Бұл да халыққа үлкен сеп еді. Оның үстіне «айтылған сөз
- атылған оқ» деді ме, Хадаха мен Дардана алған бе- тінен таймай, шығынына қарамай қазақ жерінің алыс түкпіріне ене берді. Қазақ әскері үшін жекпе-жек ұрыстың қажеті де болған жоқ.
Бірде тіпті мынандай қызық болды. Жүздіктің басшысы жүзге тарта қытай әскерін тұтқынға алып, Бөгенбайдың алдына әкелді.
-
- Батыр аға, мыналарды жылан қуып жүрген жері- нен ұстадық, – дейді сарбаздар. Анығы сол, ашық- қан шүршіт әскері Есілге жетіп екі әскердің басы қосылғанша, қазақша айтқанда, қоңыз теріп кетті. Онсыз да «әншейінде сорлы едім, ит қапқан соң не со- рым» демекші, қытай ұлты жылан, бақа, шегірткені ас ретінде пайдалана беретіні тарихтан белгілі.
Бөгенбайдың әмірі қатал еді.
-
- Елдің тірі тіршілігіне тиген жауды аямас болар,
- деп кесіп бірақ сөйледі.
Оғанға дейін қытай әскерінің жеке бөлімдері Же- тісуда, Толағай тауының етегінде, Баянауыл таула- рының батысында, Нияз белеңдерінің маңында ой- сырай жеңіліп, қырылды. Аштықтан, шөлден әбден діңкесі құрыған шүршіт әскерінің сарбазы итеріп қалса, теңселіп тұрып, құлап қалатын жағдайға жетті. Қазақ ханының жоспары нәтижесін беріп, әдіс-айла- лы соғыстары өз дегендеріне жеткізді. Қытай әскерін басқарып келген генералдар Хадаха мен Дардана им- ператорлары Цянь Лунға хат жазып, хабаршы аттан- дырды. Онда: «Қатаң қыс түсті. Аттар болдырды. Мал мен азық-түлік әлі келіп жеткен жоқ ... Хат жазып асықтырып отырмыз. Қысты бұл жерде өткізу мүмкін емес» деп жазылған еді.
Император хатты алысымен әскерді кері қайтарып алуды құп көрді. Өзінің ордасындағы уәзірлерге:
-
- Қазақтар алыста жатқан тайпа болып танылады. Бір қашқынға (Әмірсанаға) бола мол әскерден айрылуға бола
80
қоймас ... Сондықтан әскерді болaшақта қайтадан аттан- дыру үшін оларды даладан уақытша әкетеміз, – деді.
Кері оралған әскерді Бөгенбай шығынға ұшырата отырып, Үрімші мен Тұрпаннан асыра қуып тастады. Бұл шайқас тарихта «Талқы соғысы» деген атаумен қалды.
Цин әскерлері 1757 жылы қазақ жеріне қайта енді. Бұл жолғы әскер басшылары – Фу Дэ мен Чжао Хуэй. Бірақ қытай генералдары мен саясатшылары қазақ батырлары мен Абылай хан бастаған қазақ әскерін ті- зе бүктіру оңай емес екенін білді.
Кең даладағы үздіксіз соғыс екі жаққа да тиімсіз еді. 1757 жылы 15 мамырда Абылай елшілері қытайдың тек тату көршілік, достық туралы шарттарын ғана қабыл- дады, бодандық атаулыға табанды тойтарыс берілді. Бұл келісімге Бөгенбай батыр да өз үлесін қосты.
Сол кезге тән дипломатия тілімен айтсақ, Цин им- ператоры мен Қазақ ханының арасында «ағалы-інілі қатынас» орнады.
81
Соңғы дем
оңғар толық талқандалып, шығыстағы жаңа көрші шүршітпен бейбіт қатынас орнап, есін жинаған ұлыстың саяси ахуалы біршама оңалған шақта Абылай маңайындағы басқа көршілерін тәубесіне келті- руді ойға алды. Ондай әрекет жасауға Абылайдың толық қақысы бар еді. Кешегі күні жау жағадан алғанда, көрші отырып туыс атанған қырғыздар да, Хиуа мен Қоқан да бөрі етектен аладының кебін кигізгені ханның көкейінде. Рас, бұған жұрты кінәлы емес, ат төбеліндей ғана билеу- шілері айыпты болатын. Соларды жазаламаса, ұйқысы
келмейтін сияқты.
Бұл ойын іске асырмас бұрын өзін тәрбиелеп, жол көрсеткен ағасы, қазақ әскерінің бас сардары Қанжы- ғалы Бөгенбайды лайықты құрметімен алыстағы Ерей- ментауға аттандырып салды. Тоқсаннан асқан батырды туған ел-жұрты тік көтеріп алды.
Қайран ата-бабалардың табаны тиген ескі жұрт, құтты қоныс. Сенен артық бұл дүниеде не қымбат?
Қанжығалы ұрпағының отын оттап, суын ішкен ме- кені адам жанына сая, малына пана еді. Жазығы да, тауы да мол, шөбі шүйгін. Сансыз малды жатырқамайтын кең алқап. Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып жүріп Бөгенбай осы ата-баба мекенін ұмыта жаздапты.
Елге оралғалы қарт батыр жазда жайлауға көшіп, са- ры қымызды сапырып ішіп, сүндет той, қыз ұзату тойы, есік көрсету, ерулік беру сынды қазағының қанына сің- ген қызықтарына қатысып, бұл өмірде өзінің бар-жоғын байқамай өмір кешті. Күз – күздеуге, қыс – қыстауға қон- ды. Табан қазыдан кертіп жеп, қыста қысырақтардың
84
қымызын ішіп, қарт болып қауқалақтасып, өткенді ай- тысып, жырауларды тыңдап тыныш өмір өткізу де бір ғанибет екен. Бөгенбай қанжығалының ең үлкен қарты атанып, жасқа бата беріп, бақ тілесіп, одан қала берсе дауға билік айтты. Ел қатарынан озбай, қоңыр тіршілік- ке бас ұруға келгенде, батыр алғашқыда көндікпей біраз қиналып еді. Бірақ ата-баба жерінің құрметі оның бәрін ұмыттырып жіберді.
Бұл Қанжығалы қарт Бөгенбайдың талай жыл қа- қаған қыста, шыжыған шілдеде елі үшін, жері үшін қан кешкен батырлық кезеңінің соңғы жылдары еді. Қарттықтың қармағынан кім құтылған десеңші бұл өмірде? Онымен қоймай, батырды біртіндеп ауру да меңдей бастаған. Кейінгі күндері тіпті төсек тартып жа- тып қалған еді. Бүгін аздап басын көтеруге жараған соң Бөгенбай таза ауаға шығуды жөн көрген.
85
Көптен бері сыртқа шықпаған Бөгенбай бойын жа- зып, сергіп, ой шырмауына беріліп, өмірінің ең қымбат күндерін көз алдынан өткізді. Жау қайдасың деп жор- туылдап, ішіне қан қатып, кескілескен ұрыстарға қатынасып жүргенде өмір шіркін де сынаптай сырғып өте шығыпты. Қайран уақыт, өтесің де кетесің. Қарсы тұрар уәжің жоқ.
Осыдан төрт жыл бұрын хан ордасында Абылаймен өткен бір сәт әлі күнге дейін есінен кетпейді. Абылайға алғысы шексіз.
Қалың әскерді сапқа тұрғызып, жанына нөкерлерін ерткен Абылай Бөгенбайды ортаға алып, ойқастап елдің алдына шықты. Жер-дүние төңкеріліп кеткендей еді. Даланы тітіренткен айбынды ұран естілді.
-
- Абылай!
- Бөгенбай!
- Қабанбай!
Сөйткенше Абылай оң қолын көтерді де, сан жүз сар- баз тыныштала қалды.
-
- Уа, халқым деп еңіреген қаһармандарым! Құла- ғыңды сал. Кешегі күні ел шетіне жау келіп, тұтқиыл- дан қапыда соққанда қынабынан қылышын суырып, елдің еңсесін көтеріп, ерлікке бастаған кім? Қанжы- ғалы Бөгенбай болатын. Батыр жауға аттанғанда есі- мін ел естіп қуанып, жауы түсінен шошып, бойларын қорқыныш буатын. Ал енді сол ханымыз аға, балалары- мыз баба тұтқан қарт Бөгенбайдың демалуына жағдай жасасақ несі айып?
- Оңды шешім.
- Батырдың демалғаны жөн. Біз бармыз ғой.
- Жеңіліп бара жатсақ, шақырып аламыз, – деген қимастық сөздер де, әзіл де айтылып жатыр.
- Онда шешім қабылданды. Бір адамның өміріндей ғұмырды соғыста өткерген ақсақалымыз бәрімізге үлгі, ұрпаққа өнеге, – деді Абылай даусы дірілдеп. – Мен осы сәтте үлкен толғаныс үстінде тұрмын. Өзіңе шын беріл- ген сырлас, пікірлес, адал аға – досты кездестіру қиын. Біз аспаған тау, кешпеген су бар ма? Сілтеген қылыш,
86
суырылғанқанжар, атылғанжебе– бәріхалқымыз, еліміз үшін деген асыл да, ардақты сезімнен туған. Сондықтан сіздің еңбегіңізді халқыңыз еш уақытта ұмытпайды, Бөгенбай аға! Құлағыңызды әлі шулатамыз. Қарсы кел- ген жауға «Бөгенбай! Бөгенбай!» деп қарсы шабамыз.
«Бөгенбай!» деп еңку-еңку жер шаламыз. Қазақ әскері барда, батыр аға, сіз бізбен әрқашан біргесіз.
Хан жақындап кеп батырды құшақтай алды.
-
- Бұл қоштасу емес, – деді хан тағы да нықтап. – Жеңіс тойының бірінен де қалдырмаймыз. Бұл сөзіме мына сарбаздар куә.
Иә, қарап отырса, уақыт деген өткінші екен. Тек мы- нау сырқат күннен-күнге күш алып бара жатқан сайын кешегі қанды көйлек батырлар мен ханды көруді арман- дайды да тұрады. Бір қуанатыны, Абылай хан әр жеңіс сайын сүйінші сұрауды ұмытқан жоқ. Сол қуаныш, сол медеу. Бір жағынан қарттық та жағадан алып болмады. Өмір өтіп жатқан түс сияқты.
Кейінгі кезде «Абылайлап!» ұран салып, шошып оянатынды шығарды. Бүгін де сөйтті. Ауық-ауық көз алды қара түнекке оранып, өң мен түстің арасында жүргендей күй кешті. Ауық-ауық «Әй, осы ажал шір- кін келген сияқты-ау. Өміріме ризамын, жарық дүние» деп күбірледі. Қалай дегенде де жанын көзіне көрсете сұққылаған шаншу қарт батырды есеңгіретіп барады.
Осы дерт батырды фәниге жетектеді.
1774 жылы желтоқсанның жиырма бесінде Қан- жығалы Бөгенбай есімді қазақтың біртуар ұлы, халық батыры Бибатыр ауылының маңында дүниеден өтті. Артында жоқтап елі қалды.
Араға біраз уақыт салып хан ордасында Үмбетей жырау:
Ей, Абылай, Абылай, Сөзімді тыңда тағы да-ай! Жасыңда болған сырласың, Үлкен де болса құрдасың,
88
Қайырылмас қаза келгенде Батырың өлді – Бөгенбай. Иманын айтып өлерде, Иекке жаны келгенде, Сәлем айтты үш қайта,
Кеттім деп сізді көре алмай ... –
деп Бөгенбай өлімін естіртті.
Қанжығалы Бөгенбай қыс мезгілінде көз жұмды. Сол себепті Бапан би батырдың денесін былғарыға орап тіккізіп, жаназасын шығарып, сөреге ілдірді. Бұл сөре Бөгенбай сөресі деп аталды. Жаз шыға молдасы, балала- ры, туыстары бар қырық шақты адам болып батырдың денесін Түркістанға алып жүрді. Қараөткелден өтіп, Нұра өзенінің бойымен жүріп, Сарысуға жетті. Туған же- рі Бөгенге ат шалдырып, 1775 жылы 17 шілдеде нағыз күн қызған шақта Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне әкеп жерледі.
Жерлеу рәсіміне қатысқан Үмбетей жырау:
... Бөгенбайдай жас берсін, Өлшеусіз мал мен бас берсін! Бөгенбай сынды батырдың, Береке берсін артына-ай, Сабыр берсін халқына-ай, Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай, –
деген жоқтауын шығарған болатын.
89
Шындығында, сайын далада өскен қазақ
еркін ұшқан азат құс сияқты. Алайда туған жеріне бөтен-бөгделер аттап басса, баласына дейін қолына қару алып қарсы аттанары – бұлжымас қағида. Соның бірі Бөгенбай еді. Халқымыз Қанжығалы қарт Бөгенбай деп ардақтаған қазақ әскерінің бас сардары балаң жігіт кезінен ат жалын тартып мініп, қарттық жеңер шақта ғана мінісінен түсіпті. Ұзақ тағдырын тек қана елін, жерін қорғауға арнаған батырдың ерлік өмірі – ұрпағына үлгі, еліне мақтаныш.
90
91
Құрметті оқырмандар!
«Шығыстың ұлылары» атты топтама кітаптары күні бүгінге дейін балалар көркем әдебиетінде нақтылы айтылмаған ұлы адамдардың өмірімен таныстырады. Топтама ірі та- рихи оқиғаларды, маңызды қозғалыстарды, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды және ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлар мен ғалымдардың, ойшыл-ақындардың өмір жо- лын қамтиды. Сонымен қатар әдеби шығармалар балалардың туған жеріне, халқына, тарихы- на ыстық сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныштарын арттырады.
Баспа жобасының жетекшілері және кітапты шығаруға жауаптылар
Қ. Раимбеков, Б. Иманәлиев
Авторы
Ш. Күмісбайұлы
Кеңесшісі
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
«Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография» бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Е. Уәлиханов
Суретшісі
Р. Қожағұлова
Бас редакторы
Қ. Байғабылова
Көркемдеуші редакторы
Е. Козлова
Редакторы
Н. Сламбекова
Корректоры
Д. Мамырбаева
Біздің мекен-жайымыз:
Қазақстан, 480091, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-офис Тел./факс (3272) 728 411, 728 421. E-mail:aruna_ltd@mail.ru
Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (3272) 728 411, 728 421
Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да алуларыңызға болады. E-mail:aruna_ltd@mail.ru
Пішімі 60х90 1/8. Борлы қағаз. Гарнитура «Школьная». Шартты баспа табағы 11,5. Есепті баспа табағы 17.
Таралымы 10 000 дана. № 2240 тапсырыс.
Қазақстан Республикасы «Атамұра корпорациясы» ЖШС-нің Полиграфкомбинаты, 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41-үй
«Аруна» баспасының дизайн орталығы
М. Сушков
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?