Қазақтың 100 поэмасы 6 том
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
Қ 17
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Қ 17 Қазақтың 100 поэмасы / құраст.: Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы; алғысөзі мен түсініктерін жазған Ж.Аймұхамбет.
– Алматы: «Жазушы», 2013. 6-том. – 376 бет.
ISBN 978-601-200-455-7
«Қазақтың 100 поэмасы» сериясының алтыншы кітабына қазақ поэзиясына поэтикалық қуаты жоғары, тегеурінді жырла- рымен олжа салған ақындармен қатар кейінгі буын өкілдерінің поэмалары топтастырылды. Бұл поэмалар өткен дəуірлердегі аңыздық, тарихи оқиғалардан бастап бүгінгі күннің шындығын, жалпыадамзаттық мəңгілік мəселелерді көркем де бейнелі тілмен танытып, оқырманына ой тастауымен маңызды.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
ISBN 978-601-200-455-7 (6-том)
ISBN 978-601-200-449-6 (ортақ)© «Жазушы» баспасы, 2013
АНА МАХАББАТЫ
Əрдайым татулықтан көңілі өскен Ешқашан бір-бірінен бөлінбестен, Ертеде бір ауылға аңыз болған Бір үйде екі абысын өмір кешкен.
Екі əйел тату болған шыныңда да, Жүз шайып ұрыспаған ғұмырда да. Тел еміп екі ананың ортасында Өсіпті еркін ерке – бір ұл бала.
Өскен ұл өзі ақылды, арманы асыл. Көргенде келбетіне таңданасың, Ер жетіп, аң аулауға шыққан кезде
Ажалдан құтқарыпты ол хан баласын.
Хан барып өжет ұлды көрмек болған, Сый сұрап жігіт өзі келмепті оған.
Батырдың анасына алғыс айтып Ғажайып сарай салып бермек болған.
Қайтар ма пейілінен бір ауса хан, Қайтару жақсылығын құмар – соған. Қайсысы екі əйелдің анасы деп Уəзірден кешіктірмей сұрау салған.
Туғалы ешнəрсені бөліспеген, Екеуі не істе десе соны істеген,
«Екеуі менің туған анам» десе Хан жігіт жауабына келіспеген.
«Анаңмен – уəзір – ханға жүр» дейді екен, (Бұл халық татуды да күндей ме екен?) Туғанын екі ананың кайсысынан
Жігіттің өзі де анық білмейді екен.
Бұл жайлы тіс жармаған бəле тіпті Айтпапты екі əйел де төрелікті.
Шынында қайсысынан туды екен деп Сол кезде ел де гулей жөнеліпті.
Бұл сауал қос ананы қапа қылды Жігіт те ханға талай апарылды. Сыйдан да, сарайдан да бас тартып ол
Жалыңды ханға «қой – деп – шатағыңды».
Бір кезде татулықтың өлшемі еді, Енді ол үй қасіреттен теңселеді. Өжет ұл туған əйел қайсысы деп, Білуге жағдайды хан өршеленді.
Бір күні ханның үні жаңғырықты.
Ел жинап сарай алдың шаң қалыпты, Жігіттің қол-аяғын байлатқызып, Сол жерге екі əйелді алдырыпты.
Депті ол: «Қысқартыңдар бұлдануды, Жалындым, айтпадыңдар шындарыңды. Енді мен екі сарай салғызам да,
Екіге бөліп берем ұлдарыңды».
Екіге хан жігітті шабам депті, Айбалта əкелуге адам кетті.
Сол кезде бірінші əйел «мен келісем Жігіттің жарты жағын алам», – депті.
Еңіреп енді бірі зар жылаған Бөліске түспесін деп сорлы балам.
«– Мен үшін бөле көрме, жер бетінде Құлыным аман жүрсе болды маған».
Ол солай қолын жайып алға шықты, Көз жасы ақ тілеуге жалғасыпты, Босатқан қол-аяғын жігіт келіп,
Сол жерде анасына жармасыпты.
Сол жерде толқып кеткен халық қатты, Сонда ана ұлын көріп талып қапты.
Тағында мəз-мейрам боп отырған хан Қулықпен ұл анасын анықтапты.
Шынымен хан бөліске салады деп, Үрейден қалған екен бала жүдеп. Өлшеусіз мейірім мен махаббатың Өзгеден бөлексің-ау, ана жүрек.
САРЫӨЗЕН
(Пролог орнына)
Əлқисса, қара оба түс көріп жатыр. Түсінде... Аландардың сопақ бас патшасы Батразд мың қолмен Са-
рыөзеннің жағасында отырған сарматтардың ауылына ат ба- сын тіреген екен дейді. Жыланның өтін алардай жұтынып тұрған сарбаздар мына ауылдың киіз қарпып, жүн сабап, қы- мыз ішіп, құрт жайып, қылшық қосып қыш күйдіріп, мəре- сəре боп жатқан мамыражай тірлігіне таңдана қарайтындай...
- Сармат көсемі, біз бүгін Томиристің шаңырағына қобыз тартып, массагеттерді қара қойдай шулатып шауып алмасақ, ертең өзіміз шабыламыз. Ол қаншық əкесі Спаргионнан да өткен қу. Сондықтан екеуіміз қазір сенің патшаң Ларкионға барып, ертеңгі тыныштық үшін бүгін қан кешу керек екенін айтамыз,– дейді Батразд ауыл ағасына.
- Біз – жатырластармыз. Біздің Дала ашылып келгенге – алақан, жұмылып келгенге – жұдырық. Сенің ниетің арам, Батразд. Арам ниеттілер менің жерімнен өтпейді. Қайт кейін!
Ауыл ағасының даусы қатқыл шықты. Батразд сопақ басы кегжең ете қалды:
- Сармат көсемі, Күншығысты уысыңда ұстауға қызық- пағаның – Күнбатысты табанға салуға қарсы болғаның. Мен сені жолымда тұрған кедергі ретінде таптап өтемін. Қатын- бала, қара орманыңды топырақтың астына қалдырамын да, Ларкионға барып, сені бір түнде қашып өтіп кетті деймін. Сармат əулеті сендерді сатқын ретінде мəңгі бақи қарғап өтеді.
Дəл солай болды. Тұтқиылдан самсай жөнелген сары же- белер сарматтарды баудай түсірді. Өліктер бір жерге үйіліп, аланның əр сарбазы бір уыстан топырақ тастағанда үлкен
қара оба пайда болды. Бір сəл өлі тыныштық орнай қалды. Тұс-тұсқа Сарыөзенде отырған сарматтардың Томириске са- тылып кеткенін жария етуге хабаршылар кетті.
- Жебе... Жебелерді суырып алу керек – деп міңгірледі біреу.
Батразд гүр ете қалды:
- Не оттап тұрсың?
- Ларкион сарматтардың денелеріндегі жебені танып, бұл ауылды кімнің қырғанын көріп қойса, қайтеміз?
- Қорықпа, – деді Батразд, – бұлардың салтында моланы қазуға да, жаңғыртуға да болмайды.
Алан арбаларының доңғалағы қара обаның арқасын ай- ғыз-айғыз тілгілеп бара жатты. ...жо-жоқ... майда қасып, си- пап бара жатқан секілді...
Қара оба оянып кетті. Өтіп бара жатқан қос ат жеккен сол- қылдақ фаэтон екен. Күймедегі қара көз сотник жігіт те, коз- лода отырған көшір шал да үнсіз. Алда – Орынбор қаласы.
1862 жыл. Орынбор.
Генерал-губернатор Крыжановскийдің қабылдауы
Сəнді аула.
Терезеден құйылып нұр, Күзетші босағада бұйығып тұр.
Қарайды маңдайшадан дала жаққа Суреті самұрықтың түйіліп бір.
Есіктен жас сотниктің басын көріп, Генерал тұрды орнынан қасын керіп. Желкеде самұрық тұр, сəл қозғалсаң, Жарқ ете түсетіндей жасын болып.
- Ваше превосходительство, Ішкі Орданы басқару жөнін- дегі Уақытша Советтің кеңесшісі сотник Бабажанов сіздің шақыртуыңыз бойынша ғұзырыңызға келіп тұр!
- А, Бабажанов... Мұхамед-Салық-Қожа. 1832 жылы ту- ған. Неплюев атындағы кадет корпусының азиялық бөлімін 1851 жылы үздік бітірген. Россия географиялық Қоғамының мүше-қызметкері, этнограф. Дұрыс па, сотник?
- Дəл солай, ваше превосходительство.
- Империяға нақ сіздей адамдар керек. Сіздей ұлдары бар халықтың қараңғылықта болуы мүмкін емес.
Айтпақшы, сотник мырза, менің алдымдағы губернатор Перовскиймен неге келісе алмадыңыз?
Перовский сізді Орынбор шекаралық комиссиясының шаруашылық картасын жасау ісіне неге қатыстырмады?
- Мен ол кісіге қазақ жерінің шекарасы шартты бекеттер- мен емес, қазақтың молаларымен белгіленетінін айттым.
- Демек, помещиктер мен байлар иемденіп алған Еділдің екі беті де шаруаларға қайтарылуы керек дейсіз ғой. Ойы- ңыз өте дұрыс, халықты қараңғылықта ұстау – барып тұр- ған заңсыздық, ұмытпасам, сіз осы пікірді Иосиф Железнов мырзаның «Киргизомания» атты мақаласына қарсы «Север- ная пчелада» жазған аппелиацияңызда да аңғартқан едіңіз деймін. Мақала маған ұнады. Түсінгенім – сіз қырда орыс- қазақ мектептерін ашуды қалайсыз. Сіздерде қалай деуші еді əлгі... «əкеден бала оқ бойы озық туады» деуші ме...
Бұл ойды кезінде полковник Бабажанов неге айтпады екен?
Əлбетте, сотник, əлбетте Санкт-Петербургте маған Не- больсин, Потанин, Уəлиханов мырзалар сіз туралы айтқан. Сіздің ғылымдағы табыстарыңыз үшін тост көтергеніміз де есімде.
Сіз Россия Географиялық қоғамының күміс медаліменен қазақтар арасында тұңғыш наградталған ғалымсыз. Бұл – үлкен құрмет, Бабажанов мырза. Сонымен бірге сізге үлкен сенім артылған. Сіз – патша офицерісіз. Фонвизиннің мына сөзі сізге ұнауға тиіс: «Біз аристократтар емеспіз, адамды тү- сіне қарап емес, ісіне қарап бағалаймыз». Ісіңізге адал болы- ңыз, сотник.
- Ваше превосходительство, жер жөнінде, мектеп жөнін- де...
- Ал бұл мəселелерге байланысты біз əлі ойланамыз. Жа- қын күндерде мен Ордаға барамын. Сізді міндетті түрде ша- қырамыз.
Соны айтып, губернатор қалт кідірді, Сөз бітті, жас офицер жалт бұрылды. Шашағы эполеттің жалп еткенде, Шарайна жалт-жұлт етіп шалт құбылды.
Көңіліне генералдың шоқ түсіріп, Қара көз сотник жігіт кетті шығып. Ойланып губернатор тұрып қалды, Салықтың аз сөзінен көп түсініп.
«Да-а, сөз жоқ, батыл ұлан, батыл ұлан, Көз жазбау керек болды, заты, бұдан.
...Қазақта қарғыс атқыр тағы бір ұл Қағынып туған екен жатырынан...»
1. Жолда
Ақшатау сұр төбені гүл төбе ғып, Бетеге желкілдейді күлтеленіп.
Беткейге шығып кеткен топ қызғалдақ Бейне бір секем алған үркек елік.
Иланның жапырағы білтеленіп, Ақ нұрға түбіт көде тұр кенеліп.
Шалқалап Қамыс-Самар бөлек жатыр, Күткендей аспан жақтан бір төрелік.
Дегендей күннің көзін бүркемелік, Бұлт кетті жаңбыр-жасын бүрке келіп.
Оқыста көкке қарап қатып қапты, Оқшау тас маңдай терін сүрте беріп.
Қыр керім, қырдан ескен жел де керім, Пай-пай-пай, неткен байтақ жер дегенің! Фаэтон қос ат жеккен келеді ағып, Бұтаға сабалатып дөңгелегін.
Даланың қытықтайды мақпал лебі, Ал көшір, кақ делбені, қақ делбені, Ой-қырды бүктеп басып, бір аттасын Орданың екі бірдей қақпан белі.
Астында от тұяқтың шаң аунасын, Орғысын, қақпан белдер танаурасын. Сауысқан үркіп ұшсын жолдан ауып, Сабалап сарықауленнің сабау басын.
«Аты еді бұл күйімнің «Балбырауын», Жол шығып Орынбордан даңғырауын», Қоңырбас қоштаған боп қозғалады Көшірдің «қайран жастық, қалдың-ауын».
Көлеңке шөп бетімен сырғақтайды, Сырғақтап, бел-белесті бірге аттайды. Күймеде сары ала иін Салық төре Сазарып үнсіз отыр, тіл қатпайды.
Сазарып үнсіз отыр, тіл қатпайды, Жол ұзақ. Бекет алыс, күн батпайды. Теренің төңкерілген жанарында
Бар сынды жасырынған жұмбақ қайғы.
Фаэтон жұмсақ тербеп, шайқалады, Сансыз ой...
Қайтсе жаны жай табады. Күлімдеп көз алдында губернатор, Санада жаңғырады қайта бəрі...
- «Сіздей ұлдары бар халықтың қараңғылықта қалуы мүмкін емес.
- Заңсыздыққа жол жоқ.
- Адамды түсіне қарап емес, ісіне қарап бағалаймыз...»
Əділдік, айналайын бар екенсің, Сен енді нұрмен жуып дала төсін,
Шыңға алып шыныменен шығасың, ба Қазақтың көп адасқан қара көшін?
Шыңға алып шыныменен шығасың ба, Қолымыз жетер ме екен шын асылға? Адал сүт емген біреу ақыр түбі
Келуі керек еді, расында.
Беу, дүние, қолдан жасап құдайларды, Адамның өзі неге былай қалды.
Айтты екен қалай ғана Перовский Зəр шашқан əрбір сөзі мына ойларды:
«Өнер-білім не керек түк ұқпасқа, Малға салғын жонынан тіліп таспа. Жұртына ие бола алмай жүрген елдің Ұлт болуы не теңі – қырып таста!
Қырып таста – дініңе өтпеді ме? Қуып таста – Мешітке беттеді ме? Зорла,
алда –
қалай да тіліңді енгіз Кеңсесіне, үйіне, мектебіне.
Дін деген не –
етке кеп қонған шыбын. Тіл дегенің немене – алдамшы ұғым.
Шыбын ұғым ертең-ақ кетеді ұшып, Жалғыз сəті секілді жалғаншының». –
Самал жұтып арда өскен, бұлақты емген, Мен сол Тілдің өшпеуін мұрат көргем.
Мен сол Тілдің қасынан мұжық көргем Жалғыз соқа арқалап жылап келген.
Залалсыз ғой – қарсы алдық зайырлы ел боп, Мүсəпір ғой – жөн дедік қайыр бермек.
Көреді екен бейшара бұл дүниені Дəдем Қорқыт айтатын дайын көр деп.
Кері кеткен жан екен, тегі, ісі оңбай, Жері бөлек демедік, елі шалғай.
Тар заманда табысқан туысқанмен Не көрінді кең жерде келісе алмай.
Көлік бердік, туыстық келісіммен, Жер де бердік бабаның тері сіңген. Торайлары томпаңдап тез оңалды.
...Екі Ресей бар дедім мен ішімнен.
Бірі мендей күтеді теңдік таңын, Бірі жайпап келеді жер ғып бəрін.
Діннен, Тілден тумайды Достық деген, Достық Ділден туады – енді ұққаным.
Маймыл да емес, жер де емес, шыны – біздер, Ділден пайда болғанбыз, біліңіздер.
Діл туының астына жиналамыз, Біріміз шөл болсақ та, біріміз көл...
...Фаэтон жұмсақ тербеп, шайқалады, Сансыз ой... қайтсе жаны жай табады? Күлімдеп көз алдында губернатор Санада жаңғырады қайта бəрі...
Мықынын соқпақ қиған миялы дөң, Əрі асса, түйетайлы қия кілең.
Орданың қоңыраулы қос күреңі Келеді ошақ қазып тұяғымен.
Қылаң жол – қылыш ізі кеткен осып, Етекте қара қорым көп төбешік.
Бүк түсіп, теріс қарап жатыр үнсіз, Қалғандай бір-біріне өкпелесіп.
Орыны жерошақтың үңгір көрдей,
Үңгір көр, «əу» деп қалсаң, күңгірлердей. Жылтырап суық жүзді сынған қылыш, Болғанын бір сұмдықтың білдіргендей.
Болғанын бір сұмдықтың білдірді анық, Сұр жебе қу сүйекте тұрды ырғалып.
Қалқанға қара қарға саңғып ұшты, Сауыттың шығыршығы сылдыр қағып.
Мынау не: шаңырақ па, босаға ма? Құр жатыр бос кеттім деп қосақ ара. Шыбығын солқылдатып фаэтонның, Ат басын тежеді шал осы арада.
Түсе қап, топырақты құшты айқара, Қайырып «хулһалласын» үш қайтара. Отырды көкжиекке қадап көзін, Өңінен əлем-жəлем сұс байқала.
Қарады ол ағыл-тегіл жылап көкке, Тамшылар жатты үзіліп құрақ-көкке. Бас шайқап, «керек емес» дегенді айтты, Жас мырза жүгінген-ді дұға етпекке...
- Ақсақал, бұл не қорым?
– . . . . . . . . . . . . . .
- Ақсақал, бұл жерде не болған?
- Оны əкеңнен сұрағаның жөн еді.
- Исатай – Махамбет қырғыны болды ғой...
- Неге құран оқытпайсыз?
- Сенің дұғаң қабыл болмайды. Сен Қалқожаның бала- сысың.
- Болса ше?
- Қой қасқырға бəрібір сенбейді.
- Қасқыр...
«Иə, солай, қасқырмын мен, қасқырмын мен, Көзімді қанмен жуып аштым бірден.
Емшегін енесінің турап тастап, Қозының миын шағып тасқа ұрдым мен.
Ми деген ақ зат екен буы атылған, Бас деген сүйек екен уатылған.
Шөлдесем, үріп ішіп, шайқап төктім, Қанды қақ қараматау суатымнан.
Сол милар төбе болып жатыр, əні, Жұп-жұмсақ қан сіңген соң топырағы. Шөліркеп қалмасын деп қасқырларым, Қара жел қанды қақты сапырады.
Жоқ! Жетті!
Енді мұны көрсетпесін,
Өлтірсін, мейлі мені бөлшектесін. Емшектен ерте айрылған жетім үшін, Сендерге атылам мен, емшектесім.
Ызадан азу тісің сақылдасын, Біз солай атыламыз, атылғасын.
Жатырда өлгендердің кегі үшін деп, Ауызды салам саған, жатырласым».
Фаэтон жұмсақ тербеп, шайқалады: Сансыз ой...
Қайтсе жаны жай табады?
Сарыөзен жақын қалды деп хабарлап, Самалын сөйлетеді сай табаны.
Жолжелкен жоқ қараған малшы болып,
«Малшыға» ит ошаған қарсы қонып, Сабағы сайсағыздың төртқырланды, Қайқайып қатынөрме қамшы болып.
Шыққандай қараңғыдан жарыққа кеп, Жадырап сала берді Салық кенет.
Келеді танауларын желге тосып, Қос күрең сал жүріске салып бөлек.
Бəрі есте... мына жерде асық атты, Мынау сол қызға ұнайтын шашыратқы. Қанша гүл қайта гүлдеп одан бері, Сарыөзен қаншама рет тасып ақты.
«Сарыөзен, бесігісіз түздегі елдің, Біз қонақ, ақ бесігім, сізге кем күн.
Жараға ем жапырағын бақалақтың Жар салып жалаң аяқ іздеген күн Есімде,
Есімде əлі қаздар əні,
Жаныма, соны ойласам, жаз қонады. Қан мен тер қатар келіп құйылған соң, Қазақтың тұщы суы аз болады.
Сен болсаң, қуаныштан жаралғандай, Ағасың бір арнамен тарамдалмай.
Жарасын бала күннің жазды уақыт, Бұл күнде, білесің бе, жарам қандай?»
Мөлдіреп «Қамыс-Самар», «Қыран күткен»,
«Рас» деп бас шұлғиды раң біткен.
«Сол Салық осы екен ғой» деген сынды, Құлқайыр мойнын созды құмарлықпен.
Қазтамақ үпілдекті «маңдайлым» деп, Жел əлек «маңдайлыны» алдаймын деп. Бұрымын тарқатып ап өре алмай тұр, Құртқашаш қалампырдан қалмаймын деп.
Шөлқарбыз жантақтарды қармай гүлдеп, Көсікке қыр көрсетті балдаймын деп.
Қояншөп бұға қалды айғайды естіп,
«Япыр-ау, басқа төнді қандай күн» деп.
Бұ не айқай?
- Əй, қайтыңдар, малғұн кілең.
- Жоқ, сен қайт! Таптатпаймын шалғынды мен.
Жөнелді фаэтонды қияс тартып, Бұрылып оң жақтағы жалбыр күрең.
Сарыөзен – саумал ауа, таза қоныс, Шалғыны ат жүргізбес ғажап өріс.
«Өріс» деп өжеңдеген бір тобырды, Қуып жүр шошақ мылтық казак-орыс.
Бұл тобыр – қара қазақ, сары мұжық, Атанған «аулақтағы ел», «тағы», «бұзық». Қамшысын бүктеп ұстап тұмақты шал, Тепсіне айқайлайды қаны қызып:
- Уа, тоқта!
- А, ну прочь!
- Қайтар малды!
- Тап қылды Құдай қайдан сайтандарды?! Ысылдап үйіріледі ұзын бишік, Сөйлетпей қамшы ұстаған майталманды.
- Əй, қырғыз, заңға жүгін, ерегіспе, Тұрғаның ақ патшаның жері емес пе? Сарыөзен екі ортада алқынады, Араша сұрағандай төбелеске.
Жайына шалғысы қап, құрығы қап, Көп тобыр бірі тұрып, бірі құлап, Жүгірді фаэтонды жас мырзаға, Арызын жеткізбек боп бұрынырақ.
- Мұныкі, сотник мырза, қараңғылық.
- Қəдімгі жөнсіз-заңсыз надан қылық.
- Жо-жо-жоқ, мəртебелім, зорлық қой бұл.
- Салықжан, мұңым тыңда, наламды ұғып.
Мəнісін айқай-шудың жаңа ұққандай, Қарады Сарыөзенге Салық барлай.
Төгілтіп бір қара шал сөз бастады, Пұшпағын сары местің ағытқандай:
- Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожахмет, Самарқанда Сеид Ахмед, Бұхарада Шеихахмед!
Мыңға жалғыз тұра алған Ғерат тауда Раббан.
Отыз үш мың сахаба От кешуге ел үшін
Пайғамбардан сұранған. Сен солардың ақтығы, Сейітзада қожамсың, Дінислам аманда
Кім өзіңнен оза алсын. Жарыла көштік – жау алды, Бөліне көштік – бөрі алды. Саяқ жүріп таяқ жеп, Сарыөзеннен айрылдық, Медеу тұтар не қалды?
Дəулеткерей ағамыз, Ғайбат айтты демесін, Бір ай түгіл, бір жылда Көрсетпейді төбесін . Сұлу торы ат секілді, Онда барса – оған жақ, Мұнда келсе – бұған жақ Алдиярым Меңешім.
Тобыр ноғай – тозған қаз, Топ қарғаға жем болып, Ғұзырыңа келіп тұр, Сүйенері сен болып.
– Ех, өнер, қазақы өнер, есіл өнер, Алса ғой түзу бағыт көшің егер, Тұтқасын ұстар ең-ау дүниенің, Əзірге жетімсің сен, кешіре гөр.
Шабылдың төреге еріп ер арқалап, Сабылдың қожаға еріп тері арқалап. Еділдей еркін ағып кете алмадың, Еділдей екпіні бар өнер-талап.
Жайықтай жары биік көне арнасың, Жайығым, сол аз арнаң жоғалмасын. Өзінің топырағында өседі гүл, Гүлдердің топырағы тоналмасын.
Иінде иірім тартып шыр айналып, Сарыөзен бұлқынады лайланып. Еріксіз екі жақты жіпсіз матап, Ортада жас офицер тұр ойланып. Топ жыңғыл телміреді тораңғылға,
Салық тұр тораңғыл боп топ алдында.
- Ақсақал,
Жер сіздікі,– деді ол, міне,–
Дауы жоқ Құдайдың да, қоғамның да.
- Ə, Құдай бар екен ғой! Хақ тағала-ай, Ұшырды-ау періштесін аққа қарай.
- Нұр жаусын, мəртебелім!
- Е, əрине,
Азамат сатсын елін жатқа қалай?
- Қожеке-ай,
Сен келмесең, кім біледі...
Мақтауға қандай, шіркін, қырдың елі.
- Білеміз біз де заңды, Байқа, сотник,–
Атаман аттың басын бұрды кері.
Атаман азу тісін қайрап кекті, Ішіне бір сұмдықты байлап кетті.
Аждаһа зəрін емес, Зілін тастап,
Айналып соғамын деп Айбат шекті.
Қызарып Сарыөзеннің жарқабағы, Батыс жақ бауырдай боп қанталады. Жағада қалтыраған жалғыз ауыл, Ортаға ап жас мырзаны қолқалады:
- Деген ғой асық деме, сақа шығар, Қарағым, қолың беріп батасын ал,– Келеді бүгін бізге Сабыр бақсы, Аузында алпыс жынның атасы бар. Жап-жарық Ай аппақ нұр төккен алап, Шоқиды шөмелелер көкке қарап.
Мұжықтың кепесінде гармонь сөйлеп, Зарлы əуен нар қамысты кетті аралап. От тілі сүйреңдеді ошақтағы,
Есіктен қос қуаныш қоса аттады. Көшір шал бір өлеңді айта жүріп, Тертеден қос күреңді босатты, əні:
«Таласты кедей, жарлы Сарыөзенге, Ағын су – екі жағы жар өзенге, Барды да қожа Салық қайрат етті, Пайдасы неше күйдің бар өзенге!»
Оба жыры
Əлқисса, Сарыөзен арнасына сыймай буырқана тасыды. Салық оба басындағы тас мүсінге келді. Тас мүсін. Өткен жазда Петербургтен, Россия География қоғамынан келген этнограф-ғалым А.Небольсинмен болған сұхбатты еске алды.
- Сармат ауылдары Ларкионды сатып кетіп отырған,– деді Салық.
- Мүмкін,– деді Небольсин ойланып.
- Мүмкін емес, анық. Əйтпесе, Ларкион жеңілмес еді.
Аңыз солай дейді.
- Тарихқа бір жақты қарамау керек. Ол аңызды кім шы- ғарғанын біз білмейміз ғой.
- Жоқ, олар сатқындар! Мен оған сенем.
- Е, Салық, Салық. Тым сенгішсің сен.
Олар үшеу еді. Небольсин, Салық жəне тас мүсін...
«Тым сенгішсің сен!» Небольсиннің даусы құлақ түбінен естілгендей болды. Салық басын көтеріп алды. Түн. Қап- қара түн. Етектегі ауыл абыр-сабыр...
Түн. Тас мүсін. Бақсы
Қараша ауыл шаруа қамын ұмытып, Қара шекпен делеңдеді, күпінді.
Қара қазан қарнын отқа жылытып, Қара шəугім шоққа шырт-шырт түкірді. Кең төсіне қондырып ап ымыртты, Манаурады қыр тегіс.
«Үркер айдың қолтығына кіріпті, Ал қайырдым бір тоғыс.
Бір тоғыста қозы отықты, жайылып, Үш тоғыста шөп орам.
Шүкір, Алла... жусан басы айырық, Болсын дейім ел аман».
Шал келеді ай-аптаны бөлмелеп, Салық мырза қасында.
«Сабыр бақсы əлдекімді емдемек», –
Дабырлайды ел қоңыр жота басында.
«Əне бақсы!»
Ақ пышағы жалақтап,
Жын атасы шықты жұртты айналып.
«Пері қақан» бейшара тұр алақтап, Əйелдің тас мүсінде байланып.
Сабыр бақсы селкілдетіп денесін, Шаршысына толды да,
Уға малған сөздің өткір жебесін Боратты əлгі сорлыға:
- Сөздің басы біссіміллə, Біссіміллəсіз іс қылма.
Тең, тең болар, тең болар, Теңді шешкен ер болар, Мен жөнімді айтайын,
Құйма алтынмын – құйып ал, Үйме алтынмын – үйіп ал, Терме алтынмын – теріп ал, Кесек-кесек алтынды Кезегімен құсамын,
Бөлектеп ал, бөліп ал. Сенің жөнің айтайын, Темірлі тау шетінде, Тепсінген жел өтінде, Теректейін жайқалған, Теңіздейін шайқалған Темпең ханның елі бар, Оң қолында он жылан, Сол қолында сом жылан, Босағада боз жылан, Керегеде кер жылан, Сəні бөлек сол ханның, Сəйпіл деген қызы бар, Сені қақан сол пері,
Қатарына серке еді, Қаһарлыға ерке еді, Жүрген жері өрт еді!
Тапыр-қапыр, бағыл-бығыс, Сапы-қапы, бапы-қапы.
Сахабадан тарайды Біздің арғы түбіміз, Асқар қожа – піріміз, Байбота, Серік кісіміз, Сəйпіл пері, тұра, тұр, Бізбен болсын ісіңіз. Өртеңде өрген отыз жын, Өрт ағыстан өт енді, Өкпелетпей жет енді.
Тоқсан түмен толқын жын, Көріп тұрмын төбеңді, Көп күттірмей кел енді.
Сарыөзенге тұншыққан, Қатын патша, сен де кел, Түйеге артқан теңде кел, Түтей соққан желде кел, Жаяу келме, атты кел, Баяу келме, қатты кел, Қылышыңды ұстай кел, Қимылыңмен нұсқай кел, Қаһарланса, қан ішкен Қара самұрық құстай бол.
Əңкүр-тəңкүр, быжы-тыжы, Мекрі-кекрі, тыжы-күжі, Аһ, Ой, Оһ-һ-һыы-ы,
Аһ, Сəйпілменен алысып, Шақырғанда қиналып, Ойдан-қырдан, Қырымнан, Кəуір елі Ұрымнан,
Жүз жиырма екі қонағым,
Келдіңдер ме жиналып, Ұзарғаны шапанның – Қызарғаны сақалдың – Тоқсан жыным тоғысты, Отыз жыным болысты, Сəйпіл пері, əнеки,
Қара бас қу боп ұшты... Қу-у-у кетті...
Көзіменен көрсін деп Біздің осы жеңісті, Фатиманың тұрпатын Жіберді Алла аспанан. Жанарын көр жас тамған, Мұны тас деп қалмаңыз, Назар салып барлаңыз, Аяқ-қолы балғадай,
Екі беті алмадай, Жоғарғы ерні дірілдеп, Сөйлеп кетер ме екен-ау, Аяғын құш, бол, жылдам, Неге тұрсың, көкем-ау...
Бақсы ойнақтап шығып кетті жотаға, Əйелдің тас мүсіні
Тас көзімен жеп барады, о, тоба, Есі ауысқан еңгезердей кісіні.
Сорлы міскін талып түсті шыңғырып, Ел шу етті:
- Есі кірді, құдірет.
- Батырға да жан керек, – деп күлдіріп, Қыл арқанды шешіп жатты бірі кеп.
Қорыққаннан тұла бойы түршігіп, Сорлы жігіт жылап тұрды еңіреп.
- Гипноз бұл, – деді Салық күрсініп.
- Қитар көзі түзелді, рас, – деді көп.
Қорыққаннан тұла бойы түршігіп, Сорлы жігіт жылап тұрды еңіреп.
- Шамандық бұл, – деді Салық күрсініп.
- Жамандықты тұсады, рас, – деді көп.
Бақсы кетті аруағы асып қырланып, Халық кетті «керемет» деп расында.
...Салық қалды сансыз ойға шырмалып Тас мүсіннің қасында.
«Қиылып тұр қасы, көзі, қабағы, Қашалған ба сəнге құр?
Томиристей жезтырнақтың садағы Мерт ететін Ларкион ба əлде бұл?
Кімдер өлді, зорлық етті кім кімге, Тіл бітсе, егер кетер еді-ау сарнап бір. Томириске қашып өткен бір түнде,
Бəлкім, сатқын сарматтарды қарғап тұр.
Тұрады əлі,
Мəңгі бақи тұрады
Сатқындарды əшкерелеп тас мүсін. Өз еліне опасыздар жүр əлі,
Отансыз боп, бұралқы боп басқа үшін.
Əлде, əлде қамағанда көп дұшпан, Көз талдырып жақсылыққа сараң дүз, О, Батразд, сармат үшін оққа ұшқан Сені тосып, тасқа айналды алан қыз?
...Білімімді,
Білігімді есептеп,
Кеудем менің өкінішке толады.
Сенем саған жұмбағымды шешед деп, Петербург.
География қоғамы.
Айырып бер алтыны мен жасығын, Петербург, сенетінім сен ғана».
...Эрмитажға тағы да бір асылын, Жөнелтіп сап ұйқтап жатты кер дала.
Əрі ғалым,
Əрі нағыз ғарып ер,
Аша алмады өз қолымен түңлігін, Ертеңгісін тұрды иіріліп тағы да ел, Тұрды иіріліп түрлі пиғыл, түрлі ұғым.
Сыртқа шықты сөздер ішке сыймаған, Секілденіп шарт тұтанып кеткен қау.
- Қожаң бізге хақтың өзі сыйлаған Фатиманың тұрпатын да көп көрді-ау...
Қазақы ұғым...
Іле-шала сөз алды ол.
- Е, əлбетте, текке айтқан ба озалда ел:
«Арамдығым білгің келсе – бозам көр, Сараңдығым білгің келсе – қожам көр».
Ұйқтап жатты,
Ұйқтап жатты керең қыр,
Тұрды ырғалып мыртық жусан өспеген.
- Əй, жарайды...
- Шүкіршілік, – деді ер бір, –
Тасыңды алмай, басыңды алса, не істер ең?!
ІІ. Дəулеткерейдің үйінде
Дəулеткерей:
Үлпет қып əз ініні, жақсы ағаны, Бұлбұлдан күй үйренген бақшадағы,
Немесе қара бура хан Шығайдың Желге өрген жез бұйдалы ақша нары.
Жан дерті – періште күй пəк саналы, Мысалы қоңыр кештің ақ самалы.
Уланбай еркін аққан таза бұлақ, Маңайын бүйі буып жатса дағы. Атаның алтын жиек тағы бар-ды, Тақ-дəулет, азан-хаумет – бəрі қалды.
Құт дарып, қыдыр қонған шаңырақтың Еншіге сəйкі жігіт сəнін алды.
«Қосалқа» көкейтескен, жарған өзек, Аптыққан асау «Жігер» арманы өжет. Ауылына алпыс екі «Ақ желеңнің» Бір түнде ат шалдырған алма-кезек.
Ақ орда алтын үзік, дөдегелі, Бүгін де салтанатқа бөленеді,
Жағалай көлбеп жатқан жасыл шапан Бір-бірден иемденіп керегені.
Дегендей жасыл шапан не біледі, Ахмет, Ғұбайдолла керіледі.
Сары ала эполеттер Шуақтаған
Сары үйек жылан сынды көрінеді.
Бұл екеу жолбарыстың мəулендері, Кер асу, тарғыл ала тау белдері.
Тамамдап Петербург Паж корпусын, Жүріп тұр мəулендердің дəурендері.
«Осылай қонақ-ау» деп көңіл бөлмей, Сүлесоқ сөйлеуге де ерінгендей.
Шорт үзді «Желдірмені» Дəулеткерей, Бұдан да айнығандай, жерінгендей.
Сол күйді Меңлігерей жалғап əрі, Екі ішек безектейді, зар қағады. Түсе алмай қылмаң қаққан алтайыға, Қантүбіт қайта-қайта алданады.
Бес саусақ сағақ жаққа сан жүгіріп, Қағысқа Меңлігерей салды қызық. Осы сəт ақ ордаға Салық кірді,
«Сарөзен» шолтаң етіп қалды үзіліп.
- Түстің бе, ей, мақсұм-аға, сен көктен кеп,– Қағытып жатты Ахмет:
- Төрлет, төрлет.
- Əрине, төрге өтем ғой,– күлді Салық,– Өзге емес, шақырған соң корнет кел деп.
- Тоқтатпа, сілте! Сілте! Сілте, Меңеш,
Мен үшін күйден ешкім үлкен емес! – Мінезін Дəулеткерей тағы аңғартты, Тік көре айтар сөзін күлтелемес.
Күйшіміз терін сүртіп баптанғасын,
«Сарыөзен» лықсып келіп тапты арнасын. Қалыпқа қайта түсті ауыр ырғақ,
Мысалы зергер құйған ақ қорғасын.
«Сарыөзен – майлы қиян, жер науаны, Дертіме табар ма екем ем-дауаны, Тарихын таспен емес,
жаспен жазған
Біз дағы тозған елдің кембағалы.
Түгінен жазады екен түлкі қасқа, Кеңдіктен қазекеңнің жұрты басқа. Айғыры əлдекімнің жер тарпиды,
Сол жұрттың құлын-тайы шұрқырасса.
Əупілдеп үргені үшін сыйлық алар, Қорашыл көпек иттей үйді бағар.
Немесе тойғанға емес, орғанға мəз, О, біздің миғұлалар,
миғұлалар.
Жарайды, ханың кетсін, биің келді, Би келіп, өз жақынын иірді енді.
Өзге үшін ру емес, ұлтың керек, Құдай-ау, соны ұғу да қиын ба енді?
Бес саусақ – бір жұдырық – көршің міне, Би түгіл, сұлтаныңды менсінді ме?
Бірліксіз тау болсаң да – қу төбесің, Білімсіз тең болсаң да – кемсің міне.
Ұл өсті –
Ұлықтымен ауылдас бол, Қыз өсті –
Қылықтымен бауырлас бол! Ырысы жұғысады – малыңды қос, Білімі ауысады – қауымдас бол».
Быт-шыт қып мұз құрсауды жарып-бөле, Тоқтады омыраулап алып кеме.
Бұрылды Дəулеткерей сонда барып:
- Сөйле енді, хабарыңды айт, Салық бөле!
Салық:
Жалпы ішінде жалқысың, Дүр шашасың сілкінсең.
Күйге берген ықыласыңның жартысын, Тəңір үшін, елге берсең, шіркін, сен!.
Дəулеткерей:
Таста тамыр болмайды, Төреде Тəңір болмайды.
Салық:
Сұлтан елден сырт қонса, Ұлтан болар боран күн.
Төре, қожа өз алдына жұрт болса, Тілі кəне, жері кəне олардың?
Дəулеткерей:
Менде күй бар! Басқасының бəрін ал, Тиіспеңдер күйіме!
Түсінгенім – адам да бір жануар, Түкірдім мен сұлтаныңа, биіңе.
Салық:
Ал күй тыңда, ендеше, Ием дейді-ау сені де ел, Домбыраны бері бер!
Тоқтатып шекімені, сылдырлақты, Ұйтқытты асау екпін күллі ырғақты. Ашылып сықырлауық сол екпіннен, Өрнегі ши есіктің дір-дір қақты.
Өрнегі ши есіктің дір-дір етті, Араннан боз арғымақ ырғып өтті, Қазығын қара бура жұлды, кетті, Ол сосын орда жакқа бұрды бетті.
- Оу, мынау «Кішкентай» ғой.
- Жоқ, бұл «Адай!»
Көсейді қолыменен отты қалай. Тентек күй бұрқ-сарқ етіп тына қалды, Тас жарып қайнап жатқан көк тұмадай.
Сазарып Ғұбайдолла, үндеген жоқ.
- Да-а,– деді Меңлігерей білмеген боп. Күй қалды,
Арсы-гүрсі күймен бірге
Айтылмай бір сөз қалды тілде кермек.
Қамаған «Исатайлап» аршыл Адай Кек үшін қан сұрайды, мал сұрамай. Үй толы Нұралының көп тентегі Дүр етті қоян жұтқан қаршығадай.
Бір дауыл келе жатты шаңытқалы, Асылды бір əзəзіл жабыққа, əні.
«Өнерде ұлт бар да, ру жоқ» деп, Қолға алды домбыраны Салық тағы. Дауылдың бетін теріс бұрып əлгі:
- Дұры-ыс,– деп Дəулеткерей ыңыранды,– Адам – ит бір-бірінің етін жеген,
Өнерде қай атаңның құны қалды?! Күй деген дию екен Хақтан күшті, Майса қыр шарт түнерді мақпал түсті.
...Құтқарып жұртты ыңғайсыз күйден кенет,
«Дүрс» етіп сыртта біреу аттан түсті.
Бұрқылдап əлдекімді даттай беріп, Сүрініп босағадан аттай беріп, Поручик домаланып кіре берді, Нығарлап ұрып-тыққан қаптай болып.
Ашуын отыр екен шаққа бөгеп, Шаңқ етті Ғұбайдолла қап-қара боп:
- Кру-гом! Шагомм-арш! Рұқсат қайда,
Тексіз ит, бұл үй саған ат қора ма еді!?
Ашулы арыстанның кəрін көріп, Поручик атып шықты мəлін болып. Лап етіп шарт тұтанды ұшқын ашу, Кең шалқып кетпесе игі жалын болып.
Төресі, төлеңгіті қораланып, Отырды моп-момақан бола қалып.
- Хат бар-ды губернатор тапсыр деген... –
Поручик қайта кірді домаланып.
«Бұйырды тағы нені, нені өтінді»,– Орнынан кеп старшын өре тұрды. Асықпай Меңлігерей пакетті ашып, Оқып ап, басын шайқап көп отырды.
Хош хабар айтқан сынды арамдарға,
«Қарқ» деді тұрып-тұрып жаман қарға:
«Ордаға келеді ертең губернатор, Күтеміз... одан басқа амал бар ма?»
ІІІ. Орда. Бал.
«Айналасы – айшылық, Көлденеңі күншілік,
Алыстан мұнарасы паңданатын», Орда осы Байтоқ ақын таң қалатын.
...Кең залда самсап тұрған ер қаруы Тағы да салады еске хандар атын.
Келеді губернатор тамашалап, Шығайдың мылтығы анау «ала шолақ». Қайта кеп Əбілқайыр қолға алардай, Шірейді адырнасын қара садақ.
Дегендей мен қазақтың ұранымын, Жалтылдап Бөкей қылыш тұр əлі күн. Қақ төрде шолақ жеңді тор көз сауыт Қарайды көзіменен Нұралының.
Куəсі мұң мен тойдың сол күндегі –
Домбыра, ұмтылардай ол да ілгері.
«Жинаған менің ием бəрін» дейді Жəңгірдің жарқыраған ордендері.
Төбенде ойнайтындай ұрандай кеп, Иреңдеп қамшы жатыр жыландай боп. Асықпай Ғұбайдолла баяндайды,
«Ал мынау, мəртебелім, мынандай» деп.
- Үш завод салдыратын алтын, бар, ə...– Жымиды губернатор салқын ғана.
Төгілген парсы кілем, жақұт, маржан, Айнала көзді арбайды жалқындана.
Самсаған асыл тасты санап тағы, Адъютант есі кетіп алақтады.
«Апыр-ай, аман қалса жарар еді Тарихтың жыртылмаған парақтары»,– Соны ойлап сұп-сұр болып Салық тұрды, Бір тілек зарықтырды... зарықтырды...
Адъютант жылмаң қағып, «ескерткішке»
Сабы алтын бір кездікті алып тынды. Мозаика, мың құбылған сырлы шыны, Шынының іште жатыр түрлі сыры.
...Қиылды Дəулеткерей қайнысына Фатима – жолбарыстың, ілбісіні.
- Кəнеки, ақ сұлтаным, маймаңдатқын, Сазын сал жапырағын жайған бақтың. Ордамның сəні əлі де кетпепті деп, Аруағы ырза болсын хан бейбақтың.
Күйшіге аппақ мойнын бұрды ханша, Ханша емес, тауға біткен бұл бір арша. Жанарын мөлдіретіп келіп тұрды Желіде жалғыз қалған мұңды нарша.
Көлбеңдеп «Көркем ханым» билеп кетті, Су бетін сызып ағып үйрек кетті,
Қара қу қауырсынын нұрмен шайған, Қарады қаз дүрмекке күй боп текті.
Қарады қаз дүрмекке күй боп текті, Менсінбей генералды бүйрек бетті,
«Сен түгіл, ақ патшаңды ұрдым ба» деп, Қу шанақ «Топан» селді түйдектетті.
Қу шанақ, ойбай, тоқтат желігіңді, Желіксең, өксітесің өміріңді.
Шылымның түтінінен оймақ жасап, Мырс етті губернатор – нені білді?
Сол түтін босаға емес, төрден өріп, Тұрды да сақина боп дөңгеленіп, Ақырын саф ауаға тарап жатты, Гүлдердің жапырағын желмен өбіп. Білген жоқ қырдың нəзік гүлі бүгін Тамырға сіңетінін түбі мұның.
...Бітірді Меңлігерей тосын міне,
Мадақтап ұлығының ұлылығын. Іркілдеп босағада қара саба, Дейтіндей «қымыз лайық тамашаға». Салықты қолтықтап ап губернатор, Бөлініп шықты осы сəт оңашаға.
- Білемін,
Түсінемін барлығын да,
Бос жүріс сені, əрине, салды мұңға. Баласы бірге оқыса қандай жақсы Байдың да, бағланның да, жарлының да.
Жас досым, «білім деген жарық күн» деп, Шақыр сен мектебіңе халықты үндеп.
Таныстыр өзге жұртқа бұдан былай Өзіңді инспектор Салықпын деп.
Керілді генералдың түк қабағы:
- Сол үшін бір тост алсақ...
- Құп, болады.
Қазақты көрмегендей шарап ішкен, Адъютант неге мұнша сұқтанады?
Адъютант неге мұнша тесіледі, Апыр-ай, бүлдіріп тұр осы нені?
...Шарапта у бар-ау деп ойлаған жоқ Қазақтың қара маңдай есіл ері.
Қызықтап Фатиманың жаңа биін, Қазақтар тыңдайды елтіп дала күйін. Ертерек шығып кетті Салық биден, Жүрегін шаттық кернеп ала құйын.
Дала гүл көзін шықпен шылап түнгі, Ертесін тұман жапты қырат-қырды.
«Қожам-ай!» деген үннен ел оянып, Орнынан Дəулеткерей жылап тұрды:
«Салық өлді дегенше, Халық өлді десейші!
«Ах, қандай ауыр қаза!
Салық өлді!
Жас еді келе жатқан жанып енді...» – Сары ала генералдың осыны айтып, Бас шайқап, аһ ұрғанын бəрі көрді.
Айтты елге сол генерал қамыға кеп:
«Жерлейміз Жəңгір ханның жанына», – деп.
«Адъютант, некролог əзірлеңіз» Дегенді қосып қойды тағы бөлек.
«Шынында, артық туған ер бұл ерек», –
Сөйледі жанашыр боп елді демеп.
«Жүрегі... қуаныштан...» – деді фельдшер, Деді де, жылап қоя берді кенет...
Сол фельдшер өксіді ұзақ демі құрып, Адъютант ұзын мойнын бері бұрып:
«Өлікті тексерту де, қайта ашу да
Бұл елдің салтында жоқ», – деді күліп.
«Не пайда көп дегенмен емен-терек, Өзіңдей тұрмаған соң көлеңке боп». Екі жар – Еділ – Жайық өксіп жатты:
«Арысым,
Емделмедің неге ертерек?!»
...Сағым өрген Сары белден
Осылай тағы бір күй жолға шықты:
«Салық өлген».
Оба жыры
(Эпилог орнына)
ХХ ғасыр. Əлқисса, Сарыөзен арнасына сыймай буырқа- на тасыды. Асау толқындар қара оба жақ жердің арғы бетін- де жасырынып жатқан əлденені жан сала іздегендей жапа- тармағай ұмтылды. Табанын толқын кемірген жарлауытар гүрс-гүрс құлап жатты. Ақыры, жардың бетіне сансыз адам- ның сүйегі самсай шыға келгенде, Сарыөзен сабасына түсті. Қайыр сұрағандай созыла түсіп қатып қалған қолдар, зұлмат тағдырды мазақтап сақ-сақ күле жөнелетіндей боп көрінген қу бас, сыңарын іздегендей шошайып тұрған аяқтар, саусақ- тар, омыртқалар, қабырғалар, жапырақ бас алан жебелері қара жардың бетінде қатталып тұрды... Қатталып тұрды, қат- қат секілді əлі оқыла қоймаған.
ҚАНАЙ – АБЫЛАЙ
Ту баста Абылайды хан көтерген Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.
Мағжан
Атыңнан айналайын Қанай баба, Жырламай жайланайын қалай ғана. Мұңданып аруағың мұнартқандай, Жарқырап нұр шашқанда талай дана.
Тұсында Абылайдың құтпан едің, Ұшына тілдің найза тұтқан едің. Қазақта сөз қалдырмай қазып айтып, Азаптан алып талай шыққан едің.
Семсердей қиып намыс жыртқан едің, Серкесі, серек туған сырттан едің.
Суғарған шешендікті даналықпен Сөгілген көкалалы бұлттан едің.
Халқына туғызбаққа күн мен айын, Көтеріп ақ кигізге Абылайын, Алашқа алтын заман орнатысқан, Дариға, ұмытсын кім би Қанайын!?
Арғында,
Айнымаған ата жолдан, Ұйытып қара суды бата қонған,
Құттымбет тақ əкесі би Қанайдың, Ішінде Қарауылдың Қарашадан.
Батаның дарығаны сол емес пе, Ұрпағы батыр Мəлік ер емес пе. Жайлаған Зерендінің барқыт белін Алты ауыл Қанай құтты ел емес пе.
Бүгіннің Қанайындай Баян ағам, Ол-дағы алты алашқа аян ағам. Көкшенің көңілдегі биігі боп, Қанайлық қасиетін жаяр ағам.
Балуан Шолақ ер де шалқақтамай,
Жар салған нағашым деп жалпақ Қанай. Мен-дағы бір жиенің Қанай десе – Жүрегім соға алмайтын атқақтамай!
Беу баба!
Батырлықпен қол бастадың,
Белсеніп билік айтып дауды ұстадың. Басқыншы қалмақ сел боп төгілгенде Бураша бұздың жайқап жау қыспағын.
Нар басын ел бағына байлап берген, Талқыға түстің талай қайратты ермен. Тар шақта жан сақтамай, арды сақтап, Арқаға қонуға елін қайрап келген.
Қаратау қалды артыңда қайран қоныс, Қалмақпен қан жұтысқан ойран соғыс. Атығай-Қарауылдың серкесі боп, Атыңды алты алашқа жайған сол іс.
«Ақтабан шұбырынды» шөкелеткен,
«Алқакөл сұламада» есе кеткен, Еліне ес жиғызған ердің сойы,
Дес бермей дұшпанына дүсірлеткен.
Қазаққа –
Болмаса да хақтан қата –
Қан кешу қатты соққан ауырлата. Арқаға бетті түзеп, көшті бұрды, Атой сап балалары Арғын ата.
Сауырын Сарыарқаның жол қылыпты, Сəйгүлік күн-түн қатқан болдырыпты. Нəсілін Қарасопы Қанай бастап, Көкторғын Көкшетауға қондырыпты.
Қошқарбай, Қосағалы, Есенберді, Байқошқар, Түнқатардай көсемдерді,
«У жұтсаң – руыңмен» дегендей-ақ, Ер Қанай ел-жұртымен есен көрді.
Сыр бойы сүмесінен сүрең кеткен, Қаратау көзден жасты мөлдіреткен. Бастаған батыр Қанай бахадүрлер Көкшетау көк беліне келіп жеткен.
Бекітіп ел іргесін тыныс алып,
Бел бекем буылған соң бір іс анық: Қалмақтың қорлығы өткен қайран ерлер Деп тұрды «Қан майданда тұрысалық!».
Ертіске иек артып, Есілді өрлеп, Атығай, Қарақайдың көңілі өргек. Қайрылып қаскөй жаудан кек алмаққа Құлшынып найзаларын көкке сермеп.
Оңтүстік жау қолында қанды қасап, Орта жүз сауын айтып жиды жасақ. Ызалы жолбарыстың күйін кешкен Ұясын қас дұшпанда қалдырған шақ.
Құйылған қосынына бар қазақтың, Сиынған құдіретіне жалғыз хақтың, Жасағын Қанай бастап, «Қарақайлап!», Ұрыс сап ұйтқып соққан қырғын шапқын.
Соңында үкілеген үміттері, Атығай-Қарауылдың жігіттері. Қаһары қотарылып лап қойғанда
Қалмақтың қан қақсаған сынып белі.
Итішпес, Аңырақай, Бұлантыда, Қалмақтай,
Қырғын салып бұралқыға,
Қабанбай, Бөгенбаймен қатар шапқан Қазақтың қасиетін ұран қыла.
Тіл безеп, найза кезеп батыр Қанай, Жау күнін қараң қылып батырғаны-ай! Алаштың аруағын асырысып, Саңқылдап бірлікке елді шақырғаны-ай!
Қара тіл, қайқы қылыш – қос қаруы, Даланың дана жүрек бостан ұлы, Алатау бүркітіндей шаңқылдаған Азаттық дабылына қосқан үні.
Есені қайтаруға жауда кеткен, Ерлері еңсе тіктеп арман еткен.
Абыздай алысты ойлап, намыс қайрап, Жортуыл, жорықтарда жаннан кешкен.
Қопарып қорғасындай ойды батпан, Қотарып сөйлегенде қоймай айтқан. Дау шешсе – төрелігін тура кесіп, Кезі жоқ көздегенін алмай қайтқан.
Жақсының кеудесі алтын сарай деген,
Жан болмай қайран қалмай «қалай?» деген, Сол шақта жалпақ жұртқа кетті тарап,
Бір есім айбыны асқан Қанай деген.
Елдің ер туғызатын кезі келген, Төле мен Қазыбектің көзі көрген, Қарауыл Қанай би деп атақ алып, Кемеңгер даналардың ізіне ерген.
Сардала сабылдырып талай көшкен, Саржелі олай да ескен, бұлай да ескен, Қамалған ел тұйыққа тар заманда Қамқоры Қарауылдың Қанай дескен.
Би Қанай, батыр Қанай, шешен Қанай, Атығай, Қарауылға көсем Қанай.
Қорықпан қылдан тайып кетемін деп, Қамқоры бар қазақтың, десем, Қанай.
Қолбасы, топтың басы суырылған, Сірə да тайсалмаған ұлы дудан.
Қазақтың қара тілі, сөздің пірі,
Алты алаш айтқырлығын үлгі қылған.
Сол күнде би Қанайдың алтын басы, Мүшелі – отыз жеті, ел ағасы.
Қан кешу, атыс-шабыс, ауыр майдан, Қазақтың күңіренген сақарасы.
Тақ – жалғыз, тақ жолының таласы – мың, Жау қалмақ – жойқын нөпір, қара шыбын. Көкшеде толғаныпты Қанай бабам Болжалдап болашағын Алашының.
* * *
Қапасқа күнін қазақ қоралатқан, Жанына жауы салған жара батқан. Жаяулап Үргеніштен қашып шығып, Жапанда жалғыз жетім келе жатқан.
Артында қалған оның Қарсы, Ғұзар, Аңдыған дұшпан көздің жансызы бар. Түнерген алдындағы болашағы, Түйілген қабағында зар сызы бар.
Кіреді қалың қазақ ішіне ендеп, Кісіге ашылмайды түсі дендеп. Үндемей отырса да, бəтшағардың Басқаны басатындай мысы демдеп.
Ортаға опырылып шаңырағы, Опынып қазақ іші қаңырады. Намысқор назарымен бағып бəрін Саяқтап сақарада сабылады.
Сол жеткін бір құпия жан болады, Далада дəруіштей сандалады.
Қалаға Түркістандай келген кезде Хандарға Əбілмəмбет жалданады.
Ішіне түйген сыры мол болады, Ханның да қызметінен қорланады. Жай-күйін жасырады жан біткеннен, Айтуға ата-тегін арланады.
Келеді онан кейін Төле биге, Көтерген дүйім қазақ төбе биге. Түйесін Төле бидің бағып біраз, Түседі бала тағы шемен күйге.
Балаға оңып кеткен бақ-бояғы, Би атаң Сабалақ деп ат қояды. Талқыға талай əлі салатындай Тағдырдың кері кеткен шатқаяғы.
Сыртынан абыз Төле сырын барлап, Тегін жан еместігін мұның аңдап, Қосады батасына сол жеткінді – Келешек көсем ердің дүрі болмақ.
Кемітпей, қорашсынбай, аласынбай, Би баба күтіп тұрды баласындай.
Кебенек ішіндегі жасын жүрек Кермеде жайланар ма аласұрмай?
Тілегін тəңірісі бере қалды, Төтеннен қарт Бөгенбай келе қалды. Арқадан аңыратып жеткен ерден Абыз би аңқылдаған сəлем алды.
Көңілі Бөкеңнің де алаң екен, Қалмаққа жортуылдап барады екен:
«Ер болса ерлік іздеп еретіндей, Қасыма жолдас қылып ала кетем!».
Дегенін отырғанда оқыс тыңдап, Көзінен Сабалақтың от ұшқындап, Алдында би атаның басын иіп, Бармаққа белін буып, алды рұқсат.
Жоңғардың жолын шолып, жерін шалып, Жорықта əдіс алып, ебін салып, Шалқыған от-жалындай орай соғып, Оралды екі мəрте барымта алып.
Қадалып сегіз қиыр шартарапқа, Қамалмай жау тықсырған жарқабаққа, Атойлап ұлы қиқу төгіп жатқан Ауаны ауа берді Арқа жаққа.
Қалмаған Əзірет Сұлтан кебеде де, Тұрақтап тұра алмады Төледе де. Бетке алып Сарыарқаны кетті тартып, Болардай батыр, көсем көре-көре.
Сол бала Сарыарқаны жерім деген, Қаймана қалың қазақ елім деген, Хандардың қорлығынан қорынса да, Халықтан қарапайым жерінбеген.
Шөңге мен шөгір қадап өкшесіне, Арқаның жетті сұлу Көкшесіне. Бекітіп бірте-бірте бұғанасын, Сомдалып қаланардай текшесіне.
Сол кезде мекендеген Дəулет көлді, Жақсылық Қарауылда Дəулеткелді, Байлық пен билігін де қатар ұстап, Көкшенің көркіне сай сəулет берді.
Сірə да болған шығар хақтың ырқы, Сабалақ байға келіп бақты жылқы. Елім деп келген бала бөтен емес, Судай боп сіңбес бұлай жаттың ұрқы.
Əр жерде танытады текті мінез, Бейəдеп бейпілдігі бек білінбес. Бойында бекзаттығы байыз тауып, Күпісін бүктеп биік соқты күмбез.
Күлкі мен қысыр сөзді малта қылмай, Күпісін биіктетіп хан тағындай, Тəкаппар бала кейде отырар-ды, Тəңірдің бəйбішесі тапқан ұлдай.
Көкшеде ел иесі Қанай еді, Кеудесі қазыналы сарай еді. Назарын аударғаны Сабалаққа Көрген бір керемет түс орайы еді.
Көлінен Караүңгірдің жағалатып, Жорықтан шаршап Қанай келе жатып, Ұйықтап сол арада түс көреді
Қиялын билеп алған таңырқатып.
Елестен сарсылғанда санаң үркіп, Еліне əр уақытта дана бір құт.
Қанайдай киелінің қалғып кеткен Қолына қонады алып қара бүркіт.
Аяқта балақ бауы зерлі екен деп, Апырмай, жатқа неге қонды екен деп, Басынан сол бүркіттің сипағанша, Желпіген қанатынан жетті бір леп.
Күркіреп дем ішінде көк дүбірлеп, Керемет қанатынан соқты бір леп. Оянып сол арада кетті Қанай Жанғандай кеудесінде от гүрілдеп.
Жар салып қасындағы жолдасына, Жеткенде Қарамұрын қырқасына, Көреді қоян бүрген сол бүркітті Шығып ап таудың тарғыл жартасына.
Ойында көрген түсі жаңа ғана, Оқиға болған мынау дем арада. Алланың аянындай айқындалған Сол сурет сұлбаланды санада да.
Ер Қанай тоқтатады серіктерін, Жау келсе жапыратын берік белін. Жаңағы түсін айтып жорытады
Қайсыңның бар, дегендей, көріпкелің?
Сол күнде ағайынды Малай, Қанай, Тіл қатты Малай сонда: Қанайжан-ай! Шеңгелін нəсібіне салды бүркіт – Шошытып алмайықшы абайламай.
Шіркін-ай, көрген түсің тамашалы, Боларсың қазағыңның дана шалы. Қонады басыңа – бақ, еліңе – құт, Қыран құс қарымыңа жол ашады.
«Əумин» деп жайды қолын Малай аға, Ырымдап ел мен жерге, Қанайға да.
Аруақты Абылайдай хан келерін Ақылгөй болжап білді қалай ғана!
Жетіпті жебе нақыл замандардан, Зер көкірек, заңғар биік адамдардан. Қанайға бақыт қара бүркіт болып Қоныпты деген аңыз содан қалған.
Аңызы əдіптеліп шындықпенен, Байланып бақас жауға кіндікпенен, Қаһарлы Қалдан Серен уақытында Қырқысы қазақ-қалмақ бір бітпеген.
Хабар кеп сауын айтқан жамағатқа, Қайралған қайтадан ел қонады атқа. Қанайдың қаптай шапқан қосынына Қапталдан қосылыпты Сабалақ та.
Аттанған Дəулет байдың батасын ап, Астында аңыратқан Шалқұйрық ат. Жолдасты жортуылдас бір кездегі Бауырға баса берді Бөгенбай қарт.
Тағдырдың шалдырғандай сал құйрығы, Тəңірдің табылғандай дəл бұйрығы, Таңдаған Дəулеткелді жылқысынан
Тəж-таққа алып ұшты Шалқұйрығы.
Сесінде селкеулік жоқ сол Сабалақ, Жалғыз ат, жалаң қылыш, қату қабақ. Жауменен ұрысардай, тұрысардай, Намыстың найзасына сапы жалғап.
Қалың қол қарсы тұрған қазақ-қалмақ, Қазақты іліктірген азап-қармақ.
Жүрегі қан қасаптан шайлықпайтын Ер шықпай елі қайдан азат болмақ?
Сондай ер тудыруға толғатқандай, Қан кешу толарсақтан жалдатқандай, Бетпе-бет келген қолдың жекпе-жегі Бар елдің батырлығын барлатқандай.
Мен деген талай ердің құты қашып, Майданда Шарыш дəудің мысы басып, Қазақтар жекпе-жекте жерге қарап, Қарттары күрсінгенде уһыласып.
Бата алып Əбілмəмбет ханнан дара, Ат қойды «Абылайлап!» жалғыз қара. Аспанда атойынан бұлттар көшіп, Дүбірі тұлпарының жерді жара.
Батыры баудай түсіп қаңтарылған,
«Бұл кім?» деп қазақ жағы аңтарылған. Намысты Шарыш таптап тұрған сəтте Онсыз да омақасып тау шағылған.
Ел көрді ес жиғанда Сабалақты, Қайғырды қашырар деп бала бақты. Халқымның үміт таңы тұрса да атып, Күдігі көңілінен тарамапты.
Кезінде кеңесінен дегбір кеткен, Найзасын толғай сұғып өндіршектен, Шарышты шалқалатып ат үстінде Өңгеріп кесті басын көк желкеден.
Жөнелді қанжығаға байлап басты, Қазақтың қас дұшпаннан аруағы асты. Қалың қол ұрыс салып, селдей қаптап, Ұраннан үрейі ұшып қалмақ қашты.
Басына Сабалақтың бақ бөгелді, Айбыны бет қаратпас шаққа келді. Ардақтап ел көтерді алақанға
Ат қойып «Абылайлап!» шапқан ерді.
Əкеліп Əбілмəмбет хан алдына, Өрлетті мəртебесін жоғарғыға. Жаужүрек жас батырды тамашалап, Жарқ етіп күн шыққандай қараңғыда.
Салмаған ұранды да асылық қып, Тараған Есім ханнан асыл ұрық. Тегіне тартып туған толағай ер
Тау-тасқа, туды қайта, басын ұрып.
Сабалақ алды солай сыйды көптен, Себелеп қыдыр нұры құйды көктен. Қуанып мұндай бауыр тапқанына, Құшақтап Əбілмəмбет сүйді беттен:
- Белгілі бəрімізге асыл заты, Баласы Салқам Жəңгір Уəлибақы. Аруағын атасының аужал еткен, Абылай болсын енді мұның аты.
Қаныққан жау қанына селебесі, Қанішер Абылайдың немересі. Көрсетті-ау қасиетін қаракөктің Қозатын ұлы дуда делебесі.
Айтатын анық сөзім ағайынға, Асықтай алшы түскен қолайыма. Тақтың да ақ иесі сол емес пе, Алла жар Абылайдың орайына!..
Сол сəтте саңқылдады шешен Қанай:
- Хан ием, қапысы жоқ айттың қалай! Бас ұрған батырлыққа мəрттігіңе
Бас иер болашақта халқың талай.
Арсыдан жарылқанған алтын алап, Ақсұңқар Көкшетаудан қақты қанат. Еріме көрген түсті ырымдап ем, Еліме ертең қонар бақты қалап.
Мың рақмет Жаратқанға, келді түсім, Мың сан ел қыдыр-бақтың көрді түсін. Атығай-Қарауылдың арзу хаты – Датымның дəруғасын енді түсін.
Ат қойдың Абылай деп қыдыр-баққа, Бақ бейіл ынтымаққа бұрылмаққа.
Тəңірім, тұғырымды төмендетпе, Толайым ырымымды қырындатпа.
Жорасын бұрынғының жол қылайық, Ордасын Көкшетауға қондырайық.
Қалмақпен көп соғысар орта жүзде Хан тағын тұғырласақ, сол ылайық.
Алашта ақылы асқан нұр жазығым, Алайық абыз Төле ырзалығын.
Жəнібек Шақшақұлы бата берсе, Жасайды жалпақ Момын мырзалығын.
Атығай-Қарауылым өнікті орман, Бақталас, бақастардан берік қорған. Ұлықтап Ұлытауда хан көтеріп, Абзалы Көкшетауға алып барған...
Осылай түйгенінде сөзді Қанай, Ойларды сан-сапалақ кезді Қанай. Ақжүрек Əбілмəмбет ханның-дағы Ақылға тоқтағанын сезді Қанай.
Қанайым ақ тілекті бастап тұрды, Қабанбай, Ақтанберді қостап тұрды.
«Дулатып періштесін жұрт үстінен», Дүлейді Бұқар жырау жасқап тұрды.
Арқаның арыстаны қарт Бөгенбай, Алашқа қорған болып жортқан ұдай, Қанайдың қапияда тапқан жолын Құп көріп күркіреді жағы тынбай.
«Жə!» деген білінгенде ханның райы, Жадырап сала берді ел шырайы.
Жар салып дүниеге келді сол шақ Қазақтың кеменгер хан Абылайы.
Шаттықтың шегі сол сəт болмап еді, Алашқа алтын заман орнап еді.
Көкшенің көшіп келген орман елі Көркем күй көкіректен толғап еді.
Алаштың асырғандай бағын айға, Айналды Əбілмансұр Абылайға. Дариға Хан асуы, Хан жайлауы, Асатын Əзіретке жолы қайда?!
Абылай алапаның болды басы, Аруақ аспандаған жиырма жасы. Қанайдың хан көтерткен ақсұңқарға Халқының ауа берді ықыласы.
Сөз бар ма халық өзі ұнатқасын, Сын бар ма тəңірі өзі сынатқасын, Көреген бабалар-ай, дəл көзеген Мəңгілік ылайланбас бұлақ басын.
Би Қанай басшы болып, бүкіл елі, Үш жүзден тоқсан жақсы үкіледі.
Жарқ еткен жалғыз сəтте сұлтан Абылай Жұлдызын дүйім қазақ күтіп еді.
Жайылды жас жолбарыс даңы көпке, Балады барлық қазақ бауыр етке.
Баяндап жайын Қанай айтқаннан соң Батасын берді Шақшақ Жəнібек те.
«Əу бастан асыл тегін танып еді, Мəпелеп баласындай бағып еді, Төле би төрелігін берсінші» деп, Абызға онан кейін алып келді.
Ағайын арасының жоралғысы, Арналды тартуы мен таралғысы, Ағадан ілтипатын аямаған
Би Қанай бірлік үшін алаң кісі.
Айғақтап алдаспандай жазылығын, Айтады əділетті қазылығын.
Абылай Орта жүзді билесін деп, Риясыз берді Төле разылығын.
Келтіріп əрбір істі ретке Қанай, Қызметін қылды осылай көпке Қанай. Қазына қара тілді қару етіп,
Қазағын жақындатқан шепке Қанай.
Көбесін қараңғының сөккен арай, Қақпады ешкімді де шетке Қанай. Ойқастап, елді бастап жүріп кетті Алып бір Ұлытауды бетке Қанай.
Бауырдың бүтіндігін көрді Қанай, Қоғамдап ұйыстырды ерді Қанай, Бірлігі кетіңкіреп қалған елдің Билігін берік қолға берді Қанай.
Тарқатып көңілдегі шерді Қанай, Таңдады ту ұстайтын ерді Қанай. Тірлігі тозыңқырап қалған елдің Тізгінін темір қолға берді Қанай.
Тоқтамай, тыным таппай енді Қанай, Кеудеде кеулеп қазды кенді Қанай.
Ұлытау, ұлан төбе көрінгенде Үйірді бір жазыққа елді Қанай.
Ұлықтап ата-баба үлгі-үрдісін, Ұшпаққа ұшырардай нұрдың құсын, Ардағын ақ кигізбен көтергенде Ұстады шешен Қанай бір бұрышын.
Алаштың шыққан сəті ерен белге, Ауызы бармас ешкім төмен дерге. Алтын тақ, ата мирас адастырмай, Бұйырды Абылайдай кемеңгерге.
Хан тойы қалың жұртты жырғаттырды, Қыранын қия шыңға самғаттырды.
Қанайдың қасындағы жігіттері Қастерлеп хан киесін қорғап тұрды.
Ортада ұқсап Абылай туған айға, Бөгелмей бет түзеді Бурабайға. Орданы салтанаттап қондырудың Билігі болып тұрды бір Қанайда.
Сарыарқа, сандал сағым, сары белі, Көкшетау, көк бетеге, жəудір көлі. Асқандай Оқжетпестің қиясына Арналған Абылайға көңіл төрі.
Етегі кербез Көкше, шомбал тасы, Қарағай, қалың жыныс, көлдің басы. Аумағы ат шаптырым алаңқайға Орнады Абылайдың Ақ Ордасы.
Басына Бурабайдың орда қонған, Хан жайлау Қызылағаш ол да болған. Қанайдың түсіндегі қара бүркіт
Қыдырлы Абылай боп самғады арман.
Көкшетау күмбірледі күйлі көкірек,
«Ақсарбас!» айтып тілек, ел дүркіреп. Аруақты хан келгеннің белгісіндей, Аспаннан жауып тұрды нұр сіркіреп.
Қалың ел қаумаласып етті ниет, Ақжарма ағытылып кетті тиек. Айна көл жағасында шаттанысып, Ақ қайың ормандары кетті билеп.
Қоймастан сүйіншілеп алаш қауымын, Қойнауын қыдыр кезді Көкшетаудың. Ұлан-шу, ұлы думан Арасында Тəңірім тартқан сыйға бақша-баудың.
Жұмылтып жұдырықтай ел мен ерді, Қалқандай тұтып берік бел-беренді, Би Қанай бір ғажапқа бастай берді Көкшеге хан қондырған сердебеңді.
Желіге мама бие байлатқызды, Қотанға қоралы қой айдатқызды. Қара үйде қара саба күрпілдетіп, Қызметке төлеңгітін сайлатқызды.
Ақ Орда мəлім болып тігілгені, Ақ туы Абылайдың желбіреді.
Құрмалдық болайық деп хан жолына, Есілдей ақты құлдап ел тілегі.
Аспаннан ай сəулесі жалт үзілді, Алламыз жарылқады халқымызды. Жайнатып жасауымен түсірген шақ Атығай – Қарауылдан алты қызды.
Көкшеге хан Абылай қонды құты, Кернеді жүректерді өрлік оты.
Жау-жарақ, жігер-қайрат қайралғандай, Ерлікке еңсерілді елдің беті.
Көкшенің көркі сұлу, серті мықты, Көкседі ел бірлікті, еркіндікті.
Қазақтың басын құрап, бағын ашқан Қанайым тапқан екен жер кіндікті.
Елдіктің тартылғандай сара жолы, Қыдырдың нұсқағандай дара қолы, Көкше мен Түркістанның арасында Көлбеді Абылайдың қара жолы.
Шоқтығы қасқа жолдың асып тұрды, Кеудесін кергігеннің басып тұрды.
Қанайдың қасиеттеп көтерген хан Ырысын бар қазақтың тасыттырды.
Жылқысын қайырусыз бақтырады, Қалыңсыз жар құштырып, шат қылады. Қайғысыз ұйқы сыйлап қазағына, Қоғамдап қалың елін жатты ұраны.
Қыранның аңсағаны зеңгір еді, Армансыз тояттауға ділгір еді. Қанайдың түсіндегі қара бүркіт Қас жауға қара қайғы төндіреді.
Алашқа тəңірінің сыйы болған Данамен қайта туған биік арман. Абылай – азаттықтың алдаспаны, Халқының несібесін қиып алған.
Қара орман ерлік рухын жиып алған, Қалтқысыз тарқатылған түйіні алдан. Қатардан Қанайды да қалдырмайық Ақылшы, Абылайдың биі болған.
«Қылады Мекержеде байлар сауда, Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда. Сұрасаң, Абылайдың тұрған жері,
Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда».
Баласы Толыбайдың Арыстан ақын, Найза тіл, Хан Кенені шанышқан ақын, Жырлапты-ау осылай деп Абылайды, Аруағы ұшып жүрген ғарышқа жақын.
«Ту баста Абылайды хан көтерген», Көш бастап Көкшетауға алып келген, Қанайдың қарақұрым еңбегінің Қызығын ата қазақ халық көрген.
Қотарып қасиеттің қормалынан, Ұрпағын көз жаздырмай ардағынан, Бағасын бабасының беріп кеткен Айналдым Мағжанның да аруағынан.
Сан шешкен Абылайдың «Бұл қалайын?», Сырдесте орақ ауыз би Қанайын
Қазағы қастерлеуден жазбас, сірə, Болжаған басындағы күн мен айын.
Күш қаулап, жау қалмақты түре қуған, Шаңдатып жорық жолын сүре қылған, Би Қанай Абылай асқан асуларда
Əсте де қалған емес ұлы дудан.
Хан сайлап Абылайды Түркістанда, Бар қазақ мерей тауып, нұр құшқанда, Онда да ер Қанайдың орны бөлек, Биігі аласармас бір мысқал да.
Дананың Абылайдай жанабында, Ұлыстың ұлы ханы талабында, Ташкенттің төңірегін құзырға алып, Билігін құрған Қанай заманында.
Ташкентке он екі қақпа жүрді əмірі, Қанайдың ғибратының бұл да бірі. Қырғыз бен өзбектің де дауын шешіп, Білінген білігінің бір қадірі.
Қанайдан құт ұйыған қарабарқын, Қазаққа Абылайдың заманы алтын. Киесі сол ерлердің жеткізіпті Күніме күлден өнген жаңа, жарқын.
Құт баба шыға қоймас қалай да естен, Бүгінге келіп жетті арай көшпен.
Халқының жадындағы жəдігер сөз: Қамқоры Абылайдың Қанай дескен.
Алашқа бақ-береке тіледі де, Айналды Абылайдың тірегіне. Қолдаса ел бағына туған ерді, Жасаған жақсылығы-ау бұл еліне.
Шалқар көл, сақара бел, сайын далам, Қанайды Абылайдан айырмаған.
Қапталда қалың елі тұрған кезде Қылышын Қанай-Абылай майырмаған.
Абылайдың оң дізесін басқан биі, Алдынан қара пəле қашқан биі.
Ақшора, Төле, Қазыбек, Толыбайдай Бұл да бір келесінен асқан биі.
Ақылын кеңесіне қосқан биі, Асауды сөзбен қайырып тосқан биі. Дұшпанның ордасына даңы жеткен, Аспаған басынан сөз бостан биі.
Ханнан да, қасқадан да ығынбаған, Бектен де, басқадан да бұғынбаған. Шағы жоқ зəһар ойы ем болмаған, Шайпауға – шаян тілі сұғылмаған.
Дес бермес асып туған озғындайын, Сөйлесе тамызар деп сөздің майын, Аруақты Абылайдай бахадүр хан Əмісе ардақ тұтқан би Қанайын.
Бұрынғы бұла жұрттың би Қанайы, Бұл да бір бұлтқа жуық Бұланайы. Тарихқа таңбаланып қалай түспес, Жорықта жолдас етсе Абылайы.
Қалың қол жер қайысып дабылдаған, Жақын-ау дүбірлеткен сарын маған. Мəңгілік бесікте де Қанай-Абылай, Дариға, қатар жатып дамылдаған.
Аламан асуында Абылай асқан Қамшыгер емес пе еді Қанай бастан?! Аруағы Қанай-Абылай, қолда елімді, Ағында құлагер жыр, Қанай-дастан!
* * *
Құтпаны қазағымның Қанай баба, Рухыңды тербетпеймін қалай ғана? Арманы Абылайдың тұр желбіреп Ақ Орда, алтын өрнек сарайда да.
Бұл күнде ұрпағыңнан қайғы қашқан, Алты ауыл Қанай болып айдыны асқан. Ардақтап аруағыңды ас беріліп,
Аяғы ұлан – думан тойға ұласқан.
Келісті Қанай аулы көркімен де, Көршілес Кенесары кентімен де. Ауылы Абылай хан аққуларша Қонғандай абатталып зер кілемге.
Игілік, Қарабұлақ, Ескенжалы, Өмірлік аламанда өскен жаны. Ұялы, Жамантұз бен Қойсалғаны –
Қосылған көппен бірге көшке ордалы.
Қанайдың Көкшетауда алты ауылы, Алаштың асқақ кеуде бар қауымы.
Ташкенттің түбінде де жұрат қалып, Бабаның талып жеткен алқау үні.
Сап тыйып заманалар сарылысын, Ұрпаққа қасиетің дарыды шын.
Қазаққа кемеңгер ұл тағы туып, Қайтадан атқа қонды халық үшін.
Елдік бар, ерлік те бар, өрлік те бар, Даналық, дарқандық пен кеңдік те бар. Төрінде дүйім дүние билік айтып, Қазағың күміс кемер белдік тағар.
Мұраты осы еді ғой би Қанайдың, Арманы осы еді ғой Абылайдың. Баянды болғай-ды деп баба тілек, Жырыммен қыдыр-бақты жадылаймын.
Қанай мен Абылайдың үндестігі, Би-бағлан, батырлардың бірлестігі, Арқасы-ау сондай алып бабалардың Ақын да ерттеп мінсе жыр-бестіні.
Асуда алмағайып қорғаламай, Алашым, аса бергей алға қарай. Асқарға Абылайды өрлеткендей, Қамкөңіл қазағыңды қолда, Қанай!
АЗАТТЫҚ
Үміт артып үміттерге Айдан ақ, Үсіп кеткен ымырттарға тайғанап, Желтоқсанның үстіменен жүгіріп, Азаттықты жеңіп алдық Ай-Қанат.
Жеңдік! Бірақ... секілденіп төр өгей, шаттық бізге келе қалмай телегей. Қара жерім жансауғалап баратты, Елім жатты төңкерілген кемедей.
Азаттығын танымаған қоғамдай,
Тұрдым, бəлкім, бостандыққа сене алмай. Даламызға келгенменен жүріпті ол, Санамыздың есігінен ене алмай.
Азаттығың жеткен кезде үдеріп, Бəрі бірдей келмейді екен гүл өріп. Жұдырықтар аңдиды екен алыстан, Көрінбейтін саусақтарын жіберіп.
Бақталастар аз емес-ті іргемде, Шындық жатты бұғып көңіл-түрмемде. Өзге дін кеп алып кетті талайды,
Өз дініме тілім келмей жүргенде.
Азаттығым, сенің таңың атқанда, Енді оларды сөз таба алман ақтарға. Өзге тілге өріс болып кетті олар, Қазағыма қазақ жетпей жатқанда.
Жамауымен алдарқатып шоқпыт-күн, Тоқшылықтың келер сəтін көп күттім. Кете жаздап, кете жаздап құрдымға, Құлай жаздап қабіріне жоқтықтың.
Құлай жаздап... бірақ сенім қаны аунап, əр қадамды, əр ізімді санауға ап,
тоз-тоз болған көйлегімнің ішінде, Азаттығым келе жатты алаулап.
Көк Бөрімен кеткен көңіл тірі екен, Мыңжылдықтар іздеп мені жүр екен. Қалт-құлт етіп түрегеліп қарасам, Бейбарыстың тұлғасында тұр екем.
Көз алдымда айқындалып ақ-қара, Жұмбақ əлем жұдырығынан сақтана, Мазарлардың мазасынан оянды, Томирис қыз сақтап қалған Сақ-дала.
Бара жаттым күллі əлемдік төрге өрлей, Күліп тұрдым өзіме жан теңгермей.
Жылап тұрдым Күлтегіннің алдында, Қарсы алдымнан Қағба шыға келгендей.
Ұлы бабам – ұлан-ғайыр киелі, Қара жерде қалған ізі жүйелі.
Олар жазып кеткен ойдың салмағын, Зорға ұстап тұр əріптердің сүйегі.
Ұлы бабам сөзін айтам бекемдей, Сезімінің нəрі – бал мен шекердей. Олар айтқан терең ойдың екпіні, Жердің шарын домалатып кетердей.
Күлтегіндік ойдың шың-құз қиясы – Тас-кітаптың кепкен жоқ тас-сиясы. Тілім, ділім – солар жазып қалдырған, Рухымның Консти-ту-циясы.
Тас-бабалар тас-көйлегі желбіреп, Азаттыққа бір керемет берді леп. Қуаныштың моншақ жасы қарап тұр, Көкбөрінің көздерінен мөлдіреп.
Ғұламасыз жаһан да тұл, тал да тұл, Ұлы Абайдың ғаламына кел батыл. Ойларында орман жатыр Абайдың, Сөз бен сөздің арасында ел жатыр.
Бізді іздейтін дос көбейді жүздеп кеп, Көңіл бірақ жүз қуарды, жүз көктеп. Түсімізге енді Сəкен, Мағжандар, Өздерінің бейіттерін іздеп кеп.
Іздеп кеттім, жылдар алдан ашылып, Ғасырларды шарлап жүрді жас үміт. Талайларды сақтап кепті бұл күнге, Жусандарым жүрегіне жасырып.
Бұлт ішінен шыққан біз бір – Бала-Шың, Бала-Шыңды қорғай көрші, Алаш-үн.
Астананы Бəйтерекпен бойлатып, Сарыарқаның хан көтердік даласын.
КарЛаг жақтан қасіреттің иті ұлып, Көктемдері мəні кетіп, күй тынып, өр қазақты қан қақсатқан кеше бұл – үрейлердің қонған жері үй тігіп.
Сол үрейдің орнын бүгін гүл еттім, Құрбан болған боздақтарды жыр еттім. Құлдық ойдан қашып шыққан санамды, Қобыланды жырына əкеп түнеттім.
Сарыарқаның сал желген бұл даласы –
Бүгінгі күн бара қазақтың Анасы. Қандай алыс Ақмола мен кешегі, дəл бүгінгі Астананың арасы.
Жамбыл-жырдың өрлігімен алап-қыр, Бозоқтардың мыңжылдығын санап тұр. Зəулім үйлер заңғар-заңғар ойлармен, Жер шарының төбесінен қарап тұр.
Сенің еншің мына тау мен мына жер, Еншісімен шыңдалар деп қыран ер, бапталсын деп бұл Қазағым бəйгеде, əлі шауып бара жатыр Құлагер.
Жастар өсті арманының түсі аппақ,
Кете алмастай оны ешкімнің мысы аттап. Келбетінде жалындап тұр жас жігер, Махамбеттің жырларына ұсап қап.
Қыздарым бар қара шашты, ақмаңдай, Жанарынан жаныңа нұр шашқандай. Сұлулығы Қыз Жібек пен Баянның сұлулығын қосқандай.
Азаттықтың мұхит-мұхит аумағы, Қазақ деген елмен қайта лаулады. Жер шарының ендігінен енді де ол, Бойлығының тауларын да баурады.
Құлдық ойды талқан етіп үміт-ой, Теңдік келді сəні бөлек, үні – той. Сөйлемдердің көшесінде Азаттық, Санамдағы сахнада ұлы той.
Астанадан дүнияға тарап таң,
Ұлы армандар, сен де енді қанаттан. Уысымыздан шығармаспыз енді біз, Азаттықтан енді айырма, Жаратқан!
ҚАРА ОРАМАЛ
Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да жауапсыз қалмайды.
Ахмет Игүнеки.
Шындыққа жеткен адамға емес, оны іздеп жүрген адамға сеніңдер.
Андре Жид.
…ГУЛАГ құрылымындағы ең үлкен сала – Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьлері (ҚарЛаг) 1931 жылы 19 желтоқсанда ОГПУ – ҚазИТЛАГ-қа қараған «Гигант» совхозының негізінде құрылды. Орталығы Қарағанды
облысының Долинка селосында орналасты.
* * *
«1939 жылы НКВД-ның 42 лагерінің ішінде ҚарЛаг тұтқындардың саны
жағынан КСРО-да тоғызыншы орын алған».
(Дерек көздерінен)
…КСРО НКВД лагерьлерінің Бас басқармасына қарасты қапастар мен түрмелерде жалпы саны 4 миллионға жуық сотталғандар отырса, олардың 1–1,5 миллионнан астамы ҚарЛагтан өткен. Жалпы, ГУЛАГ- тың құрамында 61лагерь болса, ҚарЛаг соның ең ірілерінің бірі.
(Д.Шаймұханов, С.Шаймұханова.
«ҚарЛаг». 19-бет).
Қарағанды лагері
Дүр сілкінтер дүниенің дүрмегі ауыр, Күнде дабыр бұл тірлік күнде дауыл. Алаш жұрты азаптың аралы ма – Қарағанды лагері бұл не лагерь?..
Сарыарқаның қойнауы мəңгі жасыл, деп ойлама ерке қыз, қаңғыбас ұл! Сен де міндің келместің кемесіне – Қанды қасап жасаған, қанды ғасыр!
Ғалам да алаң өткенге санам да алаң, Көңіл айтсын адамзат саған, далам! Қарағанды лагері қара түнек – Қарағанның түбінде қараңдаған.
Қалмаса да зұлымдық мəңгі жасап, Қиямет-қайым көргенім қанды қасап. Жиырмасыншы ғасыр сол алшаң басқан – ГУЛАГ архипелагын алдына сап.
Қарағанды, Қазақтың қара нары,
Самал əні сарнайды саған əлі.
Жұмыр жерде жұдырығын ішке түйіп –
Сталиннің өріп жүр балалары.
Арғымағым, арда едім, арыдым де. Қадірлімнің таба алмай қабірін де. Сталиннің вагоны музейде тұр – Қаңқасынан қан саулап əлі күнге.
Ұрпақ мынау өткеннен не біледі, Сүйегімді сол сауал кеміреді.
Қарағанды лагері – қаралы өлең Есіл, Нұра егізім егіледі.
Зар айтады, қан құсып көкірегі, Жетім желге қосылып жетігені.
«Жалаңашкөл» «Алжир» боп шашын жайып –
«Степлагы» Кеңгірде өкіреді.
Басы бардың бақ тұрмас бар баяны, Арулардың арман боп ардай əні.
Көктің көлі қос қолын көкке жайса, Сарысудың өзені сарғаяды.
Ірің толған ібіліс іреңінде,
Будақ-будақ бұлт көшкен бұл өңірде. Қарағанды лагері – қара таңба Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде.
Кешіріңдер,
Жан аға, ақ аналар,
Сағаналар сөйлесін, бағаналар. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Қарағанды лагері – қара орамал.
* * *
Сарыбелдің сарнаған самалынан,
«Ерім-айлап» көшірді дала бір əн. Қан сорғалап тұратын балағынан, Сонау күннің түнерген қабағынан,
Қаралы жұрт – қара орман, қаралы маң.
Жалқын іздеп жарықтың жамалынан, Қара қобыз зар құсса сағағынан, Тасы тисе тағдырдың тасадағы
Жас ағады жылдардың жанарынан.
Сол жылды айтсам тартады сол қабағым, Зорланамын батқандай сорға қалың.
Оты бардың оқимын ойлы хатын Тотылардың естимін тордағы əнін.
Топан кірді түсіме… толған ағын – долы өзеннің осынша долданарын… Қаратаудың басынан шыққан көштің арбасының көргенмін доңғалағын, тағдыр деген қайтейін, сол қарағым…
Ей, ескен жел, қайғымды еселеме!
Ескертпедің ес болса кеше неге?.. Көгеретін кезікпей көсегеңе –
ақ тілекті жолыма төсе, деме!
Ерте өле ме бұл пенде, кеш өле ме, Бодан күннен қалғаны бос өнеге – Тағдыр жазса көнесің пешенеңе…
Беу, Сарыарқа! салқар көш сабыр еді, сағыныштан жаралған сағым елі.
Асу-асу бел еді, шағыл еді, арғымағы арманның ақ үлегі. Аппақ құсым қанатын қағып еді,
«…Абылай аспас Арқаның сары белі» Бастап кетті, білдің бе, тағы нені?..
Барқыт белден асырып таңдарды алға, Сарқыт берген сай едің сардарларға. Жұмыр жерсің сен де енді қан жалаған – Ғұмыр берсін дейін бе қалғандарға… Мынау заман қай заман – қай қай заман – Үзік-үзік үмітің жалғанғанда.
…Жайық үшін жаулассаң жазығың не –
Еділ үшін егессең арман бар ма?
Қасірет кешті адамзат, мұң қаптады, көздің жасын көп күндер құрғатпады. Бұлдыр-бұлдыр дүние көз ұшында
Құйрығындай түлкінің бұлғақтады. Жұмыр басты пендені жұтып жатты Шындық өлген кезеңнің шым-батпағы.
…Қарағанды лагері – «ҚарЛаг» емес –
Қара ниет қоғамның ЗҰЛМАТ ЛАГЫ.
Қатарына жатқызса жазалының, Кімге керек адалдық, тазалығың… Зар илетіп заманы қан жұтқызды – Орыс, неміс, жебірей, қазақ ұлын… Шалқар əні – шарығы ажалының, Тарқағаны осы ма базарының.
Қиямет-қайым туғанда пенде біткен –
бірге айтады екен ғой АЗА жырын…
Жылымық жыл көтерген жыр байрағы, Зымыран күн төбеңнен зулайды əрі, Құлағы жоқ құбыжық қоғам сынды – тұрағы жоқ бағың да тұрмайды əні… Жусан, көде, ырғалған ырғайлары, Ішке түйген талайды сыр қайнары.
«Қарабаста» қара ағаш қобыз шалса, сыбызғы боп сарнайды қурайлары…
«ҚарЛаг» қақпасы
Қарабаста…
талай тұтқын асылған дар ағашқа, талай тұтқын таласқан шамалы асқа, талай жендет қан ішкен қара қасқа, Қарабаста…
Ал, сен бала, білмесең жағаласпа!
Айналғанмен кең орын, кен орынға, Жер орында тұрса да ел орында.
Қолтаңбасы сол кездің вокзалында –
керзі етіктің ізі бар перронында.
Ғасыр дағы…
«Қарабастың» қабағы ашылмады, түске кіріп сан ұлттың асылдары. Қоңыртөбе1 қоңыр бір күйге түссе,
Шерубай-Нұра2 шер шертер қасыңдағы.
Арқа жақта…
Шалғынына аунай бер шалқалап та!.. Жапа шеккен жазықсыз сол миллион –
«Қарабастан» тараған шартарапқа.
Қарабаста…
тұтқын да жоқ, жендет жоқ, ар ағаш та.
Қарғыс айтар Қарабас қараңғы ойға –
Адамзатқа мың алғыс, Нар Алашқа!
…Жол түскенде келіп тұр Қарабасқа…
Ахметжан Сармантайұлының
«58-статья» күйі
…Зар, зар заман, зар заман, Зарлап өткен тар заман.
Буыршынды тайдырған Жағалауда жар жаман. Өсек өрті қаулаған, Дабыралы дау жаман.
1 Қоңыртөбе – «ҚарЛаг» орталығы саналатын Долинка селосының бұрын- ғы атауы.
2 Шерубай-Нұра – өзен аты.
Жауын жаман жаумаған –
Жау жоқ жерде жау жаман.
«…Қыс артынан жаз келер, Құс алдында қаз келер».
Домбырамды қолға алсам, сағынышты саз келер.
Ерттеп міндік кер күнді, шыбын жанға шер тұнды. Домбырамды қолға алсам, шемен болып шертілді.
Бақ қонбаса қасыңа, Ей, көңілім, жасыма! Айыр тілді жыланның – Ақ құяйын басына.
Асқаны жоқ, тасқаны, дүрбелеңде жас-кəрі. Қала ма екен бəрінің Бір белеңде бастары.
Сөзінің жоқ киесі, Елінің жоқ иесі.
«58» атанған –
«Статья» күйі осы…
Қызжылаған
Ізетпенен жасамай ізгі қадам, қарындасын қорлайды құзғын, арам.
«Жалаңашкөл» жағасы – «Алжир» лагерь –
Қазақша аты ол жердің – Қызжылаған.
Енді кімге кезігер долы дауыл, қаралы күн қаққанда қоңырауын.
«Жалаңашкөл» жанында қыз жылаған –
орап алып сүт аққан омырауын.
Ғазауатқа кезігіп ғасыл қайық, қырдан асып кеткелі ғасыр ғайып. Аза бойды қаза ғып Ана біткен –
Аңырайды «Алжирде» шашын жайып.
Адамзаттың аймаңдай ары осында, Рахиль Плисецкая…3 нанасың ба?! Бейімбеттің қой бақса Күлжамалы – Рысқұлов Тұрардың жары осында.
Айдыны жоқ аққудай расында, Жазбай жатып үзілген жыр осында. Сұлулық пен нəзіктік атаулының Тілім-тілім еріні… жүр осында.
Шығасыға басшылық иесінен, айырылмайын сөзімнің жүйесінен. Адамзаттың аққуы аналар ғой – қорықпайтын қай қоғам киесінен?
Мұндай зұлмат кім көрген жеңіл ойлы, Бастап кешіп келсек те не дүлейді.
Қазақшасы бұл жердің – Қызжылаған, қыз жыласа… дүние еңірейді.
Арын төксе анаңның құзғын, арам, жүргеніміз не керек біздің аман.
3 Рахиль Плисецкая – кеңес актрисасы, КСРО халық əртісі, əйгілі балет бишісі Майя Плисецкаяның анасы.
Көз жасына ескерткіш – «Жалаңашкөл»,
қазақшасы «Алжирдің» – Қызжылаған.
Қызжылаған…
Ирина Борхманның «Үзілген сапар» картинасы
…Жел жұлды шашын шалғынның, Тіршілік біткен жалаңаш.
Тезіне түскен тағдырдың Жапанға біткен дара ағаш.
Өмірді сүйген ұлы өнер, алысқа жеткен атағы.
Түсіне енсе түнерер –
Штарнберг шаһары…
Күндердің кез боп кермегі, Үзілген үміт тоңады.
…Гуілдеп соққан желдері Уілдеп соққан бораны.
Ақ түтек кешті, адасты, Қаламы қоса қартайып… Жапырақсыз ағаш жар асты жападан-жалғыз қалқайып.
Қапаспен қалай арбасып, Жарығын көрмек жалғанның.
…Қара жолды да қар басып –
Қарасу қатып қалған күн.
Суретші əйел сүргінде, Талантын қоса соттатқан. Күндердің түсі күлгін бе –
«Просторныйда»4 от жаққан…
4 «Просторный» – ҚарЛаг нүктесі.
Лайық еді құрметке, Күндері күмəн, күдікте.
«Үзілген сапар» сурет пе –
Үзілген əлде үміт пе?..
«Мамочкино» моласы
Бұл молада «ҚарЛаг» тұтқындары –əйелдер мен бала- лардың мүрделері жерленген. Зират Қарағанды облысы, Абай ауданы, Жартас кентінің аумағында.
«ҚарЛагта» ересектермен бірге «халық жауларының» балалары да мерзімдерін өтеді. Жаңа туған балаларды аналарынан тартып алып, Балалар комбинаттарына тап- сырады. Оның да вахтасы, қақпасы бар. Барактары жəне тікенек сымдары кəдімгі зонадан еш айырмашылығы жоқ.
«ҚарЛагта» осындай жеті мекеме болған.
Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мəселен, 1941–1944 жылдары 924 бала, ал 1950–1952 жылдары 1130 сəби опат болған…
* * *
…Кімге ол күннің обалы?
Балалығын ұрлады, қызықтарын тонады. Ессіз ғасыр адамзаттың алдында –
жауап берген жоқ əлі.
Көкті кезіп кеткен кезде жыр құсым, мен олардың танып алғам түр-түсін.
«Мамочкино» моласынан естимін –
Сақ-сақ еткен сəбилердің күлкісін.
Аңызақта арай тілеп күнсіген, көктемдегі көк шыбықтың бүршігі ең.
«Мамочкино» моласына жеткенде Сақ-сақ еткен сол күлкіден түршігем.
Сол маңайдан естимін де тосын əн, Тосын əнге қосыла алмай тосылам.
«Мамочкино» моласының қасында
Сақ-сақ еткен сол дыбыстан шошынам.
Тайғақ кешіп, тағдыр біткен тайғасын, Аяр қоғам асырады айласын.
…Бірігуге ұран салған сол күнде –
Барлық елдің пролетары, қайдасың?..
Дыбыстарын жұртқа естіртпей былайғы, Қарғамай-ақ қоғамды да, Құдайды.
Жартастағы «Мамочкино» моласы –
Сақ-сақ етіп күледі де жылайды…
Қол бұлғаңдар!
Сол сапарға ермеймін,
Саны келіп, саны кеткен мендейдің. Сай-сүйегім сырқырайды жоласам – Енді қайтіп бұл маңайға келмеймін…
…Жартастағы «Мамочкино» моласы.
Гармоншы. 1937 жыл.
Көздерінің шарасының, қайғы тұнған түбінде. Қарағанды қаласының – қарақаттай түнінде.
Термелетіп, мақамдамай, аңыратты арманын.
Гармонь созған татар малай –
Бірге естиік қалғанын:
«…аппақ түтек айналамда, қайда жетем қонаға.
«Майқұдықта» май боранда –
майшам жақсам бола ма?
Жырламас ем оянбасам –
Аналарды қадірле!
Жарты Ай қадап қоям қашан –
«Жартастағы»5 қабірге?
Өтіп жатыр қарап бəрі, Мұңлы əуен бұл… ұнай ма? Балалық шақ барактағы – Еске түсіп жылай ма?
Өмірі өтер сұраулы ғып –
ағынан көп қарасы. Тұтқын емес мынау жігіт – Сол «ҚарЛагтың» баласы.
Неткен қатал өмір еді, Өтіп жатқан жосылып. Татар малай егіледі… Гармонына қосылып.
Тас пен ас
…Бірде қыстың таңында біз Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жаттық. Жолда жұтаң киінген жергілікті адамдар кезікті. Қастарында балалары бар. Үлкендер бізді көрген соң сəбилерге қарап бірдеңе айтқаны мұң екен, балалар бізге қарай тас лақтыра бастады.
5 «Жартас» – лагпункт нүктелерінің бірі.
Айдауылдар «Сендерді Мəскеуде ғана емес, адамзат ба- ласы жек көретінің байқадыңдар ма?» деп қарқылдап кеп күлсін. Тұтқын əйелдер «бұлардың балаларға бер- ген тəрбиесі осы ма?» деп налыды. Мен əлгі тастардың біріне сүрініп құлап, дəл алдымда жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезгендей болдым. Шетінен тістеп көрсем дəмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп, тастарды теріп алып баракқа алып келдім. Барактағы қазақ əйелдері оның тас емес, кептірілген құрт екенін түсіндірді.(Ал- жир тұтқыны Гертруда Платайстың естелігінен).
…Ең қымбат тас осы шығар əлемде, Ең асыл ас осы шығар əлемде.
Гертруданың жазып кеткен жолдарын Өнеге ғып айту керек бар елге.
Басын исін, төске басып қолдарын – ҚАЗАҚСТАН деген жұрттан сəлем де! Жұлдыздардың ішіндегі Үркері, Мына дала тектілердің жұрты еді.
Сұламадан алып қалған сұлатпай Аналарым қолдан сыққан құрт еді. Мейірімге мөлдіреген бұлақтай Гертруда қыз көздің жасын іркеді…
Атар таңнан аппақ тілек тілеген, Байтақ еді басына бақ түнеген. Сонау жылы Жалаңашкөл маңында,
Сағым қашқан Сарыарқаның таңында: Құрт жайында жазылыпты бір өлең – Ұлт жайында жазылыпты ҰЛЫ өлең!
Өміріңнің нұрға толса арнасы, Тіршіліктің тоқтамайды арбасы.
Бұрқап тұрған дала жайлы айтады, Құрт лақтырған бала жайлы айтады – Адамзаттың арманының жалғасы – Германдағы Гертруданың қандасы!..
Беу, боз дала! Боталап бір боздасын, боздасын да өткенімнен қозғасын! Бозқасқа айтсын, боз биесін байласын, Аяр келіп іздемесін пайдасын.
Оғыланым оман жұрттан озғасын –
сықпа құртта сығып алған көз жасым…
Қасиетін қара тасқа қашатқан, Тас атпаған кім-кімге де ас атқан.
Мейіріміне мейірленер шөлдеген – Барактағы баланда6 емес ол деген. Адамзатқа көңілінің жоқ аласы – Құрт лақтырған қайран қазақ баласы.
Уа, «ҚарЛаг» кешкен тұтқындардың ұрпағы! Сақтап жүрген қазақтың бар құрты əлі…
«Жалаңашкөл» маңында, Сол «Алжирдің» жанында –
құрт лақтыртқан Анасына қазақтың, құрт лақтырған Баласына қазақтың – АЛТЫН КЕШЕН салып қойсақ қайтеді?
Жарасар ед, əй, тегі…
…Ең қымбат тас сол болады əлемде, ең асыл ас сол болады əлемде.
Гертруданың жазып кеткен хаттарын Өнеге етіп айту керек бар елге.
Жайқалсыншы, барлығыңның бақтарың –
ҚАЗАҚСТАН деген жұрттан сəлем де!
6 Баланда – тұтқындарға берілетін быламық.
«ҚарЛагтың» қара кітабы
Көңілдің ұшты кептері, түндерді талай ұзаттым. Сарғайып кеткен беттері – Мұрағаттағы құжаттың.
Тұтылғанын күн қойды анық, дүние талай құбылып…
«Ақойға» жетем ойланып –
«Бұрмаға» барам бұрылып.
Араға түсті сан жылдар, Мұң болған мұқым қадамы. Талапай болған тағдырлар – Колыма, Бутыркадағы…
Күйіндің, күйдің, күйредің, қызығыңды кім тонаған?.. Түңіліп барып түйгенім – Зұлматтың соңы – Зобалаң.
Тағдырларыңды танығам, Күндердің сен де көшіне ер –
«Батықта»7 қалған бағылан –
Есілде қалған есіл ер!
Толқындай толқып туласам, айтайын бір ой төтеден;
…Елу сегізде тумасам
«58»-бен кетер ем.
Ақтаңдақ көрген асылы, Еменнің біз бір бұтағы.
7 «Ақой, Бұрма, Батық» – ҚарЛаг нүктелері.
Қазақтың қара ғасыры –
«ҚарЛагтың» қара кітабы.
Қоңыртөбе…
«ҚарЛаг» тұтқындарының арасында ғалымдар, ойшыл- дармен қоса 1000-нан аса əртіс, 360 пианист, 100-ге тарта суретші болған…
…Сұп-сұр дала, сұп-суық, сұрқай дала, Жаумай өтіп барады бұлт айнала.
Қоңыртөбе, қоңыр жон, қоңыр қырда, қоңыр-қоңыр керуен өмір мұнда…
Көшті көріп көңілді қозғады ағын, Бозінгені боздады боздаланың… Жапа шексең жазықсыз жаза қиын, Қайғы торлап қаралы қазақ үйін.
…360 пианист тіріліп кеп –
тартып жатты қосылып Аза күйін…
Оқпанынан ол күндер оқ боратқан, Жылап аққан жылғасы тоқтап аққан.
…Адам етін тұздаған бөшкелердің –
Қаңқаларын осы ауыл отқа жаққан.
Тірі бəрі! бұл маңда кісі өлмеген,
Деп жырлайды көнілдің құсы өрлеген. Заманақыр басына зауал туды – Адамзаттың РУХ-ын кісендеген.
Шырағданның шалқыса білтелері, Аспанынан ақшарбы бұлт өреді.
…Жиі-жиі мың əртіс басын қосып –
Азан-қазан етеді бұл төбені.
Тасмаңдайлы тағдырдың талайлары, Қалған мұнда… арманның арайлы əні. Қоңыртөбе жарықтық жарық күнге – Адамзаттың көзімен қарайды əлі…
Үш қағыс
Жалаңашкөл, Бидайық, Дəрияда8, Ұшқан құсым! айналып, кел ұяңа! Жиырмасыншы ғасыр да қырдан асқан – Сталин жоқ… Ежов та, Берия да.
Жем шашайын, кел құсым, балапанға, Аялайын бəріңді алақанда.
Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде –
Қарағанды лагері – қара таңба. Адамзаттың арда емген асылдары, арығаны, атылып, асылғаны… Қарағанды лагері – қара орамал Жиырмасыншы ғасырдың басындағы…
8 Жалаңашкөл, Бидайық, Дəрия – ҚарЛаг нүктелері.
ТАКСИДЕГІ ТАҒДЫРЛАР
І
Кел, жолаушым, Қане, қайда барасың? Қатарымсың,
Бəлкім іні, ағасың? Отыр, отыр...
Бергеніңе қанағат
Қалтаңның да байқап тұрмын шамасын.
Бөтен емес
Бəріміз де бауырмыз, Жел көтеріп
Көшіп келген ауылмыз, Тыным таппай
Теріп жүрген несібе
Тас жолдағы тəкси деген қауымбыз.
Тəкси! Тəкси!
Деп күнімен қақсаймыз, Қақсамасақ қара бақыр таппаймыз, Түсінерсің
Тіршіліктің қамы ғой
Жанталаста жақынға да жақпаймыз, Керілдесіп кейбіреумен теңге үшін Кейде тегін жеткізіп те тастаймыз, Алғанды ешкім жек көрмейді десек те Адамдықты ақшаға біз сатпаймыз.
Айып етпе
Ескілеу деп көлігің, Темір түгіл Тозыңқылау көңілім,
Қуып келем тəтті үмітті тəксимен Түзелер деп түбінде бір өмірім, Жол қысқарсын
Əңгімені шертейік,
Тыңда менің, момақандау серігім.
Кімдер мініп
Кім түспеген тəксиден,
Тəкси артық кейбіреуге жақсы үйден, Шындықты айтып
Басқа жерде айтпайтын Кіжінумен, Жұдырығын тас түйген,
Ағайларды ала зытқан кез де бар, Асып-сасып,
Қашып шыққан басқа үйден, Айғыз-айғыз бетін көрдік арудың, Ақ шаштыға
Ақшасы үшін жас тиген, Асыққаннан есі шығып абдырап, Көрдік жұртты
Көлік үшін басты иген,
Алыс жолға адастырмай уағында Алып барсаң
Алғыс айтып Ақша үйген,
Айта берсем əңгіме көп... Бір күні,
Мінді бір қыз, Ырғатылып... Мас күйде!
Езуінде секеңдетіп шылымын, Елеусіздеу сездіреді қылығын, Бүйрек бетті,
Сүп-сүйкімді, Сүйріктей, Сəлден кейін
Атты сөздің тығынын.
Адам – қызық,
Мейлі бір іс тындырсын, Я күйініп,
Сағы сынып, шыңғырсын, Бейтанысқа сыр ашады тəксиде Түсінбеймін,
Неге екенін кім білсін?!
«Ағай, – деді, Қарайсыз ғой түйіліп,
Отырсыз ба ішіңізден сүйініп? Қарындас деп жақын тартып алдымен Қырындайтын біздің қазақ қиын ұлт!
Қайырылдым
Қайыры жоқ уайымнан, Майырылдым
Тойымы жоқ жайыннан, Сандалкермін
Саңлақ қыздың бірімін,
Сайғақ құрлы сая тапқан Саиннан!
Ақшалыға
Табылады патша-тақ, Ақшасызды Алжастырып, қақсатат, Заман солай
Билеп бізді, үйретті, Барыңды сат!
Арыңды сат! Ақша тап!»
Сөзін бөліп мен ақырын күңк еттім,
«Арсыз деген
Емес бірақ, жақсы атақ!»
Үндемеді
Көк түтінге көмілді, Өксігендей...
Іштей бəлкім, егілді?!
Бір мезгілде белгі берді тоқта деп, Түсініксіз,
Нені ойлады, не білді?
Келдім, – деді,
Мен көздеген жеріме, Машинадан түсті ақырын, Еріне,
Мен де түстім жол ақысын алмаққа, Көз төңкеріп,
Күлді маған керіле,
«Сізге төлер соқыр тиын ақшам жоқ, Натурамен алам десең – мен міне!»
...Сөзбен атты, Түйіп алып қабағын:
«Бұдан басқа бар ма менен аларың? Өмір деген – сатып алу, сатылу, Сенің – тəкси,
Менің – тəнім тауарым!»
Қымсынбайды айналадан Түнгі айдан,
Азғырады... деп қимылда, ыңғайлан, Күнде саған табылмайды бұл қызық, Айт, егер де қалдым десең мұндайдан, Əйел заттың əзəзілі аз емес,
Намыс қайрап,
Ұрып-ақ тұр шымбайдан,
Жыным қайнап қайдан шықсаң одан шық, Бастап кеттім əлгі қызбен бір майдан!
Ес жиғасын қарап оң мен солыма, Тізгінімді алдым қайта қолыма, Қара түнге сіңіп кете барды қыз, Қала бердім бомба түсіп ойыма, Ар туралы ақыл айтып отырып,
Қалай түстім арсыздықтың торына?!
Өмір – осы,
Мың бұралаң, сырғанақ,
Шыбын жанды шырқыратар шырмап ап, Тура жолмен түзу келе жатқанда Адастырар
Ойда жоқта сор қамап, Өзегімді өртейді кеп əлдене
Өр кеудемді орып, орып, тырналап, Неге елестей береді сол кеткен қыз Тəлтіректеп,
Қараңғыны қармалап!
ІІ
Иə, жолаушым...
Əлі біраз жер бар ма? Зерделей бер
Сөз арнасын аңғар да,
Кейде осылай шер тарқатып алмасақ
Қайран жүрек Жарылмай ма арманда!
Ығы-жығы... Кісіден де көлік көп,
Кететіндей бір бүйірден періп тек, Мəз боламыз иномаркі мінгенге Шетелдерден ескі-құсқы теріп кеп.
Тозса-дағы құйғытады Тойотам Оза алмайды одан тұлпар,
Тай, атан, Заман солай...
Қалдырып ед əйтпесе Тойотаны
Қай отаның, Қай атаң?!
Біреу – андай,
Біреу, бəлкім мұндай дер,
Өзін-өзі тек шындықпен шыңдайды ел, Көшіп көрген көшелі жан екенсің Ауыз – біреу,
Құлақ – екеу, Тыңдай бер!
Адам ұшып
Ай мен Марс, ғарышқа,
Түссе-дағы компьютерлер жарысқа, Қара жолда талай тағдыр тəксимен Кетіп бара жатқан жоқ па алысқа... Бөлек-салақ көп сөмкелі мінді əйел Кенелгендей базар барып табысқа,
Жайылып кеп, молынан-ақ жайғасты, Үсті-басын пора-пора тер басты,
Əңгімесін қоя берді ағытып
- Той жасаймын,
Қызығым, – деп, – алғашқы!
Құдай берген бір ұл, бір қыз бар менде, Ондай балдар
Жоқ қой күллі əлемде, Əкелері жастай қайтты, Жеткіздім,
Ешкімнен де кем қылмадым Шерменде,
Шүкір, міне,
Ұл үйленем деген соң Шығып кеттім
Отыра алмай бөлмемде.
Қуанышты бөлісем деп халықпен, Шауып жүрмін
Оттай лаулап жанып мен,
Көптен күткен қызығымды тойлауға Бес миллион қарыз алдым банктен!
Жанды баурап
Жүре-тұғын жарқылдап, Біздің қазақ,
Ақкөңіл ғой аңқылдақ, Қазағымды айырбасқа бермеймін
Басқа жұртты əкелсең де алтындап, Бір шалқысақ
Шалықтап та кетеміз, Əйел де отыр
Ағыл-тегіл Таңқылдап.
«Көрші-қолаң күңкілінен қашам деп, Күндегеннің көкірегін басам деп,
Бəрін жиып Ығай-сығай Жайсаңның Ағайыннан,
Аймағымнан асам деп,
Жұлдыздарға əн салдырып бұл тойда,
Мал-мүлкімнің түгін қоймай шашам!» деп.
Болам десең,
Жаны таза, жарқын ұлт, Көкіректі қақпаған жөн, Халқым, ұқ,
Лепіргенде Тəксиімнің төбесін Тесе жаздап
Тоқтады əрең алқынып,
Түсті əйтеуір жеткеннен соң үйіне, Бума, бума сөмкелерін артынып.
Бас шайқадым
Іштей ептеп мұңданып, Болса қиын
Қызың – масыл, ұл – ғаріп, Қарызданып той жасаған – қате деп Қанша айтсаң да
Ұғар ма екен бұл халық, Кіріп кетіп кредитке өмірлік
Өз мойнына өзі салған бұғалық!
Жə, сонымен, Келдім үйге іңірде, Бала-шаға
Мəре-сəре, күлімдеп, Шай-пəй ішіп, Ашып қалсам телені,
Əйел отыр
Көп каналдың бірінде!
Жоқ бірақ та манағы екпін, қарқыны, Өшіп қалған
Жанарының жарқылы,
Сөйлеп отыр жанындағы тілші қыз. Бір жағдайдың сезіліп тұр салқыны.
Жəрдем сұрап
Жылап – сықтап келгесін, Тілші қалай
Əйелге сөз бермесін, Қарызға алған
Үйін салып кепілге Жоғалтыпты
Бес миллион теңгесін!
Əрең сөйлеп Экраннан зарлап тұр. Жар сап жұртқа
Көзден жасы парлап тұр. Қайда?
Қалай жоғалтқанын білмейді Жобалаумен
Жалпылама сарнап тұр, Тапқан адам əкеп берсе, Сүйінші,
Дайын ғой деп
Үміт жібін жалғап тұр,
Бұл заманда кім апарып береді, Дəтке – қуат,
Өзін-өзі алдап тұр... Бітті əңгіме, Экранға айқайлап,
Қаным қайнап Ашуымды, ал, лақтыр:
«Нең бар еді кредит ап кердеңдеп, Барды ұқсатып
Дəміменен жан баққыр!
Шүкірлік жоқ, күпірлікке бас ұрған, Əй, ақымақ! Сүйрер ме еді шашыңнан?
«Мода, мода», деп жадылап жаһаннам, Миың бу боп Ұшып кеткен басыңнан, Өмір құнын білетін-ақ жөнің бар, Талай бейнет көрмеп пе едің жасыңнан, Қанша айтсақ та
Ұқпайсыңдар... Неліктен?
Асылық, деп, Тым асқақтап, Тасынған,
Жиған-терген дүниеңді аямай Шашам деп ең...
Қалай екен шашылған? Сен қатынға,
Шынымды айтсам, сол керек, Таптың ба, ақыр, Пиғылыңнан...
Осыңнан,
Сендейлерді керегі жоқ аяудың, Қал, табаға,
Досыңнан да, қасыңнан!»
Əрең, əрең келдім, тоқтап, сабырға, Ертеңіне жұмысыма бардым да, Көз алдымнан кетпегесін кешегі іс, Көлігімді ақтардым кеп тағы да,
Дорба жатыр, орындықтың астында,
Ал, не дейсің,
Мұндай қызық тағдырға! Аяғымен теуіп, теуіп, байқамай Кіргізген ғой, түсіріп ап, алдына...
Ашып қалсам... Пəшкемен бес... миллион! Мелшиемін,
Миллионға мөлием,
Ақша жатыр, арбап көзді құбылып, Дегендейін
Ал, қанеки, Кел, ием!
Есім шықты,
Айран-асыр ақылым, Тыға салып,
Жүріп кеттім ақырын, Жақсы болды, Қажетіңе жарат деп
Ұры дауыс сыбырлайды жасырын, Кісі ақысын жеп мұратқа жетпейсің, Не болады,
Дейді ұятым, ақырың? Əй, обал ғой, Бейшараға обал ғой,
Болмаса да бірге туған жақының!»
Күні бойы əрі-сəрі, Шыр-пыр боп, Жанды қинап,
Өз-өзіме жүр, тұр деп, Əдірісін сұрап алып теледен, Іздеп келсем, отыр екен
Сұп-сұр боп,
Өзін-өзі сөгеді кеп аяусыз,
Сорасы аққан екі көзін «шыққыр» деп.
Мені көріп
Ұшып тұрды ербеңдеп, Көктен түсті,
Шықты ма əлде жерден деп,
Екі қолдап бас салды да ақшасын, Көпке дейін өзіне өзі келген жоқ,
«Құр сүлдерім қалды, – деді бір кезде Тəубе, тəубе
Тек əйтеуір өлгем жоқ!»
Есін жиып,
Көзін оттай жандырды, Ақылға кеп,
Ақ алғысын жаудырды, Аппақ жібек орамалды, Түйілген,
Сүйінші деп, Разылықпен алғызды.
Бауырым деп
Ет жүрегі езіліп, Аттандырды
Жан жылуы сезіліп, Құстай ұштым...
Қандай бақыт Өзіңді,
Өзің сыйлау Адаммын деп сезініп!
ІІІ
Ей, жолаушым!
Кеттім білем көп сөйлеп,
Қайтем енді
Бара жатса тоқ кернеп,
Бір көкмылжың екен өзі деп қалма, Тамағы тоқ, уайымы жоқ, көк көйлек.
Біздің тағдыр Қиын əрі қызық та, Бəрі болды, Жақсылық та, Бұзық та,
Мына тас жол менің жолым өмірлік, Тартып келем
Жеткенімше сызыққа.
Мен де оқығам
Бар жоғары білімім,
Ортан қолдай көп маманның бірімін, Бес ауылдың мал шаруасын басқарып Бабын тауып
Өсірдім төрт түлігін.
Мыңғырған мал Сана мейлің, санама,
Əрең сыйып жүретін сай, салаға, Жалмауыздай жалмап түгел жан-жағын Нарық келді,
Мың құбылып замана,
Талай сұмдық істер болды ауылда Ойлап көрсең
Сыяр, сыймас санаға, Табын сиыр,
Үйір жылқы бензиннің, Түтіні боп ұшып кетті ауаға,
Естен танып, құр сенделді қайран ел, Қаншама жыл жиған байлық...
Шамала!
Құмға құйған судай болып сарқылып, Қалқоз құлап
Қалды халық далада...
Қара ормандай қараша үйді қиратып, Қаңғып келдік ақырында қалаға!
Жəрдем сұрап көрдік жақсы жайсаңнан, Белді буып,
Өттік ептеп лайсаңнан,
Кіріп кеттік кəсіпкерлік əлемге Саттым бір кез балық əкеп Зайсаннан.
Əйтіп, бүйтіп, Нарықты да меңгердік,
Қиындық пен қызықты да тең көрдік, Кейде табыс қар суындай тасқындап Сарқылғанда
Шөл кезгендей сенделдік, Талаптанып,
Еңбек етіп жігермен, Бірте бірте
Біз де оңалып, жөнделдік!
Иə, сəт деп
Іс орайын іздестік, Ой жүгіртіп
Аннан, мұннан із кестік, Беу, сəт сағат!
Кейде бар да Кейде жоқ, Сəт сағатым
Маған да ақыр кездесті,
Бір себептен бір себепке жалғасып, Дүрілдеттім
Дүниелік бизнесті!
Алдымыздан ашылғандай жол даңғыл, Ақша деген
Секілді бір мол жаңбыр, Орайласып бір жұмысқа бір жұмыс, Идеялар
Қаптап оң мен солдан бір, Жарнамалап
Жер жаһанға жар салдық, Құлағымнан кетпейді əлі сол даңғыр, Алғашқы боп,
Алға шықтық... Алдамшы, Екен бəрі Əуейілік Болжам құр!
Ей, жолаушым,
Сөз ұққаның ұнап тұр, Ұғымталға ықыласым құлап тұр,
Еш адамға тіс жармаған сырымды Саған ғана айтам бүгін
Құлақ түр!
Жалған, Жала,
Ғайбат сөз деп жынданба, Өтірікте
Көк тиындық құн бар ма?..
Ту сыртымнан ұрды бір күн біреулер Гаражымнан
Шығайын деп тұрғанда... Көлікке артып,
Керіп, тартып көкпардай Тастай салған
Ұрып-соғып зынданға,
Бір топ кісі
Тұрды төніп төбемнен Көзімді ашып,
Есімді əрең жиғанда.
Жалтылдайды, Жандаралдың формысы,
Жанында өңкей еңгезердей зор кісі, Жаутаңдадым
Жанұшырып мен байғұс Айтшы кімнің
Келер дейсің өлгісі?!
Сұсты жүзді
Суық көзді жандарал, Сөз бастады
Жендет құсап жанды алар,
«Жағдай жаман Түсінерсің айтпай-ақ, Бала емессің
Мұндай іске таңданар.
Амалың жоқ, Айтқаныма көнесің, Қарсы болсаң
Осы жерде өлесің, Заңдастырып
Бар қағазға қол қойып, Бизнесіңді
Бізге түгел бересің, Үй-жайыңды Машинаңды өзіңе Қалдырамыз
Тəп-тəуір күн көресің, Құжаттарды
Біз ақтарып Дайындап,
Əкелгенше жат осында... Елесін,
Өткен күннің екшеп, əбден ойланып Тағдырыңның өзің шығар төресін!»
Тастап кетті...
Тау жығардай екпіні,
Қара жерге көрсеткендей тепкіні, Етіктері тарс-тұрс етіп еденге, Езіп, жаншып
Жоқ қылардай «пешкіні»,
Кетерінде
Кекете бір қарады, Шекесіне
Баса киіп кепкіні, Қорқыныштан Қалтырады өн-бойым
Тірі адамды аяй-тұғын жоқ түрі, Қараңғы үйде қала бердім, қор болып, Өтті зармен
Мен бейбақтың көп күні!
Шарасызбын...
Шамам келмей жемқорға,
Тоғыз айдай тарттым азап мен торда, Таскереңмін,
Көрсоқырмын, Мақрұммын, Не болды үйде? Елде?
Жерде? Канторда? Жетті бір күн
Сарт-сұрт етіп жандарал Сақылдаған сары аязды қаңтарда, Алдыма əкеп бума-бума қағазды Тастай салды...
«Тағдырыңды ал, таңда!
Жұмыстағы сені іздеген құрбының Кім құлаққа іліп жатыр міңгірін, Айттық елге,
Көп қаржыны жымқырып Жалмай берген
Толтыра алмай ындынын, Үйіңе айттық,
Көтере алмай тойғанын, Желік қуып
Кебін киіп жындының,
Қашып кетті дедік сені шетелге, Көтермекке жас тоқалдың ырбыңын, Саған күнде жаудырады нəлетін Балаларың,
Сүйіп алған мұңлығың,
Шыңғырсаң да шыңыраудан шыға алмас Шынжырлаулы шалажансар шындығың, Бəрін реттеп
Қойдық жөнге келтіріп
Тірі жанға білдірместен ым-жымын, Соңғы айтарым,
Қолыңды қой, Айырбас, Бизнесіңе –
Сенің өмір, тірлігің,
Я болмаса біржолата құртамыз, Іздеп жатыр осы күні кімді-кім?!»
Сындым ақыр, Мойынсұндым, бағындым,
Бар байлықтан Баз кештім де, Арылдым,
Сұрағанын түгел бердім қол қойып, Ешбір жаққа келген де жоқ шағынғым, Тақыр кедей болсам да аман жүрейін Жандарында балдарымның, Бағымның,
Елестейді
Элита боп жүрген кез, Бұлдыр-бұлдыр Арасынан сағымның!
Өтірік те,
Өксу де жоқ сөзімде, Бұл бір сынақ
Ауыр ма əлде жеңіл ме? Кім біледі
Жасадым ба асылық Болып, толып
Балпаң басқан кезімде.
Сүйегімнен өтіп кеткен бұл қорлық, Мəңгі мұң боп қатып қалды көңілде, Кейде менен баз біреулер сұрайды Бір тұңғиық уайым бар деп көзіңде Оңай ма екен осыншама озбырлық Болып жатса туып, өскен еліңде?!.
Сөйтіп бəрін артқа тастап азаптың, Жеткізер деп келешекте ғажап күн, Тəкси болып тартып келем, Тəуекел,
Жол да өзімде, Рөл де өзімде, Азатпын,
Қанын, Жанын
Жəһəннамға сатпаған, Шүкіршілік, Мұсылманмын, қазақпын!
Сау бол, достым, Қайрылмасын қанатың, Аман-сау жет Жеріңізге баратын,
Кейде өмірдің өзі тəкси секілді Біреу мініп,
Біреу түсіп қалатын!
АНА ЖҮРЕК
Жазира күн тағы да жалғаса ма, Сыйлай көрші, Тəңірім, жанға сана. Шаңқай түсің шалқайып шіренбесе, Уқалай сап кірпігін, таң қаша ма?
Тұра тұрсын алтын таң, асықпасын, Қараңғы түн, сен əлі қашықтасың. Көріп жүрген құқайың аз емес-ау, Көңіліңді ол, бірақ, жасытпасын.
Менің қызық күндерім қырық бұрым, Арт жағына қарады тұрып бүгін.
Сол жағымда аппақ боп ай туыпты, Оң жағымда жадырап тұрыпты күн.
Көктем жетсе қуалап көбелегін, Қарай бергім келеді неге менің? Жаны соқыр адамдар көре алмайды Мынау ғажап тірліктің көк əлемін.
Бозторғайы боз таңның шырылдаған, Неге ұзақтау аялдап бұрылмаған?
Осы сұлу өмірдің салтанаты
Тілсіз қатып қарайтын бұрын маған.
Теперішті тебемін тепкішектен, Шыдамымның шырылы жетті шектен. Шілде күтіп шегіртке шарқ ұрғанда, Өз көктемін тосумен көп қыс өткен.
Шілде күтіп шегіртке шырылдаған, Үнсіз ғана тұратын бұрын ғалам.
Тау басына шықтым да, көп қарадым, Өзен көрсем мен жаққа бұрылмаған.
Кемпірқосақ құбылса көкті керген, Тізе қосты үмітім тектілермен.
Көкірегімді кептерім тарсынды ма, Қалықтатып қанатын өтті бермен.
Қызғалдақтың тұғыры қырқаларда, Аспан керек сұлу əн шырқаларда. Телегейлі теңіздің төсіндегі Толқындары толқиды бұрқанарда.
Ауа керек дыбысқа алқымдаған, Дауа керек көңілге салқындаған. Шын қуанып қалар ем, ізгіліктің Суретке сап əкелсе қалпын маған.
Жабығудан қашады жан құштары, Күннің көзін тосады қар қыстағы. Аппақ туын көтеріп шығады əлі Азаматтық елінің арлы ұстамы.
Желкілдеген жасылдың құрағында, Біле білсең, керемет сыр ағуда.
Өзен мен көл, телегей теңіз біткен Түсу керек қосылып бір ағынға.
Жабырқауға болмайды, жасқануға, Басқа таңба түскенде басқа құмға. Батпырауық биіктеп ұшса деймін, Туған елдің тұңғиық аспанында.
Арал едім мен де бір түбектегі, Мекендерге асықтым гүл еккелі. Жетім ойды жылатып қуып шықтым, Жүрегімді жеткенде жүдеткелі.
Таңғы шықтар жылтырап құрақтағы, Жылымықтар жөңкіліп жырақтағы, Тауға келді маңдайын соға жаздап, Мендік биік арманның мұраттары.
Қанаттарын қыранның сұра менен, Алқаракөк аспан ғой бірақ əлем.
Жолға шыққан адамдар, бұрылыңдар Жарық жағып тұрғанда шырақ-өлең.
Топастықты көргенде, таптауырды, Менің əзіз жүрегім қатты ауырды. Кеудем іші жылымай қалады ылғи Суықтықты сезгенде жат бауырлы.
Ұлықтағым келеді ұлылықты, Ғұмыр бойы іздедім жылылықты. Əділдікті қақ жарып айтқан кезде, Туралықтың шығады үні мықты.
Көлбеп ұшты ақ кеме көк теңізде, Шағаласы шалқыды жеткен ізде. Өкінбеңіз өмірге, жыламаңыз, Өксік келіп кептелсе өкпеңізге.
Бірақ өмір қалайша жылатпасын, Адамсың ба- мəңгілік сынақтасың. Таңға қуан, келетін кешке қуан, Тізе бермей тірліктің күн, аптасын.
Жарқыраған жанымның шамшырағы, У жұтқызған өмірден бал сұрады.
Ағын сулар асығып сарсылады, Арналардың алқымы аршылады.
Сағыныш бар күздегі сары суда, Сезімдері өзімен жарысуда.
Үнсіздікті үлгі еткен мылқау ғалам Кенет неге толады бəрі шуға?!
Қуанамын шөп көрсем желкілдеген, Жұбанамын жан көрсем елпілдеген. Көп қамыққан мендегі қайран жүрек Таң боп қарап, өтсе- ші елтуменен.
Бақыт берсең, жаратқан, аспанды бер, Мейлің, мені табалар, тастанды дер. Орта жолға лақтырып кете алмайды Жаһаннамның қақпасын ашқан жігер?!
Барлық қақпа ашылсын, сартылдасын, Мендік болмыс көрсетсін бар тұлғасын. Сапарларда тосылып қала көрме, Қосылғанда қарқының қарқынға шын.
Жібек жылға жеткенде жылжып ағып, Ойда жоқта қаламын мың жұбанып. Ошағының басында Отан деген
Жүрген жанды жек көрем тым жыланып.
Сапарласым, тосылып қала көрме, Аппақ таңдар жетеді қара белге.
Шырқалмаған əндерден теріс айнал, Шақырмаған ауылға бара берме.
Ойсыздықтың елінде жабырқадым, Даналықтың елінде таңырқадым. Жарылқауға жеткенше Жаратқаным Жалғаса бер, аман бол, жан ұрпағым!
Жүрегіңде, ей досым, қыс қалмасын, Сен, өйткені, ғаламат ұстамдасың.
Қанаттарын қапысыз қалам қылып, Ауаларда сызады құс таңбасын.
Қанаттарын құс кетер қалам қылып, Қалам қылса, қалады ғалам күліп. Тағдыр желі аяусыз ұшырса да, Тектілікке керегі табандылық.
Тастан ауыр бір жүк бар жүрегімде, Гүл егуге болады, нұр егуге.
Қоқыс елі қопырап күн кешеді Жарқылдаған өзінің күрегінде.
Қоқыс елі қопырап күн кешеді, Қара бұлт боп аспанда мұң көшеді. Жетесіздің жүрегін дəл көздеген Мен ризамын өзіңе, үн кесегі!
Талықсыған тамызда тағдыр əні, Жаңғырық боп қайтадан жаңғырады. Əз арманын тамшы қып айтып жатыр Басылуға асықпай жаңбыр əлі.
Жайық бара жатқанда жылап ағып, Оның жанын ұқпады мына халық. Қайран ата-бабамның тектілігі Тереңдікте тыншыған тұна қалып.
Қайран ата-бабамның тектілігі, Тектілігі тебіліп өтті күні.
Тебілумен мəңгілік өтер еді, Махаббаты тірілтіп кетті мұны.
Алаң болған күндер-ай, арпалыста, Қала көрме, əйтеуір, қалтарыста.
Жүк түскенде кеудеңе, пенделердің Бəрі дайын тұрады жалтарысқа.
Адамдар бар жанына мұң түспеген, Мұң түспеген жандарға күн түспеген. Қайран тірлік құлпырып тұрған жоқ па, Қас-қағымда құбылып мың түспенен?
Күнге жақын тау көрдім қар тығулы, Жаратпайтын секілді ол артық үнді. Атып ұрсаң, алысқа кете аласың Тынысыңды тарылтқан бар тығынды.
Шаңқай түсім жеткенде шалықта, күн, Жөн болады өзіңді танытқаның.
Қарлығаштай қанатым күйгенімен, Бауырыңда алаңсыз қалықтадым.
Шаңқай түсім жеткенде шалықта, күн, Ақ-қараның айқында анық мəнін.
Шаттығыммен шалықтап өмір сүрдім, Жасықтардың жек көрдім жалыққанын.
Ана көңіл дүние толғанады, Тіршіліктің өйткені сонда мəні. Тежеуі көп өмірде толғана алсаң, Жаратқанның жолыңды оңдағаны!
Бір күнгі өмір ойласаң, жарты ғасыр, Кетеді айтып, себебі, артына сыр.
Сарқырама тұрғанда жүрегіңде,
Сен қалайша, жаным-ау, сарқыласың?!
Сарқырама, бөгеме, сарылдасын, Ағысында тұрғанда арын басым. Өз елінде ұландар қалса деймін, Жатқа беріп жібермей қарындасын.
Тар көкірек қаншама тарылмасын, Кемімейді, қуанам, жарым жасым. Төңірегім мейірімге толады əлі, Атқылаған ақ будан арылғасын.
Ана көңіл, сен енді көп толғанба, Қайтер едің тапқаның жоқ болғанда. Сүйенішім серік боп жанымда жүр, Сүрінгенде, немесе тоқталғанда.
Арман жырын айта алмай ақ қарағай, Жапырағын сілкіді баққа қарай.
Жүрегімнің түбінен шыққан сынды Төңіректе жадырап жатқан арай.
Уайымды айтпа, Арқаның қайыңдары, Күнің бары қуаныш, айың бары.
Жайық келіп лықсыды жағажайға, Толқындары өксіді, жайылды əрі.
Қауызында ашылған гүлдің əні, Құлағында қалады жылдың əлі. Сызылады кеңістік келбетіне Мизам ойдың жібектей мұңды мəні.
Тұғыры көп тірліктің тұрақтаған, Тақ болып ол көрінді бірақ маған.
Шамшырақтың шырайын шыр айналып, Шырылдайды шымшық боп шырақты алаң.
Күрсінісін сездірмей күннің лебі, Жарығымен жанымды тілгіледі. Риза болмау өмірге мүмкін емес Осыншама ғажайып үлгідегі.
Күнге ынтықпын, ғашықпын жарыққа мен, Көлеңкеде көбірек тарыққан ем.
Жетісудың жаннаты алып кетті Сулар ағып жатқанда арықпенен.
Ах, жүрегім, таңдайың тақылдасын, Ие алмайды ешкімге ақын басын.
Көлеңкелер қашқалы қанша болды, Күнгей ғұмыр тағы да жақындасын.
Жамырама, табиғат, ақшам келіп, Кетіп бара жатқандай тақ сан кеміп. Жұптың жұбы жазылмай өтсе деймін, Бақыт нұры тұрғанда бастан көміп.
Көктем қалса кептеліп жүрегіңде, Адамзаттың тұрғанда нұр өңінде, Толқындарын жөңкітіп шартарапқа, Тұңғиыққа түпсіздік тірелуде.
Менің жаным өзгелеу басқалардан, Басқа қылған өзгеден асқақ арман. Құлдиламай қарлығаш құлшынады, Көтеріліп кеткенде аспаны əрман.
Құлдиламай қарлығаш құлшынады, Құлшынуға асығып тұр шыдамы.
Аспан жаққа жетуге аптығады Бұлттан жаңбыр сұраған бүршік əні.
Беймезгіл сəт қақпасы тарсылдаған, Арманымды аяшы аршылмаған.
Бақыт гүлін сыйлады бақтар түгел, Бақыт жырын жырлады бар шың маған.
Менің жеткен жеңісім сəнді үмітте, Менің əнім қалады мəңгілікте.
Тайға түскен таңбадай өзім салған Жер бетінде ап-айқын қалды нүкте.
Қолға ұстатпай кетті ғой Күн тұрағы, Күн тұрғанда дүние құлпырады.
Егіп барам артыма егіз шыбық, Мен кеткенде артымда кім тұрады?!
Егіп барам артыма егіз шыбық, Аялаймын жып-жылы лебіз шығып. Қолбала боп кеткенде қор болар ем, Көмейімнің астында теңіз шіріп.
Мұндай əнді мендей кім айта да алар, Кемеріне толады, қайтады Арал.
Даңғарасы даңғойдың ұмыт болды, Құшағымды ашқанда айқара бар.
Сағыныштан сен-дағы сарсылмағын, Ең керегі – бар мұңнан аршылғаның. Жетегіңе ал, сапарда алға сүйре, Тынба, жүрек, тоқтама, тарсылдағын.
Қуанамын жұпарын шашқан бақта, Болашағым өрледі баспалдақта.
Қайран туған жерінің саз балшығын Қара бауыр іздейді қасқалдақ та.
Қаскөй жандар туады қай анадан, Жақсылыққа құшағын жаяды адам. Саған алғыс айтамын, туған елім, Алақанда ақынын аялаған.
Көктем күліп келеді, көресің бе, Көктейді ол да сананың өресінде. Адамдықтың кітабы жазулы тұр Адалдықтың тап-таза сөресінде.
Байғұс ақыл сұрамас ғұламадан, Кейде қызық көрінді мына ғалам. Шыдағандар сынаққа шыңға шықты, Шыңырауға құлады шыдамаған.
Адам болу қиын ғой бұл заманда, Пенделіктен басталды зілзалаң да. Тəубесі жоқ тасырлық тасынып тұр, Арқар артық көрініп құлжадан да.
Тəубесіне пенделік келер емес, Тағы, тағы басталды нелер егес. Өлермендік ұмтылды өршеленіп, Күн мен Айды өзіне теңер емес.
Айтып қара турасын, басыңды алар, Жарқылдаудың бағы тек Жасында бар. Қырман жақта қып-қызыл бидай ақты, Бидайықтың танылды қасында олар.
Ашылады құлашым, ашылады, Телегейлі көк теңіз тасынады. Ештеңеге өкінбе, бойың жина, Ғаламат қой ғаламның ғашық əні.
Жазылады қанатым, жазылады, Іздеумен жүр жап-жасыл жазын əлі. Басқа ауылдан іздеме, адасасың, Түкпірімнен табасың қазынаны.
Сермеледі қанатым, сермеледі, Қандай жақсы бұлттардың тербегені! Өрекпіген көңілдің өр екпіні Тоқтамады, тағы алға өрмеледі.
Толқын, толқын, ол-дағы өксімесін, Көкжиекке көгілдір кешті көшім.
Дамылдаған дүние, ұйқыға енсем, Дауыс болып сен кейде естілесің.
Мейірім нұры билесе тұла бойды, Басын бұрып ағады бұлақ ойлы.
Ақ жаңбырдың бұрқағы биле, тынба, Тамшылары несіне тына қойды?!
Шалқып ақты Шардара шарасында, Əупілдек жүр қамыстың арасында. Жанарымнан ұғатын сыралғы дос, Сырласуға шақырсам, барасың ба?!
Сүйрік саусақ дірілдеп шекке өрледі, Ырғақтардың тіріліп кетті өрнегі.
Шырмауықты шырғалаң тұсамаған Еркіндікті бер, тəңір, кептердегі.
Ұша білген жақсы ғой ұша алғанға, Жаным ашып қараймын тұсалғанға. Дұшпаныма мен шексіз алғыс айттым Қайраттанып, қайтадан күш алғанда.
Байғұстарға жасалар сауап барда, Көңіл толып тұрады жауаптарға. Имандылық ишарат білдірсе екен Қан ұйыған қуыстау қауақтарға.
Атыл, атыл, ақ нұрдан атыл, аспан, Көкшіл көйлек кигенде атыластан. Жазып жатқан хаттарым жөңкіледі Тағдырымның жолында тақым ашқан.
Жазып жатқан хаттарым жөңкіледі, Ерігені жүректің елтігені.
Көктем болып мəңгілік қалсаң екен, Көбелекті дүние, көлкімелі.
Сен қайдасың, тамызым, талықсыған, Шырылдаған үн болшы шанышқыдан. Көрмеген боп жанымнан барады өтіп, Жақын бауыр, сырлас дос, таныс құдам.
Мен керекпін жəне де керек емен, Мықтылығым таласты керегемен. Төрде отырдым толықсып елеусіздеу, Босағада тұрған топ еледі ерен.
Менің орным босаға емес, бірақ, Өмір өтіп кетеді-ау елес құрап. Таулар тұрса телміріп биігінде, Айбат шегіп қор болды дөңес, қырат.
Алдыма кеп біреулер ақтала ма, Кешіре сал оны да, Хақтағала! Өресіздер өр жаққа жете алар ма, Адал сырын айтқанда аппақ ана.
Өресіздер өр жаққа жете алар ма, Жүрегінің орнында ет оларда.
Дүниені қадірсіз күрегендер
Менің жалғыз сөзіме жете алар ма?
Босата алсам аяқты шырғалаңнан, Жарқыраумен өтермін бұл ғаламнан. Құрбаны боп құтылмау міндет емес, Адам болып көрініп тұрған аңнан.
Келген сайын Жайыққа толғанамын, Жоғалтпаған секілді ол да мəнін.
Ақ шағала шаңқылдап, қалқып ұшса, Сағынышты солардан жолдағамын.
Бөдене құс барады бөктер іліп, Кемпірқосақ жайнады көп керіліп. Арасында əйнектің жанұшырды Шыға алмаған кептеліп кептер-үміт.
Төңіректің тамшысы төгілмеген, Телміреді тап-таза көңілменен. Будақ-будақ талдары туған жердің Бұрымдарға ұқсайды өрілмеген.
Талықсыған тамызда тағдыр əні, Жаңғырық боп қайтадан жаңғырады. Əз арманын тамшы қып айтып жатыр Басылуға асықпай жаңбыр əлі.
Сен бе ғаріп немесе мен бе ғаріп, Сағынышты басайын елге барып. Көкжиекте көгерген кең əлемді Көңілімнің көздері көргені анық.
Сен бе мықты, немесе мен бе мықты, Шашу қылдым жолыңа теңгелікті.
Досым айтқан жып-жылы бір лебізді Еңіреген жүрегім ем деп ұқты.
Сен бе дарын, немесе мен бе дарын, Салады екен бұл Өмір жөнге бəрін. Аттай алмай арықтан діріл қақты Жеті басты жыланды жеңген Арын.
Жеңген Арын немесе сөнген Арын Айтып кетем деуші еді елге бəрін. Аянышпен қарадым ақымаққа, Төмендетіп алғанда төрдегі əлін.
Атылғанда аспанға арғымағым, Жамыраумен айтады тарғыл əнін. Жел кернеген қанатын арман керек, Айта беріп қайтемін арғы мəнін.
Тағы да атып келе ме күн жаңадан, Жандар бар ма жанына мұң жамаған? Аман болсын ақиқат ардан аппақ, Аман болсын жүрегің зілзаладан.
Жүрегіңді жат адам тепкенінде,
Қол созғансың талай рет көкте күнге. Сенің адал көңілің қан-қан болып, Жатқанында біреудің шекпенінде.
Шыға алмайтын жандар көп асханадан, Тоғышар боп тумайды бастан адам.
Билігіне ешкімнің бас ұрмайсың, Биік тұрса көңілің Астанадан.
Өкпелеме жүрегі жабықтарға, Олар тірі ұйықтайды табыттарда. Қарғыс атқан таңба бар (аянышты), Қарындарға байланған қамыттарда.
Тобыр жүрсе топырлап төңіректе, Жүрегіңді бекерге еңіретпе.
Сөнеді-ау деп үмітім мұңаймаңдар, Терең суға батпасын темір өкпе.
Ата-тұғын адалға анық таң бар, Өтінерім – тек қана жабықпаңдар. Сүйкімдісін жоғалтып қапияда, Кездейсоқта табады зарыққандар.
Жүрегіңнің желбірін бүрмелетіп, Келешектің кернейін үрмелетіп, Жүрген қызық күндерді іздеңіздер, Қалып қойған жылдарға бірге кетіп.
Арман күндер айналса алыстағы, Жаңғырады жанымның таныс бағы. Қауырсыны қып-қызыл қанатымның Керек боп тұр Күн жаққа тағы ұшқаны.
Арман-желдер сыбдырлап нені айтады, Жанап өтіп, оралып, жөн айтады.
Бар білерім – жүрегің шын қуанып, Тіршіліктің атады талай таңы.
Күн келеді əйтеуір жадыраған, Қуанады көргенде ғаріп адам. Мен өзімді керемет сезінемін, Қарағанда бұрылып бəрі маған.
Түйіскенде төбемде алты ғалам, Иіреді асығын алтын алаң.
Алматының ақ иық ақынымын, Атыраудың ақ жарқын халқы ұнаған.
Қонақжайлық бойында салты басым, Мейлі, мейлі, қазақтың салты ұнасын. Кербездікті көтеру – далаға сын, Жалқыларды қадірлеу – жалпыға сын.
Арманыңды айт, ақ жүрек астаналық, Айдындарда барады аспан ағып.
Жұмбақ мұхит ойымнан шықпай қойды Жағалауын жатқанда тасқа малып.
Жүрегінде Жайықтың Алатау бар, Кеңістігім, аман бол қанат аунар. Тағы қандай жолдарға жетелейсің, Таң қойнынан бозарған жаңа таулар!
Кеме қалды бұлдырап Нұқ тауында, Сол кеменің бақыты – ықпауында. Қала бердім жұтуға жұпар демін Қазынасы тасыған Құт тауында.
Кеме қалды қайтадан Нұқ тауында, Надандықтың белгісі – ұқпауында. Қонақ болып тағы бір қайтсам дедім, Малдары егіз табатын құтты ауылда.
Бүлкілдесін, қарлығаш, ақ тамағың, Бөгемесін ағысы қатты ауаның.
Қауырсының қатайса, қуана бер, –
Самғай-тұғын мезетті сақтағаның.
Көңіл кірі қай кезде ағармаған,
Жаңа күндер жетер-ау жаңа арнадан. Жалау ұстап желбіреп келе жатыр Сүйіншісін сұраған хабар маған.
Аяулы шақ, сен енді алыстама, Қолын бұлғап тұрғанда таныс дала. Жайық қана тербелген жағажайға, Қоғажайға гүл берген қамыс қана.
Жағажайлар жаныма жылыұшырап, Тынбай жақты мұңымның мыңы шырақ. Жылдар, қайда барасың жүдемеген, Дауылдаған күндердің дыбысын ап.
Дауылды күн, қақшы бір даңғыраңды, Дауылда да айтады жаңбыр əнді.
Шөлейт біткен өзіне бұрып жатыр Сахарада самғаған сан қыранды.
Шөлейт, шөлейт, шұңғылсың шөліркеген, Айналса да астауға темір теген.
Бұраңдаған бұлағын тез табады Шөлдің сырын ұқтырса өмір терең.
Бағыты бар əркімнің ұстанатын, Аман алып жүрсе екен құс қанатын. Атырауға тағы да ұшып келді Арғымақтың ақ жалын құшқан ақын.
Күдірейтіп орманын күз келе ме, Парасат пен пайым аз бізде неге? Көрсоқырдың көңілін таба алмай қап, Із жоғалтқан көңілің іздене ме?
Атырау боп Алматы толғанады, Жаратқанның, толғанса, қолдағаны. Ақ ботасын аруана іздеп келсін, Аналардың бітпесін жолдағы əні.
Баласы Анасына қарағанда, Бетінен бір сүюге жарағанда,
Бала мен Ана жырын тыңдау үшін Ұшады қанат бітіп бар адамға.
Тағы бір таң атады, күн келеді, Жылытып Жер-жаһанды мүлде лебі. Алқызыл алма ағаштың гүлдегені – Адамзат, қабағыңды аш, күл дегені.
Дос барда, ұшыратын қанат барда, Жүресің самғай ұшып санаттарда. Мың тəубе алтын күннің шуағына, Мың алғыс тіршілікке, жаратқанға.
Жылаған сəби күндер бесіктегі, Асығып, бесік бауын шешіп пе еді?! Жасыл су өзен болып лықсып ақты, Дауысын толқындардың есіткелі.
Дірілдеп құлағымда үн барады,
Жып-жылы демін жұтып түн қарады. Шырғалаң тағдыр қалды шиленісті, Шындықты шырмауықпен шырмағалы.
Серіппесі садақтың серпіледі, Болу керек ел жайлы ер тілегі.
Сен аман бол, қазақтың жүрегі аппақ Ақ Жайықты бойлаған еркін елі!
Күй келеді домбыра шанағынан, Қалқып ұшты аспанда ана қыран. Ана қыран таппаса балапанын, Бұл тірлікте қалайша қалады мəн?!
Балапаны қыранның жоғалмасын, Қанат жайып жүгірсін көгалда шын. Балапаны кетпейді, қайтып келер, Ауыртпайды анасы оған басын.
Мынау ғалам, байқасаң, құлпырады, Күмбір қағып көмейде үн тұрады.
Жаз келгенін айта ма, қуана ма, Көгалдағы жасыл түк жылтырады.
Самғай алған қалықтап самғап ұшсын, Ашықпасын, азығын балдан ішсін.
Шындық болып шырылдау арманы ма Үміт жібін сүйреген алданыштың.
Шындықтардың шырылдау арманы ма, Толықсыды тағдырым тармағына.
Тордан əрең құтылған қайран өмір Түспесе екен біреудің қармағына.
КЕНЕСАРЫ
Тəуелсіздіктің 20 жылдығына арнаймын.
Автор.
Толғаныс. Елес. Мінəжат.
Қамырықтым, қабаржыдым, қамықтым –
Неткен тайғақ жолы біздің халықтың! Дей алам ба – алыбы еді алыптың?
Дей алам ба – ғарібі еді ғаріптің ? О, алайда, өз жөні бар тарихтың! Өз жолы бар ұлып өтер бөрінің, Өз жолы бар үріп өтер əр иттің.
Өз үні бар бақаның да... балықтың. Өз үні бар көр-лақаттың, табыттың! Жөні бөлек, бірақ, тірі тарихтың!.. Кейде осылай мұң кезем де, ой кезем, Елес кезем, өз-өзіммен сөйлесем.
Тынысым да, рухым да тəуелсіз –
Кім бар маған «қой!» дей-тұғын, «қой» деген?! Мен қиялдың мінген кезде пырағын,
Сөз болмайды ор деген де, өр деген! Көлде жатып, мұңдасамын шөлменен, Шөлде жатып, сырласамын көлменен... Бірақ сол түн... тұра қалған көлденең. Сиқыр сəтті жеткізе алман сөзбенен!
Мен мұндайды бастан кешіп көрмегем! Петерборда... Кунскамера ішінде Бастар көрдім түрлі-түрлі пішінде.
«Хан Кененің басы мұнда жоқ па?» деп,
Қарай беріп... тұншығамын түтінге. Көріп тұрмын – бір маңдайды оқ тескен, Ал бір бастың қағып апты тісін де!
Бұл не елес? Өңім бе əлде, түсім бе?.. Бір дауыс кеп құлағыма сарнады:
«Хан Кененің арманы жоқ, арманы! Ол – кешегі өз елінің заңғары,
Ол – бүгінгі өз елінің ардағы! Оның басы азат болған бұл жерден, Рух болып қалай елге бармады?
Мүмкін емес! Қара! Ізде бар-дағы!..» Елес кезіп тағы жүрем, тағы мен...
Іздерменен... шұбатылған қанымен. Іздеп келем... іздеп келем əлі мен. Міне! Міне! О, Құдірет, Хан Кене Көрініп тұр басыменен... барымен! Елестеді...
Елес шынға айналып
Бара жатырқалды тілім байланып.
Алаша хан мазарының басында Сиынып тұр баһадүрлер сайланып. Кене ғана жеке дара Бабаға Мінажат қып отыр екен ойланып.. Басы төмен, қос тізеде қос қолы
Былай дейді ол іштей ғана толғанып:
«О, Алаша хан!
Құтты екен сенің Құдай сыйлаған несібең –
Бір сəтке шығып көрмепсің Халқыңның мынау есінен. Анадан ала болып туыпсың,
Кіндік қаныңды Сырдың суына жуыпсың. Əкең сенің хан екен – Қызыларыстан
Ала боп туған ұлы үшін Жарыла жаздап намыстан
Басыңа ажал жастапты, Дария суына тастапты.
Сені сол кезде-ақ Тəңір қолдаған, Ажалың судан да, оттан да болмаған. Батырлықпен атың шығыпты,
Досың қуанып, қасың бұғыпты. Майқы би – маңдай алды би екен, Сонда саған жасаған сыйы екен – Қол астыңа ең таңдаулы ірікті Берген екен үш жүз батыр жігітті.
«Үш жүзіңмен» ұлан елді меңгеріпсің, Қараны ханға теңгеріпсің.
Ел дəулеті Есілдей толыпты,
Тайың таңбасыз, қойың енсіз болыпты. Басынғандардың басын алып, Бəлсінгендердің бəсін алып, Бастапсың сан-сан жорықты.
Ұлытау мен Кішітауды жайлау етіпсің, Қарақұм, Борсық құмдарын қыстау етіпсің. Қаракеңгір бойында хан атанып,
Өле-өлгенше əділет жолын ұстап өтіпсің. Елің ел болды.
«Алты сан Алаш» атанды. Алты сан Алаш «қазақ» боп, Жаугер жұрт болды қаһарлы. Сол, «Алаш» пен «Қазақ» атауы Айырылмас тұрпат алған-дүр.
«Алаш Алаш болғанда,
Алаша хан болғанда» – деген аңыз жатталып, Санамызда қалған-дүр.
Күмістелген есігін күн шығысқа қаратып, Құлыпталған есігін құбылаға қаратып,
«Алаша хан сарайын» алтындатып салдырдың, Атағыңды Алты Аумаққа таратып.
Сол сарайыңның сарқыты,
Қазақ елінің ар-құты, Көтеріп тұрған жер төсі, Өткен тарихтың өркеші
«Алаша ханның ордасы» Алапаттарға миземей, Сыр түйіп ішке, үндемей. Жанғабыл деген өзеннің Жағасында əлі тұр.
Тарихтың көріп дүрмегін, Бойына түспей бір де мін Тəңір қолынан түскендей, Мəңгілік үшін біткендей, Қаракеңгір бойында Күмбезің, міне, тағы тұр.
О, Алаша хан! Алғашқы Қазақ өзіңсің
Ел болды сенің елің шын. Басыңа бүгін кеп тұрмын – Қасірет-мұңым төгілсін, Аруағың маған көрінсін!
Отыз омыртқам бүгілсін, Қырық қабырғам сөгілсін! Егіліп келсем – ергенек, Төгіліп келсем – төрімсің. Айтып-айтпай не керек, Үзіліп тұр белім шын!
Үш жүзіңнің Үлкен Ордасы Үлеске түскен олжадай болды. Хандығың құлады,
Халқың жылады.
Құлағаныңды тұрғызсам деп ем, Жылағаныңды күлгізсем деп ем. Қазақ та Тəңір баласы емес пе, Ел қатарлы жүргізсем деп ем.
Тілегіме ортақтар тік көтеріп хан етті, Қайраңдаған қайран ел менен ғана дəметті. Басым жерге жеткенше,
Бақытсыз осы жұрт үшін Сылып берермін сан етті, Түршіктіріп қасымды, Тігіп өтермін басымды! Əумин!»
* * *
Ең соңғы хан, ең шерлі хан, міне, осы! Басын иген бүкіл Алаш дүниесі
Ақ киізге көтеріліп, Кененің
Хан атанған, қайта туған күні – осы! Аян жұртқа – бес жыл болды, мінеки, Келеді əлі қас жауымен күресіп.
Отқа орады Ақмоланы, Орды да, Қаны қатып, қасарысып, сіресіп. Көріп тұрмын Хан Кенені... Рухты, Кетем енді сол рухқа ілесіп....
Кенесарының Сарыарқамен қоштасуы немесе төрт жылдық баян
Сарыарқа саған шағам енді мұңды, Қызығым артта қалды кемді күнгі. Маң далаң маңдайыма сыймаса да, Кеудеме сыйдырамын кеңдігіңді. Көретін күн бола ма қайта айналып, Өзен, көл, қалың тоғай, сеңгіріңді!?
Санамды сансыратты ұла арманым, Болашақ қандай болар біле алмадым. Көбесі тырнағымның сөгілгендей,
Сонда да бір қанағат іле алмадым. Дариға-ай, түгел өртеп кетер ме едім Орыстың қаптап кеткен дуандарын!
Қордам мен қонысымды айнала алмай, Қолымды таршылықтың байлағаны-ай! Өзіңді дербес қылсам деген оймен,
Он жылдай күресіп ем жанды аямай. Артымнан соңғы төрт жыл тағы түсті, Үмітпен ұстаймыз деп əлдеқалай.
Азғана шартыма орыс келіспеді. Аяғым оңға басса «теріс» деді. Бауырым, ауылымды қанға бояп, Дұшпандық əрекеті өрістеді.
Бəйбішем Күнімжанды тұтқын етіп, Не келсе ойларына соны істеді.
Өрекпіп, өрттей жайлап айналамды, Төрт түлік малды түгел айдап алды. Ахмет, Арыстандай төрелерді Айтақтап, төбетіндей пайдаланды. Баяғы бітімдесу, шарттасу да,
Қып-қызыл өтірік боп, жайға қалды.
Сарыарқа-ай, мен ішімнен егілем ғой, Алдымда не тұрғанын сезінем ғой!
Кетпесем сені тастап, алыс ауып, Тындым боп, тым ертерек жеңілем ғой. Үмітім ақтала ма, ақталмай ма, Үйсінге аусам деген келіп еді ой.
Кетемін Торғайдан да, Ырғыздан да. Мойнымды жау артыма бұрғызған ба?! Үйсінге жетіп алып, əскер жиып,
Сөз салып көрсем деймін қырғызға да. Қырғыз да мұңдас ел ғой, бауыр ел ғой, Пейілін сол бұрады, бір бұрғанда!
Сарыарқа-ай, өр төріңде өскен едім, Көкшенің көк шалғынын кешкен едім. Жаһанда саған, сірə, жер жетер ме, Өзіңді енді артыма бөктеремін.
Бауырын саған төсеп жылап жатыр, Артымнан еремін деп көшкен елің!
О, тəубе! Мен орысқа ұстатпадым, Қорқауы, қоршауына міз бақпадым. Кəнігі кəрі қасқыр, сірə алдырмас, Шынында, мен де соған ұқсап қалдым. Əуре етіп, тиіп-қашып соғысумен, Алдамшы, адастырар із тастадым.
Орыстар қаншама рет қаңғып кетті, Жететін жерлеріне мəңгіп жетті.
Қайтейін, əйтсе-дағы, амалым не, Жазықсыз ауылдарды қан ғып кетті! Аудым да Мұғалжарға Ұлытаудан. Əлдəрмен жасақтадым əрбір шепті.
Кетерде Мұғалжарға тек кетпедім, Бурасын дұшпанымның кескектедім. Ызасы Ахметтің əбден өткен,
Мен соның əскеріне беттеп келдім. Бір күні тырп еткізбей қоршап алып, Көрсеттім не екенін өштескеннің!
Сұлтандар сол бір қолға жиылыпты, Кенені ұстай алмай күйініпті.
«А, құдай, жолымызды қыла көр!» деп,
Боз шалып, аруақтарға сиыныпты. Ақыры, қырық төрті ажал құшып, Сол бір күн имандарын үйіріпті!
Сол күні олар тозақ түрін көрді. Дөп келіп, тырнағыма ілінген-ді. Сарыарқа-ай, сен куəсің барлығына, Көтеріп жатырсың ғой бұл іздерді!
Желіңмен жер-дүниеге таратарсың, –
Кімге айтам, саған айтпай шынымды енді?!
Мен үшін Петерборда бас қатыпты. Николай генералын қақсатыпты.
Патшасы ұлық елдің ұялмастан, Үш мың сом бір басыма ақша тікті. Дейді ғой: «Бұратана бір халықтың Қанішер қарақшысы басқа шықты».
Көрсеттім өздерінің көрсеткенін, Сол үшін қаншама қан, тер төкпедім. Ордамды бір аулаққа тігіп қойдым,
Қалқан ғып Мұғалжардың өркештерін. Орыстың мекендерін шекте тұрған Талқандап, малын айдап, өртеп кеттім.
Мен мұны саған айтпан мақтан етіп, Əр ісім тұрған шығар хаққа жетіп. Қайратып қылышымды, қайнатты қан. Дұшпандар өр төсіңді таптап өтіп.
Сен үшін сенделдім ғой, шерлендім ғой, Отырмын, міне, мұндай шаққа жетіп.
Ресей біраз тізгін тартып көрді. Сандалмай, дем алуды артық көрді. Біздегі тұтқындармен алмастырып,
Бəйбішем Күнімжанды қайтып берді. Елшісі «Қатардағы сұлтан бол» деп, Назданып, насихатын айтып көрді.
Сұрағам Ырғыз бенен Торғайымды Ұлытау, Сарысуды тал-қайыңды.
Есімнен шықпаушы еді Есіл-Нұра, Төсіне көп тигізген маңдайымды.
Ала алмай соның бірін, қаңғып қалдым, Сарыарқа, түсіндің бе жағдайымды?!
Енді мен бір өзіңе «Қош! Қош!» деймін. Көшкен жұрт көздің жасын төкпек деймін. Дəм жазып қайта оралар күн болар ма, Кəрі өліп, жас балдырған өспек деймін.
Дариға-ай, даламызға лықсып толсақ, Өртеңге қаулап шыққан көк шөптейін!
Бетімді Жетісуға бұрдым, міне.
«Алла!» деп ақбоз атқа міндім, міне. Сыртымнан əне біреу сұқ қадап тұр, Артымнан күл шашпақшы көлгір неме!.. Кірпіктен екі-үш тамшы домалады-ау, Сен бірақ көз жасымды көрдім деме!..
Ойжайлауда. Қырғыздар
Кім көрген Ойжайлаудай жер жаннатын! Барған жан естен танып таң қалатын.
Баулары жетпіс түрлі жеміс беріп, Таулары көшкен бұлтты қарманатын.
Қақ жарып Ойжайлауды Лепсі ағады Көк тоғай жағасында топталады.
Табиғат сыйға тартқан сұлулықты Көрген жан пейіш төрі деп қалады.
Ойжайлау, міне, бүгін абыр-сабыр. Толысқан маусым айы барынша бір. Бір жақта – жұмыртқадай аппақ үйлер, Бір жақта – орыс тіккен қалың шатыр.
Ақ үйлер салтанатпен найқалып тұр. Құшады көк күмбезін айқарып нұр. Өкшесі жерге тимей жүгірген көп, Келбеті бір жиынның байқалып тұр.
Көп шатыр көгереңдеп əскер тіккен, Əспенсіп тілдескендей төңірекпен. Жатырқап, адам түгіл мал шошиды Қаз қатар құрып қойған зеңбіректен.
Асылып жатыр кілең тай қазандар. Ас басшы маңайында байбаламдар. Əр үйде ұлықтар мен төре, билер,
Жоқ мұнда жолы кіші, майда адамдар.
Ордадай бір үлкен үй тігіліпті. Іргесі жел жағынан түріліпті.
Ұлы жүз, Орта жүздің би, сұлтаны Алқалап отыр келген ірі ұлықты.
Жіберген осы маңды кенен қылып, Не деген десеңіздер кемелділік – Омбыдан керуен сүйреп, арнай келген Генерал Вишневский деген ұлық.
Бұл ұлық патшасы үшін тігер басын. Аңдаса болашақты – бұл аңдасын.
Беделді, бетті ұлықтың біреуі – осы Билеген Батыс Сібір губернясын.
Тоймайтын аран нені аңсатпаған, Тисе де азсынады жалпақ ғалам. Ресей Ұлы жүзге құрық салмақ, Қоқан мен Қытай жаққа жалтақтаған.
Бұл өзі көптен бергі мақсат еді. (Аңдыған тышқан бір күн қап теседі). Сыйлық көп билер менен сұлтандарға, Сондықтан бұл жиынның аста-төгі.
Жиналды бүкіл Үйсін би, сұлтаны. Жанып тұр орыстардың сиқыр шамы. Болмаған бұрындары мұндай жиын – Өзгермек Ұлы жүздің «тылсым» шағы.
Жиынның бас боп жүрген ұйытқысы, Өзгеден «өзім» деген биік кісі – Көсемі дулаттардың Сүйік сұлтан Бұд жерде генералдың сүйіктісі.
Орысқа қосылуға тым-ақ асық. Осы іске жүреді ылғи араласып.
Ол былтыр бір топ биге хат жаздырған –
«Берсе – деп – Қараталдан дуан ашып».
Сол хатта көп өтінген, көп жылаған.
«Əскер бер тым құрмаса!» – деп сұраған. Көп қорлық көрген Қоқан, қырғыздан да, Ел-жұрттың қамын шындап жеп сұраған.
Мұнысы орыстарға қатты ұнады. Көрініп тұрған жоқ па жақсы жағы?! Генерал, Құдай қосса, осы жолы
Шеп-шекпен, алтын медаль тапсырады.
Сүйікке оң иығын сүйей келген Мұндағы Əли сұлтан бір – өлермен. Жаулары – матай, садыр, қаракерей, Түнеріп əлі де отыр түнергеннен.
Бұл-дағы ұлықтарға шағымданған. Айырылып қалған талай қалың малдан. Қорғайтын Орта жүзден əскер алу –
Бұл үшін қол жетпейтин сағымды арман...
Ұлы жүздің биі мен жуаны да
Бұл жиынды бас шұлғып, құп алуда. Бөлен сұлтан бөлекше көрініп жүр – Аға сұлтан Аякөз дуанына.
Түндей болып түнеріп ойланғанда, Күндей болып күледі жайланғанда. Генералдың қосынын қондырған сол Өзі жайлап отырған Ойжайлауға.
Біреулерге сөйлейді бəсең күліп, Сонсоң алар түріне сұс ендіріп. Кенесары келгелі Жетісуға Кеткендейін артына тікен кіріп.
Айықпайтын мұң болды бұл бір өзі. Сезетіндей бір пəле, қу жүрегі.
Дүрліктірген дүлейлік дүйім елді, Жетісуды қайтсе де бүлдіреді.
Кенесары Балқашқа құлап жеткен, Қамау деген түбекті тұрақ та еткен. Соңынан орыс қолы қалмаған соң, Ілені кешіп-жалдап бұ жаққа өткен.
Көктемде көші басты Көксу бойын. Үйсінге бұл қадамы төкті үрейін.
Майтөбе, Күреңкейді жайлап алды, Бұратын түрі де жоқ бетті кейін.
Заңға емес, бұрған жан ғой қанға бетін, Қылышын сілтеп қалса, жан бересің.
Ордасын кең жайлауға тігіп қойып, Өткізді кеше ғана Хан Кеңесін.
Ол қашан айтқанынан танып, қайтты?! Аларын алар жерде алып қайтты.
Басшысы қалың дулат – Əли сұлтан Алдына сəлем беріп барып қайтты.
Кірмес-ау Бөлен сұлтан бұл істерге... Қайтеді Кене шындап кіріскенде?
Кенеге қабақ беріп, ығып отыр Матайды қырып салған Рүстем де...
Түбіне батар Бөлен ой – түнектің, Орны бар орындалар қай тілектің? Дулаттың бетке ұстаған батыр, биі – Райы ұнамайды Тойшыбектің.
Мінеки, ұлы жиын жатыр өтіп, Кəпірді аузы түкті жақын етіп.
Бір дұға іштен айтты Бөлен сұлтан,
«Дініме кір жұқты-ау, – деп, – ақыреттік!
Əншейін шарасыздық дұға қылған, Кім аттап кетпей жатыр құранынан – Келді ғой сұлтан, билер Қарқаралы, Көкпекті, Аякөздің дуанынан...».
Білдірмей Бөлен сұлтан бір күрсінді. Əйтеуір, осы орысқа ділгір сынды. Маңына алақ-жұлақ қарап қойды Қалардай біреу байқап кірбің сырды...
Орталап орыс-қазақ кеңесі де, Жақындап қалды жиын мəресіне. Жапырып көк шалғынды шынтақтасты Қазақтың қарасы да, төресі де.
Күнінің шілде басы оты күшті –
Кең сарай болмағаны өкінішті.
Көк шатыр көлемді етіп тігіп тастап, Орыстар орындыққа отырысты.
Жаршы айтты: «Жұрт сөзіме жүгінсін,– деп, –
Іске аспақ ұлы парыз, ұлы міндет. Əр елдің мұнда келген би, сұлтаны
Қаз-қатар, қарсы отырып тізілсін « –деп.
Қаз-қатар, қарсы отырды сұлтан, билер. Əңгіме сап тиылған «үй» дер, «бүй» дер. Тып-тыныш, тынып қалды бүкіл аймақ, Тоқтады əсем əн мен тəтті күйлер.
Орыстың бір ұлығы түрегелді, Сөздерін судыратып жүре берді. Орысша білері бар, білмесі бар – Ұйытып бара жатыр тəмəм елді.
Тəнті етіп мұнша қазақ, мұнша орысты, Əйтеуір, нұр шуаққа бір тоғытты.
Қазақтар бас шұлғысып, изеңдесіп, Орыстар түрегеліп қол соғысты.
Сонан соң сөйлеп кетті жаршы – тілмаш, Сөзінен шешен екен бір жаңылмас.
«Күпір боп, күмəн ойлап жүрмеңіздер, Күшіне Ресейдің жан шыдамас.
Сатқындық Ресейге қылмаңыздар. Жолына көлденеңдеп тұрмаңыздар. Беретін ант – уағдаға адал болып, Ұлықтың айтқан сөзін тыңдаңыздар.
Ресей қол астына кірсеңіздер, Айнымай, айтқанына жүрсеңіздер, Тырнақты, тұмсықтыдан жəбір көрмей, Туады бақытты өмір, білсеңіздер!
Көп қазір Ұлы жүзге қауіп деген. Зұлымдық шаштан да көп жау істеген. Қосылса бүкіл Үйсін Ресейге,
Болады қапталғандай сауытпенен.
Білесіз барлығыңыз Қоқан лаңын, Көрдіңіз Хиуа, Қытай топандарын. Ресей бауырына кірсеңіздер, Сезесіз бір Алланың хош алғанын.
Орта жүз, білесіздер, бүгін қалай. Жалтақтап жаудан қорқпас бұрынғыдай. Рахатын дуандардың көріп отыр, Мойынды бұрыңыздар соған қарай.
Бұл жиын жақсылықтың жолашары. Қашанда орыс-қазақ жарасады.
Дегенмен, елге бүлік салып отыр Қанішер, қарақшы хан Кенесары.
Хан дейміз... Қайдағы хан! Қара албасты! Құмартып қызыл қанға, жан алмақшы.
Ертеңін, елін-жұртын ойлағандар Жүруге соңына еріп бара алмас-ты.
Ант бердік Ресейге адалдыққа!
Ант бердік бармас үшін жамандыққа! Ант бердік Кенесары көзін құртып, Күні ертең жетеміз деп амандыққа!
Ал енді «Ант бердік!» деп дауыстайық, Антты аттап, адал жолдан ауыспайық. Ант беріп болғаннан соң барлығымыз, Қазірет дұға оқысын қолын жайып!».
Ағып кеп жаршы – тілмаш тоқтай қалды. Көздері орыстардың оттай жанды.
«Ант еттік! Ант еттік!» деп дабыстаған Дауысы қазақтардың көкті айналды.
Ортаға төселді бір кілем ғажап. Үстіне молла шықты «ей, аллалап». Молланың мəсісіне, сəлдесіне
Мəн беріп қарап отыр кілең қазақ.
Дауысын қоңырлатып, қоюлатып, Өрілтп, өрнектетіп, оюлатып, Қазірет бір сүрені оқып кетті, Көпшілік тыңдап отыр бойы балқып.
Кəуір мен мұсылманды қауыштырып, Қазірет сүре оқыды тауып тұрып.
«Ант қабыл, иншалла!» деп бет сипады, Сақалын саусылдаған сауып тұрып.
Жиынның асыратын салтанатын Сонан соң бір іс болды ел тамсанатын . Ортаға Əли сұлтан шақырылып, Генерал көрсетті оған мархабатын.
Əлидің жүзі балқып, албыраулы. Мойнында алтын медаль салбыраулы. Қазақта бұл атаққа жеткендер аз, Мынандай алтын тағып қарғыбаулы.
Жəне алды шен мен шекпен мəртебелі. Өзі де осы атаққа дəркер еді.
Шынында атақ-даңқсыз ұстау қиын, Теңіздей толқып тұрған тарпаң елді.
Əлидің асып кетті даңқы бұл күн. Тастады таң қалдырып жалпы жұртын. Сұлтанның атақ алған құрметіне Атылды оқ зеңбіректен алты дүркін.
Зеңбірек үні тауды тітірентті. Шаңдатты Ойжайлауды, түтіндетті.
Көп қазақ – «орыс ойран салды ма?!» – деп, Бұл жайдың анық сырын түсінбепті.
Жүзіне иман тартып, сəл жымиып, Генерал сөз сөйледі алтын иық.
Құттықтап тұрса-дағы ұлы күнмен, Сөздері секілденді дəл бұйырық.
Сөз сабы генералдың былай болды: Бұл елдің қайғы-мұңын Құдай көрді. Өйткені – орыс елі Ұлы жүзге
Бет бұрып, қолын созып, шырай берді.
Ұлықтар елдің мұңын ескеріпті. Шеккен зар, жапасын да тексеріпті. Кірген соң Ресейдің қол астына, Көңілі генералдың хош болыпты...
Жиыны Ойжайлаудың – ұзақ шаруа. Бастысы – қол қойылды құжаттарға. Басылып бас бармақтар, жүрек мөрлер, Шарт, шара мəселесі тұрақтанған.
Тербетіп, тебірентіп, күңірентіп, Ат шабыс ертесінде болып өтті.
Қисапсыз құйған қымыз, сойылған мал, Қызыққа ұлықтардың көңілі өсті...
Қазақтың тіс тигізіп қоңдысына, Соңына шаңды ұшыра, көңді ұшыра, Жарты айдан астам жатып Ойжайлауда, Ұлықтар қайтып кетті Омбысына.
* * *
Хан Кене тірелгендей бір тұйыққа, Ойлары тарта берер тұңғиыққа.
Көңілі бір толмады Ұлы жүзден,
Алса да жиырма мыңдай қол жиып та.
Алды-артын Омбы ұлығы ораса да, Сыртынан суық сөздер бораса да, Қоқаннан елді бөліп алу үшін Тездетіп қол жинады келе сала.
Болса да бір өзіне күдіктері, Үйсіннің би, сұлтанын үгіттеді. Кененің үндеуіне үнін қосты Дулат пен шапырашты жігіттері.
Секілді тау шыңында ұзын шынар Басында шапырашты Сұраншы бар. Дулаттың Байсейіттей жас батыры – Осылар ең айтулы ұраншылар.
Əкесі Байсейіттің ер Тойшыбек Өз елін келе жатыр өрге сүйреп. Өзі би, өзі батыр бұған қазір
Дулаттың Ботбайында теңдесі жоқ.
Өмірі мол шежіре тұнып тұрған, Дұшпанын даңқыменен қызықтырған, Үйсіннің ең таңдаулы үлкені осы Кенеге бір бүйрегі бұрып тұрған.
Ботбайда батыр туған Сыпатай бар, Əккі би алдын-артын тұтас ойлар. Қарулы, қара тілді һəм ақылды, Азуы мұқалмаған бұта шайнар.
Сыпатай сыр бермейді, сыналайды. Көңілі тау суындай құламайды.
Сыпайы сөйлесе де, сырдаң тартар, Кенеге осынысы ұнамайды.
Ал, Рүстем хан Кенеге немере аға.
Ол бұған шындап сүйеу бола ала ма?!
«Қасыңа барайын» – деп сөз салған соң,
«Келсең, кел» деген еді осы араға.
Бар еді жаман аты ел айырған, Қырғын сап матайларды орай ұрған. Бұл-дағы бұлтаң қағар үркек аттай, Бермекші жігіт жинап жалайырдан?
Хан Кене бір күрсінді осы тұста,
Бір мұңды ой əкелгендей тосылысқа. Маңдайға сыймай кетті ер Саурық. Қырғыздан қаза тауып қапылыста.
Ойласа Саурықты жүрек сыздар. Туар ма сол бір ердей білекті ұлдар. Қазақта Саурықтар көп болса ғой, Еліне сүйеу болар тірек шыңдар!
Жасында жау жолатпай жасын атты, Асаудай арындады басы қатты.
Қырғыздар алдап соғып өлтіргенде, Қайғырды қара тұтып Шапырашты.
Бəйтерек күні жетпей құлады ғой. Тау талып, қыр еңіреп, жылады ой. Күрсінді тағы Кене, күйіп іші – Осыған жалғыз өзі кінəлі ғой!
Мазасыз мақсат-мүдде тұрғызған ба, Уағында туады ғой жұлдыздар да.
Биылғы көктемнен-ақ Кенесары Үш рет үндеу салған қырғыздарға.
Кене айтты: «Туыс болып қалайық, – деп, Салауат өткен іске қылайық, – деп,
Үйсін мен қырғыздардың қанын сорған Қоқанға көтеріліп шығайық, – деп.
Жəне айтты – уəдеме сеніңіздер. Соңымнан ұран салып еріңіздер. Сөзіме құлақ асып, көнсеңіздер, Алдыма рəсім жасап келіңіздер».
Кененің осы хаты – шындығы еді, Қостар деп ойлап еді қырғыз елі. Қоқанға пенде болған манаптардың Бар ғой деп сеніп еді бір білері.
Шыны мен өтірігін тоғыстырып, Қырғызды айтақтады орыс ұлық.
«Қосылып бұлар кетсе қиын « ғой деп, Екеуін қоймақ болды соғыстырып.
Қазақты демей қырғыз «бауырларым»,
Көрсетті қайта-қайта сауырларын. Бір емес бірнеше рет шауып кетті Кененің келіп қонған ауылдарын.
Бұлқынтып қылықтары ет жүректі, Доғартып дос пейілін, кекшіл етті. Қалша би бастап келген елшілерді, Ыза боп, бимен қоса тұтқын етті.
Білмейді – мақсатына жете ала ма, Сапарын жол ортадан кесе ала ма? Қырғыздан дəме күтіп қосылуға Тағы да елші салды екі араға.
Əйтеуір бір үміті жанса-ақ игі, Жүрегі қанша өртенді, қанша күйді! Ақылға кеп қалған ба қырғыз жағы, Етегін бір күндері тарта жиды.
Бас қосып, бір байламға тіреліпті.
«Қырғыздар –деп ойлады – міне, енді ұқты».
«Кененің келістік – деп – айтқанына», Манабын Қалығұлдай жіберіпті.
Жібитін сəті келіп қатқан кектің, Дауасын тапқандай боп батқан дерттің, Қырғыздың тұтқындарын босатты да, Қаруын қайтып берді Тастанбектің.
Тастанбек қырғыздардың батыры еді. Тырнағы қазаққа көп батып еді.
Өлген соң «өлмес» деген батыр ұлы, Манаптар шындығында сасып еді.
Өр батыр өтем деген елін сатпай Кенеге сөз сөйледі тілін тартпай. Кектеніп, адырайып көзі жатты
Басы ұшып кеткен кезде сарымсақтай!..
Ойдан ой туындайды қашандағы, Хан Кене ой тасқынын баса алмады. Аз ғана уақыт өтті қырғыздарға
Бір емес екі жорық жасалғалы.
Бірінші жорық жайы былай болған –
Кезі еді Жетісуға құлай қонған. Кенеден «келіссек» деп хат алған соң Көңілі Орман манап ылайланған.
Ордаңдап Орман манап шалқалады, Қосылып, Жантай манап алқалады:
«Бұл бізді билегісі келіп жүр ғой, Табанға тапталсын, – деп, – бар талабы!»
«Шіркін-ай, бұл Кененің қуын, – деді, –
Қырғызға ойы бөтен бұның!» – деді. Оралып Орман манап шалғайына, Манаптар тоқтамастан гуілдеді.
Кенеге берді ақыры Орман жауап:
«Үлкенді сыйлау деген – болған сауап. Сен емес, мен хан болып отырайын, Осыған келісім бер қорланбай-ақ.
Əйтпесе, бере алмаспын саған тізгін, Басыма сен тышарсың жаман бір күн. Қазағың мен емеспін сенен қорқар, Көрерсің көп ұзамай заман ырқын.
Мен – терек бір бұтағы оталмаған. Жауым жоқ кек қайтарып, өш алмаған. Жаныма келіп алып, қолқа салма, Жақындау сенен көрі Қоқан маған!
Екпінін хан екенсің баса алмаған,
Ой келді бас болсам деп қашан маған? Байқап қой, батырсынба, асуым бар Абылай атаң сенің аса алмаған!»
Білдірді осы сынды Орман ойын. Маңына жəне бірлеп толғады ойын:
«Егер де ер қырғыздың ұлы болсаң, Қазаққа қаңғып жүрген бұрма мойын!».
Жантай да жалпы жұртқа сөз арнады. Ол сөзін арнамасқа төзе алмады.
«Арғы атам Əтекені қан құштырған Қазақтың Қаракерей Қабанбайы.
Əтеке Абылаймен көп алысқан. Арманда кетіп еді сол арыстан. Мен қалай көне қоям айтқанына –
Өзімнің ата жауым – мына дұшпан!»
Осылай отын көсеп ар-намыстың, Алауын лапылдатты жанған іштің. Қазаққа бар қырғызды дұшпан етті, Қосылып қос манабы Сарбағыштың.
Қарады Кене сонда жау-жараққа. Еріксіз барып қалды қол садаққа. Үйсіннен жиған қолды ертіп алып, Тоқтамай тартып кетті Мерке жаққа.
Қоқанның Мерке деген бір қамалы. Қабарып, қабақ түйіп, қырланады. Сөйтсе де сұрқы қашып, дір-дір етті, Кененің естілгенде мір хабары.
Хан Кене іс қылмай-ақ бүлдірерлік, Болыпты бір оқиға күлдірерлік: Мұхамед – Əли датқа – қамалбасы Бұтына қойған екен шын жіберіп.
Су жүрек, қорқақтығы анық шығып, Қақпаны ашты есінен танып тұрып. Кенеге көлденеңдеп тарта берді Тұлпарын – Ақауызды алып шығып.
Шынында Ақауыз ат тұлпар еді, Бəйгеден оза шауып шырқар еді. Хан Кене Наурызбайға тарту етіп, Қазақтың тақым басты сұңқар ері.
Осылай бүлінбестен Мерке қалды. Кененің қаны қайнап, арқаланды. Қырғыздың көп ауылын шауып алып, Алдына салып қайтты қанша малды.
Ол малды мал қылам деп шулатпады, Сойыс қып əскерін де дулатпады.
«Алғанша алыңдар!» – деп жарлық шашып, Мəз етті бай-кедейді дулаттағы...
Кененің ой-арманы бітпес болды. Керек қой тарпып тастау тістескенді. Қырғызды шырқ үйіріп билеп тұрған Назары ауды мықтап Пішпекке енді.
Ұлыды соған қарап көк бөрісі. Қайралған ақ найзаның көптен ұшы. Алайда, алдын ала дайындалды Əлішер – сол Пішпектің құшбегісі.
Əлішер тумысынан паң, өр еді, Қоғадай жапырылған төңірегі. Қоқандық бұл бұзақы құшбегінің Қорлығын бүкіл қырғыз көріп еді.
Халыққа қарапайым таң атпады, Артсатар болып шықты манаптары. Қосылып Қоқанменен елді сорып, Қорқаудай жемтік көрген жалақтады.
Мінеки, Орман келді құшбегіге. Білмекші – хан Кенеге істері не? Екеуі ақылдасып, айылдарды Көшіру керек десті ішкеріге.
Сырт қырғыз ішке қарай аударылды. Бар əскер жасырынып тауға кірді.
Қолбасшы Бөке сұлтан жоспар құрып, Биіктен салып тұрды жауға дүрбі.
Хан Кене соғысудай соғыс салды. Əскерін тау ішіне тоғытқан-ды.
Даладай емес екен тау соғысы, Кететін «дəт» дегізіп орыстарды.
Қырғыздар беріспестен тұрып алды, Қазақтың тау ішінде құрыды əлі.
Пішпекке өтемін деп Кене, сөйтіп, Əскерін үш жарым мың қырып алды.
Сақтады ол бұл жорықты мықты есінде. Дұшпанын келер жолы бүктесін де.
Қырғыздан жеңілмей де, жеңе де алмай, Қайтадан қайтып кетті Иткешуге.
Иткешу – Шу бойында санатты аймақ. Хан Кене осы жерден қанат жаймақ.
Бұл жерге қамал соқсам деп ойлады Бүйірден отыруға қару сайлап.
Сəт сайын Кенесары дүлейленді. Кеудесін Алатауға тірей берді.
«Біздерге күн бермес – деп – қырғызды алса», Рүстем, Сыпатайлар үрейленді.
Кенеге əскер жиды құпиялап, Əйтпесе бір пəлеге ұшырамақ.
«Шыққан сөз отыз тістен...» дегендейін, Бəрібір құлақтанды бүкіл алап.
Кенеге ағып-тамып қол жиылды, Бұл жолы бұрынғыдан мол жиылды. Ел іші кеніш екен, расында,
Қару мен азық-түлік келді де үйді.
Арына намыс жүгін арқалатқан
Бас қосты шын батырлар шартараптан. Барлығы өз елінің бір-бір шыңы Жасынан қылышына қан жалатқан.
Арғыннан Жəуке, Шəкір, Төлебай бар, Табыннан Қабан, Құрман, Бұқарбай бар. Қыпшақтан Жəнібек пен Иман батыр, Атақты шапырашты Бұғыбай бар.
Тамадан қол əкелді Бəрмен датқа, Шымырды бастап келді Байзақ датқа. Ботбайдың бір батыры Төлепберді Жинап ап жігіттерін мінген атқа.
Сабырлы, салқын қанды, саналы, ойлы Батыр бар Құдайберген Қарақойлы.
Алшаңдап Аққойлыдан Бəйет келді, Толтырып бес қаруға тұлабойды.
Соғысқа Кенесары бек сайланды, Жатқан қоз жүректегі отқа айналды. Қырғыздан беті қайтып өткен жолы, Кеткен өш келе-келе кекке айналды.
«Сенімін ерген елдің ақтасам, – деп Хандықтың абыройын сақтасам, –деп, Толғатты – қырғыздардың осы жолы Аспанын төбесіне тастасам» – деп.
Кезі көп басын бірақ тұман шалған –
Жетпестей арманына бұл аңсаған. Бопайдың өткен жолы көрген түсі Көлкілдеп, көңіліне күмəн салған.
Талабын тауға сүйреп, қырға сүйреп, Жан – арын жырға сүйеп, нұрға сүйеп Жүретін ер Бопайдың бойындағы
Дəл жору көрген түсін – бір қасиет.
Ордаға Бопай сонда арнай түсті. Сұрланған бет бейнесі қандай сұсты!
«Хан ием, – деді сонда, – бір түс көрдім, Бұрындар көрмеп едім мұндай түсті.
Мен түнде түс ішінде түс көріппін. Қыстығып, ұйықтап жатып тістеніппін. Оянсам, шашым аппақ құдай екен,
«Құдай-ау, не болды?!» деп сескеніппін.
Жыладым ақ шашымды жайып салып, Жығылдым босағаға тайып барып.
Алдияр, осы түстің түрі жаман, Тоқталып, болашақты байыпталық.
Демеп ем – талабыңды бүлдірейін. Деген ем – түстің түрін білдірейін. Жорысам – мына түстің сиқы үрейлі, Бір бұлт қоршап тұр-ау күнді деймін.
Өзіңсің бүкіл елдің бəйтерегі. Өзіңсің батырлардың сайкез оғы.
Бас тартып бұл сапардан біраз уақыт, Тағы да бір ойлансаң қайтер еді!».
Осылай болды Бопай жалынғандай. Түсіне шын иланып, табынғандай. Кененің кеудесінен басып қалды
Бір күдік жазда жауған қалың қардай.
Деді хан: «Көріп алам көретінді.
Ел үшін бере алмаспын неге өтімді! Жорыққа беттеп тұрған шықпай қалсам, Айтамын мына жұртқа не бетімді?!»
Десе де, кеудесіне күдік жетті. Сол күдік аш өзегін тіліп кетті.
«Өзің біл, хан ием», – деп сөзді созбай, Тез басып Бопай ханым шығып кетті.
Сездірді осы түстің өзі нені? Сенгені – тəуекел мен төзім еді. Қасқайып қасындағы Ержан сұлтан,
«Түк те етпес, түс – түлкінің боғы» деді...
Кененің содан бері жоқ мазасы. Барады күдік-күмəн бастан асып. Сияқты шыға келген қара бұлт Тұрғанда төбесінде аспан ашық.
Бұл түстің өзге түстен тылсымы өзге, Жай таппай отыр Кене сілкінерге.
Есінде – осы Бопай түсін айтқан Батырды Жаманқара өлтірерде.
«Бір арқар – деген Бопай –атып апсың, Қызығып мүйізіне, басын апсың.
Əлгі бас қарқ-қарқ күліп сөйлеп кетті,
«Əй, Кене, – деп қояды, – ақымақсың!».
Сөйтті де, тіріліп ап, шауып кетті. Көрінбей бір қиянға ауып кетті.
Батырды Жаманқара өлтірмегін, Мына түс сұм жүректі қауіпті етті».
Хан Кене бұл сөзге де қарамаған. Батырдың басы доптай домалаған. Жазықсыз емес еді Жаманқара Өлтіріп, сан қазақты жаралаған.
Қазасы Жаманқара дауға айналды
Қан қатып, қара қырғыз жауға айналды. Түбіне Саурықтың жетіп тынып,
Арасы егіз елдің ойрандалды...
Хан Кене бұл түс жайлы тым ойланды. Жеріне бір айналған жүз айналды.
«Нысанбай бал ашсын – деп – қобыз шалып», –
Жұмсады ертесінде Наурызбайды.
Нысанбай қобыз шалып, бал ашыпты. Жанына Қорқыт пірі жанасыпты.
Балына түскен екен –хан иесі Тұманнан жол таба алмай адасыпты.
Осыны айтып келді батыр Науан, Сипаты сары аяздай сақылдаған.
«Ту байлап, қылыш қайрап отырмыз ғой, Туса да аттанамыз ақырзаман!».
Осылай сөз саптады албырт Науан. Жас жанын жамандыққа алдыртпаған. Хан Кене інісіне риза боп,
Деді іштей: «Алғыс саған! Алғыс саған!»
ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ҚОНЫСЫ
Біздің аттың айтқаны. Үзік дастан
«Мінген атым ала еді, Қылшық жүнді қара еді...»
Қайтсін мені атбегілер қоғамы, Тұлпарлыққа қолым жеткен жоқ əлі. Менсіне ме қылшық жүнді қырсауды Тайбурылдық статустар жоғары?
Қом сулар мен көкшіл көлдер қоғалы Əлі мені жолатпайды.
Себебі:
Желпінбейді құйрық-жалым жел жоқта, Тұяқтарым ызғарлардан тоңады.
Е-е, қайтейін,
кекілім жоқ шоқпардай,
Мүсінім жоқ көз шақырар көпті арбай. Тоқым теуіп торсаңдайтын күйім жоқ Тонын артса тоқсандағы Тоқтарбай.
Бедел де жоқ қыдырарлық шөп таңдай, Беу, микро-Ақан сері ием жоқ
Өлең жазар өзге жұртқа өкпе арнай, Мен кім едім,
Қамбар-Ата жоқтардай?..
Тұяғымды шекіп-шекіп баспадым, Тізгінімді ұстаған жоқ жас ханым. Алтын дорба ілінген жоқ басыма,
Мол бидайды шашқаным жоқ, шашқаным...
Түндік түртіп су ішкем жоқ түтікпен, Қулық сүтін тата алған жоқ аш қарын. Тайбурылдың уайымы өзге ғой, Менің мұңым –
басқа мұң.
(Ей, жұлдыздар, тоқтатыңдар сыбырды,
Құпиямды ешкімге де шашпа, Күн!) Кіргізбейді фольклорлық мысалға Мені ешқашан Бас Ғалым.
Мейлі, əйтеуір, сен аман бол, Қара Жер,
Сен аман бол, Аспаным!
...Қабылдаңыз кем санамай, осы еді өзім жайлы үзік шылбыр ДАСТАНЫМ.
Көш. Тайлақ
«Асқар төбе бел еді, Белден көшкен ел еді, Көшті тартып келеді...»
Боз далада қозғалады көш тағы:
түйе, жылқы, көліктер көп қоспалы, жайлаулардың орындалмақ жоспары. Мен көргем жоқ оны бірақ,
...Мен деген – ұмыт қалған үзеңгімін қостағы, Мен дегенің –кесесі емес қыздардың,
Мен – шүкіршіл кемпір-шалдың тостағы.
Бұлдыр белде,
бұйрат-бұйрат құмдарда
Бұраңдайды мұңды арба,
Мен келгем жоқ бірақ тіпті бұл маңға.
...Менің құмым – ақтөбелік тас көше, Менің төбем –
шаһар толы гүл-қамба, Көзмаржаным, ұрланба!
Көш тартпадым. Күн күзеттім.
Ай бақтым,
Дірілдеп тұр тас төбемде қаймақ түн. Көшім қайда?..
...Мен – жұмсаусыз қайратпын,
Əрі кетсе – көшке берген тайлақпын.
Мен – тайлақпын, əкем – бура, анам – нар, Уа, жарайды, тергедіңдер, тараңдар!
Көш тартатын ешкім жоқ деп қорықпа,
...Ағам бар!
Тоқтарбайдың баласы
«Сексенге жасы келгенше Бір бала көрмей Тоқтарбай, Қайғыменен қан жұтып, Ақылынан адасқан...»
Сұрғылт мұнар, сəнсіз сағым, тұл дала,
тас – жатбауыр, мейірім жоқ құмда да,
Оқта-текте жел түртеді бұлдана.
Жұлдыз ғана үңіледі түк үнсіз, Тесіледі тас төбеден Күн ғана. Ыстық ауа,
көк майсаны ұрлама, Жіңішке өзен,
о, құрғама, құрғама!
Оралсаңшы,
үзік самал үрдана. Уа, аспан,
сұрай көрші сүйінші, бұлттарыңды бұлға да, Əулиеге ат айттық, Қорасанға қой айттық,
Уа, қашан берілмекші бұл бала?!
Уа, қашан дəмділенбек таң асым, Анау тұлпар тоздырмай ма тағасын, Ешкімге де еңкеймей ме ана шың? Беу, несіне шырылдайсың, бозторғай,
Ұсақ жаңбыр,
неге сараң тамасың? Малдан безді Тоқтарбай, Жаннан безді Тоқтарбай, Уа, қашан көрмек баласын?
Жолбасшысыз алаң да алаң, алаң ел, Қолбасшысыз дүйім батыр, тəмəм ер, Қамығып тұр мына жайлау, ана бел. Уа, Тоқтарбайға бала бер!
Уа, бала бер, пыр еткенде торғай-түн, Молдау өлше, қытымырлау болмай тым, Зор қанат бер қоныс таппай қонбайтын.
Біз, əрине, үй құсымыз кəдімгі,
Біз, əрине, уайымсызбыз, ол да айқын. Ұшпаймыз біз қаптай соққан боранда, Құсхананың тұрғынымыз тоңбайтын. Мынау бізге таусылмайтын нəр керек, Ие керек ұяларды қорғайтын.
Мұңаймасын ұлан айдын, ұлы бел, Атқа қонсын зер үзеңгі, құрым ер,
Тең құрбыға айналсын ұсақтар мен ірілер, жайымыз жоқ бұдан əрі сүрінер.
Уа, Тоқтарбайдың баласы, тездетіп кел, тірі кел!
Бұл кезіксе, серпіп кел, Дауыл соқса, желпіп кел,
...уа, алда қандай заман бар,
біздің барлық шалдардың балаларын ертіп кел!
Аналық
«Аналықтай бəйбіше Қабырғасы майысқан. Елуге жасы келгенде, Көзім ашпай дүниеден Өтемін бе дегенде, Сонда көрген арыстан...»
Сол баяғы тарғыл өзен, таныс маң,
Бұл жақтарда – қоға кербез, қамыс паң, Шеңгел де көп етектерге жабысқан.
Құстар анау – кең қанатпен сақ ұшқан, Есінейді елес іңір, алыс таң.
Жел үрлеп тұр жеті пірмен табысқан, мынау дүбір – сонда көрген арыстан.
(Тоқтарбайды ұмытпаңыз, көкелер, Аналықты күндемеңіз, а, мыстан!) Біз өзгердік...
Шаһарымыз асқақ, ə?! –
көркем көше, тəртіпті бақ, тас қала. Есіктерді, ей, кісілер, аш, қара: топыраққа толық сəуле қонып тұр, бұл – біз емес, сол баяғы жас бала. Ей, шүкір ет, Бас Пана. (Тоқтарбайды ұмытпаңыз, көкелер, Аналықты ескеріңіз, Астана!)
Жұмыртқамды шайқадым:
зор румын не өнікті тайпамын. Байқадым, ірілігі соншалық
ЖЕРГЕ əзер сыяды екен мына менің байтағым. Ай, Тайбурыл, Қобыландының барында
Сол байтақты жайпадың. (Тоқтарбайды ұмытпаңыз, көкелер, Аналыққа иіліңіз, ай, ханым!)
...Содан бері, жаһандандық – жаңалық, мұртқа қоса сақалдандық – жаңалық, ел меңгердік, гендерлендік – жаңалық, көрген емес жеңгем кемдік – жаңалық: отыз сағат отырады сыланып,
қырық сағат отырады таранып, қабырғамыз майысып
Əулие де іздемедік шам алып. ...
Ай, Аналық, Аналық,
Сізге қарап мұңаяды кей шақта мынау сүтсіз Балалық...
Бұлт шақыру
«Қобыланды бала келеді, Көктімге сəлем береді:
«Еншісін бөліп Құртқаға, Бəрін де беріп жатырсың, Бергенің маған не?» – дейді. Көктім Аймақ атасы:
«Шырағым, балам, кел, – дейді, – Бергенім саған біл, – дейді, – Төбеңде тұрған төрт бұлт – Еншің балам сол, – дейді...»
Қаһарманның жайдақталған жұрты – біз, Ал əйтпесе, біз – кіл арық жылқымыз.
Шөп орнына шөңге берді кірпі Күз, Жердің үсті – жұлым-жұлым жыртық із. Көктім Аймақ, үйірілген жоқ төбеге көптен бері Бұлтыңыз.
Май жұқпады, селдіреді мұртымыз, Күрсінуді ойлап тапты Күлкі-қыз. (Көнтерлі жел, көрпемізді сілкіңіз, көшір бала, делбеңізді іркіңіз!)
Қайда біздің іркес-тіркес Бұлтымыз?..
Біраз-біраз базарлардан құр қалып,
Біз дегенің – бұлт жоғалтқан бір халық. Ау, безердік бұл нағып?..
Шикілікке шырмалып, шұңғыл суға кір балық қабыршағын жүр малып. Бұлттарымыз сиреді, Ай, ұрланып, ұрланып... Бұлтсыз əуе – бір ғаріп, Бұлай бекер тұрмалық,
Мінелік те түселік, Айталық та тыңдалық, Ай, безердік бұл нағып?..
Уа, қайдасың, Төрт-ақ Бұлт, Жеңіл басқан жортақ бұлт?.. Бері қалай сал, сана, Төбемізде қал, сана.
Көл айнала шүй, сана, Біздің шөпті сүй, сана.
Бұлт күтіп жүр біздің жақтың шөптері, Аялдатпа, жыбырлақ жын, көп пері!
Бір ақ жаңбыр төккелі жүр, төккелі... Желкілдесін жеңіл ауа көктегі,
Бір тазарсын көкіректер өкпелі, Бипаздансын біздің қырдың бөктері...
«Жаз болса, шығар күн жақтан, Қыс болса, шығар жел жақтан, Жау болса, шығар жау жақтан...»,
Уа, Төрт Бұлт, өт бері!
Байдың қызы
«Мінген аты дөнен-ді, Көкке тойған көбең-ді. Байдың қызы жамылар Масаты мен беренді...»
Біз де міндік дөненге, Көбеңге мен көнем бе?!
Бұл сөз де бір қоймасы зор қоңды аңыз, Алдын ала тоңбаңыз.
Батырлардың таласқаны болмаса, Байдың қызы – ол да қыз.
Масаты мен береннен еш кем емес, Қарындасым, формаңыз.
Оң жағыңыз – толған із, Сол жағыңыз – толған із. Анау – мінер жорғаңыз, Мынау – кірер ордаңыз. Рас, қазір батырлар аз,
...бəлкім, жоқ,
Уа, қапа болмаңыз! Хұқыңызды қорғаңыз, Байдың қызы – ол да қыз.
Байдың қызы, рас, сирек асыл дəн, Ал əйтпесе, жұлдыз аздап шашылған. Тұмаң айтса: «Ақ жаңбырға ұқсайды Алматыда жаңа жауып басылған».
Ертегінің мұң-зары:
«Бір тал берші анау алтын шашыңнан». Мен де бір кез байдың ұлы болғанмын, Байдың қызы өткен талай қасымнан.
Жасырайын несіне,
Батырлардың əдетінше бас ұрғам. Тасынғам да басылғам,
Байдың қызы – ол да қыз,
...Жасырман!
Қыздан бермен аттаңыз. Анау жақта –
Қырлы, Сырлы қақпаңыз, Мынау жақта –
Төр иелі тақтаңыз. Айдан ерте жатпаңыз, Күннен ерте батпаңыз,
Зерен болсын кесеңіз, Берен болсын мақтаңыз, Харам астан татпаңыз, Харам түлік бақпаңыз,
Жібермеңіз, уа, баһадүр, жатқа қыз, Байдың қызы – тəтті аңыз,
...Сақтаңыз!
Жол-жөнекей
«Қырық түйе қазына, Қырық құл мен қырық күң Қосып берді қызына...»
Той да бітті қадірлі һəм құрметті, Бастан кешті ауыл даңқ пен дүрмекті, Жол ақысы – жүрмек-ті.
Қарпып алып алтын-күміс қазына, Қырық түйе – бұл кетті,
жылқы – тарпаң,
өгіз – шабан, амал жоқ,
жүк тасуға жуас түйе міндетті.
Түйе, түйе, түйе еді, Мойнын неге иеді,
Төрт табаны, бəлкім, отқа күйеді, Сықырлай ма жел соққанда сүйегі?! Аптап, сағым: бұ тірлік те бейне бір қу домыра сынып қалған тиегі, көне табақ жемірілген жиегі.
Түс көрдің бе тамсана, ей, қырық құл, шаршама!
Титықтады, рас, əбден əл-шама. Сілікінген жоқ тозаң-тыныс, шаң-сана.
Көшпелі бұлт келген жоқ һəм келмейді, Жоқ самалды аңсама!
Тым əріде – күміс бұлақ, көк бұта; одан да əрі – ирек өзен, тар саға. Ей, қырық құл, шаршама!
Құлағың тік,
құм қисса мен хамсаға, Жоқ самалды аңсама!
Самал байғұс өліп қалған, тымық түн, Көкіректі сыздатады ұлып мұң,
Бұл түнгі үміт – үзік жібі құрықтың. Керең дүние мүлгиді кеп, мүлгиді, жыламаңыз, қырық күң!
Қырық түйе, боздама,
қырық құлдың зар-жарасын қозғама, қырық күңнің зар-жарасын қозғама, боздама!..
Құлын
«Көкала бие дөңбекшіп, Домаланып сұлады, Тұншығып тұлпар қалар деп, Құртқаның жаны шығады. Тонын жарып тұлпардың Құлынға тыныс қылады.
Сонда жатып құлындап Бурыл тұлпар туады...»
Ымыртта ма, не болмаса таңда ма, əлде түн бе, көрінбейтін қарға да? Айдалада, жүгіретін шаң ғана...
Құлын туды, бұлттар иек қаққан жоқ, үндеген жоқ кең жазира, паң дала, қараған жоқ қалың нөпір таң қала.
Құлын туды, қойшы-қолаң мінбейтін, Құлын туды, жегілмейтін арбаға.
Уа, түндікті тесе көрме, ақ бұршақ, соға көрме, уа, ызғырық, зарлана!
Таныс ғалам, мейіріміңді төк бүгін, Ширатылсын ақ уыз түк, көк тұлым. Құлын туды, ер қажамас шоқтығын. Мына құлын – бөлек тұқым,
Бұл құлын – төрт аяқты ешбір малда жоқ құлын. Бұның енді бүгілмейді тізесі,
Тер-жабуын тесе алмайды оқ бұның, Жоламайды лақ-уайым, тоқты-мұң. Бұл құлынның таудан əрман – өрісі, бұл дегенің – жердегі ең тоқ құлын.
Құлыным бар, мен əзірге мақтанам, Шөп іздеймін ешбір жылқы татпаған, Көл іздеймін жат өлкеге ақпаған, Арғы жағы, аян емес, əрине,
Мəлім емес бұйыратын хақ-талан. Кеңес анау – қабырғасы қатпаған, Елес анау – шұбырынды ақтабан. Құлынымды сақта аман!
Тұяғын жерге тигізбе, Маңдайын желге сүйгізбе, Алтыннан жабу ойып бер, Қысырдың сүтін қойып бер, Құлыныңды бақ, Далам!
Сауыт
«Таямай атса, оқ өтпес, Шуақ шықса, күн өтпес, Жаңбыр жауса, су өтпес, Жағасы алтын, жеңі жез, Бадана көзді ақ сауыт...»
Жайлап аштым əуел баста қақпаны, Көшке ілестім, көп ит мені қаппады, Оқ өткен жоқ, себебі ешкім атпады, Күн өткен жоқ, шуақ шеке шақпады,
Су өткен жоқ, жаңбыр, бəлкім, таппады, Мол бұйырды бақша дəні, бақ дəмі.
Біздің жұрттың ылғи жуас ақпары Тентек емес терминдерді жақтады.
Ай, қайтсін-ай, ...бадана көзді ақ сауыт, əжем сені сандыққа салып сақтады!
Не жоқ-ты бұл сандықта, Əңгімесіне қандық па?! Əжемізді аттандырдық ақ жуып, алты метр ақсүп мата алдық та. Сауытсыз дене – жеп-жеңіл,
...уа, денем,
шаршама да шалдықпа! Ұрансыз тірлік – тыныш жай, дауысым, уа, қарлықпа!
...Менде қандай кінə бар, əжем де қарсы жүрген жоқ заманындағы жарлыққа!..
Сауыт кию – ережеге тыс ілім, тыс ілімге қабілетсіз пішімім. Мен–соқаның жұқаланған тісімін,
Мен – көпшіктің жуылмаған тысымын.
Ең ақыры, балтырларды қанатқан жоқ күшігім. Ай көрінді, суыдым,
Күн көрінді, ысыдым. Анау – сиса көйлегім, Мынау – қоян ішігім.
...Сізге, бадана көзді ақ сауыт, сірə, лайық емес кісімін.
Оқ өткен жоқ, ешкім мені атпады, Күн өткен жоқ, шуақ шеке шақпады,
Су өткен жоқ, жаңбыр, бəлкім, таппады. Туырлығым сыпырылып түскен жоқ, Жоғалған жоқ қазанымның қақпағы.
Біздің үйдің еліктегіш ақпары
Жаға жыртпас жар-наманы жаттады. Мен, əрине, көзді сауыт кигем жоқ, Көк сүңгіме ешкім тұлым тақпады.
...Менде қандай кінə бар –
əжем мені осылай етіп сақтады...
Шолпан
«Таң сарғайып атқанда, Шолпан жұлдыз батқанда, Ақ отаудың ішінде
Құртқажан ұйықтап жатқанда...»
Шырқағандай музыкасы олқы əнді, Тоздырғандай күні бұрын торқамды, Шаттандыра алмай қойдым ортамды. Жəне...
ылғи өткізе алмай қолқамды, əр таң сайын мұңаямын,
беу, жалған,
үй қасына түсіре алмай Шолпанды. Шықтың дəмін менің ернім сезеді, Менің тілім таниды, о, сортаңды.
Тыңда біздің жеңгейді,
бері қарай Шолпан тіпті келмейді,
О, келмейді, мұңайсам да мен, мейлі. Біздің қала аспан жаққа қарайды, Біздің қала жеңгейлерге сенбейді.
Мен Шолпанды ренжіткем жоқ па екем, Біздің қала мені ғана тергейді.
Қыста неге қар кешпейді бұл Шолпан, Шолпан неге көктемде гүл термейді? Қай сəулені құшақтайды көкжиек, Аспан жақты қандай əуен тербейді?
...Біздің қала мені неге тергейді?
Біздің жеңгей жымияды неліктен?
Жоқ, аулақпын, аулақпын мен желіктен, О, жігітпін, уəдеме берік мен.
Жат аққумен көлде бірге жүзгем жоқ, Тел жүргем жоқ танымайтын елікпен.
...Қала мені тергейді, о, неліктен?
Мен бейтаныс есіктерді қақпадым, Жат самалды кіргізген жоқ бақтарым, Куəгерім – бозбалалау шақтарым.
Мен туралы өте адал сөйлейді Əйеліме тапсырылған ақпарым. Таң сарғайып атқанын,
Шолпан жұлдыз батқанын, Ақ отаудың ішінде Сіңлілері Құртқаның,
О, ұйықтап жатқанын,
Ешқандай да архивімнен таппадым.
Мен солаймын, тыс жүремін тойлардын, Мен солаймын, тартпайды, о, тəтті ағын, Мен дегенің – тұтанбайтын мақтамын.
Мен – шөкім бұлт əлі жаңбыр төкпеген, не болмаса сенімсіздеу өткел ем,
түк пайдам жоқ, уа, айналып өт менен! Жер бетінде өскен əлсіз шыбықпын, қалай билік жүргіземін көкке –
Мен?! Уа, өтірік, өтірік,
мен туралы əңгімелер көптеген! Тіпті жүзіп көргенім жоқ алысқа, қайығым жоқ, жоқ кемем.
Ешқандай да... таң сарғайып атқан шақ, ешқандай да... Шолпан жұлдыз батқан шақ, ешқандай да... ақ отаудың ішінде Құртқажан ұйықтап жатқан шақ,
...уа, менен шошыған жоқ аттан сап!
...Қайран біздің өмір-ай,
еске аларлық елесі жоқ қатты аңсап!..
Аға
«Артымнан жоқтар ағам жоқ, Алладан басқа панам жоқ, Мені жауда қалды деп, Неғылайын жанды деп,
Ізімнен жоқтар інім жоқ, Жалғыздықтан мінім жоқ. Қазақ көппін дегенде
Көппін деп айтар тілім жоқ...»
Аға десем ағам бар, Іні десем інім бар,
Көк бием бар бурыл нəсіл құлындар.
Бұ тағдырға айтар қандай мінім бар, Үстемеге азын-аулақ мұңымды ал. Ішкен асым – шырын, бал, Торғайым бар үй үстінде шырылдар,
Жұлдызым бар түн ішінде жымыңдар.
...Аға, сенің кімің бар?..
Аға, сенің кімің бар,
хақ бұйырған жеті кəміл пірің бар, ол аз десең, анау жақта – Айың бар,
ол аз десең, мынау жақта – Күнің бар. Рас, бізге көрсетпейтін мұңың бар, түн ішінде сыбырлар.
Əрі қарай санасам:
ақтан тұлпар, алтын нар,
...бұның бар!..
Сіз мінген нар – ірі нар:
кез болғанда көшке суық ұрынар –
керуенді тастамас, кері қарай бұрылар; аязында қаңтардың
дем-буына қалың қазақ жылынар.
Ағам–жалқы, нар – дала, сұқтанады жасыл қала, сары дала,
жалғыздарға жалған дүние қардар, ə?!
...Ал біз – көппіз, талай шана сүйредік,
жегілдік біз талай көпек арбаға.
Көппін деп айтар тілім бар, жайлауым бар, кеше – майса, бүгін – қар,
үнемшілдеу үзір сəуле-нұрым бар.
Жаңбырым бар, жаумаса да ырымдар, Шіркейім бар, су бетінде жыбырлар. Той-топырда шығындар,
азын-аулақ пұлым бар.
(Тағы қайсың ұмыт қалдың, тұрыңдар!) Осының бəрі – сенікі.
...Аға, қандай мінің бар!..
Қырық үш күндік кемдік. Отбасылық кеңес
«Асқар тауда белдік бар, Жасағанда кеңдік бар, Азда қанша теңдік бар,
Құрдаста қанша елдік бар? Сұлтаныма сəлем де, Тілімді алса бармасын,
Біз байлаған Бурылда
Қырық үш күндік кемдік бар...»
Кемсінбеңіз келбетімді бүгінгі, Арғы көкем – батыр шора, тұлымды.
Далам мынау – жүз бейнелі, мың үнді, Біраз-біраз еркектер бар айбатты, Біраз-біраз əйелдер бар бұрымды, Өмір деген – өзгермелі құрылғы.
Біздің əйел бие сауып көрген жоқ, Жемдеген жоқ түрлі дəнмен құлынды. Шаруасы жеткілікті, амал жоқ,
талай мезгіл тістеп жүрем тілімді.
...Қырық үш күнге шыдамай, Құртқаға айбат көрсеткен, Қайран батыр ағалар-ай бұрынғы!
Бұрынғы ма, ащы қиял ол-дағы, Жоғалмайтын шылбырмыз біз қолдағы,
Тел көлікпіз бұрылмайтын жолдағы. Күн түсірмей асырайтын құлын – аз, Зор мереке – əр биенің толғағы.
Мына жылқы түрткілейді дорбаны, Ана жылқы, о, мүлгіп тұр, болғаны.
«Ебелек ұшпас елсізде, көбелек ұшпас көлсізде, құла мидай шөлдерде, адам баспас жерлерде», қайтіп қана Бурыл ат
қолтықтағы қос қанатты қомдады?!
...Мына тақыр ай тұяққа толмады, томаға көзді қасқа азбан
əр тарапты шолмады.
...О, жоқтай ма,
қырық үш күн кемдікті
Құртқа тіккен оқшау отау орда əлі?!
...А, сондағы, сондағы...
Біздің батыр тыңдамады Құртқаны, біздің батыр тыңдамады Құртқаны.
...Мен тұрғынмын,
бұл ордадан сыртқары,
Беделім жоқ көрсететін жұртқа əлі, Таңдайымда – айран нəрі, құрт дəмі. Жаяулардың жел тоқымы – іргемде, əріректе – қойшылардың құрықтары. О, білмеймін, қай жүгенге кім ие, қандай құлын қандай сусын ұрттады?!
Бұйығып тұр шаң шарпыған шалғындар, Түйіліп тұр батырлардың бұлттары, Шүйіліп тұр батырлардың бұлттары.
...Қайтер екен бұл əлем,
уа, мен де тыңдамасам Құртқаны?
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Тыңдамасам қайтер екен Құртқаны?!
Аспан. Түс
«Ай тумас жақтан ай туды, Күн тумас жақтан күн туды...»
Нұр іздейді біздің үйдің төбесі, Аспан – күңгірт, сөгілмей тұр көбесі: кім кінəлі немесе кім төреші?
Біздің үйге тиер үлес белгілі –
Бұлттардың ең көнесі.
«Ай тумас жақтан ай туды, Күн тумас жақтан күн туды...»
...О, несі?!
Уа, аспан, күлгін қара шекпендім,
Мен – нұр емес, нұр іздеген кептермін, əуел бастан өкілдігі шекті ермін.
Түндігімді түртті неге еппен мұң, Жылуы жоқ ауа-буға кептелдім.
«Ай тумас жақтан ай туды, Күн тумас жақтан күн туды...»
...Неткен күн?!
Тыныс мынау – деміккен, Қылыш мынау – зеріккен, Мен ешкімді кеміткем жоқ, кеміткем...
Түн-пердені рұқсатсыз түрткем жоқ, Жұлдыздарды азайтқам жоқ теріп мен.
«Ай тумас жақтан ай туды, Күн тумас жақтан күн туды...»
...Неліктен?!
А, шырғалаң, шырғалаң,
Тап болады ылғи неге бұл маған?.. Арғы жағын сұрасаң:
Ай тумас жақ – менікі, Күн тумас жақ – менікі,
Уа, менікі – мына он сегіз мың ғалам. Жартыланып бүтінім,
Жалқыланып түтінім,
Уа, неге талма түсте ұрланам?!. Айдан неге құр қалам,
Күннен неге құр қалам? Анау қараңғыға батып жүр
Менің қолым көк аспанға бұлғаған. Қоналқысыз қоңырайған құсым жүр, Түйсігімде тыс үн жүр,
Сыртым сəнді кəдімгідей, ішім – кір. О, тазартшы, ғұсыл-жыр,
Аспан, бізге баяғыдай түсір нұр.
...Ояна көр тезірек:
Ай тумас жақ – өңің емес, түсің – бұл! Күн тумас жақ – өңің емес, түсің – бұл! Ояна гөр тезірек, Баяғыша түсір нұр!
Қыз Құртқа
«Үйдемісің , Қыз Құртқа, Түздемісің, Қыз Құртқа, Əйел болдың амал жоқ, Егер де еркек болғанда
Болар ең тұтқа бір жұртқа...»
Дүние тыныш, күн алаңсыз, түн аман. Ауыл сырты–өзен-əуен, бұлақ-əн.
Кілем мынау, жасыл шөптен құраған.
Менің ағам балпаң-балпаң басып жүр, Жол кешкен жоқ бұралаң да бұралаң. Кезіксе де кей келіншек ұнаған,
Ағам, уа, аулақ əлгі күнəдан. Ана маңнан қайтарады қозыны, Қаз-үйректі асырайды мына маң.
Беу, ағам-ай, тəртібінде ақау жоқ, Қайран менің тұлпары жоқ бұл ағам!
Малды ерте өргізеді қорадан, Үзілетін жіп еседі қоғадан.
Құлап қалған там ішіне тығылып, Дəм татады кейде жолдас-жорадан. Əрлі-берлі өтсе де əлгі келіншек, Менің ағам жолаған жоқ, жолаған... (О, уақыт, домаланшы, домалан!) Беу, ағам-ай, тəртібінде ақау жоқ, Қайран менің Тайбурылы жоқ ағам!
Заман мынау, бейбітшілік орнаған,
ғайып ерен қырық шілтен қолдаған, кемістік пен кемшілік жоқ толмаған.
Əкімдерге ризамыз, кейде ептеп сөз аламыз жергілікті молдадан. Менің ағам сыптай болып жүреді, Киім киіп бұрын бізде болмаған. Ай, сонда да... бір ісі кем сомдаған,
Ай, сонда да... бір құсы бар қонбаған, Тұлпары жоқ қос бүйірін қомдаған, Тұлпары жоқ қос бүйірін қомдаған.
...Жем жегенше тəттісі көп дорбадан,
Қыз Құртқаны неге алмадың, сорлы ағам?..
Біздің жұрт
«Жайықтың арғы бетінде Жиренқопа деген жер еді, Бесоба деген дөң еді...»
Мына тұсқа аялдады жол шегі, Біздің жүрек əрлі-берлі өлшеді:
Жиренқопа – арман жұрттың бөлшегі. Мынау өзен – сусыны,
Анау тақыр – шөл-шері.
Өзгерген жоқ, о, мүлдем зор беделі, төл шені.
Жиренқопа –
біздің жұрттың меймілдеген мөлшері. Кідірейін етекке,
Иемденгім келмейді, беу, төр, сені! Жөнім бе еді төр менің,
Тоқылған жоқ ең əдемі өрмегім, Мен – əзірге жаңармаған көрмемін. Инем – сынық,
жібім – бос,
уа, белгісі еді ол ненің? Мен кешкен бұл күмəнді,
Жиренқопа, заманыңда, беу, құлданып көрмедің, өзен де едің, өр де едің, төре де едің,
төр де едің,
Терегіңнің жапырағына татыр ма, Жасау-жүгі біздің шалқақ бөлменің?!
Ғалам да ғалам, ғаламда, Дін мұсылман аманда,
Көрдің шіркін бұйырғанын таланға. Тоқырау су – басылмаған шөлің бе, Қиғаш қырқаң – жазылмаған жараң ба?
Мына Жиренқопа секілді
айта алатын қай қазақ бар араңда? Мүкістенбе, қызыл тіл,
Ей, теңеулер, таланба. Біз болмасақ, сіз барсыз,
Жиренқопа, сіз керексіз біздің мына заманға...
Құстар
«Əуелеп ұшқан қалбаймын, Жаманның тілін алмаймын. Хақ бұйырған сапардан
Жан құрдасым, қалмаймын...»
Аспан – біреу, жалғыз-ақ. Бізге, əрине, мəңгі – жат. Құстары аз болған соң,
Аспан жайлы түк білмейді шəрлі жақ. Мен-дағы бір –
шəрді кезген қасқаңмын, Табанымда бүртігі бар тастардың.
Қамқорымын көк гүлзардың, жас талдың. Тақыр жерге жел үйіргім келмейді, Келмейді, рас, қу толағай жастанғым.
Көктемдегі сенбілік – ең сүйікті бастаңғым. Көк жүзінде қалықтамақ ойым жоқ,
Қайтіп білем қадірін мен –
Аспанның?!
...Əуелеп ұшқан қалбай ер, Біздің жақтың құстарын, өзің ғана ...басқарғын!
Аспан деген – жанды аңыз, Жұлдыздарға жармасады барған із, Беу, неліктен көмілеміз шаңға біз?
Ақ жаңбырың таусылмасын, Көктем-дос, Бұлттарыңды, уа, жоғалтып алма, Күз!
Біз – аспанға қарызы көп зəу-затпыз, Біз – əлі де төленбеген жарнамыз,
А, бəлкім,
қар үстінде жорғалаған қарғамыз. Қалбай деген – бүркіт құс,
Уа, біздің шəрдің құстары, Еріңіз де самғаңыз, Жаманның тілін алмаңыз!
Ақ жол тіле, темір шарбақ, тас арна, Кəрі терек, рұқсат бер, қасарма, Шық-жапырақ, уа, көзіңе жас алма! Анау – қалбай деген – бүркіт құс, Батыр өзін теңей ме екен нашарға? Бұлттан да бұлттан асарға, Тұманнан тұман шашарға,
Кетті дейік біздің шəрдің құстары,
...Құстар бізбен дос болмақшы қашанғы, ə?!
Шапқын
«Жер жүзіне жайылды Ноғайлының көп елін Шауып алып жатқаны...»
Қар ма, əлде ұсақ құм ба, борайды, Жел жұлқиды Еділ бойғы тоғайды. Дəурен қайда шаруаға қолайлы?
Көзге тіпті ілінбейді көкжиек, Қара бұлттар неге сонша зорайды? Күн жіберген шөкім-шөкім сəулені Ымырасыз ызғырық жел тонайды.
Тамағына суық тиген көк таулар Алқым тұсын қай жылумен орайды? Ақ бұлақтар қалай аттап өтеді Ойдым-ойдым ор-қазанды жолайғы?
Уа, сақтай гөр, ескі Күнді, көне Айды! Жер жүзінен жоғалма, уа, Ноғайлы!
Уай, еріміз, еріміз, бермен таман келіңіз, Мынау шапқын – əттең бір қапы жеріңіз,
Көлге барсаң – ұйып қалған ніліңіз, Шөлге барсаң – тынып қалған желіңіз. Анау шуақ – қыл Көктем,
мынау бұлтың – делі Күз,
Аралас та құралас – барыс-тырнақ, елік-із. Уай, тыңдаңыз еріміз,
ісін көпке салып тұр,
бұл – Ноғайлы деген еліңіз.
Дүние бөлек, тірлік өзге, жөн басқа, жайлау шаңғыт, тарғылданды көл қасқа. Шөп-гүлдердің шарасы жоқ солмасқа, Құстар безді, ойланды ма қонбасқа?
Кебеже бос, айналды ма толмасқа? Ірге жыртық, амал бар ма тоңбасқа? Құлақ түрсең анау жырау жолдасқа:
«Бəдік пенен той басқа, Ешкі менен қой басқа, Шайтан менен жын басқа, Бəйбіше мен күң басқа, Туған ұл мен құл басқа...»
...Ай, батырлар, айла тапсаң болмас па?!
Бай ұлына жəдігөй дəм татқызба, Жарлы ұлына жадау жылқы баққызба,
Уа, жəмиғатқа жылусыз от жаққызба! Шораларды қалғытпа,
Бектерді бейқам жатқызба!
Жат еркекті сығалатпа жабықтан, Төсегіңді жайма, уа, жат қызға! Шеше көрме тоғыз қабат торқаңды, Тұлпарыңды тайғақтатпа шат-мұзға!
...Ноғайлыны шапқызба!
Уа, Ноғайлы,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Мен – содан қалған балаңмын, Серт дегенде – тағаңмын, Дерт дегенде – жараңмын.
Көлді айналған – қызғышпын, Шөлді айналған – самалмын. Жиын-тойда –жалаңмын.
Жоқтығынан амалдың Жыртықтарға жамалдым. Мен – үзік-үзік жырымын
Қарға бойлы Қазтуған деген ағамның.
...Анау алаң да алаң, алаң күн, Ар жағынан қарап тұр
Тайбурыл секіріп өткен қамалдың.
Батыр
«Қазақ десе, оқ атқан, Қабағына қар қатқан, Кірпігіне мұз қатқан,
Он екі күнде бір жатқан, Он үш күнде бір татқан, О да айтулы ер еді, Қызылбастың белі еді...»
Бөгде халық, бөтен жайлау, басқа бел, Анау – бекзат, мынау –дүлей дастан-ер, Елпілдеп жүр сорлы самал, қасқа жел.
«Қайратымен мал жиған,
«Мен сондай!» деп далдиған, Қысқа күнде қырық шапқан, Тері тонды теріс артқан, Қызылбасқа жан тартқан»,
уа, қысқасы, мейманасы тасқан ел. Сұрап қалса, атан да бер, ас та бер, жиғаның мен тергеніңді шаш та бер. Көп бауларды баспақ ел,
Көк таулардан аспақ ел.
...Қоя тұрып бұларды,
сауалыма жауап тапшы, баспагер, көп оқыдың арғы-бергі тарихты,
уа, бар ма Қобыландыдан асқан ер?!
Біздің жақта – көгілдір қыр, көк кемер, кербез аймақ, кенен думан, көктем ел. Жайлауыңды шөпке бер, Жаңбырыңды көкке бер,
Кедейдің де реті жоқ өкпелер. Ұран анау –
Күн астында күркірер,
Ұлан мынау – асық емес, оқ терер, Алтын шуақ аздап емес, көп келер. Ай, шіркін-ай,
«Барлы-барлы, барлы тау, басы биік қарлы тау,
ол төбе мен бұл төбе, бауыры жұпар күн төбе, қалбағайлы шөлдер бар, қасқалдақты көлдер бар»,
айтыңдар, уа, бар ма Қобыландыдан өткен ер?!
Уа, бар ма? Ізде, сабыл, ал, сабыл! Ойлан, дала, қинал, қала, шарша, қыр! Жауап тапсын барлық бүршік, барша гүл. Айтсын, қане, əрбір бұта, əр шағыл.
Дүниеңіз шыр айналды, дүлей Қазан, Көбікті, Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, Алшағыр?!
Батыр да батыр, батырдың
алағай шақта аруағын қанша шақырдым, Аяз-қайғы амалсыздан бусанды, гүлдемеске шыдамады тақыр-мұң, қымыз-күнді, о, шайқадым, сапырдым. Ұран шықтым – ұл көрдім,
Қызды көрдім – аһ ұрдым.
Мен – желп-желп еткен көк тумын, Мен – самсаған шатырмын.
Қобыланды қалдырған мына қоныста уа, толықсып кетіп бара жатырмын!!!
Біздің қос
«Артқаным қайың қос еді, Асқаным алтын мосы еді...»
Өлең жаздым қанша рет,
Уа, қаншама рет оқытпастан өшірдім, Мен – айдау жол шаршатқан бір көшірмін, уа, менен шошыр кім?
Таланыма тап болғанда тосын күн, түндік бауы желп-желп етіп ол қалды, анау, өзгешелеп тігіп қойған қосымның.
Менің қосым күн кешеді құламай, таң қалады бұлдыр Аспан, бұлаң Ай. Көп көлеңке, шөлден сақта шілдеде,
Уа, кешкісін еппен басып кір, Арай. Тоқта, Дауыл, алағай да бұлағай!
Менің қосым – ел-жұртымның төсегі, Уа, қажет пе, кең жайлауға көшеді, менсінбейді мен кезетін көшені.
Жеңешемнің əуені:
«Артқаным қайың қос еді, Асқаным алтын мосы еді...» Артқан қайың жапырағын төседі,
Асқан мосы тойдырған соң түн ауғанда өшеді. Уа, менің қосым, басқа емес;
кешегі –
«байлығында есеп жоқ, ішкені мас, жеген тоқ, ат үйірінен адасқан, қонса қоныс жарасқан, атағы озған алаштан, əліп таңба Қыпшақтың», беу, ...досы еді!
...Балғын жайлау, балауса шөп бітік қыр, жадырайды жайбарақат жұтып нұр.
Уай, досым, шалдықпаңыз сіз-дағы; жел соққанда, құламас, шымшығанда, жыламас,
кірген кісі – бек риза, бұла мас, тоқ дастарқан, ұлан ас,
менің қосым шайқалмастан күтіп тұр!
Ие
«Ел иесіз дедің бе? Көл иесіз дедің бе? Жер иесіз дедің бе? Мал иесіз дедің бе? Жан иесіз дедің бе?..»
Ел деген не – ұлы қуат, зор айбын.
Көл деген не – көркем сурет, көк айдын.
Жер деген не – мархабаты толық Күннің, тоқ Айдың. Мал деген не – салтанаты жасыл қыр мен тоғайдың. Жан деген не?
Уа, мына жан деген, қоңыраулы көк найза, бұлғақтай алмас былай күн, ойнақтай алмас олай күн.
Шөл далада адаспаңыз, түйе, Сіз, Анау бурыл құлынды, жоғалтпаңыз, уа, көкала бие, Сіз,
Өзендер мен бұлақтар, жөңкілмеңдер жүйесіз, Емессіңдер иесіз!
Бұл – біздің ел, жыпырлаған біздің ел,
қатар қонған ірілер мен ізгілер. Уа, тоқтаңыз,
қысқы боран, күзгі жел, реті жоқ үйімізге мұз кірер.
Беу, саралап көрейінші, сүзгі бер! Бұл біздің ел – үздік ел, ащылығын сорпадағы тұз білер, тəттілігін ұзатылған қыз білер, Уа, сондай дəмді татып жүрген де,
...Сіз бір ер!
Менің ерім жақ-садағын толғайды, қаптай соққан қас бораннан тоңбайды, сорғызбайды жат өкпеге ауаны, жебелерге жем етпейді торғайды, тоқым жүнді торғайды да қорғайды, уа, ерім,
ылғи жолың болғай-ды!
Менің ерім сондай-ды –
Ел иесіз болмайды, Көл иесіз болмайды, Жер иесіз болмайды, Мал иесіз болмайды, Жан иесіз болмайды!!!
Жиренқопа. Қобыландының кешені.
7 қыркүйек 2007 жыл
«...1995 жылы Қобда өңірінде Əлияның тойы болғанын білесіздер. Қобадада, Ақбұлақтың басында, той тараған бойда, көлікпен, кештетіп бір ауылға жеткенбіз. Ол – Жи- ренқопа еді. Ертеңіне таңертең ауылдың шетіндегі Қобы- ланды батырдың сүйегі жатқан жерге барғанбыз...
...Содан кейін Иманғали Тасмағамбетов бауырымыз бұл мəселенің соңына түсіп, келер жылы кірісіп кеткен бола- тын. Бірақ сəті соңғы 3–4 жылда түсіп отыр...»
Əбіш КЕКІЛБАЕВ
«...Сонау 1996 жылғы жазда сол кездегі вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов этнографиялық экспедиция құ- рып, төрт облыстың тарихи-мəдени ескерткіштерін, ке- сене-мазарларын аралап, тəу етіп, ЮНЕСКО тізіміне ен- гізді...
...Бəріміз бірдей кезекті еңбек демалысымызды пайдала- нып шыққан сол сапарымызда, Ақтөбедегі Қобда ауданы- ның Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың зираты бар дегенді естігенде алғаш сенер-сенбесімді білмеп едім...
Қызыл кірпіштің үгіндісі сіңген, қара темір арқанмен шаршылап керіп, қоршап тастаған алақандай жерді қай- ран қаһарманның бұрынғы мазары осы дегенде аңтарылып қалдым. Төрт бұрышты темір арқан. Төмпешік те жоқ...
...Иманғали басын шайқап: «Батырдың зиратын бұлай бос қалдыруға болмайды ғой. Сүйегін тауып, арулап қайта
жерлеу керек. Бұл – біздің парызымыз», – дегені əлі көз ал- дымда.
Былтыр аңызға айналған Қобыланды батырдың сүйегі табылып, қабіріне қайтарылып, Елеусін Сағындықов бас- таған облыс басшылығы батырдың тарихи-мемориалдық кешенін қолға алды дегенде сол сапар көз алдыма келіп еді...»
Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТОВ. («Қобыландының тойы». Фотокітап.
2008 жыл. Алматы,
«Атамұра» баспасы)
Шөп қосылып шалғынға, топырақ қонып тақырға, біздің кешен,
беу, ту байлап жатыр ма?
Уа, барайық ашуын басқан батырға!
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кім кірмеді, кім кірді, заманында
біздің батыр құрғызған, ай-хай, шатырға?!
Бізді көзге ілмей тұр,
анау – құрсанған бұлт, құба шаң, уа, білмей тұр, білмей тұр,
Біз – Қобыландыдан қалған жұртпыз, сұрасаң, мынау – сонда боздап қалған байтақ қыр, өксігімді шайқап бір,
ерсі ме екен, біразырақ жыласам?!
Жел еседі, еседі,
келіп жатыр кеткен күндер кешегі, келіп жатыр кеткен күндер кешегі,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
...Біз тоқтайық, Сөз Сізде,
уа, Қобыландының кешені!!!
ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ
(үзінді)
Ескерту: дастандағы көне сөздердің бəрі уақиға өтіп жатқан кезеңдегі қазақ қауымы қолданған сөздер болып табылады. – Сөз Иесі.
Бисмиллəһи-р-рахмаани-р-рахиим!..
...Біздің заманымыздың VIII-ғасырының басы. Осыдан 12 (он екі) ғасыр бұрын Ескендір Зұлқарнайынның ғаскері жөң- кіп келген жолмен араб халифатының қолбасшысы Құтайба ибн-Мүсілім Сойқандарияның жағасына жетіп тоқтады. Жү- ріп өткен жолының бəрі: қираған қала, опат болған орда, өр- тенген дала, қырқылған бас, күйреген сүйек, туралған тəн, шашылған қан еді.
Расулдан соңғы төрт Дос өмірден озып, дін бұзылған кез- тін. Алла-Тағаланың қасында қабыл болған дін – исламды араб басқыншылығының құрал-қолжаулығына айналдыр- ған, қасиетті Қағбаны манжынықпен атып қиратпақ болған залым Хажжаждың Бас қолбасшысы Құтайба, сөйтіп, Сей- хунға тірелді. Алда – түтіні түзу ұшқан түркінің елаты, қор- далы құт қонысы жатыр еді. Иə, Алланың ақырғы пайғамба- рының өзі: «Түркілер – исламның қылышы. Түркімен соғыс- паңдар!» – деп аманаттап кеткен мөрлі жұрт, арлы қауым!
Құтайбаның: «Кəпір ордасын ойрандаңдар!..» – деп бұй- рық бере бергені сол еді, алдан дулығасы бұлт жайқаған, табаны алты айшылық жер сойқаған айырауытты құба нар мінген, тізесі нардың топшысын қаққан алып адам көрінді. Шудақақпай жүріспен асықпай келеді. Бойында жігіттің жеті жарағы түгел сай: асфаһани – сыйырма қылыш, сары ырғай садақ, құрұғұлығы тола болат йасышты сарнама жебе, қатұғ оқ, құрыш башақты сегіз қырлы қималы найза, шомақ гүрзі,
береңгілі айбалта, болат қалқан, қырпы жығалы ашұғ-дулы- ға, үстінде – аймауыт-сауыт!.. Жасанып тұрған қалың қолға қырық қадам қалғанда түйеден түсті. Дүңк ете қалған жоқ. Тайдан сыпырылғандай-ақ. Сонау қарта-тереңнен күңіреніп шыққан ерен дауыспен келте сауал қойды:
- Елмісің? Жаумысың?!.
Мынау аспан-жерді алапаты басып тұрған Ерге жауап бермеуге Құтайбаның əдді қалмағандай:
- Мен – Құтайба ибн-Мүсілім, жер бетін кəпір қауымы- нан тазартушы, Аллаһтың хақ дінін жер бетіне қылыштың жүзімен таратушы, Аллаһтың пəрменімен əрекет етуші сар- дармын. Өзің кімсің?
- Мен – Есекей-мерген, Алланың құлымын, содан соң түркінің ұлымын!.. Қылыштың жүзінен дін тарамайды. Дін – жүректен тарайды. Қылыштың жүзінен тек қана обалдың қаны мен көздің жасы ғана ағады. Саған біздің даламызда орын жоқ. Есің барда – елің тап!..
- Қалай Аллаһтың құлысың!.. Аллаһтың сүйген жұрты араб қылышының жүзінен харам қаның дірдектеп ақпай тұ- рып, сен қалай Аллаһтың құлы болмақсың?!.
- Мен – əл-Мисақтан мұсылманмын. Хақ Расул Мұхам- мед Мұстафа (с.ғ.у.)-ның даңқы жеткен күні өз еркімізбен ол Ұлық Затқа үмбет болғанбыз!
- Сенің қонысыңда Ібілістің ордасы бар. Пұт-құдайлар бар. Біз соны өз қолымызбен ойрандауымыз керек. Ол – Ал- лаһтың бұйрығы!.. Сендер Аллаһқа серік (ширк) қосасың- дар!
- Ібілістің ордасы – сенің жүрегіңде. Аллаға серік қо- сушы – өзің! Ол cерік – сенің қанға қанбас, малға тоймас ындын-нəпсің! Ал біздің даламызда ешбір пұт-құдай жоқ, болған да емес! Өліге құрмет, тіріге үрмет үшін қойылған белгі-тастар мен сол тастарға – ұрпаққа үлгі болсын деп қа- шалған, «Елім!» – деп еңіреп өткен ерлердің ерлік істерінің баяны ғана бар. Ол – біздің шежіреміз. Шежіремізді кеудеде жан тұрса, ешкімге таптата алмаймыз. Сөз – тəмам!
Ашудан жарылардай болып өңі қарталақтанып кеткен Құтайба жанын қарманды.
Қолы қылышының балдағына бара бергені сол еді, Есе- кей-мергеннің арт жағындағы жаңа ғана жым-жырт, моп- момақан күйде монтиып жатқан өлі далаға жан бітіп жүре берді. Əуелі Ұлы Сарын естілді. Сосын: «Алла-һу!», «Алла- һай!»-лаған күңіренген үн аспан астын алып кетті. Артын- ша: «Əр-руақ! Əр-руақ!! Əр-руақ!!!»-таған алапат дауыс көк шынысын күлпарша қыла жаздады. Өлі даланың бетінде осы мəурітте жерден өсіп шыққандай – кілең-бұздай кілшейген көк темір құрсанған жауынгерлер пайда болды. Қосын туын көтерген туғашының соңынан тоғыз түменнің: ақ ту, қара ту, қызыл ту, ала ту, көгала ту, шұбар ту, жасыл ту, аққарабас кіс ту, айкөнелі айдынала тулары бой түзеп тұра қалды...
Шарасы таусылған Құтайба тұңғыш рет атының басын кері бұрды. Жыландай ысқырынған дауыспен:
- Сартауылдар мен соғдыларды талқандаймыз!.. Дінге кіргіземіз. Мұсылман қауымына қосамыз!.. – деді.
«Əлқисса, – дейді кəрі тарих, – содан бері Алланың Хақ дінін өз еркімен, жүрек қалауымен қабылдаған Халық ешқа- шан тура жолдан айнып көрген жоқ. Ал қылыштан қорқып мұсылман болғандар, кейін Зымыян-Тор ордасы жасап бер- ген əртүрлі азғырынды ағымдарға ілесіп, əлі күнге дейін ылаң салумен, адасумен келеді».
- Ақсыны алу
Милади – 1624, хижраның – 1033-ші, қазақ санасында – ит жылы. Қоңыр күз. Ферғана жазығы. Ақсы шаһарының түбі. Еңсегей бойлы Ер Есімнің қосыны.
Сөздің басын бастайық «біссіміллəдан»,
«Біссіміллəсіз» мұсылман іс қылмаған... Қан жосадай егілген – үш күн боран Қырғын өтті –
Құдайым түс қылмаған.
Бұқар қолы шегініп қамалға еніп,
Ақсы қалды маңдайда – үш қырлы аран. Имамқұлы9 қашыпты Калан-Шарға10, Дертін көміп жүрекке іш тырнаған.
Ферғананың жазығы ту сақталған Шақ еді бір қанға əбден сусап, қанған. Жүз алпыс мың ғаскері тəжік-сарттың Осы үш күнде қазақтан жусап қалған!
Бұқар қолын Тəңірдің батпаны ұрды, Бір сау сарбаз қалмады сапта күллі. Жүз алпыс мың ғаскердің үштен бірі Азып-тозып қамалға шаққа кірді.
Жайда азуын ақситып күле-тұғын Жиып алды езуін қақпа зілді.
Деген осы «желкеден сапыны ұрма!» – Бұл іс мұндай боп шықты ақырында. Жүз елу жыл қаржасқан қазақ пен сарт Кезек аунап ажалдың тақымында.
Талай опық жеп еді Алаш Ері, Сенемін деп сан ірет таты-құлға.
«Жатынында ұшынған тексіз телі, Ақырыңда айтылмас «бақұлың» да!
Таты-құлға беремін соңғы соққы, Анықтап ұр сапыны – қапы қылма!» Арыстандай алшайып, осы ойменен Есім отыр өзінің шатырында.
9 Имамқұлы – Бұқар ханы.
10 Калан-Шар – Бұқардағы хан сарайлары.
Есім отыр алшайып арыстандай, Көрейінші тұрпатын, қағыс қалмай. Шекесіне тыққандай қос жұдырық, Бунақ-бунақ құлжа бас қарыс маңдай. Келген адам жанына сонша қораш – Арыстанның қасында барыс қандай?! Мысы басып кетеді кім-кімді де –
Шөншік11 қандай, мысалы, талыс12 қандай!
Саусақтары – азудай бұтаға қас, Ұстағанын қолына тұтады оғаш. Құлжа басты кеудеге жалғастырған Жыға керген мойыны – мықан ағаш13.
Адырнадай керілген сəнді дене Жарасады қандай дүр əңгімеңе. Бексауытты теуіп тұр жұлынтұта, Жауырынына сыймайды қанды көбе…
Құдай өлшеп бітімін зор дененің, Өз орнына қойғандай əр керегін.
Мəужімі14 ұрса топанның тебіренбес Шеңберіндей ауданды нəн кеменің.
Пендем еді Ер Есім көрсем деген, Сыйғыза алман пенделік өлшемге мен. – Шынар десең жарасар шыңға біткен, Дауыл ұрса еңседен теңселмеген.
Қылаудан кір табатын, сынадан – мін Дық таппайды сыншыңыз – сынаған күн.
11 Шөншік – бұзау терісі
12 Талыс – өгіз терісі
13 Мықан ағаш – дарақ ағаш
14 Мəужім – толқын
Дөмпеш таудай тұрады төбесі асып, Ортасына кіргенде мың адамның.
Дарқан күліп, айбынтып салқам қылық, Аң-таң қылып көргенді, тарпаң жүріп;
«Үй жығар» деп ат қойған жеңгелері, Маңдайшасын сан үйдің талқан қылып.
Аумай қонған басына қыдырша-бақ, Ширатады шаруасын шығырша орап. Қабыландай самдағай, қимылы ерен, Білем-білем бұлшықты – сіңір-садақ.
Қиғаш керіп қастарын қыран қанат, Тұңғиық көз жаныңнан сыр аңдамақ. Сынарға – жат, зіл түссе иығына, Қашан көрсең тағыдай тұрар жарап.
Шатырда отыр атандай еңселі Есім, Жүрегінен суырып шер шегесін.
Көрсе елесін түсінде – жау үріккен, Айдынданып кететін – көрсе досың.
Өтті өмірі Ай құсап бұлт кешкен,
Шақтар болды жан сөнген, үміт те өшкен.
«Қоңыраулы ақсақал» атанған шақ, Былтыр өтті қайраулы қырық бестен!
Самарқанға əмір боп жиырмасында, Аламаны жиырма мың бір басында, Тəуекелдей ағаның арқасында
Тумай жатып түскен-ді бұл да сынға.
Бəрі есінде. Ұмытсын Есім нені,
Көшіп жатыр көп елес есіндегі. Мөрлі хаттай санада қаттаулы тұр Естен кетпес сан бұлғақ мешіндегі.
...Осы шығар –
Алланың қалағаны,
Көкіректен сүр-кектің тарағаны. – Абдолла хан сарбазын опат қылып Тəуекелдің жүз он мың аламаны; Он күн болды –
Бұқардың көп қақпасын Аламаны қазақтың қамағалы.
Ырза шығар сан боздақ арманда өткен Ұрпағына шынжырын жалғап жеткен. Шайбанидің күйретпек шаңырағын Керей менен Жəнібектен қалған кекпен!
Таңба бар ед өшпес боп Арда қалған, Ескі кек-тін дарыған қанға зардан.
Қанмен жумай тазармас, ағармас-дүр Қалған кек ол – Қасым мен Хақ-Назардан.
Тұрақтайды жүрекпен тұта алса – құт, Тамыр менен сүйекті жұпар шалып.
«Жерден көкке Хақ діні көтерілген» Қасиетті шаһар бұл – Бұқар-Шəріп.
Мұнарасын Алланың Нұры көмген, Хақтың асыл шайхылар сырына енген; Ыңылаған азанын муəзіні,
Əулиесі сахарда күңіренген Шаһар еді – əмірді Пірі берген, Сыбай қонған өлілер – тірілермен!
Талмай оқып талағы битті оғылан, Шаһар еді шыққан шын биікке құран. Бірақ біздер тым жиі ұмытамыз Болатынын «жерлерге өш ит қорыған».
Ұмытамыз – дұшпанның ор қазарын, Түсірмекке қапыда көрге залым; Жаратқанның қай жерге Нұры келсе, Ібілістің сол Нұрға тор жазарын.
Бұл жерге де Зымыян-Тор құрылған, Досты досқа айтақтап сорлы қылған. Хақтың дінін ірітіп іштен кеулеп, Ірінді енсе болғаны – ел қырылған!
Бұл шаһарды – тегі жат тезік-тебір, –
Көп заманнан жүр еді кезіп тобыр. Зұлқарнайын Ескендір ғаскерінен Қалып қойған бар еді жеміт-жемір. Жеміт-жебір құрған тор шырмап болды Ел қалдырмай – жүретін ерікке бір.
Тура келмес кəпірлік танымына Арда жұрт бар, əрі ер, əрі бұла. Зымыянның арманы – дінді ірітіп, Балта шабу түркінің тамырына...
Сол түркіңіз бұлт құсап торлағасын, Төгер сойды – армансыз шер-наласын. Тезге басын ұрмай ма қыңыр ағаш, Түзелмей ме қисық та морлағасын?!. Абдолла хан құсадан өліп кетті – Торға басын бір ұрып, жарға басын.
«Атанам деп екінші Əмір Темір»,
Көтеріскен Кешеннің15 ол да басын. АТА-ЖОЛДАН адасып орта жолда, Қылмақ болды сарттекі –
сорлы алашын!
Шəр-қаласын иемдеп –
нақышпанди
Төнді қатер қазақы Ордаға шын!..
«Жұтам, – деуші ед, – қазақты!» –
уды жұтып,
Кетті имансыз – ниеті оңбағасын! Ясауиді құртам деп –
тапты ақыры
Бахаубаддин пірінің көрханасын.
Шын шайхылар дүрбесін харап қылған Шықты өзінің «төріне» көрбала сұм!
Шын қаһары ұстады Тəуекелдің, Жеміттердің тығам деп көрге басын! – Тезік-тебір кəззаптар –
Бұқардағы
Əулиелер қабірін қорлағасын!
Жауып кетті Бұқардың шаһарын қан, Жер де, көк те көріп тұр қаһарын таң. Осы жолы Зымиян-Тор ордасын Талқан қылмақ –
Тəуекел бахадүр хан!..
Бұқар-Шəріп – ислам сая-бағы Өз нұрымен келбетін боянады. Бұдан былай –
Минардың мұнарасы
Алаш туы астында оянады!..
15 Заманында «екінші Əмір Темір» атанған Абдолла хан Түркістандағы Қ.А. Ясауи (р.ғ.) кесенесінің бітпей қалған маңдай бөлігін көтерген. Бұл жерде сол уақиға меңзеліп отыр.
Осы арманға жетуге сəл қалғанда, Ажал оғы əкетті ерді арманда.
Ер Тəуекел – мəлики мүслимин Кете барды сыя алмай кең жалғанға.
Аға өлімін есітіп қаны суып,
Есім жеткен Бұқарға жанұшырып. Əзірет Сұлтан жанына ақ шейітті Жөнеліпті жерлеуге бəрі суыт.
...Содан бері – Бұқарды бағындыру Болып қалған Есімге алыс үміт.
Дегенменен, деме ердің еңбегі кем, Еш кетпеді қан кешу мелдегінен.
Ғажам, Ауған, моғолдар босап шықты Абдолланың зəһарлы шеңгелінен.
Содан соң-ақ, Əндіжан, Самарқандар
Шыға алмады қазақтың шеңберінен.
Бас қолбасшы Есімнің əруағын Мойындады бар дəулет танығанын. Əбдімумин16 тынды ақыр, ұстай алмай, Шатынатып Шайбани шаңырағын.
Арқаланды қазақты дос тұтар көп, Ер ісіне ессіз – қор, есті таң боп.
Тəуекелдің қалды ұстап туын жықпай Шығай ханның ұғылы Ес-Мұхаммет17.
Шыны бұйрық келген күн Хақ-Тəңірден Сор да сеспей қатады,
16 Əбдімумин – Абдолла ханның баласы.
17 Ес-Мұхаммет – Есім ханның шын есімі.
Бақ та мүрдем.
Жат жебірмен жалғасқан жең ұшынан.
Абдолла да үлесін тапты өлімнен. Хақ-Тəңірден алатын үлес басқа, Аттанады қара да – ақ кебінмен... Ұлыс қалды көзедей қақ бөлінген, Тақ кемірген зəре ұшты жат жебірден. Қақпаны ілген тышқан жоқ –
бөрі түгіл,
Сумаңдады сұм пиғыл – жатқан іннен.
...Шырғалады Есімді Бұқардағы
Тоқай-Темір əулеті таққа мінген.
Алып қалған атадан бойтұмарын Жоғалтпаған – сатушы ед қайтіп арын?! –
«Елшіміз» деп кілең сарт келді бірде, Сұпысынған салқы төс, қайқы қарын.
«Тура жолға түсірмек Ер Есімді», –
Көздерінде ойнайды сайқы-жалын.
Исқақ қожа шығарды айқыған үн... Монтаны «пір» болғасын айтып «əнін», Түріп айдап шықты Есім ордасынан Нақышбанды жолының «шайхыларын».
Бұл айдаудың артының қызығы бар, Бұзық білмес кеп еді, түзік – ұғар.
«Күн де желкем, жер шалғай, – деді Есім хан, –
Шайхы, кəне, бой жылыт, қызынып ал!
Еріп кетер кез келген ұлтан-құлға
Мен, немене, бұралқы-бұрқанмын ба?! –
Құдай сүйген шын шайхы болсаң егер Көрсет кереметіңді – кір тандырға!
Һаяр болсаң –
Кəлəмі бағытың жоқ
Мына тандыр қалады табытың боп. Қара тəнді тазартсын қызыл жалын, Түсір түгел түймеңді, ағыт ілгек.
Шын өртенсең тірлікте – тозақ харам, Шықпайды алдан Ахирет тағы түн боп.
Қаптап кетті пірсініп қыршитын сұм, Түседі отқа ойланбай – кім сүйсе ұлтын. Бауыршы бек18! –
Тандырды өрте, жандыр,
Тамұқтағы малғұн мен жынша үйтілсін! Ырши тұрсын шайтаны қалғанының, От ішінен байқайық пір сиқын шын.
Əулиенің көрейік кереметін,
Сабыр қылып жамағат тынши тұрсын! Отқа жанбай,
тандырдан тірі шықсаң, Мен – мүритің, бірадар, Мүршитімсің!»
Шаңқылдап тұр хан-қыран бұлтқа шүйіп, Шешіміне ыразы жұрт бас иіп.
Қызыл жалын тандырды көрген кезде Исқақ қожа жіберді бұтқа сиіп.
«Қайтара гөр, Тəңірім, бұ қаһарды, – Деп қарманды Бауыршы – Бұзахарды, – Босағасын көрмейін Түркістанның,
18 Бауыршы бек – орданың, соғыс жағдайында қолдың ас-су жабдығын басқаратын бек.
Түсімде де көрсетпе мына шəрді. –
«Пір» қалшылдап құлады жерді құшып, –
Тақсыр, біздей кеше гөр күнəһарды!..»
«Мен кешпеймін күнəңді –
Хақ кешірсін! –
Қараңды өшір, мұнафық, зəтте сұмсың! Бұл «тозақтан» кетерсің тірі өлік боп, Шын тозақта кім, сірə, отты өшірсін?! Тəңірді алдап, халықты жалмап жүрген, Жүзіқара! –
Басыңнан Бақ кесілсін! Жолың – анау!
Сəлем де ханшығыңа,
Шер кеулесе кеудесін – таққа осырсын!
Елшіге өлім жоқ еді – Ұлық Істе, Елші емессің! – Көршісің – Ібіліске!! Ханшығыңа айта бар, ендігəрі Абыройсыз жекпесін пірін іске.
Тұрған сенің ығыңда кісіге обал,
Бірге ас ішкен – мезетте ұшынады, ал... Жез құманын бірадар ұмытпасын, Былай шығып тазарар – ғұсыл алар!..»
Қарқ-қарқ күлді хан ием шырқай қарап, Безіп барад «елшілер» сұрқай қабақ.
Əзірет Сұлтан қарайды арқаланып, Қаратаудың қарынан күн тайғанап...
...Көп ұзамай, Ғирақ па, Иран түбі, Зымиян-Торға шырмалған иман тіні,
«Шежіреде» – «Темірдің əулетінен» Бұқараға хан болды Имамқұлы.
Содан соң ба? – Секілді тоғысқан сең
Шəр-талау мен жан-талан – қоныста өңшең. Жеті мəрте жандасты қазақ пен сарт Тəуекел хан өлетін соғыстан соң.
Бұқар қолы алты ірет ойрақан боп, Қазақ жеңді – Алласы болысқан соң. Еңсегей бой Есім жүр қол алдында Аң патшасы сықылды – арыстан-шен.
Бөлмей берсін Тəңірім, ылғи берсін, Бақыт басын қазаққа шұлғи келсін! Қанға тоймас кəрі жер қылғи берсін,
Көрмеген боп көз жұмып мүлгиді өр шың.
Ер Есім жүр, шүйгенде – қырғи дерсің! Жауға жебе тигенде – шырғұй19 дерсің!! Жұтты соғыс! –
Жайсаң мен жақсыны алды,
Жұлды соғыс шыңдағы тақ шынарды. Қақшып алды – жалқының жалғыздарын, Көп қорымнан оқшау тек бақсы қалды.
Күллі хандық қазаққа тізе бүкті, Алынбаған –
Бұқар мен Ақсы қалды.
Ең сайдауыт Бұқардың бұлықтарын Тоз-тоз қылды, иншалла, түріп таңын. Көзіменен кеміріп Есім отыр,
Қыран-шабыт –
шаһарға тігіп кəрін.
Жауды көрсе қуанған Есім еді, Бексауыты күлдірлеп, есінеді.
19 Шырғұй – жебенің болат ұшы.
Ғарық қылмақ қанына Бұқар қолын, Қамап қойып Ақсыға осы жолы!
Ферғананың жазығы – жұпар əлем, Көтеретін жемісін бұтағы əрең.
«Осы жолы Ақсыны еншілесек, Сосын жеке сөйлесем – Бұқарамен!..
Құдай бізді ермексіз құр қоя ма?!» –
Қосын жатыр қанатын қырға жая...
Қарғып тұрып, шашты Есім жарлық қылып:
- Қолбасшылар жиылсын, Бұлғай-аға20!..
Аба-Тарқан21, майсара22, майменесі23 –
Келді бəрі – атына сай денесі.
Неше күнгі қырғыннан, шүкір, Алла, Жоқ бірінің жүзінде қайғы елесі.
- Тəңір ұрмай – жау оғы еңсеге енбес, Жүйрік пе екен – өр көрсе өршеленбес?! Ғазиларым, бақұл бол, шейіт кетсек, Жетті, міне, ойыммен өлшеген кеш.
Қынымыздан шақ келді сурылатын, Ешқашанда қынында семсер өлмес!
Қылыш өлмес ешқашан қынабында, Көріп алдық тағдырдың сынағын да. Жүрегінде иман жоқ кəпір сарттың Үнің қалсын, тым құрса, құлағында! Ағыншы топ24 –
20 Бұлғай-аға – хандықтың ішкі ісін басқарушы бек.
21 Аба-Тархан – Бас қолбасшы. 22 Майсара – ханның сол қолы. 23 Маймене – оң қолы.
24 Ағыншы топ – тосын шабуылшы топ.
үкекке25 басып кірсін,
Сəті келді іске асар – тұраның26 да.
Жүз жігіттен келеді – он кісіге, Адырнаңды, бұқаржа27, енді шіре! Шайтандардың шəріне өрт қоятын Осы шайқас, болады соңғы сүле28.
Ең əуелі, сарнатың сарнаманы29, Ұйқысынан оятсын Перғананы. Күй күңірент қандағай30 мүйізінен,
Мықый31 келіп шүйгендей тарбағаны32.
Содан кейін ыңырант ысқырманы, Іш-құндағын қарнасын тіс-тырнағы. Жеміттердің тоқалы –
тезік-сарттың
Мықты болса, ұстасын ышқырлары!
Зар еңіреп соңынан қатұғ33 кетсін, Маңдайынан дұшпанның батық34 тепсін. Жəһаннамға аттанған имансыздар Зəһарынан қатұғтың татып кетсін!
Кідірмейміз –
жауса да от-қорғасын, Отқа түсіп құриық –
жоқ болғасын!
25 Үкек – қарауыл мұнара.
26 Тұра – жылжымалы мұнара.
27 Бұқаржа – садақ түрі.
28 Сүле – соғыс.
29 Сарнама, ысқырма – жебе түрлері.
30 Қандағай – бұғы.
31 Мықый – жыртқыш құс.
32 Тарбаға – суыр.
33 Қатұғ – зəһарлы (улы) жебе.
34 Батық – шоқпар түрі.
Дəт қалмасын дұшпанда қарсы тұрар, Қылшан, толай, құрманда35 оқ қалмасын!
Тоқтамаймыз –
төбеден от құйылса,
Шатынатып шаһарды соқ құйынша! Доп түйілсе – басыңмен қағып жібер, Көп түйілсе – шырқ айнал ақ тиынша... Бақ бұйырса – аламыз бүгін түні, Ертең туды тігеміз –
Хақ бұйырса!
Ханы қашып,
қан жасып төрелері,
Бұл шаһардың босап тұр шегелері. Неше күнгі қырғыннан титықтаған Əскерінің –
қан-түбіт көбелері.
Аттаныңдар, кəне, енді, сардарларым, Шаттаныңдар Бақты алып төбедегі! Сəруар пірдің басшысы –
Қожа Ахмет Рахметолла ғалей-һи, Жебе мені!..
Ферғананың басқанда түні келіп, Кетті көкті Есімнің үні керіп.
«Əмин!» – деп сардарлар жайды қолын, Бата берді Ақ Сейіт күңіреніп...
Ұлпа самал түртеді құмның үрпін, Күлте кекіл жатқандай құлын еміп.
Даттанған бір қанжардай қында жатып Ай да туды күп-күрең – сырға батып.
35 Қылшан, толай, құрман – қорамсақ түрлері.
«Түсінбедім, адамдар, қылығыңды», –
Дейтін сынды тылсым бір мұңға батып.
Мұндай шақта – сезім де, ой да жырақ, Назар салған пенде жоқ Айға, бірақ.
Адамдықтан адамдар алыс түн бұл, Сол жеңеді – болса кім айуанырақ.
Тұра тұрсын айта алмай Ай да зарын, Естілмейді бұл түні сайраған үн.
Қамал да тұр, білмейді ертеңгі күн Молаға əлде қалаға айналарын.
Болған кезде бір белгі шығауылдан36, Жылжып берді шаһарға тұра қырдан. Жерден өніп шыққандай көп мұнара Жаны бар зат сықылды зыбан ұрған.
Ай жанары қан-жасқа шүпілдесін, Бірін-бірі пенделер түтіп жесін.
Лыпылдасын шырадай тамырда қан, Жүрек біткен кеудеде лүпілдесін.
От байланған қасалы37 зымғап кіріп, Өрт шыпылдап, шаһар да түтіндесін... Не де болса, осы бір уақиғаны Тамашалап өтеді бүкіл кешің...
Тұра-қалқан38 тізіліп тұра қалған, Садақшылар шаруасын бітіргесін.
Сыңсып өтті ақ құтан, тырна көктен, Мекеніне асығып жылда кеткен.
Жақсылыққа жорып тұр Есім мұны:
36 Шығауыл – шолғыншы.
37 Қасалы – жебенің түрі.
38 Тұра-қалқан – жылжымалы бекініс.
«Хабары, – деп, – Жеңістің бұл да жеткен». Баспалдақпен қамалға көтеріліп,
Ағыншы топ барады зымғап еппен. Шаһарды оңай алатын тəсіл еді Шыңғыс-баба тұсында сыннан өткен. Көзапара кеткендей шөжіп, шөгіп Кеуде керіп нəн шаһар тұрған өктем.
Баспа қойып, қамалға арқан асып,
Үкекті алды ағыншы тарпа басып.
Сын сағаттың соққанын сезген сарт та Жандəрменгүн қарманды жанталасып. Аларман боп қамалға жаңа ғана
Төніп барған ертауыл39 жорта қашып, Тасты қардай боратты манжынықпен40, Қазақ қолы əп-сəтте ортаны ашып.
Өтесің-ау қапыда, қасқа жалған, Бағаламай бақытты басқа қонған. Қазақ-қалмақ жатқанда қидаласып, Осы сарттар балақ пен бастан алған. Он жыл бұрын қалды сарт табанында – Қаратаудай қайғы мен Аспара-арман, Өлсе есінен кетпейді Ер Есімнің Қарындасы – кірпігін жасқа малған.
«Сартқа қатын болман!» – деп шыңнан ұшқан
«Хан қызы» деп ат қалды – жас маралдан. Осы жолы, иншалла, сарттың Есім Елестерін оятад есте қалған.
... Шəр ішінде қалың сарт сансырап жүр Отқа оранған үйлер мен тас бораннан.
39 Ертауыл – əскердің алды-артын қорғаушы жасақ.
40 Манжынық – тас ататын құрал-қондырғы.
Сарт қасында – түркпен де, өзбек те бар, Əлсіз жерін қазақтың көздеп бағар.
Ғирақ, ауған, қызылбас, тəжік те жүр, Пушту, урду, бұлыш пен əздек хазар. Қазақ қанын ішпекші кіл шибөрі:
«Əкелді, – деп, – қай Құдай?!» –
безгек қағар.
Іздеп табар əркім де несібесін,
Табар41 тауып тамырын – кез кепті ажал.
Мейірім қашқан қазақтан, Хақтан – медет,
Қолдамай тұр Пəуеден жатқан жебеп. Имамқұлы тығылды кетегіне,
Жоқ мысқалдай келетін арттан көмек. Не де болса, өліспей-беріспеуге Шапқан да əлек, əрине,
сарттар да əлек.
Ақсы қазір қазандай қайнап жатыр, Көшті қамал ішіне майдан да ақыр. Қайрап жатыр азуын жыртқыш-қамал, Мұнара-тіс қазақты шайнап жатыр.
Ажал – Торын,
Ай – Нұрын жайған ғафыл
Бұл да – дəурен, бітірген ойранға тіл. Талай жайсаң бастары мылжаланып, Отқа үйтіліп кетті сан қайран батыр. Тайған ғафыл басынан ғұмыр дəурен Құйып жатыр қан болып сайларға ақыр. Бұл қандай кеп –
Ақ-Қара алысса да
Қызыл Қаны табанда жайрап жатыр?!
41 Табар – балта.
Ғажап сынды ед бөтен кент, өзге бау-бақ, Бұл кенттің де басынан безген-ау бақ.
Ажал-Сүлде тап беріп аяқ-асты,
Кетіп жатыр Айлы аспан көзден аунап.
Осы соғыс қашаннан жүр есімде, Тастай алман есімді күресінге.
Қарағасын сан ғасыр биігінен, Қылығына Бабаңның күлесің бе? Жылайсың ба жоқ, əлде, ұлисың ба? – Айтшы, не бар –
өзіңнің үлесіңде?! Жатқан аңқау қазақты, несібесі –
Жер мəуесі, малының сүмесінде, Орынынан тұрғызып ертіп қойған Қандай күш ол,
барлығын – бір Есімге?!
Сол соғыста АРЫМНАН ӨРГЕН НАМЫС, Енді менің қанымнан түгесілме!
...Ферғананың жазығын, Ақсы аспанын
Кезіп жүрген түн еді ол Сүле-Сүлде!
Сүле-Сүлде Ақсының көшелерін Жүр аралап – өрт алған неше жерін.
Сартты қазақ бауыздап жүр сақалдан ап, Сан ғасырлық қайтарып еселерін.
Күңіренген Сүлденің сазы жаман, Жан сауғадан үміт жоқ, базынадан. Əр бұрышта астына бүктеп басып, Түлкі-өмірді тамақтап тазы-заман; Ажыраған кеудеден бас домалап, Тастап шығып ұясын қазына-жан;
Құшып жатыр қазақтың аяғын сарт Өгіздейін өкіріп, азынаған.
Хақ қара күн туғызса пендесіне, Əддің бар ма тəубеге келмесіңе?! Келлесімен жер сабап жатыр əка, Түскен сынды Алласы енді есіне.
Ақсы үстінде Ажал тұр үнсіз барлап, Қорғаушысын шаһардың құнсыз жалмап. Қазақ қанын ішіне тартып алған:
«Дінді сарттан жақсы, – деп, – дінсіз қалмақ».
Баршын-түні Ақсының, байсын-кеші Қара мақпал қанатын жайсын деші! Қан-дарияда дірдектеп аунап жатыр Аққан қаннан жеркенген Ай сүлдесі.
Бұл түн жайлы бізде де бар ғой дерек, Айта аламыз ешкімнен алмай көмек. Тұз – тамақтың иманы, сурет – сөздің, Уақиғаны айтайық сəл бейнелеп:
Отқа оранды толған шəр боқташаққа, Туралғандай, мысалы, ет қасапта.
Қара қазан-аспанды жалап тілі, Қала қазір айналды отты ошаққа.
Сол түн жайлы айтқанда жыршы-дала, Дөң күрсіне түсіп сəл, тыншыр о да.
Қазандағы –
Ай-қазы, жұлдыз-сорпа Қайсымызға бұйырар бұл сыбаға?!
Шығармайтын кеп-ті бұл мəңгіге естен, Шақ болды бір санадан əңгіме өшкен. Сыбағасынан құр қалған тарихтың Отты ошақта ерлер ед қанды кешкен.
... Артқы көште қалған Ер – ескерусіз, Хабарыңды естірміз – алғы кештен...
Біраз болды шыққалы хан шатырдан, Отты ошаққа қарап тұр қан сапырған.
«Жазадан тыс – балдар мен əйелдер!» – деп, Хас-Хажибке42 əлгінде жар шақырған.
Жалын бір сəт аспанға шырқады ерек, Бетін басты түтінмен бұлты ала көк. Неше ғасыр шіреніп тұрған шаһар Көз алдында күйреді шілпара боп.
Жалын тілі –
тат басып қалған көкті
Тазартуда ысқылап зімпара43 боп.
Күндегіден таң бүгін жайлап атты, Бұлтпен жүзін жасырып Ай да батты. Күрең шайдай астында кілкіген қан, – Сүт-қаймақ боп сəулесі сайға қатты.
Күн де шықты. Алапқа қарады аң-таң,
Дала қан-қан болғанда, қала талқан.
Хабарлады қаланың бас игенін Ер-Жалаңтөс бахадүр –
Аба-Тарқан.
42 Хас-хажиб – Есік ағасы бек.
43 Зімпара – тат кетіргіш құрал.
Біржолата соғыстың тыншыды үні, Қанын сүртті қамалдың күн сынығы.
- Йəсірлерді44 қайтеміз?...
- Қыр еркегін! –
Құрсағыңды аздырад құл сідігі!
Баяндауда сардарлар біріндеп кеп:
- Болжалыңыз, хан ием, қырын кетпед...
...Таңұқ45 таққан басына алаш туы Тұғырына орнады дүрілдеп кеп!
- Қын біледі қашанда қанжар құнын, Ел біледі –
Кек пенен Арман құнын!.. – Қарқуардай саңқылдап өргек дауыс Жүмілаға таратты –
Хан жарлығын!
- Ауру басын көтерер, ару қасын Шайқас болды –
Ар менен қаруға сын!..
Алаш туы астында болады Ақсы! –
Кел-Мұхаммет! –
Өзіңсің – даруғашым46!..
- Бұқар шəрі. Имамқұлы хан ордасы
... Жаман хабар Ақсыдан алды жаңа, Бүгінгі таң жеткендей тарлық ала.
Қалды бүгін бір түрлі бүгежектеп, Күнге созған мойынын сан мұнара.
44 Йəсір – тұтқын.
45 Таңұқ – туға тағылатын белгі, бұл жерде Жеңіс белгісі.
46 Даруғашы бек – мирасқор билеуші бек.
Күпі шықты уəзір, апы кіріп,
Сөніп тынды сөзінен соқыр үміт. Əншейінде аспанды тіреп тұрған Шаһар бүгін құлардай опырылып.
Алқымынан алғандай дүлей жендет, Бара жатыр өн бойын үрей меңдеп. Ақ қара бас құрт құсап жанын улап, Аласұрып бір ойын бір ой жеңбек.
Кəнизəкке, бөлмеді ой, ақ шағала, Тұрса – дертті жүрегі,
жатса – жара.
Тіпті бүгін тəбеті тартпай қойды Шорта бегі47 əкелген бəтшаға48 да.
Алтын сарай астына қара басы Сыймай барад – қорқыныш аран ашып. Мақтанышы – Минардың мұнарасы Сықылданып көрінді дар ағашы.
Бұқар көрген қыямет аз ба, тоба?! –
Көпке қорған қоныс ед, азға пана.
Қуды көздеп,
бұл тағы қазды ата ма? –
Қорға күлкі бола ма, езге таба?..
...Жайшылықта бұралған ару – Мулиян49 Жұтатындай –
айналып аждаһаға!
47 Шорта бегі(сахиб-аш-шурта) – тəртіп басшысы бек.
48 Бəтша – сарт сарайларындағы билеушілер ермек қылатын ер бала.
49 Мулиян – Бұқардағы өзен.
Дос жақыннан тамсанған, жат алыстан
Қос аққу ед –
Бұқардан қатар ұшқан –
Регистан – құрырдай отқа оранып, Шаңырақтай шатырлап – Шахаристан.
Қорқыныш пен сүйегін ұят қарып, Отырмайды тағында мыят тауып. Бұқараның он екі қақпасы да
Он екі бас əбжылан сыяқтанып.
Құтқармастай бұл жолы жау қаһардан, Есім қазір –
қол жетпес зау қаһарман.
Қалар ма екен күл болып көз алдында
Мың сан бұлбұл жырлатқан нəубет-орман?.. Күрең жалын қалардай қамап қазір,
Шалқи кіріп лапылдап – Наубаһардан.50
... Есім болып жүргенде Алтайға алаң, Қазақ жерін өзі еді майқандаған.
Сол қылғанын өзіне қылды Құдай, Төнді қара басына сойқан заман...
- Рұқсат па?.. –
Сəлдесі тандыр пештей
Исқақ қожа кірді ішке байпаңдаған.
Көз шоласын үрей мен күдік көміп, Қарай беред піріне үміттеніп.
- Бахаубаддин бабамыз аян берді, Қашық емес келер күн түрікке жұт!..
50 Наубаһар – Бұқардың он екі қақпасының бірі.
Шибөрідей шуылдап елге анталап, Жалын шашып тілінен,
шел қанталап;
Қырып жатқан шығар-ау мұсылманды Қаһар соққан Есім хан –
ол зəнталақ!..
Жібергендей шапалақ осып беттен, Өз сөзінен пір отыр шошып кеткен. Алақ-жұлақ қарайды жан-жағына, Есім кіріп келердей есік беттен.
Хан түңілді, пірінің жайын көріп, Майда сөйлеп жүретін мəйін келіп, Əншейінде дегдар-ақ адам еді, Үргедек боп кетіпті уайым жеңіп.
Болар ма деп жанына сая мына Күткен пірі – жетпеді аяғына.
Бар айтары – бабасы Бахаубаддин, Баяны да бітпейді, аяны да.
Бұқараның аспанын қайғы ұрғанда: Самарқан мен Ташкенттен айрылғанда, Шахрухийа түбінде қырғын тауып, Тағы жамсап қалғанда Айғыр-Жарда; Шахрхана бойында кілең шахит Қанатынан қақырап қайрылғанда! – Қайда болды, –
қолдаса Бахаубаддин,
Əулие бар емес пе – ай, күн барда?!.
Ылғи Бұқар тап болад ажалды оққа, Қайда – бұрған піріміз назар Хаққа? – Ясауиге мүрит боп – өлгеннен соң
Шығып ол да кетті ме қазақ жаққа?!
«Нақыш жолы – біздердің силсала-дүр», –
Деген сөзге иландық соншама жыл. Қырып-жойып Ясауи мүриттерін, Бұқарада қираттық қанша қабір?!
Жұқпалы дерт жұқтырып қаншасына, Соншасына көрсеттік малша зəбір.
Кетпеді ме біздерді сіле соғып? –
Дегенге пір:
«Бұлармен күреселік!» –
Жахри зікір51 үстінде басып кіріп, Қанша тықтық зынданға,
дүре соғып!
Бірдей қылып талқандап есік-төрін, Жендеттің де жібердік өшіккенін.
Ясауидің кітабын түгел өртеп,
Жаптық қанша – текке52 мен мешіттерін!
«Сүймейді, – деп, – бұларды ұлық Алла», –
Жел береді қолтыққа пірім ол да.
Қарға-құзғын қаншасын жемтік қылды, Болмаса да зəбірі тірі жанға...
Соның бəрін естіпті Есім залым, Ерсал айлап53, жасырмай өшін, зəрін:
«Піріменен қосақтап дарға асам!» – деп, Көргендер бар Есімнің төс ұрғанын...
... Мұның бəрі ішкі сыр пір ала алмас, Өле-өлгенше сыртына шығара алмас.
51 Жахри зікір – жария зікір.
52 Текке – ясауилік рухани орын.
53 Ерсал айлау – жолдау.
Түбі шикі өзінің – қылдыкөтен, Пір кəріне шалынса, сірə да, оңбас!
Сондықтан да бір сыры шашау шықпай, Жығадан бас шығарад, шырадан – жас.
Нұрлы жүрек жоқ пірде Тəңір шайған, Біледі іші – емес бұл кəміл сойдан!..
... Дəл осы сəт, əй-шəй жоқ, ұрықсат жоқ, Кіріп келді сарайға Жəбір-Шəйбам.
Қорлады-ау деп, тыс таптап, іш басынып, Қуып шықпақ еді бұл түс қашырып; Жəбір-Шəйбам көзіне іліккенде,
Сұс жасырып, жым болды, мыс басылып.
Тінтіп Шəйбам шыныкөз жанарымен, Айдап пірді жіберді қабағымен.
Байпаң қағып жөнелді Исқақ қожа, Баратқандай сырғанап табанымен.
Пір кеткесін оралды хан қасына, Сəп сап қарап қайғының таңбасына. Назар тігед оқшау бір аянышпен Ханның мынау алтынды ордасына.
- Неғып отсың жер болып, жігерің құм? Қысқарды ма өрісі шідеріңнің?
Ақсыңды алып қазақтың, естіп келдім Құлағанын ақырғы тірегіңнің.
Төнді білем шын қатер –
Астанаңа?! –
Тап болар күн жуықта масқараға! Жынын шашып күркіреп Есім келсе,
Баспанаға зарсың ғой, қасқа бала! –
Қарқ-қарқ күлді содан соң Жəбір-Шəйбам, Жөн үйреткен ағадай жас балаға.
Сарай тар ма, білмейді түрме тар ма? –
Ұшырады хан бүгін кіл қаһарға. Жəбір-Шəйбам пəтуа бермесе егер,
Сайланбайды бұл елде – пір де, хан да.
Ханды біраз жер қылып таптап алып, Жəбір-Шəйбам отырды таққа барып.
- Қазір қуып жіберсем сыртқа сені, Қашпайсың ба Есімге, боқтап алып. Келем деме, бірақ сен есен-аман Пірің құсап – артыңды боққа малып...
Жə!
Өзіңе боғың да!! Тақ та саған!!!
Жол таппайды тар жерде саппас адам. Сен саппасты хан қылған менде ми жоқ, Сендей құлға қор болған –
Ақ босағам!..
Ашығына көшейік əңгіменің, Жаралдың ғой сорыма мəңгі менің.
Жанды жерің қайда, айтшы, менде ме, əлде Байланған ба таққа ана –
жанды жерің?!
Жаушы жібер Қытайға түнде бүгін, Қалмақтардың қозғасын іргелігін. Қалмақ жаққа Есім хан аттанғанда, Түркістанға Тұрсын хан кірмек ұрын.
Ұрын емес, кіреді күн ашықта, Есім жүрсін Алтайда – ылашықта.
Азып-тозып қалмақтан аман қайтса, Тұрсын шықсын!
Алдынан сірə, шықпа! Бүлдіресің сен шықсаң – Көрінсе Есім,
Бұтыңдағы тайғанап ыза-шыққа!..
Есім десе, Тұрсынның жыны бар сұм, Бар билікті, мен десе, бүгін алсын!
Көптен қаны қатып жүр хан тағына, Иесі жоқта қонжиып мініп алсын. Жұлып алсын тəж-тағын бауырының, Қойсын өртін –
жыланның іні жансын!
Баққұмар жан пайдалы біздер үшін, Ал, əйтпесе, бірі өліп, бірі қалсын!..
Кешіріңіз, хан ием, міннен ада,
Мен де кейде боп кетем мүлде бала... Екі бөрі жатқанда жарғыласып Ілінеміз, иншалла, бір қараға!..
... Кетті ханның кенеттен төрі кеңіп, Шəйбам жаққа қарайды еміреніп.
Тебіреніп көз салды терезеден, Жүрек жағын кемірген жегі кеміп.
Күн тұр көкте патшаны сүйіп беттен, Мейірленіп бар нұры иіп кеткен.
Сан мұнара самғайды көкке қарай Бұқараның аспанын биіктеткен...
- Түркістан шаһары. Есім хан ордасы
... Түркістанның қылау жоқ аспанында, Нұрға балқып жатқандай тас та, құм да. Əзірет Сұлтан күмбезін күңіренткен Жамағат бар –
Мүршиті қастарында.
Бозторғай құс шырлайды мігір таппай Көктеменің бүр жарған жас талында. Жаратқанға таң атпай мадақ айтқан Құс ұмытқан секілді бас қамын да.
Бас жағыңда көгершін –
«Алла-һу-лап!»
Түсірердей бір сəуле тас-танымға.
... Есім отыр ордада елегізіп, Балды қымыз жұтады аш қарынға.
Көптен жүрген бір ой бар тыншын алып, Бақ та, сор да заман ғой қас-қағымда.
Шүкір, Моғол бас ұрды, Мəуреннахыр, Бұқар басы көпшірмен54 дау боп жатыр. Шалыш, Тұрфан –
айналып базарына,
Үндістаннан керуен сау келді ақыр. Дегенменен, жимаса етек-жеңін Өтпесіне кім кепіл дəурен ғафыл?!.
Қатаған – бүк.
Алшы тұр Ойрат жағы,
Қанды қара қылышын қайрап тағы. Бекер болды, –
қалмақты бағынды деп, Сарыарқасын қазақтың жайлатқаны.
54 Көпшір – хан салығы.
Керіп кетті Арқаны өскен түлік, Қозғалатын толқындай төстен тұнып.
«Отқа айдасаң есекті – боққа қашар», Артық емес дінсіз жұрт местен тұлып. Исламға кіргізем деп жүргенде,
Шах-Мұхаммет сұлтанды көшті өлтіріп.
Жолы ылаңнан кетпеді-ау, қолы – қаннан,
Көкіректе кетті өліп не бір арман. Шідертіден шығына қашқан жауды Қуып жетіп, ағаның кегін алған.
«Мінгені Есім ханның Алабел-ді, Бойында Шідертінің қара көрді. Көрінген сол қараны «Кертағы» деп, Аттарын шідер салып, қала берді».
Сол күндерден осы бір өлең қалған, Қалдырды артқа шындығын ел аңғарған. Шүршіт жолын қалмақпен бөгемек ед, Оның бəрі –
шерлі сыр, шеменді арман...
Бұқара жақ іргесі бүтінделсе, Жəукемдер ед қалмақты ұтыр келсе. Қалай да ойрат тыныш боп тұру керек, Бұқарменен шаруасын бітіргенше.
Өрттің алдын алмасаң күнілгері, Орысиет гүрлеп тұр бүгіндері.
Ту-талақай қылмақ бұл ақырдемде Қамалдарды Еділ мен Сібірдегі.
Қиын боп тұр бүйірден Қатаған-сұм, Амалың жоқ –
тамырдан матағансын.
Күні туса – асқардай жан асырмас, Жайшылықта жымпиған жатаған шың. Имамқұлы кəззапқа құрық берген Туыс болмай Тұрсын хан,
қата қалсын!
Бұл – қалмақпен жатқанда қидаласып, Сартпен бірге ел шапқан топалаңсың!
Керей, Жəнібек бабалар – алтын-көрік! –
Зəузатына бермепті парқын бөліп. Атасының атымен ат оздырып, Нəйісімен солардың даңқын көміп Жүрген Тұрсын, –
бас иіп, бауырым деп,
Қылыш үсті құтылды Антын беріп.
Адырнаның қос басы тең шіреніп,
Тұрған шақ бұл – Бақ пен Сор қоңсы қонып. Қырық ұрудан таңдап ап қырық жігіт, Жаулы кеткен қалмаққа елші болып.
Сол елшілер кешіккен сайын, ханға
«Хауф уа рижа»55 бергендей енші бөліп.
Басына алтын айдарлы күллə киіп, Еңкіп, ергек көйлекті тұлғаны иіп, Ырым қылып ертеңгі істің жайын, Отыр Есім дабылға тіллə иіріп.
Тыныштықтың ішегін шертіп қалып, Естіледі емескі ентік талып.
55 Хауф уа рижа – қауіп пен үміт.
Жар бола гөр, Жасаған! –
Дабылға кеп
Омпы тұрып қалды асық толқып барып.
Тұрды қарғып, деді де:
«Берді Құдай!..» –
Бұлт жайқаған мүйізі кер бұғыдай... Кіріп келді сол сəтте Тарғушы бек56:
- Қалмаққа елші жіберме енді былай!..
Кешір, Ием, болды ма мұным ерсі?.. – Айдап салып ар жақтан ұлы көрші; Қара-Құла қонтайшы отқа үйтіпті, Опат бопты –
Жаулы мен қырық елші!
Сəтке ғана тұрды хан аң-таң қалып, Алқымынан ыстық бір арқан қарып. Əжептарқы дауысы, өң қабаржып Іштен ұлып үн шықты жарқауланып. Бойын ілез хан қайта жинап алды, Сол баяғы дарқан жүз, салқам қалып.
- Қара-Құла бастады жаман ырым, Елшіге өлім кеспеген Баба бұрын. Дінсіздігін тағы да қылған екен, Қалмағына сенген ғой қарақұрым.
Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді, Қырық ұрудың қарғысы ұрды сені! Елшіге өлім кескенге қандай жаза Қолданарын үйреткен –
Шыңғыс еді!
56 Тарғушы бек – шенділер дауын шешетін қазы һəм мөр сақтаушы бек.
Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң, Елші өлтіріп ел бар ма атақ қонған? Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып, Қаразымның Дəулетін – опат болған?!
Қара-Құла бұл жолы бос қағынды, Батырамын қаныңа қос қолымды. Тас тағыңды төбеңе төңкерем де, Қабыстырам –
Алтай мен аспаныңды!.. Қалмақ біздің көрген жау! – Ештеңе емес! –
Бұзып кетті демесең жоспалымды.
Аттанамыз!
Бұл бұлғақ бүгін емес! –
Оянып – кек, аттансақ, тіріледі – ес. Жар шаш барлық Дəулетке,
жетсін бəрі
Сəрсенбіде өтеді –
Ұлы Кеңес.
Баталасып Əзірет дүрбесінде, Жүргіземіз Алтайдың түбіне көш!..
- Ойрат қонысы.
Қара-Құла қонтайшы қосыны
... Қаптай қонып Алтайдың балағына, Ойрат жатыр жабысқан жарағына.
Орда тігіп Шарыштың жағасына, Жасанып тұр қонтайшы Қара-Құла.
Осы жерде – дүрбіт те, торғауыт та, Ұраңхай да, хошауыт, оймауыт та.
Хойыт, зақшын, білеуіт, қалқа, шорас Күрен түзіп, айналған – сайдауытқа.
Ойрат та жұрт жалпыға ерлігі əңгі, Бітіспестей қазақпен енді мəңгі – Қара бұлан терісін етік қылып, Көлік қылып мінген ел кер құланды.
Озатын ел қашса – өрттен, қуса – желден, Қыран баптап – қанатын туша керген; Суша желген – жылжыса жазықпенен, Құлан құсап торлаусыз жусап-өрген.
Шарыш өзен березе – түймедегі, Бір жағында қалмақтың Ине көлі.
Қонтайшының жоңғары57 – Байбағыс та, Барұңғары58 – атақты Шине-Бөрі.
Қара-Құла – бір мін жоқ тұлғасында, Барұңғар мен жоңғары жүр қасында. Қайткенмен де – ада емес қобалжудан, Абыржу бар аздаған бұл қосында.
Барұңғар да, жоңғар да – сай қаһарлы, Жорықтарда жүргендер қайда қанды. Осы жолы қойып жүр сыр алдырып:
«Ояттық-ау бекер, – деп, – айдаһарды...»
Бағынбаған Құдайға еркін халық Семсеріне келеді сертін жанып. Енді, міне, болғандай тілегені,
Жау келіп тұр іргеге – жер тұлданып.
57 Жоңғар – сол қол
58 Барұңғар – оң қол.
Ер Есім тұр іргеде күркіреген,
Бойы Алтайдың таласқан бұлтыменен... Ел тағдырын болжамақ Орда бүгін, Қара орын ед ежелден жын түнеген.
Білу үшін бұйырмыс сыбағасын Қонтайшы отыр жиып ап ғұламасын. Кикан шаған, киску мен унзот, кишл, Бұрхан, манжы, кура мен ламасын.59
«Я, бұрхан бахчи-леп», мал өлтіріп, Кейін азық қылатын тығады асын.
«Сыбағасын» қазақтың бермек бəрі, Атын елеп қонтайшы сұрағасын.
«Атас-Пірас»60 киесі –
Ылат-Манат61
Орда үстінде жайып тұр жылап қанат. Оттан қарғып жəдігөй-елбі кемпір Шыңғырады дауыспен құлаққа жат!
Салған сардан62 өтеді биі де əрмəн, Отқа таптап тəнінің ійі қанған.
Сəкəкүлі сайтандай сықылықтап, Қара түлкі қармалжық киіп алған.
Бітіргендей кіл бақсы шыраққа жан, Мың қарғиды отынан бір аттаған.
Лама отыр бақырып:
«...уам мани
Батбах... хойур ғурбун да... шрах-таған!»
59 Бұрхан, манжы, кура мен ламасы – қалмақ діндарлары.
60 Атас-Пірас – қазақтардың дінсіз жауына қойған аты.
61 Ылат-Манат – киесі.
62 Сар – бақсылар мақамы.
Шайтан – оны, ол – жынды дүрелеген, Діңкелеген, шаршаған, сілелеген Барлық бақсы жиылып,
қонтайшының
Алдында отыр қалпында жүрелеген.
Кетіпті-міс киелер аян беріп, Айтылыпты ертеңгі іс баян болып. Қашады-мыс бытырап –
келген қазақ,
Алдындағы бөрінің қоян делік!..
Соғыс сөйтіп жеңіспен аяқталар, Қазақ бетін қанымен бояп бағар. Өз қолымен Есімнің қанын ішіп, Қара-Құла қонтайшы тоят табар.
Аузыменен жеңгізіп қалмақтарды, Кетті барлық бақсылар зарлап бəңгі. Бірін-бірі өлердей қостағасын,
Қара-Құла мардиып, марлаттанды.
Қарсы тұрар, əрине, аянға кім?! –
Баяндадым, мен-дағы аянбадым.
...Беріп жатты ақырғы бұйрықтарын Жиып алып қонтайшы нояндарын...
КИЕ
Əкем Мұратбек Көпбайұлының
рухына арнадым.
Автор
...Басқыншы жаудан пана іздеген бес жүз үйлі ғұн жұр- ты Сарыжайлаудан Алтайға үдере көшті. Босқан жұрттың жолын тосқан дұшпандар бүкіл көшті қырып тастады. Осы- нау қанды қырғыннан аяқ-қолынан айырылған жалғыз бала аман қалды. Тəңірдің жарылқауымен əлгі баланы көк бөрі тауып алып, сүтімен асырап, ер жеткізді. Кейін осы баладан көк бөрілер ұрпағы (Ашина тайпасы) тарады. Олар (Түр- кілер) бөрі бейнесін туларына бедерлеп, қиыр шығыстағы Хинган тауларынан батыстағы Қап тауларына дейінгі ұлан- ғайыр аймақты бағындырды.
Бөрі рухын кие санап, пір тұту дəстүрі түркі халықтары- ның, оның ішінде қазақ халқының да арасында күні бүгінге дейін бар. Демек, бөрі бейнесіндегі өршіл рух біздің бəрі- міздің санамыздың түбінде сонау ерте замандардан қалған. Сірə, осы аңыздың астарында тарихи оқиға жатса керек.
- Аңдату
Армысың, аспан сырлы көрікті өлең, Арыма ардағымды серік көрем.
Аңызда айға ұлыған көкбөрідей, Айшуақ құдіретіңе сеніп келем.
Тарихы түмен қиыр таңба нағыз, Мың өліп, мың тірілді маң даламыз.
Алтайдан Ашиналар63 ауысқанда, Ордосқа64 табан тіреп қалған аңыз.
Ариилер65 жылнамасы жалғасты екен, Ұзаны көне Ғұнның болмас бөтен.
Аңызды «Мауглиге» арқау еткен, Киплинг айдалада қалмас па екен?
Түркілер қастерлеген көкте күнін, Тапсырған Көк Тəңірге текті өлімін. Тегіне тартып туған тарпаң оғлан, Түн қатты туы астында көкбөрінің.
Көк бөрі – Айға ғана үн салады, Көкте екен сиынары, мұң шағары. Арыстан, жолбарысша міскін болмас, Жанына аяз батып тұрса-дағы.
Маңдарды маңайламас ластық енген, Итимес иттей қаңғып, бəс тігем мен. Еркіндік, азаттыққа жаны құрбан, Тек бітті түркілерге қасқыр емген.
Еркіндік ер көңілді арманды етер, Жасыққа жалпақ дүние жалған, бекер. Қапыда қар астынан қақпан қапса, Тірсегін шайнап қиып арлан кетер.
63 Ашиналар – Алтай тауларында өмір сүрген ежелгі бабаларымыз. Бізге жеткен аңыз бойынша қасқыр асырап өсірген баладан тараған қауым.
Заңғар ғалым Əуелбек Қоңыратбаевтың «Көне мəдениет жазбалары» атты кітабында «Ашина» сөзінің түпкі мағынасы – «Бөрі» деген тұжырым айтылады.
64 Ордос – Сарыжазық. Құрамына қазіргі Қазақстан жерінің басым бөлігі енген ежелгі ғұндар мекені. Ашиналар араға біраз уақыт салып ата қоныс- қа ат басын қайта бұрған.
65 Арийлер – ежелгі Қазақстан жерінде Андрон мəдениетін қалыптастыр- ған бабаларымыздың ұлысы.
Ауылдың аумағынан ауса түлік, Бағылан, баспақтарын бауша қырып. Аздан соң шыға келер бүйірленіп.
Ай демеп, жазық жебеп, тау шақырып.
Жырынды жолығады жырындыға, Бұл тəмсіл бар болатын бұрынғыда. Түркілер көк бөріні тұмар етіп, Жаулады Қырымды да, Ұрымды да.
Ту тұтып тəңір берген тағылықты, Ат қойды сан тарапқа сағы мықты. Сол тұста көк бөрінің ұрпағына, Аю да, айдаһар да бағыныпты.
Ұрыста ұран мəнін түсінген ер, Елірген ереуілдей пішінге енер.
Кек сұрап кездейсоқта киліккен жау, Көп өтпей көк бөрінің күшін көрер.
Аңызды түсіретін жиі есіме, Жалғанның жасыл жанар иесі ме? Тоң мойын, томар аяқ арлан көрсең, Басыңды иіп өткін киесіне.
Ақтарсаң көне тарих сабасын қай, Аңыз бен ақиқаттың арасы ыңғай, Дарытқан қасиетін сүтіменен, Көк бөрі көктүріктіің анасындай.
- Оқиға орыны. Ақсу – Жабағылы қорығы66
Көркем жер, көрікті өлке – Жабағылы, Көк нуы толқытады саналыны.
66 Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі мен Өгем жоталарының солтүстігін алып жатыр. Батыс Тянь-Шань табиғи ке- шенін түгелдей сақтап қалу мақсатында 1926 жылы құрылған Қазақстан- дағы тұңғыш қорық. Төле би жəне Түлкібас аудандарының жерінде, теңіз деңгейінен 1200–4200 метр биіктіктегі Ақсу, Жабағылы, Майдантал өзен- дерінің алабында орналасқан.
Өрмелеп шың басына бара жатқан, Сұлу арша сазындай самал үні.
Табиғат төгіп берген бар асылын, Күн сүйген қасқа белін, дара шыңын. Күмбезі көк тіреген асқар таулар, Мекені дүйім Дулат баласының.
Заңғар тау – таң ұясы, зерлі күнгей, Тұлғасы көк түріктің өрлігіндей.
Селбесіп қатар өскен қалың жыныс, Ен тоғай ақбас шыңның белдігіндей.
Өтсе де талай зұлмат, бастан қайғы, Айбынды Түркібасы67 аспандайды. Етегі Алатаудың тұнған ризық, Ерінбей терген пенде аш қалмайды.
Ақ бауыр, алтын сауыр балығы бар, Ақсуға жан біткеннің бəрі құмар.
Ақшулан асау өзен күркірінде,
Қарт Қорқыт қобызының сарыны бар.
Оғыздың оғландары-ай кіл қасқыр өң, Тарихың тапжылмастай тұрмас кілең. Жартастың жақпарында сынық қаріп, Енесай жазбасымен құрдас білем.
* * *
«...Дегенде борық тұрған, борық тұрған,
Бір борық бір борықты зорықтырған...»
67 Түркібасы – Түлкібас ауданының көне атауы. V–VIII ғасырларда мұнда Түркі қағанының ордасы болған. Қалың жауға қарсы соғыста мерт бол- ған қағанды осы маңайдағы төбе басына жерлегендіктен Түркібасы төбесі аталып кеткен.
Төле би68, Түркібасы екі арасын, Кеңеске мың бір алғыс қорық қылған.
Төле би – бұрынғы аты Ленгір еді, Тəуелсіз ел бүгінде жөн біледі.
«Ленгір» – «Ілінгірден» шыққан сөз деп, Шерағаң мені дəйім сендіреді.
«Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол əулие болмаса неге қалған».
Пайғамбар кемесінің ілінгірі, Қағылған осы араға шеге болған.
Төле би сағанасы Тас қалада, Əруағы разы шығар бастамаға. Осында көп ұрпағы ту көтеріп, Ауданды айналдырған астанаға.
Қорықтың аудан жатыр батысында, Менің де бұл өңірге қатысым бар. Аққұмда69 ақпандатып туылғанмын,. Аязды, аппақ таңның атысында.
Көкектей көкейіне күлкі сіңбей, Жанымды кей туысқан жүр түсінбей. Таулы өлке туған жерім, ата мекен, Білемін өңір сырын бір кісіңдей.
Білемін бидайық пен шөп өсерін,
Боз жусан, қылша, сасыр, көде өсерін.
68 Төле би ауданы – 1932 жылы құрылған, Шымкент қаласының оңтүстік- шығысындағы таулы аудан. Халық саны 107,2 мың адам. 1991 жылға де- йін Ленгір ауданы деп аталып келді.
69 Аққұм – аудан орталығы Ленгір қаласынан 9 шақырым жердегі таулы ауыл. Тоғыс өзенінің арнасында орналасқан. Жаныстан шыққан Қапал батыр ұрпақтары мекендейді.
Жоңышқа, кекіребас, түлкіқұйрық, Қандыгүл, томағашөп көп өсерін.
Сайында сан түрі бар қына, мүктің, Нөпір гүл нұрын күткен Күн – алыптың. Қарақат, рауғаш, шие, бүлдіргені,
Жан рахат, куəсіндей бір анықтың.
Таутеке, арқар,елік, барысы бар, Көк қасқыр, аю, борсық тағысы бар.
Көгінде бүркіт самғап, ителгі ұшқан, Сақалтай, ұлар, кекілік бағы шығар
Білемін жазы қандай, қысы қандай, Ұлыған мың бөрілік күші бардай.
Шақпақтың созылмалы суық желі, Түйені теңіменен ұшырардай.
Тік жартас, құлама құз, қыран ұшқан, Күркіреп төменде Ақсу сыр алысқан. Төңкеріс, Дарбазада қорық басы,
Қол бұлғап қасқа шыңдар тұр алыстан.
- Өгем жоталары70
Алатау мекен еткен кілең бөрі, Даңқына шырақ болмас шіренгені. Ақ Іле, Жоңғар, Талас,Өгем болып Созылды Тəңіртаудың сілемдері.
Деген бар «жолдасыңды жолда сына», Таң атпай жиналғанбыз жолға асыға.
70 Өгем жоталары – Тянь-Шань тау жүйесінің батысындағы тау жоталары. Солтүстік – шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 110 шақырымға созылады. Ені 30 шақырымдай. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 метр).
«Қызыл тал», «Көбелекті» жайлаулары, Құт берген Өгем ханның ордасына.
Өгемде тіршілікті таң қозғамақ Төбеңде қалықтайды əн қаз қанат. Теңізден төрт шақырым биіктікте, Сайрамшың мұздағы тұр маңғаз қарап.
Балмұздақ сол мұздаққа жалатқандай, Ақ көбік шағылысты таң атқанда, Көгілдір мұнар көлбеп көз алдыңда, Жотадан жота шығып баратқандай.
Құмкезең, Жалтыр, Көнек бір қапталда, Бір бетте Жетіүңгір мен тұр Мақпал да. Шымырбай, Азартеке қол созады, Оюлы ұсынғандай сырмақты алға.
Жоталар көшеді ұқсап кіл інгенге, Боталар жатып қалған, сүрінген бе?
«Қырық қыз» аңызының көзін көрдік. Өгемнің кемеріне ілінгенде.
Қырық қыз көрмей өскен бұғалықты, Сертіне болған дейді жүдə мықты.
Жəдігөй жау қолында қор қылғанша, Тəңірден тас қылуды сұраныпты.
Кей аңыз ақиқатқа бастайды анық, Қырық қыз тұрып қалған тасқа айналып. Қайтейін, тұла бойым шымырлайды, Тұрғандай жанарында жас байланып.
Өгемнің жоталары тұнған аңыз, Барсаңыз баз тірлікті бұлдамаңыз.
Сабырмен сыр сандықтың кілтін ашып, Көкірек құлағымен тыңдап аңыз.
Тұрпақбел, Майданталдай асулары, Төмендеп тауға мүлдем бас ұрмады. Тасыса Сайрамсу мен Сарыайғыры, Тұяқтай тасқа тиген тасырлады.
Қорықтың қиырына жанасты Өгем, Сол Өгем жалғасады Таласпенен, Осымен жер баянын доғарайын, Оқырман, өзіңмен де санасты өлең.
- Кейіпкер. Қорықшы Ерден
Айтушы айғайшымен тең демейін, Айқұлақ мезгіл жетті, дөңгелейін Аймақтың қасиетін аңғарсаңыз, Аймаңдай кейіпкерге мен келейін.
Ақсуда қорықшы бар Ерден деген, Адамға кісімсініп, керленбеген, Аң көрсе жараланып, ербеңдеген,
Айтулы Айболиттей демде емдеген.
Ақсуда қорықшы бар Ерден деген, Айнымас тағдыры ауыр шермендеден. Аяғы ауыр жарын аю жарып,
Арулап ақ кебінде жерленбеген.
Алты айлық ұл болатын құрсақтағы, Аллаға айкезбедей мұң шаққаны.
Айырылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан, Ащы жас екі көзден бұршақтады.
Амалсыз сабыр сұрап Алласынан, Асырмас артық сөзді хан басынан. Амандық тілеп қалды жалғыз қызға, Асқанда қырық жастың арнасынан,
Ажалға араша жоқ еңіреткен, Аюға қорбаңдаған кегі кеткен.
Артынан жүгіргенмен мылтық алып, Атуға таптырмаған төңіректен.
Арада апталар мен айлар өтті, Ашу да аурудай қып жайғап өтті. Атуды заңға қайшы деп білсе де, Айуанды бір табуға байлам етті.
- Тағы. Арлан Көк
Маңайдан аң көрінбес саяқ қашқан, Мезгіл-тін қоңыр күзге аяқ басқан. Сүмбіле кезек беріп
Таразыға, Таң суып,
ақшам болған таяқ тастам.
Түн салқын. Ай аспанда, таң алыстау,
Қасқырға қараң болмыс жан алыспау. Қолатта қотанды қой иіс берген, Жасықтау жарығы бар жаңа қыстау.
Осы түн Айдың нұры сарқылмайды. Жасқанбас жасыл жанар жарқылдайды. Əрəдік доғал дауыс көтерілсе, Ауылдың маң төбеті арпылдайды.
Айырып талай құлын, тайды енеден, Қаншылқу, қасап соғып, май жемеген Ақсудың күнгей қабақ бұқпасында, Апаны арлан көктің Ай жебеген.
Апанда шолақ қаншық, төрт бөлтірік, Таяуда бауырынан кеткен тұрып.
Анасы құсқан қозы жұқ та болмай, Тұмсығын кіржитеді шеттен тұрып.
Қорық бұл қорғаны мол қашағанға Ту сырттан қатер келмес, тасадан да. Қопалы сайлары мен қалтарысы.
Қолайлы қасқыр ойнақ жасағанға.
Секемшіл серек үшін сол керегі, Талай жол жарлауыттан дөңгеледі. Қат-қабат шұбар адыр біте бере, Бұталы ұрымтал сай қол береді.
Арланның сескенері адам ғана, Айлакер ақылға да, амалға да. Адамдай бүйірі тоқ жүрген болса, Жатар-ды шөңге баспай табанға да.
Ежелден екі аяқты жау дегені, Қылшадан орар ма еді дəу немені. Аш өзек үзілуге айналғанда, Қотанға маңайлатпай əуреледі.
Онымен тоқтамастан қамап қуды, Албасты төбеттері талап қуды.
Төбеден тікұшақпен төніп келіп, Атылған қасқырларды санап қуды.
Ей, Адам!
Ұғармысың мұңы барды,
Киеңде қай атаңның құны қалды? Арлан көк Айға қарап ішқұса боп, Тұмсығын түнге тіреп ұлып алды.
- Төңкерістегі шешім
Төңкеріс – шағын ауыл. Тау етегі,
Тұтқалы ел Тəңіріге тəу етеді.
Бір-бірін бағып жүрген жұрт емес пе, Бүгінгі іс ертең өрттей қау етеді.
Белгілі бауыр бөтен еместігі, Кейде жұрт қоздырады көмескіні. Жасырып-жабатындай тірлік емес, Ерденнің қасіретін ел естіді.
Ерденнің кірпігінде шық тұр əлі, Ағайын жазмыш мəнін ұқтырады. Айтқанда аю жарған жүкті əйелді, Ауылдың төбе шашы тік тұрады.
Өтсе де ілбіп күндер, арада айлар. Не пайда көрсеткеннен далаға айбар Ерденнің жүрегінде қанды кек бар, Ерденнің көңілінде қара май бар.
Ерден де ердің сойы еркін жүрген, Жасынан ер көңілдің сертін білген. Тарамыс, қарағай бой, құрыш білек Қайраты елден асқан желпіндірген.
Жүзінен қараған жан сұс көреді, Бұжыр бет, дүрік ерін мыс береді. Бұл не деп сұм тағдырдың істегені, Батырың алпамсадай тістенеді.
Ерденнің жан достары Андас, Қанай, Жігіттік желіктері жалғас талай.
Басына достарының бұлт төнгенде, Қайғыны бөліседі нар қасқадай.
Жастықта медет тілеп Көк Тəңірден, Үшеуі қаймықпастан топқа кірген. Қаланың ботқа жеген көк жасығын, Қаласа қанжығаға топтап ілген.
Бас қосты Төңкерісте бүгін бəрі, Сиқымда Қусирақтың құлындары. Кеңесті сəрсембінің сəті ғой деп, Мұны да жақсылыққа ырымдады.
Қанай айтты:
- Бұл қазақ көрген талай шермендені, Кек кетсе ердің абзал көрге енгені.
Сұм ажал бірге жұтқан шаранасын, Жеңгеміз жөн-жосықпен жерленбеді.
Шұбыртып тұрса да ажал сілекейін, Өзіңмен қайратымды бір етейін.
Терісін сыпырайық тауып алып, Аюдың адамжегіш кірекейін.
Ерден айтты:
- Тартса да абадандай ажалыма, Төзбеспін ардың мынау азабына.
Қанға қан! Ал, жігіттер, қамданайық, Жел бермей жұрттың өсек, мазағына.
Демеңдер неге мұны ауызға алдың. Ертең-ақ көп көрінер жауызға əр күн, Күнəсіз шарананың құны үшін де, Қаншықты қанжарменен бауыздармын.
Андас айтты:
- Тірлікте көріп жүрміз талай егес, Ойыңа орныққандай қалай елес? Мылтықпен жайратайық мақұлықты, Қанжармен қарсы бару оңай емес.
Ерден айтты:
- Мылтықпен мəстектер де жайратады, Артынан ойлау керек айла тағы,
Аюды атқаныңды аудан білсе, Арызбен абақтыға айдатады.
Шамалы жатқанымыз тауып күреп, Сондықтан атып алу қауіптірек.
Қасқайып хас батырдай кегімді алсам Мына жұрт айта қоймас жанықты деп.
Көжектей кібіртіктер жөнім бар ма, Толды ғой армансыз-ақ көңіл зарға. Болды енді, айтқанымнан қайтпақ емен Қандыкөз көкіректе кегім барда.
Бұл Ерден бала кезден бірбеткей-тін, Достары сол үшін де құрметтейтін.
Ер жігіт екі сөйлеп өлсе күнде,
Не керек жерді басып жүрмек дейтін.
Дос ойын қолдамасаң теріс болар, Кек қалса көкіректе беріш болар. Кірекей қысқы ұйқыға бас қойғанша, Бұл істі бітірмекке келісті олар.
- Арлан көк пен кірекей
Бауынан бөдене ұшар секең еткен,
Сырлы өңір
көркі сұлу текеметтен. Тасарық,
Қасқасу мен Кеңесарық,
Арнасын Сайрамсудың мекен еткен.
Шығысқа қол созады Қарабастау,
Арғы жақ Сайрам шыңы – жалаңаш тау. Сірескен қасқа шыңдар,
ақ бас таулар,
Ойымды бұлдырықтай ала қашты-ау.
Диханкөл, Керегетас арасында, Үйір көк үрікпейді, нанасың ба?
Құдайдың қай құлына орын жетпес, Қазақтың кең сахара даласында.
Күн суып,
сары сақал күз келгелі,
Қораға мал қайтқан шақ күздеудегі. Арлан көк
Азартеке беттен қайтқан, Аранға талмау азық іздеулі еді.
Жортудан бір танбаған, таң асыра,
Ілікті Сайрамсудың сағасына.
Тұра қап
тұмсық керіп, иіс тартып, Бүкеңдеп жөнеледі тағы асыға.
Желеді көп сүрлеуді танып анық, Азуын қайратына жанып алып.
Қояды арасында дүр сілкініп,
басына шетқурайдың сарып алып.
Күн шықты. Шық жылады, қыр қуанып,
Жыраның күнгей бетін жүрді бағып.
Түстіктен
таутекенің иісі жетті,
Жөнелді сынаптайын сырғып ағып.
Шынында
қасқыр түйсік қапы қалмай, Шыққанда бір тұмсықтан атылардай.
Аңшының мүлт оғынан қансыраған, Құлжа екен жатқан қайрат шақыра алмай.
Шалт қимыл,
Қылыш азу ала қашты,
Деген сол
ажал жетті, қара басты.
Құлжаның қорылдатып қанын ішіп,
Қан мен жын,
қапаш-құпаш араласты.
Ыстық қан, жұпар иіс
бу шылқыған,
Қомағай көңілінен қусын күмəн. Қызыққа енді бата берген кезде,
Өктемдеу дауыс келді ту сыртынан.
Тұмсықты жұмсақ еттен алмастай боп, Ырылдап,
ызбар шашып жармасты-ай кеп.
Кірекей желке тұстан келіп тұрған,
Тап берді
түк сыбаға қалмастай боп.
Тəбеті тікбеттеніп тартып ылаң, Болса да ашуының арты қылаң.
Бой салып қаша-тұғын Арлан көк пе, Бас салды қара аюдың алқымынан.
Қорбаңдап қара күшке аю басты, Қарысқан жағы арланның айырылмас-ты. Қос тағы ұмар-жұмар жұлқысқанда, Қарадай қасқа шыңнан айбын қашты.
Маңайдың шөбі жатыр жапырылып, Арлан көк ауа қапты атырылып.
Дəудікі дəулік екен дүниеде,
Амалсыз шетке шықты «батыр» ұғып.
Жалғыздық жүрегіне қаяу сұғып, Ақсаңдап қан жалады баяу шығып, Болмайды жыртқыштарда көңілшектік Болмайды жыртқыштарда аяушылық.
Майданда жұлмаланған түгі қалды, Əйтеуір қара басы тірі қалды.
Құныққан кірекейге жауша қарап, Арлан көк ызбар шашып ыңыранды.
- Ерденнің түсі. Аян
Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Отырарда отыз баб,
Ең үлкені Арыстан баб. Маңғыстауда пір Бекет, Яссыда Құл Қожа Ахмет, Ғайып – Ерен Қырық Шілтен, Шілтер ата бер медет!
Ерденнің кəлимасы тіл ұшында, Тағдыры тұрғандай ма қыл ұшында, Аққудың сыңарындай жалғыз қалған, Қу өмір қайғы сорған құрысын да.
Жалғыздың көкіректе көп күмəні, Жетімек қызы қалды, көк құрағы, Жастыққа басы тисе көз алдына, Жан жары кебін киген кеп тұрады.
Бүгін де аяулы жар түсіне енді, Қасына ертіп шейіт кісілерді. Сөйлесе қас пен көздің арасында, Тіліне Ерден ғана түсінер-ді.
- Сен едің тағдырымның сыйы, бағы, Сағыныш сағым қанат сұйылады.
Қорымға көкең сені шақырып тұр, Жүр, ертіп барайын деп, қиылады.
Тұрғызды төсегінен кебін беріп, Жетелеп жөнелді əне көңілденіп. Жарымен қол ұстасып жүгірді Ерден, Кеткендей ғажап дүние, өмірге еніп.
Маңайы мың шейіттей толып жатқан, Түре алмай түн етегін қорынды ақ таң. Он бес жыл бұрын өлген қайсар əке, Қол бұлғап бой көрсетті қорым жақтан.
Бабасы кекшіл еді қайтымы кем, Бөрі боп ұлығандай сай түбінен.
Қапысыз қалғып жатқан қалың қорым, Жамырап қоя берді Ай тілімен:
- Жан балам! Киең бөрі!
Киең бөрі!
Емізген қанды емшегін Иең бөрі! Иеңнің саған берер бір сыйы бар, Қорымға қонақ болмай қайтқын кері.
Сол сəтте əйелі де бұған қарап, Сөйледі:
- Киең бөрі, ұрандамақ. Қайта ғой,
көрер күнің бітпегесін,
Жүрмесін адастырып тұманды алап.
Айқассаң арлан бөрі дем береді, Болғанда ол да бөрі, сен де бөрі.
Киеңе тағзым ет те, тасаттық бер, Бөрілер жанкештіні жөн көреді.
Оянды. Еңсені езді сан қасірет, Тұр екен тау тұмсығын таңға тіреп. Десе де қорым несі, бөрім несі, Түн еді аян келген алғаш рет.
- Алаңқайдағы айқас. Сатқындық
Қараша.
Қар да түсті қылаулаған,
Аспанның
үні семді тыраулаған.
Қырқадан қонақ түсіп келе жатты,
Ақ кірпік
ақсақалдан түрі аумаған.
Аймаққа асығыстау қыс келеді,
Таңдардан
байқалады сұс, дерегі.
Өгемнің құбыла жақ қапталында,
Қазығұрт
кəрі абыздай түс көреді.
Арасы Талас, Өгем, Қазығұрттың,
Мекені бөрі тұмар бағзы жұрттың, Пайғамбар Заратуштра таңбасы бар дегенді
Авестадан танып ұқтым.
«Басында Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса ол əулие неге қалған».
Ақбастау, Текесу мен Əңгір ата,
Бастайтын биіктерге сөре болған.
Маңайы мың əулие, бекер демен,
Алла рас,
ақиқатқа жетем деген,
Киелі Ғайып – Ерен қырық Шілтен, Əулие Шілтер Ата мекендеген.
Тəңірім төрт құбыла қойған ойлап, Аспанға Шаңырақтас болған айбат. Ақ бура, Көз Ата мен Мейрам Ана, Бергендей дертке шипа, бойға қайрат.
Кенде емес Ерден тəуап, тəрбиеден, Қаридай медет тілер жар, киеден.
Құрбандық , құран беттеп, зиярат қып, Қайтқаны кеше Қазығұрт əмбиеден.
Ақсуға ақшамда Андас, Қанай келді, Қамданған хас батырға балайды ерді. Ажалға қарсы бармақ қандыбалақ, Қасында түнемекті қолай көрді.
Қос қанжар су жүзіндей лыпылдайды, Көңілден қашатындай мұқым қайғы.
Қыжылдап
көкіректе қанды кек тұр,
Қандай жау кезіксе де құтылмайды.
Əлетте Ерден айтты:
- Қам қылайық.
Бұл іске көріп тұрмын таңды лайық.
Аюды апанынан суырсақ та, Айызын қан жүректің қандырайық.
Андас, сен дүрбікөзді Қанайға бер,
Ол менен қашық тұрмас, жанай көрер. Ал өзің дабыл қағып, аюды үркіт, Алаңқай еңістегі маңайға əкел.
Қанай дос, қаруыңды сайлап ұста, Күтерсің тұмсықты бір айналыста. Зауқайым аю басып бара жатса, Дəлдеп бас шүріппені, жай қалыспа.
Таң атты.
Қар жауып тұр көріскендей, Қараша қалтыратар өріс бермей.
Үш жігіт « Я, Алла!» деп жолға түсіп, Жөнелді үш соқпақпен келіскендей.
Тау іші.
Қалың жыныс жүріс бермес, Жартастың жылуы жоқ бүріскенге еш, Айтулы алаңқайға Ерден жетті, Қанжарын қыннан алып қылыш теңдес.
Маңайын кəнігі көз түріп көрді, Тағатсыз тосты жаушы жігіттерді. Тықыршып, сəт санаған қорықшының, Ойына сан алуан күдік келді.
Əлден соң Қанай жетті сылтып басып, Иыққа тастай салған мылтықты асып:
- Аюдың ізі жатыр, өзі ғайып,
қандыкөз кеткендей ме үркіп, қашып.
Ағады асау Ақсу бір қапталдай, Жырдағы буырқанған ырғақтардай. Ақ ұлпа аршалардың арасынан,
Сауысқан шықылдайды бір гəп бардай.
Бірауық шолып қайтып маңайды өрден, Дем басып,
дауыс қатты Қанайға Ерден,
–Төбеден сыздықтаған түтін созды, Андастың белгісі бұл,
талай көргем.
Ұран от – жау көргеннің дүрбелеңі, Аюдың келе жатқан бұл дерегі.
Дайындал.
Көре сала мылтық атып, Бүлдіріп алма батыр бірдеңені.
Қалшиып,
Қарағай бет тұсын бағып,
Қанжардың сабын қысып құшырланып. Еліріп, жыны қайнап тұрған Ерден, Туғанын шешуші сəт түсінді анық.
Еткендей ерен күшті сезім ерді
Кек қумай кімдер жаннан безінер-ді. Көп өтпей қалың жыныс арасынан, Аюды шыға келген көзі көрді.
Қашан да жетелемек намыс өрге, Аңда да үрей бары таныс ерге.
Қос қанжар екі қолға мығым ұстап, Тік тұрып қарсы жүрді қанішерге.
Аю да мұны көріп іркілмеді, Жайратып, жарып жесем шіркін деді.
Ерденнің көз алдына келді жары, Көмейде ашу-ыза бүлкілдеді.
Ер еді Ерден діні нағыз берік, Қанды кек, жан тəсілім парыз көріп, Қалғанда таяқ тастам тұра ұмтылды, Ұрымдық гладиатор тəрізденіп.
Нəр татпай жарған сəттен таң қауызын, Аш аю ашулы екен жалмауызың, Адамның ажал бетті сұрын көріп Білекке салды бірден қанды ауызын.
Бұл аю адам жеген, жұтқан тайлақ, Жыртқыш қой, қаперде жоқ жұрттан таймақ. Қанжарға ілінбеудің амалын қып,
Қарысты бой көтермей, бұқпантайлап.
Дарымай, ұрған қанжар өкініп тек. Жатқандай тау жаңғырып, өкіріп көк, Алапат дауыл сынды азулы аю, Ерденді басты астына екі бүктеп.
Десек те сыр алдырмау жігітке сын, Жан шошып, қалай санаң үрікпесін. Зұлматты көзбен көріп сасқан Қанай, Мылтықтың басып қалды шүріппесін.
Екпіндеп екіндіге күн келеді, Қоспасыз хикаяның шын дерегі. Қойғандай ұңғысынан буып байлап, Қосауыз ескі мылтық үндемеді.
Шыққан соң шіркін тағдыр шыны бетке, Не дерсің қырсық қылса құдіретке.
Дым қауып жауған қардан омалғанда, Мылтықтың өшкен екен үні көпке.
Қанайдың қалған сонда құр сүлдері, Қан кешу. Көрген жүрек дүрсілдеді.
«Ерденнің күні бітті, аю жарды,
Жан барда біз зытайық, құрысын!» деді.
Азғырды Андасты да қарсы келген,
- Кеттік! – деп,– аю жеді, қалсын Ерден. Қалармыз бəлесіне ағайынның,
Ала алмай басымызды аршып елден.
Ей, Андас, неге сонша мəңгіргенсің, Ішіңде болсын демің, жан білмесін, Ерденді есіне алған біреу болса, Кездейсоқ жұтқан екен тағдыр десін.
Достықтың қарау тартар таңдары аппақ, Сатқаны сенгеніңнің жанға батпақ.
Айқастың алаңдағы артын бақпай, Екі дос тайып тұрды қалбалақтап.
Сертінен тайған, тайған талай «батыр»,
Санаға түскен салмақ самайда тұр.
Жан досын жауға берген сатқындықтың, Ізіне куə болып маңай жатыр.
Жалт берді,
Əй, өмір-ай, үрей ме едің, Ит ажал,
Қарсы тұрар дүлейге кім?
Тəшкенде бес сатқынды бауыздаған, Дүр екен қарақшыда Сүлейменің.
Сатқындық!
О, сатқындық, жүзі қара! Көзіңде көрдемшенің ізі бар,ə. Ақиық асылдардың наласынан Арқасы сұм өмірдің қызына ма?
Тірліктің зар қақтырар заңы бұл іс, Ей, өмір!
Дегеніңе тағы кіріс.
Қадымнан ер тағдырын шешіп келген, Сатқындар адам бетті, жаны ібіліс.
Жендеттер жəутіктерді жалдап алып, Жатқанда сұңқар сорлап, нар қамалып. Сатқындық көштен қалмай ілесіпті, Тарихтың парақтарын қанға малып.
Қарғыстан қажыса да қиын заман, Сатқындық көзіне құм құйылмаған. Бұқара бір жақсылық көріп пе еді, Исаны ұстап берген Иудадан.
Сатқындық қаруындай ұлықтардың, Болар ма нəпсіні адам құрықтар күн. Мақсаты адамдықтан алыс тұрды, Цезарьға қанжар салған Бруттардың.
Тарихтың тесіп өткен жадын оқтай, Сан ғасыр артта қалды зады боқтай, Сатқындық жүреді екен дəл қасыңда, Грозныйға у берген Годуновтай.
Деректі тізе берсең тағы, тағы, Түймесін кəрі тарих ағытады. Темуджин қан шығармай жазалады, Сатудай сатқан досы Жамұқаны.
Сатқындар көңіл қыбын тапты əманда, Дайынсып ер сенімін ақтағанға.
Шыңғысхан Отырарды алар ма еді, Қараша Қайырханды сатпағанда.
Аяусыз семді қанша асыл арман, Ақиқат, қынға тығып жасыра алман. Қызыл күн, құм Нарынды күңірентіп, Сатқындық Махамбеттің басын алған.
Жабылып жарқанаттай жалбақ кісің, Халқымның қырандарын жалмапты шын. Шен-шекпен Сталиннен алды ма екен, Сатқандар алашымның ардақтысын.
Ызғарлы Желтоқсанның желі неткен, Сатқындық бар қаһарын төгіп өткен, Шындықтың шырқыраған жетеді үні, Боралдай бейіттері төңіректен.
Сол кез ғой мұзды құшқан қыз білегі, Сатқындық, құлпырғандай күзгі реңі, Қиырдан қаңғып келген Колбин қыртқа, Қырық жыл күтіп жүрдік Сізді деді.
Мінекей шындығыңның бет-бейнесі, Ауылға ақиқаттың жеткей көші.
Тəуелсіз күнге жеттік деп жүргенде, Оны да біреу сатып кетпей ме осы?
Асылын байлап берген қысылғанда, Сатқындық талай салмақ түсірді арға. Ей, Елім, сатқан жəне сата бермек, Жүректе қайраты жоқ кісің барда.
- Арлан көк пен Ерден. Кие сыйы
Қар жауар қарашада жапалақтап, Қонады ақ көбелек қапалақтап. Қалғиды қасқыр жортқан қара жондар, Қойғандай ақ шəліден мата қаптап.
Аппақ қыр адайдың ақ түйесіндей, Аруана дүниеге кие сіңгей.
Арлан көк келе жатыр сонар кешіп, Жалғанның жалпақ табан иесіндей.
Апайтөс, қара күшке мығым бөрі, Кең кеуде, тарамыстай сіңірлері. Келеді ажал болып күжірейіп, Кездескен жаудың қанын сіміргелі.
Еркектің сойы, нағыз батыр нұсқа, Қашан да дайын зəузат, заты ұрысқа. Арлан көк алаңдағы жанталастың, Үстінен шыға келді қапылыста.
Жекпе-жек.
Жан берісіп, жан алысқан, Адамды езіп жатыр қара мыстан. Құлжа үшін кірекейде кегі кеткен, Арлан көк ағызып кеп араласқан.
Көз жанып, кек тіреліп алқымына, Ашудың өзек беріп толқынына.
Жер тырнап, өңмеңдеген өш екпінмен. Азуды салды аюдың қолтығына.
Дал-дал ғып жыртқанда аю балақты анық, Ерден де жатқан жоқ-ты қарап қалып,
Үлгерді жау арланға бұрылғанда, Қанжарды жүрегіне қадап салып.
Өкіртіп кекті жауды бұл құлатты Арлан көк шапқа түсіп жұлқып тартты. Шалқалап құлай берген кірекейдің, Аспанға қарын буын бұрқыратты.
Ақсудың үн өкіріп аспанында, Кірекей қанға бөкті қас қағымда.
Арланның шалт қимылын көрген Ерден Орнынан ыршып кетті сасқанында.
Ұқпастай жеңгені, не жеңілгені. Аян тек қызыл қанға көмілгені. Аянды түсте көрген есіне алып,
«Киемнің сыйы екен ғой – өмір» деді.
Жарық күн қас пен көздің арасында, Жылт етіп өтті сол ой санасында.
Серттескен жан қимаққа екі досы, Бұл кезде батырған-ды қарасын да.
Құмығып айғайлады:
- Қан-а-ай! Анда-а-ас!
Жаңғырып үн қатқандай маңай алғаш. Ажалға қиып кеткен опасызды, Мұнан соң адал досқа санай алмас.
Мың қатпар иірім ғой адам жаны, Достарын шақырғанмен таба алмады. Ерден мен Арлан көктің аю жыққан, Түйісіп қалды бір сəт жанарлары.
Түбінде жасыл көздің сыр жатқандай, Тəңірі талғап берген жұмбақ бардай,
Ерденнің ыңырсыған түрін көріп, Арлан көк ызбарланып тіл қатқандай:
«Ей, Ерден, пір тұтқандай киең менмін, Ұлысам Айға ғана сүйенгенмін.
Ғұмырын ұзанымның ұзарта алмай, Адамның айласынан жиі өлгенмін.
Қарамай киесінің қарғысына, Кещелер көшеді айла-шарғысына. Тəңірдің еркін жүрген тағысы едік, Жалғаннан өтер болдық жан қысыла.
Өмірдің биігіне шыққандағы, Адамның жауыздық па түпкі арманы? Айлаңкес аң біткенді баудай қырып, Аранға талмау болар түк қалмады.
Қашаннан киең болған көк бөрің ем, Киеңді ұмыттыңдар шеттеріңнен, Қасқырға қиямет күн таяу қалды, Көретін қызыл кітап беттерінен.
Тектілік – Тəңір сыйы бұл қанымда, Бас исін сұлтаның да, құлтаның да. Тегі мен киесінен көз жазған соң, Қалады не қасиет ұрпағыңда?».
- Эпилог орнына
Аңсары жұпарға ауып жыл көшеді, Аңызға айналыпты күн кешегі.
Қорықшы кие қолдап аман қалған, Ақсуда ақсақал боп жүр деседі.
Естіген əңгіме еді бала күнгі, Жүргенде Айға тігіп жанарымды. Аңыздың астарында жатқан сырды, Аңғарған ақжүрек жан алар үлгі.
Жұпарын сезетіндей Иесінің, Аспанның Ай деп қаққан жиі есігін. Шегінде көне аңыз бен жаңа аңыздың, Көк бөрі ұқтырмас па кие сырын?.
Заманның асқынуда көп күмəні, Мың кеще киесіне соқтығады. Санамда серек мұңы жаңғырғанда, Менің де ұлып кеткім кеп тұрады.
А-у-у-у-у-у-у-у! Ей, адам!
Жерді де алдың, аспанды алдың,
Кебінін кимеген боп аш қалғанның. Жыртқыштан ашкөз нəпсің асып түсіп, Тойымсыз тірлігіңде басталған мұң.
Көмейге күрей берсең тасаланып, Киіктей қасиетің қашады анық.
Дейсің-ау, тартылды өзен, қашты теңіз, Қолыңнан қияметті жасап алып,
Күлбілте күндеріңнің сұсты реңі, Көк түтін Ебідейін күшті лебі, Құрсағын дерт жайлаған қалаң түгіл, Ыс қапқан кəрі таулар түшкіреді.
Кəусары қуат берген құралайға, Кешегі талғап ішер тұма қайда?
Ұшқан құс, жүгірген аң безіп кетсе, Обалын Тəңірі ертең сұрамай ма?
Ортаға сала бермей ойранды мың, Болар ма боқ тірлікке тойған күнің? Киесін ұмытқанның күні ғайып, Ей, адам, ертеңіңді ойлан бүгін!
Жүрмесін зауал салып көпке бейнет, Киесіз қырқаларда көктемейді от.
Тілеймін таупықты сəт Тəңіріден, Түбінде Киең тастап кетпегей деп.
ҚОРҚЫТ-ҒҰМЫР
Шүйліксе жемтігіне бала қыран, Бүркіттің жел сорғалар балағынан… Қазақта: «Қорқыт Ата – Қыл Қобыздың Атасы» саналады баяғыдан.
(Сондай-ақ, Қорқыт Ата – бар Түріктің Абызы, терең ойлы қарты мықтым.
Алтайдан – Атырауға еркін қонған Қобыздың сиқырлы үнін, халқым, ұқтың).
Қобызын Қорқыт Ата қолға алғанда, Зар Заман күйін тартып толғанғанда, Дөңбекшіп, күңіренген Ұлы Мұхит Таулар да, бетпақ дала, ормандар да…
Есімін Ұлы Абыздың жырақ білген, Əр күйден байқалатын қуат бірден. Ұлы Алтай, Ұлытау мен Сары Арқа да Күйіне Қорқыт Ата құлақ түрген.
Ұлы ойлар тұлғасына өң беретін, Адам жоқ бұл Жаһанда тең келетін! Байкал да, Балқаш, Арал, Алакөл де Күйіне Қорқыт Ата тербелетін.
Кавказдың таулары да биік болар, Көктен Күн перзентіне күліп қарар… Жуасып, Хазар-Каспий толқындары Бір сəтке Ұлы Күйге ұйып қалар.
Күй үні шар тарапқа жетер еді, Алысқа кемел ойлар жетеледі. Қара Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдəрия Жəне де Жетісудың жеті өзені.
Таусылмас ұлы күйден нəр алады, Содан соң…. Шөл далаға таралады. Ал, енді Қорқыт Ата оңашада Булығып қалың ойға қамалады…
«…Тұранның – жері де бай, елі де бай», Бұл сұрақ ойлантпасын мені қалай?
Келген соң Адам біткен неге өледі, Пендесін жаратыпты неге бұлай? Тірлікте қандай мəн бар Өмір үшін, Тəңірдің түзу ме өзі көңілі шын?
Бұл Адам – мына жарық Дүниеге Келе ме, жалғыз ғана өлу үшін?
Немене? Кім айтады «Өмір» деген? Немене? Кім айтады «Өлім!» деген? Ойлаймын, тек осыны Түсімде мен, Ойлаймын, тек осыны өңімде мен!
Өмірдің кім айтады – мəні неде? Тірліктің біз тататын Дəні неде? Бəрі бір ертелі-кеш бұл Адамның Барады Жер қойнына тəні неге?
Сан алуан бұл Жалғанда аңыз да бар, Бүгінгі, кейінгілер ауызға алар.
Ақыры жасап-жасап өлер болсаң, Тірлікте сонда қандай маңыз болар?..
Бұл Адам неге күліп, қуанады? Бұл Адам неге қорқып, қуарады?..
О баста бұл Адамды кім жаратты, Одан соң ол Пендені кім алады?
Неге адам байтақ жерді тарсынады? Кеудеден неге бір күн Жан шығады? Жазылған Пешенеге – аз ба, көп пе, Тағдырдың дəмі бір күн таусылады…
Соншалық мына Жалған тəтті неге? Күн шығып, одан кейін батты неге?
«Жаман!» деп – Жақсыларды бет бақтырмай,
«Қара!» деп – қисаямыз «Ақты» неге?
Бір-бірін адамдардың көбі алдайды, Біле ме, сорлы Пенде нені аңдайды? Өмірге барлық Адам қонақ болса, Неліктен бірін-бірі көре алмайды?
Неліктен Жақсы да бар, Жаман да бар? Неліктен Адал да бар, Арам да бар?
Жауыздық, Жақсылықтың алуан түрі Неліктен Хайуанда емес, Адамда бар? Неліктен Адам сонша атаққұмар?
Неліктен пəле іздегіш, шатаққұмар? Қара Жер – болса түбі барар жері Неліктен өзгеге тор матап құрар?
Адамда – саналы бар, санасыз бар, Ішінде – балалы бар, баласыз бар… Бетіңе жылмиғанмен, былай бөлек, Неліктен өтірікке нанасыздар?
Адамзат көші ілесер Заманға өзі, Қалайша жол береді наданға өзі? Байлыққа белшесінен батса-дағы, Неліктен тоймайды екен Адам көзі?
«Таз» демес, білетіндер тазды бекер, Болады білмейтіндей жазды да өтер… Басында – Алтын сарай, Мол қазына Болса да ол Пендеге аздық етер.
Қойғандай мына қалың елден қалып, Тіріліп келетіндей Көрден де анық, Алтыны – тау-тау болып үйілсе де, Ол неге «Алсам!» дейді өңмең қағып?
Адамда болмай ма өзі Нысап деген, Ойнайды жүзі өткір пышақпенен… Жақсылық атаулыны – Жақсыларға Өлшеуге бола ма екен құшақпенен?
Жас Дəурен өтіп кетсе, қайрылған ба? Мəңгілік құс жүзбейді айдындарда.
Өмірдің қысқа екенін біле тұрып,
Хан біткен алтын Тахтан айрылған ба?..
Топас та, бұл Өмірден, Дана да өтер, Сондай-ақ, Хандар да өтер, Қара да өтер. Биліктің тізгініне қолы жеткен – Неліктен тастай қатып қалады екен?
Болмай ма барлық Жанды теңгеруге? Ой жоқ па, соны сезер Елде мүлде? Бір адам жиған-терген мал, байлығын Өзімен əкеткен бе Көрге бірге!?
Біреуден біреу озып, бұрын келер, Ақиқат – Ханың да өлер, Құлың да өлер. Бұл Адам қаншама көп жасаса да, Мəңгілік ештеңе жоқ – түбінде өлер.
Сондықтан бұл Өмірдің маңызы не? Тағдырдың – Пешенеге Жазуы не? Соншама арпалысып Өмір сүрер Адамның Тəңіріге жазығы не?
Көктеудің қажеті не – семер болсаң? Жанудың қажеті не – сөнер болсаң? Бар Үміт, бар Қуаныш, барлық Арман, Не керек – ақырында Өлер болсаң?
Мен бармын... Өмір дей ме – мұның атын? Жарық бар, жылуы бар жылынатын.
Бұл Өмір – мына жарық Дүние ме, Сəулесі алуан түрлі құбылатын?
Бұл жарық – аз ғана күн тірек болды, Кенеттен… дір-дір етіп, Жүрек тоңды… Бір күні Жарық өшті, Жылу кетті, Дүние – тас қараңғы Түнек болды.
Сезім жоқ – «Жерім!» деген, «Елім!» деген, Ораған аппақ қудай Кебін көрем… Айрылдың ақыл-естен, Тіршіліктен
Осы ма – соңғы Нүкте Өлім деген?
Сері де, батыр-бағлан, əңгүдік те, Барлық та, сырбаздық та, сəнділік те, Суық Көр – суық Тəнді жатсынбастан Ала ма құшағына Мəңгілікке?..
Біткен соң ыстық қан мен денедегі от, Бір сəуле, ең соңғы рет себелеп өт!.. Болғанда Өмір – қысқа, Өлім – мəңгі, Адамға ондай Тірлік неге керек?..»
… Қиыны-ай, расында мына қалдың… Өмірге шыныменен ұнаған кім?
Қалың Ой, Қалың Сұрақ – қара ормандай Санасын сарсытады Ұлы Адамның!
Ауыр ой қайдан келді қартқа бұлай? Тағдырдың ауыр жүкті артқанын-ай? Қайтадан қолына алып Қыл Қобызын, Зарлатып Қорқыт Ата тартқанын-ай!
Түскендей төңірекке іңір енді, Алыстан қара түнек білінер-ді. Дауылы қайта тұрды Сары Арқаның, Сарыны Қара Ертістің күңіренді!
«Өмірдің жалғасы бар! Жалғасы бар!!!» Дегендей тұлпар біткен алға асығар.
Хазарда ақ жал толқын көкке шапшып, Аралдың су тасыды арнасынан.
Төңірек жарқыраған Күнді ұмытқан, Айыру қиын қазір Түнді Бұлттан… Сылаңдап сырға толы Сырдəрия
Сыр тартып, тұншығады тұңғиықтан.
Алтайдың қар жамылған тауын көрем, Шаң басқан киіз үйлі ауыл көрем… Тұранның шетсіз-шексіз кең даласы Жатқандай арпалысып дауылменен!
Бұл елдің арты таныс, алды бөтен, Бораннан жолын тауып алды ма екен? Қара айғыр кісінейді күлдір-күлдір, Адасып үйірінен қалды ма екен?
Бір шеттен қара қорым моладағы Өлгендер жатқаны еске оралады…
Үреді өршелене қара төбет, Төнді ме малға қауіп қорадағы?
Бір Барыс Таутекеге атырылған, Шеше отыр үміт күтіп батыр ұлдан… Балқаш пен Алакөлдің қамыстары Дауылдан қатты соққан жапырылған!
Дұшпандар бірін-бірі табалауда, Кеткен қыз оралмады мана бауға… Балығы Ақжайықтың – ақ қайың боп, Быжынап шоршып жатты жағалауда.
Жорыққа шыққан Ханның Ұландары, Алтайдың шүйлігеді қырандары… Жарысып қатты желмен темір тұяқ Жортады Ұлы Дала құландары!
Жақсыны өлтіруге – Сұм келеді, Сұлу қыз сылаңдайды – сым денелі. Желпілдеп киіз үйдің түндіктері, Сықырлап, керегелер сыр береді…
Аумайды мына Тірлік – Қияметтен, Сынады бытыр-бытыр мия кепкен… Өрттейін қалың жылқы қауға тиген Шабады жапырыла қия беттен!
…Жоламай қалың қолдың маңына адам, Сарайлар – иен қалды қаңыраған… Дүние алай-түлей болып кетті,
Күйінен Қорқыт Ата аңыраған.
Кенеттен, жарқыраған Күн шыққандай! Бүрлеген ағаштарда бүршік қалмай,
Қобызы – Қорқыт Ата құмығыңқы, Ішегі үнсіз қалды тұншыққандай!
Ол білді – Өмір Жырын толғағанын, Бұл күйге үйіп-төккен бойда барын. Етегін шапанының қағып, сілкіп, Ұлы Ата тұрды орнынан ойда қалың.
…Сағынып есіне алды Ормандарын, Жеңгенін талай рет толған жауын.
Жорығын есіне алды Мөде Ханның Қиратқан көне қытай қорғандарын…
Өмірдің көбі кетіп, несі қалды? Өткенде – Замананың көші қалды… Атилла – Еділ патша Батыс елін Жеңгенін қалай, қалай, есіне алды.
Қалың ой неге кенет солықтады? Тірлікте кімдер оған жолықпады?.. Күлтегін, Білге Қаған, Иолығ Тегін, Есінде кешегі Ұлы Жорықтары.
«…Несі көп, жетпеген мен жеткенімнен, Бұл Өмір қысқа ма өзі көп көрінген?
Көк Түрік Қағанаты аты шыққан, Олар да кезегімен өтті өмірден…
…Жақсының – қалмаса екен «жаман» аты, Бұйырмас құныққанға арам ақы!
Дүрілдеп тұрған еді-ау бір кездері Түріктің – Батыс, Шығыс Қағанаты!
Бақыт қой – таза болса Адам Ары! Қозғайды Заманалар – Замананы!
Түріктің асыл Текті Ұрпақтары Жалғассын үзілместен аралары!
Ұлтымның жанған талай шырқап бағы, Уақыттың емделеді сырқаттары.
Қашан да Ұрпағымен – Адам ұлы, Халқымның өсіп, өнсін Ұрпақтары!
Жолдардан өтеді ғой Адам нелер, Өткеннен олар мүмкін алар да өнер. Кім білер – Дəуірлерден Дəуір өтіп, Бізді де еске алатын Заман келер…
Мəңгілік Тəңіріден – Аспаным Көк! Өмірден шалыс аяқ басқаным көп… Біреулер – ел ішінде айтатындай, Өлімнен қорқып əсте қашқаным жоқ!
Соңынан қуғамын жоқ зады елестің, Адаммын! Түзде жортқан тағы емеспін! Жердегі мына барлық Пенделерге
Тəн болар қасиеттен ада емеспін.
Күйімнің жібергем жоқ текке бірін, Түскені рас кейде – көпке күнім.
Өмір мен Өлім атты – екі сөздің Жауабын іздеуменен өтті Өмірім!
Жауабын мен олардың таба алмадым, Ұялап талай рет жанарға мұң… Осыған арнары анық түптің түбі – Адамзат арқалаған бар Арманын.
Шетінде тұрмын екі жағалаудың,
«Қорықты!» деп, қажеті жоқ табалаудың.
Өмір мен Өлім атты қос сұраққа Білмеймін, дұрыс жауап таба алар кім?
Тіршілік – көздің екі шырағы ғой, Ыстық қан – Тіршіліктің шуағы ғой! Бұл өзі – Мəңгіліктің мəңгі бақи Қойылар Адамзатқа Сұрағы ғой!..»
Тұранның есіне алды Ол – өткен күнін, Жеңіске талай рет жеткен күнін!
Сияқты кілтін тапқан осы жолы Қалың ой мазалаған көптен бүгін…
…Біреулер – біреуге көр қазып жатыр, Тарих – Шежіресін жазып жатыр.
Сылаңдап Сырдəрия баяғыдай,
Үн-түнсіз іштен тынып ағып жатыр…
ЖАҢҒЫРЫҚ
Тыныштық құшағында ауылым-ұям, Жайнайды сан түске еніп таулы қиям. Жаздыкүн. Тамылжыған тамыз айы, Жазықтың таңдайына сəуле ұйыған.
Қырлардың басын желпіп шұғылалы əн, Аумайды обалары құмырадан.
Көктегі Қызыл Күннің тұғырындай Көрінер Қызылшоқы құбыладан.
Тыныстап дөкей жартас тана танау, Демінен ақ бұлт үркіп баратады-ау. Базарын қойынына тығып жатқан Назалы Машан – мынау, Таңат – анау.
Жайылған жасыл көгал кілем бе еді?! Жарасар тойған дөңнің шіренгені.
Маңдайын неше қатпар əжім басып, Созылған Шыңғыстаудың сілемдері.
Шатқалда қалың терек шуақ күткен, Қайыңдар айналаға құлақ тіккен.
Қайнардан қайнап шығып шапқылайды, Сайрандап, сай қуалап бұлақ біткен.
Маңайға қарасаң-ақ құмар қанды, Самал жел тербетеді сыңар таңды. Сол талды қалқасына паналатып, Көз тастап төңірекке тұр Арқарлы.
Аршалы əсемдігін əн ғып төккен, Қалдым-ау Сандықтасты сандық деп Кей таулар айнымаған динозавр Бірнеше ғасыр бұрын қалғып кеткен.
Жібітсе мыңсайрамдар бал таңдайын, Құлағын түре түсер қартаң қайың.
Асылып бел-белеске жолдар жатыр, Шашылып, жиналмайтын арқандайын.
Судағы серуенге ойы кетіп,
Күн жүзді толқындарды қайық етіп. Мөлдіреп арнасында ағады өзен, Ақтастың ақ бақайын шайып өтіп.
Даланың қызыл гүлге қырқасы бай, Қалмайды бұл өлкеде нұр тасымай! Жарасты, жамалы ашық табиғаттың Бұзылмай түрса, шіркін, шырқы осылай.
Табиғат шырқы осылай бұзылмаса, Аралар ызындасын ызыңдаса.
Гүл-қыздар жапырақ-шəлі көлегейлеп, Ұялар Күн-жігіттен жүзін баса.
Ақ нұрын тұрса да Күн шаша, күліп, Арқарлар əлденеден қашады ығып. Жəудіреп жанарлары, тығылады
Топ киік топ шеңгелге ошарылып.
Қара бұлт тамып өтсе сіркіретіп, Көдеден шіл үркеді пыр-пыр етіп. Асығыс алаңқайда жайылады Суырдың ін қасында сұрқы кетіп.
Кептерлер сəні дерсің жар үстінің, Қояндар паналайды қамыс түбін. Шарқ ұрып серік іздеп жалғыз қыран,
«Шаңқ!» етіп шығарады алысқа үнін.
Гүл болып дөңестердің жанса бағы, Аралар сол гүлдерден бал сорады. Сіміріп көк жусанның кермек иісін, Мас болған бозторғайлар əн салады.
Дүниенің қызғанғандай қыз қылығын, Осынау тылсым шақты бұзды бір үн. Баяғы өзен ағып арнасымен,
Төгеді баяғы күн ізгі нұрын.
* * *
Қара жол. Бұл жолмен сан жүрген де еді, Даланың артта қалып қыр белдері.
Асығып əлдеқайда келеді екеу, Екі аяқ мотоцикл мінгендері.
Бет төсеп, қарсы жүзіп желге майда, Асығып келеді екеу əлдеқайда.
Біресе қырға шығып мотоцикл, Біресе құлдилайды өрден ойға.
Құшағын құлан жазық кең ашты да, Жолсызбен зымырады дөң асты да, Көк жусан жер бауырлап жата қалып, Бетеге тығылады бел астына.
Шал-көде шоқша сақал күңкілдеді:
«Тыныштық бар ма бізге бұл күндері!» Үрейдің үдей түскен екпінінен
Үркеді ақ селеудің үлпілдегі.
Дəуқара бұлт көзінен тамшылайды əн, Инесін итошаған қарсы қойған.
Қараған тікен-мүрты тікірейіп, Тобылғы сонадайдан томсырайған.
Бет төсеп, қарсы жүзіп желге майда, Асығып келеді екеу əлдеқайда.
Біресе қырға шығып мотоцикл, Біресе құлдилайды өрден ойға.
Ақ сəуле себездейді Күн көзінен, Аспанның асқақтаған күмбезінен. Сайланып аңға шыққан аңшы еді бұл, Баласын ертіп алған бірге өзімен.
Жанары төңіректі жай шолады, Түртпектеп бір ашқарақ ой сананы. Рульді екі қолы мығым ұстап, Сүзеді екі көзі сай-саланы.
Көңілін сабырлылық желі басты, Шегі жоқ сансыз дөңге дөң ұласты. Ауылдан біраз болды шыққанына, Кездеспей іздегені, өңі қашты.
* * *
Жайнаған жайлауында Сырғабайдың, Көз тартар Күнді əлдилеп тұрған айдын. Əрбір жол көкейінде сайрап жатыр,
Əр тасы таныс оған бұл маңайдың.
Биіктің сонау тұрған аты – Арқарлы, Қалғымай қарсы алатын атар таңды.
«Арқарлыға бар, – деген, – аң іздесең», Көнеден бұл тау жайлы мақал қалды.
Осы тау аңшының да бетке алғаны,
...Жеріне межелеген жетті алдағы. Көлігін тоқтатқанда ойпаңға кеп, Бір сайдан елес беріп өтті арманы.
Табиғат берем десе сыйы бөтен, Дүбірі Тəттімбеттің күйіне тең. Жаңағы қылаң берген елес емес, Арқардың үрке қашқан үйірі екен.
Шақырды арқасынан қақты да ұлын, Көрсетіп табиғатқа жат қылығын.
Оқтаулы бесатарын оңтайға алып, Аңқұмар көздеп тұрып атты бірін.
«Гүрс!» етіп мылтық оқты бір-ақ құсты, Аймүйіз омақаса құлап түсті.
Аналық арқар екен қозысы бар, Киелі таудың төсін жылап құшты.
Заңғардан талып жетті қырғи үні,
«Солқ!» етті Жер-ананың бір бүйірі. Көк саулық қайта келіп қосылардай, Қия алмай қалтарыста тұрды үйірі.
Көңілі мынау жайтқа мүлде толмай, Қақтырды қоңыр қозы Күнге таңдай. Кеудесі қызыл жоса қанға бөккен Енесін айналсоқтап жүр кете алмай.
«Қай жақтан шыға қалды қасақана үн?!»
«Мен əлі мүсінімді қашатамын!» Тапсырып жатты үнсіз табиғатқа Көк саулық кіп-кішкене қошақанын.
Көрсетіп ең соңғы рет алып көкті, Қоштасып жанарымен жарық та өтті. Көзінен жан тапсырған көк саулықтың Дүние мөлдір шық боп тамып кетті.
Тұрғандай күтіп талай қатер алдан, Топ арқар тауды айналып кете барған. Шошынып ауа бұзған қан иісінен, Мылтықтың дауысынан секем алған.
Табиғат бағытынан күрт адасқан, Аяйды еркелерін үрке қашқан.
Ақша бұлт – ақ орамал қолына алып, Жылаған таудың көзін сүртеді аспан.
Арқарды жоқтап жыла, тұма, белес! Дəл жаңа қозы емізген құлады елес.
Мылтықты жоқ қыл, дүние, ажал сепкен, Жо-жо-жоқ, мылтық оған кінəлі емес.
Жүрді аңшы серпіп тастап күдікті əрман:
«Топ арқар ұзаған жоқ жуық маңнан. Үйірді қуып жетіп атсам тағы,» – Деген ой көкейінде бұғып қалған.
Екеуі арқар жатқан сайға барды, Иесіз мотоцикл ойда қалды.
Белгісіз неге екені, бір шалғайдан Байғыздар салып жатты байбаламды.
Тас тұма болған жайдан шошып анық, Жатқандай қызыл қаннан қашып ағып. Басында сол бұлақтың арқар жатыр, Тірліктің қайнар көзін қасына алып.
Саулатып төсі қызыл шымқай қанды, Саулықтың жанарынан нұр тайған-ды. Көргенде емшегінен аққан сүтті.
Баланың бойы мұздап, сырт айналды.
Жануарды атты-ау аңшы ұялмастан, Сол сəтте өмір, өлім күйі арбасқан. Емшегі жарықтықтың иіген-ау, Қозысын қиналғанда қия алмастан.
Аңшы:
«Үстінен түсе қалдық аңдығандай, Қайқиған ай мүйізі сəнді қандай.
Жоқ шығар олжалы адам біздей бүгін, Нəн арқар атып алған дəл мынандай!»
Ақ бұлттар қанатымен көк қармады, Аңшыны азалы тау көп қарғады.
Манадан үнсіз тұрған бала сонда:
«Қозыға обал болды-ау!» – деп қалғаны.
«Шығармақ боп жүргенде дара аңшы ғып, Ей, ұлым тұрсың ғой сен обалсынып, – деді əке, – бүйте берсең ертпеймін де, Көңілім саған менің қалар суып.
Қуанам сенімімді əлі ақтасаң, Аңдарға дарытпақсың сен оқ қашан?! Несіне өкінесің, түсінсеңші,
Атады басқа біреу, мен атпасам».
Бұл сөздің бəрін естіп жатты бұлақ, Бір сырды ішке түйіп ақты бірақ.
Қайнарға қарады да тамсанды аңшы, Сылдырап аққан судың тəтті үні ұнап.
Қалғандай баласында тіл байланып, Көз салып соған бір сəт тұрды ойланып. Мылтығын тастай салып, етпеттеді, Ішуге тас бұлақтан ыңғайланып.
Мөп-мөлдір бұлақ шырқап барады əнін, Шұңғылдың ернеуіне толады ағын.
Еріні енді тие берген кезде,
«Гүрс» етіп қайталанды бағанағы үн.
Бұл дауыс табиғатқа таныс-тұғын, Қояндар паналады қамыс түбін.
Шарықтап көз ұшында жалғыз қыран, Шығарды «Шаңқ!» етті де алысқа үнін.
Күтпеген ащы дауыс ашық Күннен, Ініне суыр, борсық қашып кірген. Қолатта қалың тоғай дүр сілкініп, Жартастар жаңғырықты шошып мүлдеп.
Селк етіп, секем алып, алабұртып, Қанатын қақты ұядан бала бүркіт. Пана іздеп Арқарлының сай-сайынан, Үйірі көк саулықтың барады үркіп.
Əулекі шошаң етіп ши қарсыда, Əуеге көтерілді күй-қаршыға. Бұл жолы аң да, құс та құламады,
Бұл жолы мылтық оғы тиді аңшыға.
Болмаған бұрын-соңды дəл мынандай, Құдірет аяғынан шалды қандай?!
Оққа ұшқан арқардайын құлады ол да, Өмірге деген шөлін қандыра алмай.
Ажал кеп құлағына: Жүр! – дегендей, Тілін де əлдебіреу күрмегендей.
Оқталған ұлына сөз айтпақ болып, Көз жүмды бірақ аңшы тілге келмей.
Сол сəтте өмір, өлім қайта арбасқан, Шайлығып тау жүреді, шайқалды аспан. Аңшының ұшты жаны, адамдарға
«Аңды атпа!» – деген сөзді айта алмастан.
Бəрін де кеш түсінді мезгілінен,
Көз жұмды қоштаса алмай мəз күнімен Аяғы тасқа тиіп, тас мылтыққа Атылып кеткен екен өздігінен.
Табиғат санаушы еді кімді бөтен?! Қызыл қан қос кеудені жуды бекер. Оққа ұшқан арқар жатыр, əлде аңшыны Киесі сол арқардың ұрды ма екен?!
Кешірмес алып тау да кінəні ондай, Бас иіп аңшы жатты тұра да алмай. Тіріде сұрамаған кешірімін, Мүрдесі табиғаттан сұрағандай.
Саулықтың көз алдынан сағым өшкен, Аңшының кеудесінен жаны көшкен.
Енесіз қозы тұрды түк түсінбей, Əкесіз бала тұрды танып естен.
Кінəсіз таудың төсін қан жуады,
Қос дауыс кернеп кетті тау, жыраны, Енесін іздеп қозы маңыраса,
Əкесін жоқтан бала зар жылады.
Киіп ап қыраттар тұр сеңсеңді көп, Беткейден ескен жібек жел селдіреп. Бейкүнə жас баланың көз алдында Тау құлап, жер айналып, теңселді көк.
Саят та, серуен де былай қалып, Денесін құшты əкенің жылай барып. Бейкүнə уыз ұлдың жанарында Дүние тоқтамады шыр айналып.
Боларын бала-жүрек сезді осындай, Əкеге айтып та еді-ау сөз жасырмай. Мөлдіреп таудан төмен ақты бұлақ, Сайдағы қос жетімнің көз жасындай.
Баба шың бүгеді ішке көне сырын, Кім ұтты, кім ұтылды, төреші кім?! Қозы жүр жерге ұйыған қан аралас Қызғылтым сүтін жалап енесінің.
ГҮЛҒАСЫЛ
Ана деген шаң қонбаған асқақ Ар, Ана десем жанарымнан жас тамар. Аналарға деген ұлы махаббат
Жер-Ана мен Хауа-Анадан басталар.
Мен де Ананың құрсағында жаралдым, Жан-Анамның ақ сүтінен нəр алдым.
Шексіздіктен оралып ем о баста, Өлең болып шексіздікке таралдым.
Неге болсын төтеп берер қара нар, Перзенті үшін жан-жүрегі жарадар. Аруанадай мұхит кешіп, тау асқан Аналардың барлығы да даналар.
Гүл сипатты, нұр дидарлы ақылы Ана деген мəртебелі – аты ұлы! Аналардан бастау алып бұл өмір, Аналармен аяқталар ақыры...
Анаға арнап бір ескерткіш қоймаған, Мен халықтың ертеңіне ойланам.
Ана жанын қайдан ұқсын пақырлар Уызына жарымаған, тоймаған.
Ал, бастадым, халқым, өзің пайымда, Ал, əлқисса, тыңдаушы жұрт дайын ба? Асыл текті Аналардан өрбіген Асылзада асыл ұлдар жайында...
Баба Түкті Шашты Əзіз бен Баб ата
Қызыл Ай теріскейде жүзіп барад, Қызылкөл түстігінде – қызыл манат. Шашты Əзіз жолбарыстай ыңыранса, Қурайы құла түзді ызылдатат.
Күреңсе, көкпек, изен – бүрі нала Қызғалдақ...
Күн құлдилап құбылаға. Көгінен жиі-жиі жұлдыз ағып, Тағдырын табыстады Ұлы Дала.
Тағдырын табыстады, нанымын да, Жалғанның кім күймеген жалынына. Баяны, байызы жоқ қу көңілдің
Дəт бар ма, дауа бар ма зарығына.
Пəндауи тіршілікке аз құмары, (Үркерден үзік-үзік саз құлады...) Перизат – пері қызы Шашты Əзізді Сүйрелеп көлге қарай наз қылады.
Шалқалап мынау Айдың туысын-ай, Əзіреті Əлидің қылышындай.
Тыңдаса Ысқақ бабты ұйытады, Бар адам бір-бірінің туысындай.
Күштіге не қылса да жарасады,
Қан төксе – пайғамбардың ғарасаты. Тұр, міне, таразының бір басында Далалық Шашты Əзіздің парасаты.
Алланың жоқ бейнесі, сүгіреті, Бар ғалам, бірақ, соның құдіреті!
Мұхаммед Ғалейссалам о басында Құранды жаратқанның нұры депті.
Кəпір де, кісəпір де сыйған мекен, Ұқпайды санаға сөз құйғанменен. Ал, сонда Ысқақтікі не əрекет,
Қан төгіп жиған иман иман ба екен!
Жер басып тіршіліктен сыр ұққалы, О қанша, қаншама рет у ұрттады.
Жоғалып кетпесе екен қапияда Даланың ұлы сенім ғұрыптары.
Ғазиздің əзиз көзі жасқа толды,
Қалың жұрт діннен безген қасқа болды. Ықылас өзі бастап барар еді,
Көрмей тұр Хақ жолынан басқа жолды.
* * *
Сəлден соң шолпан туып таң атады, Жарықтық, қандай сұлу дала таңы. Бір түйін шешілуге тиіс бүгін Түнімен толғандырған Баб атаны.
Мұраты, иманы да асыл-тұғын, Түбінің танып білсең ғасылдығын. Арманы – Жер жүзінде желбірету Хазірет Мұхаммедтің жасыл туын.
Алдынан алдиярлап сый қамдады, Түркістан – Иасы, Қарнақ, Иқан бəрі. Қылыштың жүзіменен тізерледі Көшпелі... отырықшы ел диқандары.
Шаң-тозаң арайлаған таңды көміп, Қақпалар қаусап жатты мəңгі берік. Жетікент, Шаш, Испиджаб, Мауереннаһр Найзадан сорғалаған қанды көріп.
Ал, енді, мына бір ел түркі деген, Ұқпадым заты қайдан, ғұрпы неден. Ішінде не жатқанын кім біледі, Иілген түр байқатар сыртыменен.
Ерлікті пір тұтқан ел торықпайды, Болса да мың жыл қырғын зорықпайды. Алдаспан, ақ найзадан тайсалмаған,
О, бұлар құдайдан да қорықпайды.
Ордалы ақ жыландай үймелеген, Рухы күйремейді (Күйремеген!) Айтқанын пайғамбардың есіне алды,
«Түркіге өзі тимей, тиме» – деген.
Қалайша ескермеген осы жайды, Мынау ел неге бұлай қос райлы.
...Кешеден келемін деп келмей жатқан Ойланды сенім артқан досы жайлы.
Күн шығып Келіншектау нұр еміп бір, Барады бар далаға гүл өніп, гүл...
Қан төкпей тығырықтан шығатын жол Тек осы Шашты Əзізге тіреліп тұр.
Не жатыр мынау елдің өресінде, Мен сенген Хаққа сен де сенесің бе.
«Алланың ақ дидарын көру арман, Тайталас тіршіліктің кемесінде».
* * *
Қырық түйе отынды қырық нарға тиеді, Отыз түйе отынды ортаға əкеп үйеді.
Жетпіс түйе отыннан соғылған бұл үй еді. Сайтан болып кетпесе мына оттың ішінен Аман-есен шықпайды еш адамның сүйегі.
От ішінде Шашты Əзіз құбылаға қарады. Мың машайық, сəруəр жүректері жаралы. Дəрғаһына Алланың қайта-қайта барады. Мəдəт бер деп құлыңа айтқан арзу тілегін Мейірімі зор жаратқан қабыл, қош қып алады.
Бір қолында асасы, бір қолында Құраны, Жүрегімен күбірлеп аузындағы дұғаны. Жаппар ием жар бол деп сəждеге құлады. Мұны көріп қалың ел бірге дұға қылады. Мұны көрген мұсылман бірі қалмай жылады.
Бұлт кідіріп кенеттен өзен-сулар тоқтады, Құстар ұшпай əуеде, сөнді үміт оттары.
Бір ғажайып тылсым орнады да... Жоқ бəрі. Баба Түкті Шашты Əзіз тұрып келе жатады, Жетпіс түйе отынның жанын бітіп шоқтары.
Құдіретін Алланың дүйім халық көреді. Шашты Əзізге сенеді, Баб атаға ереді. Аңыз емес ақиқат бұл сөзімнің дерегі. Мұндай күнді түркілер:
«Ақ түйенің қарыны жарылған күн» дер еді.
Ұлы түркі даласын шапағат нұр бояды. Тапты солай жарасым бейбіт күннің оябы. Дін қарындас орнығып жалғасуда той əлі...
Асасына Шашты Əзіз «Алла» сөзін ояды, Найзасына Баб ата үкі тағып қояды.
Ел қорғаған ерлердің пірлерінің пірі боп, Сəбиі жоқ анаға əулиенің дүрі боп,
Біз сияқты ақынның жүректегі жыры боп, Қалды солай тарихта Баба Түкті Шашты Əзіз Мəңгі бақи тірі боп.
Қаратаудың ойында тыным тапқан жан ата, Исі Алаш баласын ауызына қарата
Иман тілеп келгенге иман берген Баб ата, Баба Түкті Шашты Əзіз түсіме ендің екеуің, Қатар қарап тұрсыңдар шығар Күнге таң ата...
Қарабура əулие мен Қожа Ахмет Иасауи
Сам жамырап жұлдыз жанса наламын, Жамға құйып қан бергендей жананым. Топырағы мынау Ұлы Даланың Хақтың қашан көрер екен жамалын.
Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Түу түпсізде дегдар, бекзат тамыры Қарабура асыл текті хан ұлы.
Бұл далада одан жақын досым жоқ, Ділдес, тіндес жүрегіме жан үні.
Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Шөлді кезіп қияқ жедім, қинадым, Есейгенше зікір салып иманым.
Ерттеп мініп əзəзіл мен шайтанға, Нұр ішінен Нұрдың сүйіп дидарын. Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Берген антым аян аңға, құсқа да, Бұ фəнидің тақ пен тəжін нұсқама. Аманатын Арыстан баб арқылы Жеті жаста берді маған Мұстафа. Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Ықпай-тұғын Ұлы жолды мықтыдан, Қалай, қайтіп, бұл халыққа ұқтырам?! Сен болмасаң бұл далаға, Бурахан, Хаққа қалай сену дертін жұқтырам.
Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Бес күн жалған мерекесін тəрік қып, Айналасын иманымен жарық қып. Талақ қылып тастап кеткен хан тағын
Менің досым... ондай дос жоқ, жарықтық. Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Осы жолда ғажабы көп, дерті мол Арманымның лаулап жанған өрті бол. Біз таңдаған, бізді солай таңдаған Бұл сапардың жанқиярлық серті сол! Дүр рəуіш менің ныспым – Иасауи!
Махаббатсыз Құран бетін ашпаған, Таһаратсыз қара жерді баспаған.
Бала күні басыма əкеп жастаған Сол кітапты əлі жазып біткем жоқ. Соноу жылы Бұхарада бастаған.
Менің ныспым – Қожа Ахмет Иасауи!
* * *
О, бұл жайттың тым тереңде өзегі, Бұрынғыдан бізге жеткен сөз еді.
Қожа Ахмет Бураханмен екеуі –
Он екіден жаңа асқан кезі еді.
Рубаб пен нəйдің нəзік үнінде
Бір сиқыр бар... Бұхараның түнінде. Екі шəкірт сырласатын күніге
Мың жасаған мəжнүн талдың түбінде.
Уылжыған миуадан тататын, Іргесінде бұлақ күліп жататын. Ханның ұлы болса-дағы Бурахан Ахметке ұяңдау тіл қататын.
- Айтшы, – дейтін, – мына өмірдің мəні не?
- Е, айтайын, бармай-ақ тым əріге. Құлдығыңа Хақты ырза ете алсаң, Құстан бұрын азан салып сəріде...
- Айтшы, досым, мына фəни жалғанда Қандай жол бар жету үшін арманға, Ертең анау о дүниеге барғанда,
Бұ дүниеден мəңгі алыстап қалғанда..?
- Исламның əдет-ғұрпы – шариғат. Сопылықтың түп-тамыры – тарихат. Діннің жолын танып-білу – маьрифат. Жаратқанға жақын бару – хақиқат.
Міне, осы төрт ұғымды меңгерген –
Екі өмірдің таразысын теңгерген. Дəл осындай қасиетті кісіні Жүміле жұрт əулиемен тең көрген.
- Айналайын, асыл досым, Ахмет, Дініміз бір, піріміз бір – жақын ек.
Саған, бауырым, бір өтініш болсын бұл –
Менің айтқан арзуымды мақұл ет.
Кім өтпеген, кім кетпеген (сарала)
Абат көлді, сабат желді Далаға. Əргі бабаң Баб атамен келген дін Əлі толық исінген жоқ санаға.
Сенде ғажап ақындықтың тілі бар. Ақынынан жақын елдің кімі бар. Əлгі айтқан төрт ұғымның киесін,
Мүмкін, түркі тілінде айтсаң ұғынар...
Жырмен жазса Құран сөзін, нақылын, Ғайып болар бірте-бірте жат ұғым.
Мақұл көрді Қожа Ахмет Иасауи Қарабура əулиенің ақылын.
Оянған жоқ ұйқысынан жұрт əлі,
Жас тамшылап мəжнүн талдың бұтағы... Жас жүректің түкпірінде бүр жарып Келе жатты «Даналықтың кітабы».
* * *
Алпыс үш жасқа келгенде тəркі қып бəрін, Жан-жүрегімен ұғынған тамұқтың мəнін. Мұхаммед Ғалейссаламның ғұмырын сүріп, Дарус-саламға ынтыққан жарықтық, нарым!
Бедерлеп кеткен озалдан ажалын хатқа, Шараптан құйып, оқитын ғазалын жатқа. Жұпары жетіп танауға талықсытатын, Мамырдың гүлі бұрқырап мазалы бақта.
Ақ қырауланған сақалын жасына малып, Арыстан бабтың соңғы рет басына барып. Сырласқан дейді баяғы бала күніндей, Қарабураны шақырып қасына алып.
Парықтап берер осы сəт нарқыңды Хаққа, Көгілдір көкке хош айтты, жарқын бір шаққа. Патшалар қалды аң-таң боп осынау кепке, Гауһардан ою жаптырған алтынды тақта.
Бабалар, қайран, баяғы дүркіреп өткен Қаһары күндей кенеттен күркіреп кеткен. Айнала ұшқан шырақты көбелек құсап, Түркіше ойлап, өзі де түркі боп кеткен.
Бұлбұлдар қалар жырламай жамалы жасып, Махаббатына бас ұрса саналы ғашық.
Қылует жасап Иасауи – Əзірет Сұлтан, Түнекке түсті фəниден амалы асып.
Біржола баурап өн-бойын далалық мұрат, Қылуеттегі майшамнан жанары тұтап.
Түнекте бітіп, содан соң ғаламды жаулап Өмірге келді осылай «Даналық кітап»...
Пəк өтеп болып парызын бақиға көшкен, Шығару, сірə, мүмкін бе сақиды естен.
Қарабуралы келетін Қарабураны
О бастан солай уағдалы уақиға дескен.
Əзірет Сұлтан дей-тұғын данадан бəрі, Нəр алып келед түркінің абадандары. Қарабурамен достығы, дидарластығы Тарих боп сайрап тұр бүгін санада əлі.
Əз Тəуке хан жəне Мүсірəлі Сопы Əзіз
Батады көкжиекке мұңданып Күн, Басынан не өтпеген бұл халықтың. Тарылып ұлы Дала бірте-бірте, Жұлдызын көрсетпейді тұлданып түн.
Кей-кейде таңы күліп нұрланады, Шашылған қызғалдақтай қырда қаны. Патша емес ақын болып туу керек, Жүрекпен сүю үшін бұл даланы.
Қазақ деп ту тіккелі дараланып, Құландай жебе тиген жараланып, Бір тұрып, бір сүрініп келе жатыр Бағынан соры қалың дана халық.
Сəуірдің қалтыратса салқын желі, Қалайсың жылылықтан артық нені. Хан Тəуке таң сəріде дұға қылды: Тыныштық. Ел бірлігі – бар тілегі!
Заманға қарап тұрып өрекпіген, Əз Тəуке ойын түйді ерек неден:
- Алланың ақ жолынсыз қайда бармақ, Бұл елге бір хазірет керек, білем...
Мінімді қалай, қайтіп жасыра алам, Үш жүзім үш тарапқа шашыраған. Солардың басын қосар, қайдан табам Аллаға шын берілген асыл адам.
Жау шапса тұтқиылдан тасырақтап, Басынып, аруақтың басын аттап.
Астына ақ байрақтың жинамай ма Аллаға деген Наным асыл, аппақ.
Тəуке хан көкке қарап ырымдады. Сарқылмас исламның нұры мəңгі. Сауатты, көзі ашық боп өсу керек Қазақтың жауһазын жас құлындары.
Бабалар аян беріп, уайымдаған Есен-сау кең жазира, сайын далам. Қазаққа Пір сайлатар сəт келгенін Əз Тəуке іштей ғана пайымдаған.
Қақ бөліп қара қылды жарып қарап, Елдің де болашағын парықтамақ.
Үш жүзге Бас хазірет кім боларын, Ертеңгі алқа билер анықтамақ...
* * *
Аққулар ұшып ақ бұлттай төбеден жиі, Күлтөбе жатыр жалғасып көнеден күйі.
Əз Тəуке ханға тағзым ғып жайғасқан мынау Алаштың игі жақсысы, төре мен биі.
Əз Тəуке отыр тұйғындай түйіліп қырын, Асасын көкке көтеріп, бұйырып үнін: Бастаңдар! – деді, билерге иегін қағып, Үш жүздің Пірін сайламақ жиылып бүгін.
Басталды кенет дау-дамай əрі де бері, Дəлел ғып сөйлеп əйтеуір бəрі де нені. Жан-жаққа тартқан қазақтың ақылгөйлері:
«Біреудің пірі біреуге дəрі ме!» – деді.
Сол сəтте... сонда Сасық би қарасын ханға:
«Қазақтың жаны – бірлік пен жарасым ғана. Үш сауал қоям, кім соның жауабын тапса, Қазақтың Пірі сол болар, таласың бар ма?!»
Кемеңгер жанды толқытты даланың лебі, Атадан туған Тəуке хан абадан еді.
Мақұлдап бидің шешімін тоқтамға келді, Маңырап кеткен қалың жұрт манадан бері.
- Жауабын тауып айтыңдар, амалын маған, Жылап тұр мынау неліктен қаралы ғалам. Байлық пен ғылым, əділет салтанат құрып, Рахатқа қашан кенелер саналы адам?
Екінші жəне үшінші... парқындай нұрдың Сауалдарыма жауап бер тартынбай, ұлым. Алланы тұңғыш Құдай деп атаған қай ел?? Əлемде мəңгі қандай күш сарқылмай-тұғын???
Халықтың аңсап сағынған Піріндей көптен, Бір жұмбақ сəуле төгіліп күлімдей көктен. Мүсірəлі қожа «Дат» – деді, əлқисса сонда Сынақтан жалғыз осынау сүрінбей өткен.
Бірінші жауап: Алладан – пəк болатының, Алланың алдын көргенге бақ қона-тұғын... Екінші сауал жауабы: Парсының сөзі – Құдай деп атын атаған Хақ-Тағаланың.
Дəуірлер келер жаңарып, жаңғырып мəнді, Ақындар жазар ғазалын жандырып жанды. Сауалдың соңғы жауабы, қадірлі қауым:
- Құдайдың күші – тек қана мəңгілік... Мəңгі!!!
* * *
Жаратқанның сүнеті, Мұхаммедтің үмбеті. Жеті өлікке жан берген – Əли шердің аңсары, Фатиманың кəусары.
Жеті өлікке жан берген Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Бар мен жоқты жалғаған, Ғұмыр жасын арнаған.
Жеті өлікке жан берген – Алла жолын нұсқаған, Иасауиге ұқсаған.
Жеті өлікке жан берген Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Көрмегендер нанбаған, Жалын отқа жанбаған. Жеті өлікке жан берген – Қызыр Ілияс жебеген, Ойы терең, көреген.
Жеті өлікке жан берген Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Бақсайыстан тараған, Аузына жұрт қараған. Жеті өлікке жан берген – Қарасуды кідірткен, Ұстаздарын мүдірткен. Жеті өлікке жан берген
Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Хақтан хабар алдырған, Мешіт, мектеп салдырған. Жеті өлікке жан берген – Төле, Əйтеке, Қазыбек деп таныған хазірет.
Жеті өлікке жан берген Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Бірлігі үшін қазақтың, Бəрін көрген азаптың. Жеті өлікке жан берген – Даналығы даладай, Жаны таза баладай.
Жеті өлікке жан берген Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Шашты Əзіздің қасында, Шырақ жаққан басына. Жеті өлікке жан берген – Ақылы кең дүр болған, Алты Алашқа пір болған. Жеті өлікке жан берген
Мүсірəлі Сопы Əзіз.
Ілім қонған жасынан, Құс ұшпаған басынан. Жеті өлікке жан берген – Əз Тəукемен дос болған, Көңілдері хош болған.
Жеті өлікке жан берген Мүсірəлі Сопы Əзіз...
Ұлы Абай һəм дана Мұхтар
Дөңгелек дидары, шықшытты, денелі, Кеудесі кең шалқақ, иықты – өрелі.
Бір өзі бірнеше кісідей алапат, Кесек, зор, тұлғалы ер еді.
Торылау өңіне жарасып расы: Сақалын саумалап... жүректе – дұғасы.
Бай ақыл, терең ой, мейірімге тұнып тұр Көзінің шоқтай боп жайнаған шырасы.
Мұң жұтып, у ішкен қарамай
Елі жоқ, жері жоқ қорғансыз баладай.
«Мыңменен алысқан бір өзі»– Дана Абай, дара Абай, даладай.
Көк пен Жер жадырап жұбайдай некелі, Албырт жел аймалап кетеді.
Тобылғы, тораңғы бүр жарған. Шыңғыстау. Жидебай. Абайдың мекені.
Секілді бейне бір ертегі, Көргендер аңыз ғып шертеді.
Дананың алдында бала отыр томпиып, Дінəсіл əженің ақылды тентегі.
Абайдың жырларын жаттаумен таңдары ататын. Арайлы арманы.
Бұл бала Əуездің еркесі, үміті, Келіп тұр атаның батасын алғалы.
Не бары алтыда зерделі жас бала, Қойған жоқ, алайда, Абайдан жасқана.
(Абайдың алдына қашанда
Рұқсатсыз кіруге болмайтын басқаға.)
Алысқа түседі алыптың жарығы, Ұлыны Ұлылық таныды.
Абайға жүгініп отырған бұл бала Мұхтар ғой, Алаштың ар, үні!
Балаға суық ед ұлы ақын əрдайым,
Бұл жолы талайдың қақтырып таңдайын, Ерекше пейілмен ықылас аударып, Мұхтардың сипады маңдайын.
Ол күнді бұл күнде тарихқа балаймын, Ертеңге бүгіннің көзімен қараймын.
...Алғашқы, ақырғы көруі еді бұл –
Абайды Мұхтардың, Мұхтарды Абайдың.
* * *
Əуеде ала бұлт бар...
Көкке қарап күн кешкен далалықтар. Абайдың көз алдынан кетпей қойды Ақылды, алты жасар бала Мұхтар.
Жанарын от, жүрегін жалын буған Жетпіс жеті атасы мəлім бұған.
Жаратқанның жолына құрбан болар, Батыр туған, ғұлама, ғалым туған.
Құраннан бізге жеткен үлгі өлең, Азанның озан салған күмбірімен. Мұхтардың ұлы атасы Əли еді Кəпірді дүрліктірген дүлдүлімен.
Аңсасаң ата-баба, дала таңын, Жүзіңді құбылаға қарататын. Тегіңді түбегейлі тану үшін, Басына мың барарсың Баб атаның.
Алаңсыз періштедей кезі ғой бұл, Баяғы бала күнгі өзі ғой бұл.
«Ғарышта намаз оқып, тізе бүккен» Əзірет Иасауидің көзі ғой бұл.
Дем берсе дін-ислам пайғамбары, Халыққа жарық түсер қайрандағы. Күтіп тұр сені қанша арпалыстар, Бақ қонған Бақсайыстай майдандағы.
Жан берген жеті өлікке Мүсірəлі, Кешегі хан Тəукенің тұсындағы. Мұхтар да бабасындай бағзыдағы, Сөз бастап, топқа түсіп ысылады...
О, бұлар асыл əулет, асыл ерлер Ұлы мұрат жолына басын берер. Адалдық, туралықтан тайсақтамас, Түссе де төбесінен жасын егер.
Жетсе деп бақытына барша адамдар, Өзгенің тағдыры үшін шаршағандар. Бұл халық түп-тұқиян, зəузатымен Қазақтың ел болуын аңсағандар.
Əуеде ала бұлт бар...
Көкке қарап күн кешкен далалықтар.
...Абайдың көз алдына елестеді Алаштың қамын жеген дана Мұхтар.
* * *
Тауарих терең жұмбағын жасыра берген... Жолсеріктерін кідіртіп қасына ерген Əуезов Мұхтар қай жылы белгісіз кеппен Баб атадағы Ысқақтың басына келген.
Келіншектаудың ұмсынып шыңдары Күнге, Ұлы мен ұлы сырласты, мұңдары бірге.
Баба мен дана оңаша ортаға салды Айтуға болмас ешқашан сырларын мүлде.
Кесене тұрды күмбірлеп жұмбағы қалың, Егіліп Мұхтар жүрекпен тыңдады бəрін.
- Қаншама отқа түспедім адалдық үшін, Əділет үшін қаншама сынбады сағым.
«Құдірет» болар арабша есімін сенің, Түзету үшін туғансың бесігін елдің. Мұхтар деп қойған атыңды кемеңгер Абай, Қашанда ашық өзіңе есігім менің.
Тағдыры ауыр, өнерде жанса да бағы Дарындылардың аян ғой баршаға халі. Қазақтың атын зау көкке аспандататын, Мұхтарлар келер өмірге қанша ма əлі.
(Жадына тоқып өскен ұл халық мұратын Жақсылық жасап маңайын жарық қылатын. Іргелі істер атқарып игілік қылар,
Баб атасының аруағын шарықтататын.
Зарыққан елміз тарихтан мəн ұғар ұлға. Халыққа тұтқа, ертеңгі қабылан тұлға –
Өмірге келіп бір Мұхтар іңгəлəп жатты,
Құл-Мұхаммедтің дəл сол күн шаңырағында.)
Алланың жолы біздің жол – атадан қалған, Өзгерту қиын имансыз сананы, қалқам.
Алтын таң əлі атады азат күн туып,
Ақ жолға бастар осынау даланы дархан.
Тəуелсіз ел боп теңелер қазағың күліп, Қайтадан дінге бас қояр тазарған ғұрып. Ыразы болып мен жатам мəңгілік мұнда, Сенің де, балам, болады азабың ұмыт.
Батамды берем, ал, балам, жүргелі тұрсың, Көк бөрі тектес түркінің күндері тусын!
Қазақтың даңқын ғаламға мəшһүрлеп өтер Алты Алаш үшін атқарған іргелі ісің.
Төбеден түскен сəуледен самала тарап, Кесене ішін нұр жуды сарыала сабат. Кенеді кенет тамағын данышпан Мұхтар Қарлығаш салған ұяға қадала қарап:
- Түркімен бірге қай кезде даңқымыз біздің, Түркімен бірге қай кезде нарқымыз біздің. Жасасын күллі түркінің Тəуелсіздігі, Түркімен бірге қай кезде халқымыз біздің!
Ұғатын тылсым сыр ғой бұл санамен ғана, Осылай, міне, қоштасты баба мен дана.
...Қарлығаш қайда о, əлгі жем тасып жүрген Мəңгілік мұңсыз күн кешсін Ана мен бала.
(Түйін)
Алладан соң барша құрмет – Анаға! Алладан соң барша құрмет – Анаға! Ана десе жерге тиіп маңдайым, Жыр төгіліп, нұр түседі санаға.
Махаббаты ауған шақта балаға Бір-бірінен аумайды екен бар Ана. Жер жүзіне ізгілікті таратқан
Аналардың Анасы ғой – Хауа-Ана.
Атқақтаса перзент күтіп жүрегі, Қауыз жарып жұпариса гүл өңі. Алладан соң сиынатын қол жайып, Би-Фатима Аналардың пірі еді...
Домалақ деп аты қалған мұраға, Анасынан асып туған ғұлама.
Нұрила ғой парасаты патшадай, Алаштағы абыройлы ұлы Ана.
Ана, Ана, Ана, Ана, Аналар... Аналардан туады екен даналар. Барлығы да Ана əлдиін тыңдаған Біз бүгінгі жырға қосқан бабалар.
Қапияда əуені бұлт торлаған, Қапелімде «ақырзаман» орнаған. Сондай сəтте қару алып қолына Сол бабалар осы елді қорғаған.
Сол бабалар рухани дем берген,
Сол бабалар ғылым-білім меңгерген. Беу, солардың алтын тұяқ сарқыты Əлі күнге сарқылған жоқ, мен көрген.
Түр сипаты сұлу кердей жараған, Сөйлеп кетсе аузына жұрт қараған. Үзілген жоқ ұлы əулеттің ұрпағы Түп атасы Пайғамбардан тараған.
Ана сүтін, баба үмітін ақтаған, Ұлт мұратын, ел рухын жақтаған.
Дəл осындай перзент сүйген Ана бар, Дəл осындай Ана үшін мақтанам.
Сол Анаға арналады жыр асыл, Сол Анаға жауа берсін нұр асыл. Ұл əкелген ұлықтауға тұратын,
Бар Ананың шын есімі – Гүлғасыл!
Алматы – Тараз – Құмкент – Созақ – Баб ата –
Түркістан – Жаңақорған – Алматы
СҰЛТАН-МАХМҰТПЕН СҰХБАТ
Бірінші желі
Бұл сөзім Тарбағатай биігіне Тазының заман түлкі күйі, міне. Сəніңіз көзден кетіп, сөзде қалар Жалқаулық енді орансаң киіміне…
(Сұлтанмахмұттың Құрбан қажыға
арналған өлеңінен)
...Милаттың майданында аз тұра тұр, Əсеттің бір тілеулес ағатайы...
Жарыққа қараңғыдан шапшып едің, Бұл емес еліктіріп мақтағаным, Қайнаған қара тастан аққан көздей Көп еді сөйлесем деп сақтағаным, Алсаң да қаһарыңа айтар едім, Халқыңа болса егер де жақпағаның, Шам алма шал дегенге бəт дұға қып, Найманда жалғыз кəрі жақтағаным...
(Əсет Найманбайұлының Құрбан қажыға жолдаған өлең- хатынан)
І
- Қоңыз батыр атанып, Жауға шапқан күні бар. Көңілін жүрер қапа қып, Батпан-батпан міні бар. Сыр тартайын өткеннен Ұмытпастай ұғып ал...
ІІ
Тұрпатыңа қарасам – Болайын деген баласың. Ақылың мен білімің Бойыңнан тапқан жарасым. Кешегіден сөз айтам – Керегіңе жарасын...
ІІІ
Тарбағатайдың зары бар, Зарының терең мəні бар, Өткеннен желі ой тартсам, Кектенер жайым тағы бар... Тағы да тағы... қыршынның Жазықсыз тамған қаны бар Құйма құлақ баласың – Сырына қарттың қанып ал...
ІV
Лақабым онда Қоңыз-ды, Ерлік-ті ісім ең ізгі.
Екпіні қатты жігіт ек, Сапыратындай теңізді Қабекемнің нəсілі – Əлібек «ер-ай» дегізді.
V
Аймағын жүрген таң қылып, Атағы жатқан жаңғырып Бұр баһарүр-ді серігім –
Дүнгеннен шыққан нар жігіт.
Шабардай болдық дұшпанды Қаланың аузын қан қылып, Қақпаның аузын шаң қылып...
VI
Сарыаяқтарға кектеніп, Діні жат ісін жек көріп, Арыстан айға шапқандай, Арманға біздер жетпедік, Батырлық деген арманда Бұр баһадүрмен кетті өліп.
VII
Күн екен күнім бұрынғы, Мұнан соң заман бүлінді, Жаратқан ием налыр-ақ, Кінəлайын деп кіміңді.
Қайраулы қара қанжар ем Кесе алмай қалдым қынымды. Шекара деген шер болып, Қонысым екі бөлінді – Жүрегім қоса тілінді...
VІІІ
Айта да берсем арман көп, Арманым кетті жалған боп. Жабыға бүгін айналды Бабалар мінген тарланкөк. Заман тұр, түйіп қабағын Сыбағаң кетер, қарман деп... Сеземін, балам, сезінем Біздерге орын қалған жоқ...
Х
Арғанатыны жайладым, Абыздай күтер аймағым, Жеткіншек едік кешеде Жел сүйіп жүрген айдарын, Есті де ұлды көргенде Есіме түсті қайдағым.
Кемеңгер көрдім Абайдай – Ақылдың таттым қайнарын, Өскінді көрдім өзіңдей – Мақтан қып ұстар байрағым...
Екінші желі
І
Əлқисса, бұдан кейін Құрбан қажы Сұлтанмахмұтқа Көкжал Барақтың қайғылы өлімін, Жалаңаш бабадан бата сұрап, Абылайдың кек қайырған жайын баяндайды.
- Тəңірім қуат берген текті батыр, Жоны-жал, жүрегі-түк, кекті батыр. Күндердің бір күнінде... қапы қалып, Бақиға ақ сапарын шекті батыр.
Көкжарлы Көкжал Барақ қапы кетті, Бұйыртпай мейрам суы, ақыретті
«Бір күнде... жалды Барақ қашқанда» деп, Дұшпаны мазақ қылып, нақыл етті.
Жөн істі кімдер жөнсіз кінəласын, Ісіне күймей қалай тұра аласың,
Қан жауғыр дұшпан жағы сұмдық іс қып, Тұрғызды бір бас, бір қыш мұнарасын.
Қамығып, қалың қазақ қан жылады, Дұшпанның кектендірді сандырағы. Мойнына кісе салып, хан Абылай, Шалынды құрбандыққа арғымағы.
Абылай «а, құдай» деп атқа мінді, Қалың қол ыза-кек боп ақтарылды.
- Жалаңаш баба қайда, бізбен жүрсін, Сынайтын қасиетін сəт табылды...
- Уа, баба, батыр кегін қуып барам, Жүректі қанды жаспен жуып барам... Барақтай ердің кегін қайтармасам, Тағымнан тас зынданың жуық маған.
Қалың қол хан қасында анталаған, Бабадан бата сұрап, алқалаған.
Қараса кілең батыр кескініне, Көздері ыза-кектен қанталаған...
- Абылай болып қапты бір іс деймін, Кек алу батыр үшін дұрыс деймін.
Сапарың оң болсын деп қала берем, Бұл жолғы жорығыңа кіріспеймін.
- Ей, баба, қазақ үшін Барақ қандай, Барақты аллам бөлек жаратқандай, Күн туса ел басына, ерге қонып,
Ең алды боп аттанған қарап қалмай.
Туысы оқшау болған жалды Барақ, Ер еді жаужүректі, қандыбалақ.
Қазаққа көз алартқан жау қалмақтың, Үрейін ұшырмап па ед, сан қуалап...
Сол Барақ жау қолынан шəйіт кетті, Батырдың бағы бастан тайып кетті. Бүлікті қаншама қош көрмесем де, Ақылды ашу-ыза шайып кетті.
Барамын «аруақ» деп қолды бастап, Жүресің қалың қолмен жолды бастап. Барақтай батыр кегін қайтармасам, Қазақтың ертеңі де сорға ұласпақ.
- Қашырар жаудың құтын қанды із едің, Татыған таңдайыма жалбыз едің,
Апыр-ай, мұсылманды қалай атам, Бар еді кəпірге атар жалғыз оғым...
- Ай, баба, бəтуаға келмейсің бе, Тұншығып өз кегіңе өл дейсің бе?! Мұсылман мұсылманның басын кесіп, Мұнара тұрғызғанын жөн дейсің бе?!
Солай деп, хан Абылай көндіреді, Көнері Жалаңаштың белгілі еді. Абылай есін жиып, еңселенді
Деп, «жол білсем, бұл баба жөн біледі».
ІІ
Қылышы кекке малынып, Найзасы шоққа қарылып, Қабағы қату қалың қол,
Жау іздеп шықты сабылып...
Келеді əскер із кесіп, Бұйырар түзден тұз-несіп. Аламан бір сəт аһ ұрды, Келдімұнарамен жүздесіп...
Жүректе қайғы зіл жатты, Қан іздеп, қылыш дір қақты, Келдімұнараны айналып, Абылай сонда тіл қатты:
- Келдемұнара, Келдемұнара! Қан-қасап болар Енді бұл ара...
Батырым қайда – Барағым қайда?! Жауға жұмсайтын Жарағым қайда?!
Келдімұнара, Ерімді құртып, Кергіп тұрсың-ау, Кегімді түртіп...
Батырым, мұнда Неғылып келдің?! Қан тартып, бəлкім, Желігіп келдің...
Кегіңді қуып, Тебініп келдім. Өзіңді жоқтап, Егіліп келдім...
Қапыда кеткен Қандыбалағым. Туысы ерек Жалды Барағым, Аллам қолдаса, Жауыз дұшпанды Дəл қазір бар-ау Қан қылар əлім...
ІІІ
Келдемұнара сұлық тұр, Тірінің зарын ұғып тұр, Денеден бөлек бастардың Тілінде – ажал-құлып тұр. Сəске ауар шаққа құл болып, Басталар қанды бүлік бір... Алынар тағы қанша бас...
Келдімұнара... сұлық тұр... Ішінен, бəлкім, тынып тұр...
Жалаңаш баба Күбірлеп,
«Жөн болар ма екен мұным», – деп,
Жаратқан Күшке сиынар, Жаңыла көрме,
Тілім деп,
Санасын жаулап алғандай Аруақ біткен дүбірлеп Аспанға қарап,
Қол жайды Қос алақаны... Дірілдеп...
Абылай тұрды Сұрланып,
Кім шəйіт кетер, Кім қалып,
Жау іздеп келген Кекті қол Амалы құрып, Тұр налып...
Жасанып келген қазақ жасағына қарап, Келдемұнараға қышпен қаланған Барақ батыр басы мұң шағып тұрғандай болады:
- Адамның басы –
Алланың добы.
Доп болып ұшты кəллəнің көбі... Ақымақ ашу,
ақылды өлтіріп,
Арбадың мені, алдадың мені...
Ертістен өттім –
Ерленіп өттім,
Жалғаннан өттім – шерленіп өттім. Тірімде Көкжал Барақ едім ғой, Өкінішімді өңгеріп өттім...
Күршімді кештім – Күрсініп кештім, Шалқақтап кештім, Қырсығып кештім.
Фəниде демім дауылдай еді, Бақиға... мəңгі тұншығып көштім.
Сауырдан астым, Қалбадан астым,
Жау қуған шаңды жолдан адастым, Шыққан үшпағым – осы болғаны, Күйігі өртеп тұрғандай қазір – Соңымда налып қалған алаштың...
Келдемұнара –
Кегіме тұнып,
Келе жатқандай керіле тұрып, Ызалы қолдың ашуы дарып – Кесілген басын іздеген денем Кетердей қазір
тебіне тұрып...
Самалын жұтқам Сағым даланың, Үйреніп өскем Шағылдар əнін.
«Көкжарлы Көкжал Барақты алдым» деп, Мақтағандары-ай,
кеудесі ісіп,
Нəдір бала мен Сəдір баланың...
Ауыл жайлаған Бөктерім қайда, Долданып кетер көк перім қайда? Қалмақты қырып, үрейін алған Мақтанға бөккен өткенім қайда?!
Қанды қырғынға қағынып кірдім,
Қаһарлы жаудың кəрін ықтырдым. Кеудемнен ұшқан ызғарлы кегім
Қалың ғаскердің тамырын буып,
Қырғын ұрысты сағынып тұрмын...
ІV
Таң біліп келеді, – Қанды бүлік келеді... Əтекенің ғаскері
Сəл құбылып келеді.
Таңнан нəсіп – керегі, Жалмаңдасып келеді Нəдір бала қосыны Маң-маң басып келеді.
Сеніп, күліп, келеді, Еліктіріп келеді – Сəдір бала əскерін, Бөріктіріп келеді.
Жау жасағы қаһарлы – Келе бұзды қатарды. Күркірейді күндей боп, Танытардай атаңды...
...Жалаңаш баба келді хан қасына,
– Пенденің түскені жөн тəубесіне, Көрінді жау қарасы, есіңді жи, Шақырып батырларды ал қасыңа.
Қайғыңды ханым, сеземін, Өртеніп тұр-ау өзегің.
Сəске ауғанша амалда, Келеді сосын кезегің.
Сəскеге дейін жау басым, Сəске ауған шақта – жауға сын. Тілімді алсаң, тапжылма, Көресің сəске ауғасын.
Оғанға дейін біреуің Дұшпанға қарай бармасын, Қолына қару алмасын...
V
Жарақтанып қол келді – Қабатталып сор келді. Жаудың бетін Абылай – Қарап, бағып көрген-ді.
- Ей, Ер Жауғаш, Ер Жауғаш, Сөзің сынап көр, Жауғаш Ақкөзденген дұшпаннан Бітім сұрап кел, Жауғаш!
Түс ауғанша тұралық, Күш ауғанша шыдалық. Қарап тұрып қырылмай Амал-айла қылалық...
Деп, Абылай қозғалды –
Ойы топтан озған-ды. Қоралас ұлы ер Жауғаш
«Лəббай» деумен сөзді алды...
Жау тұсына келген-ді, Бітім сұрап көрді енді. Нəдір бала мастанып, Өз буына тербелді.
- Мен –
Көкжарды Көкжал Барақты алдым, Жалғыз көзді қарақты алдым.
Намысы қатты қазақсың. Сонда қайда қарап қалдың?!
Қалың қазақ қолын қырдым, Қызыл қанға шомылдырдым. Ажалыңа тап келіпсің –
Сорлы қазақ – сорың бұл күн!!!
Бітім қылу арман болар, Елдестірмек жалған болар. Сүйегіңе бата жасап,
Құзғын менен қарғаң қонар...
...Нəдір бала мақтанады, Сəдір бала баптанады. Тек Əтеке, күдік ойлап, Алдын ала сақтанады.
«Бұл – немене еріккені, Не деді екен көріпкелі. Сарыарқадан Шу бойына Бітім үшін келіп пе еді?!»
- Сөзім тыңда, Нəдір бала, Асқақтама, сабыр, бала!
Абылаймен тайталасып, Сынар деймін, сағың бала!
Ол Абылай – қалмақты алған, Қасиетімен салмақтанған.
Бұл-дағы бір сұм айласы, Болар істі барлап та алған.
Қуып келді Барақ кегін, Сапқа тізіп санатты ерін... Айла-амалы артқан ханды, Бір қорқаққа балап па едің?!
Мен көргенде – пірі мықты, Бір сенімге жүгініпті.
Абылайдың мың айласын Кім байыптап, кім ұғыпты?!
Тоқтау қылам, тоқта бала, Түсесің-ау, отқа бала!
Дарақылық опа бермес, Сəл ақылың жоқ па бала!!!
- Əтеке, неден шошыдың, Үркектеп қалды қосының, Ұрандап шабар тұсымда Ұнамай тұр-ау осының...
Əтеке, неден үріктің? Қызығын көргін бүліктің, Қызынып келген қазақтың Қызуын келер қырыққым.
Белуардан қанын кешкенмін, Барақтың басын кескенмін. Əулие деп ең біздерден Əтеке, неге сескендің?!
Жауымның құтын қашырып, Бағымды тұрмын асырып, Келдемұнараға келіпті Ажалдарына асығып...
Қаһарым демін тұсады, Қорыққанға ұсады Барақтың кегін алам деп, Барақтың жолын құшады...
...Қосыны жаудың сөгіліп, Əтеке кетті бөлініп.
Айтқанын ұқпай басқаның, Мақтанды Нəдір не біліп...
Көнбедің бала, текке деп, Əтеке кетті өкпелеп.
...Сəске де ауып, бір кезде Қалың қол келді бетпе-бет.
Қамданып қазақ жасағы, Адымын алға ашады, Жалаңаш жерден топырақ ап, Жауына қарай шашады.
...Құлан адасқан шаң болды, Аттың бауыры қан болды.
Жан аяспаған қырғынға, Шу атырабы таң болды.
Қу адасқан тұман-ды, Қазақтар салды ұранды Шулаған Шудың толқыны Қып-қызыл қанмен шыланды.
Осы ұрыста Нəдір бала, Сəдір бала бастатқан сегіз ұлымен бірге жүрген , жасы 88-ге келген қырғыз Жайылхан қарттың Абылай қолына түскендегі сөзі:
- Қазақтай елдің ханысың, Тарапқа кеткен дабысың.
Қапыда кетіп күңірендің, Көкжал Барақтай арысың.
Əкелген атақ əр ісің, Алаштың сен бір бағысың, Қалың қолымды қаусаттың Барақтай ердің қаны үшін...
Абылай деген даңқың бар, Соңында – қазақ халқың бар. Шалқақтағанға еңкеймес Ерлік пен өрлік салтың бар...
Жайылхан деген қартыңмын, Кəрілік жетіп алқындым.
Сексен де сегіз жасымда Ызаңа сенің шарпылдым.
Сегіз ұл атқа мінгесін Желігіп топқа кіргесін Бірге де жүрсем деп ердім, Білекке қару ілгесін .
Мұсылман едің дінің бір, Қаза да берсем түбің бір Сегіз баламның кенжесі – Сегіз жастағы ұлым жүр.
«Қанға – қан» деген сертің бар, Кеудеңді шалған өртің бар, Тұқым құртпассың, Абылай, Не қылам десең еркің бар...
...Осылай Абылайға сөз арнады, Қалың қол Абылайдан көз алмады.
Кəрінің кемсеңдеген бұл сөзіне Қаһарлы хан Абылай төзе алмады...
- Сəтті боп, оңғарылған сапарым бар, Жауыма айбын болар атағым бар, Кенжесін сегіздегі аман-есен
Еліне Жайылханның апарыңдар...
VІ
Дала...
Дала...
Өңі қашып.
Жел безеді жонын асып, Шу өзені өксіп жатты, Арнасынан толып, асып...
Аңғарына мұң іркіліп, Ағынында – ғұмыр тынып, Жағалауды ажал жайлап, Ойлайды Шу бүгін күдік...
Сынған найза, қанды жебе, Қажетсіз боп қалды деме, Келер күндер не боларын Түн біле ме, таң біле ме?!
Қанды қасап – қырғын өтті, Дала жүзін күлгін етті.
Аспан терең күрсінді бір, Тау тұлғасы дір-дір етті.
Құлазыды құла дала, Қайғы қалды бұл арада.
Кеудесіне қан ұйытқан Пендесінен құн ала ма?!
Күн-керуен көшті егіле, Зиярат қып естегіге.
Күңгірт көзін көкке қадап, Уақыт-абыз «кеш» деді ме...
Бұлт көз жасын іркіді,əні,
«Кім кінəлі, кім кінəлі?» Осы сауал шулы Шудың Толқынында бұлқынады...
СЫНҒАН СƏУЛЕНIҢ ШАҒЫЛЫСУЫ
Телепоэма
Қалилла Омарға арналады
I
Кiрiспе
Қазақтың киiз үйi. Көшпелi өмiрдiң символы. Тек осылай ғана ма?
Ғалымдар үйiнде болған басқосуда ғұлама ағам қынжы- лып айтты: – Тiптi атақты Тоинбидiң өзi жалпы адамзаттық мəдениеттер мен өркениеттер дамуын зерделегенде жасам- паз түркi рухы туралы бiр ауыз сөз жазбаған көрiнедi.
Тарихшы жазбағанды суретшi жазады.
Сол сəт көз алдыма көне Шумер топырағынан табылған тақтайша оралған. Онда қазақтың киiз үйi бейнеленген-дi.
- Иə, кəдiмгi киiз үй.
Арада бiрнеше мың жылдық өтсе де сыны бұзылмаған сол сұлу қалпы.
Тарихқа түзету енгiзген көнекөз суретшiге рақмет! Жебiрей шалы «Тарих Шумерден басталады» дейдi.
Нұх пайғамбардың прототипi Зиусудраны сомдап, дала ұлы мен қала перзентiнiң достығын эпостық сарында баян еткен шумер дегендерiмiз кiм сонда?
Деректер «Алтай жақтан келген көшпелi халық едi» дейдi. Тiл ұшында жаңа тұжырым:
«Тарих Алтайдан бастау алады». Кiм бiледi, көнекөз ақын
«Бiлгемеш» эпосын алғаш рет əлдебiр тылсым күштiң құ- дiретiмен кiндiгi кеңiстiкпен байланысып жатқан киiз үйдiң iшiнде, терi бөстектiң үстiнде отырып жырлаған болар?
Бiз сауал жауабын бiлмеймiз. Тарихқа тiл бiтсе не айтар едi?
II
Көз алдыңда көшпелi тұлпарының айқыш-ұйқыш тұяқ iзi түскен əлем картасы. Сен бiр кезгi бабалар мұратын бүгiнгi дəуiр екпiнiмен жырлауға талпынасың:
Жорық сарыны
Əр жолы жесiр қаралы, Əр жолы бiтеу жаралы, Мұң-зарын керең есiтiп, Көре алар соқыр жанары. Көзiне жас ап құдай да, Бас изер риза шырайда,
Жанымның жайын түсiнген, Өлер ем өлең үшiн мен,
Қас батыр сынды майданда, Атымның ауып айылы, Басымнан бағым тайғанда. Содан соң менi арулап, Қояр едi қырдың төрiне.
Өлеңнен шапан жапқан ұл, Осы едi деп көне елiне.
Басыма келiп иiлiп,
Тұрар едi-ау бастар салмақты, Төгiлер едi ақындар, Көңiлiнен ниет арнап бiр, Төгiлер едi көз жасы,
Көрiнер едi жас өскiн. Ардақтар едi-ау ақын деп, Ата жауым да аты өшкiр. Жатар ем солай жайланып, Қыздырып қырдың шекесiн,
Сезiммен қиып ең iзгi
Аспан мен Жердiң некесiн. Жарықта Күнмен қоңсы боп, Түн болса Айға айналып, Жатар ем, маза бермейдi Жатқан қол ана сайланып.
Батысқа жазық даланың, Саумалы болып құйылар, Осынау қолдың жаны еркiн, Екпiнi лептi күйi бар.
Қол барда көңiлiм торықпа, Жар жырым тыныш жата тұр, Батысқа бастар жорыққа, Керек сол қолға баһадүр.
Бабалар өткен жолменен, Батысқа бастап барам мен. Жаулаймыз бiздер бiрақ та Қылышпен емес, қаламмен. Шығынсыз болмас бұл жорық, Жан шықса шейiт емес пе, Ақын ем, ендi амал жоқ
Батыр боп тудым демеске. Аруағын елi ардақтап, Ұлына қояр есiмiн, Сүйегi батыр ұланның Шет жерде қалса несi мiн. Осылай жаным жеткенде Шетiне өмiр көшiнiң, Құдайдан емес, о, Өлең, Сұрар ем сенен кешiрiм.
Қарақшыдай емес содан соң, Жүретiн жалғыз жол торып, Жұмаққа бiздер кiремiз, Кiремiз қалың қол болып.
ҚАЗАҚТАР!
III
Түркi тұлпарының тұяғы қай тарапқа тартпады. Ауыз- дықпен алысып тұрып Қосөзеннен су iштi. Палестинаның тасты көшелерiнде түнгi аспандағы Айға қарап кiсiнедi. Сəн-салтанатпен Римге кiрдi. Жылқы моласын қазақ дала- сының қай қиырынан да ұшыратуға болады. Солардың бiрi Қорғалжың маңында.
Жылқы моласы
Таңертең Париж қонағы, Дайын тұр Мəскеу қонарға; Ғаламның тоғыз торабы Жатады ақын табанда.
Тартасың төте Пекинге, Қол созым жерде Сеулiң. Дауыл мен желдiң өтiнде, Жатады өтiп өмiрiң.
Болсаң да бейбiт тiрлiктiң Əлемге елшi солдаты Күтедi қақпай кiрпiгiн, Бiрақ та сенi Алматы.
Еске алып ақын көшесiн, Парижде өзiң сандалған Ұйқыға сосын кетесiң, Əлдилеп тəттi жанды арман. Ал мынау Мəскеу жерi ме, Шарпылған талай жалынға. Аспан көз ұлдың елi ме Айналған жаны қайыңға?
Маяковский жатыр осында, Есенин, Блок – ақындар Басында құран оқуға Мұсылманшалап та болсын Хақың бар.
Жасырма, не бар ойыңда, Арабшаңды да мұнда бiледi. Жөкелi жолдың бойында Жымиып Пушин күледi.
Бiрақ сен қазақ дiлiмен Жаназа шертiп тұрасың... Өзiнiң ана тiлiнде Жыласа ақын жыласын.
Ақындарды сыйлау орынды, Сыйлаған болды-ау жобасы. Дейдi екен мына қорымды Өзге емес «Қыздар моласы». Тасады көңiл қыз десе, Ақынға өзге не керек.
Рухани бауыр iздесе,
«Қыз моласы» десе шегелеп. Қас-қағым сəтте табатын Таксис те
Бөтен қалалық.
Мəскеуге барсақ, бауырлар, Қорымға осы соғалық!
Мүлгiген ойлы қорым да, Өмiрдей аты əдемi,
Серi ұлға көршi орында, Сенiң де жатқың келедi. Бiрақ та дала шақырар, Шақырар сенi қайтадан. Өз елiңде ақын ақын əр, Кесесiн шабыт шайқаған. Ұлы өмiр алдан күтедi, Ауасы болып даланың, Үстiрттiң болып түтегi, Қиялы болып баланың.
Алматы сынды шаһарда Екi-үш күн ғана аялдап, Шығасың сосын сапарға Далаға қарай аяңдап.
Күтедi сенi ауылда, Меймандос халық бiр қауым. Ырғақпен жеңiл, ауыр ма Парыз сол елдi жырлауың.
Ордасы осы қыпшақтың, Арғымақ аттар мекенi.
Бағзы заманның қыр жақтан,
Кiсiнеген үнi жетедi.
...Кешiргiн, Париж, Мадрид, Тас көшелерi думанды.
Билерiңе құйын жан ұйып, Күтсең де қаншама қуманды. Бəрiбiр елге тартады, Даланың тентек немесi.
Осылай болған, Болады
Ғасырларда да келесi. Кешiргiн «Қыздар моласы», Мəскеудiң көгi рухты.
Сендерге де дала баласы Тағзым ғып келiп тұрыпты... Жолдары жұмыр жерiмнiң, Арынға ерiк берiңдер!
Қуалап сайды-саланы, Қорғалжың жаққа келiңдер! Өткен күн. Жетсе батылы Оны еске алмай бола ма?
Шығару керек ақының Жаназа «Жылқы молаға» Жау шапса жебе алғашқы Тиетiн ақын, батырға Болыпты мұнда оқиға Жылқыға қарай атылған. Қан қылып төсiн қыраттың, Далаға аза шектiрiп,
Басында Жалманқұлақтың Жатыпты жайрап тектiлiк. Арғымақ барда даланың, Өр ұлын жауы алған ба?
Жауыздар айла-амалын, Жылқыға сапты салғанда. Жайрапты жылқы ақындай, Жайрапты жылқы батырдай, Төрт жақтан зiкiр пулемет, Тұрыпты дейдi сақылдап.
Жолдары жұмыр жерiмнiң, Арынға ерiк берiңдер, Қуалап сайды-саланы, Қорғалжың жаққа келiңдер. Келiңдер бəрiң жиылып, Қасiретiн қырдың көрiңдер. Əуен боп сосын құйылып, Жаназасын шырқап берiңдер. Жоқ бiзде «Қыздар моласы», Ақындар көршi жататын.
Болмаса «Жылқы моласы», Аяздай жанға бататын!
Кенет түйсiкке сəуле түседi. Сен көне гректердiң дала пер- зентiн неге кентавр деп атағанын ендi түсiнгендей боласың. Адам бейнелi, жылқы кеуделi жан. Бəлкiм жылқы жүректi.
Дала тарихында нағыз ақын жылқы жүректi болған. Батыр да солай. Жылқы жүректi. «Жылқы моласы» «Ақындар мен батырлардың» моласы. Бұл мола, қазақ даласында Ақмола өңiрiнде, Қорғалжың маңында 1928 жылы пайда болды.
IV
Қазақтарды құрту жоспарлы түрде жүргiзiлдi. Жылқыға тиген қасiрет жылқымiнез халыққа төндi. Аузын арандай ашып жұт келе жатты. Қолдан жасалған жұт.
2,5 миллион адамның тағдыры. Бұл жұтта, бiр ғұмыр сөн- се, жұлдызы қоса ағады деген сөз рас болса, қазақ даласының аспаны жұлдыздарының тең жартысынан айырылды.
Жұт
Қаракөз арман қамығып, Қызылкөз ажал құнығып, Үмiт жоқ, мын сан қасiрет Жүрекке кiрген сұғынып. Сонау бiр жылы
Далада Аштықтан
Жатты ел қырылып. Бiр қадақ бидай – нан үшiн,
Бiр шөкiм тары –
жан үшiн
Арулар түрiп етегiн, Батырлар қиып намысын.
Ұяттан Рух өртенiп, Емшектен сəби перiште
ақ уыз емес, дерт емiп,
Күңiренiп шықты күй бiткен, Домбыра шанақ түбiнен, Дүниеге мынау шер төгiп Берiлдi ерiк нəпсiге,
Қараған күнi тəспiге Селкiлдек шалдар қутыңдап, Бозбаладан ары, жыртыңдап Айдаладағы ақ отау
Он екiдеге өрiм гүл, Астында жатты қырқылған.
Сыймаса өлiк далаға, Сыймас боп кеттi молаға. Басқаға тiл, жақ келмедi, Келмесе жалғыз тобаға! Таба алмай амал сасқанда, Тiстедi тiлiн Аспан да.
Теңселiп кеттi таулар да Көлеңке қырдан қашқанда. Қайғыдан кеттi жарылып, Дiл, дəтi берiк тастар да.
Кеудеден жанды, жырды ұрлап, Жұлдыздар ақты мың-мыңдап. Қол ұшын созу орнына
Тас қала жатты тың-тыңдап. Қатыгез жандар қабағы, Құзғын көзiмен қарады.
Даламның шеккен азабы, Оларды түбi табады.
Сол үшiн сенi жек көрем, Сол үшiн əлi кектенем, Сортаңды жердiң баласы, Далама келiп көктеген.
«Бəрi аман бiзде, Тыныштық.
Түземдiктермен ұғыстық. Идея үшiн, ой үшiн Жатырмыз бəрiн дұрыс қып». Даланың ұлын қорласа,
Өзге емес, ол да жолдас-ə. Осылай жазды қасапшы, Мəскеуге қағаз жолдаса. Сезiммен бiр кез үсiген, Бəрiн де бүгiн түсiнем.
Қыранға тұзақ құрыпты Пиғылы қарау күшiген. Көңiл айт, Мəскеу, Далаға, Сол күннен қалған балаға,
Ашыққан қасқыр секiлдi Қаймықпай кiрген қалаға. Кешсе де бастан не күндi, Болашағына сенiмдi, Құттықтап қойсаң болады Қазағым, туған елiмдi.
Иə, солай!
Бүгiн жарқын күн! Ашылып бағы халқымның Қонақтап жатыр кеудеге Зар-қайғы емес,
Алтын мұң! Алтын мұң! Қандай əдемi.
Бұл халық деген себебi Ұрпағы көкжал бөрiнiң, Қазақтың қайсар өр елi. Сенемiз келер заманға, Жазылар толғау дастан мың. Сөйлейтiн халық аманда, Тiлiнде Тəңiрi Аспанның!
Бiр қадақ бидай –
нан үшiн,
Бiр шөкiм тары –
жан үшiн,
Бiрақта қайтiп жұбанар Қиылған батыр намысы?
Қазақтарды құрту табанды түрде жүргiзiлдi. Жұтты мо- йындамағанды репрессияның қасап қолы күтiп тұрды.
V
Еске Мағжан оралады:
«Дала жұмбақ
Бала жұмбақ»
Ақын тағдыры да жұмбақ. Ресми түрде ақын қайтыс бол- ған жыл 1938 жыл деп жазылады. Солай ма? Замандасы ақын- ды Қиыр Шығыстағы көп лагердiң бiрiнен ұшыратқанын баяндайды. 1938 жылдан көп кейiн. Тiрi ақын өлең жазбауы мүмкiн емес. Қайда Мағжанның соңғы өлеңдерi-i-i??? Тарих тағы да тiлсiз.
Көктем. Ақ жауын.
Табиғат поэзиясы тамаша кеш өткiзiп жатыр. Ол моласы белгiсiз əдемi де мұңлы ақын тағдыры туралы жырлайтындай.
Ақынның соңғы өлеңдерi. Бiр өлеңi. Ол қандай болуы мүмкiн? Сен iштей күбiрлейсiң.
Анаға хат
Кешiр, Апа, Ұлың сенiң Ұлының ойын емес
Сөзiн айтса баланың.
Осы менiң шырқап салар бар əнiм, Сенiмiм де –
Сəби пейiлi сананың Кешiр, Апа, Қоналқада бес күндiк,
Ақын болдым арыны мол, ес кiрмес
Жанардағы жасты сүрткен Жаратқан,
Деп сендiм де басымды да кестiрмес. Кешiр, Апа,
Жанды жалған арбаса,
Ақын болып от кешкенiм далбаса. Мен ешкiмдi алдағам жоқ,
өзге үшiн
Өзiмдi-өзiм алдағаным болмаса. Қуан, Апа!
Көкке құмар көңiлiм,
Өлең болып өткiзуде өмiрiн.
Қос өкпемнен қысқанымен ащы тер, Алдаған жоқ
Сəби пейiл сенiмiм. Сүтпен сiңген қасиет Сүйекпен шығады.
Қазақ өлеңi қасиетiнен айырылмаған жерде Қазақ ойына да шарлар кеңiстiк табыла бермек. Кiм бiледi? Бəлкiм адам баласының болашағы да осы кеңiстiктiң мазмұнымен ай- қындалатын болар.
VI
Ақ-қара деп алалап жатпайтын уақыт үшiн жарты ғасыр қас-қағым сəт қана. Ал бiр ұлт үшiн дəуiрлеу кезеңi болуы мүмкiн. Дəуiрлеуi дауылды тұсқа тап келсе ше?
Ғасыр басында қазақ халқы бəрiн туады – ақынды, батыр- ды, дананы.
Өр халықтың жұлдызды сəтi iспеттi осы тұс патшалы Ре- сей екi жарым ғасырда митыңдап əрең жүрiп өткен жолды қазақ халқы отыз-қырық жылда басып өтуi мүмкiн екенiн байқатып едi.
Ақын ғылыммен, ғалым əдебиетпен айналысты. Қоғам қайраткерi психологиямен шұғылданды. Геолог тарихқа ден қойды.
Бұл табиғи эпостан тарихи эпопеяға өрлеу едi. Қазақ ойы қандай да бiр өркениеттермен терезесi тең бес қаруы сай тартыса алатындығын аңғартты.Бiрақ ақынды, батырды, да- наны туған халық аңғыртты, ақымақты да туады екен.
Ақынның басын ақымақ алды. Батырдың түбiне аңғырт жеттi. Дананы дəлдүрiш мазақ қылды. Қазақ халқы саяси
инквизицияны бастан кешiрдi. Табиғи даму жолынан ауыт- қыды.
Пайғамбар жасына келген жазушы ағам «мен Мiржақып, Жүсiпбек, Мағжанды уақытында бiлген жоқпын, бiлгенде басқашалау жазар едiм ғой» деп күрсiнедi. Бiз де басқашалау жазар едiк, Аға. Ақын рас айтады. Эпос ерлерi екi жарым ға- сырға кешiгуде. Болашақ эпопеяның кiрiспесi трагедиялық сарынмен жазылатындығы өкiнiштi.
Соңы қайырлы болғай! Тек рух алдында ғана тiзе бүгуге болады.
Соңғы жыр
Уа, Аруаһ!
Қалмасам да тұралап,
Бiздiң бастан ұшады ендi сiрə, бақ, Ақының боп аңырайын соңғы рет, Соңғы сөздi Тəңiрiмнен
Сұрап ап.
Жатыр жайлап өмiр көрдiм, Өкiнбен.
Басым байлап өлiм көрдiм, Өкiнбен.
Түз жұртында ақын болдым, Өкiнбен.
Қыз-қырқынға жақын болдым, Өкiнбен.
Сөзсiз мыңға татыр болдым, Өкiнбен.
Көзсiз жəне батыр болдым, Өкiнбен.
Өз елiм ғой, Тұлпар түгiл есегi,
Озсыншы деп елеңдедi ес тегi, Батқан күннiң атар таңы бар ғой деп, Өкiнгем жоқ сатқанда да дос менi.
Төзiм шiркiн болмаса да темiрден,
Еш өкiнбей өту үшiн өмiрден, Қаны қара жауыма да қасқайып,
Қарап тұрдым тауға құмар көңiлмен. Тəңiр берген теңiмдi де тектi ғып, Ару сүйдiм жанға рахат шектiрiп.
Шыбығымды қадап кеттiм жəне мен, Қос алма тау, жатыр дала деп бiлiп. Басты қылыш қаққанымен,
Есiмiм
Талайға əлi сұратады кешiрiм,
Бес күн жалған арман болды, амал не, Ешкiмге тек тие көрме кесiрiм.
Бiттi бəрi,
Баяғыдай болмайды.
Өз iсiне жауапсыз жан оңбайды. Басым ұшты, өкiнгем жоқ,
Тек, əттең,
Жендет қолы қалтырады – сол қайғы.
VII
Бiрде автокөлiк iшiнде келе жатып кездейсоқ əңгiменiң куəсi болдым.
- Репрессия жылдары қазақ зиялы қауымын түгелдей отап тастаған. Халық ендi-ендi жоғын түгендеп, еңсесiн кө- теруде, – дедi əдемi бойжеткен.
- Рас. Бiрақ толыққанды ұрпақ жетi атадан кейiн ғана дү- ниеге келеді. Басқа басқа, биология ғылымының өзi осындай пiкiр айтуда. Яғни, келесi ғасыр бiздiкi болады. – Бойжеткен əңгiмесiн бозбала осылай түйiндедi.
Келесi ғасыр бiздiкi – қазақтiкi. Эпос эпопеяға ұласар ға- сыр. Тiлге өлең оралған.
Эпостан эпопеяға
Ғажап ғасыр,
Адам ұшты аспанға,
Атом сынды бөлшектелдi дастан да. Ғалам жайлы мол мəлiмет беруде, Ғарыш жақтан қаңғып келген тастар да. Бiр кез Жердiң екендiгiн домалақ, Айтамын деп отқа түскен,
Обал-ақ! Жаңа дəуiр,
Көкжиекке жол ашты
Ғылым тасы бүгiн өрге домалап. Сана бар ма,
Санасы ояу жан бар ма?
Жұлдызда анау жымыңдаған заңғарда. Бұл сауалдың iздеп жатыр жауабын Адам миы таңдарды ұрып таңдарға.
Марстың да құпиясын ашар күн, Жақын, жақын!
Жасампаз ел жасанғын... Əлдебiр жан Жұлдыздардың бiрiнен
Тапты дей ме Жерұйығын Асанның?! Шынға айналса Асан шалдың арманы, Аңызыңның түбi шындық болғаны.
Сенген бабам жұмаққа алып барад деп, Кең даланың тарам-тарам жолдары.
Сенем мен де,
Болса болсын ертегi,
Ертегi ол – Отанымның ертеңi. Бақытты өмiр орнатуға жер бетi, Керек бiзге қиялдың да көркемi! Керек бiзге жан-дүниенiң сұлуы, Жүректердiң бiрiн-бiрi ұғуы.
Қай ендiк,
Қай бойлықтарда болса да,
Қол алысқан алақандар жылуы. Түпсiз ғалам тұқыртқанда ақылын,
Өлiм демей, өмiр десе батыл үн. Еш қысылмай,
Сарынымен эпостың
Жырлап берер оны дүлдүл ақының. Əне, солай,
Сенiм барда жоқ күдiк.
Қоя алмаймыз жанды мұңға шоқтырып. Керек болса,
Ең бiр қорқақ жанды да, Жiберемiз қаһарман ғып, Отты ғып.
Ай-һай! десең көңiл сайрап кетедi. Келер ұрпақ салиқалы, жетелi Жердiң бетi жаңалықтар мекенi Десе,
Бiзге,
Мiне, сол да жетедi.
Сол үшiн де күресемiз күн демей, Сол үшiн де күресемiз түн демей, Соның бəрi мойындағы парыздай, Ерлiк iске,
Барамыз біз, Үндемей.
Ғарыш жақта адамзатқа ортақ ұл, Шырқап жатса қазағымның өрт əнiн, Есеп сызған академик ғана ма, Сенiң де онда
Үлесiң бар шопаным.
Сен емес пе ең алғаш көктi барлаған, Сен емес пе ең қиялыңмен самғаған. Ертеңiңдi ойлапсың-ау сонда сен, Ертегiсi шынға айналған жан бабам. Адам ұлы кеңiстiктi жауларда, Зымырандар көкке қарай зауларда, Байқоңырын
Ай төрiмен жалғаған Далам,
Сенiң
Құдiретiңе дау бар ма? Аруақтым!
Тəңiрi елiм! Қазағым!
Өзiң жайлы, болмас үшiн мазағың, Басқа мақам керек емес,
Көнекөз
Эпостардың сарынымен жазамын. Сенем соған,
Болса болсын ертегi,
Ертегi ол – Отанымның ертеңi. Жер бетiнде бақытты өмiр жасауға, Керек бiзге қиялдың да көркемi.
Көзiн тiксе тұңғиыққа, алысқа, Ақ жол тiлеп азаматқа, Арысқа,
Таңдап жүрiп ерлiктердiң ерлiгiн, Оның өзiн саламыз бiз дауысқа. Жұмаққа жол жер арқылы барарын, Өр үнiңмен айттың халқым, Нанамын!
Керек бiзге жырланғаны сенiмнiң, Керек бiзге нұрланғаны сананың! Мiне, осылай,
Шандып тастап шекенi, Азамат ұл ертеңге еңбек етедi. Қашаннан да сезiм алау,
Ойы өрт. Бiздiң дала –
Шабыттардың мекенi. Сөз соңында
Дiр еткiзiп жүрегiн,
Айтады ақын сол халқына тiлегiн. Сенiкi деп
Бағым болса маңдайда, Сенiкi деп
Бiлегiм де, бiлерiм.
Дала ұлы алға қадам басарда, Не болмаса,
Зор жаңалық ашарда. Той үстi ме, ой үстi ме, Бəрiбiр
Толғана алар жүрегiнiң түбiнде, Осы тiлек жату керек қашанда:
- Досым болсаң Еркiндеп ен
бұл маңға,
Жауым болсаң адасарсың тұманда. Осы менiң Құраным мен Ұраным,
Қысылғанда қайыратын дұғам да. Шежiре айтар қошқар тұмсық тастары, Алпыс өрiм, тоқсан тарау дастаны.
Жер бетiнде
Қазақ дейтiн халық бар,
Сол халықтың ашық болсын Аспаны!
НИЕТҚАБЫЛ
Əлқисса, сөз бастайын бүгінгіден,
Дей алман: «Заманымның сырын білем». Білерім, дəмдес болған көп шалымның Бүгінге көзқарасы қырын кілең...
Бойымды билесе де аз ғана мұң, Мен кейде болмашыға мəз боламын. Мəз болмай, күйінгенде не табамын,
Жақсы-жаман болса да – өз заманым!
Бабамның сүйенгені өрлік екен, Атамның көргені көп қорлық екен.
- Заман қиын боп кетті! – деп жылайды ел, Ай, өзі жеңіл заман болды ма екен?
Жандарда жақсылыққа жаны құштар, Өмірге деген мəңгі сағыныш бар.
Атомнан əлдеқайда күрделірек, Адамның ішіндегі жарылыстар.
Талайдың тасқа соғып... мұзбалағы, Кеудесі жұмыр жердің сыздағаны...
...Ақынның жүрегіне малып алған, Қаламнан əр заманнан із қалады.
Бойжеткен, көмкерілген гүлге етегі, Тыңдаңыз, бозбаламен бірге тегі.
Естіген біреулерден əңгіме емес, Өзімнің көзім көрген сурет еді.
* * *
Бір ер бар Шамалғанда, аты – Түгел, Мəрттігін жақын түгіл, жаты білер. Содан ба, қалтасының түбі тесік, Ешқашан болған емес, заты түгел...
Бұл емес, төр толтырар жайсаңыңыз, Жер қозғалса қозғалмас байсалдыңыз. Əйтеуір, заты – қазақ...
Қимасаңыз:
«Қаңғып келген оралман» – дей салыңыз.
Ісі жоқ, патшада да, басқада да,
«Шүкірі» – жақын қонды астанаға. Біреудің үйін қалап, малын сойып, Табады нəпақасын қасқа бала.
Кейде шын деп түсініп əзілді де, Құрбылардың тыңдайды назын күле. Ешкімнің де көңілін қалдырмайды:
«Иə, мақұл», «Е, жарайды...», «Қазір, міне...»
Бек сеніп жапырағын жаярына, Əкесі құда түскен баяғыда.
Зайыбы ұялшақтау бала еді бір, Ныспысын атамай-ақ қоялық, ə?.
Үйі бар адамдарға қызығысып, Кей-кейде көңілдері бұзылысып... Қабағы қисайса да қожайынның, Қисық тамның түтіні түзу ұшып.
«Қосылып қалған екен бастарыңыз, Ал, қане, ашық болсын аспанымыз...»
Пейілі мұндай үйдің кең болады, (Пəтерде тұрған кезді еске алыңыз...).
Қонағынан түгі жоқ аяп қалар, Келген кісі ылғи да жай аттанар... Бұл үйге келген жанның тілегі де:
«Шілдехана болсын...» деп аяқталар.
Осы сөз əкелердей оларға бақ, (Саған қарап, біресе оған қарап).
«Əмин, əмин...», – дей бере... қысылып қап:
«Құдай берсе...» – дер сосын төмен қарап.
Əуелде деген де жоқ мұны – қайғы, Ай артынан қарсы алар күліп айды.
...Күмістей тұяқтарын жалтыратып, Жанынан киік-күндер зымырайды...
* * *
Ал, енді не істейсің, қасқа Түгел?
...Бұл енді кешегіден басқа Түгел. Жанашыр, ақылшы да көбейіп тұр:
«Тумайтын бұл қатынды таста, Түгел!».
...Əлгі сөз бойындағы күшті ап қалып. Кеудесін əлсін-əлсін ұстап, налып.
«Түс қыла гөр, құдайым...» дей береді, Махамбет атасына... ұқсап бағып.
Жұрт құсап жүре алар ма жайнап енді, (Қарамай қойды тіпті айнаға енді...)
...Түсі емес, өңі екенін айтып-ақ тұр, Қарасұр келіншектің қаймақ ерні.
Дəрігер (...мейірімнен жұрдай ма екен?..) Көңілге қарап тіпті тұрмайды екен.
Түгел түсінбей-тұғын көп сөз айтты, Түсінгені: «Қатыны тумайды екен...».
Ышқынып, орынынан түрегелді,
«Болашақта... Бəлкім... Кім біледі, енді...» Жаутаңдап, əрі-бері қарап еді,
–Үміт жоқ! – деп бұрылып жүре берді.
Ал, енді не істейсің, қасқа Түгел?
...Бұл енді кешегіден басқа Түгел. Жанашыр, ақылшы да көбейіп тұр:
«Тумайтын бұл қатынды таста, Түгел!».
Түбіне жете алмайды сан ойлана,
...Құшағына енетін арайлана. Талай жыл тату-тəтті тұрып келген, Келіншегін қияды қалай ғана?
«Қараман, дұшпан түгіл, дос күлгенге, Мінеки, осылай деп шештім мүлде!»
...Бұл ойдың да шегесі босай берер, Көрші үйден сəби даусы естілгенде.
Санасын селт еткізбей жайнаған бақ, Салады сосын тағы ойға қармақ:
«Ал, жақсы, бұл үйленсін... (Жұртты ырза ғып) Қыздай алған жар сонда қайда бармақ?»
Артында қалғаннан соң əйел жылап, Алдынан күтер дейсің қай ерді Бақ. («Еркектер сүйе алмайды!» – дейтіндер бар, Ай, шіркін, не демейді əйел бірақ...).
...Сырт көзге ештеңе де байқалмайды, Көрген жан өп-өтірік майпаңдайды.
«Үкімін» дəрігердің естігендер,
«Шілдехана болсын...» деп айта алмайды.
Үзілмейді екен ғой ой ішегі, Төзімі бұл Түгелдің қайыс еді...
Кіріп-шығып жатпайды ел бұрынғыдай, Шоңқиып екеуі үнсіз шай ішеді...
* * *
«Балам менің қайда екен?, Қыздарменен тойда екен, Тойда неғып жүр екен?, Өлең айтып жүр екен...»
Бұл үйде ертелі-кеш əн тынбайды, Жүздері жұбайлардың жарқылдайды.
«Түгелдер бала асырап алыпты...» – деп, Үй сыртында қарғалар қарқылдайды...
Ал іште... басталғандай Хақтан бір іс, Шашу шашар, сəуледен, ақ таң, күміс. Пейіштің бір бұрышы сияқтанар, Бесікте бала іңгəлап жатқан бұрыш.
Басылып жүрегінің сыздағаны, Бесікке бір барғанда жүз барады. Жұпар исі аңқыған періштені, Бірінен-бірі кейде қызғанады.
Дүниені енді ғана танығандай. Боғы да көрінетін... сары балдай,
Шақалақ сəл түшкіріп қалса егер де, Екеуі жүгіреді жаны қалмай.
Соңғы рет көз қысқанда таңда Ай-сұлу, Қандай ғажап... ұйқың сəл қанбай шығу.
...Япыр-ай, бұрын қалай байқамаған, Жаялық жуған əйел қандай сұлу!
Екеуі күнде көкте қалықтайды... Баланы қолға алудан жалықпайды. Бұлардың бəйек түрі ене ме екен, Түс көріп жатып, сəби шалықтайды.
Баланың көңілінің хошын табар, Жанды көрсе шаттанып, жошиды олар.
Жолаушым, жер мен көктен іздеп жүрген, Бақытты көргің келсе, осы үйге бар.
* * *
Ай, нені шақырады, мына байғыз, Немізбен ол байғұсқа ұнамаймыз?
...Кететін болса енді кетпей ме екен, Мазаны ап, күні-түні жыламай күз.
Асылық іс қылмап ек, Хаққа налып... Аспан жақтан келді ме... ақпар алып, Керуен-керуен боп келіп, иіріліп, Түнеріп тұрып алған қап-қара бұлт?
Не хал бұл?
Түгел толық ұғынбайды,
Бірде ысып, бірде... бойы жылынбайды. Ішегін тартып байғыз шақырғанда, Жүрегі əлденеге суылдайды.
Жүрегі əлденегі суылдайды,
Бірде ысып, бірде... бойы жылынбайды. Бір тамшы... ешкі сүтін ауызға алмай, Дамылсыз бала неге шырылдайды?
- Ағайын, еркегің бар, қатының бар, Айтыңдар, бізге қандай ақылың бар...
- Ай, мынау күйіп-жанып барады ғой, Дəрігер қайда, ойбай, шақырыңдар...
Дəрігер апай неге үндемейді, Жақсы сөз айтып, көңіл бірлемейді?
«Қорықпаңдар, суық тиген... əшейін» – деп, Үміттің шоғын неге үрлемейді?
Ісінен жеңгесінің шошып қалды, Ол неге əрі қарай... бесікті алды?..
...Соңғы рет иек қағып, шар етті де, Дауысы нəрестенің өшіп қалды...
Тағы да тағдырына қарсы аққан ба... Осылай болар балық сең соққанда. (Егер мені шын сүйген құлым десең, Еркектің жылағанын көрсетпе, Алла).
Барады көз алдында жер дөңгелеп, Тəңірім көмектесер желмен... демеп.
...Молдекең төніп келіп, не айтып тұр,
«А, иə, дұрыс... дұрыс... жерлеу керек...»
Осы ойдан Түгел кенет тірілген-ді, Басына тағы бір ой шұғыл келді.
Көз жасын сүртуді де ойламастан, Шегебай ағасына бұрылды енді.
- Ай, Шəке, үзілгенін көрдің балам, Түбі бір қайтарамын сенгін маған. Ұлымды лайықты жөнелтейін, Союға сиырыңды бергін маған.
Көзінен Түгелжанның жас тамады, Қарауға Шəкең оған жасқанады.
Берер-ау...
Қайтер, бірақ сол сиырдың, Емшегіне қараған бес баланы.
...Былайғы жұрт көңілге қарамайды, ə, (Бұны əлде шын қазаға санамай ма?):
«Ірі қара не керек... нəрестеге, Тоқты-торым сойса да жарамай ма?»
Бұларды Түгел бірақ тыңдамайды, (Жүрегін сан түрлі ойлар жұлмалайды). Бір жылы сөз айтар деп үміттеніп,
Елге бір, ағасына бір қарайды.
...Сиыр берген ағаның көңілі ірі, Еріккен жұрт сөз қылар оны-мұны:
- Бұнысы дарақылық! – деді біреу,
- Е, құдай аясын де, – деді бірі.
Бірі аяп, екіншісі кетті кейіп, (Сонымен бұл жаназа өтті дейік...).
- «Садақа қабыл болсын!» – деп жатыр жұрт, Аллаһу қабыл қылсын деп тілейік...
* * *
Үзілмейді екен ғой ой ішегі, Төзімі бұл Түгелдің қайыс еді...
Кіріп-шығып жатпайды ел бұрынғыдай, Шоңқиып екеуі үнсіз шай ішеді...
Күндіз жұмыс – алданыш. (Нан табады ал,) Үйге келсе... көңілі орталанар.
Өзге түгіл бұл күні бір-біріне, Бала жайлы айтуға қорқады олар.
Қайғысын айтпағасын жан адамға, Мұңсыздай, кейде... сырттай қарағанда.
...Бірте-бірте келеді мойынсұнып, Алланың жазғанына шара бар ма?!
Жұмысы – алданышы. Сосын... бар ғой...
Арақ ішер...
кей-кейде тосылғанда... ой.
...Тек əйелі – ашушаң. Қайтсін енді,
Жарықтық, əйел деген осындай ғой...
Ой жегесін əйелде... қалмайды ұсқын, Баяғыдай көзінде жанбайды ұшқын.
Бір рет «шиден сыртқа шыққаннан соң» Бұдан басқа кімі бар ол байғұстың?!
«Кетем» дері болмаса, аяп... ерін, Ол емес, шектен шыққан бейəдебің.
...Жыламаса, айқайлап, ұрыспаса, Иə, шіркін, неменесі əйел оның?
Əйелді кім бар толық танып білген...
- Ай, Түгел, – деді бір күн, налып мүлдем, –
Ағамдарға қыдырып қайтайықшы, Осы үйдің тамағынан жалықтым мен.
«Е, мақұл».
Сəлем беріп барды ағаға.
...Айтқанын қылсаң əйел жанданады, ə:
- Қымыз ішкім келеді.., – деді бірде, Əйел айтса, Түгелде жан қала ма...
Бір күні еріні сəл үшкірленіп,
Əңгіме айтып, көзіне ұшқын... қонып. Кенет шайын тастай сап, атып тұрып, Есікке жете бере құссын келіп.
- Ай, жазған, сен де өзіңе қарамайсың, Базарды (сөмке сатып) аралайсың.
Жақпайтын бірдеңе жеп қойғансың ғой, –
Əлі күнге кішкентай баладайсың.
Үш күнде өте шыққан... шақырайып, Тек қана көзі қалды бақырайып.
- Байғұс-ау, қатты уланып қалғансың ғой, Қой, болмас, «Жедел жəрдем» шақырайық.
Лəм демейтін мұқият қарап алмай, Дəрігердің күдігі тарағандай:
- Ештеңе етпейді! – деп жымияды, –
Екіқабат əйелде болады ондай.
- А, не дейт!
Тұз сеппегін жарама, əкем,
Осылай қалжыңдауға бола ма екен...
- Қалжыңдап... Не деп тұрсыз? – шамданды ол да:
«Осындай да адамдар болады екен...»
- А, шын ба?!
Кешір, мендей... жазған, ерді,
...Екеуі ботадайын боздады енді.
(Бұл сəтті жеткізер сөз ғаламда жоқ, Ақыным, əрі қарай созба өлеңді...).
«Ай, дүние-ай, қосылдым ба, мен қатарға!» Көңілі сыймай барады кең жаһанға.
(...Əлгі асылық сөзімді қайтып алдым, Еркектің жылағанын көрсет, Алла...).
* * *
«Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бақ тайса, ерге дəулет құралмаған. Күніне тоқсан тоғыз пəле көрсең, Сонда да күдер үзбе бір Алладан».
Бабадан мирас болып қалған өлең, Сан ұрпақтың үмітін жалғаған ең. Бойымда, баба, сенің қаның барда, Қалай күмəн келтірем Аллаға мен?!
Сонша жүк түсіріп жан-пəруанаға, (Тірлікте адам байғұс қарманады, ə). Пенденікі, əйтеуір, жай алданыш, Беретін... алатын да – Алла ғана!
Түгелде түтін түзу, кешегі – ұмыт...
- «Алла өзін жаратқан көшелі ғып, Ақеден, аңқылдаған жігіт қой бір, Ниеті қабыл болды!» – деседі жұрт.
Аулада үш-төрт құлын салады ойнақ, Əйелі дауыстайды: «Əй, сəл абайлап...»
- «Біздікі емес, Құдайдікі...» – дейді сосын, Əп-сəтте қалмайын деп «жаман» ойлап.
Солар ғой қорғаны ертең байтағымның.
...Тыңдаушым, пейіліме сай табылдың. Ниеті түзуге Алла беретінін,
Мен айттым, сен де енді айта жүргін.
АЛАҚ КӨТЕРІЛІСІ
Поэмадан фрагмент
Көтеріліс ардагері – Жəкулə болысқа арналды.
...Көнбегесін ырқына қатулы адам, Тергей түсті мəңгүрттік жат улаған. Барды – жоғын алғанмен сонша тінтіп, Қылмыс таппай қиналды Жəкуладан.
Шағым қайда қараны илеп төккен? – Дəлелі жоқ жала көп түйдектеткен, Тінтіп кінə таба алмай,
малға көшті,
Мал да кеңес жұтымен сиреп кеткен.
Болмаса да мұжықтай нан-пұлы енді Серке біткен «бай» болып, тəркіленді. Жарық күнді қызғанып жаралы елден Тəркі біткен жапырды бар түменді...
«Жатқа бекер жем болып өлеміз бе? Аш халыққа баратын белең ізде, Əлде жылжып, туғанға жат жұрттағы Бас сауғалап, көбейіп келеміз бе?»
Миды жаншып осындай ой салмағы, Жиылды елдің жол іздеп жайсаңдары. Белсенділер бөгеуге тырысқанмен Ашу қысқан есілдер тайсалмады.
Трайыс өлді, Мұқыш та кінə құшты, Кетті ірітіп, қайғының бұлағы ішті. Жəкулə мен Сыдықты қолдағандар Басқа жол жоқ,
Көшуді құп алысты.
...Шұбартаудан басталған көш келеді, Көлеңкесіз үміттер көшке ереді.
«Көппен көрген ұлы той» деп, қозғалған Мынау жұрт та қалмауды қош көреді.
Туған жердің сəулесі жүзінде өшіп, Жүректегі зұлматтың сызын кешіп, Сайды өрмелеп жылжыған жұрт соңында Шегіншектеп барады Қызылкесік.
Қыз кеткендей артына қарамастан, Жүріс – сергек...
Жарысып барады аспан.
Шаң да қимай келеді оратылып, Аяқтармен ойнаған бала жастан.
Жол кеспеуді ырым деп мақұлдады. Тоқтамастан Алаққа жақындады.
Ойда-жоқта арт жақтан лаң шұбырып, Мылтықтың да естілді атылғаны.
Қызылдарға жегілген топты көріп, Көш қарасы тоқтамай кетті үдеріп. Қуғыншылар жайратып бір қазақты, Аждаһадан үрейді төкті келіп.
Елубайдай есіл ер құлап түсті, Тəуіршедей ару кеп жылап құшты, Тоқтап енді бір амал қолданбаса, Бейбақтарға бұйырған сынақ күшті...
Орыс, бірақ, елемей барша амалды, Титығына тықсырды шаршы алаңды. Тіпті кетер түрі жоқ...
Əкіреңдеп
Қоймағасын есілдер қоршап алды.
Бетпақ орыс «азбын» деп беріспеді, Балағаттау, кінəлау да өрістеді.
Тілің жетіп, ел жайын ұқтырсаң да
«Бандылардың ісі» деп терістеді.
Бара бара намыстан ұйқы кетті, Ашындырды бұлардың сиқы көпті.
«Несін тыңдап тұрмыз?» деп, Куликинді
Тапаншамен бір қазақ типыл етті.
Өлді осылай бір өкіл сайқал үнді, Аттан құлап біреуі, қайта мінді. Көкпектіге бір хабар жетпесін деп, Қалғаны да өліммен тойтарылды.
Кек қайтармақ үнімен Тəуіршенің Қиын болды тоқтату дауыл шегін, Енді аялдау – қауіпті дегенменен Сапарды əрең қозғады ауыр сенім.
Қызылтастың шыңдары бұлтты тарап, Алақ бұлттың көз жасын сүртті «тонап»... Жат қолынан текке өлу – ол да күнə, Жайғар ма еді көшпесе жұртты талап?...
...Бітер емес бұйрат пен белес тегі, Кері серпіп келеді жел ескегі.
Бір кезеңнен асқанда шаң шұбырып, Өздеріндей бейбақтар елестеді.
Жоғалды олар асты да құба белді, Бейқам жұртты таң қылды мына «белгі». Саршоқыға кіргенде айналадан Зеңбіректер арсылдап шыға келді.
Қай тыңшы айтып, жай тапқан сұм құлағы?... Жаңғырықтар жотаны тұндырады.
Гүрсілдермен жарысып, Кəрі-жастың
Шыбын жаны жан-жақтан шыңғырады.
Оқ борады, қасірет тіліп көкті,
Бұлт қансырап, ашуын ұлып төкті. Бүлінгеннен ажал да бүлдіргі іздеп, Сан бейбақтың ғұмырын жұлып кетті.
Желік біткен жендеттен хақты тонап, Атылған оқ өлікті жатты санап.
Əзірейлі
Забилов, Радченко боп
Ақыретке жүргізді «нақты» сарап.
Сайға сүйреп, қыздарын жат құмары, Тəуір киген жан көрсе жоқ қылады. Босқындарды қосақтап, бəс тігісіп, Жалғыз оқпен жайратып, жаттығады.
Қорлығы аздай орыстың Алақтағы, Қансыратты Сарышоқы талап тағы. Қанға бөгіп жатса да жазықсыз ел Ажал оғын намысқа жолатпады.
Тыншымады мылтықтар шолып өтпей, Қозғалғандар қайта өлді соры кеппей.
Барады ана көз жұмып, Емшегіне
Жатты сəби шырылдап қолы жетпей.
Таң қылмады ашыққан бала көпті, Қашқындар да асығыс қарап өтті. Періштесі сəбидің ұзатпады-ау, Жау да оларды тұтқындап ала кетті.
Ұсталғандар айдауда кетті құлдап, Жайыңды айтсаң – өлгенің, Жоқты бұлдап,
Сайда қалған жартысын сегіз жүздің Қамап кетті бақиға оқ тығындап.
...Саршоқыдан қаралы көш келеді... Көшкен сайын мезгіл де сескенеді. Жендет те емес, құл да емес, тарихта емес, Құдай ғана бақылап бос келеді...
Пəни, бақи бəрін де қош көреді...
Күзгі зұлмат сіміріп жылы ағысты, Ұшады өмір жұлыннан жылап ішкі. Шындықты айтсаң жүректі найза тінтіп, Бекеттері бақидың құрақ ұшты.
Мылтық шаншып өткенде Иретіліп,
Домаласаң – жендет мəз, «биге» тұнып. Азап, мазақ неше күн «қамқор» болып, Көкпектіге жетті жұрт сүйретіліп.
Тұтқындарды сағынып түрме күтті, Өйткені, онда көміліп мүрде бітті. Сібір жəне бақидың жолдамасын Бұларға да сыйлады күнделікті...
Жəкеңді де пенделік күндеп ішкі, Тартқаны аздай, тағдыры күрмеп ұшты. Дəрігерлік оқыған Сібіріне
Қайта кетіп жазықсыз түрме құшты.
Түсіре алмай ел жүгін иықта өткен, Жаныштады уақыт биікте өктем.
Тоңдыратын кең Сібір өзі тоңып,
Тар түрмеге қалшылдап сыйып кеткен.
Колхоз құрған Олжабай, Бабақты да,
«Бүлікшіл» деп қинады абақтыды. Садырбайды Жəкеңе күйеу бала Болғаны үшін өлтірді, сабатты да.
Садырбайдан өршіген жігіт кегі Бар туысын бүлікке үгіттеді.
«Жəкуланың айтқанын істеді» деп, Бəрін ұстап тергеу де «жіліктеді».
Кең далама осылай жат «қысылып»,
Алдаспаны арманның жатты сынып.
«Өмір сүрем» деп шыққан аш халықтың Көбін қырып, қашқанын жапты ысырып.
Жан қалмады жөн айтып, наз ақтарар, Қанды қол кім?
Біле ме тозақты олар? Жендеттерді бастаған топ басында
Туыстарын жайратқан қазақ та бар.
...Уақыт өте Жəкеңнің қияндағы Өр намысы түрмеге сыя алмады.
Жапырылды шеңгел де, шекараң да, Азаттықтың мысынан қиялдағы.
Ері тұрмақ елдің де бар несібі Қолды болып, қаңырап қалды есігі. Түрме бұзып, оралған Жəкеңді де Жолатпады жатырқап «тал бесігі».
Жəкең, бірақ, ойламай жеке басты Ағайынның қамы үшін шетел асты. Айдаһар мен аюдың азуынан Құтқаруға бет алды екі алашты.
«Ұлы» біткен жайратып балаң елді, Көмілмеген аштарды нала көмді.
Көз алдында Жəкеңнің Қызылтасы Қызыл ту боп желбіреп қала берді.
....Сол қасірет əзірге жырақтады, Тарих шерін қозғадық жылап тағы... Емші Жəкең емдеген жаралы үміт Азаттықтың шыңына тұрақтады....
ДОНОР ЖƏНЕ ТЕК
І. Донор
Мендегі мұң Ұлы құттан құралған, Мендегі мұң түп атасы бір арман. Бабаларым «қан бұзылған» деуші еді, Донор бұзған қан негізсіз сыналған. Донор – өзі қандай қаннан құралған? Соны білу бір арман.
Бір халық бар, аспантекті, күн кепті, Енді бірі иманжүзді үмбетті.
Əр халықтың өзіне тəн салты бар, Ұлттық өнер сонысымен құрметті.
Механика – бағындырып жер үстін, Бұйымдары əдемі де келіс тым.
Өзіне тым шеберлігі сол елдің, Техника – мəдениеті немістің.
Ашылса да ақтарылмай аса тым, Үнемменен тетікті де басатын. Ұлы орыстың мəдениеті – эконом, Əр қадамын есеппенен ашатын.
Сурып сап, ой өргізіп ғажап тым, Қара сөзге өлермендей озат тым. Айтыс – десе арқа қозған ардақты, Мəдениеті – сөз өнері қазақтың.
Содан болар сөзге шешен олағы, Бір мереке үйге келген қонағы. Өлеңменен дүниеге келеді, Кетерінде жоқтау айтып қалады.
Дархан көңіл, дала дидар салып əн, Бүгін бізді бүкіл əлем таныған.
Бір-ақ ауыз сөзге ғана тоқтаған, Қанымызда поэзия дамыған.
Қасиетке қадірлі етіп кей түнін, Тағамды да талғап-таңдап жей-тұғын. Бір қазақтың талантына тамсанса,
«Қанында бар қасиеті» – дей-тұғын.
Алауыз боп теріс кетсе кейде ұғым,
«Қаның бар» – деп туыс қамын жей-тұғын Марқұм апам кейігенде біреуге
«Қаны бұзық кəзіргінің» – дей-тұғын.
Əдебі де, əзілі де жарасып,
Дархан көңіл жақсылыққа таласып. Бір адамның өнеріне таңданаса,
«Тұқымында жоқ» – деседі бал ашып.
Ұрпағының ертеңіне жол салып, Немересін баласынан қалса алып. Суып кеткен əкесіне ұмтылса,
«Қаны тартып тұр-ау» – дейтін тамсанып.
Қан – қасиет, жан да жұмбақ, о да сыр. Бес қасиет – бес сезім бар, он асыл.
Жыртысарда ағайынның намысын,
«Қанымыз бір» – деп жатады жанашыр.
Ғалымдарға қанның тобы керегі, Маған қажет тегі, түбі, өзегі.
Əлдекімдер араласып кетсе тым,
«Қаны бөлек бəрібір» – деп сөгеді.
Ата-баба қанындағы бар ағын, Донор болды, ол да өмір талабы. Қанмен келген сүтпен келген қасиет, Тегін бұзып мəңгүрттеніп барады.
Бір денеге екі ғұмыр қосылған,
Менің мұңым «донор» десем тосын ба?
«Қосылмайды қандары» – деп жатады, Мəн бермейтін ірілік бар осында.
Жанайқай боп қанындағы тосын іс, Күрестерді үйреткен де осы күш.
Бірақ, маған маза бермей келеді, Зерттелмеген қандардағы қосылыс.
Донор – қанша кезеңдердің керегі, Қилы соғыс көргендердің өзегі.
Кімнің қанын кімге құйды кім білсін, Бүгін менің айтпағым да сол еді.
* * *
Тумысымнан тайталасты жек көрдім Жақсы-жаман қайшылықты көп көрдім Қан қадірін мүмкін мəңгі білмес ем, Донор сырын өз басымнан өткердім.
Əйел үшін бала сүю бақ кені, Бала-бесік, жас ананың көктемі.
Дүниеге сəби келер шақтағы,
Жан дəрмен күй, өмір неткен тəтті еді.
Өмір дəнін тəтті түннен татып ап, Толғақ сырын ащы күннен сатып ап, Бейопа күн, түн-тылсымға мас болған, Бəріне құп, əйел неткен ақымақ.
Мазамды алып қатері мол ай толғақ, Бірде қатты, бірде баяу, жай толғап. Шыбындай жан жанарымда шыңғырды. Емханаға бардым күпті ой толғап.
Əйел – бесік, ажал – өмір таласып, Жансауғалап жанға сая қарашық. Ақ халаттар ақ кептер боп үндесіп, Жанұшырды тірлігіме жол ашып.
Ғұмыр – деген бар болғаны əңгелек, Жанарымда жарық дүние дөңгелеп. Қарашыққа сіңіп бара жатты өмір, Бесік – өмір, зират – ажал тең келіп.
Қаламсабым ине болып, сыр сынып. Үзілердей бір тылсым үн тұншығып. Ең өкініш ажал қағып есікті, Үлгермедім, жылау түгіл күрсініп.
Жедел жəрдем сиренасы безілдей, Қан іздеді жан дауаға ем іздей.
Ажал жеңіп кетпесін деп өмірді, Қарауылда жаным тұрды көз ілмей.
Қанша уақыт жаттым қайдам мен ессіз. Бар ғұмырым бір-ақ уыс, елес-түс.
Жадымда əйтеу іңгалаған сəби үн, Содан кейін ызың-сылдыр, көмескі із...
Өлеңімнің анасы – мұң аяулы, Əкесі-нұр, аппақ түске боянды. Адамға тəн екінші атым-пендемін. Сынға түстім, бір түйсігім оянды.
Таңды көріп үмітімді үдеткем, Күнді қайтем, сағатымды сын еткен. Есім жисам, аппақ бөлме ішінде, Донор құйып жатыр екен білектен.
Қан қабылдап ерлігі жоқ еп білек, Жанар жасын омырауға төкті кеп. Тегі жоқ қан өгейлігін танытып, Тулап жатты туған қанды тепкілеп.
Тамырымнан тамызылған сықпа қан. Бойға тарап жатқанымен шықпа жан Бөтен қанда қайдан болсын қасиет, Сүйегімнен сығымдалып шықпаған.
Өмір – өлім, тайталасқан жанда егес, Уақыт – деген сағым – сəуле, мəңгі елес. Адасу бар, таласу бар тірлікте,
Жүріп жатыр басқа түгіл қанда егес.
Бүкіл əлем паналаған қарашық, Ақын-жүрек тіршілікке таласып. Таң сыз беріп атып келе жатқанда, Түн үрікті, қараңылық бел асып.
Сайтан еміп өлеңімді шыңдағы, Ақын тірлік таңды көрді, сынбады.
Тірі дене жанды тастап кете алмай, Таң тылсымы тереземді тыңдады.
Мен – адаммын, шешілмеген жұмбақпын, Жүрегімді Жаратқанға тыңдаттым.
Ақын кеуде тіршіліке таласып,
«Алдиярлап» – Тəңіріме тіл қаттым.
- Ей, Жаратқан, үнім сені таба ма, Мен денемін, сен жараттың бағана.
Жанымды алсаң қарсылығым жоқ менің. Қанға сіңген өлеңімнен садаға!
Сен жаратқан мен бір тамшы ғаламмын. Ишара мен ымнан ғана жаралдым.
Тылсым сыры сенің ғана жұмбағың, Қандағы тек – құпиясы адамның.
Деп Тəңірге сырымды айттым көктегі, Көрер жарық аз ба, əлде көп пе еді.
Тірі жүрген күндеріме не шара, Қанымдағы қасиетім өкпелі.
Өмір – деген отарбада отырып, Тамшы ғұмыр, кетті шеті кетіліп. Қарғып кеттім көпірінен ажалдың, Шалыс басқан күндеріме өкініп.
Аман-есен жаным қалып өлімнен,
Үйге оралдым. Сыртқа жақсы көрінгем. Екі адам боп екі жаққа бөліндім,
Бір белгісіз мінез көріп тегімнен.
Қайран баба! Даналығы дара тым
Қатыгезді «қансыздық» деп табатын. Ауылға бір қасиетті жан келсе,
Бала аузына түкіртіп ап қалатын.
Бас өзімнің басым емес, ойын қап. Денемді Ұлы майдан шебі сойылдап. Бөтен жанды қаңғып келген қан қайтсін, Сырқаттансам қорғану жоқ бойымда.
Адастырып ақ үн-ақын сезімді, Болмысымның күрделісі көз ілді. Таныс емес жат қылықтан жасырып, Өзімді іздеп, алып қаштым өзімді.
Көркем сөздер көсіліп кеп, тепкілеп, Көз алдымда қайшыласып жекпе-жек. Түсіме еніп сөз киесі кіртиіп,
Теріс қарап отырады өкпелеп.
Шайқалып кеп шабытымның шырағы, Опа таппай ойларымның сұрағы.
Қаламымды алсам болды қолыма, Базар жаққа кеткім келіп тұрады.
Бір белгісіз алақашпа ұлар күн, Мазамды алды. Қадірлі еді құмар күн. Табиғатым қыдырымпаз емес-ті, Көрші үйлерден шай ішуді шығардым.
Бірде жатпын, енді бірде өзіммін, Көзімді ашып, күдікпенен көз ілдім. Ата жауым аузыма еніп кеткендей, Бойымда бір жат ғұмырды сезіндім.
Күндіз – күнмен, түнде – аймен тілдестім, Қалам алып, қара өлеңмен үндестім.
Бірақ, мейір, шабытым жоқ бойымда, Айдалада адасқандай күй кештім.
Адам өзін таба алмаса жүзге мін, Осы ма деп өлеңнен қол үзгенім. Кітап оқып, өлең жазып, əн тыңдап, Құмар қанар кездерімді іздедім.
Бейтаныс қан жан танымым иектеп, Болғанымен бойға – жылу, сүйекке – ет. Сезілмейді баяғыдай күш-қуат,
Дертке қарсы күресуге ниет жоқ.
Тар құрсаққа тарыдай боп сыйған күн, Кең дүниеге көрік етіп қиғанмын.
Енжар тартып бойымдағы өз «менім»
«Иммунитет» тегін жойды иманның.
Бұдан бұрын өжеттеу ем, өткір ем. Күдігімді қаннан іздеп көп бүгем. Иммунитет – дегеніміз қазақша,
«Иман» деген қастерлі сөз деп білем.
* * *
Бес жыл өтті. Мен өзімнен адастым, Ішкі алпарыс. Қарсы тұрдым, таластым. Өзімді-өзім тани алмай толғанып,
«Мен кіммін» – деп оңашада бал аштым.
Естіген ем, бір азамат кезінде, Соғыс жылы Украина жерінде Опат болған əкесінің мүрдесін, Елге жерлеу аманат деп сезінген.
Жылдар бойы іздеп əке моласын, Сұрай-сұрай Құдайға айтып тобасын. Бір топ солдат көмген жерді қазғызып. Оқытыпты əкенің жан азасын.
Бірнеше адам қатар-қатар жерленген. Еті кеткен қаңқа сүйек жерге енген. Қырық жылдай жерге сіңген сүйектен, Əке мəйітін тани алмай сенделген.
Ақыл айтар, бұл жерде жоқ жақыны, Нартəуекел! Жігерленіп батылы.
«Ұрпақ қаны сүйекке тез сіңеді» Түсті есіне анасының ақылы.
Көңіліне медеу тұтып аңызды, Қанның тегі қашаннан-ақ маңызды. Бір саусағын тіліп қанын ағызып, Моладағы сүйектерге тамызды.
Күдік жеңіп, босап көңіл діңгегі, Жазмышында жазылған бір сын ба еді. Бірнешеуге көріп еді тамызып,
Кеуіп қалған сүйекке қан сіңбеді.
Азаматтың үзілердей үміті, Ананың да ағат-ау деп үгіті. Немкеттілеу тамызды бір сүйекке,
Соған сіңді тамған жерін жылытып.
Сенім жеңіп көңілінде қауіпті, Қаннан тауып қасиетті «тəуіпті». Сөйтіп бала əкесінің сүйегін, Қан арқылы адаспай-ақ тауыпты.
Бір түйір қан болмыс болып ұйытқы, Бар жұмбақты түйір қанға түйіпті.
Атамекен – топырақтан исініп, Қан сүйектен бөлінетін сұйықтық.
Медицина – адам тану, ғаламат, Сырқаттарды аман сақтау аманат. Тəн саулығын тəуір қылып жатқанда Жан саулықта кетіп жатыр сан ағат.
Тіл деп, діл деп айқай салып келеміз, Жат қылықты кəзір жиі көреміз.
Ғасыр бойы донор көрген ұрпақпыз, Қанды зерттеп іздемейміз неге біз?
Қанағатқа тағат іздеп сан қырдан, Сұрағыма жауабым жоқ оңдырған. Қанның тобын айырғанда ғалымдар, Тегін неге назардан тыс қалдырған?
Донор – кім ол? Өспей қалған бір жан ба, Мейірімсіз, қайырымсыз сырдаң ба?
Бұзақы ма, еті үйренген есер ме, Бабасынан түсіп шыққан зынданға?
Донор – ол кім? Орыс, неміс, қазақ па? Елім деген дана ма, əлде озат па?
Бəлкім басқа жақтан келген итаршы, Сатқын ба əлде, жанын салған азапқа.
Бір адам бас қасиеті қолында,
Бір адам бар табысы бар жолында. Өсек айту, атақ қуу, қыдыру, Қанында бар қасиеті оның да,
Бір адам бар сан өнердің иесі, Бір адам бар əсемдікке тиесі.
Жылпос – жуас, адал – арам, қуаяқ, Ол да қанның қасиетті киесі.
Қайдағы бір кіріптарға мақұл боп, Жо-жоқ, менің жеңілуге хақым жоқ. Тылсымы көп қасиетті бір түннен,
Жаралғанмын, келгем қайсар ақын боп.
Мен осылай екі адам боп сенделдім, Алакөлді ала жанға ем көрдім.
Тауға барып, көлге түсіп су ішіп, Туған жердің топырағымен емделдім.
Табиғатым – мекеніме таңыла, Туған жерім қуат берді жаныма. Алакөлім шабытымды оятты,
Кіндік кескен жерді тартқан қан Ұлы, ə!
Текті-тексіз қандағы егес даулардан, Сөйтіп менің шыбын жаным сау қалған. Адам болу, өсу, өну, тек қуу – Бабаларым баса назар аударған.
Бұғып жатқан қасиетім тереңде, Сүйексіңді өлеңіме сенем де.
Əлем ұйып қарасөздің күйіне, Құрымайтын қуат бітті өлеңге.
Көп алысқан, жанның кейіп киесі, Қайта оралды ақындығым тиесі. Анда-санда ала қашып тұрады, Бойымдағы бөтен қанның иесі.
Тəубе, қазір ақын да өзім, ес те өзім, Мен жеңбесем ақындығым еске сын. Пенделердің бойындағы қанында, Алла берген бес қасиет, бес сезім.
Адам жаны тазалығы иманның, Иманы жоқ шайтанға үміт қиған күн. Ай сияқты адамдардың жүзінде, Жасырылған сырды көріп қиналдым.
Қилы-қилы донор жолы жанды ұрлар. Ғасырлардан сарқыт алған тағдыр бар. Мəңгүрттіктің жетегінде кетеді,
Тамшы қаннан талқан болған тағдырлар.
Тарлан ойдан тамырланып таңдайлы үн, Жын дем салған «интердонор» жандаймын. Қарай алмай қасіреттің бетіне,
Өз мұңымның жанына кеп жантайдым.
ІІ. Тек
Бір ауылдың бой түзеген көркемі, Құрбылардың қызығы да, көркі еді. Ойда-жоқта сері жігіт кездесті, Екеуін де бұла сезім өртеді.
Қыз қалаған қыран жігіт көрікті, Арқа жақтан əн салуға келіпті. Қос бұрымы құла белге төгілген, Қыз да сұлу сүйкімді еді, көрікті.
Он-он бес күн бірге жүрген қыз-жігіт, Қоштасты да, бір-біріне үздігіп.
Мəңгі ғұмыр кешеміз деп серттесті, Арасанның құмар гүлін үзгізіп.
Ғашық-сұлу, бақыт-сұлу десе дем. Екеуі де мəңгі болса есе тең.
Бір жалт етіп сорға сүйрер бақыттың, Сонша тəтті болатыны несі екен?!
Ер жігіттің өзіне ұнап талғамы, Бақытты бір отау құру арманы. Шығыс пенен Арқалықтың арасын, Ыстық көңіл, ғашық хаттар жалғады.
Өмір бойы өтеміз деп «тек құшып», Қыз қалауы – жар жылуын жеткізіп. Төрт айдан соң қайта келген жігітпен, Арқа жаққа аэрожолмен кетті ұшып.
Жеті жылда сылдырлатпай кесені, Балалармен жалғас тауып жетегі. Көз тиді ме, сөз тиді ме кім білсін, Ың-шыңсыз-ақ ажырасты екеуі.
Арға бағып, күтпеген бір тосынды, Əйел-төзім жалғыздықтан тосылды. Талақ болған шымылдықты талқандап, Сан жесірдің қатарына қосылды.
Екі бала етегіне жылап көп, Байғұс ана жатақ үйді тұрақ деп. Үйсіз-күйсіз тауқыметті көп көрді, Дүниеде шешуі жоқ сұрақ көп.
Ішінде өліп əйел-əлем құштары, Өзіне аян, қайрақ көңіл ұстамы.
Күлгені де, жүргені де сезікті, Күйеуі бар əйелдердің дұшпаны.
Айтылмас сөз арға ауыр ой тастар, Мұны жақсы түсінеді жайластар. Есік көрген, бесік көрген əйелдің, Өзегінде айтылмайтын айқас бар.
Уақыт емші-жараны емдеп жұбатты, Тағдыр тезі сан қырынан сынатты. Бес жылдан соң отау құрды қайтадан, Сөніп қалған қайта жағып шырақты.
Сынға берік, сырлы құлып сол ана, Бір еркекпен таныс болды томаға Əйел болу құқығына қол қойды, Табиғатқа қарсы келіп бола ма?!
Жар-құшақтың қажетінен жоғары, Əке-құшақ аса қажет боғаны.
«Жолдан ерген жолдас болмас» – десе де, Əйел – тілек, бір еркектің боданы.
Тұрмысының біраз серпіп ауырын, Екі жасты құптағанмен қау ұғым. Жар құшағы табылғанмен əйелге, Əке құшақ жаза алмады бауырын.
Сезім-шексіз, əйел бағын асырған, Секем көңіл сан соқта боп басылған. Теңізден де терең зындан кеудеге, Əйел ғана барлық сырын жасырған.
Сынық көңіл бір-біріне кірігіп, Бірде түйреп, бірде сүйреп жүз үгіт.
Сырт көздерге бəрі жақсы болғанмен, Бұл отауда бір өкініш, бір үміт.
Қосағының таныған соң кейібін,
«Бала-байлам» деп жатады кей ұғым.
«Əке-құшақ жылынсын» – деп ойлады, Нəрестенің сезінген соң мейірін.
Тəуекелге жүрек жібі жалғансын, Қыз əкелді «Əке көңіл алдансын». Бірінші жар құдай қосқан қосағың, Екінші жар – адам қосқан алдамшы.
Бірақ, бəрі сиғанымен ұяға,
Жат балапан жат құшаққа сия ма? Жауатаңдатпай жеткізсем деп екеуін, Сан түндерден ой ағытқан қияға.
Пенде-ғұмыр тіршілікпен таласып, Туғаны үшін тумағанға жақ ашып. Ашып-ашып бөліп беріп жатты өмір, Тумаған мен туған бала арасын.
Тұтастырып балалардың таласын, Ерінің де ебін тауып жарасым.
Жалғап жүрген емші жəне адвокат, Екі ірі мемлекет арасын.
Сырт көздерге жарасымды жар құшқан, Ал ішінде ертеңді ойлап «ар» – дұшпан. Қарапайым бір шаңырақ астында,
Екі ірі мемлекет аңдысқан.
Балалықтың бал қылығын сақ қылып, Қабақ шытса бала көңіл кек қылып.
Жат баланы туыс ете алмады, Қаны бөлек, өгей тірлік текті ұғып.
Төзім-сүлік, көңіл-көкпар, ой-азап,
«Жесір» деген сөзден ғана бой азат. Кəдімгідей ұрсысудың өзі арман, Əр сөзіңе сақ қараған саясат.
Бақытынан бір бүлінген секем ар, Баласының бұртиғаны жеке дар. Бір-ақ рет мына өмірге келгендей, Əйел үшін бір-ақ рет неке бар.
Ажырасқан бір құрбысы – Данамен, Екінші рет тұрмыс құрған баламен.
«Күйеуіңе сенен сəби керек» – деп, Ақыл айтқан – «бала деген араға ем».
Сонда құрбы көзден көп ой өргізіп,
«Қайтем – деді балаларды бөлгізіп. Əкелердің жездедей-ақ жақсысы, Тыныш қана жүргенім ғой ең қызық».
Рас, бала көңілі боп бар ынта, Əйел үшін қажет емес тағың да. Екінші рет сұрап алған некенің, Сақтығы көп, бақыты да барымта.
Дер шағында ойлай алмай ар қамын, Өкініштен тістейді əйел бармағын. Жетімдердің назасының ауырын, Жесірлердің азасының салмағын.
Ақылшының айтқан сөзін құп алмай, Енді міне толқын ұрған шынардай.
Шөре-шөре ұрпақ өсіп келеді, Өз тегінің кім екенін біле алмай.
Жанкешті əйел мұны қалай сезбесін, Сықыр-сықыр сүйрелейді өз көшін. Балалардың тегін де айта алмайды, Өгей əке көңіліне келгесін.
Ана жұмбақ – тектің кілтін ашпайды, Жалған туыс бауырына баспайды.
Құрақ өмір жалғандықты жамылып, Іште тынар айтылмаған аш қайғы.
Құрақ неке – мына өмірдің кеселі, Дей алмаймын бақыты оның бес елі. Тегі жоқтың туысы жоқ болған соң, Бауыры суық қатыгездер өседі.
Ерсілеу сөз езе түсіп еңсені, Тастандылар басып өтіп белшені. Тірі жесір көбейгені жақсы емес,
«Қайтып келген қызды «жаман» – деуші еді.
Өмір заңы. Жағымсыздық жата ма, Жаман əдет өрши түсті от ала.
«Тексіз» бала тəрбиелеп отырған, Қанша отбасы мұны айтуға бата ма.
Қолдан жасап ертеңгінің азабын, Бүгінгінің басты мұңын жазамын. Жесірлерін жат есікте жүдетіп, Жетімдерін жылатпаған қазағым.
Сан əуреңді серпіп тастап саналы ой,
«Аға өлсе, іні мұра» – даналы ой.
Болашақтың тегін ойлап, тереңдеп, Əмеңгерлік ойлап тапқан данагөй.
«Тірі жесір» бізге жазмыш жазбаған, Текті едік қой, бүгінгіме назданам.
Ер түріктің Алаш атты ардағы, Қазағыма «тексіз» деген сөз жаман.
Жас отаудың желбіретіп бақ тағын, Бата беріп «тыныш қыл» деп аң таңын.
«Кім қарайтса соныменен ағар» – деп Көп айтатын шежірелі қарттарым.
Менің мұңым – əйел мұңы осындай, Қазақ қызы сын сұратса тосын жай. Не əйелдің санында жоқ мұңлықтар, Не қыздардың қатарына қосылмай.
Мың күн емес, шөлмек бір күн сынатын, Сағаттар бар адам жанын ұғатын.
Бейуақытта түтіндері үзілген,
Мың адамның мұңын кешкен бір ақын.
Кірпігіме ұялатып мұңымды, Өлеңіме бесік етіп түнімді. Тоңазыған төзімімді тербетіп,
Өз мұңымның жанына кеп жылындым.
ТҮСІНІКТЕР
Ақұштап Бақтыгереева. «Ана махаббаты». Ақын поэ- зиясына тəн махаббат, ананың баласына деген шексіз мейірі- мі осы шағын поэманың да арқауына айналған. Бұл туынды ақынның жыр жинақтарында жарияланған.
Есенғали Раушанов. «Сарыөзен». Алғаш «Жалын» жур- налында, 1987 жылы жарық көрген. 1988 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Шолпан жұлдыз туғанша» жинағында жарияланған. «Қара бауыр қасқалдақ» («Жалын», 1995),
«Бозаңға біткен боз жусан» («Раритет», 2006) жинақтарына енген. Поэманың бас қаһарманы Мұхаммедсалық Қарауыл- қожаұлы Бабажанов – ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтан шыққан санаулы оқымыстылардың бірі, географ.
Қорғанбек Аманжол. «Қанай – Абылай». «Егемен Қа- зақстан» газетінің 2009 жылғы 16 мамырындағы санында жарияланған. Ақынның 2009 жылы шыққан «Мешітті ға- лам» жинағына кірген.
Оңайгүл Тұржан. «Азаттық». Ақынның жыр кітапта- рында жарияланған.
Ғалым Жайлыбай. Қара орамал. Ақынның жыр кітабын- да жарияланған. Халық басынан кешірген зұлмат кезеңнің шындығын арқау еткен поэма-реквием.
Баянғали Əлімжанов. «Таксидегі тағдырлар». «Қазақ əдебиеті» газетінің 2011 жылғы №23 санында, «Аманат» журналының 2011 жылғы №5 санында жарияланған.
Шəмшия Жұбатова. Ана жүрек. 2011 жылы жазылған.
Мерзімдік басылымдарда жарияланған.
Əбубəкір Қайран. «Кенесары». «Егемен Қазақстан» га- зетінде үзіндісі жарияланған. 2012 жылы шыққан «Ерасыл» атты жыр кітабына кірген. Бұл жинаққа поэма үзіндісі бе- рілді.
Ертай Ашықбай. «Қобыландының қонысы». Ақынның
2010 жылы жарық көрген осы аттас кітабында жарияланған.
Светқали Нұржан. «Еңсегей бойлы Ер Есім». Тарихи- танымдық, философиялық дастан. Ақынның 2010 жылы шыққан «Ай таранған түн» жыр кітабына енген.
Темірғали Көпбаев. «Кие». Тарихи-философиялық поэ- ма. Ерлік рухты, түркілік текті паш ектен бұл туынды ақын- ның жыр кітаптарында жарияланған.
Жұмаш Кенебай. «Қорқыт ғұмыр». «Жұлдыз» журна- лының 2013 жылғы №4 санынында жарияланған.
Бауыржан Жақып. «Жаңғырық». 2013 жылы «Фолиант»
баспасынан шыққан «Көзімнің нұры» жинағына кірген.
Маралтай Райымбекұлы. «Гүлғасыл». Поэма үзіндісі
«Қазақ əдебиеті» газетінің 2013 жылғы №7 санында жария- ланған.
Жанат Əскербекқызы. «Сұлтан-Махмұтпен сұхбат». Сұлтанмахмұт Торайғыров жазып алған аңыздық, тарихи оқиға негізінде жазылған. 2007 жылы шыққан «Қаз қанатын- дағы ғұмыр» жинағында жарияланған. Поэма туралы 2011 жылы шыққан «ХХІ ғасыр əдебиеті» атты ұжымдық моно- графияда айтылады.
Əмірхан Балқыбек. «Сынған сəуленiң шағылысуы». Те- лепоэма 2001 жылы «Өлке» баспасынан шыққан осы аттас
кітапта жарияланған. Поэманың көркемдігі, жаңалығы 2011 жылы шыққан «ХХІ ғасыр əдебиеті» атты ұжымдық моно- графияда талданған.
Бауыржан Бабажанұлы. «Ниетқабыл». 2010 жылы қыркүйек айында «Ана тілі» газетінде жарияланған.
Аманғазы Кəріпжанəулеті. «Алақ көтерілісі». Поэма ғалым М.Сыдықовтың «Жəкулə жəне оның замандастары» кітабына жарияланған.
Алмахан Мұхаметқалиқызы. «Донор жəне тек». Қа- зақстан Республикасының 15 жылдығына арналған үздік əдеби шығармалар қатарында «Отанымыздың тəуелсіздігіне тарту» атты жинаққа енген (Алматы: ALAN-Media, 2006 жыл). Поэма туралы 2011 жылы шыққан «ХХІ ғасыр əде- биеті» атты ұжымдық монографияда айтылады.
МАЗМҰНЫ
АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА (1944 жылы туған)
ҚАЗАҚТЫҢ 100 ПОЭМАСЫ
6-том
Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова
ИБ № 7284
Басуға 29.07.2013 қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/ . Қаріп түрі «Times New Roman».
32
Офсетті басылым.
Шартты баспа табағы 20. Баспа табағы 23,5.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы, «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?