Қазақтың 100 поэмасы 3 том
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
Қ 17
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Қ 17 Қазақтың 100 поэмасы / құраст.: Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы; алғысөзі мен түсініктерін жазған Ж.Аймұхамбет.
– Алматы: «Жазушы», 2013. 3-том. – 376 бет.
ISBN 978-601-200-452-6
Қазақ поэмаларының үшінші кітабына белгілі қаламгер С.Бега- линнің «Тасарал» атты тарихи поэмасынан бастап дауылпаз ақын Иса Байзақовтың, майдангер ақындар Əбу Сəрсенбаев, Жұмағали Саин, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Хамит Ерғалиев, т.б. көрнекті ақындардың əдебиетімізге олжа салған туындылары топтастырылды.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
ISBN 978-601-200-452-6 (3-том)
ISBN 978-601-200-449-6 (ортақ)© «Жазушы» баспасы, 2013
ТАСАРАЛ
Балқаштың айдынында дауыл тұрып,
Көл жарып, бұйра толқын жалп-жалп ұрып, Аспандап атой беріп жарқ-жұрқ етіп, Жартасты құшақтап кеп жатты жұлып.
Тəкаппар кəрі жартас күле қарап, Толқынға келемеждеп жатқан сабап, Түбекте түн күзеткен кəрі батыр – Сияқты баққаны оның үлкен алап.
Қақ жарып дүлей айбын толқын тауын, Жартасқа тура беріп омырауын, Бұрқылдап суды тіліп жүйткіп катер, Келеді таң болғанда алагеуім.
Катердің рөлін ұстап жас Жəнібек, Қасқайып толқын десе жиғандай кек. Көк жүзін тіліп ұшқан түз қырандай, Катер де толқынды ұрад қарыштап кеп.
Катердің отырғанда арт жағында, Көз салып суда ойнаған от жалынға, Теңіздің соқпақ кылған тұңғиығын, Байсалды балықшыдан кеңес тыңда:
Дегендей үлкен көзін бір төңкеріп, Ширатып ұзын мұртын, қасын керіп,
Кірісті Кенжеқара бір кеңеске,
Ұйқы ашар жолдастарға сөзден беріп.
Деп бастап: мынау Ағыбай Тасаралы, Ер Ағыбай қоныстауға осы араны, Келгенде əкем Таубай қасында екен, Атамыз бəріміздің Шұбыртпалы.
Үркердей Шұбыртпалы болған кірме, Арқаға Каракесек жайғанда ірге.
Құмдағы көп Қуандық жуан сойыл, Өзге елді ығыстырып жібергенде.
Келіпті батыр сонда Тасаралға, Жан-жағы теңіз қамау осы аралға. Бір үйір азғана елге мекен түбек,
Болад деп жайлы қоныс малға-жанға.
Қыс болса жел жортпайтын қалың қорық, Жаз болса айдын қоршап қамау болып.
Өшіккен жау да батып келе алмайды, Деп батыр мекендепті бас боп қонып.
Аяғы басылмаған аламанның,
Кезі екен кеселі көп кер заманның. Сыпатай, Рүстемдер тісін қайрап, Əмірін күтулі олар Орман ханның.
Патшаның қуғындап ед ұлықтары, Кене мен патша арасы улыққалы. Ағыбайға тым ерекше өшіккен-ді, Осы еді қорқыныштың күшті жағы.
Айырылып арыстаннан Алатауда, Ер Кене, барыс Науан түсіп жауға, Ерлерден сонау кеткен хабар алмай, Қайтқанға басын батыр етіп сауға.
Көретін үлкен қорлық соны өзіне, Жас келіп жарқылдаған от көзіне. Түксиіп жар қабағы ұртын шайнап, Кененің тоқталатын бір сөзіне.
...Елестеп көз алдына сонау бір кеш, Қалмаған жан қысылып, толғанар ес. Арты – жау, алды – өткелсіз тұңғиық су, Асты лай атты тартып, кешу бермес.
Ұрысып ұзақ күнге жолын кернеп, Көк сүңгі, алдаспанды қатар сермеп. Жауменен жағаласып жалын кешіп, Қырандар ат болдырып, қиналып ед.
Бұхарбай, Бұғыбайлар жараланып, Толыбай, Шəкір, Жəуке қолда қалып, Ағыбай, батыр Науан, Құдайменде Сан рет шепті бұзып шықса да алып.
Қазақтың сан қыраны ұшып оққа, Шоқтай ер төтей алмай жойқын топқа, Күн де батып, қажығанда қалған батыр, Кенекең əмір беріп деген тоқта.
Денелеп Орман қолы омыраулап, Артынан Жантай тобы жəне қаулап,
Келгенін көргеннен соң ойшыл Кене, Түскен-ді бір биікке жолдан аулақ.
...Отырды ұзақ уақыт ойға кетіп, Жер шарын жүйрік ойы дөңгелетіп, Жортып ед жол таппады құтылатын,
Қолынан Орман, Жантай басқан жетіп.
Сатылып патшаның шен-шекпеніне, Қырғыздың Орман, Жантай бектері де. Рүстем, Сыпатайлар іштен жау боп, Қамауға тастап бүгін кеткенінде.
Алдады артына ерген қалың дулат, Өткен түн қайтқан қаздай қашты шулап. Тінəлі қарасорға қамады əкеп,
Аз батыр айналамда, туды бұл шақ.
Дейді де кенеттен ер есін жиып, Тұғырда сілкінгендей түнде ақиық, Санқ етіп батырларын қасына алып, Отырды көп түнеріп айтпай қиып.
Деп бастап: – мен ырзамын батырларым, Еш қайсың жаудан ығып тартынбадың. Арқадан артыма ерген өңкей қыран, Майданда алдаспандай жарқылдадың.
Ризамын, тағы ризамын, көкжалдарым, Паналап ерген қаста көп жандарың.
Солардың не болмақшы көрер күні, Егерде түссең жауға сендер бəрің.
Патшаның арланындай қарғы таққан, Ахмет пен Солтанғазы бізге шапқан. Талтүсте Тайманды ұстап анау Мұса, Шен үшін өз ағасын байлап атқан.
Артта аз ба сонау қалған қалың елді, Азғындар арам құлқын шенге сатқан. Солардан елді қорғап ес болындар, Қазаққа қиіз түңілік малын баққан.
Қашпауға мен Орманнан істедім серт, Байладым басты ажалға болуға мерт. Қаныма Орман, Жантай сусындасын, Ер Науан тым жас едің сен дағы кет!
Дегенде тұрды орнынан батыр Науан:
– Бұл сөзді қалай айттың маған данам? Қалдырып жау қолына жалғыз сені, Жеңгеме жер үстімен не деп барам?
Деп жəне Арқадағы ардақты елім, Бейіштей сонау Көкше туған жерім. Көргенше жеңбей жауды майданда өлмей, Барғанда тірлігімді ел не дер менің.
Ер ағам мен кетпеймін өз қасыңнан, Көруші ем өзіңді артық өз басымнан. Не көрсем бірге көрем өзіңменен, Өлтірсін бізді бірге Жантай, Орман.
Батырлар бəрі келіп қатар тұрып, Қия алмай ер Кенені мысы құрып.
Қалайша қалдырмақшы ерін жалғыз, Қайтпақшы не деп елге бетін бұрып.
– Не дейміз ел сұраса Сізді бізден, Жер болып, от шықпай ма жүзімізден. Болса да қандай пəле алдық күтіп, Боламыз біз де бірге өзіңізбен.
Жақындап Кенесіне келді Ағыбай, Аяғын салмақпенен басты да жай. Сұп-сұр боп аш жүзінен қаны қашып:
Хан данам, қоштастық па шын осылай?
Жас құрбы, жанда тұрғы қатар өскен, Халық үшін қатар жортып, қамал кешкен, Майырылып қалғаның ба жау қолында, Оңқыңнан омырылып ер нар кескен.
Шын сенен айырылып аттанам ба, Өлсем көр, шықсам төбе бірге дескен.
Дегенде қаны қашып Кене жүзі, Жалын боп жарқылдады отты көзі:
– Мен жалғыз, қалың қазақ жатыр қырда, Соларды ойлаңдаршы – болды сөзі.
Халықтың өлерде де ойлап қамын, Халқы үшін оқ өтіне ұстап жанын. Жолбарыс маңдай төсеп қалды шөгіп, Қайтарып ел қамы үшін батырларын.
Кенемен қоштасарда өңкей қыран, Нысанбай төкті зарын қобызынан. Солқылдап жылап тұрып кетті жырлап,
Үнінен мұңды қобыз күңіренді маң. Нысанбай жырлағанда қобыз зарлап, Көзіне жас алмаған болмады жан.
Жалғыз-ақ көк сұрланып отыр Кене, Зар тыңдап Нысанбайдың қобызынан.
Таң таяу, жау мен ара жарты көш жер, Ұйлығып ерді қимай бөгелгенде ел, Ақырғы хан жарлығын берді Кене:
– Бұйырам, енді шапшаң жөнеліңдер!
Деді де төмен қарап қалды шөгіп, Қасында батыр Науан жалын сөніп. Туысы бір хан қаһарын қалды күтіп, Жолбарыс жүректі оққа тосқан көніп. Қарайып көпке дейін көз ұшында, Қос қыран екі төбе секілденіп.
Түнеріп күн мен түн боп қала берді, Жалғыз-ақ айналада жортқан желіп – Жүйрік жел сумаң қағып күңіренеді, Қобызынан Нысанбайдың зарлы үн келіп.
Батырлар елді бөліп ұрандасып, Жөңкіліп Арқа, Сырға жөнелді асып. Айырылып арыстаннан Алатауда, Түнеріп, түн жамылып көңіл жасып.
Сыпатай Кенені алдап тастап жауға, Патшадан шен алуға жасап сауда, Жанқараш, Жантай, Орман, Рүстеммен, Сөз байлап, мерт қылуға Алатауда.
Кенені жолсыз таумен барған бастап, Қиынға қай-қайдағы салған қастап,
Жау қолын жансыз салып, əкеп жауып, Азғырып дулат қолын алып қашпақ.
Болғанын сезіп қалып ер Ағыбай, Айтса да Кенеге кеп күні екі ұдай. Боп қалды ұстасуға Сыпатаймен, Онан да түсір қолға амалдап жай!
Дегенде екі етер ме Кене əмірін, Анықтап Сыпатайдың білген сырын, Ағыбай айламенен аңдығанда, Сыпатай сезіп қалып онан бұрын,
Жөнелген дулат қолын бөліп алып, Дулаттың қолын ірітіп жансыз салып. Ағыбайға бұрынғыдан қатты өшіккен, Алдыңнан тосармын деп жолыңды алып.
Ағыбайға əуелден-ақ қайрап тісін, Күншілдік күйдіретін үнемі ішін. Əруағы Ағыбайдың асқан сайын, Сыпатай сан сайлап ед қастық ісін.
Ағыбайды ардақтаса Кене сүйіп, Сыпатай өртенетін іштен күйіп.
Бақ құмар, жауға жалтақ Сыпатайды, Хан Кене сан жерлеген қабақ түйіп.
Кек қылып, ішке жиып соның бəрін, Кенені шенге сатып, төгіп қанын, Патшаның жансызымен қол ұстасып, Айтқанын орындап боп манаптардың.
Сыпатай сол бетінде шолғыншы сап, Отырды Кенелердің хабарын ап.
Қайтқанда тамам батыр Кене қалып, Ағыбайдың жолын тосты тосқауылдап.
Арқа алыс, Шұбыртпалы аз артына ерген, Ат қажып, жаралы өзі талай жерден.
Бір алар Ағыбайды кезең осы, Талқандап талмау кезде аулақта елден.
Деді де жатты тосып батыр жолын, Бекітіп бір ауыздан барлық қолын. Бұл жолдан сезіктенген ер Ағыбай, Құлап ед таудың тауып басқа жолын.
Ағыбай бетін қойып Алакөлге,
Басшы боп Арқа ұранды қайтқан елге. Сол түнде суыт жүріп кетті құлап, Таң атпай ілінбек боп Итжон белге.
Алған соң көңілі суып Кенесінен, Асқан соң Кекілік таудың белесінен, Жолбарыс бетін түзеп жортып еді, Шығармай Кенесі айтқан елді есінен.
Суылдап таң алдында самал желі, Алыстан көлбелеңдеп Итжон белі. Түскен соң кең жазыққа бойын жазып, Көсілді Ағыбайдың тұлпар кері.
Жортып ед ауыздығын қаршылдатып, Күдірейіп көтеріліп көкке белі.
Қолының алдын созып, жолын бастап, Артымнан жау қуад деп елемеді.
Қол құлап Алатаудан төгілгенде, Тұяқтан тау көбесі сөгілгенде,
Бір тобы Арқа елінің шанжаулатып, Қуалай бір өлкені жөнелгенде,
Тұңғышы жеткіншегі Ағыбайдың, Оғындай жарқылдаған түсер жайдың. Он беске биыл шыққан жас көкөрім, Аманжол қолында өскен Меңдібайдың.
Аулаған қадірлеумен көке көңілін, Жандай боп бағыстаған барлық өмірін. Жасынан бала болған үлкен үйге, Ағыбайды əкем деуді көрген өлім.
Аттаныс тырнақалды1 ұзын жолға, Семсерін Байғозы ердің беріп қолға, Əжесі үлкен үйден аттандырған, Барсын деп бағын сынап осы жолда.
Ішінде о да бар-ды бөлек қолдың, Жобасын абайламай жүрер жолдың, Бөлініп Ағыбайдың жобасынан,
Бір сайды жортты құлдай жамылып түн.
Қол шағын, ат қажыған жортуылдан, Алайда жазыққа өтпек білінбей таң. Қойнауы Алатаудың қорқыныш боп, Қайтқан ел сескенулі жол тосудан.
1 Тырнақалды – алғашқы.
Шатқалдың жолы қиын, ойында су, Сыңсыған екі жағы жел өтпес ну. Желпінтіп қол алдында көк мойынын, Аманжол ойнақтайды қолында ту.
Шатқалдың жалғыз ауыз қыспағынан, Өтуге қол шоқтай боп атқанша таң.
Түйіліп келген кезде қиқу салып, Жау қаптап қоя берді тұтқиылдан.
Жарқылдап айбалталар, найза, қылыш, Қайрат қып азғана қол салса да ұрыс, Қалың жау қапы жерден қаптап берген, Жазыла қимылдауға бермеді күш.
Суырылып көк мойынмен жас Аманжол, Ойнатып көк сүңгісін қорғады қол.
Бір өзі қалай төзер қалың жауға, Самсаған сойыл, найза оң менен сол.
Көк мойын көтеріліп шапқан сайын, Аузынан қанды көбік аққан сайын, Алысып ауыздықпен жерді сүзіп, Аманжол көк сүңгісін найзадайын, –
Ойнатып жан-жағына кезек толғап, Барыстай бала батыр ұмтылды тап. Сейіліп жаудың қолы жарылады, Кей кезде қимылдайды ортасын ап.
Бір кезде ақ боз атпен зуылдатып, Найзасын көкке сермеп суылдатып.
Сақалын желпілдетіп қолдан шыға, Ат қойды Сыпатайлап құйындатып.
Екпіні дауылдай боп дүрілдеген, Дауысы өзендей боп күрілдеген. Астында арыстандай ақ боз аты, Қияда арқарша орғып сүрінбеген.
Айқасты бара қарсы жас Аманжол, Толғады көк сүңгіні шыныққан қол. Денелі ақ боз атты үлкен батыр, Найзаны кесе қақты қылышпен зор.
Көк сүңгі ортасынан опырылып, Қайың сап қапылыста кеті сынып. Сермеді енді найза ана батыр, Алғанша қыннан қылыш бала жұлып.
Түйреген болат найза сумаң етіп, Сауыттан көктей өтіп етке жетіп, Топшыдан көк етіне іліккенде, Аманжол ақ семсермен шапты кертіп.
Найзасы оның дағы сынып түсті, Қарт батыр жас баладан көрді күшті. Алайда Аманжолдың оң жақ қолы, Салбырап көтерілмей төмен түсті.
Сол кезде кəрі батыр Сыпатайлап, Ұмтылды Аманжолға көзі жайнап. Бұрып ап көк мойынның басын бала, Зымыратып ойға қарай жөнелді айдап.
Жабыла қуса-дағы қаптаған қол, Жатса да алдында жар өткелсіз ор. Орғиды көк мойыны көлденеңнен, Артына бір қараса енді Аманжол.
Қалыпты əлдеқайда жау қарасы, Алдында Шудың жатыр кең даласы. Тежеді аттың басын батыр бала, Есіне тағы түсті көп жолдасы.
Қапыда душар болдым қалың жауға, Болмады бойын жаза қимылдауға.
Қайырылып барғанменен оларды алып, Шығарлық қайраты жоқ құр жан сауға. Еткенім сүйегіме таңба болып,
Кетпей ме жалғыз өзім барам қайда?
Дейді де ойға езіліп жас Аманжол, Ауырлап көтертпейді жаралы қол. Салбырап жорта берді ойды бетке ап, Арқаға бетін түзеп жобалап сол.
Бір кезде көз ұшынан шаң бұрқырап, Жөңкіліп бара жатты бір қалың нор. Жіберді аттың басын соған қарап, Болар деп осы Ағыбай бастаған қол.
Таныды таянғанда қолдың туын, Қол жөңкіп бара жатыр неше буын. Аманжол артқы топқа киліккенде,
Басқандай жым-жырт еді қол да шуын.
Қушықтай Аманжолдан ешкім сұрап, Білген жоқ қайдан келді жалғыз құлап.
Қол əлі жоқтаған жоқ қалған тобын, Түгендеу жүргізген жоқ басын құрап.
Намыс қып жауға тастап жолдастарын, Шыққанын жалғыз өзі сақтап жанын. Ешкімге Аманжол да білдірген жоқ, Байлатты жарасының жуып қанын.
Алаң боп көз жазғанға Аманжолдан, Жеке өзі бөліне алмай қалың қолдан, Меңдібай тыным таппай қолды аралап, Жалғыз сол Аманжол деп ойран болған.
Бір кезде Аманжолға көзі түсіп, Өңінен сезіктеніп бір қолы ісік. Сұрады қайда қалып, қайдан келді, Оңаша алып шығып сырын қысып.
Намыс қып шүу дегенде айтпай бала, Адастым қалғып қаппын жалғыз ғана, Десе де жалтартқызбай қоймай сұрап, Меңдібай қолың қалай болды жара,
Деген соң айтты болған соғыс жайын, Жол тосып, қолды алғанын Сыпатайдың. Жеткізбей жалғыз өзі құтылғанын, Қалғанын құтыла алмай бір топ қолдың.
Меңдібай Аманжолды қасына ертіп, Ағыбайға оқшау жортқан келді жетіп. Айтып еді оқиғаны бастан-аяк, Ағыбай Аманжолды ұрсып зекіп,
Қалдырып жан сауғалап жолдастарын, Қорғаған жұрт болар ма адам жанын. Қауқылдақ Сыпатайдан найзаға ұшып, Жаралы жаман шірік кеп тұрғаның! –
Дейді де теріс қарап сұп-сұр болып, Кек қайнап екі көзі жасқа толып, Айтқаны одан əрі бір ауыз сөз, Меңдібай көріп еді жауап торып.
Жағалап келед тартып Шудың бойын, Ел қамы мазалайды батыр ойын.
Аз ауыл Шұбыртпалы жатыр алда, Алда мал, аузында ас жоқ етер тойым.
Не болмақ көрер күні келешекте, Кірме ауыл аз аталы жүрген шетте. Қолайлы қоныс тауып орнықтырсам, Алданар алдағы мал барған бетте.
Қазылып ойлағанда осыларды, Есіне алып еді Тасаралды.
Тулаған балығы тайдай Балқашты емген, Болар ма қашан болсын халқы жарлы.
Қонысқа бұдан артық жер болар ма, Əрі азық, əрі бекін сақтар жанды.
Қондырып қосты Балқаш қабағына, Балықты сүздіріп қол тамағына.
Дүкенді құрғызды да ұстасына, Соқтырып көк жебені садағына.
Аттарын жайып Балқаш қорығына, Ағыбай дайындалды жорығына.
Ешкімге айтпай сырын жатты батыр, Кектеніп Сыпатайдың қорлығына.
Кенені қысылшаңда жауға сатып, Халыққа осыншалык қаны қатып. Сыпатай Рүстеммен қол ұстасып, Ел шауып ен олжаға жатыр батып.
Ел қор боп ерін тастап күңіреніп, Басшысын жау қолына қолдан беріп. Қайтқанда қолды тосып олжа іздеген, Сойқанын Сыпатайдың отыр теріп.
Жол тосып, ылай судан балық аулап, Қапыда қара түнек елді жаулап.
Сыпатай сан ауылды тағы шапқан, Ағыбайға сан қуғыншы келді зарлап.
Алған соң ел тынығып, ат күйленіп, Ағыбай қолға бір күн хабар беріп. Жинап ап жорық жайын түсіндірді, Қырық-ақ ер қасыма ер деп іріктеліп.
Байланып ер Кененің берген туын, Сырыққа желек байлап жеті буын. Ұстатып кенже інісі Меңдібайға, Аттанды өрлеп батыр Шудын суын.
Алыста тұрды Алатау бұлтқа оранып, Жортқанда ер Ағыбай бетіне алып.
Көзіне елестеп ед ер Кенесі,
Сол тауда ажал күтіп қойған қалып.
Сонда да бұлтқа оранып сол Алатау, Төккендей тау басынан Кенеге жау. Тұрмап па еді осы қалпы өзгерместен, Бүгін де кекірейіп тұрғаны анау.
Күле ме əлде асқар тау Ағыбайға, Барасың батырым деп тағы қайда? Кетпеп пе ең күні кеше көрместей боп, Қалдырып ер Кенені анау сайға.
Жоқ əлде күйзеле ме Кенені ойлап, Өрінде күні кеше салған ойнақ.
Ойнатып қиясында жауға алдаспан, Жолбарыс жас Науанын жасынша ойнап, Шапқанын түсіре ме естеріне,
Алып тас асқар қия аспан бойлап. Томсарып тұр ма салып əлде жүрген
Жас бұлттай көкте көшкен желмен ойнап.
Ой басып қорғасындай ер денесін, Сергиді ауық-ауық жинап есін.
Алқымдап келіп қалды Алатауға, Болғанда күн еңкейіп кіші бесін.
Түсіріп бір далаға батыр қолды, Қалдырып көп дулатқа кірер жолды. Тап басар Сыпатайдың бекінісін, Білуге екі жігіт жүрмек болды.
Ағыны атқан оқтай Ақлақпен2, Шіркейді ат үстінен тартқан жақпен3.
2 Ақлақ – жылқының аты.
3 Жақ – садақ.
Алсары атқа мінді қасына оның, Шаңтимес қосылып ед кер қаңбақпен.
Бұларға тапсырғаны Ағыбайдың: Бейкүнə мен ешкімге соқтықпаймын. Ауылын, жылқы өрісін дəл біліп кел, Жəне өзі қайда екенін Сыпатайдың.
Сөз қысқа, батыр айтты барлаушылар, Жыландай жылыстаған мініп тұлпар, Бұта өңдес, ай ажарлас ақ пен керді Кезек сап ел жағына жортты бұлар.
Төсінде Ешкіліктің қанат жайып, Көп дулат аламанмен алған байып.
Бел қылып Сыпатайын сырттаным деп, Жатыр ед жауды ойлайтын ойдан айық.
Тұяғы тас қаға ма ақлақтың, Басқанын ит сезер ме кер каңбақтың Кісідей жалаң аяқ шөп сындырмас, Тұяғы тіктеп басқан бұл екі аттың.
Екі ер дулаттың қалың елін,
Қақ жарып ырғайлының төстек белін, Ауылын Сыпатайдың шалды келіп, Кірер жол, бөгет болар бекіндерін.
Айнала күзет салған ауылы сақ, Самсатып кермесінде байланған ат. Ордасын Сыпатайдың ортаға ала, Жылқысын бағады екен тұйыққа сап.
Бақылап алды зерттеп барлық сырын, Болсын деп осы жолы олжаға ырым. Шаңтимес алды екі атты кермесінен, Қиды да сулығынан қыл шылбырын.
Сақ иті, сан күзетші қалды сезбей, Екеуі таудан түсіп таңнан бұрын. Батырға хабар берді күтіп жатқан, Болад деп əлдеқандай, алмай тыным.
Ағыбай арыстандай атып тұрып, Қолына тез аттан деп əмір қылып. Тиеміз үрпек басты найза қағып, Тəуекел қимылдаймыз, қапыда ұрып,
Дегенде кім бұзады батыр сөзін, Көргенде қатуланған кəрлі жүзін. Иекте тікірейіп селдір сақал,
От шашқан жарқабақтан жалын көзін.
Кезеулі керін батыр жанып-жанып, Алғанда жерді сүзіп ойнақ салып, Қарғылап көкке шапшып түссе де ырғып, Шайнайды ауыздығын қаршыл қағып.
Ойнатып тұлпарларын ескен желдей, Екпіні Алатаудан құйған селдей.
Шоқтай боп Бесмойнақтың төскейінен, Түскенде батырың сыр білдірмеді.
Түскен кез жылқышы аттан, шолғыншы ойға, Ит жатып, күйіс тартқан түйе, қой да.
Мөлдіреп күміс кірпік жасыл шалғын, Боялып таң шығымен ауыл ойда.
Алсары Шаңтимеспен алда жүйткіп, Құйындай құбылады қол жарысса ұйтқып. Жылқының өр жағынан шығарды əкеп, Биіктен құлай тиген құланша орғып.
Кененің көтере ұстап берген туын, Он оннан қолды бөліп төрт-ак буын. Болды да дүрілдетіп кетті тиіп, Көтере қақты найза көңіл шуын.
Дүрілдеп қалың жылқы ойға осылды, Будақтап аспанға ұшып шаң жосылды. Жылқыны алға салып, артта Ағыбай, Кес-кестеп қуғыншыға жол тосылды.
Үрейді ап үрпек бастан шыққан аттан, Сап-сақ ел қолдағы атқа міне шапқан. Құйылып қуғыншы да келе жатыр,
Ат қойған өзі білген əруақтап.
Сыпатай көңлі орнығып шешіп белін, Ақылмен қорғадым деп айқаста елін, Қондырып төскейдегі төрге ауылын, Жатыр ед таудың алып бекін жерін.
Кененің атын сатып елді олжалап, Жазықсыз момын жұрттың малын талап, Өрісін жылқы кернеп, қорасын қой,
Қол артып сүйенгені Жантай манап.
Енді жоқ мені алар жау, мен алмасам, Түсірдім Кенені орға алдап қашан, Қаңғырып қалған батыр қайтты еліне, Дейді олар енді кіммен қарсыласам,
Осы оймен мейманасы іштен асып, Жайланып жан бар демей көңілі тасып, Қол артып Рүстемге ойын қосып, Орманға жатыр іштей жақындасып.
Шыққанда өрден қиқу, ойдан аттан, Тұрып ед Сыпатай да бейғам жатқан. Қолына ап найза, қылыш, киіп сауыт, Белдеуден ақ боз атын міне шапқан.
Жеткенін қуғыншының түйреп тастап, Қорғанып қол тигізбей үнмен жасқап, Ағыбай көлденеңдеп алдын бөгеп, Жылқыны өңгелері қуған бастап.
Жылқының жел қабызы іріктеліп,
Тай-тулақ, көбең, шойыр4 зорға желіп. Созылып қырқаяқтап қала берді, Саңлақтар алға түсті желмен еріп.
Қиқулап найза қаққан қырық бөрі, Дүрілдеп Қарғалының тастақ, өрі. Бұлт шаңға, шаң бұлтқа араласып, Ел мен жау бір-біріне көрінбеді.
Сібірлеп көтерілді көктем таңы, Сəулесі аспанды өрлеп тарамдалды.
4 Шойыр – шойнақ, ақсақ деген мағынада.
Шығысын Алатаудың шымылдықтап, Өрттей боп қанатын бұлт нұрға малды.
Алыстан тарақталып шұбар белі, Андыздап ақар-шақар төбелері Шыңдары шырқап көкке тұрды қарап, Шыққандай қарауылдап əлденені.
Жылқының алды ойнақтап түсті етекке, Ағыбай жалғыз өзі ел жақ шетте.
Кияда қуғыншының алдын бөгеп, Келгенін шаншып тастап жекпе-жекте.
Сияқты қойға кірген аш арыстан, Ақырса көп қуғыншы қайта ығысқан. Кешуілдеп кер тұлпармен көлденеңдеп, Жол бермей жолбарыстай алдын тосқан.
Ағызып ақ боз атпен, найза үйіріп, Сыпатай жеткен еді шапқан түріп. Ақырып жау қайдалап шықты алдына, Ұйлыққан қуғыншыдан шыға ұмтылып.
Ағыбай да қолға кірмей тоса шауып, Кер тұлпар аузы арандай жерді қауып. Құйылды көлденеңдей Сыпатайға, Салуға көк сүңгіні ебін тауып.
Көтеріп көк сүңгіні, басын тежеп, Кезеулі керін жанып, алды безеп. Қосылған жау қайдалап Сыпатайға, Ақырып арыстандай ұмтылған ед.
Жарқылдап жасыл желек ақ найзасы, Қояндай ақ боз атты қолдың басы, Желкілдеп екі иінін сақал жауып, Ағыбайға ұмтылғанда қарама-қарсы.
Жалтарып орын емес бетін бұрар, Кезең бе өткел айтып, кезек сұрар. Бетпе-бет кетті айқасып а дегенше, Сартылдап қарулары екі көкжал.
Екеуі бірін-бір кезек түйреп, Дарытпай найзаларын қағысты кеп. Шабысты алдаспаннан от жарқылдап, Тамаша өзгелерге бұл жекпе-жек.
Ағыбай бір айқаста Сыпатайды, Түйреп ед найза бармай ұшы тайды. Қалшылдай тұла бойын ашу кернеп, Кезеулі керге басты дыраубайды.
Алды да кер тұлпарын жанып-жанып, Түк көрмей екі көзі тұманданып, Ақырып Сыпатайға салды найза,
Көк сүңгі сумаң етіп кірді барып.
Найзасын Сыпатайдың сол қолменен, Қаққанда түсті қырқып қайқы берен. Сырғытып түсірді аттың сауырынан, Бүкжитіп Сыпатайды бір қолменен.
Ақ бозы ойнақ қағып шыға берді, Сыпатай найза ұшымен құшты жерді.
Іліп ап шылбырынан атты Ағыбай, Меңдібайдың жетегіне əкеп берді.
Қамалап Сыпатайдың қалың қолы, Ағыбай түсіргенде шаншып оны. Көтеріп алды жерден жатқызсын ба, Мінуге қосардағы ат дайын болды.
Көп Дулат үйірілді шуын басып, Ағыбай Сыпатайдан қайраты асып, Көрген соң түсіргенін жекпе-жекте, Иірілді үрей ұшып, құты қашып.
Ағыбай ақырып көп қалған жауға, Шық былай Сыпатайдан əуре болма, Бар болса қапырығы қалсын алып, Елде емес менің кегім жалғыз сонда.
Ер болса шықсын былай жекпе-жекке, Мен келдім басты байлап үлкен кекке. Мал үшін ерді сатқан, елді шапқан, Арамның күшін көрем жекпе-жекте.
Көп дулат Сыпатайдан басқаларың, Бар болса көп жылқыда кеткен малын, Ұрыссыз қан төкпей-ақ қайтарып ал, Сендердің керек емес бір тайларың.
Алмайсың мені қуып күшпен жеңіп, Талтүсте найза қаққан ортаңа еніп. Қан қылам қарсы тұрсаң сертім осы, Онан да қайт қырылмай əуре болып.
Аттандым Сыпатайға əдейі арнап, Келген соң алдан шұбап халық зарлап. Арқа мен Сыр бойының елін үптеп5, Кенені күні кеше сатқан алдап.
Қан ішер Рүстеммен қара жүрек, Орман мен жауыз Жантайға арқа тіреп, Қазақтың ер Кенесін, елін сатқан, Азғынды Сыпатайдай шығар бөлек.
Шық былай жазықсыз көп іріктеліп, Малыңды ал, шынынды айтып, танып, теріп. Құрдымда Шу аяғы түсер жерім,
Ел малын екі сөз жоқ кетем беріп.
Көнбесең оған егер салам ойран,
Сан жаудың мен Ағыбай басын жойған, Қырқыңды қылышпенен бір-ақ тартам, Сан кісің садағым мен тартсам ойдан, Саудырап сүйектері жатар жусап,
Көк сүңгі көбе бұзып жанды бойдан, Суырар суылдатып мен түйресем, Біріңді жер бетіне тірі қойман.
Дегенде куғыншының үрейі ұшып, Сүмірейіп Сыпатай да сұлқы түсіп, Иіріліп жерге кіріп қала берді, Ағыбай қойша иіріп тұрды қысып.
Қуғыншы тұрып қалды иіріліп, Ағыбай аттың басын ойға бұрып,
5 Үптеп – тонап деген мағынада.
Əрі сөз, əрі күшпен бірдей жерлеп, Жөнелді Сыпатайды жерге тығып.
Қуат жоқ қолдан шығар суырылып, Апшысы Ағыбайдан қуырылып.
Сыпатай қара басып қалды тұрып, Ағыбай борт-борт желіп кетті жүріп.
Сыпатай аулына қайтып келіп,
Сол түнде көп дулатқа хабар беріп, Көріп ед Ағыбайды қумақ болып, Шыққан жоқ қорыққан ел қуғынға еріп.
Жөнелтті Рүстемге шапқыншысын, Көрдім деп Ағыбайдан үлкен қысым. Орманға, Жантай, Шəбден шапты кісі, Берсін деп мылтық сайман, патша күшін.
Ағыбай жайылмасын Шуды құлдап, Жылқысын бой жиғызып қорыққа сап. Қалдырып қарауылын неше жерден, Отырды арт жағынан хабарын ап.
Қария сөз байлаған топ ішінен, Шоқтай боп іріктеліп аз кісімен, Артынан жетті келіп Ағыбайға, Жеріне сөз байлаған тосам деген.
Екі сөз болған емес Ағыбайда, Құрмайды халықты алдап амал-айла. Басқаның Сыпатайдан барлық малын Қайтарып берді тимей жалғыз тайға.
Қарт қайтып қоштасарда Ағыбайға; Батырым, қатты сақтан, қапы қалма. Жантайға, Орман, Рүстем кетті кісі, Барса да қоймаймын деп сені қайда!
Рүстем Алакөлден сені тоспақ,
Сол жерде Сыпатаймен басын қоспақ. Балқашқа тіреп тұрып алдан қамап, Əкетпек малдан бұрын өзіңді ұстап.
Ылажын тапсаң баспа Алакөлге, Не қайта көл жағалап Ілені өрле. Ер едің ер сарқытын елден ішкен, Қолына жауыздардың түсе көрме.
Дейді де қадірлі қарт жайып қолын, Болсын деп қайда жүрсең батыр жолың. Бір тайды Сыпатайға берме батыр, Қайнатқан қара жүзге елдің сорын.
Қарт қайтты, қалың ойға батты Ағыбай, Аунатып құм, құраққа атты Ағыбай, Құрдымда Шу аяғы Қызылқұмда,
Ат күйлеп екі күндей жатты Ағыбай.
Түнерген қара бұлттай қара тұман, Басқандай Ағыбайды иығынан.
Бүктеліп ойға кетіп жатты батыр, Сонау қарт қоштасарда айтқан бұған.
Ескерту ойлы қарттан тіпті текке Айтылған жел сөз емес желпілдетпе.
Алды көл, арты куғын, жан-жақ қамау, Ашылмай тұр түйіліп барар бет те.
Алайда ойды жеңіп, орынынан Ағыбай тұрды дағы жасатты қам, Төрт кісі екі-екіден аттандырды, Бірі Іле, бірі Алакөл қиығынан.
Келуге жолды шолып, жауды барлап, Солардан хабар алып бетті бармақ – Шешуге барлады да айтты батыр, Қолына қам жасатты жүріске арнап.
Шолғыншы қос-қос атпен құйындатып, Бірі Іле, бірі Алакөл кетті тартып.
Келуге ертең түсте осы жерге, Батырдан алысып ед қысқа жарлық.
Тірелген алды қамау-көл Балқашқа, Іле мен Алакөлден жүрер басқа Жолы жоқ, екі жақтан тосқауылды, Салуға Сыпатай да жанталасқа,
Түсіп ед, қайтқаннан-ақ сонау түнде, Жіберіп шапқыншысын Рүстемге.
Орманнан, Жантайменен медет сұрап, Шығып ед о да аттанып келер түнде.
Ағыбай күтті асығып шолғыншысын, Ешкімге əлі айтқан жоқ көрген түсін. Атасы батырлардың ер Жидебай, Жіберген басшы қыл деп жол түлкісін.
Сол түнде нағашысы ер Байғозы, Түсінде сөйлесіп ед келіп өзі.
Жидекең бата берді қор болмайсың, Балқашқа түс тайсалмай болды сөзі.
Осылай екі батыр кезек келіп, Екеуі кезек-кезек бата беріп,
Қысылма, қор болмайсың, алмайды жау. Жолыңды біз бастаймыз медет беріп.
Деді де екі батыр болды ғайып, Оянса таң Балқашқа қанат жайып, Айдында құлпырады қызыл шапақ, Түн жатыр батыс жақта қоңырайып.
Таң желі сыбдырлатқан қалың қамыс, Айдында балық ойнап салған жарыс. Жарқылдап шортандары суда шоршып, Жағада шабақ қуып салады алыс.
Жатыр деп Іле бойда бір қалың қол, Аралас орыс, қазақ қаруы мол.
Арқадан аттанып ед Кенені іздеп, Поручик Құнанбай дейд бастаған жол.
Қарулы қазақ, орыс əскерлерін Самсатып шыққан бастап, елдің ерін – Ұстауға Алатауға Кенелерді, Орманнан Шəбденменен алған сенім.
Қайқайса Іле барлап бұлар тоспақ, Қалмады батыр өтер қырдан бос жақ.
Алды көл, арты Алатау асу бермес, Батырға барар жол жоқ түсті қыспақ.
Ертеңге қалса жүріс, өмірі ғайып,
Жан-жақ жау қамау салған қанат жайып. Қасында қалың елі халі мүшкіл,
Ағыбай ауыр ойда ел мұңайып,
Отырды көпте сөз жоқ, ерде лебіз, Күтуде не десе ер біз дайынбыз.
Дегендей демі ішінде қалың қату6, Барамыз кəні батыр бастаңыз сіз.
Ағыбай жауап күткен қарап көпке, Ойлы көз төңкеріліп төңірекке.
Түнеріп бір түйіліп алды-дағы,
Түсті айтты, үнсіз тыңдап отыр көп те.
Ақжолтай Абылайға əуелде ерген, Жидебай əрі батыр, əрі мерген.
Жорықты жортпай тұрып, түспен болжап, Абылайға алдағы істен хабар берген.
Сəуегей басшы болған билеп жолын, Бастаған сан жорықта қалың қолын, Балқаштан бастап өткен өткелі бар, Тұсында аян беріп айтқан соның.
Жолына осы кеште түсем бастап, Нағашым ер Байғозы жолымды ашпақ, Жалғыз-ақ қазір бəрің тал кесіңдер, Артыңдар он айғырға ершік тастап,
6 Қату – қаһарлы деген мағынада.
Дейді де өзі бастап мінді атына, Тал кесіп алды қиып он айғырға.
Елде үн жоқ екі етер ме ер жарлығын, Суылдап толқын көшіп жатыр суда.
Шұбыра қалың жылқы қамыс жарып, Ағыбай өзі бастап келді суға.
Тұңғиық түбі зымиян суға келіп, Ағыбай қарайды да бір түнеріп, Дүлейі көл Балқаштың жатты тулап, Айдында ақ бас толқын ашу беріп.
Қиырсыз көзден ұшып көл қабағы, Түн басып тұр түнеріп арғы жағы. Кер тұлпар ауыздығын қаршылдатып, Арандай аузын ашып қарғылдады.
Ойланып көп тұрмауын ат тіледі, Кер тұлпар жерді сүзіп жүрші деді. Айқайлап суға бастап кетті түсіп,
Ел де кеп түсті, ешбір жан іркілмеді.
Жетектеп шыбық артқан он айғырды, Меңдібай туды қолға ап бірге жүрді. Шұрқырап қалың жылқы шүу дегенде, Айдынға аяқ салмай иірілді.
Қиқу сап елдің үні қамалаған, Арқырап тамам айғыр жетекке алған, Шақырып үйірлерін кезек-кезек,
Сол үнмен жылқы түсіп кете барған.
Айдынға барған сайын су төмендеп,
Жел тынып толқын көшпей, басылған леп.
Аяқтап7 қалың жылқы кетті жүріп, Жылқы артта, алда Ағыбай жүріп келед.
Шұбырта талды шаншып өз қолымен, Жүргізіп тамам жұртты өз жолымен, Соқпағын су бетінен тартты батыр, Бет қойып Тасаралға төтеменен.
Басқаға көрінбепті Ағыбайдан, Бұлаңдап қызыл түлкі анадайдан, Ағыбайдың алдын бастап жортқан екен, Ізіне соның Ағыбай шыбық салған.
Сол түлкі Тасаралға тартқан тура, Сəуле ойнап құйрығынан айдын суға. Ағыбай соның ізін белгі қылып, Жүріпті бір күн, бір түн осы суда.
Шығыпты бір тəулікте Тасаралға, Кездеспей ешбір бөгет малға, жанға. Жылқының алды келіп шыққан екен, Жартастан сонау тұрған келер таңда.
Ағыбай əрі батыр, əрі жолды,
Есті екен ерте болжар оң мен солды. Айтатын елдің түрлі аңызы бар, Баспайтын батыр ед деп қазған орды.
Біреуі көп аңыздың осы жорық,
Жан-жақтан жау қысқанда қамап торып, Қақ жарып Балқаш көлін елді бастап, Алыпты Тасаралға келіп қонып.
7 Аяқтау – кешу, кешіп өту деген мағынада.
Рүстем Сыпатаймен соғып санын, Ағыбайдың бұл қамаудан құтылғанын, Арман ғып өмір бойы кетіпті деп, Айтушы ед Тəукем бізге үлкен сырын.
Түйіліп Тасаралға бірнеше рет, Сыпатай қолын жиып келсе керек. Еліне жау айғайын салдырмаған, Жазасын батыр талай берсе керек. Кезеулі Керін мініп, көк сүңгісін, Көлденең ұстап талай желсе керек.
Еңіреген елдің ері ер Ағыбай, Ертеде ел қорғаған талай-талай. Сыпатай сан түйіліп келсе-дағы Бермепті сол жылқыдан тағалы тай.
Əкелген Сыпатайдан сонау малды, Бірдей кып малы кеткен ел бөліп алды. Құм қызыл, бұйра шұбар шауқарлардың, Тұқымы біздің елде сонан қалды.
Дейтін де аяқтайтын шал кеңесін, Демеңдер айтып отыр оның несін. Көкті жол, суды соқпақ етсек деген, Айтқаным ертедегі ел дəмесін.
Итіншек ертеден-ақ ел қиялы,
Су жолын, аспан сырын сүйген жаны. Ардагер Ағыбайдай батырына, Берген бір қасиетті сыйы-дағы.
Елінің адал туған баласына, Сыйымды сыр қалдырған санасына.
Оқ өтпес, суға батпас сипат беріп, Кеңес қып кеткені ғой даласына.
Кеңесін аяқтады Кенжеқара, Толқытып таң шұғыласын киіп қана. Шығыста ақша бұлттар алуан түспен, Тотының құйрығындай тарамдала,
Тоқсырып толықсыған сұлу шолпан, Кішірейіп, өңі қашып атқанда таң, Оранған көк торғынға ақ арудай, Алыстан көзін қысып жымыңдаған. Кеткенде көкке сүңгіп өңге жұлдыз, Жалғыз сол күнді күтіп тұрып қалған.
Айдынға төгілгенде таң шапағы, Алуан түс көз қытықтап құлпырады. Толқындар таудай болып үйірілсе, Ойын сап алабұға айдындағы.
Жарысып катрменен жарқ-жұрқ етіп, Балықтар сауық құрып сайрандады.
Жартастың дəл түбінен шықты катер, Манаурап малы оралып аралдағы ел. Жадырап көтерілген көл буына, Бөленіп күміс шықпен тершіген жер, Балбырап жасыл шықпен жайқалады. Ескенде қоңыр самал айдыннан жел.
Алуан құс алуан түрмен əн сызылтып, Күй төгіп көмейінен жүз құбылтып.
Басталар сан нақышпен симфония, Келеді құйқылжыса уілдетіп.
Үйрек, қаз сұңқылдаса айдында аққу, Жер сабап сусылдайды сылдырап су. Колхоздың төрт түлігі таңмен өріп, Қуанып алтын таңға көтерген шу.
Аралдың əсем тоғай гүлдерінде, Өмірдің шаттық лебі үндерінде. Сызылтып тəтті сазын бұлбұл, торғай, Нұрына таңның шырлап жүзгеніне.
Сап түзеп командамен сауыт киген, Сатырлап қару-жарақ бойына ілген, Қайықты қатар мініп түсті суға, Батырлар сүзгіні алып қайыққа үйген.
Бəріне жас Жəнібек команданы Бергенде саңқылдайды айбынды үні. Аралдың осы өмірін қоштағандай, Алыстан тағы естілед завод күйі.
Балқашпен мыс қайнатып Қоңыраттан, Күніне шығаратын сан мың батпан, Ерлерге азық үшін ақ сазанды
Команда үйден шыққан көлден тартқан.
Тулатып алабұға, ақ қайранын, Туырылтып бұйра қазы ақ сазанын, Тартқанда Тасаралдан балықшылар, Аралап алар ерлер таңдағанын.
Балқаштың аты шулы алып кенін, Кенелтіп керек азық, аспен елін,
Тасарал азық жиған қоймасындай, Балықтың бал татыған еттерінің.
Тасарал тамаша əсем кең жазира, Балқашта бұл бром, мыс сан қазына. Ашылған əсем өмір сарайының, Ұқсайды судан салған су бағына.
Өсірген ел байлығын, жер байлығын, Тамаша тапқан талай кен байлығын, Дəуірінде толықсыған гүлстан боп, Тасарал құлпырады міне бүгін.
ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ
І
Ойласаң өткен күнді айтады жыр, Тыңдасаң естіледі бір терең сыр, Ой өліп, өмір сөніп, көп соғылған, Суреті өткендердің алдымда тұр.
Толқыны бұл өмірдің талайды ұрған, Көп жанды алдап соғып, зарландырған. Аяған дертті өмірдің пендесі жоқ,
Жас демей, кəрі демей торын құрған.
Біреудің күшін алып, үмітін кескен. Біреудің жүрегін жеп, қанын ішкен. Жете алмай талай асық мұратына – Қара күн қан жамылып, басқа түскен
Естісем сондайлардың мұң мен зарын, Менің де қозғалады қапаларым.
Ортақпын қайғылының қайғысына, үн қосып күңірену, болған барым...
IV
Келден бай сол өлкеден таңдап алған,
«Көк мұрын той» өзенін мекен қылған.
Ол өзен Шудан аққан бойыменен, Батысқа өлкені өрлеп кетеді арман.
Өзенінің екі жағы қамысты көл, Жайылып екі тарап болады сел, Шашты қыз, тарақты алсын, шөп өседі, Ат шаптырым алабында жайлаған ел.
Шаңқанда шағалалы құстар ұшып, Шуылдап сұқсұр қонған суға түсіп. Қызғыш – қызық, шəукілдек жағын безеп, Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
Алыстан көрсеткенде сұлу сағым, Күлдіреп көтеріп тұр, көлдің бағын, Жан-жағы көктемінің көкмайсасы, Толтырып жаңа жарған жапырағын.
Қара құрт қаптаған мал сонау дала, Бықырлап ақтылы қой толған сала, Шұбырып көлден жылқы шығып барад, Қиқулап жылқышылар беткейді дала.
Көктілі, көкалалы төске толған, Сары қарын биелері мама болған.
Бұлтылдап жұтқыншақтың жұмырындай, Жарысып құлын мен тай ойын салған.
Өзеннің алқапты асар қабағында, Тізілген қалың елдің бер жағында, Қардай ақ алты-жеті ақ орда тұр, Малы жоқ қотан салған бер жағында.
Сыртқы елде көген шешіп, қозы маңырап, Қыз-қатын, бала-шаға улап-шулап, Күңіренген кешкі əуезбен үн қосылып, Өлкенің кетіп жатыр бойын қулап.
Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат Түзелген кемшіліксіз сəн, салтанат. Оюмен əлеміштеп отауларды, Торлаған туырлығын неше қабат.
Екі үйдің арасында тартқан белдеу, Кермеде байлаулы тұр үш-төрт бедеу. Тұғырда томағалы бүркіт отыр, Қақшытып жем беріп тұр, оған біреу.
Тақалған үлкен үйге ақ отаудан, Сызылып дауыс шығад, əн шырқаған, Жуырда келіншегін алып еді, Кенжесі Келден байдың ерке Байжан.
Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан, Жас мөлшері сексеннен еркін асқан, Жамылған торғын тоны сүйретіліп, Келден тұр үй сыртында қозғалмастан.
Сүйеніп таяғына шырқ айналып, Алысқа жағалатып көзін салып, Бұлдырап кəрі көзді кеш ұялтып, Қарайды маңдайына қолын алып.
Батуға шеті ілінген алтын арай,
Жер астан, аспан үстен қарай-қарай.
Қоңыр түс ойға түсіп, қабақ жауып, Тынышталып келе жатыр, дүние солай.
От шашып қызыл жібек маңайына, Нұр төгіп көкжиектің маңдайына. Түсіріп шымылдығын бір заманда, Күн сұлу кіріп кетті сарайына.
Батыс пен солтүстіктің арасынан, Келеді салт жолаушы бір-екі адам. Жөн сұрап, бір адамнан қарсы жүрді, Келдекең көз жіберіп тұрған соған.
Оқ бойы жерге келіп сəлем берді, Қосшыға атын тастап қарсы жүрді, Қол беріп Келден байға амандасты, Көретін күн болды-ау деп сіздей ерді.
- Уа шырағым, қай ұлсың? – деді Келден, Түрлерінің жат көрінед, шеттен келген.
- Иə, баба, руым – Қыпшақ, атым – Монтай, Көруге сізді əдейі іздеп келгем.
- Сен бе едің Қыпшақтағы əділ Монтай Сыртыңнан тілеуші едім бір көре алмай, Ендеше көріселік, кел, қарағым! Жыласып, құшақтасты содан былай.
Келден мен Монтай бірге аяқ басты, Шұбыртып соңдарына ылғи жасты, Кіргенде ақ ордаға сəлем беріп, Монтекең бəйбішеге амандасты.
Терісін ақбөкеннің бөстек қылған, Ақ киіз оюлатып сырмақ салған. Арқаларын бумалы жүкке сүйеп, Отырды екі мейман барып соған.
Кеңеспенен бірсыпыра уақыт өтті, Жататын ауыл, үйлер мезгіл жетті. Бірі сөйлеп, мақұлдап, бірі тыңдап, Бірталай қариялар сөзге кетті.
V
Бір сөздің кезеңімен жанастырып, Монтекең байға бір сөз басып өтті.
– Бақ мынау, бала мынау, дəулет еркің, Келдеке, сізде де арман бар ма? – депті.
Келдекең аз бөгеліп ойға кетіп, Монтайға жауап берді сөзін күтіп: Армансыз бұл дүниеде жан бола ма, Жеткізген кімді «Тəңірі» түгел етіп.
Таңданам, сіздің арман қандай екен, Жасаған жанды, бақты бəрін берген. Естіп ем сыртыңыздан армансыз деп, Бірінші себебім сол іздеп келген.
Тыңдарлық оқиға екен арманыңыз, Шер болып жас жеткенше есте жүрген, Елден де ер арманы күшті деген, Байланған шеріңіз бар қандай жерден?
– Ешкімге айтпаушы едім бұл арманды, Қайғымен күйдірмес де шыбын жанды.
Адам емес, Алла емес, мен кінəлі, Өлтірттім жазасы жоқ бір жас жанды.
Дүниеден күлмей өттім, күлмес хандай, Ойласам өкінішін тау басқандай.
Кеудемнен арсыз жаным шықпаған соң, Тірі жүрмін өмірмен ұнасқандай.
Есімнен қалмай жүрген сол өкініш, Күңіренем де, жылаймын ертеңді-кеш. Күрсініп дертті леппен демін үрлеп, Басын шайқап – еттім деді еңбегін кеш.
Монтайым, мейманымсың, шын құрметті, Саған айтпай, кімге айтам қайғы-дертті. Сақалын сипап балуан қолмен,
Ертек қып өткендерін бастап кетті:
- Дариға-ай, жалын сөнді, кəрілік жетті, Дəуренім өң мен түстей өтті, кетті!
Қуарып тəн қартайып, жан жүдер деп Жастыққа көңіл мұны қашан күтті.
Өмірдің алды жарық, соңы қара, Талайға түсірді ғой бітпес жара. Келденнің арманына ой жіберіп, Менің де жас жүрегім пəре-пəре.
- Еліміз тым жауынгер күшті ел еді, Жорықта талайға жол бермеп еді.
Басшы еді тайпа елге ағаларым, Ешкімнен туып тосу көрмеп еді.
Бір туған үш ұл, бір қыз төртеу едік, Əкеміз ол уақытта өліп еді.
Мен едім үшеуінің ең кенжесі, Он үшке менің жасым келіп еді.
Қалмақтың жортушысын аңдимыз деп, Жас қалмай, барлығы атқа мініп еді.
Тамыздың аяқ кезі жаңылмасам. Ел көшіп Қаратауға қонып еді.
Кемпір-шал, қатын-қалаш елде қалдық, Күзетке күндегідей даярландық.
Түн болды, малды иірдік орталыққа, Бір-бір ат бəріміз де ұстап алдық.
Еркекше əйелдер де киіп алған, Түнімен аттан түспей ел айналған. Қосылып екеу-екеу əрқайсысы, Үзілтіп неше түрлі əнге салған.
Жым-жырт түнде сызылған сұлу дауыс, Жаңғыртып ұйықтап жатқан тауға барған. Жыр толғап, қысқа таңды əнмен алдық, Ол күнде əдет пе еді қажып-талған.
Оянды таста ұйықтаған таудың құсы, Сəулемен араласқан жат дыбысы, Шырлады бозторғайы ақ көденің, Сарғайтып түрілген соң таңның түсі.
Албасты жерді басқан қараңғылық, Білінбей бара жатыр ептеп жылып, Түрленіп өң мен түстің арасындай, – Таң туып келе жатыр сан құбылып.
Бұлдырап Қаратаудың айналасы, Бұқпа үңгір, бұғы қашқан қара тасы,
Құшып-сүйіп, құшақтасып жарыменен, Əлі тұр табиғаттың бұлт баласы...
Аттарын жіберісті жұрттың бəрі, Тарасты үйді-үйіне ұйықтағалы. Түйе мініп, кəрілер жылқы өргізіп, Қаратаудың бауырынан ұзады əрі.
Сүйткенше «жау шапты» деп айқай шықты, Дүбірі жер жарғандай тауға соқты.
Зырылдауық тартылды кідірместен, Кенеттен күтіп пе едік, ойда жоқты.
Жалаңаяқ, жалаң бас кетті халық, Біреуі бақан, біреуі сырық алып. Қатын-қалаш қалмады тайлы-таяқ, Ел сеңдей соғылысты аттан салып.
Біреу жылап, біреулер құлап жатыр, Ел басына түскен соң заманқыр, Өгіз, түйе мінгендер борсаңдатып, Жаяудан да оза алмай бара жатыр.
Шүу деп айқай шыққанда, жалаң аяқ, Жүгірдім шыбын жанды аямай-ақ.
Жау да айдады, жылқыға мен де жеттім Шетінен ұстап қалдым сұр бикешті-ақ.
Сұр бикеш бедеу еді, арқар соққан, Құстай ұшып шығатын талай топтан.
Басқа қылар қайратым бола алмады, Қарусыз тұрып қалдым сонша топтан.
Қалың жау тасырлатып кетті қуып, Алабын Қаратаудың шаңмен жуып, Оңайлыққа түсетін көрінбейді, Байқадым жаудың беті сондай суық.
Айналып ауылыма қайта келдім, Бөгелмей сұр бикешті ерттеп міндім. Ағамның қаруынан қару алып,
Бұл жауды не де болса қуам дедім.
Жалынды жалғыз апам, шешем менің,
«Айырылып қаламыз» деп тағы сенен. Алдадым, ізін біліп қалайын деп, Қорлығы өтіп барад өңменімнен.
Белімде зырылдауық байлап алған, Көк найза тақымымда қысып салған. Айбалта, отыз оқпен садақты алдым, Ағамнан артық болып үйде қалған.
Жөнелдім жауды қиып сонан былай, Ел қалды жаяу-жалпы, шулай-шулай. Бұлдырап таңның соңғы сəулесімен, Ұшырттым жан талқыда тулай-тулай.
Күн шықты əрберден соң самаладай, Күлдіріп дүниені жас баладай.
Көміліп бу мен бұлтқа Қаратауым, Артымда қала берді қарай-қарай.
Жарыстым сары даланың сағымымен, Адырдан асып шаптым қара қурай.
Көрініп алдым ылди шапқан сайын, Ізімді тозаң қалды болжай алмай.
Сұр бикеш жымырылтып қос құлағын, Шақырды шапқан сайын аруағын,
Тер шығып тебінгіден алғаннан соң, Түсірді бір-ақ жерге төрт аяғын.
Екпінді алдымнан жел, артымнан шаң, Шабысы жануардың қалдырды таң.
Көзімнен жас шығарды қызған сайын, Құс жетпес қоса шауып тоқтатпасаң.
Көрінді жаудың шаңы будақ-будақ, Аралас бұлтты тоқаң, шу мен шумақ. Жылқыны тас қып айдап, тобын жазбай, Масатпен кетіп барад мыңдай қалмақ!
Ағыздым алдын орай тез жетем деп, Жалғызды елемейді кісі екен деп, Алдына еркін шығып алған кезде, Қатайтып зырылдауықты алдым жөндеп.
Жылқыға қарсы ұмтылдым тоқтай алмай, Қиқулап зырылдатып салдым айқай.
Кейін шауып жөнелді үріккен жылқы, Қалмақтың қайырғанын елең қылмай.
Жылқыға араласып кеттім кіріп,
Қуып жүр қалмақтар да қайтара алмай.
Шаң жұтып, шомылдырдым шаңға өзімді, Қызумен өлім барын еске де алмай.
Лап қойды маған қарай барлық қалмақ, Қамалып қуып жетіп ұстап алмақ.
Жалындай жалтырады, жел үрлеген, Сұр бикеш жеткізбеді оған бірақ.
Айқаймен шаң жарысып көтерілген, Қауіп жоқ, қуса да əлі маған келген. Ойнап қуып жүргендей қалмақ, сірə, Қызығыма қуанам жеткізбеген.
Бұлтылдап шортан қуған шабаққа ұсап, Талайынан құтылдым едіреңдеп, Жөнелдім бір алаңмен шыға қашып, Ойым жоқ жауға еркімді берем деген.
Қарақасқа атты, қалбағайлы қара қалмақ, Көлдедаң тұра қалды маған қарап, Жантайып садағымен тартайын деп, Енді атқалы шіреніп тұр сығалап.
Дене шошып, жан қорқып тітіреп кетті, Балдырған жас үмітке қауіп жетті.
Жалғыз апам жылаған өлесің деп, Шешемнің сөзі де еске түсіп кетті.
Жалын құша жалтардым, үлгірмедім, Бедеудің сағағынан оқ сарт етті.
Омақата жығылды жерге барып, Жазмыш қылыш ойнатты, жұмыс бітті.
Үш домалап анадай барып түстім, Шаң үстімде қуанып бұрқ-бұрқ етті. Тұра сала садақпен екі-үш тарттым, Тобына толғауы жоқ оғым жетті.
Жығылды бір-екеуі қалбаң ойнап, Қалғаны қаптап кетті, дулап қайнап. Енді қару қылуға келмей қалды, Түсе-түсе жүгіріп алды байлап!
Теңге таңып, еліне алып кетті, Он бір күнде еліне барып жетті.
Жылқының жарымына мені қосып, Олжа деп хандарына тарту етті.
VI
Сейқынның ақыр көндім мазағына, Жегілдім неше түрлі азабына.
Тұтқынның басқасынан маған қатаң, Арқаның хандары қас қазағына.
Орыным босағада тері тұлып,
Сыптай қылып тастаған, тар ғып тігіп, Құлдары қоршылықпен ас береді, Тұрады құр қылтиып басым шығып.
Қапаста қоршылықпен күнім өтті, Елден хабар болмады, мезгіл жетті. Қазақтың батыры деп құл мен құтан, Бетіме күйе жағып мазақ етті.
Көшкенде салбыратып нарға теңдеп, Тірі өліктей қор қылып сан сүйретті.
Ажалсыз жан кеудемнен шықпай жүріп, Сол қорлықпен тұтқында бес жыл өтті.
Ол кезде Тарбағатай қалмақ жері, Асқан жоқ көпке шейін онан бері.
Арқалық, Тянь-Шань тауын тағы жайлап, Кей жылдар Маңыраққа да көшеді елі.
Құс үшып, аң бармайтын қиялары, Жалғыз-ақ сүйген нудың қоңыр желі, Жамылған түрлі желең тау сұлуы, Көктемде көк алқа өскен жидемелі.
Бұлт жамылып, киінген сағымменен, Əлемге мақтанғандай, көр деп мені. Күліп түсіп, көлемін күн құшады, Менен басқа ұқпас деп адам сені.
Баладай өмірге ерке сұлу туып, Ерлері жайдай ойнап, үміт қуып,
Талай жас, талай шешен, талай көсем –
Кіндік кескен осы алапта кірін жуып!
Құбылған бриллианттай жерін сырлап, Бұлбұлы, бозторғайы жəне жырлап.
Көшкенде керуен өмір еске түсіп, Кейде жас төгуші едім, көз бұлдырап.
VII
Ханы еді қалмақтардың Сейқын деген, Он мыңдай нөкері бар соңына ерген.
Өзі бай, өзі мықты заманында, Ешкімге Сейқын тұрып дес бермеген.
Мың басы бектері бар алты-жеті, Өзінен басқаныкін жөн көрмеген. Ұлдары өр көкірек, батырсымақ, Басқаға менменсініп жол бермеген.
Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан, Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан, Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды, Əрдайым, əйелсінбей ақылдасқан.
Талма түстің шағындай бой нұсқасы, Түйген жібек секілді түйме басы.
Кəмшат бөрік шашақты жəне үкілі, Төгілген қара мақпал, құндыз шашы.
Кең маңдайлы, қыр мұрын, бота көзді, Түрімен ұқтырғандай, айтпақ сөзді.
Құлқында жан тартарлық терең сыр бар, Тани ма дегендей-ақ өмір бізді.
Екі бет уылжып тұр қаны тамып, Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып.
Жас баланың аузындай кішкене аузын Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.
Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын, Ақылдан орнатқандай өлшеу алып, Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай, Сұлулық есі кетіп тұр таң қалып.
Үстінде қызыл торғын, жеңді шапан, Шырмауыт жиегіне кесте салған.
Көк көйлек, омырауында алтын алқа, Ол күнгі қалмақ, қазақ салты болған.
Өкшесін көкпен ойған қызыл кебіс Орнатып қима тақа, батқы салған. Арқаның ақ бұлтынан еш күткендей, Қарайды ойлы көзбен кешке таман.
Қоңыр жел күліп бетін сүйед, Лебінен сүйген сайын жалын тиед. Кей кезде жұмбақ бір ел еске түсіп, Өз жанын өзі ұға алмай от боп күйед.
Шіркін-ай, шыдамайды-ау, жаны құрғыр, Елестеп өткенді айтсаң бір терең сыр!
Өткенге ой бөлмей-ақ қояр едім, Жанымды жеңе-тұғын осындай жыр.
Бір күні ханның үлкен тойы болы, Жинады аймағынан барлық елді. Босатып тұтқындарын басқа жұрттың, Ақырында жалғыз қазақ маған келді.
Өзгедей босатпады мені тегін, Жіберсең жоқтайды деп, ескі кегін. Алдына Сейқын ханның алып келіп, Жұмсады ант сұрауға екі бегін.
– «Қалмаққа жау болмайсың бұдан былай Ханымыз жарлық қылды саған солай,
Ант беріп, уəде бер, осы сөзге, Əйтпесе босатпаймыз біз сені жай!»
Ар көрдім ант беруді дұспаныма, Долданып қарлық іске қосқанына, Кетіппін ызаланып, қаным қайнап, Қалмақтың ант берер деп тосқанына.
– Саған жау, Сейқын сұмырай, мендей қазақ Болмаймын бас алсаң да үйтіп мазақ
Өлсем де елім үшін өкінбеймін, Еркіңде, көрсете бер қандай азап.
Қайтсе де қосылмайды саған қаным, Жаралғаннан жұртымды сүйген жаным. Бүгін шешіп босатсаң, ертең жаумын, Сендей жауды жапыру ойлағаным.
Апарып орныма тағы қойды, Қараңғы үңгір езді еңсе, бойды, Бұрынғыдай далаға шығармайды, У қылып жұта бердім талай ойды.
Талып ұйықтап кетіппін тұрып сонда, Асулы тастан салған босағада.
Біреу келіп еппенен оятты да, Кепті жерге түсірді бір заманда.
Таныдым ханның кызы Құралайды, Көргендей бұлттан шыққан жарық айды. Бұрын талай өткенде қарамайтын, Келеді деп, хан қызын кім ойлады.
Үндеспей екі ойлы көз қалдық қатып, Жұмбақты сыр денені тұнжыратып, Күрсініп, сұлу бұрын көз тайғызды, Асықтық əлсіретті лебі тартып.
- Сіз бе? – деді – кешегі көнбей кеткен Қаймықпай ханға қарсы айбат еткен. Сіздің қазақ екеніңіз білгеннен соң, Мен сізді іздеп келдім бір себеппен.
- Қандайын мұңын болып келдің маған?
- Айтайын арызым сол, батыр саған: Тең болмағыр Сейқынға пенде емеспін, Не жəрдемің тиеді айтсам оған?
- Айт, – дедім, – шын мəнісін түсіндіріп, Бастады сөзін сұлу жылап тұрып.
- Əкем Сейқын, шешем менің қазақ қызы, Қайғымен өліп кетті шерлі жүріп!
Əкеміз бір жорықта қазақты алған, Аз болып елі қарсы тұра алмаған. Сол күнде он бесте екен менің анам,
Жас науша сорлы болып қолда қалған.
Қызығып артық сұлу болғандықтан Анамды қаны қара Сейқын алған. Көнбесіне еркі жоқ жылай-жылай, Сөйтіп осы Сейқынға пенде болған.
Басқалардың шешесі қалмақ қызы, Сорлы анамның мен-ақпын жалғыз көзі,
Өлерінде «құлыным» деп, жаным анам, Бар еді өсиет қып айтқан сөзі.
Анама ешбір жанды тең көрмеуші ем, Əке деп Сейқынға да өң бермеуші ем. Аналық жүрегінде шын махаббат, Мені ғана сүйгенін құп білуші ем.
«Жауыңа пенде болма» деген анам, Қайғымен елін ойлап өлген анам.
«Жұртыма көзің көрсе сəлем айт» деп, қайғысын өлерінде берген анам.
Сол елі сорлы анамның сен боларсың, Айтулы арманына тең боларсың, Құтылмақ зор міндетім аманатын, Дертіме, Келден батыр, не табасың!?
Сол үшін келіп тұрмын, міне, сізге, Түсіндім кеше ғана сіздің сөзге, Құтқарам, мейлің тірі ал, мейлің өлтір, Ерлік жоқ мен істейтін одан өзге.
Соны айтып мөлтілдетіп төкті жасын, Меруерттей жаспен жуып қайғы-ызасын, Мен де бірге егілдім ерлік жетпей, Көрген соң күнəсі жоқ жас жарасын.
Өкінтіп өшпес қайғы уын берді, Дариға-ай, ұмытпаймын сондай жерді, Жасты жаспен ағызып жуа бердім, Шыдатар əйел күйі қандай ерді.
- Жолыңа мен тасаттық, сен қалайсың?
«Мен сендік, ар айғақ» деп қолын берді. Жас ойда жасырынған жанның сыры, Шығарды сұлу жүзден суық терді.
Қолының қолды қысқан ыстық лебі, Жасырын күйді шертті денедегі, Асықтық екі жасты кетті билеп, Сынасып бөгелуге жетпейді ебі.
VIII
Келер түн ың-шың дыбыс тағы да өлді, Ұйқысыз біз күзеттік қалың елді.
Жəйшағыр деген ханның тұлпарымен, Торғайкөкті Құралай алып келді.
Тасалап түн қолтығын кеттік жүріп, Арқаның жөні осы деп желі құрып. Жансыз түнде тұлпардың дүбірімен, Тас құлағын салғандай бұғып тұрып.
Екі жастың тілегін тілегендей, Жер үстіне қараңғы тұр жығылып. Аңқау дала аңырап айналадан, Таулар да бас иеді тəжім қылып.
Сылдыраған бұлақтың даусы да өшіп, Дүбірдің екпініне тұр тығылып.
Қатты жүрген жүйріктің екпінімен, Бетті сүйіп желпіп тұр жел де күліп.
Үміт қуған жүректің тиышы кетіп, Дем ала алмай келеді жан тұншығып.
Талай алқап қарсыдан өрлеп асып, Талай биік таулардан кеттік шығып.
Таң сызылып пердесі көтерілді, Сəулемен қараңғылық итерілді, Өлкеден қараңғылық үн шығарып, Түрлі күй, мың дыбыспен жан тірілді.
Жас кетті киіктей ат атылдырған, Жұпарлы далаға бой жатылдырған. Жарқырап күн де шықты, жарық жетті, Патшасы бар əлемнің əділ тұрған.
Анасы махаббаттың жер құлпырды, Нұр төгіп жер-жаһанға күн құлпырды, Теңбіл аспан тесіле қарағандай, Далада тағыға еріп кім құлпырды?
Жұмбағын сол күндердің жұтып өткен, Құлдары махаббаттың жас құлпырды. Адам деп соны да мен ойлармын ба, Түсініп тындамаса мұндай сырды...
Жəйшағыр қане жүр деп елең етед, Торғайкөк шұлғып тастап, сып-сып етед. Киінген асыл киім жас Құралай, Қадаған бриллианттай жалт-жұлт етед.
Мөлдіреп екі көзі қарақаттай. Нұрланған екі беті жарқ-жұрқ етед. Тұлпардың жалы су-су, тақым ду-ду, Сүйріктей сұлу қолын ербеңдетед.
Арудың аппақ тəні қажыды-ау деп, Менің де айтқан сайын мазам кетед. Сардала сағым ойнап сақ-сақ күлді, Таулар да көк садағын мойнына ілді.
Басына бір биіктің шыққан кезде, Құралай қуғыншыны қарап білді. Алыстан шұбатылып ұшқан тозаң, Кешікпей жақындасып бізге келді.
Сейқынның басқалардың көбі түгел, Есебі жүзден аса көзге ілінді.
Жөнелттім Торғайкөкпен Құралайды, Бұл жаудан қашу енді жарамайды.
Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр, Көлденең мені жан деп қарамайды.
«Əуелі сол сайтанды шаншайын» деп, Жөнелді қуып Дауыл Құралайды.
Жəйшағыр астымдағы құстай ұшты, Ұмтылдым төтесінен біліп жайды. Шашағы найзасының желк-желк етіп, Айбалта, қылыш, қанжар жарқ-жұрқ етіп,
Тістеніп көзі жайнап о да ұмтылды, Айқасып найза салдым, қуып жетіп. Қырандай көз айырмай Дауыл қақты, Көк найзам күл-күл болды күміс сапты,
Ол салды айбалтамен, мен сермедім, Сынығын найзасының аспанға атты.
Суытпай қорамсақтан салып өттім, Арам тəн аударылып сеспей қатты.
Баяғы қарақасқа атты қара қалмақ, Тез жетіп, менен бұрын ұстады атты.
Шапқанша садағыммен тартып кеттім, Төбедей төңкеріліп о да жатты.
Тайсалды кейінгілер бір-бірлеуге, Жан шіркін жаман итке қандай тəтті. Садақпен суылдатып оқ жаудырдым, Ажалдың айғағы боп қандар ақты.
Жанымның жаралары жазылғандай, Аз да болса айызым тыным тапты. Ажалдың күйін шертіп содан былай, Шу мен шаң өлкені алды қулай-қулай,
Жаралы жан, жансыз тəн даланы алып, Он сан адам қырылды өлімге улай.
Қиянатшыл өмірдің таласы үшін,
Сорлы адамзат қырылды-ау талай-талай.
Ер ашынса еңбегі еш бола ма,
Бір өзім көпке тұрдым жан аямай. Басшыдан қырық шақтысын құлатқан соң Қалғаны тоз-тоз болды шыдай алмай
Тізе қосып бірлесіп шаппаған соң, Қасқырға сыртын тосқан болды қойдай. Быт-шыт боп жеңілгені тұра қашты, Ыңырсыған өліктер қалды солай.
Қанымда кешілместей кегім қалған, Тапқандай, тыныс алдым көңілім жай. Бір тауда қарауылдап күт дегенмін, Іздедім серігімді содан былай...
Бағана жау жеткенде жас Құралай, Атылған алдындағы тауға қарай. Келденнің бекін деген шатқалында, Соғыстың соңын күтті жылай-жылай.
Құйындай ығы-жығы жауды көріп, Тілейді, сақтай көр деп, Жасаған-ай! Өңіне үміт үзген қауіп кіріп, Атынан жерге түсті шыдай алмай.
- Не болмақ, менің күнім Келден өлсе, Мəңгілік тағдыр ойнап уын берсе, Хандардың енді бетін қайтіп көрем, Мен де күң қылатын кезек келсе.
Тұтқынға жастай түскен алтын анам, Қайтпекпін маған соның жолын берсе, Анамның аманатын іске асырмай Арыма не демекпін əсіресе.
Сүйгенім көптен жалғыз арманда өліп, Алмақ па ханның қолы мен жеңіп...
Қуарып екі беттің қаны қашып, Жығылды тасты құшып жылап келіп.
Тұлпар тұр, тас қойнында жатты сұлу, Үмітсіз тұңғиықта батты сұлу.
Үмітін ақыл қылып, сезім билеп, Бір оңай істің жөнін тапты сұлу.
Тез тұрып алмас қанжар қолына алды, Аяр жан сорлы жаста қанша қалды.
Алмастың суық жүзі ой түсіріп, Кідіріп бір минутке сынға салды.
Мен өлем, Келден қайтед тірі қалса, Өлтірмей қалмақ ұстап байлап алса, Өлмейін сүйгенімнің ісін білмей, Кім білед, бағым жанар тірі қалса.
Соны ойлап шықты сұлу тасқа өрмелеп, Ажалға ашық күні болды себеп.
Жау қашқан, Келден тосқан жерге қарай, Дірілдеп көз жіберді сұлу жүдеп.
Жау жеңіліп майданда Келден қалған, Жəйшағыр ор қояндай ойнақ салған. Керек-керек қаруды жиып алып, Жүгіртіп келеді екен тауға таман.
Кенеттен өңі кірді жас баладай, Жүгірді түсе сала атқа қарай.
Қарсы шауып шатқалдан шыға келіп, Жолықты Келденімен жас Құралай...
Мақтанып қуандырдым қысып, сүйіп, Қатарласып бетіме беті тиіп, Сылқылдап жетім сұлу сүйдіргенде, Жаны құрғыр жай таппай кетті күйіп.
IX
Күні-түні Бетпақтың шөлін басып, Алабынан адастық арман асып.
Кез болдық қалың қамыс бір қопаға, Шаңқай түстің кезінде қалжырасып.
Мен айттым тынығуды ат шалдырып, Құралай ұнатпады түйсік кіріп.
- Ұры-қары, зияны бар жер шығар, Түспе деп, безектеді тілек қылып.
Көнбедім, дем алсын деп тілегіне, Түсінбей түйсік кірген жүрегіне. Күлместей күлмей өткен сорлымын ғой, Арманда əлі өкінем керегі не?
Аунатып тұлпарлардың ерін алдық, Тамақ ішіп, жайланып тынышталдық. Əуе жерге түскендей ыстық күшті, Салқындап шомылуға көлге бардық.
Бір суда жас Құралай жалғыз қалды, Қалжырадық, ыстықтан бас айналды, Құралай ұялам деп шешінуге, Шомыл деп менен бөлек тілей қалды.
Тілегін бермей-тұғын шамам бар ма, Жас жүрек құл емес пе сүйген жарға, Түспе деді, қопаға мен түспедім, Ылғи ғана мен жеңсем жөн бола ма?
Иіліп ой ойлаған қамыс, қоға, Сыбдырсыз мұңайғандай төмен бұға.
Аспанның тақталанған бұлттары Суретін түсіріп тұр мөлдір суға.
Жалаңаш сұлу тұрды күмəн алып, Қанды көл, қопа басты шыр айналып, Күмістей аппақ тəнге күн шағылды, Білек, балтыр қояндай жұмырланып.
Астында қара шаштың көз жаудырап, Еркелейді, өзіне-өзі құмарланып.
Екі алма аналықта алдиярлап,
Күліп тұр жас балаша, шамдай жанып.
Жамбыдай тəн үстіне əліп тартып, Мықынсыз сұлу суға кетті батып. Қанатымен қағынған аққуға ұқсап, Шомылды сумен ойнап шапылдатып.
Астында шам, үстінде құндық жүзіп, Ақ қайрандай денесін қимылдатып. Шошытты Құралайды суда ойнаған, Əлдене жан қамысты сылдыратып.
Кешікпей қайтып келіп тұрағыма, Қарадым, жарымды іздеп жан-жағыма. Бұл неге кешікті деп іздегенше, Шыңғырған дауыс келді құлағыма.
Тұла бойым шымырлап мұздап кетті, Не пəле ұшырады деп қарағыма.
Жүгірдім өзім тастап кеткен жерге, Оғын сала əзірлеп садағыма.
Дамылсыз дыбыс күттім демім санап, Əлсіздеу ішін тартты тағы жылап, Қоян алған бүркіттей шөге түсіп, Құралайды жолбарыс жатыр талап.
Тұра ұмтылдым, садақпен қалдым тартып, Жолбарыс та жығылды сеспей қатып.
Қуанышым, қуатым, жан серігім, Сұм ажалға кез болды түзде жатып.
Қайғы басты қараңғылық қамағандай, Қоштасып қопа бірге жылағандай, Жаралы тəнін құшып Құралайдың, Сорлы жан, мен күңірендім содан былай.
Айырылдым өмірімнің жарығынан, Алып келіп, қопаға тілін алмай.
Жасымнан көргенімнің бəрі қайғы, Жас жанды аямаған Жасаған-ай!..
Несіне сенен қалып тірі жүрем, Мені де алсын сенімен, тірі қоймай.
Өлейін деп қолға алдым қанжарымды, Құралай ыңырсыды қозғала алмай.
Жібек шаштың астында қанданған бет, Жарадан қан саулады, дірілдеп ет.
Күңіреніп басында Келден отыр, Құралай көзін ашты екі-үш рет.
Сөйледі жүзіне өлім нұры кіріп, Құшағын жайып тұр ғой анам келіп,
Қиянатпен тууыма себеп болған, Жауыз Сейқын жоқ болды бір көрініп...
Жан анам, барайын ба? Барайын деп Риза бол балаңа деп, қойды күліп.
Аздан соң Келденіне арыз айтып, Есіл қыршын жан беріп, кетті үзіліп...
Құралай бұл сөзді айтқан сонда маған,
- Сүйіктім тілегіңе жетпей қалған, Мен өлсем де мақсатқа жетіп өлдім,
Анам сөзін орындадым мойныма алған.
Сен де жет тілегіңе əуелдегі, Шерін жаз жүрегіңнің жараланған, Мен өлді деп өлме, өмір тіле,
Дұспаныңнан кегіңді ал назаланған.
Басында қабыл болды біздің тілек, Өлсем де сол ісімді қылам тірек. Өмір сүріп, өркендеп, ұрпақ өсір, Соны сенен тілейді сүйген жүрек.
Жас шығармай мөлдіреп екі көзі, Осы еді Құралайдың айтқан сөзі. Уəде деп зарланып серт айтқанда Куə болып үн қосқан жердің жүзі.
Сұлудың Құралайдай сол болды ісі, Жеткендей ұмытуға кімнің күші, Монтайым, қартайғанша қасіретім сол, Арман ба, емес пе арман, маған осы?
Осыны айтып кеңкілдеп Келден жылап, Алдын жуды сақалдан жас домалап, Бұл арман Монтекемнің күйін шертіп, Мұңдасты екі кəрі бірдей жылап.
- Дариға-ай, талай жаудан кегімді алдым, Соғысты бұл алапта талай салдым.
Үш-ақ күн сүрдім үш мың жылдық,
Не керек жазылмайтын дертте қалдым, –
Деп Келден тамам қылды барлық сөзін, Қартайтқан бұл қайғымен бейшара өзін. Жазалы кім, жазасызды күйдірген кім? Тексерші өткендердің əрбір ізін.
АҚЫРҒЫ ГРАНАТА
(Хабарсыз жоғалғандар монологы)
Ұстазым Кəрібоз Төлебаевтың, нағашым Атшыбай Мусиннің, танк өртеген майдандасым Қабден Əзімжановтың, достым Бақтияр Меңдіғазиннің
рухына арнадым.
Мен солдатпын ізсіз-түзсіз жоғалған, Көкірегімнен көктеп болмай көп арман, Мен туралы не айттыңдар, достарым, Оқ астынан өлмей тірі оралған?
Анам шықты-ау қолмен көзін қалқалап, Сарғылт тартқан сағынышын арқалап,
«Атшыбайды көрдік» деген жалғыз сөз Үміті ұзақ кəрі анаға қанша бақ!
Ұлым шықты-ау алдарыңнан жүгіріп, Сəби жүзде бір қуаныш, бір үміт.
Маңдайынан сипасаңдар еді ғой Көз тоқтатып, бір сəт қана кідіріп.
«Тұңғышпысың, кел, əй, күшік, келе ғой,» Шат көңілге ондай ұсақ келер ме ой,
Топ шетінде жаутаңдаған жетімді Мүмкін, өткен шығарсыңдар елемей.
Мейірімнен үлес күтіп лайық
Қам көңілді қалды-ау байғұс мұңайып, Мүмкін, менің рухыма айтылды
Қара жерді қайыстырар мың айып!
Мүмкін, мүмкін, талай тілде датталдым, Жарым, сен ше, не ойладың, жас қалдың? Ұлым, сен де қос балдақты көршіден, Əкең жайлы сыр тартуға жасқандың.
Сорлы анам, тосаң тартқан құлағың, Мен сəби боп күлдім, түсте жыладым, Бесігімді қайта тербеп қиялмен
Шомылдырдың, құйрық маймен сыладың.
Тағы ақтарып тəтті ойлар парағын,
«Балам!» дедің сол баяғы бал ұғым. Тықыр сезсең елең етіп əрқашан Əр бұрышқа үміттене қарадың.
Сезіміңді бермей ешбір жəбірге Түн ұйқысыз отырсың-ау қазір де. Ұлға деген сеніміңді, анажан,
Пəк күйіңде əкетерсің қабірге.
Сенбейсің сен жоғалдыға, өлдіге, Тəулік сайын сарғаюға, көндіге, Тұңғышыңның түшкіруін жорисың
«Бүгін де əкең аман-есен ердіге!»
«Арам жеген емес ем ғой қалжаңа...» Күбір-күбір тапсырасың Аллаңа,
Ақ сүтіңнің арын сақтап қалды ұлың Оралмадым... ғазиз анам, қарғама!
Кешір ұлым, оралмадым мен елге, Бақытсыз жан жоқ шығар-ақ сенен де. Уа, дариға-ай, жақсы екен ғой жылатып,
«Шын ерлерше қаза тапты» деген де.
Бұйыртпаған маған ондай мақтанды
Ең болмаса демепті-ау «жер жастанды!» Атшыекеңнің қаһарлы айқас айлары Мақталмай да, датталмай да, ақ қалды.
Өлінің де, тірінің де есебінде жоқпын мен Жұлдызы боп кеттім бе ұшып көктің мен! Жо-жоқ, ондай бақыттардың бəрін де Тағдыр менің маңдайыма көпсінген.
Көрші ұлы өз əкесін мақтан ғып, Қарғығанда қос балдақты «аттанып», Сен қызығып қарап тұрдың, ұланым, Кірпігіңнен өкінішті жас тамып.
Əке кемтар, мейлі, ұлдары көңілді, Аудармадың мұңлы-ойлы көзіңді, Қос тақымға арба киген əке де Қол жетпейтін биік бақыт көрінді.
Сен қарадың қызығып та қамығып, Көзде жоқты көңіліңде бар ұғып, Шықты Жалғас майданда өлген əкенің Оң қанатты жалқы орденін тағынып.
Демек əке ерлігінен із қалған,
Оқ астында өткен қиын құз-жардан. Обалдағы-ай, қырсық тағдыр ұланым, Сенен мұндай бақытты да қызғанған.
Ой жаншыды-ау бұғанаңды еселеп, Анау құрбың мұң бөліскен неше кеп, Бүгін ол да қос жанарсыз оралған
Өз əкесін оза берді жетелеп.
Əке, əке, неткен ұғым ардақты Көкірегіңді басты-ау қасірет салмақты. Амал қанша, тағдыр саған, жалғызым, Қос сирақсыз əкені де жазбапты.
Жанарсыз жан қуаныш, мұңы аралас Туған жерін барады оймен аралап.
Оған таныс əр шаңырақтың тынысы, Əр үйдегі абзал үлгі, қара дақ.
Алғы шептен мина іздеген сапердей, Таяқ ұшын құмайт жерден көтермей, Біраз жүріп бұрылды оңға – зу етті Қара мото қағып, жаншып өтердей.
Мас шығар-ақ деп қалды жұрт азғынды, Ол өзі емес, жанарсызды жазғырды:
«Көзсіз адам үйде отырмас болар ма, Тəртіп бұзып, нең бар көше қаңғырып!»
Мүгедек жан түр білдіріп кекесін, Күліп алды: – Інішек, оны не етесің? Атшыекеңнің үйі қайсы басташы, Осы болса керек еді көшесі!
- Атшыекең кім?
- Пулеметші жолдасым!
Иə, Мүрсін бе?.. Ол оңбаған оңбасын!
Неміске өтіп кеткен шығар жоғалған. Отанынан артық санап өз басын...
Уа, не деді? Не тыңдады құлағың! Сен селк етіп тұрып қалдың, ұланым. Жанарсыз ше кетті кенет қалшылдап, Бойын шарпып өрт лепті бір ағын.
- Тəйт-əй, доңыз! Зорға күлген ол жаңа Соқыр көзден ыза жасы сорғалап.
Темір таяқ тік шаншылды аспанға.
- Азғын, олай солдат рухын қорлама!
Елде жүріп не шатасың сен бүгін? Көзім барда көргем өзім ерлігін.
Жоғалғандар «азғын... сатқын...» Масқара-ау, Қайдан шыққан бұндай бықсық пенде ұғым?
Шынында да қайдан шыққан бұл ұғым, Үзер ме еді анау сұмның жұлынын.
Мен туралы ғайбат сөздер естісең, Жəбірлен де жалған сана, құлыным.
Ұлым, еңсе түсірмеші, бұйығып, Қайнар жасың кетті-ау төске құйылып Жанарсыз дос дұрыс айтты, əкеңді Жалған жала, күнəлардан биік ұқ!
Жасық солдат болмады əкең жан аяр, Жасықтықты көтерер ме санада ар? Отты, алғыр пулеметші белгісін
Өңіріме таққан менің өз қолымен генерал.
Кім-əй, мені қорлап кеткен əлгі сұм? Ол малғұн біле ме екен дəрі иісін!
Қап, əттең-ай, керек еді жазалау Бір адамым сияқты өзі танитын.
Донда, Еділде, ол Сарысуда8, Бекетте Жау оғына қарсы кеуде төсеп пе?
Ал мына біз алтын пагон фрицті
Түн жамылып сүйреп кеткен төсектен.
Жалғыз емен, тобындамын он бірдің Төгіп дұшпан ракетаның мол нұрын
Қуды: «олжамды» алып қалмақ... Өзім ше? Дəл жүректен автоматты төндірдім.
Селк еттің-ау, ұлым, жо-жоқ қорықпа, Бұндай сəттер көп болады жорықта. Өзімді емес, өлтірмек ем «олжамды». Өзімді де аямайсың торықсаң...
Жақсы екен-ау тұтқындалып өлмеген, Жалбарынып сауға күткен ол менен. Былдырлайды: «Комрат, киндер клəйн..» Арашаға ұлын тартты-ау көлденең.
Ау, не дейді-əй? «Комрат киндер клəйн...» Босап кеттім, келді бір сəт жылағым.
Саусағымды тартып алдым шаппадан, Көз алдыма өзің тұрдың, ұланым!
Сен ажалдан сақтап қалдың жау ұлының əкесін, Сен түзеттің əкеңнің де шалыс басар қатесін.
8 Сталинград қаласының түскей батыс шетінен өтпек шалшық өзен, қа- ланың «Царицын» деген бұрынғы атауы «Сарысудан» алыныпты деген болжам бар.
Қабан өтпес сіңіп кеттік балшық келді тоғайға, Кездесер-ақ талай бөгет, қатер, сын.
Артта дұшпан... Батпақ көлде шырғалып, Састық əбден. Сүңгіп оқтан қорғандық. Келер таңда таптық полк штабын
Бір «олжаға» үш жолдасты құрбан ғып.
Қайран менің сол бір абзал достарым, Жан едіңдер алаулаған от, жалын.
Рухтарыңа тəжім етіп, сендерге
Жауып кеттік көл-тоғайдың көк талын!
Қош бауырлар! Əлі де ауыр айқаспенен озар таң, Ұлдарыңды іздеп табам, өлмей тірі оралсам Деген едім
Мойынымда борыш болып кетер ме Егер де өзім бейхабар болып жоғалсам...
Ұлым, онда Амандосты сен ізде, Мұңдасыңдар, егілдірме, егілме! Құрметтеңдер солдат əке рухын, Тереңдеңдер арман атты теңізге! Күллі əлемнің назарында бір нүкте, Бір толғаныс адам атты тірлікте.
«Сталинград қатерде тұр, қатерде!..» Осы-ақ сөйлем қайталанар күндікке!
Сталинград! Қарашықты талдырып, Қарады əлем өзгені ұмыт қалдырып. Алаулаған жүрегінің тынысы
Тұрды аспанның толқынында жаңғырып.
Дос тыңдады өз кеудесін жаралап, Қас тыңдады бізді əбден табалап, Еділ көгі ертелі-кеш лапылдап,
Өрт тыныстап тұрды тегіс бар алап!
Ала-құла қауым тосты құлағын Шығыс күтті үміттеніп құларын. Хасан көлде қансыраған əскерін Шекараға тақай түсіп бір адым.
Түстік тұрды: «Күйрете гөр Тəңірі!» – деп, Аттанысқа айлы туын əзірлеп,
Атланта арыстаны толғанды
Көз алдына көмескі бір сағым кеп!
Ол ойлаңды бір отырып, бір тұрып, Сигарының түтініне тұншығып,
«Бесігіңде қылғындырмақ болып ем Өз қолыммен өндіршектен бір сығып.
Əттең сонда...» Оралар ма ол заман. Ал қазір ше?
Құр қалмақ па олжадан?
«Дуалы ауыз, өзің айтшы, Чемберлен...
Қас дұшпанның қайсысын мақұл қолдаған?»
Жоқтарсың сен... Көргенің мол көнеден.
«Қырылыссын, əлсіресін... уа, деген! Əбден шаршап талыққанда біржола Екеуін де соғып алам төбеден.
Əлде жөн бе Адольфты алдаған?
Бұл қамалдың тынысын жөн барлаған...» Ақ үйдің де президентін тілдеді ол
«Ой өрісі шалғайламас өзі отырған арбадан.
Күллі əлемнің назарында бір нүкте, Бір толғаныс адам атты тірлікте.
Қасиетті қаламызды кеудемізбен қалқалап Біз жатырмыз тойтарыста күндікке!
Біз қорғандық бір тілектен мызғымастай топталып, Кеудемізбен найза омырып, оқ қағып,
Аяқ асты еш тынбастан дірілдеп, Аспан тұрды ертеңді-кеш шоқтанып!
Толқын жалын өрт шарпыған Еділдің, Күзгі ауада күйік иісі темірдің.
Жанып жатқан сəнді-сəулет сарайға Келді кенет топан сел боп себілгім.
Ауыр доптар жарылады күрсініп, Бұтасы сау жоқ бұл маңда бір шыбық. Құлап түскен қабырғалар астында Талай адам қалды-ау үнсіз тұншығып.
Доп қиратып жатыр əсем қаланы, Жалын жауып барады алтын даланы, Жау құзғыны босқындарды жазықсыз Қуа жүріп оқ астына алады.
Бейкүнəлар қош айтысқан өмірмен Отандастың кетпес кегі көңілден. Сонау құлап шырылдаған нəресте Құлыншағым, бір аусашы өзіңнен.
Шырылына құлақ тосып жас ұлдың, Көкірегімді ыза кернеп ашындым.
Тоқтау салған жетекшімнен жұлқынып Босадым да, дереу қарғып атылдым.
Құзғын енді нысаналап өзімді Самғап өтті, оқ сиректеу төгілді. Сол иықтың ұйығанын сезінгем, Қапелімде қан жауыпты өңірді.
Жан ашуы – жанарымнан от өріп, Жаралы ұлды жеттім кері көтеріп. Құшағымда сөне берді балдырған Жиі-жиі қан қақыра жөтеліп.
Тек қас қағым қарады ол аспанға Не көрді екен көзін соңғы ашқанда? Əлде не деп күбірледі – ұқпадым
Деді, мүмкін, кегімді ізде, жасқанба!
Тағдыр, тағдыр, неге мұнша тар алдың? Соңғы нұры өшті сəби жанардың.
Келді бұл сəт масайраған құзғынның Көкірегіне өзім оқ боп қадалғым!
...Мүлгіп кеткем: өз ауылым, өз елім, Ақмоншақта көрдім сені, бөбегім, Жүйрігіңмен жүлде алып бəйгіден, Əкеңді бір қуанышқа бөледің.
Өзінде ғой болашағым, бар үміт Төбем көкте уайым-мұңнан арылып, Құшағыма қаусырғалы ұмтылғам Гүрс етті де кетті арамыз жарылып.
Көзімді аштым... Түтеп алған от тасқын.
Күлі шыққан қарсымдағы көк тастың. Қаптап өрген ақ кресті танктер Жаншып өтпек.
Қандай құдірет тоқтатсын!
Шойын топан... Шошымаппын тегін мен.
Айырылған да сияқтымын сенімнен. Жетекшіге қарап қойдым күрсініп:
«Мүмкін, мақұл жаңа орынға шегінген?»
Жо-жоқ, достым, шығар оны ойыңнан Түрің бар ма, үрейге де бой ұрған?
Тойтарамыз... Өлуге əзір ертерек
Перзент борышын өтеп болмай мойыннан.
Перзент хақын өтей шықтық ауылдан, Кім шошымас мынау өртті дауылдан?
«Үрейіңді жеңе білсең батырсың!» Тауып айтқан айналайын Бауыржан!
Қоян емес қаза табар қамыстан, Ерлерше өлем өлсем абзал намыстан. Жаралы жан келеді ғой ызалы.
Бұнымен де талайдан-ақ танысқам.
Шақыр-шұқыр доп күрсінген жаңғырып, Окобымды бір жойқын күш қалды ұрып, Құлап түскен тіл қатпайды көмекшім Бірер секунд тұрды басым қаңғырып.
Танк-танк!..
Қорғанысқа төніп қалған тақалып, Пулеметім тоқтай берді қақалып.
Жан дəрменмен қайта отырдым түзетіп, Ащы ызадан кірпігіме жас алып.
Əке алдында тұрды ауыр, балам, сын Алса тағдыр арды алмасын, жан алсын. Төктім оқты. Құлап жатты десанттар, Мүмкін, ұлым, саған жалған, маған шын!
Оқты аямай мол төгуге тырысқам, Қырылған жау көп шығар-ау қырықтан. Əттең, бірақ «Максим» оғы өтер ме Шақырлаған шойын дене – құрыштан.
Өтті бірі окобымды жаныштап, Атып тұрдым, ашулы едім барысша! Көміліпті құрыш дене жалынға
Өз маңымнан ұзай алмай алыстап!
Біреу емес, жатыр бесі жалындап, Күллі атырап айғай-ұйғай сан ырғақ. Күн қанталап көк төрінен құлаған, Көк түтіннен емес бұл маң арылмақ.
- Уа, батырлар!
Мызғымайтын тұлғасыңдар ең биік! Көрдіңдер ме тойтардық қой, дендедік!
- Граната, граната!.. сол білегі мойнымда Жетекші жүр əр солдатқа дем беріп.
Ол өзі де «...қайыспайтын қара нар!..» Айқаста жүр, болса да ауыр жарадар.
Ұрпақтарды батырлыққа баулыған Мың рақмет, абзал ата-аналар!..
...Жаңа қорған берік болғай, достарым!
«Тосқауылдан жеңіспенен тос бəрің!» Деген едім. Кешеуілдер түрім бар, Болмағай ең тек бейхабар жоқтарың?!
Кеше аспанды жапқан қою бозымық Жолым сонша кеткен несі созылып? Əлде адастым! Ұзақ сапар түн бойы Тоқтамастан, ұйықтамастан көз іліп.
Таңды қарлы жаңбырменен атырдым, Кірпігіме кейде мұңды жас алдым.
Кездестім де кенет жаудың оғына Қалың нуға қайта өзімді жасырдым.
Үмітімді əкеткендей түн ұрлап, Бір азаптан екінші азап құлындап,
Шақ құтылып үлгердік-ау қуғыннан Максимкада талай оқты шығындап.
Сол иығым сырқырайды қанталап, Серігімді сүйеп, кейде арқалап Ілбіп келем. Пулеметім жетекте, Тосады екен қанша азап, қанша бақ?
Достым ауыр... Қоштасар ма мəңгілік?
Өзім дағы оққа бойды алдырып, Қарлы жаңбыр, қасіреттей мұнарда
Балшық кешкен түрім мынау қаңғырып!
Жараларым у құйғандай ашиды, Кейбір сəтте жігерім де жасиды. Қасиетті үміт, шырағымды өшірме Келмейді əзір торығуға бас игім!
Тоқтап қалдым есіттім де жат үнді
Бұл не дабыр? Мылтық қайдан атылды? Жаралы дос күбірлейді:
«Ат мені... Өзің құтыл, құр сүйремей масылды...»
Жо-жоқ, достым, ұсынба ондай ұғымды Мен қабылдар емес əсте бұл үлгі.
Əлі де елге есендікпен оралып, Қуандырам деп үміттен ұлыңды!
Үміт, үміт, жұлдыз болып нұрлан да Бұлт қойнына бой тасалап ұрланба!
«...Ха, ха... Майне ливе русеш фрейлин...» Қандай сорлы мазақ болмақ бұл маңда?
Қыз айғайы қасірет əбден меңдеген. Шырылдайды бишара
Сорлы-ай неткен азабы ауыр пенде ең!
Құтқаруға менің шамам жетер ме? Жə, оқ аштым.
Не мұқатар, шешер не? Жо, жоқ, тартын...
Қаруластар күтеді,
Хақың да жоқ ажал іздер бекерге.
«Мама, мама!..» Шырылдайды балаң қыз. Шегініп те кете алмадым алаңсыз.
Жаралы дос сұлық жатыр – ол қазір Намыстан да, үрейден де алаңсыз.
Қайтем? Анау бала үшін де ескерткен!
«Құпияда қылмыс жөнсіз беттескен...» Қарындасты қасіреттен құтқармай Мен қалайша бас сауғалап тек кетем?
Ар азабы, іштей тартыс. Бас қатқан, Серігімді шақ сүйретем батпақтан.
«Максимка» дос батпан болып кеткендей. Қарлы сел боп жерге түгел ақты аспан.
Достым тілсіз... Жан тапсырған, күтпеп ем Денем дір-дір. Сарқылмақ па күш менен? Қаралы аспан сел боп ағып бітердей, Адамзаттың қасірет-мұңын жүктеген!
...Ауыр екен, ауыр екен жалғыздық Серігің жоқ сырласатын жанды ұғып,
«Максимканы» жер бауырлай итеріп Тағы жүрмін тағы аңдай қаңғырып.
Қос граната, қос автомат. Оқ шағын. Сылбыр жылжып, жиі-жиі тоқтадым. Дəрменсіздік күйдіреді жанымды Көкірегімді шарпығандай от-жалын!
Бейне үрейлі аңға ұқсас бүгінгім Аяқталар сағаты ма жырымның? Қайран достым, сен ғой соңғы секундта Ұланыңды тілге оралтып үзілдің.
Ұлдар, ұлдар,
Сезе ме екен солдат əке азабын
Жетер ме ол ұғымына аңқау, сəби сананың? Тұңғыш жаным, сен ғой «əкем оп-оңай Фашистерді қырадыға» санадың.
Əкеңде де болған бір кез Ондай сəби түсінік,
Өзімізді ірі, жауды əлсіз-кіші ұғып Кеудемізге нан пісірдік... мүмкін, біз Алғашқыда сондықтан да ұтылдық!
Ұлым егер көрсе əкенің бұл түрін, Тыңдар болса жүрегінің дүрсілін, Шошынар-ақ, мүмкін, аяр міскінді Апта бойы ілінбеген кірпігі.
Бұл төрт тəулік тынымды да ол сиретті, Тəбетін де нəр сызбауға ол үйретті, Жапырақтар аясынан сусындап, Бұталардан жұлды семген жидекті!
Шаруадан да ауыр солдат еңбегі Қанша жерді қопарды əкең келгелі. Игілікке жұмсалса, əттең, осы күш Қаншама ырыс болар еді бермегі!
Тағы да жау... Қылаң берді соңымнан, Жер дір етті ауыр мина оғы ұрған.
Бұға түстім. Мазақ күлкі баяғы Мені қуған тəрізденді соңымнан.
Ал əкең ше? Тығылыпты тасаға,
Мүмкін, тіпті беттеспестен қашар да! Мүмкін, ұлым, сен қорландың мен үшін? Жоқ, күйініп кірпігіңе жас алма!
Əкең бір сəт буындары дір еткен... Қорқынышты тұншықтырды ол жүректен. Мінеки, ол құдірет күшін ызаның Түгелімен берді екі білекке!
Лап қойды жау. Мен таяудан көздедім Жастығымды алмай бар ма өлмегім? Бірінші топ жапырыла серпілді, Кезектегі не болмақшы көрмегім?!
Оң қанатта шұқыр мина қопарған, Соған жетсем...
Мүмкін, бұл да бос арман.
Тірі кетер сенім қазір жоқ менде Тек қана абзал арлы өлім тос алдан!
«Орын өзгерт!» деген ойда бір ұғым
«Максим» досты жетекке алып жүгірдім. Жамбасымды шарпып өтті жалындар Ескі апанға естен тана жығылдым.
Сирағымды «Максимканың» өзі ұрып Басып қалды, кетті мүмкін омырып. Есеңгіреп зорға ғана ес жидым.
Көңілім күйрек... Қалғаным ба торығып!
Жоқ, тағы да ішкі ыза, жəбірім
Ал қазындым... Болар мүмкін қабірім. Кешір, ана, кешір, Отан, мойнымнан Өтей алмай өтсем перзент парызын!
Шаршаулымын, жаным əбден қиналды, Болсын маған сендер тартқан сый мəңгі, Зеңбірекші Богатыров, өтінем,
Қишы достым, ең бір ауыр минаңды.
Қишы маған, ең ауырын, жан аға, Болсын досқа дос оқыған жаназа Қаптап келген дұшпанды ала өлейін, Қанды қолды жақындатпай жағама!
Естімейсіңдер сендер мұны, достарым, Берік болғай қамалдарың, Мызғымасын топтарың!
Қош болыңдар...
Шоққа айналған «Максимде»
Қалды қазір тек санаулы оқтарым.
...Мен жалғызбын, дұшпаным көп оғымнан Анталады солымнан да, оңымнан...
«Максимканның» өшті үні қақалып Өлі, тірі қараң-құраң – шоғыр маң!
Атпайды да, топырласа жүгірмей Дабырласқан бірі сойып, бірі ірей, Үрейлене жақындайды біртіндеп, Тұтқындамақ ойлары бар тірілей.
Автоматтар от алмайды – құм қапқан, Ызаланып үзіп салдым құндақтан, Гранатты жарылуға дайындап Өңіріне тықтым көне сырмақтың.
«Русеш золдат, Сталинград капут, мойында, Өмір керек, сен бекерге жойылма...»
Дейді фашист... Тағы да бір граната дайындап Салып қойдым сырмағымның қойнына.
Енді маған өлім жақын өмірден Азғын болмай ар-намысы төгілген, Өмірімнің құнын алып құласам, Сол бір абзал арман тұрды көңілде!
Құлағымда күңгір-күңгір сыбыр үн Естігендеймін сорлы қыздың шырылын. Орнымнан көтерілдім теңселіп,
Бірден атар болса, құнсыз құрыдым.
Қолда менің, ең ақырғы қас қағым, Бар денемді дуылдатып жас қаным. Қанатымды қомдай сермеп өзімді Қалың жаудың ортасына тастадым.
Тасталдым да гранат боп жарылдым Есімін атап анам, ұлым, жарымның, Дұшпанның да күлі қалды... білмеймін Өшірдім бе өтеп перзент қарызын!
Ғазиз анам, қолдан сырғып күрегің, Дəп осы сəт бір дір етті-ау жүрегің. Сездің, бірақ сеніміңді алдадың, Өзге алдында келмеді де жүдегің.
Бітті осылай жауынгерлік сапарым Кірленбеді, қорланбады жас арым. Сезіп кеттім, сеніп кеттім жеңістің Көкжиектен қылаң берген шапағын!
Солай ұлым!
Іздестірме мені ешбір хабардан
Іздестірме, зираттардан, ескерткіштен сазарған. Ізде мені таңғажайып құбылыстың өзінен
Мен мəңгілік өлмей-тұғын табиғат боп жаралғам!
Ұлым, мені таба алмайсың қағаздағы тізімнен Ізде мені торғын көктің жұлдызынан тізілген. Алтын арай ақ таңдарды қарсыласаң шаттанып, Ізде мені сап ауаңнан көкірегіне сімірген.
Ізде мені күннің күміс нұрынан, Ізде мені жаздың жасыл қырынан,
Ізде мені сыбдырынан күзгі алтын дарияның Тыңда мені бозторғайлар жырынан.
Тауға барсаң жатса жартас жаңғырып, Тау өзені сарқыраса жарды ұрып,
Бəрі-бəрін де əкең деп ұқ ұланым, Мен өлмейтін табиғатпын мəңгілік!
ТАСҚЫН
Бірінші бөлім
І
Қаршадай қарға бойлы қара бала, Тұр жалғыз, ойлы көзбен қарап алға. Қаланың қарауытқан шетіндегі, Қалқиған лашығы құр пана ғана.
Қыр мұрын, бүйрек бетті, өткір көзді Жас бала, көп жасаған жан мінезді, Жаны оның жаз жылуын көрмегендей, Көңілсіз алып қарсы қоңыр күзді...
Құлақшын қара бөркін баса киіп, Үйінің терезесін түскен сынып, Құржыңдап құрап, əйнек жамап жатыр, Қиуын келтіріп-ақ қиыстырып.
Көшеде басқа балалар асық ойнап, Жүрсе де асыр салып тасып ойнап, Бұл бала ойынды елең қылар емес, Басына ой түскендей жасынан-ақ...
Лашығы түнеріңкі тастан соққан. Моладай қу далада құлап жатқан. Оның тас мыжырайған мұржасынан Шаншыла, шүйкелене түтін шыққан.
Алдында есігінің əжесі де, Шұқшиып жамау-жасқау өз ісіне. Отырып, нұры сөнген кəрі көзі Қадалған жіп сабақтап инесіне...
Қаланың тұрған осы шетіндегі үй. Аңғарлы Алатаудың өтіндегі үй Мекені кəрі кемпір, жас баланың, Тұр көптен жабырқаңқы жетімдеу үй.
Алыстан мұнарланып тау маңайы, Шалынып көзге бұйра қарағайы,
Ақ бұлттың ақ торғындай астында өскен, Сұлудай тұр бұралып саядағы.
Жамбыдай қыземшекті құздарының, Жарқырап құзға қатқан мұздарының, Сілемі батқан күнге шағылысып, Бетке ұрған салқын лебі ызғарының.
Секілді күміс жылан ерке бұлақ, Құлдырай құлдилаған құздай құлап; Сұлудың яки сақ-сақ күлкісіндей, Шашқандай інжу-маржан, су сылдырап.
Көріп пе ең, мұндай ару тау еркесін? – Үстіне табиғаттың көркем кешін Жамылып, шымылдығын сұлу серпіп, Ашқандай ай нұрына əппақ төсін?!
ІІ
Сол, сұлу тауды, – кейде бала көзбен, Қиялы, қараса да қия кезген, –
Сынық көз терезесін жамап жатып, Моншақ жас мөлт-мөлт тамған қара көзден.
Тау көркі оған сұлу көрінбеді, Мəлімсіз жас жүрегі жерінгені, Түскендей көңілінің көлеңкесі, Еріксіз емерілді еріндері...
Албырап беті қызыл алмадайын, –
Ісініп, суынад ой толған сайын. Жетім боп əкесінен жастай қалған, Сағынып, деді əлде аймалайын.
Əйтеуір, нұрлы жүзін күңгірт шалып, Тыпыршып жас жүрегі жалынданып, Орлана ойлы көзі жасқа толып, Тұңғиық тұрды терең ойға қалып.
Қалаға таудан төмен көз жіберді, Үркердей əр жерде оқшау үйді көрді. Жер қыстау жермен жексен жымырайып Жатқандай тізбектелді тістеп жерді.
Қырында қуарыңқы құбажоны, Сарғайған жапырағы талдың да өңі. Көлікпен қатысатын жан-жағынан, Тек қана, жатыр аңқып айдау жолы...
Шаң басқан көшесінде анда-санда, Пішпектен, Қаскелеңнен өгіз арба Жеккіштеп, кейбіреулер есекпенен Қыбырлап келе жатты аңғарғанда...
Қоралай, екі-үш кісі жай кеңесіп, Сораптап шайханада шайын ішіп, Сасытып темекінің түтініне Қабақта мастар жатты құр ұрысып.
Мас болған екі-үш жігіт үйге қайтып, Көшеде бұлғаңдасып гармонь тартып. Келеді бір-біріне сүйенісіп, Даурығып, анда-санда өлең айтып.
Тозыңқы үйлер тұрды жымырайған, Сықсиып терезесі сығырайған: Кісідей қырғи қабақ қиқайысып, Бір үйге бір үй қарсы қыңырайған.
Тозған үй саламдары бықсып, шіріп, Секілді құрым киіз кеткен іріп,
Сол үйдің төбесінде шəуілдесіп, Өткінші мастарға тұр иттер үріп...
Қартайған қаусап шалдай үйлер бұғып, Қаудырап тұр кеткендей дауыл жығып, Аңырап айдау жолдай көшелердің, Бұрқырап жатты аспанға шаңы шығып.
Сол жолмен біртіндеген жолаушы өтіп, Қалаға біреу келіп, біреу кетіп, – Шұбыртқан балапанын тауықтар да, Шоқыған ат тезегін ермек етіп...
Күн бата таудан төмен ойға түсіп, Аспанға шыққан бозғыл шаңды кешіп,
Қаланың сиырлары қарындарын Қампитып келе жатты мөңіресін...
Керілген көшесінде құла дала, Қой түнеп түнге қарай қора-қора. Ойында үш ұйқтаса ешнəрсе жоқ, Жатысты мекіреніп күйсеп қана...
Қала да көзге түсіп тұр алдағы, Қиқиып тастан соққан дуалдары. Құлауға шаққа тұрған үй жанынан Өтетін тройкамен жуандары.
Ұшыртып көшесіне шаңға батқан, Кейбіреу үш пар атқа қоңырау таққан. Үркіте қой үстінен кешіп өтіп, Көрінді қала көзге шулап жатқан...
Қаршадай қара бала көп ойлады, Бұған да қарап көзі тоя алмады. Есіне түсті кенет бір жыл бұрын Шошынып таң алдында оянғаны.
Көп тұрған түнді түре көлеңкелеп, Атар кез таң саз беріп құланиек.
Аялап, апасының бауырында
Жатқан шақ шырт ұйқыда бала түлек.
Аһлап, есік ашып ала таңнан, Оқ тиіп тұла бойы жараланған Бір адам сүйретіліп үйге кіріп,
Құлады үсті-басы қан-қан болған.
Таспадай ширатылып қара мұрты, Қып-қызыл қанға толып екі ұрты, Қаржыта, қан қақырып талықсумен, Шын сөніп баратқандай нұрлы сиқы.
Көгеріп, көлеңкедей түсі қашып, Оқ тиген қан-қан жара төсін ашып, Қадалып баласына қарай-қарай, Алмастан көзіне жас жанталасып...
Сорғалап кеудесінен ағып қаны, Шыққандай шарасынан көзі-дағы, Үлкейіп бір ашылып, бір жұмылып, Сылқ етті үзілгендей шыбын жаны.
Жаралы қанын сүртіп жары-дағы, Жас толған қара көзі жаудырады... Қолымен əлденені қармағандай, Көзіне елестетті жауды тағы.
Ерінің көзіне жау жұлқынғаны
Елестеп, қылыш жарқ-жұрқ жарқылдады, Сол кезде бетіндегі құбылысы Майданның ері екенін айқындады.
Бүре ұстап сол қолымен сүйген жарын, Талықсып білмей кетті не болғанын, Шытынды шымыр етіп оқ тигендей, Құшқандай болды тағы аттың жалын...
Талықсып білер-білмес жатып есін,
- «Құлыным Қайсар, қош бол!» – деп еркесін, Бір сүйіп маңдайынан жан тапсырған,
Қатты ұстай оң қолына винтовкасын.
Ұйқыдан шошып тұрып сонда ғана Жаралы көкешін де көре қала, Жылаған жан ашумен бірінші рет, Сол Қайсар еді əлгі қара бала.
Азамат соғысында қанды майдан,
Оққа ұшып, жан тапсырған жараланған, Қайсардың өлген осы əкесі еді,
Аларда Алматыны қаза болған.
Қамығып, қайғыланып өзінің де, Осы еді тұрған ойы сезімінде.
Бұршақтап жаудыраумен, сондықтан-ды, –
Толғаны жасқа қара көзінің де...
Осындай ұққызғандай сырды бала, Томсарып, сол себептен тұрды бала, Оққа ұшқан көкесінің қанындай-ақ, Қан қызыл көрді батқан күнді бала...
Тұңғиық ұйқылы-ояу тау мұнарып, Күн батты таудан асып қас қарайып, Қаршадай қара бала батқан күнге Көп қарап, лашығына кірді барып.
ІІІ
Алатау ұйқтап жатты қабақ түйіп, Жел айдап көкте бұлтты бұлт қуып. Сезгендей əлденені таудағы аңдар Дүрлігіп үркіп жатты қарап тұрып...
Қайсар да тынышталып ұйқтай алмай, Күндізгі ой артынан жатыр қалмай.
Оңай ма, жесір шеше, жетім бала, Күнелту болады деп əлдеқандай.
Күрсініп əжесі де ойға түсіп,
Өлімші май шамның да жарығы өшіп, Бағанын күңгірт тартқан үй ішінің, Тырнайды əлденеге тарғыл мысық?..
Құйрығы сұр жыландай иретіліп, Мысықтың жез тырнағы түйретіліп, Тырнаған сайын ескі үй бағанын,
- Тіріш! – деп кемпір жатты сүйретіліп.
Есіктің алдындағы ала қаншық, Тіміскіп бірдемені жалағансып, Қынжылып ұлып, үріп қаңсылайды, Жаны ашып əлденені аяғансып...
Жүрегі Қайсардың да шерге елтіп, Елестей, ой тізбегі жатыр өтіп...
Сынық көз сығырайған терезесін Кетеді оқтын-оқтын жаңбыр шертіп.
Ышқынын ішін тартып жел де жынды, Бұлқынып жалмағандай əлдекімді, – Оғындай зеңбіректің бұршақтатып, Гүрілдеп көктен тағы жаңбыр құйды.
Тау тоңып асқар ала ауру жандай, Арқасы, я безгегі ұстағандай.
Құрсанып қара тасы шатынады, Толықсып өзін-өзі ұстай алмай.
Көктегі мазақ қылып жауын-шашын, Қысқасын мұз дулыға қарлы басын, Бұрқанып, ашуланып, булықты ма, Көкте атып лақтыруға жақпар тасын.
Тəкəппар тау тұра тұр, ашуланба, – Ашу не, ұсақ жауын-шашындарға! – Десе, – жел сыбыр етіп, долданды ма? – Жендірген секілденді ашуды арға!
Тоңды ма, мəңгі мұздан жеркенген бе? Долданды, бүйтпеуші еді шіркін күнде. Қақ жарып қара тасты атты тасқын, Қағам деп қарлы мұзын сілкінгенде!..
Алатау сілкінгендей дірілдеді, Тұрғандай күн күркіреп бір үн келді! Лақылдап қара тасқын тас лақтырып, Көк топан, жер сілкінте дүрілдеді.
Кенеттен көкке сермей көбік шашып, Ашулы толқынмен тас араласып, Бұрқырап судан боран сапырылып, Лап қойды қалаға жол бұзып-жаншып.
Орғып су, мың бүктеліп, тоқсан толқып, Талқандап көпірлерді, қамал қырқып, Тастарды мың жасаған мөңкіткендей, Лақтырды допша қағып жұлқып-жұлқып!
Арынын асау тасқын арқыратып, Майданда мың қылышты жарқылдатып, Аттана шапқан жойқын қалың қолдай, Ақырып қаланы алды толқындатып!
Айқайлап жұрт шуласып есі кетіп, Кейбіреу сыртқа қашып:
- Есік бекіт! –
Деп жатыр, не қыларын білмей сасып, Қарамай, бірақ, толқын қалды жетіп...
Телегей толқын теңіз атты тасты, Десті жұрт:
- Топан басты!
- Топан басты!
Дірдектеп зəре қалмай, жан ұшырып, Тығылып біреу бұқты, біреу қашты.
- «Аллалап» сəлде ораған молдалар да, Білмей жүр асып-сасып не қыларға,
Ит ұлып, бала жылап, қатын шулап, Айқай-шу, азан-қазан өзге жан да.
Қопарып талай биік бəйтеректі, Суырып тамырымен жығып кетті. Бір үйді допша қағып, бір үйге ұрып, Күл-талқан дуалдарын быт-шыт етті.
Тасқында біреу өліп, біреу талып, Біреуді болар емес біреу танып.
Ойдағы тұрған қала теңіз болып,
Əр жерден үйлер кетті толқынға ағып...
Көшеде қашқан жанды таспен ұрып, Тасқын су топырлатып жатты жығып. Түтеген тасқын судың жойқынында
Əр жерде қалып жатты жұрт қырылып...
Төзе алмай ешкім қарсы тілсіз жауға, Қырылды, қаза тауып, мал да, жан да, Арсылдап тісі ақсиып аюлар да, Тобымен қырғын тапты таудағы аң да.
Елігіп тасқындаған толқындарға, Тасқында құлаған үй, өлген жанға, Кетіпті естен шығып не күйде екен, Жаңағы өзіміздің қара бала?..
Кетті ме, кім біледі толқынға ағып, Немесе, өлтірді ме тастар қағып! – Белгісіз не болғаны оның бізге, Қайтадан бишараға оралалық.
ІV
Таң ата, терезесін толқын ұрып, Күркіреп жеткен кезде үйге кіріп, Жас Қайсар анасымен қол ұстасып, Жөнелген қаша келе, үйден шығып.
Еш қайла қашқанменен таба алмады, Тасқын тез алды, артынан арандады! Алдында көздерінің елестеген Секілді ажал оғы жалаңдады!
Екпінді тасқын мен тас араласып, Жұмғанша-ақ түтеп кетті көзін ашып. Жүргенде алас-қапас жан ұшырып, Жалтарды анасынан бала адасып.
Кеп қалған қара толқын құмды қауіп, Жалтартты жас баланы жалаң қағып,
Қайсарға қарсы аранын ашқан тасқын, –
Түлкіні талатқандай қыран жауып.
Құлшынып құздан төмен мұзды балақ, Қаһарлы қырық бүркіт қағып қанат, Қаңтарда аңға аранын аша ұшқандай, Бүктелді қара толқын қырық қабат.
Лепіріп, бүктетіліп, топан ағып, Баланы шарпуымен қарпи қағып, Таулана, төңкеріле, отауланған Жалдана, орғи аға бұзып-жарып.
Жүгірді бала өкпесін қолына алып, Тірсектен арсылдады толқын қауып. Бұрқылдап жан-жағынан атқан оқтай, Тас жатты лақтырылып ауық-ауық!
Жалаң бас, бала Қайсар жалаң аяқ, Артына жүгіруде қарамай-ақ.
Күрілдейд құлағында тасқын шуы, Артынан мың атты əскер қуғандай-ақ.
Кім білсін, кетіп барад əзір тірі, Дөп тиіп өлтірер ме тастың бірі?
Онсыз да шерге толған жас жүрегін, Шемен қып шірітер ме тасқын жыры?..
Құлайды бір үлкен тас тисе қатты, Онсыз да үсті-басы жарақатты.
Қапалдың көшесі еді тасқын жолы, Ақсайға толқын кенет бұрыла ақты.
Сонымен қаша берсін қара бала, Ізделік бірге шыққан ана қайда?
Қашқанда бала алдында, ана артында ед, Құлатты тасқын қағып қайырылғанда...
V
Тас атып қара тасқын сол арада, Қағылып құлады ана, шара бар ма?! – Күмп етіп кеудесінен кетті батып, – Шығуға оған одан шама қайда?
Сұм ажал жерге тартып ашты аранын, Көзінен бұршақтатты жасты ананың. Арманда сөніп бара жатты нұры,
Бір сүймей маңдайынан жас баланың.
Ананың балбыратты бала өзегін, Жұлынып, шымырлатты жан өзегін. Сұрланып, жүзі солып, кемсең қағып, Толтырды қанды жасқа қара көзін...
Емшегі ақырғы рет балаға иіп, Ақ сүті тік атылды толқын тіліп.
Қайдасын, балапаным? Келші жаным! –
Дегендей, қайғырады əлі құрып...
Біресе көз алдының бəрі толқын, Көрінді тасқын топан болып жойқын, Елестеп бұрынғы өлген күйеуі де, Созғандай болды қолын көрден салқын.
Біресе көзіне үрей көр көрінді, Айналып тұрғандай бір, жер көрінді.
Қысқандай оратылып қара жылан, Біресе қара толқын сел көрінді.
Тарылтып дем алатын тыныстарды, Қартайған тамырлары құрыстады. Тарбиған саусақтары жерді тырнап, Балшықты қарақошқыл уыстады...
Жұлынып құйқасынан төбе шашы, Шымырлап жан жүйесі, парлап жасы, – Батқандай қара түнек тұңғиыққа, Сезімсіз қарауытты зеңіп басы...
Шашырап соғылғанда тасқа миы, Күрмеліп байланғанда қызыл тілі, Тығылып жүрегі кеп аузына, Əлсіреп бара жатты құрып дымы...
Толқындар тасқа соғып қыстығады, Естіліп ең соңғы рет ышқынғаны, Ықылық атып жалғыз өліп кетті... Шығарып ала алмады ешкім оны.
Сол кезде сақауланып жел де тынды, Лепірген жым басылды тасқын жынды. Көшеде қайықпенен суға жүзіп,
Зат пенен қаза тапқан жанды жиды.
Ашылып күн жауын мен шашыннан да, Тасқын да тынышталып басылғанда, Су қайтып, тобарсуға айналды жер, Шуақты күннен сəуле шашылғанда.
Болғандай Алатаудың басы мең-зең, Ашуын секілденді ақыл жеңген, Ақсақал ашуыңды бас! – дегендей,
Тəжім қып жалынып жел, бұлт та келген...
Жарылған ашуынан тас қақырап, Ойылған жерін көміп мұз жалтырап, Уһлеп, демін алып жатты ала құз, Тершіген төбесінен бу бұрқырап.
Ес жиып, ел шашылған затты шолып, Шалдар да бас шайқасты, өңі солып, Тасқында таудан төмен домалаған,
Көк нардай жатты əр жерде көк тас шөгіп...
Екінші бөлім
І
Екі-үш шал кешке таман жай тілдесіп, Алдында есігінің сөз сөйлесіп, Өрбітіп, өткен-кеткен əңгімені, Тамсанып отырысты бас изесіп...
Бұрынғы бір кəрия, тасқын жайын – Сөз қылып, əңгімесі қозған сайын, Ойланып, суырылып соғып отыр, Үй құлап, қырылғанын сан ағайын.
- ...Сұмдығын ол тасқынның көзбен көріп Ішінде бола қалдық бірге жүріп,
Айғаным дейтін əйел сол жойқында, Қағылып қара тасқа қалған өліп...
Бар еді Қайсар дейтін жас баласы, Төлешпен құрдас еді біздің осы.
Із-тұз жоқ сол байғұстан сонан бері, Оны да жұтқан шығар тасқын тасы...
Бишара, Төлештермен үйге келіп, Жүруші ед асыр салып, ойнап-күліп. Біреулер: ол тасқында өлді десед, Хабар жоқ, қалған шығар о да өліп...
...Ол, солай, – ажал деген жоққа, барға –
Нəрсе ғой қарамайтын, я, ажарға. (Дей салып баласына көз жіберді), – Сау болсын, тілегіміз жалғыз қарға... –
Деп, сөзін қысқартты да, көзін ойлы Жіберіп, шолып өтті қырды, ойды, Кірісіп тағы соны əңгімеге, Ақырын ақ сақалын сипап қойды...
ІІ
...Аршындап Алатауға ой самғаған, Қос қара шойын-темір жол сайраған, Қасқайып Түрксибтің жатыр ізі Құрышпен ойы-қырын құрсаулаған.
Сол жолмен вагон тізіп, дүрілдеген, Дүлдүлдей бұрын-соңды мінілмеген, Паровоз келе жатты қара айғырдай, Қайырған мың жылқыны үйірменен.
Жеміне қаршылдатып көмір шайнап, Жарқырап шоқтай болып көзі жайнап.
Тегештей танауынан атқан будай, Бұрқылдап қара түтін шықты қаулап.
Будақтап құлаш-құлаш қара түтін, Құшақтап көктің дудар қара бұлтын, Атқандай аспанына ашуланып, Көмілтті көлбей ұшып жердің бетін.
Дөңгелек күндей күшті тегершігі. Дөңгелеп қызған сайын өрге өршіді. Дүлдүлді құлақтаған балуандай, Дəу қара машинист те шын тершіді.
Ақ алмас тегершіктер өршіңкіреп, Айналып секундіне сексен рет.
Жұлдыздай ағып бара жатты зырлап, Тұйғындай тоят тілеп ұшқан түлеп.
Бұл дүлдүл жел жүйрігін, жер жүйрігін, Аттатпас аң үйірін, ақиығым,
Екпіні қара жерді қайыстырып, Соқтырған тəулік жерден тау бүйірін.
Суреттеп жылқы атасын жүйрік деген, Көрсек те ақындарды дəріптеген, Болат бел Түрксибтің бұл дүлдүлі, Бірін де сол жүйріктің ертпеген.
Өйткені, анасы да, енесі де, Болаттан тартқан болат желісі де.
Ол өзі жансыз жүйрік, сансыз жүйрік, Ілеспейд шапқан шақта желісіне.
Ол озған талай тұлпар – буырылдан, Түспеген жас теңбіл көк тұғырынан. Ол шапса байтақ дала далиып қап, Жиырылып жер танабы қуырылған.
Құйылған құрыш сауыр, белі берен, Алты аттап айшылықты алған өрен. Жүйткіген жердің темір керуені,
Ол озған сəйгүліктей салған жерден.
Арқаның желі ілеспес аңқуына, Аңқыса тау төзбейді тарпуына. Арғымақ алты ай шапса арымайтын, Тер жұқпас алғыр, алмас алқымына.
Кім сүймес, дүлдүл осы шабысыңды, Сорғалап жұлдыздайын ағысыңды.
Үстіңе мінсем жүзген аққудайсың, Жүйрігім жақын еткен алысымды.
Сен жоқта қарға адым жер баса алып па ем? Құлаштап қарышымды аша алып па ем?
Маталып есек мініп, өгіз жегіп,
Талғардан, Қордай, Шудан аса алып па ем?..
ІІІ
Паровоз вагондарын тізіп алып, Зырлауда тауды, құзды тіліп-жарып, Вагонда патефондар ойнап жатты,
«Гəккудей» Күлəш салған əнге салып.
Ішінде мамық төсек, жұмсақ вагон, Өзінің купесінде əлденеден
Жүрегі қуанышты біреу отыр, Көз тігіп Алатауға күндік жерден.
Отызға келіп қалған оның жасы, Салмақты, əрі ойлы көз қарасы.
Ат жақты, жазық маңдай, орақ мұрын, Қайрылып тұр жібектей қара шашы.
Тройка тік тұрғандай үсте костюм, Кеуделі, сұңғақ біткен бойға үйлескен. Салынған крахмалды ақ жағаға, Тағылған галстук те қатып түскен.
Желқабаз, əуес емес қысыр сөзге, Сөйлейді ойлап қана əрбір кезде. Қарасаң ойлы адамның əлпеті тұр, Ұшқынды қара мойыл, қара көзде.
Далаға терезеден анда-санда Ұмтылып, оқтын-оқтын көз салғанда; Колхозды көңілді ауыл аймағында Төрт түлік жонға симай жатты мал да.
Əр жерде бұрынғыдай құлап тұрған Үйлер жоқ, – шашыраңқы оқшау қонған. Көк жасыл көшесіне ағаш егіп, Колхоздың ауылы тұр қала болған.
Қаптаған қырлығында қунап малы, Ойнақтап бір жағында қозы-лағы, Жер бетін алтын дəнді егін жауып, Көңілді көрінді ауыл жазғы шағы.
Көлінде қоңыр ала қаздар жүзіп, Қиқулап қанатымен суды сызып,
Қаз-қатар мойындарын қылқылдатып, Сүңгиді тұмсығымен толқын сүзіп.
Шілденің бойын жазып бөгелегі, Быжылдап шыбын-шіркей көбелегі. Жайлауда жатқан құлын жасырынып, Құлпырған қырдың изен, ебелегі.
Нұр сеуіп күн мейірін қанғызуда, Шешегін гүл раушан жарғызуда.
Бал бүркіп «балбырауын» күйін ойнап, Аялап ара қонған аңдызына.
Жылқылар кекіл қағып, шыбындасып, Жарасып құлын, тайлар шұрқырасып, Керіліп көнек желін көк биелер, Айқасып шоқтықтарын тұрды қасып...
Бір жақтан өтіп жатыр қой шұбырған,
«Құрайлап», – суға шопан қой суарған. Далада ен жұмысқа жұмылған жан, Көрінбейд бір адам да томсырайған.
Жайқалып бір жағында піскен бидай, Шайқалып тұрған алтын толқындардай. Көз тосып комбайн мен тракторлар, Алтын дəн қырманда үйген тұрды таудай.
Керілген Қазақстан кең даласын, Қас қақпай біразарық қарағасын. Кітабын бастап қойған оқиын деп, Тез тартып, терезеден алды басын.
Далаға көзі тала қарағасын, Сыпырған бүркіттей боп томағасын, Қолға алды əлдене бір ой түскендей,
Пушкиннің «Мыс салт атты» поэмасын.
Кенеттен оқып тоқтап, оқып тоқтап, Кей жолын жатқа айтады, алған жаттап. Елестейд поэмаға көз жіберсе;
Тасқындап жатқандай бір толқын қаптап...
IV
Басқанда Алматыны тасқын келіп, Қашқанда Қайсар қалып, анасы өліп, Кеткен бұл су тасқыны басылған соң, Қорғансыз балалардың бірі болып.
Біреуге су əкеліп, отын жарып,
Бір тілім нан жеу үшін отын жағып. Көшеде тас жастанып, сыз төсеніп, Жатушы ед суық түнде дір-дір қағып.
Күннен күн озып солай, айлар асты, Налиды кейде ыршытып көзден жасты. Бір күні сөйтіп жүріп тап өзіндей,
Бір мұңды бала қызға ұшырасты.
Білісті аты, жөнін емес шетін, Қайсардай болып шықты қыз да жетім. Қосылып екі мұңды сонан былай, Шертіп жүрген бірге жүрек дертін.
Толған кез бала қыздың онға жасы, Қиылған көрсең сұлу қара қасы,
Ұяңдау, ойға тұйық, сөзге сараң, Болғандай ақылға ұя жұмыр басы.
Секілді жанған жұлдыз қара көзі, Жүзі өткір, бірақ, ауыр қыз мінезі.
Көп тыңдап, аз тіл қатып, бар болатын, –
Көзінің құйрығымен қарар кезі,
Жағымды Жамал қыздың жанға жыры, Жаныңды жандырғандай терең сыры. Əкесі, шешесі де опат болған,
Сол үйден тек осы қыз ед қалған тірі.
Атанған сондықтан да жетім Жамал, Сақтаған жүрегіне дертін Жамал.
Тұрмыстан үсті-басы өрім-өрім,
Болса да, жойған жоқты көркін Жамал.
Тұнжырап Жамал, кейде ойға кетіп, Қайғылы көз алдынан сурет өтіп, – Бейнесін анасы мен əкесінің, Ойланып əлсін-əлсін елестетіп...
Балауса бойындағы қаны тасып, Көңілі бұзылғанда, кейде жасып, Жамалдың қам көңілін көтермек боп, Қайсар да жіберуші ед əнге басып.
Ұялас балапандай бірге өсіп, Екеуі Детдомға да бірге түсіп, Көшені кезіп жүріп, қолға іліккен Тамақты жүрді тату бөліп жесіп...
Ай өтті, күндер өтті зырлап асып, Балалар азып-тозып көңілі жасып, Суықта дір-дір қағып құнысумен, Бұйығып бірге ұйқтайтын құшақтасып.
Осылай жетім жаны жалынданып, Тұрмыстың жүрген кезде дерті шалып, Бір күні үй-күйі жоқ балаларды Өкімет күтті, оқытып, қамқорға алып.
Солардың бірі Қайсар қара бала, Жаутаңдап өткір көзі ойға қала, Баулынған бақытты елдің балапаны, Əке де табылды деп маған ана.
Күн туып Қайсарға да, Жамалға да, Детдомға екеуі де алынғанда,
Екі дос айырылысатын бір кез келген, Жатар үй, оқыр оқу табылғанда.
Туғандай бақыт нұры жас балаға, Қайраты жас Қайсардың тасқындана, Детдомнан өскеннен соң тəрбие алып, Оқуға сапар шеккен Москваға.
Жас Қайсар кетер кезде, Жамал қалып, Құбылып, жалынданып, күйіп, жанып, – Бауырлас – бауыр басқан жас серігін, Қимастан көзінен жас кеткен тамып...
Мейірбан бір-біріне анасындай, Ағы мен көздің достар қарасындай, Қия алмай бір біріне көз қадасқан, Ұялас ақ сұңқардың баласындай...
V
...Оқуда Қайсар содан Мəскеуде еді, Жігіт боп, тұлғаланып өскен де еді, Жаңадан үй салушы инженер боп, Бітіріп, көруге елді көксеуде еді...
Бойдағы қуаттанып біліміне, Шаттанып қуанышты өміріне... Аңсап ол Алматыға тартқан еді, Мініп ап Түрксибтей дүлдүліне.
Оқуға Қайсар құлаш сермегеннен, Өркендеп Одағы да өрлегеннен, Өскенін Алматының хат-хабардан Естіген, көптен бері көрмегенмен.
Оқуға ертеректе кетіп елден, Оралып Алматыға келмей жүрген, Өскенін, гүлденгенін Алматының Еститін газеттен не əңгімеден...
Сондықтан, Қайсар ойда, поезд жүріп Зырлауда, ойланады ол жатып-тұрып:
«Алматы тап бұрынғы қалпы ма екен, Немесе кетті ме екен, тіпті өзгеріп?»
Көк тастар көшесінде шөккен нардай, Əлі де жатыр ма екен шөгіп жардай. Қой түнеп жата-тұғын шаң-шаң көше,
Болды екен, – деп ойлайды, – енді қандай?
Елестеп Алматының жасыл бағы, Балалық ойға түсіп жастық шағы.
Тұрғандай көз алдында көрінеді, Достасқан бала күннен Жамал тағы.
Осындай бір жағынан ойлар билеп, Шаттанған өміріне көңілі өрлеп.
Жақындап Алматыға келе жатты, Дүлдүлі Түрксибтің оны тербеп.
Паровоз кенет ащы айқай салды,
Ащы айқай тау жаңғыртқан жерді жарды. Семафор ашылғанда – қарақшыға Жеткендей, – Алматыға келіп қалды.
Қалайша тез келдік, деп Алматыға Қарайды Қайсар сенбей алды-артына, Деп ойлайд: бұрын мұнан өзгеше еді,
- Алматы емес пе осы, Алматы ма?
Алматы жас күнімнен таныс қалам, Еді ғой əр шоқысы таныс маған.
Ол – бұрын Алатаудың бауырында ед, Қалайша таудан енді алыстаған? –
Дегенінше, вокзалдың маңдайшасы,
«Бірінші Алматы» деп жазған осы – Көрініп жазу тұрды нақыстаған, Бөленген қызыл туға айналасы.
Аз жылда іргесі өсіп қала болған, Салынған вокзалға ол таң қалған, Қайсарды онан да əрі таң қалдырды, Жұлдыздай электрлі шамдар жанған.
Қараса оң жағында: такси болған, Ұршықтай үйріледі оңнан солдан. Пырылдап, жұлдыздайын жалт-жұлт аққан, Көк мұздай асфальттенген жылтыр жолдан.
Таксидің біреуіне мініп алып, Қаланы көруге енді құмарланып, Құйындай құйықтырып құлдырады, Жұлдыздай сорғалаған көгінде ағып.
Заулады машинамен безілдетіп, Өскен жер көз алдынан тізілді өтіп, Таласқан көкпен жасыл бəйтеректер Бас иді амандасып тəжім етіп...
Қаланың жеткен кезде деңгейіне, Түсіп ап кең көшенің аллейіне, Құйылған бүйрек тастан көше жатты, Қалқалап бəйтеректі күнгейіне.
Əдемі салған мектеп үйлер қандай, Жайнаған электр шам туған айдай. Таласып қара бұлтпен қабат-қабат, Айбарлы үйлер тұрды Алатаудай.
Қаулаған биік үйлер тау секілді, Қайсарға көрінді шың жар секілді. Ауаны жаңғыртқандай радио Сайраған, үйлерде күй бар секілді...
Жеткенде Максим Горький көшесіне Қарады қызыққаннан ол тесіле,
Сайраңдап, я Горькийдің Москвада Жүргені көшесінде түсті есіне.
Таласып биік үйлер аспан көкпен, Секілді сұңғақ бойы бұлтқа жеткен, Құлдырап, зымыраумен Фурмановтың Түскенде көшесіне ғажап неткен.
Көктегі жағылғандай жерге жұлдыз, Секілді Алматының түні күндіз, Машина, желқайықтай жылжи берді, Жүзгендей сылаңдаған суда құндыз.
Жеп-жеңіл машиналар жылмаң қағып, Қос көзі қара түнде нұрдай жанып, Асфальтті көшелерден көктей өтіп, Сорғалап өтіп жатыр жұлдызша ағып.
Үйлері қабат-қабат тұрған жайнап,
Ақ бұлтпен таласқандай көкке бойлап, Қайрақтай қызыл қалақ əр кірпіші, Құйылған құрыш күшпен біте қайнап.
Биіктеп Алматының əр үйлері, Жарқырап электрмен жаңа үйлері. Көк сүзе өскен сайын ескі өмірдің Барады құлап, өшіп там үйлері...
Жарқырап станциясы электрдің Жаққандай Алматыға шамын нұрдың. Самсаған самаладай сəуле шашқан Қаласы жарқыраған жаңа өмірдің...
Үшінші бөлім
І
Алатау шуақ сүйген шың жартасын, Көк орап көк ала мұз дулығасын, Лақтырған алтын допша таудан асып, Күн туып шашып келед шұғыласын.
Ай жүзіп көкке сүңгіп шалқасынан, Алтын күн туып аспан алқасынан, Шақырып тауда тарлан, гүлде бұлбұл, Бəйшешек жарылғандай жауқасынан.
Қос көксіл, таудан ұшып талпынғанда, Көлде айдын ақ шағала шалқығанда, Күн күліп ақ жібек таң белдеуінен, Балбырап бар табиғат балқығанда, –
Əдемі атқан таңға əсерленіп, Желпімей жел де баяу бəсеңденіп, Көк толқын жұпар иісті гүлге оранып, Қаласы тұрды Алматы əсемденіп.
Тып-тыныш жел де тынған суылдаған, Су ағып, тек арықтан сырылдаған, Қалықтап қарлығаштар қанат қағып,
Бозторғай көкте əн шырқап шырылдаған...
ІІ
...Күн шығып көкжиектен көтеріліп, Алматы қызыл гүлде көмкеріліп,
Талғардың шыңы тұрды мұнарланып, Ақ бұлт күміс тауға төңкеріліп.
Өкімет сарайы анау туын байлап, Таласа Алатаумен тұрған жайнап, Қанаттас оған Связь үйі жалғас,
Бар хабар тұтқасы боп тұрған сайрап.
ІІІ
Связьдің төргі үйінде жаңа салған, Ішінен көзге түсе жанның толған, Жан-жақтан хабар алып бір қыз отыр, Жетісіп оқып шыққан екен қайдан?
Басқарып телеграф қатынасын, Желімдей жымдастырып сымның басын. Сүліктей ақ саусағы сып-сып етіп, Қиылып тұрған, қараш, қара қасын.
Толқынды электрдің нəзік сымын, Тоғысқан тарау-тарау тоқсан сырын, – Сөйлеткен секунд сайын тіл қаттырып, Секілді шұғыладай шапшаңдығын.
Отты ұшқын атқан бейне көзі нұрдан, Өзіне, көрген жанды, құмар қылған, Шынардай шаншыла өскен сұлу дене, Құйғандай əппақ жылтыр мрамордан.
Бағынтып табиғаттың жібек желін, Адамның ауа арқылы сөйлегенін,
Жеткізіп бір-біріне отыр сұлу, Иілтіп қынамалы қыпша белін.
Дер еді көрген адам ұқса соны:
Па, шіркін! Неткен сұлу қыпша бойы, Тоқ балтыр, тартқан сымдай аяғы тік, Толқын төс, емес тағы ұшпалы ойы.
Толықсып талшыбықтай толып өсіп. Ақылмен өз тағдырын өзі шешіп, Бойжетіп, бұлықсыған қарындасты, Сыртынан мақтайтын жұрт жақсы десіп.
Түспейтін жұртқа орынсыз оның көзі, Өйткені ауыр еді қыз мінезі.
Жұмысқа жан-тəнімен жігерленген Ісіне ұқыпты еді үздік өзі.
Жұмыстан босап кетсе ойында оның Оқу ғой, жақсы роман – қолында оның. Құйылған мрамордай сұлу дене,
Жұп-жұмыр жалғыз мін жоқ бойында оның...
V
Бөлмесі қыздың телестудия9, –
Жайнаған электрлі күшті жия,
Тып-тыныш, бірде жарық, бірде күңгірт, Тұрғандай сым тілімен істі ұғына.
Тетігі телеграф алда тұрған, Тізілген тұла бойы сəуле толған,
9 Телестудия – телеграфтың аппараты тұратын үй.
Маржандай электрлі қадалған шам,
Мың түрлі қызыл-жасыл жайнай жанған.
Сұлудың алдында екі аппараты, Белгісі –
Нүкте,
Сызық, – тартқан хаты,
Ауадан бір аппарат дыбыс алса, Сəуле алған екіншісі жарық шарты.
Қиялы қарындастың қия кезіп, Ойына білімпаздар түсті үздік, Магнитті электрдің толқынынан Радионы ойлап тапқан талай физик.
Өте алмас күн сəулесі үй жарынан, Көк шулан Лондонның да тұманынан. Магнитті электрдің толқындары Өтеді үй жарынан, тауларыңнан...
Мейлі, сым – болмаса да, құрып алған, Соғуға мүмкін бізге телеграмм,
Құр қиял емес осы ойлаған зат; Өмірде күннен күнге орындалған.
Ұлы орыс білімпазы Попов ерен, Физик боп асқан оның атағы елден, Жеріндей Россияның жүрегі кең, Білімін елге сыйлап тарта білген.
Радио, телеграф аппаратын Шығарып, үнге қанат қақтыратын,
Сымменен тілдестірген Попов дана, Етемін мен де оның мақтан атын!
Орыстың алғыр ойлы білімпазы, Даңқы асты туғанда елге өмір жазы, Ауадан қазақтың да даласына
Күй төкті симфония сұлу сазы.
Арманның орындалған заманында, Меңгеріп аппараты алғанында, Қуанып жаңа өмірге масаттанып, Қарындас отыр шаттық жанарында.
Түседі есіне өткен кейбір күні, Қаршадай кезіндегі өмірлері, Шəйнегін күйе-күйе мосыға іліп, Тұратын басында ошақ құрып дымы...
Ауырып жатқандағы анасының, Көзімен жасқа толған қарасының, – Іреңін ойына алып ескереді, – Соңғы рет өлерде жанталасуын...
Ұшымен жағал-жағал жаулығының Көз жасын сүртіп, қиын қайғыруын, Қоштасып соңғы секунд үзілерде, Еске алды анасының қайғылы үнін...
Қуанып, бүгін қайта туысына, Кенеттен толқынды үннің дыбысына, Құлағы елең етіп, қас қаққанша, Кірісті телеграф жұмысына.
Алдында қабылдағыш – приемник, Сигнал берілді əне, бір үн келіп, Радио аппараты ашылды да Естілді сымнан дыбыс дірілдеуік.
Көздері қарындастың аппаратқа, Қарайды сөзді тізгіш автоматқа, Жазылып талай сызық, көп нүктелер, Қонады лентасына сақталад та.
Жібектей ленталардың желілері, Жазылып лентіге əріп белгілері, Ізіндей құмырсқаның ноқат сызып, Зырылдап аппаратта көрінеді...
Киіп ап трубкасын, я құлақа Қарындас, кейбір кезде аппаратқа Қарайд та, соққан дыбыс тақтасынан, Ұғады барлық сөзді алған жатқа...
Осындай алыс жерден тіл қаттыра, Біреуге біреу сөзін тыңдаттыра, Қара көз, сым арқылы тұрды ауаға, –
Допша атып, – секунд сайын сөз лақтыра.
Өмірі мəлім маған осы қыздың, Оқушы, тынысыңыз бəлкім сіздің, Бітірген Ленинград институтын Маманы телеграф связінің.
Қарындас еркіндетіп бар өнерін, Жібектей орай берсін ленталарын, Əзірге жұмысынан тоқтатпалық, Танысып, білісерміз аты-жөнін...
Х
Жасаған өзі жаңа жоспарымен, Жоспарын жұрт құп алып қостауымен, Құлшынып үйді қайта салмақшы боп, Кірісті Қайсар бірге достарымен.
Домалап кірпіш тастар қолдан қолға, Тартылып үй табаны қаланғанда, Жарлары жерге өріліп цементтеліп, Соғылды бір жағынан мың-мың балға.
Домалап таудан келген көк тастардың Шаққанда шақпақ тастай от шашқанын. Көргенде еріне еңбек сүйсінесің,
Көк таспен қалап жатқан үй астарын.
Лом, сүймен қолдарына ұстап болат, Ұрғанда гүрсілдетіп көк тас жарат, Бақшалап сол тастарды егеп, қиып, Табанын зəулім үйдің жатыр қалап.
Баяғы тасқындағы таудан келіп,
Көк нардай жатқан тасты мəңгі шөгіп, Кірпіштей заводтағы қайта қырнап, Үй жарын алуан қол жатты өріп.
Көк тасқа тістестіріп темірлермен, Жеті қат жер астынан жарын өрген. Құрыштың қуатымен құшақтата, Қайнаған қара таспен цементтелген.
Жарқырап түнде электр шамы жайнап, Мыңдаған үй салушы ерлер қайнап,
Солардың ортасында Қайсар да жүр, Жігерге жігер жалғай, күліп-ойнап.
Еңбектің екілентіп алуан ерін, Кəрімен, жастармен де өңкей өрім, Жас Қайсар араласып жұмыста жүр, Сыпырып самайынан аққан терін.
Жайдары, жан біткенмен жанасады, Мінезі жұртқа жарқын жарасады.
Байқаушы болып босқа қарап тұрмай, Сыбанып кірпішті де қаласады.
Қаладан көз жіберсең тауға қарап, Горькийдің көшесімен жоғарырақ, Бір зəулім үй салынып жатты жаңа, Қайнаған алуан қол тасын қалап.
Сонымен төрт-бес айдың шамасында, Таумен де жарағандай таласуға,
Көк сүзген бір биік үй көзге түсті, Көрікті Алматының қаласында.
Безенген мың терезе, бес жүз бөлме, Бөленген балкондары қызыл гүлге, Жақұттай жарқыраған жары жайнап, Керілген көкке бойы көріктене.
Құйылған бағандары мрамордан, Сұлу үй безелінген мың құбылған. Сəулетті электрдің шам-шырағы,
Сəулесін шашқан алып күндей нұрдан.
Сол үйдің зəулім биік дəл басында, Қырандай таудың қонған жотасына, Құрыштан құйылғандай бір адам тұр, Көз тігіп жаңа үйдің жартасына.
Көріңіз – ол баяғы қара бала,
Бала емес, жас инженер Қайсар ғана. Тұрған жоқ үй жарына текке қарап, Бір сыр бар оның сұсты қаруында.
Айбарлы тұрған айқын ердің ері, Қымбатты салған зəулім үй зергері, Цементтен тасын қалап бірге жүрген, Салынған осы үйдің бас инженері.
Бұл үйдің өрді Қайсар қышпен жарын, Бұза алмас жауын түгіл ешбір жауың, Бітіріп үй салуын, телефонмен, Жүргізбек болды жарық мыс сымдарын.
Ол үшін мамандарды басты-басты, Шақырып сөйлесуге Қайсар тосты, Связьдің мекемесі көр деп үйді, Жіберген манағы айтқан қарындасты.
Отырып мамандарды Қайсар тосты, Бір кезде машинадан бір қыз түсті. Қарындас связьдағы жетіп келіп, Қайсармен кіріп келіп амандасты.
Бұл тұңғыш кездесуде көріп бүгін, Бірінің бірі біліп мамандығын.
Қол беріп жатып Қайсар деп тіл қатты.
- Шет болмас біліп қойған, атыңыз кім?
- Связьдің кеңсесінің маманымын, Мəжидің
Дей бергенде: – Жамалымын... Қайсардың қанды беті жүз құбылып, Қуанып, жұлдызы ойнап жанарының:
- Мен – Қайсар!
Танимысың? Жамал сəулем?! – Жұлдызы үмітімнің сəулеленген. Келші, – деп арманымның тоты құсы, Ұсынды қолын қайта баста берген.
Жамалды, сол сəт бір күш тарта тұрып, – Жүрегі соғып, ойы тарқатылып, Мөлдіреп қара көзі жаутаң қағып, Анадан жаралғандай қайта туып, –
Ақ беті шоқтай жанып іреңінде,
Бір ұшқын жарқ еткендей жүрегінде. Албырап құшақ жайып қуанғаннан, Білместен жыларын да, күлерін де.
Жүрегі кеудесінде толқып, тулай,
Не деуге білмей, сасып тіл қата алмай,
«Көрістік, сөйлесерміз» дегендей-ақ, Қарасып қалды тек қос көз жаутаңдай.
Тұрғандай олар солай жұрт та келіп, Салынған зəулім үйді тастан өріп, Көрісіп, ақылдасып, мақұлдасып, Үйге осы жүргізсін деп кетті көріп.
Кетерде Қайсар менен Жамал бірге,
- Қош! – десіп, қол алысып келіп тілге
Жөнелді жұмысына сөз байласып, Кешірек кең отырып сөйлесуге...
ХІ
Бітірген шығып үйдің төбесіне, Күмістей Алатаудың кеудесіне
Көз салып, көп қадалып Қайсар тұрды, Түсіріп өткен күнін енді есіне...
Көзіне түсіп күміс таудың тасы, Көк бұлақ, таудың жасыл айналасы, Бас иіп, бір кездегі елестейді, Көзіне өлген марқұм сорлы анасы...
Сол кезде ызғарлана түйіп қабақ,
Қас қақпай, Қайсар тұрды көзін қадап, Тіл қатты бір уақытта жалындана, Тасқынды ойлап тұрып, тауға қарап:
- Алатау, – көп жасаған шал ақсақал, Төбең мұз, бауырың суық қар, ақсақал! Тасқының қара тасты қақ айырар, Көзсіз күш, кейде ашуың бар, ақсақал!
Ойласам, баяғы өткен жас күнімді, Көргенмін тас лақтырған тасқыныңды, Ағызып суға анамды, панамды да, Ақырған алдаспандай асқыныңды.
Тасқында суға кеткен өз үйімнің Орнына жаңа үй салып, тасын қидым,
Долданған тасқыныңды тойтарсын деп, Цементтеп белдеуіне құрышты идім!
Таспадай сыдырып ап теміріңді, Құрсадым тасты іргеме тегеуріңді. Тасатын тас бұлағың шойын өңеш Тұрбамен келді керек өміріме.
Дəумін, деп мақтанба тау сүйген аспан, Бас иген сендей асау талай тасқан,
Көз тікпе зəулім үйді құлатам деп, Бір ұлы күш бар бізде сенен де асқан.
Сен түгіл, жер кіндігі талай таудан, Памирден, ХанТəңірден, Гималайдан Асқан бір айбарлы алып бізде күш бар, Жарқырап туған күндей – атқан таңнан.
Жарқырап жарастықты – заманыма, Кірпіші зəулім үйдің жай қалана
Жатқан жоқ, – əр кірпіште алуан күш бар, Алматы таңнан туған жаңа қала. –
Деп, Қайсар атырапқа көзін салды, Жігері өршеленіп оттай жанды! – Көрініп тартқан сымдай көшеде үйлер, Сап түзеп солдаттардай тұра қалды.
Кеш болды, көктегі ұсап жұлдыздарға –
Жағылды электр шам бөлеп нұрға. Байласқан уəдесімен кетті Қайсар, Бармақ боп Жамалменен театрға.
ХІІ
Тұңғиық түнгі он бірдің шамасында, Құлпырған Алматының қаласында, Қолтықтап Жамал қызды Қайсар жүрді, Ұсатып ақ сұңқардың баласына.
Нұрлы өмір еркелеткен екі жасын, Бой балқып музыкаға отырғансын, Қайтуға бақша арқылы беттеп еді, – Көңілді көріп «Кармен» операсын.
Сезіммен ыстық, тəтті күйіп-жанып, Бақшаға келді тұрған гүлге оранып, Жайдары жазғы түннің лебін жұтқан, Қарсы алды қызғалдақтар шешек жарып.
Көк бойлап бақшаның да бəйтерегі, Секілді аспан менен жер тірегі, Тұрғандай тал бойында жалғыз мін жоқ, Шайқайды жапырақтарын жел тербеуі.
Бұтаққа қонып бұлбұл – əнші қонақ, Мадақтап əлдекімді əн шығарад,
Көк жасыл жапырақтардың арасынан, Қарайды екі жасты ай сығалап.
Жүріспен балбыраған баяу ғана, Бақшада енді өтуге таянғанда, Ағаштың түбінде аңдып тұрған жалғыз, Бір адам қараң етті аңғарғанда;
Сұлудың ұстап Қайсар білегінен, Еш нəрсе сезбей жайлап жүруімен,
Байқаусыз бұрылған кез қыздың Жамал Жарқ етіп тиді қанжар жүрегінен...
Қанды ол қанжар сілтеп құлаш қағып, Мақсаты – Қайсарды еді тастау жарып, Алайда, ұмтылғанда қанжар тайып Жамалға тиді асығыс ауып барып...
Жамал қыз жанталасып жұлқынғанда, Жалма-жан Қайсар-дағы бұлқынғанда Сескеніп наганынан тез шегінді, Қайсарға қайта қанжар ұмтылғанда.
Алғашқы қара қанжар жарқ еткенде, Сылқ етіп жерге Жамал жалп еткенде, Қайсар да қас қаққанша наганды алып Бір атты қаны қайнап қан төккенге...
Сезбеді сасқанынан кімді атқанын Білмеді əлде түнек, түнді атқанын? Құшақтап жанталасқан Жамал жарын, Сезбеді кімге оқ даусын тыңдатқанын.
Шаң еткен даусыменен түнгі оқ-дəрі Кез келіп милиция адамдары, Ұстады қашып бара жатқан сұмды, Қолында дірілдеген қан қанжары....
Дұшпандық əдісімен түн жамылып, Қайсарды қылжитуға бірден жарып, Жұмсаған қанды қанжар шоқша сақал – Зымиян болып шықты Ордабаев.
Жамалдың денесінен қан құйылып, Аққан қан тамшысынан жер жуылып, Қайсардың құшағында талықсиды, Ашылып, қара көзі, бір жұмылып...
Күрмеліп сөйлеуге де келмей тілі, Ақырын емеріліп еріндері, Сөйлеген ишарада сүйген сезім... – Сылқ етті үзілгендей солып гүлі...
Əл құрып əлсін-əлсін тыныс кеміп, Көгінен үзілгендей жұлдыз сөніп, Қалтырап ақ саусағы Қайсарды ұстап, Қарайып кетті көзі, басы зеңіп...
Сол кезде бұлт бүркеніп көктің де айы, Сезіліп, сұлуды əлсіз – аяғаны,
Болып ед жел де ақырын күрсінгендей, Бір кезде Жамалдың жалт қарағаны, –
Айға да, дем бергендей Қайсарға да, Көрінді қалғандай боп жан сауғаға, Иықтан жанай тиген қанжар жүзі, Талықсып кетті сұлу, қан саулауда...
Бір кезде сəл қимылдап демін алды, Жұлдызы сөне жаздап, қайта жанды... Жарасын таңып қайта құшақтаған Минутта машина да келіп қалды.
Сол мезгіл көкті жарып, түнді түріп, Күшті күш қозғалғандай күн күркіреп,
Əн салған көшеде лек қызыл əскер Айбатты дауысынан жер тітіреп! –
Сап түзеп қатар-қатар қанаттасып, Легімен бірдей лып-лып аяқ басып, Көшеде өтіп жатты күші кернеп, Тасқындай қайнап бойда қайрат тасып.
Айқайлап бір жағынан ащы гудок, Көк түтін заводтардан шығып түйдек, Еңбектің сарынына алуан ерді Шақырып тұрды күші бойды билеп...
Қайсар да қайраттана, қанаттанып, Жамал да көзін ашты жатқан талып. Таң түрді ақ кіреуке шымылдығын, Серпілте түн түндігін бұзып-жарып!...
ХІІІ
Күн шығып, Алатаудан шұғылалы, Өрледі, шыңға шашып шұғыланы! Тартқандай жаз күйіне домбыраны – Сылдырап таудан бұлақ сыңғырады.
Əр үйдің алдындағы аулаларда, Малынған қызыл гүлді бақша-бауда, Үзіліп сабағынан домалана, Түскендей ауызға кеп алмалар да...
Көшеде бəйтеректер басын иген, Тал бойы неткен биік көкке тиген! –
Шығыста, Алматыдай гүлге оранған Қаласы сұлуырақ кім бар көрген?
Гүліне біздің өмір гүл жетпейді, Нұрына біздің таңның нұр жетпейді, Безентіп мұнан да əсем жырлар едім, Көркіне Алматының тіл жетпейді.
Кім сүймес сені осынша, сұлу қала, Құлпырған құзыңменен құдулана. Алмадан қызыл арай алқа тағып, Нұрланған алтын айдай сұлулана.
Алматы тұр қызыл нарт туын тіккен, Саяңда сүйем сені шын жүректен, Қаланған сенің əрбір тасың артық, Мұңайған Париж, Лондон, Нью-Йорктен!..
АЛТАЙ
Тітіреп дүние жүрегі Өмір мен өлім сілкіскен, Айтарым соғыс жыры еді, Аунап тарих бір түскен.
Айтарым, елім, өз күйің Сен кешкен ұлы жорықтар.
Жырларым менің өз жырың: Сүрінсем өзің жолға сал!
Жаз деп мені билеген Адамдық арым бойдағы, Сөйледім саған жырменен Сырымды көптен ойдағы. Олақтау жанмын, тіл қысқа, Оқи көр, жұртым, кешіре! Қалсын да менен бір нұсқа, Жазды деп сөкпе несіне, Есіңде ұста, достарым!
Өмір бар, мұнда жалын бар. Өз тұсымнан қосқаным, Менің бір тамшы қаным бар.
Ұрыс алдында
I
Сонау, сонау жылдарда, Оқ жастанып, от басқан.
Отан майдан шебі боп, Ұйқысынан ел қашқан. Кек жалыны кернеген. Көсем киіп шинелін, Жауға қарсы ұрандап, Бастағанда өз елін: Байтақ елі советтің Сапқа тұрды тұс-тұстан, Аттанбаған кім қалды, Аламыз деп қанға-қан. Сол көптердің ішінде Қару ұстап кетті Алтай Ар мен намыс жұлдызын Мəңгі серік етті Алтай...
...Майдан шеті, жау алда, Бір тірес те, бір күрес, Бірде ұтылып байқаусыз, Алатын шақ бірде үлес.
...Тыныш өмір əзірше, Блиндажда тіршілік, Кірпік қақпай аңдыспа, Түндер өтер, күн шығып. Солдаттар да жабырқап – Отырды бəрі... жылжыды,
Жылжыды күндер тым жалқау.., Қанды айқасты күтумен Қасарысып жатты жау.
* * *
Анау шетте жас солдат Кисетіне үңілді.
Көп отырды жабырқап,
Басында ойлар жүгірді... Үңілді ойға жас солдат, Жарқ етті өмір, жарқ етті ел, Қарай қалды таңырқап, Өмір не дер, ел не дер!
...Қала. Есік алдында Əкесі тұрды аппақ шал. Қабағы қатқан шалдың да, Өңінде суық ызғар бар.
Сыбанулы қос білек, Жарқылдап күнге шалғысы. Тұрды əкесі, –
«Батько!» деп
Келді айғайлап қалғысы Өтті, əкесі жоқ болды, Созылды алға тағы өмір. Колхозын көрді, көп көрді, Талай күй өтті, талай сыр.
...Тағы да оймен ұштасып, Алдына келді жас жары. Қолдарын қысып ұстасып, Есігін өмір ашқаны...
Үш-ақ күн тұрды. Үш-ақ күн... Басқан жоқ мауқын жүректің... Жау тиді елге болды сын, Үзілді жібі тілектің...
Оның да өңі тым қатал, Бұзардай қиын қамалды.
«Мойныңда сенің қарыз бар» –
Дегендей бұған қадалды. Күрсінді солдат, арымен Осылай тіл қатқандай... Жан жары, туғандарымен
Кисетінде жатқандай... Автоматчик жолдасы, Бұған ашу шақырды: –
«Сен несіне тұнжырап Бола қалдың ақылды!» – Жай əншейін есіме Түсіп кетті өткен күй.
- Күй дегенше байғұс-ау, Турасынан десеңші «үй»
- Үй де есімде.
Ал мынау жəйт еді басқарақ. Бастан өтпес сыр еді,
Кеттім соны тастап-ақ.
- Тастап кетпей немене! Қақпаңды жау шашқанда, Не табар ең шіреніп,
Өз үйіңде жатқанда! Таптар еді сені жау Таптар еді үйіңді.
Құлым дер еді өзіңді, Берер еді сыйыңды...
- Тастап кеттім дедім ғой, Сен өшіктің несіне?
Бос отырыс, аз тыныс, Түсіргені есіме...
II
Алтай келді окопқа, (Түрегелді бар солдат). Қауіпті майдан аспаны, Сұқтанған жұртқа қаз-қатар Жағалай көзін тастады...
Аңдыса қалды барлық көз, Қуды тілсіз ойды ой.
Үн қатты жүрек шықпай сөз, Жарқылдап ақыл жазды бой... Осылай біраз отырды ол Əлденеге бой ұрып,
Ауыр жорық, ұзақ жол, Туғызғандай бір күдік... Өңінен ызғар кетпеді, Қабағы түндей жабылып, Ешкімге зəрін төкпеді, Қынжылмады «аһ» ұрып, Бетіндегі екі дақ,
Көрінді кектің зіліндей. Зыр қақты ойы шымырлап, Тұңғиық дария түбіндей.
Көлденең тартқан автомат, Көзге ерекше шалынды.
Белінде екі гранат,
Жүзі де бүгін жалынды. Бұл айғағы жорықтың, Алтай солай əрқашан, Тағынар барлық қаруын, Күтер болса зор майдан.
Сондықтан сержант көз алмай, Телміріп ұзақ қадалды.
Білгенше жайды төзе алмай, Тұйыққа талай қамалды, Қауіпті күнді бір кешкен, Серіктер еді сыналған.
«Өлерміз бірге біз» дескен, Достар еді сыр алған.
Тапқандай ойдың шешуін, Сержантқа Алтай тіл қатты.
- Күзетті күшейт сен бүгін Қауіпті аса түн қатты. Соңғы хабар, соңғы «тіл», Бастамақ дейді шабуыл. Шолар олар түнде бір,
Сақ бол, сержант, дайын тұр! Өткен шайқас ойындай...
Осынау сүрең тым қатал. Солдаттарың тұрсын сай, Бұл ұлы өткел, мезгіл тар... Сержант тұрып орнынан:
- Мақұл, жолдас лейтенант! Серт еткендей бар солдат... Деді бейне окоптан –
«Сережа!» деп кетерде, Сержантқа қол ұсынды Достыққа тіл жетер ме, Жүрек пен ойын түсінді. Барлық солдат қарады, Жорық, дауыл күткендей, Уақытты іштей санады. Бəйгеге басын тіккендей.
* * *
Алтай, Алтай, уа, Алтай! Мен келемін жүгіріп, Қайда кеттің таптырмай, Қалдың қайда кідіріп.
Іздегенім сен едің, Окоптарды аралап, Бір кездесер деп едім, Осы маңнан шамалап.
Өзің келдің міне енді, Баста майдан жолымен, Баста тыңмен, жотамен, Баста мені сонымен Ақын-дағы саптағы – Солдат, сенсің əміршім! Ақын-дағы жорықта, Қару-жарақ тағынсын. Сүюші ең қатты еліңді, Жүрегіңмен, жаныңмен Сүюші ең байтақ жеріңді, Өміріңмен, барыңмен Сүюші ең артық, өзгеше –
Көруші ең Отан арындай. – Партияны. Ол десе – Жайнаушы едің жалындай. Мақсатың, барлық тілегің Арнаулы еді бір соған.
Жан едің таза білемін, Дос едің көптен сен маған Қара дауыл түнеріп, Қарыса соқты күндіз-түн, Қайран ерлер қан кешті, Отанға сын, елге сын.
Сен де жүрсің жорықта, Оқ себелеп жауып тұр. Əлде талай сен өтер Алда мың сан қауіп тұр. Бірге өтелік, кел, достым! Сынар жерім осы жер.
...Окоптарды аралай, Алтай кетті тезінен Өмір көші бұлдырап
Елес берді көзінен. Бүгін майдан кейіпі Бұрынғыдан басқарақ. Əр бұтадан, əр жерден Ажалды ажал баспалап, Түнере қалған бір күйді, Алтай көңілі сезгендей, Кірпік қақпай күн-түні,
«Төсегінен» безгендей. Келе жатыр осылай Ойларымен тілдесіп, Жел де ойнады далада Бірде тоқтап, бірде есіп Мақпал қара көрпесін, Айқара жапты бүгін түн. Дүние тегіс мүлгіді,
Тысыр еткен шықпады үн. Құндақтарды жастанып Солдаттар да қалғыды.
Өлімнен де күшті боп Шіркін ұйқы жарлығы... Көз шырымын алмастан Күзеттер тұр жан-жақта, Шығар кейде жамырасқан, Мылтық даусы аулақта... Осынау қамал, осы күй, Ортаға алып қамалап...
Келеді Алтай жолдармен Окоптарды аралап, Ұрыс емес бұл қалжың. Осылай соғыс ойыны.
Сақылдап күлер алыстан Өлім боп екі қойыны...
...Блиндажға келді Алтай, Жата кетті шалқалап, Терең ойға енді Алтай, Майдан жүгін арқалап.
...Өтті алдынан біріндеп Қиын-қыстау тар кезең Тұрды алдында дірілдеп Қарулы ажал қанды өзен... Өмір... өлім шайқасып Бірін-бірі жеп жатты.
Тынымсыз қол айқасып, Жаралылар кеп жатты. Сатырласып штыктар, Сабырсыз сілтеп жан-жақтан. Құныға бөкті жанға ажал, Ыңыранып жерде жатты адам. Аударып жүзін будан да, Батысқа көзін тастады.
Айналды өмір тұманға, Көрмеді көзі басқаны. Түнеріп тұрды қара түн, Көк жиегін бұлт басып, Айғайы шықты ажалдың Тұла бойы қан сасып.
Қара түннен бұлдырап Көзіне бір зат шалынды: Қас бəледей тұнжырап, Қара шапан жамылды... Екі беті долырып Саусағынан қан тамды. Жұғам деді еліріп,
Бар адамды, бар таңды. Беріп жатты ажалға,
Европаның жандарын, Айдап жатты қамалға, Жұтып жатты қандарын...
Осылай Гитлер көрінді, Қараңғы Батыс төрінен, Жұтамын деп еліңді, Жұтамын деп сені мен... Өтті алдынан бұл кезең, Ардақты Отан көгінен Көз тастады болашақ.
* * *
Командирлер взводтан Келді. Ой да жоғалды. Оянғандай ұйқыдан, Тұрды да Алтай қол алды.
- Отырыңдар, достарым! Не жаналық, не хабар!
Таң да таяу, Төрт жарым...
Тездетелік уақыттар!.. Қап-қара аспан сұрланып, Қос қабағын түйіп тұр.
Əлдекімнен ұрланып, Бұлт нөсерін жиып тұр. Құяр селін таңменен, Аянбас жау алам дер! Тұншықтырып қанменен Өкпеңе қол салам дер!
Оқпен қарсы алыңдар! Өлім құшсын,
Жер болсын!
Оқпен аузын қарыңдар! Көрер жері көр болсын!
...Сөз бітті, үнсіз қарасты, Жүректер тіл қатқандай... Серт етті... бəрі тарасты Ұрыста жеңіс тапқандай, Кетті достар қоштасып, Блиндажда қалды Алтай, Ерлікпен ой ұштасып Автоматқа оқ салды Алтай...
Дауылда
I
Таң бозарды. Жоқ, достым, Таң атқан жоқ, төнді түн. Жердің жүзін шаң басты, Көріне алмай қалды күн.
Тастар-дағы атылды, Көк түтін боп топырақ Дүниеге ажал шақырды, Осы кезең... осы шақ... Теңселді жер шыдамай, Теңіздей дала бұрқанды Шатырлап бомбы снаряд Дүниені қою бұлт алды. Жер де, көк те оқ болып Ойнады өлім жанменен.
Төңірек қызыл шоқ болып, Басталды ұрыс таңменен.
Нөсердейін жауды оқтар, Автоматтар қолда ойнап Жұтамын деп төнді ажал Қарсыласты біздің жақ. Өкшелеп те, тұспалап, Жапырлап фашист қаптады. Бірін-бірі қыспалап
Өлігін өзі таптады...
Ағылды жаулар ағылды, Салды бəрін «алам» деп. Құмырысқадай жабылды Қайтсем «жеңіс» табам деп... Тойтарыстан қалжырап, Қақалса да қоймады.
Бастырмалап тағы да Өлімменен ойнады, Жауған оқтан бұқпалап, Солдаттарын шұбыртты. Қайта-қайта тықпалап Цеппен алға жүгіртті... Еселеп кетті фашистер
Оңынан, солдан, маңдайдан, Қайысқандай болды жер, Қара будақ шықты шаң...
Болжау қиын сан жағын, Батальон... Одан көп...
Жалмайтындай жан-жағын, Жүре тұр жаудырды оқ.
Өтті талай сағаттар, Құтырды соғыс қызды ұрыс, Азайды күш... ауыр хал, Шабуылмен ауды түс...
Рота тұрды қарысып, Табандады, таймады, Жауға қарсы алысып, Өлуге бел байлады.
Оң қанаттан бір хабар.
- Күш азайды, жау өктем! Взводта он-ақ адам бар, Шегінем бе?.. Мен қайтем?
- Қысқарт, неткен шегініс! Қозғалмасын бір солдат! Шыда қазір берем күш, Қалған соң ба жабырқап?.. Кетті көмек... хабарла!
Қазір жетер, күте тұр!
- Автомат па?
- Автомат. Ырық берме! Талқан қыл!
Сол қанаттан бір хабар Келді тағы тым ауыр.
- Түсті басқа кезең тар, Қайтем, жолдас командир?
- Түсіндір тəртіппен! Не боп қалды?..
Сен қайда ең! Болмақсың ба оңай жем. Шыда! Қазір мен жетем.
* * *
- Сергей қайда?
- Мен мұнда!
- Уақыт тығыз, сен тыңда! Қаптап кетті əне жау, Қаламыз ба қырғында?
Окоптарға кірді алды Сұмдық хабар, ауыр хал! Сенен басқа кім қалды. Оң қанатқа өзің бар!
Біздерде жоқ басқа жол! Өлім жауға болсын серті Өл, тобыңа берік бол Қаптаса да қалың өрт!
II
Жинады Алтай ерлерін, Қарады үнсіз тесіліп, Кернеді бойын бір жалын Күннен де арман өсіріп, Өрт болып Алтай тұтанды, Күйдірер маңын жанасаң, Жалыны лаулап күн шалды, (Абайлап сырттан қарасаң).
- Достарым! – деді жарқ етіп Көзінен ұшқын атылды.
Жүрегін жанның тербетіп,
«Отан» атын шақырды.
- Тұрыңдар бəрің!
- Жауынгер! Отанның адал ұлдары! Артыңда өзің, туған жер.
Алдыңда Отан қырлары! Қасиетті ана сүтіндей, Алдыңда өскен топырағың!
Алдыңда елің, бүтіндей Балалық өмір, жас шағың.
Мейірімді, қымбат Украина, Тұр алдыңда бəрінің,
Тұр алдыңда бəріңнің, Тұр алдыңда жалынның... Өтпесін мұнда бір жауыз! Құтылмасын бір залым! Қабынсын өртке жүрегім
Түспесін жерге бір жалын! От тимесін жеріме!
Өрт шалмасын бір тал шөп! Жау кірмесін еліме!
Жоламасын жалғыз оқ! Деді Алтай, ұранды – Отан үшін! – деп салды. Жүгірді алға, «Ұлы Отан» Деген даусы топ жарды.
Алтай сөзі от болып, Тұтандырды жалындай, Алтай сөзі денеге
Қуат берді қаныңдай.
«Уралаған» дауыстан Жаңғырды дүние, аспан-көк, Жүгірді бəрі артынан Бұқпады, ешкім қалған жоқ. Майданды басты ғаламат Таңғалғандай көрген жан.
Айқасты ерлер қат-қабат, Минут сайын ақты қан... Қоштасты мəңгі өмірмен, Жер құшты талай қыршындар
Сағаттар өтті жылға тең, Қан жылап талай қалды жар.
* * *
Оқ жаудырып қым-қиғаш, Төнді Алтайға бір топ жау... Өлмей бұзып шыға алмас Алды Ортаға тас қамау.
Бұл да қарсы жаудырды оқ Əттең саулап ақты қан...
Өлгенге бас иген жоқ Əзер шықпай тұрды жан... Аңдысып өтті минуттар, Жау қысты, жара қинады,
Кернеді намыс болды сел, –
Көкірегіне сыймады... Сəуледен қоршап күн жағын, Үстіне қара киініп, Сұқтанып қанды тырнағын Ажал да тұрды түйіліп, Жарадан саулап ақты қан, Тынымсыз жұтты қара жер Қажыды білем қайран тəн... Қажыды білем қайран ер...
* * *
Соғыс сөзі біреу-ақ, Өлтірмесең өлесің.
Бір-ақ шешу, бір жауап Көндірмесең көнесің,
«Жауды аяған жаралы...» Жаралы емес өлесің, Елің, үйің қаралы
Құл боласың, көнесің. Өлтір, жауды жаныш, кес! Керек болса саған жан!
Дипломаттық төр емес, Бұл жауған оқ.
Қан майдан...
Мен тигем жоқ, тиді өзі, Қан сұрады, алсын қан. Білеміз соғыс мінезі Осылай атам заманнан... Сергейменен жүрегім, Бірге соқты менің де, Білем бірге тілегің
Ей, достарым, сенің де. Майдан деген тым қатал Белгілі күй бəріне...
Қаңғыған оқ кейде ажал Жанап кетсе тəніңе...
Ауыр жолы соғыстың... Ажал, ажал, тек ажал Сонда кілті жеңістің От, ажалдан тартып ал!
...Міне, үш фашист кенеттен Шыға келді.
Бақты олар, Құтқармады кезектен
Оқпен жайын тапты олар. Басты ілгері тағы да Жалтармады ықпады,
Қауіп қой деп жаныма Сескенбеді бұқпады! Əскер қолы осылай Тидің өзің өлесің!
Соққан сені ол талай Ұмыттың ба! Көресің!
* * *
...Қанат бітті, жан бітті Жаралы тұрды орнынан. Жансызға қайта қан бітті, Қасиетті болды ұран.
Басылар дауыл тынар жел Ышқына соқты қайтадан. Қаһарына мінді ел Қатуланды Ұлы Отан!
Келді көмек, келді ерлер Сергей тобы тасыды Қырғындады əскерін Қайысты жау, жасыды... Минут сайын «уралар» Күшейді теңіз тасқандай, Соқтығып жарға толқындар Дарияны дауыл басқандай...
Есін жиып бір мезгіл Маңына Алтай қарады. Достар жоқ.
Алда қауіп тұр,
Тұм басқандай даланы. Жақындап қапты фашистер Жауыпты алдын қызыл қан.
Елім деп туған есіл ер, Автоматқа жалма-жан Жабысты. Қолы қысты əрең Құндағын. Қару от алды.
Жау састы «өлді бұл» деген Жүре алмай оққа қақалды... Жалп етті бірі күтпеген Туар деп енді мұндай күй. Автомат сөйлеп, көлденең Оқ себелеп тартты «сый» Үдеді атыс.
Қан қатқан
Қайтады жау, қасарды. Ысылдап оқтар жан-жақтан Күйіне басты қашанғы...
Тұс-тұстан жау ентелеп Келе жатты тағы да,
Бар тағдырың менде деп Құнықты өз қанына.
Алтай да жан ұшырды. Атқылады тынымсыз. Тағы бірін түсірді,
Тағы шықты бірі үнсіз... Орап кетті алды-артын Темір құрсау салынды.
«Келді ме ажал енді шын, Сенді ме өмір жалынды? Жоқ сөнген жоқ өмірім Лапылдап оттай қаулады. Астында Алтай оғының Əлі де Отан жаулары.
Ақырғы тыныс келген жоқ,
Атылған жоқ ақырғы оқ! Айтылған жоқ ақтық сөз Жұмылған жоқ екі көз!»
* * *
Сол кезде шықты күшті ұран, Жаңғыртып майдан даласын. Келді деп достар сағынған Ұмытты Алтай жарасын, Биледі мұны бір қуат.
Секілді бұлттан шыққан күн, Қыздырды Отан деген ат,
«Отан» – деп бұ да ұмтылды Үш тұрды қайта үш құлап... Күлімдеп көкте күн тұрды, Кемсеңдеп қара түн жылап. Жығылды, тұрды тағы да, Жанталасты қысылды...
Қарады жан-жағына. Құтылмасын түсінді...
Қармады қолмен бұрын Пистолет... енді пистолет! –
«Қош бол, гүлдей өмірім, Жүрегім оқты қабыл ет! Өлейін енді өлейін!
Жау алмасын, жер алсын! Ал, өзімді берейін,
Ажал алсын көр алсын, Тілмен жаным қалсын деп, Жау алдында қалтырап.
Тұрмын ажал алсын деп
Гауһар дайын жарқырап... Салып ем соғыс бір кезде
* * *
Қаралы ажал, қанды ажал! Алам деген барды ажал!
Жұтам деген жанды ажал Жұта алмады қақалды – Қақ тіліп адам жүрегін,
Жұта алмай қанды, шашалды. Сол адамның тілегін,
Жұта алмады өмірді, Жұта алмады күн көзін. Жұта алмады темірдей Жеңем деген ел сөзін! Тұрды ажалдан жоғары Өмір, адам жұлдызы, Тұрды ажалдан жоғары Жеңіс туы қырмызы, Тұрды ажалдан жоғары Отан, ұрпақ болашақ.
Тұрды ажалдан жоғары Өмір нұры жарқырап.
АБДОЛЛА
(Ақын өлімі туралы аңыз)
Майдан етіп дүние төрін, Темір, болат қақтап отқа, Жекпе-жек кеп өмір, өлім, Соққыласып жатқан жоқ па? Арқалап сол майдан жүгін, Қырғын соғыс ортасында Көкірегінің кекті зілін
Қоса түйіп қорғасынға, – Қанды қырғын қапылыста Айырылып бар жолдасынан, Жараланған жолбарыстай Өрт жанарлы бір жас үлан Ырғып бұлттан түсер жайдай, Өзі оқ боп атылғандай, Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын, Тас бекініп.
Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббаты, Жерімізде жындай қаптап, Найзаға іліп ар-ұятты,– Келе жатгы сұм жендеттер, Жиіркеніп, Жиырылды жер. Жауға тамшы татырмастай Буырқанып тасты өзендер.
Ашулы жел ащы даусы Тұндырғандай жау құлағын. Сол аймақтың əрбір тасы Күйретердей жау қамалын... Қанды көбік қара топан Ортасында бейне шың тас, Өр кеудесін етіп қалқан, Сол баяғы жатыр бір жас.
Қойып айды қарауылға, Күн де шомды ұлы ұйқыға.
Қонды орманға қорғасын бұлт Жат дыбысқа құлағын caп, Тың тыңдаған адамға ұқсап,
Айнала аймақ тұрды жым-жырт.
Ойшыл орман мүлгіп-қалғып, Төңіректің сырын аңдып, Жайлап қана тартып сырнай, Сыр шертеді ну қарағай.
Сонау орман етегінде Жаланған от сатыр-сұтыр. Қанды ізін қара түнге Көме тастап жаулар отыр.
Сол бір оттан ыршып бір шоқ Түсті ме ер кеудесіне?
Қойылғандай болды сол от Динамиттің білтесіне.
Қасақы жау қарсы алдында Қасақана көрсетіп қыр, Сенің алтын ошағында Зұлымдық от жағып отыр!
Түскен дұшпан терезеңнен Қапылыста салып жара, Қуса сені өз төріңнен, Көнсең соған, He масқара?!.
- Құдірет күші жер-жаһанның! Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі əлемнің ашу-кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл, жүрек! Бар арманым, асқар тауым, Көтеріл, ел, намыс туы! – Деп ер ұлан бақты жауын, Жарқ-жұрқ етіп жан ашуы.
Қанды пышақ – жау күлкісі Қақ жарғандай түн жүрегін, Шошып ұшты орман құсы, Көл күрсініп алды демін.
Қызғыш болып қызғанышы, Қимай көлге жау арнасын, Жалын шарпып дем алысы, Құшып жерін, сүйіп тасын, Жүрегіндей сол аймақтың Алас ұрды намысты ұлан.
Ащы зары махаббаттың Естілгендей күйінді жан. Кеуде кегі, жан ашуы Кетті шығып от өзектен...
Көтерілді жаудың шуы, Түскендей-ақ қаһар көктен. Айнала жау ырсыл қағып, Айдаһардай көтерді бас.
Кетті лезде қызып, жанып Дүниедегі бір ұлы айқас.
Зілзəлə боп жер мен аспан, Соқты ұйытқып оқ бораны: Қан кілкіте қара тастан, Түрткіледі кең даланы; Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снарядтар; Мəңгі мекен – көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар.
Ұмтылды жау ондап, жүздеп, Тойтарам деп ердің сағын; Тұтқын етіп аламыз деп, Айқара ашып оқ кұшағын.
- Ала алмайсың! – деді ұлан
- Алмай қойман! – деді жауы. Қысты келіп жан-жағынан Темір торлы жау құрсауы.
Жеті қабат жер өзегін Жарып шыққан отты селдей Бет қаратпай, өртеп лебі, Оқ орағын орай сермей; Соғып жерге жау жүрегін, Төңкерілтіп төңірегін, – Бұрсанды кеп батыр ұлан, Автоматтан түтетіп оқ,
Жау тобына лақтырылған Жер мен көктің кəріндей боп.
Қанжарына қарақшының Қарсы тосып өз кеудесін, Қорғады жер батыр ұлын, Жаралы ана жиып есін.
- Алмай қойман! – деді дұшпан,
- Ала алмайсың! – деді ер ұлан. Қайсарлыкпен шыққан даңқы Келе жатты ауыр танкі.
«О, құдірет! Құнсыз темір Кеше ғана жатқан шаңда, Біткендей-ақ бойына өмір, Зірк-зірк етіп қан майданда, Көрдіңдер ме, енді мынау: Сайысады адаммен бұл.
О, зымиян, сүрқия жау! Қайран өмір, қайран ақыл!» – Лақтырылған бір шумақ от Жіберді өртеп жау танкісін.
Ол темірден алды тартып, Адамзаттың өнер-күшін. Ыза боп жау жіберді өрт, Кідірді ер, оқ таусылып. Автоматы ең соңғы рет Алды демін, тынды сұлық...
«Алтын туын бостандықтың Бір килодай қорғасынға Күліп тұрып сатқан сұмға
Мен бе екем болар тұтқын?!» –
Серпіп ойын, сілкіп бойын, Тұрды атып, қарады өртке.
Қалды қатып, салып зейін Таңғажайып бір суретке: Қызыл, жасыл киінген өрт Көрінді оған боп қызойнақ. Толқып торғын, жайнап букет, Тым сиқырлы билеп, ойнап.
Айтып жұмбақ өлеңдерін, Аңыз болып бір сұлу жар, Желпіп жалын желектерін, Келе жатты От сұлулар Ашып отқа омырауын, Естісін деп қырсық жауым, Айтты ол шырқап өрт ішінде Сүйгені əні «Қарғам-ауын»...
Қайсар батыр от киінген Күш-қайратын тіске жиып, Жаңағы ақшыл ер жүзінен Жалын тілі тұрды сүйіп.
Шұғыла шалған кешкі бұлттай Толқын шашта оттар ойнап, Өрт топанын кешіп Нұқтай, Жалғыз өзі тұрды бойлап.
Тұрды ұқсап, тұрды кейде, От ұстаған Прометейге.
Алыстағы нажағайдың Қара түнгі қанатындай,
Жарқ-жұрқ етті жүзінде айбын, Атылғандай ішінде жай.
Жан күнінің нұр шапағы – Күлкі ойнады келбетінде. Сəл шытынап ай қабағы, Ең соңғы рет келді тілге:
- Жау жанында сен сүйкімді, Кел бері, өлім, күйіңді шерт! Менің адал жүрегімді.
Жел, туған елге алып жет! Қош бол енді, туған елім! Кетті де бір қарыздар жан. Бұл емес ед көксегенім, Бұл емес ед арман, арман!
Осы-ақ болды-ау, əттең, шіркін! Сен бөгелме ұлы жолдан,
Туған халқым, туған жұртым! Сенің ашу арыстаның Сілкуші еді жер мен көкті.
Ту сыртынан сығып жанын, Алшы жаудан, алшы кекті. Жасашы той! Бəлкім, сонда Еске алып бұл бөбегіңді, Бір азамат өз ортаңда
Оқыр менің өлеңімді. Қош бол енді, туған елім!
Кеттім, кеттім боп қарыздар. Жоғал, жауым! Кел бері, өлім!
Қош бол, достар! Достар! Достар!!!
«О, дүние!» деген даусы От ішінде сəл тұншығып, Өмір ақтық музыкасы Басталды да, қалды тынып.
Қағып алып сол бір күйді Жалғастыра көкте жырлап, Өрт үстінде көк түтінді Құстар байғұс жүр шырылдап. Айтып жұмбақ өлеңдерін, Аңыз болып бір сұлу жар, Желпіп жалын желектерін, Келе жатты От сұлулар!
Айтты да ол соңғы сөзін, Аударды бір отты көзін. Жанарымен шырқ үйіріп, Жер мен көкті алды жиып. Сол бір көздің аясына Кеткендей ед дүние сыйып. Күй көңілді, жаз бейнелі Алтын өмір мың кұлпырып Көз алдында жардай күліп,
Қасақана алды тұрып. Ғашық жардай қайран өмір, Қиналдырмай қалатын ба ең,
Желпуші еді ол, жуытпай кір, Құс жанының қанатымен.
Кейде сағым, кейде жауын Арбады елес көз жанарын, Көрді бəрін, құшты бəрін: Туыстарын, жан достарын... Кенет осы сұлу сурет Тұрған жайнап көзді тартып, Сұп-сұрланып, о, керемет, Орны-орнында қалды қатып.
Тұр еді ол үсте жалын
Алтын тудай шалқып, лаулап. Жалт етті ту, жалт берді өмір, От төсекке түсті аунап.
Ұшты құстар шартарапқа Хабарлауға ер өлімін.
Ұмтылды жау таптамаққа Ең болмаса қалған күлін.
Бұлтын жиып көкірегіне, Күрсінді бір аспан ауыр. Қос қанатын соғып жерге, Азаланып жеті дауыл.
«Таптатпан, – деп, – күлін жауға!» Құшып алып кетті дауыл.
Республика аспанында Осынау күйді шертті дауыл.
Эпилог
Ата қазақ ақ сақалды, Атыңа мін, ал домбыра. Жина жырмен ұрпағыңды, Аш кеудеңді батырыңа.
Жина-жырла бата оқырға... Алтын тулы ару таңның Жаралғандай шапағынан, Жүрегіндей сұлу жардың, От қанатты ақын ұлан – Жан еді бір жатқан жұмбақ,
Сол бір жұмбақ шешілді енді.
Қайғы отында қайрат шындап, Түсір еске есіл ерді.
Аты оның еді Абдолла, Алшы жаттап, балғын бөбек. Алтын қалам алшы қолға, Ағаңа ұқсап жазшы өлең!
Аш жүзінді, шашыңды жи, Жас арулар, шық ортаға.
Ойнашы күй, ойнашы күй, Жасыңды тый, қарт ата-ана! Соқсын дауыл даусымыздан, Жырлайықшы қосылып бір! Көрдің бе, əне, сонау құздан Күле қарап Абдолла тұр!
АҚСАҚ ҚҰЛАН
Алаша хан, Жошы хан, Қырда құлан жосыған. Құлан теуіп өлтірді, Ажалын оның келтірді.
(Халық əуезі)
Толғану
Жеткенде өлең жігіт жиырма беске, Көз тіктім шыққан сонау жыр белеске. Пернесін сонда бастым албырт күйдің Əуені əлі күнге жүрген есте.
...Аңызын аталардың жете тізген, Бұл жырды естіп едім əкемізден. Сол күймен күңіренген көне қобыз, Өткеннің қайғысына жеке дүзген.
Сол күйге замандардан зар қосылған, Тіл қатты обалар да қан жосыған.
Ертеден ескен желмен күбірледі,
Көр болып қалған іздер хан Жошыдан.
Сол күймен сазы басқан сары даланы, Онда жас, қаламым да жорғалады.
Білмедім күйдей үнім еспеді ме, Теңселтпей тұнған жырды арнадағы?
Бағыдан бала жырым сыр алмаған, Болды ма ырғақтары бұраң маған? Күй ырқы келтірмепті, кезде сонау, Домбырам құлағы дəл бұралмаған.
Оралып өктем күйдің өр нəшімен Ағыттым жарауымды кермесінен. Ағыттым құйқылжыған құланымды, Желідей жырдың жаңа пернесінен...
Жортуыл
I
Жайхұнның самал соқпай кең арнасы, Тулақтай тықыр болған көгал басы.
Жағасын қалың тобыр жаугер басып, Алқапта айбат шекті хан ордасы.
Маңғұлдың маңғыт қыр ғой қоналқасы, Қалыпты қалалардың қараң тасы.
Адырда, алау жұтқан Сығанақтың Əлі де суыған жоқ қоламтасы.
Шығысты шеңгелімен уыстаған, Шыңғыстан ұлыс бар ма ығыспаған? Өзіндей ажал түсті, обыр ұлы, Жошы хан мұнда келіп тыныстаған.
Жошыға асыр болған осы мекен, Үркіп жұрт, қарасынан шошиды екен, Аламан аңдай шулап жөнелгенде, Ізінен өзендей қан жосиды екен.
Жел айдап, қонарын тек сайлар білген, Атой сап ат үстінде айлап жүрген.
Қаптаған қара құрттай жойқын жасақ, Жұртында өлгендердің ойнап-күлген.
Айқасқан қос алдында найза, бақан, Көп нөкер гуілдескен алқақотан.
Шақырып ордасына нояндарын, Отырды ойға батып ортада хан.
Көз тікті сүлдесіне киіздегі,
Хан қандай Тəңірінен сый іздеді? Жарқылдап жылан көзді зүбəржаттар, Арқардың сілкінгендей мүйіздері.
Дауылдай қырдан – қырға көшпелі хан, Теңдерін асыл толған шешпеді хан.
Алдында дүркін жорық, ойлап соны, Түйілді түйінді бір шешкелі хан.
«Түрегел, кенжем менің, жетті кезің, Тұтансын енді жауға от мінезің.
Түлегі қас қыранның тоят іздер, Тоятты қан қырғыннан таптым өзім.
Ұқсаймын өзім əкем Шыңғыс ханға, Түспейтін табаныма ұлыс бар ма?
Батысқа жөнелемін жер сілкінтіп, Жаһанды жеке билеп уыстауға.
Ер жеттің, ұлым қазір, ханзадасың, Билейсің талай елдің хан-қарасын.
Еншіңе қыпшақ қырын қойдым бөліп, Барлап кел, барып соның маң даласын.
Берілген бастапқы бұл – шартым саған, Алып кел сапарыңнан тарту маған – Жүр дейді саяқ бір жан сары жонда, Астында жүйрігі бар аңқылдаған.
Естідім, өзі өрен күйші дейді, Ол неге жорығыма сүйсінбейді?
Жансыз ба жасырынған, неткен жалқы? Айдап кел, ашуыма күйсін мейлі!
Сол болсын алып келген сыйың маған, Шолып кел, қандай екен қиыр далаң? Жұрт болса, жылыспаған жорығыңнан, Жай болып төбесіне түйіл, балам!»
Тағында тепсінгендей Тəңір мықты, Аузынан арыстанның əмір шықты. Ханзада басын шұлғып, нояндары: – Алдияр, əзірміз, – деп қару тұтты.
Арсылдап ашыққандай аң түлегі, Қаршылдап қасқа тістер қан тіледі. Елестеп қырғын жорық, жөңкілген жұрт, Жошының ашылғандай жан түлегі..
«Дариға, қандай еді Сығанағым? Сəулетті жадыратқан Сыр алабын. Өртелді мəуелері, күмбездері, Тұлдыр жоқ, обасында сұр даланың.
О, Тəңір, жай соқпай ма албастыңды? Ер жоқ па, ереуілді, алмас қырлы?
Қайран ел тұншыға ма дозағыңда, Құдірет жоқ па, құртар қан басқырды?!»
Осылай бұлдыр белден бір үн ескен, Кім екен жонда желмен күбірлескен? Келеді күңіреніп күйші Тыма, Қоштасып мекенімен қырғын кешкен.
Жалқы жан, жаудан қашқан қия-қырға, Өрт қала ойран-топыр қиялында.
Гүлстан түсті мəңгі жапырылып, Маңғұлдың тағысының тұяғына.
Сар дала астан-кестен қиыры кең, Қалың аң қаптағандай құйынымен Шашындай оның ұйпа-тұйпа, Тағдыры талай жұрттың иірілген.
Алдынан алаулаған андыздап жел, Тұл жазық түгі күйген аңызақ жер. Жапанда жабырқаған жалғыз күйші, Жапанда жаутаңдаған жалғыз-ақ көл.
Өзіне болған кенті пейішке тең, Келеді ол қайтып, міне кейіспенен. Жұртына Сығанақтың келіп кейде, Ол ұзақ күл-көмірін иіскеген.
Əттеген, қолында жоқ домбырасы, Күй шертсе жазылатын кең құлашы,
Шырқатар еді қазір құрағына,
Өрт тисе, сыңсығандай көлдің басы...
Есіне алды жарын қоста қалған, Наз еді жаны сергек жас маралдан,
Айырылған ел-жұртынан қыпшақ қызы, Оның да жас жүрегін басқан арман.
Кім білсін, қандай жауыз қас қылады? Жалғыз қос пана келдің жас құрағы. Сенімі тез жетуге Елігіне,
Жүйткіген жануары астындағы.
Бүйірден дүрліктіріп айдаланы, Аттылар ағындады қайда тағы? Аранын ашып жонға атылды ма? Маңғұлдың маймыл басты айдаһары?
Тебінді, ыршып кетті жел ойнағы, Астында ала шұбар аң ойнады.
Мінгені қанатты ма, сағым болып, Көрінбей кетті жылдам қарайғаны.
Артынан жамырасып қиқу-шулар, Лап берді андағайлап қуғыншылар. Маңғұлдың сəйгүлігі сайда қалды,
Мынау бір сайтан шығар, құйын шығар?
Ханзада ақбозына астындағы, Қамшыны ашуменен басты тағы. Желаяқ тұлпар еді, ұшты бұл да, Қашқын жан бірақ ізін бастырмады.
Ашынды жолбарыстың жас түлегі,
«Бұл қандай құйындаған қашқын еді? Бұл өзі əкем айтқан күйші болса.
Ызасы тіпті мұның асты тегі?!»
Алқынып ханның ұлы аялдады, Аңырып аттан түсті нояндары. Қалшиып қалқадағы Ханзадаға, Қалтырап жүгірісті жаяу бəрі.
III
Қалса да бұл арадан алыста бел, Тымаға түнек дала таныс түгел. Қоныстап қосы тұрды жағасында, Бар еді жапанда бір қамысты көл.
Айнала қопа – құрақ, қоға – жыныс, Көліне көгалалы қонады құс.
Шұбырған құлан-бұлан, аю, қабылан, Соларға ұя болған қалың қамыс.
Жау тиіп жерінен қан жосығанда, Күйші кеп паналаған осы маңға. Осы тек жалғыз шыған жапандағы, Көз таса көрінбеген Жошы ханға.
Сағынып жетті Тыма Елігіне, Тағдыры екеуінің телі бірге, Енгізіп құралайын құшағына, Жол сырын шертіп кетті серігіне.
Жау көрдім, қуған мені құба қырдан, Құтқарған айналайын пырағымнан.
Ажалдың құрығынан алып қашты, Елікжан, сүйші барып құлағынан!
Жануар, тағы неге елеңдеді? Əупілдек үн қатты ма тереңдегі?
Шырылдап – көкке шықты қызғыш неге, Тыныш па сары адырдың белеңдері!
– Сұңқарым, қорқынышты ойламашы, Сағынған киігіңді аймалашы.
Тұлпарың еліккен ғой, елеңдесе, Құлан ғой жортып жүрген айналасы.
Бұлбұлым, тартшы күйді, əн шырқашы, Көңілге үрей құсын қондырмашы.
Қызғанған шығар қызғыш балапанын, Қаптаған қаршыға ғой көлдің басы, –
Деп жары иығына асылғанда, Албырт күш алау беріп асыл жанға, Тыманың кеудесінде күй қозғалып, Жөнелді ырғақтарын басып алға...
IV
Қопаға аш арыстан енді ме екен? Қырғи ма қаз-үйрекке төнген төтен? Сілкінді қамыс неге басын шайқап, Күрсінді шошып неден көлді мекен?
Тынды да күй самалы ауды кенет, Топырлап келіп қалды жау ентелеп.
Шошытты махаббаттың қос киігін, Қапыда жай түскендей төнген əлек.
Басса да үрейменен көзін тұман, Таныды жауды Тыма өзін қуған. Келіпті қалған жасақ мұнда көріп Құланның өр секілді ізін қырдан.
Қасқырдай ырсиды да басын сілкіп, Ханзада əмір етті ашу бүркіп:
«Қашқынды ноқталаңдар, құлым болсын, Əйелін күң етіңдер шашын қырқып.
Бағынған бүкіл дала билігіме, Осының ызасына күйдім мүлде. Алдыма əкеліңдер бұлаңдатып, Мінейін жел жетпейтін жүйрігіне!»
Жалаңдап жасауылдар жүгірісті, Бəрінің албастыдай түрі сұсты. Тымаға бұғау тастап біреулері,
Күй шерткен саусақтарын бүріп қысты.
Жүйрігі жек көрініп тақымдағы, Ханзада таң болды да тақылдады:
«Мынадай жамбы тұяқ жануарды, Тапты екен қайдан қырдың ақымағы?
Тұлғасы жолбарыстай ала шұбар, Шапқанда киіктей-ақ қарасы бар. Кекілі қытай қыздың тұлымында, Көзінің жұлдыз жанған шарасы бар.
Алтынды жалатқан ба түктеріне? Жолағын күміспенен күптеді ме? Қулықтың құлынындай шағын мүше, Құйындай құйғытуға біткені ме?
Жануар, жауға мінер атым енді, Кез келді, Тəңір өзі сəтін берді!
«Жалына өзім тартып мінейін», – деп, Ханзада ат қасына жақын келді.
Осқырды, тарпып жерді секірді де, Шүу асау əлі| тағы секілді ме?
Арандай аузын ашты тістегелі, Ханзада кейін қашты жекірді де.
Жұлқынып тебінеді, кісінейді, Бұл өзі жолбарыс па, түсі үрейлі?
Шыңғыстың шұбар төсті қыранына Қалайша бағынбайды, түсінбейді?
Ханзада жау көргендей тұлан тұтты:
«Мінетін айла жоқ па бұған тіпті? Қалайша жау жүректер сырылдыңдар, Тастамай мынау тайға бұғалықты?»
Ежелден екі болмас хан талабы, Асауға аламандар анталады.
Елеңдеп тұрған Елік, Ханзадаға, Алдияр, датын айтып қайталады.
Ханзада қарап еді қандай мүсін! Перизат, Шыңғыс ұлын арбайсың ба?
Кішкене киік дене, бота көзді, Қалайша күн шалмаған айдай түсін?
Тегінде тəкаппар ма, тік қабағы, Қалайша ханзадаға сұқтанады? Өзіндей асыл заттың сынығы ма? Күйшінің тұтқыны ма, жоқ па зары?
- Мен өзім құл қызымын қыпшақтағы, Жылыстым туған жерден қыспақтағы. Шынарды паналаған жетім құспын, Мүскіннің кептерімін құшақтағы.
Сұлтаным, айдын көлдей мерейі кең, Сен – сақа, жас киіктің – кенейі мен. Дат, еттім,– босат қолын бұл күйшінің, Тұлпарын саған ерттеп берейін мен.
Тұқымы əлде бұлан, əлде құлан? Бұл өзі бір жануар шөлде туған. Күйшіге кездесіпті жонда құлын, Үстінде құйын ойнап, жел құтырған.
Түбектей кең танауы желпілдепті, Жын байлап, тұяқтары серпілмеді. Жас құлын жатыр екен көзін жұмып, Қияқтай тұлымы тек желпілдепті.
«Жын ба бұл, жатқан мені арбағалы?» Деп күйші үрейленіп таң қалады.
Сескеніп, қырық шілтен күйін шертіп, Сиынып күй-атаға толғанады.
«Жым-жырт боп күй сазына жел билепті, Құлынды керемет күй əлдилепті.
Сол сазға еміреніп жетім қодық, Алдына домбыраның шұлғи кепті.
Сипалап сонда күйші тұлымынан, Бауырына тығылыпты құлын құлан. Суық жел тимесін деп өкпесіне, Жабуды жапқан аю тұлыбынан.
Күннің де алауынан жасырғалы, Қопаның күрке болды жас құрағы. Арқардың сүтін қосып, арпа беріп, Ардақтап сорлы күйші асырады.
Күйіне құлан үйір, кінəлі ме? Тартылса, домбырасы куə, міне. Күйшінің босат қолын, шертсін күйін, Асауды жуасытар күй, əлі де».
Əмірмен күйші қақты домбыраны, Желқобыз ойнақтады, саңғырады. Дыбыспен естігенде тұра қалды, Жаңағы жер тебінген сал құланы.
Өрен күй жануарды еліктірді, Сипалап алтын жалын Елік тұрды. Ханзада тез мінгіз деп ентеледі, Желаяқ тұлпар шіркін желіктірді.
Сырылды аламандар анталаған, Елік тұр құлан көзін қалқалаған.
Дүлейге қарғып мінді ханның ұлы, Шатынап қасқыр көзі қанталаған.
Қапыда құлан кенет үркіп кетті, Жабысып бұлт жалына бүркіт кетті. Аршындап атан тастан қарғығанда, Артына қалың шаңды бүркіп кетті.
Тізгінді қыр тағысы жұлқып кетті, Бүйірін бұдыр белдің бүлкілдетті. Ханзада жазатайым бола ма деп, Артынан қырық жігіт дүркін кетті.
Қиырға зымырандай құйын кетті, Сол құйын көк тұманды үйіп кетті. Айырылып қанатынан қайран Тыма, Егіліп Елігіне күйін төкті...
Əлек
Отырды хан ызамен арпалысып, Ашуы аяз болып, арқа қысып.
Желекті найзасымен жерді соғып, Шеруін шатақ ойдың тарта түсіп.
Хан отыр қабақ түйіп қара бұлттай, Аспан тұр хандай неге қарауытпай? Түндігін ақ орданың түтек басты, Далаға қаһар кетті тарап жұттай.
Қиналған қалың жұртқа қиян-қырда, Қан бүркіп отырды хан қиялында.
Сақ кезеп садақтарын сырттандары, Байлаулы жолбарыс тұр үй алдында.
Хан Жошы арыстандай аласұрған, Хабар жоқ жорықтағы баласынан. Қасында нояндары əмір күтіп, Сескеніп отыр ханның қарасынан.
«Ханзада қаңдай торға арандады? Қалайша қырық батыр оралмады,
Хан ұлын адастырған қандай сиқыр?» –
Бүлік ой хан басында борандады.
Ай болды жасауылдар атқа мінді, Қамысы талай көлдің ақтарылды. Өлігі ханзаданың жатыр ма деп, Сілікті тіміскілер бақта гүлді.
Абыздың алжып айтқан аңызымен, Құйғытты хабар тарап аң ізінен.
Ұйғырдың сəуегейі жөнін болжап, Жол кешті, əулиенің аузыменен.
Жындарын жиды желден бақсы біткен, Май құйды, отқа шаман тақсіретпен.
Сиынды сүлдесіне кəрі маңғұл, Бір хабар естімеді тақсыр күткен.
Қанталап мысық көзі, хан сызданды, Қалайша ұлынан ол аңсыз қалды?
Қыпшақтың қолтығына тыңшы тығып, Бегіне Хорезмнің жансыз барды.
Құрды екен сұңқарыма кім дұзағын? Жын болса, оны көктен қуғызамын. Жан болса, тірі жүрген өзі түгіл, Бабасын көрден жұлып тұрғызамын!
Қарсы бір қарады ма жау бетіме? Жаралған жаһан менің нəубетіме.
Қай дұшпан қас қылды екен еркі жетіп, Шыңғыстың шұбартөсті əулетіне.
Кетпесін кегім мəңгі ел есінен, Арысын ашуымның елесінен. Емшектен айырылсын нəрестелер, Төл біткен ажырасын енесінен.
Ұлымның тартсын бірге ел де азасын, Кектендім, кетіремін жер мазасын.
Ажалын аяулымның кім естіртсе, Тілін кес, жендеттерім бер жазасын!»
Осылай ашу бүркіп ашынды хан, Тік тұрды нояндары басын бұққан. Жөнелді бəрі сыртқа мысықтай боп,
Алдынан арыстанның қашып шыққан.
II
Алапат басқан мынау елден алыс, Жапанда жатты бөлек қалың қамыс. Аясы аң мен құстың көлді қопа, Тымаға, Елігімен болған таныс.
Ордасы қабан менен жолбарыстың, Бұл жаққа баратын жол алыс тым.
Қуғыншы жортуылдап, жортпай мұнда, Келген жоқ маңайына жолап ешкім.
Қасында отыр Елік тұман ойлы, Доғарып домбырасын Тыма қойды. Нажағай шарт етті ме күркесіне, Қалайша қайран күйші тына қойды?
Құлан жоқ бұлықсыған кермесінде, Тыманың күйік енген кеудесіне.
Шығанға телміріп бір қарап еді, Құланы құйындатып келді есіне.
Ай өтті сұмдыққа бұл шырмалғалы, Сол хабар суық желдей сумаңдады. Құлансыз, хан ұлынсыз бейуақытта, Оралған қырық жігіт шығандағы
Бəрі де дəл айтпады, жаңсақ білді,
Жөн таппай жортуылдар самсап тұрды. Жүрген бір бөгде болса, бұғаула деп, Аңдытты аламанға алшақ қырды.
Тау шіркін тітіренді: «Тықпадым» – деп, Сілкінді жер: «Ұлыңды жұтпадым» – деп. Еркесі ен даланың жел жүгірді,
Аударып атынан мен шықпадым деп.
Қақырап кеудесінде қаңтар бүлік, Отырды ордасында хан тарылып. Сұсынан сырттандардың сағы сынып, Сарғайды сыртта халық қаңтарылып.
«Тəңір-ау, ұшты қайда мұзбалағым? Желден де басқан ізін қызғанамын. Садаға – жосығына жөңкілген жұрт, Садаға – күмбездері жүз қаланың.
Сүлдем-ау, жортты қайда тас түлегім? Қапыда қалай сынды жас тірегім?
Садаға – тобырлы көп төлеңгітім, Жолыңа – кесілген кеп бас тігемін.
Жай оғын төндіргендей дүлей аспан, Өңдерін бəрінің де үрей басқан.
Жаңбырдай жамырасып жасауылдар, Жұмбағын ханзаданың былай ашқан:
- Жұлдызы құдіреттің ағып түсті, Тəңірдің айы жерге жанып түсті. Жай түсті жолбарыстың саяғына. Жошының жүрегінен жалын ұшты...
- Шыңғыстың бəйтерегін дауыл жықты, Көрген жоқ маңғұл мұндай ауырлықты. Өлтірді құлан теуіп ханзаданы,
Жошыға сен жауап бер, дауыл мықты.
Түспейміз ханың ажал құрығына, Бармаймыз оның қанды тұғырына. Қопаға ханзаданы кеттік көміп, Зытамыз енді өзіміз қыр құмына...
Солай деп қырық жігіт болды ғайып, Сұмдық қой сыры мынау таңғажайып.
Құланын жоқтап шыққан күйші сонда, Азасын аңызақ жел жонға жайып.
Шығанға қиялменен аңсар қарап, Есінен кетпейді сол сарсаң алап. Жапанда жануардың ізі ғана, Кетіпті аяғынан қан сорғалап.
Қанды ізін сүйіп күйші тебіренген, Мұңдасқан ебелекпен, еру желмен. Жүгірген құланым деп күйші талай, Құйындап шаң тұрса да қоңыр белден.
Көрінбей кетті қайда шоқырағы, Құраулап қырдан күнде шақырады. Түн болса Елігіне мұңын шағып, Күрсініп таңды көзбен атырады.
Қойды ол домбырасын жоғары іліп, Күй қалды көкіректе доғарылып.
Шыдамай тебіренді жары сонда, Пернесін жүрегінің қаға біліп:
- Түн болып түнердің ғой Тымашым-ау, Баттың ғой тұман ойға түбі шыңырау. Сөнді ме жүректегі шоғың сірə, Салдың ғой күйге тұсау, тілге шырмау?
«Айналдым құлыншақтай құланыңнан, Оралса сүйер едім құлағынан.
Айналдым тұяғынан теңгеліктей, Айналдым жанған екі шырағынан.
Ол өлсе, басына мен табынар ем, Терісін жарғақ етіп жамылар ем. Жалғар ем жал-құйрығын бұрымыма, Тістерін шашпау етіп тағынар ем.
Разы бол, тұлпарыңа жел қанатты, Жеріңнен жалмауыз сол жанды қақты. Түлегін айдаһардың теуіп кетті, Ханзада енді шаппай қанға батты.
Мінгізген құланыңа өзім едім, Сұңқарым, торға түсіп езілмедің, Сен үшін садаға деп сол бір тайды, Өлерін ханзаданың сезіп едім.
Кетпеді ағып текке жұлдызымыз, Еліңнен есе тапсын бұл мұңымыз. Ардағым, сорлы жұртқа жөнелейік, Күй болсын қанатымыз, дүлділіміз.
Айналып асылының зердесінен, Шығарды күйші сонда шерді есінен. Қайтадан домбырасын ескек етіп, Жөнелді жүйткігендей көл-көсірмен.
III
Жендет жүр Сыр бойында сілкіп қанжар, Айдалған екі бетке мүскін жандар.
Шырылдап бөбек сайда, ана қырда, Айнала азан-қазан, сыңсыған зар.
Бəріне хан қаһары бебеу берген,
Ар жақта қозы маңырап көгенделген.
Шұрқырап жас құлындар матаудағы, Шуылдап ұшқан құстар түгел көлден.
Айырылып ғашықтары сүйген тілден, Сұлулар бұрымынан сүйретілген.
Шел қағып жазирада шөккен ата, Сақалын жендет жұлып, күйретілген.
Қайнатты талайлардың зығыр-кегін, Жошының жын жұтты ма жүгірмегін? Түте ме жүндей сабап, жебірлері, Арқаның тулақ болған ығыр жерін?
Шапқыншы жүгірсе де құйын құсап, Ешбір жақ үн қатпады, тілін тұсап. Тек қана ыңырсыды еңісте жұрт, Басына қара бұлттан туырлық сап.
Ақ орда ажал еткен атын қырға, Хан отыр қаһарына қатып мұнда. Қарасын ханзаданың желден іздеп, Ел жатыр белуардан батып мұңға.
Жошы хан шамырқанды шатырында, Сəті жоқ шабуылға шақыруға.
Терісін сұр қабанның жамылды да, Көмілді көрдей шерге ақырында.
Қасына ешбір жанды жолатпады, Ызыңын масаның да жаратпады. Орданың алдын баққан нояндардың Қылышы нажағайдай жалақтады.
Күй
I
Керіліп күн артынан күн аттады, Ай туып таудан асты жырақтағы.
Жорғалап жел де келді самал желпіп, –
Бəрі де ханды бірақ жұбатпады.
...Түксиіп қара тастай Жошы жатты, Қасына келмеді жан шошып қатты. Қасқырдай төрт нояны қасында тек, Ашулы арыстанның қасын бақты.
Жан-жаққа жел өсекті тасып жатты, Алысқа атқа мініп ашу шапты.
Шың, тасын
Шыңғыс ханның бұлт басты деп, Шеттегі шоқылардың басы қатты.
Алдына айдап атан айғырларды, Қыпшақтың қаба сақал байы барды.
«Сабыр ет!», «Хан ием!» деп сасқалақтап, Айтуға ауыр сөзді дайындалды.
Хан ие селк етті де қақты қасын, Жендеті бай қыпшақтың шапты басын.
Арғынның биі келді байпаңдаған, Жорғадай – желгір сөзге шайқалмаған.
«Ақсұңқар адасқанда» деп топшылап, Жөн айтпақ басқаларға байқалмаған.
Қасқыр хан ырсиды да қақты қасын, Жендеті арғын бидің шапты басын. Тиеліп түйелерге жиһаздары, Келіпті Самарханнан сипап кəрі.
- Алдияр, алдыңызға бар қазынам, Айтатын гəбім бар, – деп бипаздады. Алдияр арс етті де қақты қасын, Жасауыл сəудегердің шапты басын.
Арттырып арғымаққа тегін теңді, Бұхардың бұлықсыған бегі келді. Билетіп сұлуларды хан алдында, Сауықпен сейілтпекші шерін енді.
Парсының төресінен елші келді, Ұлына Иран бақтан енші берді. Жошы хан жұбансын деп қытай ханы, Жіберді өнерпазды, не шеберді.
Ойнақтап хан алдында жыландары, Үндінің сиқыршысы сылаңдады.
Немене сауық-сайран? Азалы хан, Ұлынан сонда да бір сыр алмады.
Бəріне қаһар төгіп қасын қақты, Домалап талайының басы жатты.
Жіби ме жаңбыр жауып, жел ескенмен, Шыңғыстың Гималайдай тасы қатты.
Маймылдай төлеңгіттер маймаңдады, Олжа мал бұрынғыдай айдалмады.
Жауынгер қылыштарын тасқа шауып, Түнерді ұзағандай майдан əрі.
Биелер көк шалғынға байланбады, Суалды суат сулар қайнардағы.
Аждаһа айналаны арбағандай, Дүние жұрттай болды ойрандағы
Ешбір жан ханға келіп тіл қатпады. Айтуға адам түгіл жын батпады.
Айдаһар ордасында тұр ысқырып, Қара жер құрбандарын құндақтады.
II
Суық күз, сұрғылт дала, селебе жұт, Шұбырған ауған бұлттай сергелдең жұрт. Азасы хан ұлының қырды шайқап,
Бір жола батқан күндей сөнген үміт.
Күш қайда теңселтетін түнек тауды? Жошының құлдығында ұл атаулы.
Көл тұрды көз жасынан босқын елдің, Көгенде боздақтары тұр матаулы.
Шарт сынып шаңырақтар отқа жанған, Тілініп туырлықтар жұртта қалған.
Шырылдап қызы қырда, ұлы құмда, Еңіреп елдің дауысы көкті жарған.
Құм ыршып, шөлде боздап шөккен нардан, Саз тұрды көк табандар шеккен зардан.
Сорлы жұрт талықсыды сұламада, Тағдырдан рақым тілеп, төккен арман.
Ол отыр қу моладай ордасында, Кім барса, қазулы тұр көр қасында, Ұлыған аңдай шулап ұлысының, Дағдарды бағланы да, жорғасы да...
Ұйысып сұр қабанның жарғағына, Хан жатты хабар түспей қармағына. Жан батпай ордасына албастыдай, Жасауыл жалақтады жан-жағында.
Сол бір сəт аспан əлде жарылды ма? Əлде бұл нажағайдың жарығы ма? Селк етті, сұстиған хан жарғағынан, Жеткендей жел тұманды жарып мұнда.
Дабылпаз шабуылға шақырды ма? Əлде бұл атой берген батыры ма? Хан жанын тітіренткен қандай сарын, Қай лепес гулеп келе жатыр мұнда?
Əлде бұл əуендеткен түлегі ме? Аяныш ашу жоқ па сүреңінде? Жабырқап жаудан əлде оралды ма? Мынау саз ащы тиді жүрегіне.
Хан тұрды жатқан жерден үрейленіп, Сонау үн жақындады үдей беріп.
Тынатын самал батпай іргесінде, Ысқырып тұрған жоқ па дүлей келіп?
«Сайрауға құс та менен именеді, Тіл қатқан табаныма иленеді».
Хан солай қатып еді ашу қысып, Ексімдеп күй келеді, күй келеді.
Албырт күй ақ ордаға кимеледі, Хан өзі күйді неге тый демеді? Тəңірдің жарлығы ма жерге түскен, Қалайша ханға батып күй келеді?
Қалшылдап көтерілді алдаспаңдар, Қан тілеп сумаңдады алмас қанжар. Ордаға айдап келді күйшіні сол,
Қар жауып, қабақтарын қан басқандар.
Тергеуге жендет жылдам тіл таппады, Мылқау ма мына күйші үн қатпады? Сылаңдап саусақтары домбырада, Жыландай бармақтары бұлғақтады.
Қаһарын көріп ханның түріндегі, Екі шек дат дегендей дірілдеді. Елшідей күйші қолы елбелеңдеп, Пернелер көмекейдей күбірледі.
Домбыра əкетті ме бұрып ханды? Қалайша күйші мынау ырықты алды? Аңырып жасауылдар тілін жалап, Қанжарлар қыбыр етпей тұрып қалды.
III
Кездесіп қырдың қайғы тұманына, Ар айдап келген еді Тыма мұнда.
Енгенде ел шетіне Елігімен, Естілген елдің зары құлағына.
Көз жасы шықтай қатқан сақалына, Азынап атан дауысы атаның да, Сəбидің шырылы да өксіп жатқан, Белестен боздағаны ботаның да, –
Дегендей батты бізге хан жазасы, Таптырмай қайда кетті ханзадасы? Ер жоқ па естіретін өлсе соны, Езді ғой елімізді қанды азасы.
Осы мұң құлағына келіп жеткен, Тыманың тұлабойын тебіренткен. Тұндырып толқындарын кеудесіне, Елінің есіркеген кегін кеткен.
От беріп намысына жан жары да, Амалсыз қалды өзеннің аңғарында. Дабыл ғып домбырасын келді Тыма, Бас тігіп қатал ханның қанжарына.
* * *
Қанат қып қақты күйші домбыраны, Қай жаққа қаршыға күй қондырады? Мінгендей құланына Тыма шалқып, Соңынан қадалғандай хан құлағы.
Қияға түзегендей еркін бетті, Қырандай күй қанатын желпілдетті. Шегіне сиынғандай домбыраның, Көздерін жұмып күйші елтіп кетті.
Сыбанған балуандай ер білекті, Алдында майдан бардай өріп кетті. Күйімен хан ашуын ертіп күйші, Түндігін сұр орданың серпіп өтті.
Жүйрігін босатқандай кермедегі, Саусақтар ырғып жылдам өрмеледі. Қу шанақ сыр ағытқан күймедей боп, Күмбірлеп таңдай қақты пернелері.
Құдірет қу тақтайға тіл берді ме? Күйшімен еріп бірге жын келді ме? Тəңірі сиқырменен домбыраны, Жошыға елшілікке жіберді ме?
Домбыра бұлбұл қонған бұтақтай ма? Азалы ордаға бұл күй тоқтай ма?
Тағында аңырап хан аузын ашты, Мынау жын жөнелді деп шырқап қайда?
Саңлақ ат мінгендей-ақ сылаң қаққан Сабаз күй аттанғандай Сығанақтан. Сыңсыды шектер неге, толқындар ма Шуылдап ел зарымен Сырдан аққан?
Сол сарын, су бетіндей шымырлаған Аралға қамалғандай шұбырған аң.
Күйікпен күйші соқты, күй ыршыды Қанаты күйген құстай шырылдаған.
Қапастан күңіреніп үн шыққандай, Тұтқын қыз тұңғиыққа тұншыққандай.
Үн кетті, өрттен міне жалын алып, Қызуы тамырдағы ыршып қандай.
Астынан қара бұлттың күн шыққандай, Сері күй серпілгендей шымшып таңдай. Шығанға шықты сарын безек қағып, Артында ала тұман қырсық бардай.
Ел ме бұл елестеген сағымдағы, Шеру ме шертіп мынау сағынғаны? Əлде бұл құйқылжыған құланы ма Күй қайда жауар бұлттай ағындады?
Сап құрып шапты неге саусақтары, Қуғыншы таянды ма алшақтағы? Топырлап құздың тасы құлады ма, Соқты ма дауыл гүлді жамсатқалы?
Қиядан жасауылдар лап бергендей, Мүскіннің тағдырына тап келгендей. Жаутаңдап күйші содан ығысқандай, Хан ие қасын қақса дат дегендей.
Жасқанып жанарынан жөнелгендей, Сызылды күй сазынан елең бермей. Саусақтар пернелерден жылыстады, Артында қуғын бардай, ерен желдей.
Жасақ па саусақтары қиқулаған? Құлан ба домбырасы қутыңдаған? Ұлыңдай қырда қалған ізін қарап, Адасып қалды хан да күй тыңдаған.
«Жын ба екен, жонда мынау құйындаған? Жел ме екен, жосығы бір тыйылмаған?
Қанат па қалықтаған домбырасы, Ұстатпай қайда тартты, күйі маған?
Нөсер күй əскерім бе жауға шапқан? Асауды құрығынан кім босатқан?
Түйілген түлкіге бұл қыран емес, Ұлым ба қапы қалған сол қашақтан?
Не дейді тақтай мынау дірілдеген? Жасағым қайда қалды дүбірлеген? Қаңтарып ханзаданы жапан қырға, Қияға құлдыратты күйін неден?»
Хан солай көз алартып түйілгенде, Киіктей күй де қашты қиыр белге. Күйшінің шапшаң қолы қалбалақтап, Ұқсады дауыл қаққан диірменге.
Сол күйден тарылғандай тыныстары, Жарқ етті жендеттердің қылыштары.
Хан басын шайқап қалды жым-жырт болып, Қақшиып қайта қатты тыныш бəрі.
IV
Шанағын Тыма тағы қамшылады, Күй емес, шекті бойлап аң шұбады. Қуғыншы қалмағандай қыр соңынан, Сорғалап маңдай тері тамшылады.
Шектерден қашып бір кез қауіп кетті, Құлан күй енді қайда ауып кетті?
Қиялға мініп хан да шауып кетті. Елігіп айқай-сүрен əуендерге.
Мейлі күй, екпіндесе еру бермей, Шертілген мынау өзі шеру нендей? Жорығы ханзаданың шығар сірə, Көңілді жазып кетті серуендей.
Күй ме сол, жылжып көшсе керуендей? Аңқы күй, адырларға өріп желдей!
Жаны шат шабуылға, дүрбелеңге, Хан сондай ерен сазға ерігендей...
Көтеріп құйын оны əкеткендей, Сəйгүлік ақты қайда жетек бермей? Кеткенде долданып күй, састы күйші, Алдында құлан тулап, жер тепкендей.
Тұлпары жауды сезіп пысқырғандай, Саятшы қыран жауып құс қырғандай. Екі шек шегіншектеп безілдеді, Қамыстар сырнай тартып ысқырғандай.
Əлекке сорлы күйші түсті қандай? Қияға ұшты неге күшті жандай?
Шек көлін шағаладай сабаласа, Қанатын қара жерге құштырғандай.
Бармағын сəл бір сəтке бұрып қалды Күй сыңсып көл бетінде тұрып қалды. Шоқаңдап құлан келді қиялына, Ажалы ханзаданың ырықты алды.
Көзіне бұлдырады арда құлан, Күрсінді айырылғандай ардағынан. Тулап жүр асау шіркін қырда жүйткіп, Құтылмай ханзаданың қармағынан.
Əңгүдік хан баласы екіленген, Еліріп, көк долыға өкім берген. Құйындай құлан тулап қу жапанда, Құдиып қашқан қасқыр секілденген.
Далаңда ханның ұлы адақтаған, Асаудың қатерін де аңдатпаған. Кездесіп тағы құлан тобырына, Айнала болды бейне аң қаптаған.
Тістелеп əңгі айғыр бүйірінен, Құландар кісінескен үйірімен. Алақтап ханның ұлы жалын құшып, Асықтай ат үстінде иірілген.
Əңгімесі тағылардың аузын ашты, Саяққа адам мінген азу басты.
Садағын қалды соған сілтеп нөкер, Тимеді нысанаға, жазым басты.
Сұр жебе қадалғанда тілерсекке, Ат-құлан шыға қалды орғып шетке.
Құлындай дауысы шығып шұрқыраған Құтырған аңдай мөңкіп қарғып көкке.
Үйірін құландардың бықбырт басты, Бөріден бөрліккендей үркіп қашты.
Ақсаңдап ат-құланы арт жағында, Белеске аяқ қанын бүркіп қашты...
Содан соң не деп еді нөкерлері? Күйшінің үреймен сол бөгелгені. Кетіпті ханзаданы құлан жаншып, Өлігі елестеді белеңдегі.
Күйшінің көзі шығып шарасынан, Сескеніп жүрегі де аласұрған.
Күрсініп күймен баяу ырғалғанда, Саусақтық қан сезілді арасынан.
Кетірді сол бір сарын есін неге? Тылсымның енді сыры шешіле ме? Шешен күй шырқап кетсе ажал жырын, Жазықсыз жұмбақ тілі кесіле ме?
Қаһарлы қасын қағып хан қарады, Селк етті күйші, қолы жорғалады. Күй шіркін құл емес қой көгендеулі, Тасыған өзендей ғой арнадағы.
Жаңбырдай ексімдеген, еселеген, Тұсаудан ағытылды нөсер əуен. Құландай тулап шықты домбырадан, Долы күй, адуынды əсерменен.
Құдды күй асау мінді,
Артына қалдырғандай жасауылды. Бүйректей бүлкілдеді бармақтары, Екпіні көк дауылдай басар кімді?
Жошы емес, енді күйші хан секілді, Шек емес, шан тулатып аң секірді. Қу тиек қалтырады рақым тілеп, Телегей тасқындағы жан секілді.
Екі шек жын қаққандай безілдеді, Сəуегей шертер екен қазір нені? Жошы хан шошығандай дүбірінен, Үрей мен ашу қашты көзіндегі.
Сескеніп сүйенді хан асасына, Хан тағын асау құлан басасың ба? Тепкендей ақсақ құлан ақ орданы, Ханзада тығылғандай тасасына.
Ызамен шерлі күйші еркіндеген, Бебеуге басты, міне шертілмеген. Сынғандай басбармағы шек ыңырсып, Пернеден зар қағылды еңкілдеген.
Жаңбырдай сұрғылт бұлттан сорғалаған, Сарнау күй төгілгендей сары даладан.
Аттан сап аңыраған аза келді, Ордаға хан түнерген, сор қамаған.
Қабырдан үн шыққандай қараңғыда, Қыраны қайғы торға қамалды ма?
Жорғалап маңдайынан торғай тамшы, Күйші де алабұртты хан алдында.
Аза-мұң күңіреніп пернесінде, Ашылды ажал сұмның пердесі де. Жаралы қызғыш құстай күй шырылдап, Қадалды ханның шерлі кеудесіне.
Аһ! – деп хан, баласының сорын білді, Жел соқты, ағаш аса омырылды.
Тағынан хан құлады, өре тұрды, Өкіріп ордадағы обыр күллі.
Ханзада күйрегендей күй үзілді, Ордаға құрғыр шектер үйді зілді.
Оқ тиген жолбарыстай хан жұлқынып, Алтын тақ айбат шеккен үй бұзылды.
Күй емес, алдияр хан зар тыңдады, Сұм күйші шертті өлген жан туралы! Тымаға төнді солай жендеттері, Үстінде ақ алмастар жарқылдады.
Артында қалдырды да күй куəсін, Үнсіз ол селебеге иді басын.
Наркескен таянғанда тамағына,
Хан байқап, қағып қалды қырғи қасын.
Аюдай атып тұрды ыңыранып, Əп-сəтте хан қаһары ырық алып. Шарт етіп алдаспанға тиді қолы, Ашумен тікен түкті түрі жанып.
Сырылды айбатынан жендеттері, Ұсынды басын күйші, селк етпеді. Қағылар басы қазір ұмытты оны, Есінен еңіреген ел кетпеді.
Көзіне Елік жаны елестеді,
Соңғы рет қоштаспады, кеңеспеді. Дариға, мынау күйін жеткізгендей, Ордадан қырға неге жел еспеді?
Жан бар ма елер енді мұңды сөзін? Тағдырға иді басын, жұмды көзін. Қолынан домбырасын жұлды біреу, Қалдырып өлі жандай үнсіз өзін.
Біреудің қашалды ма əлде тісі? Кетті ме араласып ой мен түсі? Шекесі ойылды ма əлде кімнің, Қасында құшырланған қандай кісі?
Кекті хан кімнің басын кесіп жатыр? Өзі сау, жинағандай есін пақыр.
Қараса көзін ашып, хан семсермен, Шанағын домбыраның тесіп жатыр.
Аңырып нояндары қайран соған, Жошы еді талай елді ойрандаған. Қалайша бұл күйшінің басын қақпай, Семсері бұған неге қайралмаған?
Тиектің тұсын ойып кесіп алды, Хан неге домбырадан өшін алды? Өлімді кім естіртсе соның тілін, Кесемін деген сертін есіне алды.
«Сор күйші сөйлеген жоқ тілмен əсте, Ол емес, аза төккен күй емес пе?
Жел ауыз домбыраның көмейіне, Жендетім, қорғасын құй, тілін кес те!
Күйшіні босатыңдар, кетсін аулақ, Тағы да шерді төгер тентек саусақ, Жөнелсін күйін шертіп, қырға кетсін, Ұлымның қасіреті шектен саулап.
Қырамын, құландардың жоямын бəрін, Амалсыз жорығымнан аялдадым.
Əскермен аттанамын жапан дүзге, Садақты кезеніңдер, нояндарым!»
Хан солай əмір етті қан түкіріп, Əп-сəтте аулақ қырға ауды бүлік.
Ақырды: «Ұлдың кегін аламын» – деп, Арқада енді жұрттай аңды қырып.
V
Жайхұнның көп сарғайған жиегінде, Жетті ме жебеу болған күй еліне?
Құшақтап домбырасын Тыма келді, Сиынып күй-атаға, киеліге.
Қамырық еңсерді ме елін мүлде? Егіліп жүр ме жылап Елігі де?
Өзеннің жылау тұнған жағасына, Сағынып сабаз күйші келді, міне.
Хан емес, кегін оған қорқау кешті, Сол бір сəт, төнген қатер тарқап, өшті. Өлімі емес енді ханзаданың,
Еркін күй даласында дарқан есті.
Күй кезді жас төгілген жыраларды, Зар шыққан сұламаға Тыма барды. Аяу күй əлди қағып аймалады, Сəбилер шырылдаған тына қалды.
Жер шөлін қандырғандай жауын басып, Кеткендей жел тұманды жарып ашып.
Аналар босап құшты бөбектерін, Енесін тапты төлдер жамырасып.
Əулие, абыз күйдің құдіретімен, Шешілді қызыл тілдер күрметілген. Жайхұнның жағасында, кешке жақын, Жиналды жөңкілген жұрт қыр бетінен.
Жүректер жылынғандай кеткен мұздап, Көрісті күйшіменен күткен ұзақ.
Тəңірдің үні тербеп, үзілді ме Бұлбұлдың қанатынан тұтқан дұзақ.
Қыран күй, қанаттанып ұшарында, Кім екен, енген еркін құшағына? Асылды иығына ерке Елік, Егілген, елдей батып құса-мұңға.
Жары да, домбырадан киелі ме? Ұқсайды жүрегінің тиегіне.
Мінгізген құлан күйге сол емес пе, Тыма мəз, қайта-қайта сүйеді де...
Ойлады енді халық есі кірген,
Хан қалай босатты деп кешіріммен? Сиқырын домбыраның естігенде, Сүйді жұрт хан қашаған тесігінен.
Жайхұнның самалында жан сағынған Жауындай ая тапқан аңсарынан.
Тарт деп сол күйіңді ханды жеңген, Күйшінің сүйді халық саусағынан.
Қалжырап қалың бұлтқа ай батқанда, Түнекпен хан ордасын сай жапқанда, Əскердей шеру тартып жөнелді күй, Қаһарын шерлі жұрттың айдап ханға.
Қосылып күйдің сазын қурай қақты, Құба тал сол сарынды сырнайлатты. Нəлетін айтып ханға аза салған, Құландай елдің кегі тулай шапты...
Жошының қысымынан қақсап туған, Күй шықты ереуілді аңсап қырдан. Садақтай саусақ тиіп шерлі шекке, Жапанға жортып кетті «Асқақ Құлан».
Эпилог
Тəңір ғып дүлей күштің құдіретін, Өтті ме Жошы солай құрып өкім? Білер ең аталардың əуселесін, Ақтарсаң ашылмаған қырдың бетін.
Басынан талай қара бұлт ауған, Қария Хантауы мен Ұлытаудан. Көресің обалар мен ұраларды, Белгі боп қалған бізге бүлік жаудан.
Түсіріп еске сонау аза күнді, Обалар бөгер сенің назарыңды, Баяғы орлар бұлдыр аңыз айтып, Шежіре жырау тағы жазар жырды.
Үндесіп ұмытылған ел кешегі, Ұрадан күбір қағып жел еседі.
Көрсетіп обаны бір көне жырау, Кездескен жолаушымен кеңеседі...
Сонау күй жұрт жүрегін елжіреткен, Кетіпті ашындырып елді кекпен.
Жошының қарғыс айтып қаһарына, Бүлігін ел бұлқыныпты еркі кеткен.
Алуға ұлдың өшін аңды қырып, Қиянға аттаныпты хан құтырып. Құдиған құландарды қырамыз деп, Қалың қол садақ тартып, салды құрық.
Хан құлан оралсын деп аран құрған, Тоқтай ма құйындаса боран қырдан? Ұстатпай жон тағысы шаңынан да,
Сан жасақ қайтқан босқа қараң құмнан.
Ашумен хан əскерін жазғырыпты, Жұртына жасағандай аз бүлікті. Қуылған құлан сонда құласын деп, Жапанға ұзын орды қаздырыпты.
Қайран ел талықсыды орды қазып, Өр емес, өздеріне көрді қазып, Аңқасын алау қақтап, арыды жұрт, Құмына талай жанды көмді жазық.
Көрінбей құландардың шоқырағы, Жошы хан жортып қырда ақырады. Құлан бар деп естіпті қиян қақта, Аң толған қалың қопа атырабы.
Хан соған жалғыз өзі жөнеліпті, Артынан ізін қуып жел еріпті.
Жолынан Жошы қайтып келмеген соң, Жан-жаққа жасауылды жіберіпті.
Адасып ханның солай қарасынан, Нояндар қырды шарлап аласұрған. Ұлыңдай жоғалған хан жатыр өлі, Тауыпты қалың қамыс арасынан.
Кім екен, жаншып кеткен айдаһарды? Қалайша ойран болды хан қаһарлы? Жасырды жер де, жел де өлімді сол, Хан емес, обада бір қаңқа қалды.
Ұлысқа, арқадағы қылмыс таңған,
Жұрт соны жасырыпты Шыңғыс ханнан.
«Жошыны өлтіріпті батыр қыпшақ», –
Деп лебіз жеткен бізге жыл құстардан.
Ер шығар, кім болса да сол ашынған, Ел шығар, ашындырған сор ашудан. Күйшідей кекті қуған сабазды сол, Көтер жыр, көне құмның арасынан!
Бейнесін сол батырдың қала шыңға, Таңырқап тарих соған қарасын да. Шыңғысты тітіренткен кекшіл ата, Қалайша жыр болмайды даласында?
Жошыдан даламызда қалған мұра, Хантаудың төңірегі толған ұра.
Жасырған хан қаңқасын оба ғана, Белгі жоқ одан қалған; бəрі адыра...
Күй қалды, күйші тірі осы маңда, Құйындай қырда құлан жосығанда. Теңселтіп хан обасын жортады күй, Сабаздай садақ тартқан Жошы ханға...
Солай бір кəрі жырау шертті маған, Аңызды жер сақтаған, жұрт тыңдаған. Мүсірке мұңды сонау шежіреңді,
Бұл күнде қуанышқа, құтты далам!
КҮЙ АТАСЫ
Жауласқан тұрақ қайда хан мен ерте, Жөңкілген жортуылда кемеңгерге, Қаңбақтай жел айдаған соғып кетед Ай сайын күй аңсаған туған елге.
Кір жуып, кіндік кескен алтын жерге, Алыстан ат арытып келсе егерде, Кемпір-шал, қыз-келіншек, бозбалалар Шуласып көрісетін көрген жерде.
Байланып сүт пісірім ат белдеуге, Ардақты Құрманғазы шықса төрге, Екі шек бір жайлауды күйге бөлеп, Сөйлейтін бебеу қағып пернелер де.
Осындай жортуылда бір кезенде, Талма түс – ауыл тыныш мезгілінде, Үйіне қарт Нұрпейіс түсті Құрман Кетпекке күй ауысып күйшілерге.
Келген ел көрісуге сыймады үйге, Көз қадап, көптен кұлақ тіккен күйге.
«Құреке, кəне-кəне!» – деп шуласты, Жайғасып мұрша бермей сөйлесуге.
Халқының қалағанын емеурінге Қалдырсын қалай күйші кешеуілге.
Құлағын кəрі жолдас бұрап алып, Жол ашты желе жортып жөнелуге.
Айдынды аңсап ұшқан аққу шөлде, Жеткендей талып қанат жаңа келге. Тамылжып, тамшылап күй сұңқылдады Жүрегін тыңдаушының сүйреп өрге.
Домбыра үн шығарып келді тілге, Саусақтар жан бітірді күй серперге. Серігіп, серпілген жұрт тербетіліп, Боп қалды үдергендей күймен бірге.
- Азамат, бəрекелде, бəрекелде! Етпеген құмар халқын күйден кенде, –
Деп шалдар бас шайқасып, таңдай қағып. Отырып жер шұқысты көлеңкеде.
Үлкендер əңгіме ғып өткен жайды, Қынжылып еске алысты Исатайды. Майданды от түтеген кеңескенде Еріксіз уһілеп жұрт аһылайды.
Секілді Құрман жұлдыз көгіндегі, Халықтың бір қамқоры ол күндегі. Семсерін найзағайдай жарқылдатқан Басылмай ерлік оты кегіндегі.
Айтылып əртүрлі сөз əңгімелер,
Боп қалды тарқағандай бір ауыр шер. Жыршылар Махамбеттің жырын айтып, Қозғады оны дағы көз көргендер.
Ел сыры емін-еркін көп айтылып, Сөз бітіп басылмай-ақ кеңес тынып. Сырттағы жер ошақтан түсіп қазан, Мəжіліске араласты ет те кіріп.
Бар еді Нұрекеңнің кенже қызы, Балдырған онға жаңа толған кезі. Отырып үлкендердің сөзін тыңдау Айрықша балалардың бір мінезі.
Сұңғақ бой, сұлу бейне – бүлдіршіндей, Сым саусақ, көз ажары жанған күндей.
«Динажан, домбыра тарт!» – десе əкесі, Жорғадай жөнелетін бір іркілмей.
Сол Дина қарт күйшіден көз айырмай, Отырып күні бойы күйін тыңдай.
Күйшінің домбырасын ұстағанша Ынтықты, аласұрып іштен, тынбай.
Елемей əкесі де бұрынғыдай, Айналып əнгімеден мойын бұрмай, Алдында ұлы күйші көріне алмай Ашуы жас Динаның келмес мұндай.
Жабылып табақты жұрт меңгергенде, Бірі бас, бірі жамбас өңгергенде.
Сүйеулі домбыраны жайлап алып, Жіберді қағып-қағып Дина іргеде.
Қарасты жалт бұрылып отырған жұрт, Құрмандай өзгелер де болды жым-жырт.
Жорғалап саусақтары отты Дина Сынаптай ізге түскен кетті сырғып.
Деген сөз «Қайран шешем!» бебеу қақты, Ызалы үн қос шектен шықты қатты Сындырып темір бұғау кісен ашып,
«Адайды» арындатты – дауылдатты.
Өзендей «Сарыарқаны» сарқыратты,
«Ақбайды» безілдетті, қалтыратты. Күңіреніп «Көбік шашқан» үйге сыймай, Телміріп тындаушылар қатып қапты.
Күй шіркін неткен ащы, неткен тəтті, Жап-жас қыз халқын қалай таңырқатты! Өз күйін өзі тыңдап бұғып төмен, Құрман да күйдей терең ойға батты.
Күй тоқтап, көтергенде Құрман басты, Құшақтап көз жасымен сүйді жасты.
«Домбырам ата мұрам бердім, балам», Деп сонда Динаға сыр кілтін ашты:
«Домбырам, мұрам, ал балам! Мүлкім осы қалдырған.
Ұсынамын қолымнан Иелік ет балдырған!
Құрманғазы кім десе, Өмірін отқа шалдырған, Күйімді тарт күңрентіп, Тыңдаушысын қандырған. Домбырам менін ырғайды,
Екі шегі тынбайды-ау Пернелері қозғалып, Бұзылмайды, сынбайды, Аман болсан, Динажан, Сенімен бірге жырлайды. Серігің болсын домбырам, Қалған саған күй мұра Ұрпағым сенен тыңдайды! Перне сайын тілім бар, Екі шекте үнім бар, Ашуым бар, мұңым бар, Кейінгіге сырым бар.
Сақтай білсең, жан балам, Сенімен бірге жасарып, Жасай-тұғын түрім бар.
Қыс арылып жаз келіп, Жайнай-тұғын күн болар. Азап кетіп, бақ келіп, Қайнай-тұғын күн болар. Өмір орнап, өлімді Айдай-тұғын күн болар. Əн менен күй ағылып, Сайрай-тұғын күн болар, Домбыранын құлағын
Шын бұрайтын күй болар, Сонда сенен, Динажан, Ұрпағым келіп алдыңа:
- Атамыздың күйін тарт! – Деп сұрайтын күн болар. Жүрегім мен домбырам Қалды саған арнаулы.
Таптым жаңа иесін
Көп күйшіден таңдаулы.
Күнің, қалқам, алдыңда Туғалы тұр болжаулы. Ұрпақтарым кенелсін Риза болсын қартына, Жеткізе көр сол күнге. Домбырамды, толғауды!
Қалдырып домбырасын Дина жасқа, Тапсырып көп ішінде аманатқа.
Қоштасып қоршап тұрған кəрі, жаспен Қайтадан Құрманғазы отырды атқа.
Ер күйші сол кеткеннен кете барды, Талай қыр, талай белден өте барды. Құрмандай тыңдаушысын күйге белеп, Мұрагер – жас балапан Дина қалды.
Құрманды содан кейін көрмегендер, Күйіне көптен аңсап шөлдегендер. Іздеп кеп жас Динадан тарар болды Арқа, Сыр, Алатауда тұтасқан ел.
ҚҰРМАНҒАЗЫ
Арнау
Мұңдасы, көшкен елдің қиялдасы, Ал, тебірен, ақ сақалды күй атасы. Келеді сені тыңдап баяғыдан Өлкеңнің өзен, тауы, қия тасы.
Білмеймін, қанша жанға күйің дарып, Ашулы, ащы өзегін өтті жарып...
Білмеймін, «Сарыарқаңмен» қош айтысып, Қанша жан қабіріне кірді барып.
Келмейді оны ойлағым, баяулағым; Сен маған əр толқыны аяулы ағын. Тасимын тасқыныңмен бірге сенің, Келмейді ұзақ жолға жаяулағым.
Бір қызың мені туды толғасын деп, Адамның асыл жанын талғасын деп. Бұлыңғыр замандағы ата Құрман Жүрегін жүрегімен жалғасын деп.
Пролог орнына
Азғырда, Жалпақшағыл Жиделіде, (Жиделі əлі күнге дейді өлі де)
Кектеніп ол заманда құм қазағы, Сарнады сол арадан күй желі де.
Ол тұста саңлақ аттар сандалатын, Ізінде барымтаның қан қалатын.
Қайғыны əкесінен бала үйреніп, Жаралы жүрегі бар жан болатын.
Он бесте қыз зарлады шашын жайып, Қарақат көз шарасын жаспен шайып, Аулақта жігіт салған əн жылады – Махаббат күнде болды көзден ғайып.
«Қош» айтып айлы түнде əн жосылды, Əніне махаббаттың жел қосылды.
Түншығып түнде шолпы сылдырлары, Жарасы жас жүректің қатты осылды.
Білмеймін кім көргенін бақ пен құтты –
Еңбекті қарсы алдынан қайғы күтті. Жиіркенбей саптыаяққа құйып алып, Адамның ащы терін адам жұтты.
Дей ме екен ата-анадан жас қаламын, Жұт жылы жер қойнына тасталамын – Əйтеуір жаман еді жылағаны
Көрпеде көзін жүмған аш баланың.
Əлде осы тағдыр соққан «гүрзі» ме еді: Ізгі адам өз еңбегін кірсінеді.
Сыртынан қойшы үйінің тыңдасаң да, Түн бойы күрке бейне күрсінеді.
Өмірдің алдамшы еді жалтырағы... Білмейсің қайда екенін жан тұрағы; Болса да бүгін сендік, ертең бөтен, Жартасы туған жердің, жапырағы.
Бүгіннен онда жаман ертең еді; Жау тисе көресіңмен көр тең еді –
Адамнан Адам баққан жылқы безіп, Босағаң көз алдыңда өртенеді.
Айқассаң тонаушыңмен, жете салып, Қаныңа суытасың төсің малып, Жағасын жаңа тіккен шапаныңның Ақ құйын ат үстінен кетеді алып.
Болады жаның жерге құлағандай, Сиқыр жел өлі шашың сылағандай. Адасқан енесінен бозша бота,
Сен үшін қыр басында жылағандай.
- Сабады-ау, түйреп кетті-ау!
- Өлді білем!
- Өмірде сенен қалып не деп күлем?! Мұны айтып өлігіңе шешең құлап, Жылайды, бола алмайды дертке бұл ем.
Əр жұртта қалып елдің бір маңғазы, Жоқтады ойдан қысы, қырдан жазы. Осындай азасы көп күндер кешіп, Жанынан жалын төкті Құрманғазы...
Ақсақ киік
Жас мерген. Оны көктен көздеді күн. Елеусіз қашқан аңнан өзге бүгін.
Мінгені əлде құла, əлде торы, Жабудай жамылыпты өз көбігін.
Байқатып ат сабылар болар шағын Толқын жүр айналада: олар сағым. Жəй жатпай оппа құм да жануардың Қалады асап-асап толарсағын.
Белгісіз үлесіне не тұрғаны, Белгісіз қабағын не қатырғаны Ұқсайды тұғырдағы қаршығаға Тұнжырап ат үстінде отырғаны.
Əлде бір ашулы ма ниеті жатқа Əлде бір жаны ашима еркі жоққа?! Неліктен қаусырмалы жадағайды Кернейді екі иығы екі жаққа.
Терең көз, түкті қабақ, қалың ерін Айтпайды айдалаға не тілерін; Ұрланып кеуде ғана күрсінеді, Төге ме ыстық демі əлде шерін?..
Шалқайып шаңқай түсте сусар бөрік, Жалаңаш маңдайында жатыр керік, Өзімен қырға шықса қылт етеді,
Ақ мылтық арқасына болған серік.
Бұлаңдап түсе берді ойға Құрман, Сылдырлап айқыш жүген, айыл-тұрман.
Көсілді көз алдынан қырға киік, Деген ғой: «Ажалыма бетім бұрман!»
Далаптай екі бетін ыстық жалап, Үстіне үлкен мұрын тер домалап, Етектей орамалын тілесе де, Қозғалмай Құрман аңын тұр сығалап.
Кетсе де орғып алыс келте құйрық, Енді оған бұйырмады құмнан сүйрік. Ып-ыстық қолдауынан кірді барып, Өзіне бағышталған өлім жүйрік.
Ізінде қаны қалды, өзі қашып Барады бала киік қырдан асып; Неліктен аңшы жігіт бірге кетпей Бармағын иегіне тұрды басып?..
Алдынан көп түнеген келді биік, Бұл жолы аунамайды құмын сүйіп Жарасын қолтығына қатты қысып Шошиды аяғынан ақсақ киік.
Шошиды ақырғы рет ақсақ киік, Жас қияқ жарасына кетсе тиіп, Бишара жер бетінен құтылғанша Жүрегі бітті білем жанып, күйіп.
Ұзатты, құлдыратты құмның жазы, Бейбақтың осы-ақ шығар қылған назы!.. Сағымға бойын жуған жас киіктен
Əлі тұр көзін алмай Құрманғазы.
Қап! – дейді ол, неге атпадым құр далаға! Ақ жаным аямасам толғана ма?
Қимаймын оған бірақ көз жасымды, Жаралы жүрегі бар ол ғана ма?
Жоқ! Аттым, құшағымды қусырына, Кешірім сұрамаймын осыныма: Жаралы бала киік маған ұқсап, Қайғымды ішіп тұрмын сусыныма!
Жоқ!.. Heгe айдалаға қарап қырын, Дауыстап жүрегімнің айттым сырын?.. Қайдасың! He күйдесің, ақсақ киік, Жетем бе ажалыңнан саған бұрын?..
Бос шошып жараңды сен неге ұлғайттың?.. Мен неге меңіреу түзге мұңымды айттым?.. Қалдырып қасіретіңді өзің кетсең,
Мен қалай сапарымнан жалғыз қайттым?
Кел маған! Қарғамай кел! Түнейік бір. Сен өлмей, жүрегімде шоршы да жүр!.. Бұйырсын жайлауыңа менің жаным, Кел, менің құшағыма күй болып кір!
Мен сені табам іздеп; тілесең қаш! Айдаймын желге қарсы атымды аш. Ал, кеттім... мен осылай қатты шапсам, Ашылар, бəлкім, менің көңілім жас.
Қайдасың, ақсақ киік, не күйдесің?.. Қорқасың, безінесің, неге өйтесің? –
Мұны айтып қаты шапқан Құрманғазы Жалаңаш сүйдіреді желге төсін.
Атының ащы термен көзін жуып, Сағымнан жұтып қойса қайта туып, Үстінде кұстай ұшып жадағайы Кетті ол көз ұшына күйді қуып.
Келін жолы
Ерттеулі ен далада қос сəйгүлік, Құм шөбін құнығады аштай жұлып. Елсізде отыр Əуес, Құрманғазы,
Көзді көз, мың жолықса, қоштай күліп.
Жер адыр, аспан биік, кеңірек те, Төрінен тұрады нұр төгілед те.
Махаббат құшағына еніп алған Екеудің жұмысы жоқ төңіректе.
Құмарта құшақтайды үмітін жан, Азғырдың ыстық төсек-құмы тұнған. Екі жас – еркін тотай. Бұл сағатта Бұрнағы түн əлегі ұмытылған.
Сүйіспей ерін неден аянады?.. Бет қызыл ұятына боянады.
Түседі жер анаға дене құлап, Қарашық сөніп барып, оянады.
Тағы да еркетайға ер төнеді, Бетке бет тақалады, өртенеді.
Махаббат жалынына жүрек төзбей, Шаттықтың шарпуынан дерт өнеді.
- Аямай Ақбаяндай балапанын, Ыстықтай ішкен оның дала қанын! – Мұны айтса, қыз шошынып Құрмашының Бетіне басады ыстық алақанын.
- Қорықпа! Көріп алар, сірə, басым Тағдырдың даярлаған сыбағасын.
Ит болып жүре алмаймын тойған жерде, Ізімнен мейлі жауым сығаласын.
Қорықпа! Көріп алар, сірə, басым Тағдырдың даярлаған сыбағасын!.. Өлгенше өжет жаным дұға дейді Өнердің екі шекті құба ағашын.
Тарылтып қысалаңда дыбысымды Туғаннан cop азапты дін ұсынды. Тəңірім бұл жолы да бұқсын десе, Кеудемнен кайтып алсын дыбысымды.
...Ол солай жығылмады тəубесіне, Алмады «күпір болам» деуді есіне. Қараса, аянышты ақ маңдайын Қыз оның сүйеп қапты кеудесіне.
Тағы айтар таба алмады асқақ үнін; Ол сипап қара шашын жас жарының Алысқа, əлдеқайда көз жіберсе, Ілбиді баран атты, артта – құлын.
О да бір жас жігіт пе жиырмада, Ызамен шола ма екен қиырды о да? Əйтеуір шықты бастап жадау көшін Жүгі бар тайлағында, сиырда да.
Шашбауын қайта түзеп тағып Əуес, Қараса: қара белде тағы да көш.
Шөлдеген неше күндей ел секілді –
Адамы ескі жаңбыр қағына өш.
- Ел неге үрке қашты қойша құмнан!
- Қай ауыл?
- Кім біледі, қай шағылдан...
- Балықты батағадан дəмелі ме,
Болды екен Бозан суын кім сағынған?..
Білмекке Құрман, Əуес атқа мінді, Қалдырды аптап ыстық артқа күнді, Қос жүйрік алып жетті көш басына Лақтырып ауыздықтан ақ сабынды.
Жаңағы Бие мінген дөңестегі Карт екен, илікпейді кеңескелі. Еленіп түк демейді, естімей ме,
Əлде бір миы ауысқан емес пе еді?..
Сен оны қайғылы да қаралы дей Алмайсың. Қабағы бар қара дүлей. Ұйпалақ бет-аузы көк жабағы, Аларып қарағаны алады үрей.
Көзден бір төкпегендей жылап жасты, Күліп те көрмегендей сұр албасты.
Мынау кең дүниеге – сахараға Келгендей осы күйде түрі алғашқы.
- Ассалаумағалайқум!.. Үндемейсіз. Қалайша сəлем алмақ жөн демейсіз. Қарт ата, неге бізге қатал қарап, Ашылып бір тіл қатпай жол бөгейсіз?!
Қайтер ең аяулыңды алса дырау?.. Кінəм ба кəрі басын шалса қырау?.. Тағы да түк демейді, түк демейді, Аларып тек қарайды шал саңырау.
Жоқ! Мұның бекітпепті Тəңір аузын, Құлақта қалмаса да саңылау дым...
- Қайтпаймыз! Хан салығын ала қаштық! Айғайлап бар айтқаны саңыраудың.
Саңырау кете берді; қалды бұлар, Жабырқау енді, көздің алды мұнар. Екі жас Жиделіге бет түзеді, Тəдбірлі маңдайында хандығы бар.
Қиялдан Құрман нені ізденеді? Шаттығын неге ғана үзген еді? Білсеші қатарында қарай-қарай Қара көз жаңа сүйген қыз келеді!
Ұзатты бұлар елдің көшін нендей, Құрманға енді жұмбақ шешілгендей, Ойласа қаңғып үнсіз ет жүрегі Қатыбас шал кінəсін кешіргендей:
- Кім білген, мекен етіп зынданды да, Бейшара бір жылдары жынданды ма?.. Əлде ол өз бетінен əсте қайтпай, Қасарып өскеніне жүлде алды ма?
Жоқ, əлде ұқтыра алмай ешбіреуге Тас берік жабылды ма ескі кеуде? – Құлағын өз қолынан бекітті ме Жердегі көп бұйрықты естімеуге?..
Жұтты ол бəлкім ащы тіл уын да... Болжауым оны мазақ қылуым ба?.. Білем мен: адам оны ашындырған, Көзінің тартып алған жылуын да.
Мұнша көп ұқтырады дала бүгін Адамның жан түкпірі алалығын. Өзгенің несі барын түсінбейтін Өттің-ау, қайран аппақ балалығым!..
«Балалық, балалық!» деп дауыстады, Əлгі бір ойды Құрман тауысқалы.
Қылықты қыз алдында енді ғана Ол өзін бір тəкаппар тау ұстады.
Су да жоқ суыттықта, қанша сайда, Қысаңда қыздың шөлі қанса пайда: Еңкейіп екіндіде ат үстінен Қарақат жұлып берді Қалқатайға.
Жол ұзақ жортуылда ат сабылтты, Оранып күн де батты ақша бұлтты.
Ай еркін көк жүзінде көлеңкесіз, Қайтсін ол хандығыңды, патшалықты?!
Онда жоқ ыза-кек те, бұрқасын да, Ол ерке жұлдыздардың ортасында. Босқындар жерде ғана жатыр түнеп, Жылт еткен оттарынан қорқасың да.
Сот алдында
Сүйекпен нақышталған əр қапталы Ақбайдың ағаш үйі нар қақпалы.
Бай, болыс барша жұртты шақырыпты Осында «күпірлерді» қарғатқалы.
Əлек боп шабармандар шұғыл іспен, Танған жоқ таң атқалы жүгірістен.
Келген жұрт кең сарайға əрең сыйып, Еденде елу қатар жүгініскен.
Биікте бір қанатта тақуалар, Үкімін іштей отыр оқып олар; Адамның ажалы мен азабына, Əзелден өздерінше пəк куəлар.
Діншілдер ортасында қажы Дөңбай, Жаны шат бір адам жоқ казір ондай, – Дегендей: «Он артынан жүзді беріп, Сот аузын сатып алсам, қазынам бай!»
Олардың ашық жатыр көк құраны... Ортада түсі суық сот құрамы;
Төменде ел сабырсыз гуілдесе, Сот күміс қоңырауын соқтырады.
Солардан арғы төрде, кеңшілікте Киіп ап пенснесін кеңсірікке, Ақбаев Əбубəкір отыр оғаш,
Қарай ма қалың жұртқа кемсініп те?..
Кім білген, жандар үшін сорлы маңдай Бүгін ол күтіп отыр сырды қандай?..
Аузынан шыққан шылым түтіні де Сумаңдап жөнеледі сұр жыландай.
Отыр ма сайлаудағы антын бұзып, Арам ой ағысына малтып, жүзіп?.. Қатал ол... Жарқылдайды жалғыз ғана Аққұба саусағынан алтын жүзік.
Ал, міне, үнсіз-тілсіз ғарыптықпен
«Күнəкар» жандар келді халық күткен. Ешқайда карамайды, осы өмірден Адамдай ақ көңілі қалып біткен.
Бұл сəтте аш-арықтан əлді ажырап, – Қобалжып арттағы жұрт алды азырақ. Екі ұлын Сағырбайдың мылтықтылар Айдап кеп отырғызды алға жырақ.
Жауапты жалғыз рет ыршығалы Байғазы қырын қарап қырсығады. Тентектің барлық ойы: «Өлтірерде Жанымды əзер болса бір сығады!»
Ал, сонау Құрманғазы: «Ерікпен мен Келдім, – деп отырғандай, – зеріккеннен», – Үкіммен, үреймен де жұмысы жоқ, Мегзейді қиялға жол беріп кеңнен.
Дегендей зұлымдарға: «Жасты мүшкіл Жазала, кұмардан шық, қастық, іс қыл!. Жүзінен қаны қашып, қалыпты тек Қара сұр миығында ащы мысқыл.
...Қонырау əр денені пысықтырды; Тақымнан қалды біреу қысып бірді, – Атынан ақ патшаның, «ғаділдіктің» Ақсақ сот шойнаң етіп ұшып тұрды.
Елдегі шабысуды, атысуды Қоздырған ақсақ Əбіл аты шулы, Түйені түгіменен тағы жұтып, Бүгін де аямасқа ант ішулі.
Ел одан не жақсылық етер үміт, – Өз жарын өзі өлтірген екені ұмыт. Сөйлесе ақ кірпідей дүрдиеді, Астынан танауының екі елі мұрт.
Оны əсте «елдің дəмі, тұзы ұрмаған, Сыйлаған Тəңір осы құзырды оған». Аузында бүгін міне: – Екі сотқар Жылқы алып, бейуақытта қыз ұрлаған
Киелі қажыны да мазақтаған, Тартқызып қартайғанда азапты оған...
Адасқан екі пенде тағы-тағы Кінəны мойынына аз артпаған.
Əбіл : (Байғазыға қарап)
Жалған сөздің арты cop, яки қатты... Жасырмай паш қылып айт ақиқатты. Аяққа жығылғанға мүсіркеу бар, Абайла!.. Азат ғұмыр бақи тəтті.
Байғазы :
Бəндедей өз кінəсы бəрінен де аз, Толғайды тіпті мұқым əріден саз, – Адалға зұлым рас тағзым етсе, Сен жығыл аяғыма, кəрі жемпаз!
Жоқ сенде адалдықтан түйір қан да, Жетіксің жетім жанын сиырғанда. Старшин, хажы-қалпе, өзің барда Өзгеге азат ғұмыр бұйырған ба?! – Ал, менің қылмысым жоқ.
Дөңбай :
Уа, лағнат! Сауысқан сары қыста ала қанат?.. Таратып ақ малымды балықшыға,
Сен қылдың мені мынау далаға мат. Көргем жоқ нақ өзіңдей құлда сұмды, Күйдірер Құдай сенің қу басыңды!
Байғазы :
Ал, менің арғы-бергі зəузатыммен Өзімнің ащы терім құмға сіңді... Кім бəсе, қайда бəсе, көп сауысқан Тірідей қан-сөлімді жеп тауысқан?!
Жемтікке құзғын сендей құнығар ма?! Құл еттің. Жаның, сірə, мұны ұғар ма? Ақымды сонда сенен əпермеген Кұдайдың əкесінің құны бар ма?
Апырау, мұнша қылмыс ас батыра ма, Десең де: «Үсте тұр Алла, аста тұр Алла Ақ пейіл пақырлардан садаға кет!
Т а қ у а лар :
Анық бұл күпір болды, астапыралла!
Байғазы :
Мекендеп ішін сонау Қой-үңгірдің, Екі күн сауық-сайран, ойын құрдым, Ол рас: малым текке кетпесін деп, Апарып аш-арықты тойындырдым.
Хабарсыз одан менің туыстарым, Білмейді қайда қандай, қуыс барын... Ол үшін Сағырбайдың ұрпағына Демессің: «Түгеліңмен у іш бəрің»
Əбіл :
Тақ, тақ-с!.. Тас қамауға апар да, жап Күтіп тұр мұны кəміл «сапар», ғазап... Ал, мырза, Құрманғазы, сізге бола Қалайша ар-ұятын сатар қазақ?..
Есерге ел жылқысын тонаттыңыз, Бір сізден өндіреміз он атты біз... Қалайша баска біреу қалыңдығын Ұрлап ап, жүрегінен оны аттыңыз?..
...Мынаусы батты білем жауға тым-ақ Біреуге біреу сөзін жалғатып ап, Айғай-шу арасынан қисабы жоқ Аспанға лақтырылды жалба тымақ.
Азғырдың арық-бақа көк кедейін Көремісің?.. Кеуде толы кек пе дейім, Қорғаштап сонау тұтқын сұр жігітті, Даңғаза басылмады көпке дейін.
С ө з д е р і :
- Статьяңды ап көрелік!.. Етпесең ғаділеттік, ақ төрелік
Жарлы мен жақыбайдың ортасынан Сəйгүлік он арғымақ ат берелік.
- Күнəсыз күйдірмеңдер ақ баланы, Бойда бар өнері мен бақ-таланы.
- Саламат жаннан сауал алынбасын!
- Ақталсын Құрманғазы!
- Ақталады!
- Буынсыз жерге пышақ ұрындық па?..
- Біз келдік ақ сары бас ырым қып та...
...Ақбаев енді ғана мына сөзін Шалқалап жатып айтты орындықта:
- Асылан, алар деймін бұл сипатта Ғаділ сот ел талабын илтифатқа.
Ал, сізге, Сағырбайыш, айтарымыз: Сауғасыз кеткен қызды қайтарыңыз!.. Қойынға жасын төгіп қарғай-тұғын Жаны қас жалған жүрек қай парыңыз?..
Қыз жетер: фəни де – қыз, жұмақ та – қыз Қиянат-қилап істен жырақтаңыз.
Мал беріп, бата қылған бар деседі, Пақырдың жігітін де жылатпаңыз.
Жатпай ма һəмəн келін-кепшік өліп? – He қажет қатын үшін кекті болып? – Айлакер Ақбаевтың бұл «ақылын» Күтпеген өзге бір іс кетті бөліп:
- Құдай-ау, түлкі ме еді төре деген,
Түн қатып тиын-тышқан тере жеген?! – Мұны айтып ақ шарқатты асыл Əуес Шашылып ішке түсті терезеден.
Қаларын, ғайып болып жоғаларын Біле алмай, əлгі діншіл ағаларын,
«Ақ сайтан», «ақ сайтандап», «сүбіхандап»,
Ұстады бəрі бірдей жағаларын.
Ашынған есіл Əуес ентігеді – Қашан ол соңынан сөз ертіп еді? Түтіккен... Бүгін оның ажарына Еш біреу отырған жоқ елтігелі, –
Аяйды қара қазақ, сұғынбайды, Жан лебін жанарынан сығымдайды. Кұсталы Құрманғазы енді ғана
Жарқ етті. – Мəнісін жұрт ұғынбайды, –
Ол сезді жаладан жар ақталмағын, Ек алғаш ашу-кегін ақтармағын...
Уа, ғажап!.. Манаш қызы ұстарадай Тісімен тілді өзінің ақ бармағын.
Кім көрген бұдан өжет қалыңдықты:
- Ең таза неке су – деп, қанын жұтты. Қадалып бай-болысқа, судьяға, Қаратты бір өзіне қалың жұртты.
Оқушым! Нені көрдік ақырында?.. Жаны тұр шыға жаздап алқымында!.. Сескенбей қазақ кызы қан ішер деп Əзелден ойлаған жоқ ақының да.
Əу е с :
Ақбаев, старшина құдіретті Жаныма жазылмастай құзыр екті. Мен одан айдалаға ала қаштым, Бір ғана махаббатқа күл жүректі.
Ал, мені жазғырсаңдар кінəм осы-ақ, Бұйырмас дедім маған сірə қосақ.
Ақбаев қолқалаған жүрегімді
Аш бөрі қойсын дедім бір-ақ асап.
Ақ бетім тоятына жараса шын, Құзғын да болсын дедім арашашым.
Жан-жаққа желмен кетіп, шырмауыққа Оралып қалсын дедім қара шашым.
Əкетті солай намыс ертіп алға, – He дерсіз өлімге де еркі барға?! Жақсылық көре алмаса екі көзді Таласып жесін дедім екі қарға.
...Өлмедім... Хордың қызы өзім екен, Бақшам бар сайрандасам өзіме кең. Жаралған бір мен үшін жалғыз Тəңір, Көрінем періште мен өзіңе тең.
Міне ол – Тəңірім мені өлтірмейтін! Əбеке, пендең емес ол кірлейтін!
Соттама!.. Күн тұтылса қорқа-тұғын Бабаңның көз алдыңа келтір кейпін!..
He сұмдық оған үкім кесті дейтін?! Құдай жоқ Құрман сазын естімейтін, – Өлгенше өнерді сүй!.. Маң далада Құлазып қалады ертең ескі бейтің!
Ұғып ал! Қайғысынан бір басының Жынданған шағы деме ұрғашының! – Өжет жар осыны айтып, тəлтіректеп Ұмтылды құшағына Құрмашының.
Қым-қуыт көтерілді елдің үні, Еш біреу тыңдар емес ендігіні.
Қалшылдап ақсақ Əбіл құлап кетті, Табады қояншыққа емді кімі?
Үрейлі тақуалар үшкіреді, Қазірет қағаз езіп іштіреді.
Құлпырған Құрман ғана, мынау даң-дүң Айғайдан санаға бір күш кіреді.
Көздері бал-бұл жанып, күлімдейді. Елестеп өлген əке «ұлым»! – дейді...
Күн бейне күркірейді... Ат дүбірі... Арғысы құлағына ілінбейді.
Мылтық та енді мүлде еленбейді, Бұл ғана өз-өзінен елендейді.
Білегін қайта-қайта жалаңаштап, Белгісіз бір сарынға ерем дейді.
Құстаның қара бұлтын таратқалы, Ол бір сəт бері аттады, əрі аттады. Ел, кенет мылтықтыдан ажыратып, Тұтқынды алды-артына қаратпады.
- Ақталдың?
- Өнер ұлы, азат болдың!
- Үкімі кесілген жоқ азап-сордың! Сүйінші! Қасиетің арқасында Тағдырдың тауқыметін аз-ақ көрдің.
- Əбілді Құдай өзі талықсытты, Қабағын аруақтар анық шытты! – Жұрт солай шуылдасып, жамырасып, Боздағын бостандыға алып шықты.
Құрманның үлесіне жақсы ат тиіп, Жалына қолы жетті. Мақсат биік... Сағырбай ұрпақтары аттанарда Естілді ел ішінен «Ақсақ киік».
Соқыр шал отыр оны безектетіп, Жəне де бір жас ұлан өжет кетіп, Бабадан қалыспайды, осынау күй Барады оттан ыстық өзекті өтіп.
Кеудеге жатыр сарын жылап кіріп, Құрман да өз күйіне құлақ түріп Шошиды; арман-қиял зымырайды Жаралы жас киіктей құлап тұрып.
Асыл жан нұр сəулелі, шұғылалы Жеткен жоқ биігіне шығып əлі – Заулайды... Екпінінен безек қағып Жел-құйын əлдеқайда шығынады?!
Екпіннен əлі қанша жел еседі? Қанша жыл қайран дыбыс ілеседі?.. Үн кетіп, бір төбеде өзің қалсаң, Олжалап оны кімдер үлеседі?..
Жоқ, оны тонай алмас жендетің де! Құяды ол Еділ, Жайық, Жемге, түнде... Шырқайды таң атарда кең аспанда, Күймейді өкпесі де жер бетінде!..
Күй боздар айт күні де, күзем күні, Кіндігін кіші пенде үзер күні...
Осынау бір қиялда ат үстінде Шіренді Құрманғазы үзеңгіні.
Құтқару
Отыр Алқа баяғы налып елде; Өзі болған бүгін бір бəлігер де: Құмалақтай ұсақ тас түрлі-түсті Алашаға шашылған бəрі жерде.
- Əне, – дейді ол, – шаңдары ұйысқалы Бүлгін-бүлгін жолдардың қиысқаны...
Екі жүрек күптігей, маңдай ашық, Я, сəт!.. Берік жатыр құйысқаны.
Бос сөзге ана неге зерікпейді,
Болжайды: «дарқаншылық», «ерік» – дейді. Себеп бар: жөпелдемде жүріс салған Керемет кеше тағы бір іс болған.
Адайда Құрманғазы үш күн жатып, Шаттығын қайта көзден ұшқындатып. Ауылға сері-салтаң келе қалса
Үйі тұр кіре алмастай ешкім батып.
Саралқа есік ашпай зіркілдеді,
«Аулақ, кет, маған өлім – бір күн!» – деді. Өз балам келіп тұр деп ойлаған жоқ, Құдайды, пайғамбарды құр тілдеді.
- Сен – деді,
- Бұйыртпаған ерді жарға, Ашпаймын есігімді ел бұзарға.. Өз атын сан қайталап Құрманғазы Шам-намаз шамасында енді зорға.
Ақ шеше сарғайыпты, сағыныпты. Құрман соның қажыған шағын ұқты Босатпай құшағынан ол сағатта Бұлайша батыр ана шағыныпты:
- Құрманжан! Ойда-қырда жау есірді. Кəззаптан ала алмадың-ау өшіңді!
Қашқынның қатыны деп ұстап кетті Алты əскер қазақ-орыс Əуесіңді.
Еденді қазды түге – саз үйілді, Тінткізді Ақбаев пен қажы үйіңді. Айуандар абақтыға бесігімен Алты айлық алып кетті Қазиыңды.
- He дейді?! Ыстық тамшы жуып бетті. Серінің миығында суып, кепті.
Ақыр ол сабыр тілеп анасынан, Соңынан сүйіктінің суыт кетті.
Сол себеп жайып тастап алашаны, Тынымсыз Алқа бүгін бал ашады. Оны қой, оқушы дос!.. Көрсең, міне Жеткен жоқ отрядқа баласы əлі.
Жеткен жоқ сынасарға батыр түлек, Отряд жер ортада жатыр түнеп.
Төңірек желкем; аспан тас қараңғы. Ақселеу теңселіп тек шаш таранды. Сұлаған сақшы бала өлі жандай.
Өзгелер масахана басқа оранды.
Законның мұнша қатал кесігіне Көндігіп, кештен бері есі кіре, Əскерден сайға жуық Əуес отыр Асылып сəбиінің бесігіне.
Үстіне, басына да қара салған, Бір уыс ару тұрқы аласарған.
Жып-жылы жас бауырын бүлкілдетіп Ақырын ақ мамасын бала сорған.
...Қайтеді, көнеді де қырсығына... Тығылған тығыз бұлтқа нұр-шұғыла. Шөп басы қаптаған бір адамдай-ақ Алыста, жақында да тұр сұғына.
«Я, сəт!.. Көкірекке жан тұрақта!.. Құрмашым көріп бұғып, жатыр-ақ па?! Бұлайша сергек сұлу елеңдейді Ақырын жаңбыр тисе жапыраққа.
Уа, менің Шалқу деген досым қайда?! Ол шіркін келуші еді осындайда.
Ол шіркін киіп-жарып жөнелетін
He тұрсын маған десе шошынбай да.
Бір шабыт келді міне, безектеді, Өлеңді қоя тұр деп кезектегі, Ал енді, біразырақ айтып алам Ол берген езге сөзді өзектегі.
Білесін, суға кетсең тұншығасың Тіршілік умітінен тұл шығасың. Ақырғы минутында қарсыласпай Толқынға тойып болып тыншығасың.
Демейсің енді жаның толғанады, Нысапсыз бірінші рет шел қанады. Жоғалып су түбіне единица, Шымырлап батқан жерде ноль қалады.
Тереңнің құшақтайсың құмы, тасын, Өмірден көргеніңді ұмытасың.
Ешкімнен медет тілеп, жалынбайсың, Қөңілін кейінгінің суытасың...
Ал, бірақ, арпалыста соған дейін Айтарың: «Өмірге əлі соғам дейім» – Ойыңнан жоғалады өзің кетіп,
Тірі деп, атамаса қоғам кейін.
Жарыққа, ауаға да талпынасың,
«Тұр ма, деп, ішілмеген, бəлкім, асың» Дененді қараңғыдан ала қашып, Тұныққа батып-шығып алқынасың.
Ол сəтте жапырағын су ысырған Тал-бұтақ саған жақын туысыңнан, Қармайсың – үзіледі; соны мəңгі Шығармай əкетесің уысыңнан.
Осы да дүниенін бір мысалы – Əркім-ақ азаттыққа тырмысады. Ал, енді оралайық отрядқа,
Əлгі бір қараңғыда тұрмыз əлі.
Əуесті соңғы үміттің қысты кезі, Лапылдап күйіп-жанған ыстық өзі. Ақырын түкпіріне алар ма деп, Түнерген терең сайға түсті көзі.
Апыр-ау! Мынау сайда табысқалы Тұрғандай құрбы-құрдас, таныстары. Көзіне көрінеді жылы ұшырап Жыңғылдың, тобылғының тал ұштары.
Аңдаса зердесімен ақырындап, Əлгі жер əлденені жатыр ымдап: Осынау салалы бір сайға түсіп Ойнаған баяғыда жасырынбақ.
Алысқа а көжектей шығынғалы Есінде жүгіргені, жығылғаны; Қызарып қызғалдақтай орамалы Ақ изен арасына тығылғаны.
Алдынан құмай тазы аң қашқаны Секілді жалтарғаны, алдасқаны. Алаңқай аңқау бала Құрманғазы Бір сəтте бұққан қыздан адасқаны.
Асырған Əуес одан бір амалын Қалдырып шырмауыққа орамалын, Шүйілген асыл-аңғал соған-дағы Бүркіттей алтайыны соғардағы.
Тасада қарап жатпай қытық жаны, Əуестің тағы да бір қылтиғаны; Ауыртты қолға түсіп ақ білегін... Қызық кой қыз еріні, бұлтиғаны...
Алдында алма беті өртше қызып, Қыз көзін қырсықтана сүртсе қызық. Тисе ғой соның аппақ алақаны Жағына «жазықтының» шырт дегізіп.
Тиіссе, қыз сырыңа бір қаныға, Бөтенге соның жаны бұрғаны ма?.. Тағы да Құрманғазы жағын тосты Еркенің екінші рет ұрғанына.
Ол алғаш осы орында өпті бетті, Дариға, сол күндері өтті-кетті!..
Махаббат ақырында торға түсті, Несіне Тəңір соны өткір етті?!
Қараңғы бүгін көрсем бүкіл аймақ; Өмірдің қызығымен біттім ойнап. (Осылай меңдегенде жан құзыры Жағада пайда болды жалғыз ұры).
Əне, ол тобылғының ішінде.
He себепті?.. Атып кетпек үшін бе?.. Жо-жоқ... Бөркін көтеріп шақырады.
Кісім бе?.. Уа, Жасаған, өңім бе, түсім бе?..
Жансақ ə?.. Қайда?.. Жо-жоқ... Сайда шын анық. Мазасызданып,
Аттар шайнайды ауыздығын.
Ал, ұйықта түге, жауыз, бүгін!.. –
Міне мен ұрландым. Бір лəм-мим деместен
Ғайып боп жоғалам қазір. Қазір... Міне, қазір...
Күзеттің ұйқтағаны азырақтай, Таң да тұр көкжиектен əзір атпай... Ақырын Əуес алды бесіктегі Қазиын ақ мамадан ажыратпай.
Ұқпады, жүрек тулап басылды ма?.. Шешінді; қапияда тəсіл бұ да:
Бір сəтте қара шапан ақ бесікке Адамдай қала берді асылды да.
Жүріске түйе малы көнді баста-ақ, Ол ертең тағы талай құмды баспақ; Жаңылмай жайбарақат күйісінен Жалғыз-ақ ояу қалды қомды қоспақ.
Қараңдап алыс кетті қашқын ана. Кім білер, тағдыр оған қас қыла ма? Ол əне, дене суып, жан қызына, Елеңдеп жетті сайдың жар-құзына; Қосылды үн шығармай өзі барып Əлгі бір бейуақыттың жалғызына.
Ол барды дəме қылып қосағынан, Жасқанып жат біреудің пышағынан. Əнеки, арыстандай үлкен дене Баланы жұлып алды құшағынан.
Я, сəт, құндағында тыншыққалы
«Шыр еткен» бала қайтып үн шықпады. Əйел де тартылды бір магниттей
Түк демей, бауырында тұншыққалы.
«Оянып бəлкім күзет қаранды ма?» Мұндайда өшіресің қараңды да...
Зым-зия... Дүбірледі бір-ақ рет Аттары сай түбінде қараңғыда...
Ұстаз
Жансыздар ел ішінде алды нұсқау – Қашқынды қайда жүрсе аңдып ұстау... Есігі, терезесі алаң-ашық
Қаңырап Жиделіде қалды қыстау.
Көнеріп ата-мекен тозар асыл, Оған да басқа түссе төзе аласың. Азғырдан нағашыға асты Құрман, Ұрлап ап өз əйелін, өз анасын.
Бітелген əлдеқашан кеткен ізі, Неше бір аударылды айдың жүзі. Астыртын ел ішінде Құрман, Əуес Атанған бай баласы, байдың қызы.
Бұл кезде Құрманғазы қалаша паң Киінген; паңдығынан парасат ал... Бөрібай атаныпты бөтен елде Жебелі қара мұртты, қара сақал.
Сұрасаң арғы түбі аға сойдан, Негізі Беріш ұлы ағатайдан. Тигенше сөз кезеңі жиын-тойда Айықпай отырады сағат ойдан.
Жырау боп тыңдатыпты санға жырын Үстінде сары қымыз, cap қазының.
Жалпыға паш қылыпты хикаясын Жаужүрек Исатайдың сарбазының
Заузада құрбан айттың құрметіне, Орданың отау тігіп қыр бетіне,
Қыз-қылаң, жігіт-желең оған айтты:
«Сауықпен, сал Бөрібай бірге түне».
Ал, соның ызы-шуын айтам бөліп: Кермеде не бір тентек шайпан көлік.
«Айгөлек», «Соқыр теке», «Алты бақан Іңірде жатыр дерсің шайтан қонып.
Түн ғажап; көк түбінде көз адасқан, Ай жақтан ақ жібегін созады аспан. Тал-шілік ортасында от жарқылдап Сұлудың қанша бірі қазан асқан.
Сарнатып отыр тағы сабаз ұлан, Қобыздың қолын алмай сағасынан; Алысып бел-жігітпен бесті қымыз Тасиды тай терісі – сабасынан.
Ебдейсек ересектер тасығалы, Шараны шайқап ұстап асығады. Дүйім жұрт көп күтеді Бөрібайды, Түскен жоқ соңғы белден асып əлі.
Көр, əні, делбешілер көк арбаның Қос күрең арғымағын доғарғанын. Күймеден жаңа шықты оқығандар Бір солар əкелгендей көп арманын.
Смычок қолдарында, лағыл сырнай... Шешпейді фрактарын жалындырмай. Ақ қолғап, сақал-мұртсыз жас төрелер Жартыкеш өсіріпті жағын қырмай.
Ішінде біреуі бар, салы білем – Қошемет көрсетеді халық үнем; Азырақ айтқызалық сырды осыған Салғызып самал жақка қалы кілем.
Ол түнде ставкада кеш жатқасын, Зəңгіген отыр бүгін ұстап басын. Қаңқу сөз шықпасын деп хан орданың Тас берік жапқызыпты іш қақпасын.
Ұстамақ сөз болыпты дұшпандарды – Қайдағы өңкей қашқан-пысқандарды. Астрахань, Оренбург, Питерден де Барханға солар талай тұстан барды.
- Ох, и бір қазақ көрдім сүгіреттен. Сол менің түні бойы сұғым өткен. Қағазда қашқан дейді қатыны да Ізінен дыбыс бермей сыбыр еткен.
Сүгірет – тоятына төнгір əлі
Мұз балақ секілді бір дөң қыраны. Қамауда қалмақтарға, орысқа да Тамаша тартқан дейді домбыраны.
Қашыпты, жолығыпты салон – бақта Қалмақтың протестанты Саранжапқа
«Не кричи, не шуми» күйін тартып, Сабапты урядникті паром жақта.
Сүгірет қандай?.. Жо-жоқ, ол қыран емес, Береді қорқынышты бір аң елес.
Көк сүңгі – кірпіктері көзі жемпаз, Тұла бойы шырт-шатақ, брань, егес...
Қарады оған қанша тақсыр ұлық, Жүздері шамға таман лап бұрылып.
Жүдə мол жүріп алды сол сүгірет Жағалай қолдан қолға лақтырылып.
Біздің жаққа келулі бөрің қашып, Үштағаннан қалың құм төрін асып. Мағлұмдайды волостной Əбубəкір Ақбаевыш Ақбаев мөрін басып.
Дəптеріне қашқынның түртіп атын, Савельев ұнатты түр-сипатын.
Ол питерлік журналист, ақын мырза, Қайдам, қалай аударды ілтифатын?..
Бунтарі деп оны бір Жайық, Нарын, Көп оқыды қағаздың жайып бəрін. Сүгіретті түсірді сүгіретке,
Жазып алды жаңағы жайттарын.
«Аян оның себебі бір Тəңірге, Қын емес... Бағынады жұрт əмірге. Бұғау керек бұзыққа. Ал бейкүнə Жақсыларға хұрмəтлу орта бірге».
Жас төре өткен түнгі мəжілісті Паш қылды; алқа-қотан əзіл үсті Сапырып салқындағы cap қымызды Даладай дастарқанын жазып ішті.
Қыз белін төрелердің қолы қысты; Ақ күміс бокалдар да жолығысты. Тасыған құйрық-бауыр даяшылар Табаны жерге тимей өліп-ұшты.
Бір шоғыр төңірегі балдыз-жезде, Бөрібай келіп жетті осы кезде..
Жұмсады бəйіктерді сонадайдан
«Атының басын ұста!» – десіп өзге.
Біреулер құшып соны өпті білем; Халықтың көз тұнады көптігінен. Жаңағы жантайысқан жас төрелер Сəлемге көтерілді көпшігінен.
Сал бөрі рыцарьдың жолын қуған Былғары деңбітпенен белін буған; Жарылып ортасынан жол береді Ынтығы басылмаған елі думан.
Жоқ оның награда-шен төсінде,
Жоқ оның жерден шалғай шет есінде; Өңірі жарқылдаған алтын түйме, Қалпағы қара мақпал шекесінде.
Манаурап жұмылады кəзі мүлде, Білмейсің, сені қалай сезуін де; Қолында бос ойнаған ақ трость, Ұп-ұзын темекісі езуінде.
Құп алды аяғынан тік тұрып ел, Төселді тағы да бір түкті кілем. Кім ойлар осыны да күні кеше Түрменің қашыпты деп түкпірінен.
Беймағлұм ішкі сыры əлеміне Еркелік көрсетеді сал еліне;
Сал ізет білдіреді салқын ғана Бас иген төрелердің сəлеміне.
Қоршады өнерпаздар тығыз мұны Күйелтіп домбыраны, сыбызғыны. Еліктеп құдіретті иесіне
Қозғалы отыр енді қобыз жыны.
Оларсыз мұң-шеріңе тарқам бар ма – Күй-қуат «сайтаным бар, арқам барға...» Ақ қылаң ай жарығы жетпеген соң Аспалы шам байланды арқандарға.
Нұр-сəуле шашырады тербетіле, Жұрт құмар Бөрібайдың келбетіне. Қолымен отты көзін көлеңкелеп, Тəкаббар ол қарады ел бетіне.
Байқады: кім нəрегей, кім бағылан – Болғандай кім бəйтерек, кім бағыбан. Шəкірті шешіп берді домбырасын Сақтиян əшекейлі құндағынан.
- Уау! – деп ол бір қозғалды сөз басында; Тыншыта аулақты да, өз қасын да.
Демдерін ішке тартқан желғабаздар Ауқымды соған мойын созбасын ба...
- Уау, арыстан еді Исатай. Жолбарыс еді, мерт болды. Ер қазасы дерт болды, Сары азамат, сардар жан Қаны судай төгілді,
Қабырғасы сөгілді; Жалынды боздақ жас кетті, Қанжығада бас кетті.
Алай да, алай, алай да, Алысты көзбен шолдым кеп. Ақ Жайық пен Бозана, Ағашты Нарын, көк теңіз, Бітіспес күнге келдім деп Ханға айтады лағанат!
Ал, атарың болса, маған ат. Жұртым аман барында Құлазыман солдым деп, Исатай менен Махамбет Өкіне ме екен өлдім деп?!
Жұрт қалды тағы да бір қозғалысып, Ақырын бал қымызды қозғап ішіп. Жауады жапалақтап кілемге де Көбелек от айнала озған ұшып.
Қабағын мынау түннің түйді аспаны, Ақша бұлт қарауытып қиғаштады.
Бөрібай осы кезде домбырада
Ел бұрын естімеген күй бастады.
«Кішкентай» күйдің аты не себепті... Оны бір дарқан-дария десе нетті?.. Исатай – Махамбетті пəруар танып, Асқақ жан асау толқын еселетті.
Зор деп ол мақтамады көзге асылын; Ел сүйді əдебінен озбас ұлын –
Бір парыз білімдіге өмір кешпек Өнерін азырқанып өз басының.
Осынау үлкен күйді тағы-тағы Шəкірттер қағып алып ағытады; Күңгірт түн жөнеледі күңіреніп, Біреуді біреу сөзі қағытады.
- Күйдің бұл падишасы дара туған.
- Жошымен жолы бөлек Нар-атудан
- Табиғат, айналайын бітіміңнен Айнымаған асылын жаратудан!
- Күй ме сол баяғы зар жалаң, көне?!
- Міне саз!.. үйреніп ал, жаман неме! Артықша сыбағалы болған үшін Алланың тамұғына жанам деме.
Əр ненің көңілдене басын шалып, Көпшілік қызынады осыншалық. Өрендер əлгі күйді алып жатыр, Бесті айғыр, атан-түйе бəсін салып.
Бұл кезде жүзі суық жас төрелер Адамын бағып отыр əшкерелер.
Солар бір көз алмайды Бөрібайдан Кім білген Бөрібайдың жері қайдан. Бұл елге келді қалай?.. Мағынасын Əр саққа отыр, түге, жорып ойдан.
Тағы да қадалады... Сұғы өткен Түндегі айнымайды сүгіреттен...
Жалғыз-ақ айырмасы – қара сақал; Қабақтың қалың еді түгі неткен!..
«Сөз емес əдемілеп киінгенің.. Білеміз, ызасы еді күйің ненің... Ұсталдың, кезбе жігіт... сені бізге Өзіннің танытады құйын-желің».
Жұрттан бұл жат пиғылын жасырыстап, Төрелер іштен жауын жатыр ұстап.
Қашқынды қамар болар бейқамында, Жалт берсе өлісуге жан тұрыспақ.
«Шалқыса күйші тағы еркі білгей» Дегенше іштерінен ел күбірлей, Төрдегі төрелердің қолдарында Жарқ етті браунинг екі бірдей.
- Ұсталдың, Сағырбаев, қашқаныңмен Ал, не көрдің думанда асқан үннен?! Алсаң еді орныңды аулақтағы
Арлан бөрі тазалап ашқан іннен.
Құламайды бəйтерек түбі ескірмей. Ал, сен біттің... Өзгені түгестірмей, Жатсаң еді одан да тыныш ұйқтап, Салқын көрде мəңгілік түк естімей.
Ұры-сотқар дегіздің қазағымды, Айтып қақсап отырсың мазағыңды. Бағышладың кешегі бұзығыңа Осыншалық дуалы ғажап үнді.
Под арест! Білдік біз көп ісіңді. Күмбірлеген бір ғана күбі-сынды... Көшіп-қонып ерте-кеш жатар қазақ Естімей-ақ, жадыгер, дыбысыңды.
- Еттен өтті-ау, мына сөзі есердің!
- Төзіміне сияр емес еш ердің!
- Көк төбетке көзін берсе ойып ап Мұсылманның баласына кешер дін!
Атып салсаң өлгеніміз мың артық! – Жас шəкірттер төрелерге мұны айтып, Тап берісті; Құрманғазы тоқтатты:
- Қайтесіңдер мұңсыздарды мұңайтып?!
Кұрманғазы Сағырбаев, ие, мен, Келем əрлеп қиын шатқал қиямен... Нарын, сені тағы тастап кетем-ау, Бүлінсең де өзім туған ұям ең.!..
Барам-дағы. Бармаған ол торым ба?.. Құдайлардың наказдарын орында!.. Кетсеңші тек қазақ аттан садаға, Шен-шекпенді түбіріңмен орыл да!..
Ұры-сотқар сендерсіңдер, «төре ағам», Жазықсыздың жан қызығын тонаған. Заулап барып түсер едім тақсырға, Əттең, дүние-ай, сыпырылса томағам!..
Əттең!.. Əттең, Əбубəкір Ақбаев... Ақбай... Жə-жə!.. Енді теріс ақпайық...
Тұтты ғой деп өлі көлдей тұнбалық... Мен кетемін, қара көзді түн қалып.
Байласаңдар қолым əзір, мырзалар, Оған шейін «Ақбай» күйін тыңдалық.
...Тым-тырыс елді көрсең бұл шақтағы Біреуге біреу шерлі мұң шақпады; Жалғыз-ақ бикештердің көздерінен Ызаның ыстық жасы моншақтады.
Əуелі «Əттең-ай-дан!» басталып саз, Дағдыға түсті кейін бос тарықпас – Ащы бір күй зекіді төрелерге Төбеден жай түспесе басқаны ұқпас.
- Зұлматтар тілеп менің өлерімді, Жеріме сыйғызбады өнерімді?!. Айдауда Үркіт кетер Құрманғазы Қайран ел, сағынарсың ол еріңді!
Сонда да ажалымнан наным бұрын Таусылмас, Суытпаспын жан үңгірін; Тілемен тірлігімді шоқтығымда Жығылып жатар болса жалым қырын.
Мен бе екем бақыт жолын тоспалайтын?! Сұр заман қара құлпы тастан айқын...
Сор-азап, бейнет менің дұғалығым Бойымнан қасиеттеп тастамайтын.
Досымдай құрметтеймін қасіретті, Үні бар оның өлмес қасиетті.
Шабыттың аппақ құсы бейуақытта Оңаша мені талай қасына ертті.
Мен үшін Құдайыңмен бүгін бірдей Көтерген жотамдағы жүгім дүрдей. Сол менің сомдай-тұғын қабырғамды Нар-қоспақ баласына жүгіндірмей.
Пірімін жала-пəле жабысқанның! Жамбасы тас төсекті жанышқан мың... Дозақ та маған пейіш! – дейді бейне Осынау тартқан күйі данышпанның.
...Жер емес кінəсізді əркім ақтар... Асығыс алда талай қарғымақ бар: Тұтқынды, төрені де күймесімен Алысқа алып ұшты арғымақтар.
Шолпанның ақ сəулесін қалжыратып, Бозамық таң келеді қалғып атып; Тірілер тік тұрған аяғынан
Кейінде қара тастай қалды қатып.
Абақтының алдында
Темір тор, биік қамал, қара құлып, Қояр ма үлкен жанын жара қылып?! Əне жүр надзиратель сап-сарала, Иыққа суық қару-жарақ іліп.
Дегендей: «сор-азаптың, өлімдердің Ғаламат неше түрлі зорын көрдім»,
Алыстан үрей шашып түксиеді Шетінде қара сұр үй Орынбордың.
Таң атса ағылады ел осыған –
Əркімде бір түйіншек бересі нан.
Қол бұлғап тұтқындарға мен де бейне Қақпадан қатын, шалға ере шығам.
Шығарда «ғазырайылдар» осындағы Тінтеді тілдің астын, ұшын-дағы.
Тінтеді бешпетіңнің жамауын да Беймаза жүрегіңнің тұсындағы.
Одан соң тіміскіден құтыласың; Жиылған қала, дала жұрты басым Арбалы, атты, жаяу, түйелінің Ішіне сен де барып жұтыласың.
Отырсаң, аузы-басың бусаң-дағы, Қолқаңа құйылады қу шаңдағы. Ал, бірақ, содан халық бір кетпейді
Сан дүркін полицеймен қусаң-дағы.
Бұл маңда түгел алып қыр, беткейді Жайылған кешке дейін кір кеппейді; Үрейлі үнсіз кіріп, жылап шығып, Халықтар түрмесінен бір кетпейді.
Адвокат, шағым-арыз жон асады, Ал, мұнда арық-тобыр жыласады. Ағызып ат-тройка өте шықса, Қоғадай жапырылып жол ашады.
Еркінде Еділ, Жайық ен Оралы, Қалаға неше залым енер əлі?.. Бірінде экипаждың тұнжырайды Алтын мен жез киінген генералы.
Бірінде неше түрлі «сері» көрген Қайтады жесір пері серуеннен,
Күледі ол құйын болып жаралдым деп, Кейінгі шаңдағымен сені көмген.
Бірінде қанден итке шал ентелеп, Шошқаның ақ майынан «төлем төлеп», Бірінде қара ноғай қазіретті
Зонтикпен отырады көлеңкелеп.
...Барлығын көзбен шолды таң атқалы Саралқа, арқасында тамақтары.
Қарт ана асығады Құрманды бір Құшақтап, құса-шерін таратқалы.
Тотыққан беті күйіп желді күнге, Бүгілген баяғыдан бел бүгінде; Қашанғы ақ жаулығы қарқарадай, Шапанның бір шалғайы белдігінде.
Жүрегін етсе-дағы заң жаралы, Көзінде жасымаған жан бар əлі; Тілдесіп, бейғараптан сұрағанға
«Түрменің керек, – дейді, – жандаралы».
Айтып ол аты-жөні, ұлтын əрі, Ілгері килігеді, ұмтылады;
Терезе тесігіне қолы жетпей, Ызалы көмейінде үн тұрады.
Дауысы қарлығады, қалтырайды, Кім одан бұл сағатта хал сұрайды. Қазыны қапшығымен ұры əкетіп, Біреуді біреу мұнда қамшылайды.
Əнеки ұры жігіт жалаң аяқ, Барыңды сол алады жоламай-ақ... Күні жоқ тыныш өткен ұрғызбай-ақ, Аузынан аққан қанын жаламай-ақ.
Көрсе де неше түрлі сөлекетті, Демейді ол: «мені мұнда cop əкепті». Қас пен көз арасында қағып əтіп, Алқаның азығын да сол əкетті.
Ақ шеше тарс түйіп сұр қабақты, Ұзатты өз көзімен сұғанақты; Адамның арын төккен – қайыршы күн, Қарғысын ана тұрып соған атты.
- Ұры кім? Əр моланы бір ақтарып, Тонайды өлікті де жырақ барып.
Біреуді біреу жеген заманада
О дағы өз парызын жүр атқарып.
Азап-сор ағыл-тегіл – «көк несібең». Сұм заман!.. Қасиетті сол несімен?.. Баламды – бақытымды қазір маған Түрменің іздетеді бөлмесінен.
Кім кепіл періште де қатты ашына, Ит болып Тəңірісін қаппасына?! – Саралқа осынау бір ойға толып, Қарады абақтының қақпасына.
Түрмеден шықты бір топ еңіресіп, Қайғыны ондағымен тең үлесіп. Сірескен екі сақшы ортасынан Ашылды анамызға темір есік.
Айып па жақсылыққа жорып қалса, Боздаса ботасына жолыққанша?..
Оқушым! Біз осыған ілесейік, Алда тұр хикаялы жорық қанша!..
Қайран шешем
Құлағы əлдеқандай ызың құшқан, Кеудесін кəрілік пен құзыр қысқан Саралқа салқын кірді абақтыға – Дозаққа адам соққан қызыл қыштан.
Іңгəлап темір тордың ар жағынан, Қақсайды жаңа туған «зар-жақ» ұлан, Терезе тесігінен қарғыс айтып,
«Су бер!» деп ұсынады маржа құман.
Мұнда да жатқаны ма халық өсіп, Тұтқында туған бала халы нешік?.. Шыр етіп жерге сəби түскен үйдің Аузында құлыптаулы қалың есік.
Қаз-қатар қалың есік құлыпталған, Тұтқындар тұтқасын да жұлып болған.
Кім білсін, қаңыраған қара пештер Қай жылы ақтық рет жылып қалған.
Ешкім жоқ мұнда, сірə, жарық күткен, Аспалы шырақтар да жанып біткен.
Теріскей терезеден қарар ма едің, Күн көзі, қасиетті жарықтық сен!
Бұл орын жаралмаған бастан баққа... Адамға ажал мұнда бас салмақ та... Қарт ана қараңғыда осыны ойлап, Үн-түнсіз өрмелейді баспалдаққа.
Ізетпен офицер де ілеседі (Қаталдық оның ғана үлесі еді), Неліктен ол бишара оңашада Жақсылық саған бейне тілеседі?
Оған да бататындай ана шері, Оның да бір ғажайып бар əсері. Байраққа, атаққа да алданбаған Адамның осы қандай баласы еді?..
Жік-жапар бола қалды ол несіне?.. Кім кепіл бүйткені үшін өлмесіне?.. Ерекше Перовский тəдбірі деп, Құрманның ол əкелді бөлмесіне.
Бір себеп мұның-дағы барлығына, Өнердің кім бағынбас жарлығына? Жақында жəйіт болды көнбей-тұғын Түрменің қаталдығы, тарлығына.
Бал болды таяуда бір таң атқанша, Ішілді тəтті шарап, тамақ қанша?.. Отырды нөкерімен губернатор Өзгені өз көзінен таратқанша.
Алдырды өнерпазды əр халықтан, Түстіктен, тау тараптан – Арқалықтан. Əнші мен қанша биші құтқарылды.
Биылғы төленбеген бар салықтан.
Жоғары отырғызып төрге өзінен, Генерал кеңес алды кербезінен; Зайыбы оған айтты: – Мұңлы сазды Даланың тыңдау қажет киргизінен.
Ол айтты ярмаркадан тыңдағанын, Жұрт жинап бір домбыра тынбағанын. Жəне де еске салды сонау жылғы
Жыртық бет жылқышының таңдағы əнін.
Шұлғытты жар талабы генералды, Адъютант Орынборды он оралды. Қаланың шетінде бір қасапшы қарт:
«Тұтқында отыр, – депті, – өнер алды».
Жазғызып аты-жөні, түр-түсін де, Беделі бөлек депті жұрт ішінде. Қасапшы күрсініпті, тағы айтыпты:
«Жарықтық азат болып жүр түсімде».
...Ала кез, алпамсадай, қабақты жан, Айдалып балға келді абақтыдан.
Дəм ауыз тисе-дағы «ішпəрадан»,
Ішілмей кері қайтты арақ бұдан.
Біреулер қызып алды жел-өңештеп, Жабайы мұның жұрты, ел емес деп. Ызғарлы тыйым салды Перовский Күлгенге күпі-тонды келемештеп.
Генерал бейне жаны ашығандай: Біледі – кімнің іште өші қандай, Ол əсте ақмақ болып жаралмаған Өзгенің, қайғысынан шошығандай.
Сөз берді домбыраға жыласын деп, О да бір торға түскен лашын деп. Саудаға көздің жасын сала-тұғын Обадай осы да бір рас індет.
«Танып қал, табиғатым, құлығымды!» Ішінен түйді қазақ бұл ұғымды.
Шалқыта «Балбырауын» күйін тартып, Шаттыққа душар етті ұлығынды.
Қадала талай ұлық көп қарады, Ызғарлы бұған деген леп бар əлі. Бір ғана бейтаныс жан ынтызардай, Күйшіні сұқты көзбен жеп барады...
Құшқандай бүгін осы бір адам бақ... Ол қайтсін құлақ-күйін бұрап, аңдап – Шалқытты! Шағаладай ақ сұлулар Толқыды орындықта бұралаңдап.
Біреулер ибадатты ізгі сақтап Жүзімді сабағынан үзді шақтап. Бағзы бір чиновниктер өз бетінше
Қыздырмақ «мазурканы» қыз құшақтап.
Тағы да тəлкек етіп күй-шанақты,
«Жə, жетті, – деді біреу, – күй шарапты!» Генерал баршасына оң қолымен Танытты тəртіп деген ишаратты.
Əлгілер тағы жым-жырт игі жандай. Қайсақтың қара дүрсін күйі қандай?.. Генерал тыңдап қалды ілтипатпен Тап қазір ол осыған ұйығандай.
Сол қолдың майысқаны жан жарыңдай, Оң қолды жанығаны қанжарыңдай.
Дыбысты шеңгелінде шырқыратып, Сығады аямай-ақ хан жанындай.
Дəл өзі сыры жұмбақ виртуоздың,
«Сен бəлкім бұзықтарды ертіп оздың: Осынау өнер үшін қуылғансың, Айтып тұр лапылдаған өрті көздің».
Генерал іштей мұны топшылады, Сақалын, сары мұртын көп сылады. Шапшаң да, шала тартқан темекінің. Түтіні көз алдында көкшіл əлі.
Тоқтатты шырқап барып қазақ күйді, Ұлықтар бəлкім оны аз-ақ түйді.
Генерал жылы қарап жымиды да, Бастатты басқаларға азат биді.
He түрлі музыкада ұлы күйші, Əсем джаз, айналады мұны биші. Манадан ароматы арымаған Шалқыды шараптардың тұнық исі.
Ұйтқыды ұзын залдың жұрты мықтап, Люстра шырақтары жыпылықтап...
Бокалдар бар тараптан төңкерілді, Ағзамның саулығына жұтылып қап.
Би бітті... Досқа басын дос иісті, Əдеппен ашыналар қол сүйісті. Тұтқыннан баска жанның бар құшағы He түрлі гүлге толды хош иісті.
Бал бітті, қызып барып таңға жақын; Алдыртты офицерлер шандоз атын. Тарасты үйді-үйіне бет-бетімен Тамаша əнші, биші, маңғаз ақын.
Ит біткен осы кезде үрмесі ме?.. Үзілмей үміт шіркін тұр несіне?.. Айдауда кете барды тірі əруақ Өзінің түней-тұғын түрмесіне.
Ауыр күн өтерінде асыға ма?.. Оныңды дұшпан түгіл, дос ұға ма? Есіктен ене беріп бір күрсінді, Өнердің алған сыйы осы ғана.
Бекер-ақ жақсылықлы жүрек күтті; (Түсінде көкке шырқап жүр ед тіпті.) Түрменің ботқасын да түгел жемей, Сол адам содан бері жүдеп бітті.
Ағаштан жасағандай жонып ұста Жадау жан азаттыққа қолы қысқа. Айтпақшы, рұқсат бар туыстармен Түрменің түкпірінде жолығысқа.
Сол ғана балдан алған рақымы, Балдағы енбегінің сірə, «құны». Сол үшін кəрі ананы камераға Түрменің бастап барды бір əкімі.
..Ал, міне түгел ашық құлыптар да, Ақ шеше, аймалай бер, кіріп бар да. Шошынба!.. Шошығанын. ауыр тиер Қолдары кісендеулі кіріптарға.
Е, бəсе!.. Нағыз осы батыр ана Ер жүрек тұңғиыққа батыра ма?..
Қашаннан білмеген ол тəтті сөзді –
Еменнің иірінде бал тұра ма?!
Дегендей: «Дерттен туған жақсы бала, Тас-түйнек емшегімнен ақ сұрама!», Ұлының кісендеулі қолдарына Қадалып, қатып қалды ақ сұр ана.
«Уа, Құдай!.. Қобыланды, Қараман жол!.. Жинап бер шырағыма қарадан қол!
Шыдап бақ, шыт болсаң да мори көрме Жағасын жендет жыртқан қара қамзол».
Cay шығар ішкі зерек сарай ғана;
Ол мұңға толды бəлкім... сан ойға да... Апыр-ау, аз арада ақ кіріпті
Қап-қара сақалына, самайға да.
Кендірмен кебісін де ілгештеген, Құдай-ау, кайда барып, бұл не істеген!.. Каңырап қашықта тұр домбырасы, Көршідей көпген бері тілдеспеген.
Перзенті без-ағаштың шарапатты! Оның да үсті-басы жарақатты.
Үнге де үкім кесіп, түрме жасап, Оған да жаба-тұғын жала тапты.
Сұр қазы сонау жайып тастағаны; Бос емес мыс шəйнегі, тостағаны. Бекер ме, айлар өтті десем мұның Аузына адам дəмін тоспағалы?..
Білердей мүсіркене, толғана да, Бар екен дос-жараны бұл қалада.
Жалғыз-ақ бұрьштыдай жанары жоқ, Шаттығы бойындағы болған ада.
«Ер-нарым!.. Көзі неге бұлдырайды? Масқара!.. Жасын төгіп бұл жылайды». Қалайша қайран шеше бұған төзіп, Баяғы бір орыннан бұлжымайды?..
Жоқ, енді түгесілді төзім деген, Оңай ма үн шығармай өзін жеген?.. Намысты намазындай жоғары ұстап, Ол қашан көз жасынан безінбеген.
Ер деген, нар дегені налып, күйді – Басынан бастау керек əліп-биді – Алқаның шарт дегізген шапалағы Жағына баласының жанып тиді.
- Жампоз деп бекер саған жар сұғынды, Су неге жанарыңа жасырынды?!
Сарқып бер Құдайыңа менен кейін, Көрсетпе көзіңдегі жасығыңды!
Бір жолғы олжасындай қанжығаның Медетсіз неге мұнша қан-жыладың?! Жəргелтай жаман шора туған болсам, Несіне қалжа тілеп қалжырадым?!
Апыр-ау, енді кім бар-ақ бұған жақ?.. Болар ма ана сөзі ақтық азап?
Жоқ əлде «нар баласын қарпығаны» Жанына бəлкім мұның жақты ғажап?..
Уа, ғажап!.. Көптен бері үні тынған Бұлбұлым! Ұшандағы ұлы тұлғам! Күлдің-ау: «Баяғыдай бар екен деп, Шапалақ əлдеқашан ұмытылған».
Əлгіде жау да сені бағып қанша, Күрсінді, көзің жасы ағып тамса.
Жан-шуақ, енді міне жадырадың Офицер кісенінді ағытқанша.
Ал көріс!.. Бақыт əлі бар екен де...
Тағы сүй!.. Маңдайын сүй!.. Бəрекелде!.. Ал, енді жез иықты жендетіңе айт:
«Бекзатым, домбыраны бері əкел!» – де.
Отырып офицерге ол ымдапты, Құдырет өз бұйрығын орындатты. Түрінді екі жеңін жалды Құрман, Темірдей білегі де оның қатты.
...Оқушым, сен екеуміз орашолақ –
Ұғарсың өзіңе бір қарасаң-ақ... Тыңдалық тынным алып енді біраз, Сайрасын қапастағы қара шанақ.
«Кайран шешем!.. Қайран шешем!.. Сағындым!.. Жаңа бір сəт жанарына шағындым.
Көз алдымда күллісіндей бар болдың Көк теңіздің, Ақ Жайықтың, Шағылдың!
Қайран шешем!.. Күзеткенің түгел ме? Маған деген көжектерің түгел ме?..
Бел үстінде белгісі жоқ кешегі Байғазыға көз еткенің түгел ме?..
Қайран шешем!.. Дүр сілкінер Жайықта Дүбір бар ма, əлде бүгін ғайып па?..
Кан төгілген Бекетайда қызғалдақ Кызыл-шақа алақанын жайып па?..
Қайран шешем!.. Жан емессің жүргінші! Аялдашы, аз ғана бір жүгінші.
Жүрегімде саған деген сазым бар;
Қайран шешем!.. Қайран шешем!.. Ұғыншы!
Түсіндің бе түрмем қандай екенін?.. Қалғытпайды қасиетті мекенім; Осынау бір ойшыл үйден несі артық Пайғамбары ұйқыдағы Мекенің?..
Құдай емес мұндағы жұрт қожасы. Еркін мұнда елдің шері, ызасы.
Тарауықтай тартылады осы үйде Неше түрлі баһадурдың музасы.
Қайран шешем!.. Білмейсің-ау музаны: Ол осында атар таңның азаны.
Зындандағы зиялының аузымен Ол кеседі патшаға да жазаны.
Мың оралса оң жағыңды, солынды, Мылтығың да тыя алмайды сол үнді. Дұғамен ол шошытпайды жаныңды, Көз жасымен қандырады шөліңді.
Илан, мені баяғыдай мен десең,
Соны тыңдап сағат сайын мен де өсем. Ғибадатты түрмем менің тақауда
Түн жарымда түгесетін медіресем.
Батанды бер, баба қызы, жолға сал! Мен де жұмбақ жүрегі бар жанға сан:
Намазшамда нағашыдан жар күтсін, Жарым түнде еркіндікпен жалғасам.
Бақыттан көз жаза қойман!.. Іздеңдер! Енді қалған аз-ақ айдан іздеңдер!
Қараңғыда көзге түссін көлеңкем, Бір жарқ еткен нажағайдан іздеңдер!
Сазым осы, cop демесең, бақ десең... Бұдан артық қандай тіл мен жақ шешен?.. Тамам болдым... Табысқанша тарықпа, Қайран шешем!.. Қайран менің ақ шешем!
Домбыра сындырмалы, сым ішекті Осындай оның ішкі сырын шертті. Дəм беріп анасына абақтыдан, Құмарта Құрманғазы шылым шекті.
Ол енді өзге сөзді қаламайды, Сұрайды хан жайлы да, қара жайлы: Дөңбайдын қазасына жиналыпты Азғыр мен арғы шеті Қарабайлы.
Жан еді жүрегіне ыза толған, Əбіл сот арақ ішіп, өзі атылған.
Атақты Мамырайдың Айжан қызы Жайықтан арғы бетке ұзатылған.
Обадан отыз үйлі Ысық өлген – Питерден ақ киімді кісі келген. Басынан бекіренің у жайылып, Безіпті балықшылар Кіші көлден.
Үпіден мүфти келген кесем салып, Биылғы бітір-зекет – өсім салық. Азамат абыржыған ел ішінде
Бір-ақ жыл, өзгерісі осыншалық.
«...Айырып байды бастан, құлды ісінен,
«Жазымыш» жаңылмапты күллісінен; Бекер-ақ бес уақыт сиындырған Құдайға Құрманғазы күлді ішінен:
«Сен берме бақытымды, еркімді де, Сыйлама сүйегімді, етімді де!» – Ол қалды мұны ғана ойға түйіп, Есіктен Алқа шықты екіндіде.
Қап-қара, қасіретті іші мұздай Түрмеден анна шықты түсін бұзбай. Офицер есік ашты ең ақырғы Тұтқаға оның қолын ұсынғызбай!
Ол кетті оңашада бір қиялда – Əлгі саз əлі шырқап жүр қиянда. Құлағын түрсін енді кұрсақ көрген He түрлі сұқпатты мен сұрқияң да.
Уа, ғажап! Ерен сазға ердін, ана! Мұңы жоқ мұндар адам елді ұға ма? Көз жасың қасиетті омырауды
Түп-түгел жуып кетті енді ғана?..»
Тағы да талаушымен егескелі, Ел тегіс көз алдыңа елестеді:
«Сахара, сары белді ата-мекен Жалбызы жанып біткен емес пе еді?..»
Тағы да теңіз ұлын, тау ұлын да Тыншытпас алдағы шақ – дауылым ба? Асылдың жерге сіңбес қаны болды-ау Қызғалдақ қызыл-шақа ауылымда?!..
Шүкірлік! Тағы шүкір ұрпағыма! Ал, тақсыр, аямасан, ұр тағы да. Үлесі ердің ғана жағалы жау, Оған жоқ Тəңірінін, ортағы да.
Бұғаула, есігінің бəрін жап та –
Ол сатпас намысы мен арын жатқа!.. Бетінен бейуақытта қаны шығып Сонау күн барып қонды Нарын жаққа.
Ол соған ұқсап бағар нағылсаң да, Сарқылмай мен де күтем сағынсам да. Арман жоқ алыстағы күмбезімді Алдынан бұлаңдатса сағым сонда.
...Қалдырып жаны мəңгі жас ұлыңды, Құпия шерттің осы жан сырыңды.
Қош енді жолықпасақ, Қайран шеше, Көзімнен ақ жаулығың жасырынды.
Арман ағасы
Кейінде сəрсенбіде Жайық қалды; Кең дала етек-жеңін жайып салды. Қасқа жол қайқаңдайды белден белге Ұқтырып өткен-кеткен жайыттарды.
Бұл жолмен бақ-талайын сынасқалы Сағызға, Жем бойына кім аспады?..
Батырға, кірешіге, торғыншыға Оңаша ортақ мұңың, күн, аспаны.
«Қош!» айтып кейіндегі қалың жұртка, Бұл жолмен жылап асты қалыңдық та. Біреуі сорлы қыздың сонау белге
Депті ғой: «Оңашада қанымды ұртта!»
Белгісіз жылдарының саны маған; Жел ғана соны жоқтап сарнаған. Қасында қарақшының құлпытасы Ит өтті əлденеше сарып оған?!
Ал, мынау кімнің ісі?.. Ер ісі ме?.. От жаққан үңгіп барып жер ішіне. Ұқсайды ұры тентек пісіргенге Бедеудің етін орап терісіне.
Біреудің көз жасына қарамастан, Жиіркенбей жеген қанша арам астан?! Қылыштың сынығы да қыр басында Адамның сүйегімен араласқан.
Қай заман, қанша жерге қан ағыздың? Өшпестен бəрі жатыр қаралы іздің.
Қалбаңдап сол төбеде əлі де жүр Екі рет жүз жасаған қара құзғын.
...Неше күн жортып келіп, ат шалдырып, Шапанның тұйығына жатсаң кіріп.
Бұл жолда бұдан да көп ой келеді, Кетесің тағы-тағы шапшаң жүріп.
Тағы да некен-саяқ ел көресің, Көз барда қоналқаға үлгересің.
Ақырын таң намазда қош айтысып, Тағы да қарияға қол бересің.
Тағы да түні бойы қутыңдаған, (Нағашың, жездең болып күй тыңдаған), Ала аяқ қалады ұйқтап, төсегінде, Үргенмен естілмейді итің де оған,
He керек оған, сірə, сенің өзгең?.. Сонда да ел жақсы ғой сері кезген: Тағы да түйе сауған жас келіншек Таң ата ұзатады сені көзден.
Сендей сол Құрманғазы жалғыз атты; Жолшыбай күй де шертті, жамбы да атты. Бəрі де «көз оқытар», көніл ашар» – Жемейді жалғыздығы жанды қатты.
Астында бəйгі бозы бұлаңдаған, Киналып, аса шауып бұланбаған. Сыншылар мойынын көрсе жануардың Аққу мен ұқсатады жыланды оған.
Көргенде үлкен, кіші – тілесе кім –
Бір бөлек сөз қылады тілерсегін.
«Мініскер емес» деді бір «сəуегей»,
Ол қалай саған бақыт тілер тегін?..
Сатсын деп саңлақ атты ол шенеген; Сұқ көзде тілек те бар өлсе деген.
Адам аз жануардың сағағы мен Қарыстап омырауын өлшемеген.
...Жолаушы күзектегі ел ішімен Ұзады: ат танбады желісінен.
Ат бүгін пысқырады: сұрапылды Сезгендей қоңыр суық жел исінен.
Батпай-ақ күннің көзі өшті бұрын, – Калың бұлт қарауыта көшті қырын. Аспанның жабығынан жарқыл ойнап, Төңірек тұнжырады кешті құрым.
Маза жоқ қара құс пен қырғауылда; Соғар ма мұның арты мол дауылға... Күндік жер əлі бұдан Төремұрат,
Қону шарт сонау шоғыр малды ауылға.
Апыр-ау, сонау əйел безектеген, – Асығыс ала қаппен тезек терген... Бейшара, нағылса да, біреу болды-ау Басынан бар қызығын тез өткерген!
Адам ба жат есікті жесір ашқан?!.. Айып па ұрғашыдан жөн сұрасқан?.. Қалайша қорқытпайды бейшараны Найзағай, қарауытқан жол, сұр аспан?.
Жолаушы солай кетті ұғысқалы. Үрейлі əйел еппен ығыстады; Тақымнан қара шолақ мылтык көріп, Қос қолдап жағасын да нық ұстады.
- Жарқыным, қорықпаңыз!.. Залалсызбын. Ісі ғой оңашада ол əлсіздің...
Барар жер, басар тауым – алдым ұзақ; Жөн сұрап өзіңізден алам сіздің.
Рет жоқ түсіңізді түк бұзатын... Адаммын ақтан туған түпкі затым... Ол бұлай айта түсіп... Ат тоқтады... Жап-жақын аралары... Тіпті жақын.
Шықпады, дінкелерін құртып үн де, Жүректің не ғаламат түр түбінде?! Ала қап сылқ етті де, жерге түсті, Келіншек бір қақпады кірпігін де.
Əлі тұр... Əлі көзге көз қадалған. Бірі жоқ қарашығын қозғап алған. Осы еді-ау асыл тоты, оны кеше Алыстан ұзын қолын созған алған.
Алдамшы бақыт кеше аялаған, Енді не?.. Қатал тағдыр аямаған. Секірді Құрманғазы аттан оқыс, (Алдында кім тұрғаны аян оған).
Бұлайша түспес болар əркім аттан, – Шылбыр да алынбады арғымақтан. Денесін Құрманғазы дереу жиды; Намыс пен оны жерге ар құлатқан.
Тізерлеп кайта тұрды, қарманды да. Жер-ұшық, – деді саған арналды да, Келіншек ұшып келді қанаттыдай Жүректе жүрген бəлкім арман бұ да.
- Қыз Айжан!
- Құрман аға!
- Асыл Айжан!
Мақшарда табысар ма осылай жан?
- Ағажан! Абзал еді пейіш десең... Өңім бе?.. Сорлы басым, осыны ойлан...
Нұр жауды, Құрман аға, үстімізден; Əнекей, жарқыл жақын ұшты көзден.
- Иə, сəулем! Қатты жаусын қара жаңбыр, Көз жазып қала тұрсын күшті бізден.
Иə, солай!.. Бағымызға, заты, солай, –
Аспанда ғаламат боп жатыр талай. Жаурасаң, сағынышым сая болсын, Кел! Аттың ығына кел жатырқамайі
Көргем жоқ көк пен жердің əмірінен Мұншалық мүшіркеуді өмірі мен! –
...Өзіне тартып алды оны Құрман Шапанның орын беріп өңірінен.
Паналап иектің астын, қолтығыңды, Жаңбырдан, найзағайдан ол тығылды. Оның да ыстық демі төске тиіп, Жүректі бұл жалғанның өрті қылды.
- Жарқыным! Асып барам алыс жаққа, Жөн жоқ деп хан-төремен алыспаққа... Тағы да қашып барам, жасырам ба, Жеткем жоқ өлмеген соң əлі ұшпаққа...
Тірлікте баршасына мейір қансын; Қайтам ба тəуекелге бой ұрғансың?!
Ал, енді өзің білгіз: бұл тайпыда Сен кімнің бақытына бұйырғансың?
Кісіңді жасырғаның күнə, шырақ, Тотыны бағып отыр кім асырап? – Аямай қара көзден жас келтіріп, Айжанды қатты соқты мына сұрақ.
Көз дереу көзбен суық арбасты да... Сонда да ақ жүзінен əр қашты ма?!
- Ағатай, – деді бір сəт, – екеуміздің Баяғы бақытымыз – алғаш күнə.
Соңғы да күнəм менің сол болатын, Есімде жақсы түстей сол ғана түн. Кісімнің содан бері атағам жоқ Жүректен – улы жылан сорған атын.
Болып ем оны мəңгі ұмытқандай, Жылт етті бүгін тағы үміт қандай?! Əлгіде атын атап жүгіріппін,
Жаны жоқ тас мүсіндей тұрып қалмай.
Қайтесің тамыры тас қуарғанды, Мен қашан ұмытқалы қуанғанды?! Сөзіме иланғайсың: сонау тұрған Ақ үйде ақ сақалды куəм қалды.
Ол менің қатал ием қасиетті,
Пенде емес, оны маған Хақ сый етті. Тыншимын өлі жандай, егер сол бір Бауырыма қатты қыссам қарт сүйекті.
Бір соның көз алдында бұғын төмен, Айтқызбай əміріне жұғып, көнем.
Əсем саз, арман, тілек, сағыныштың –
Барлығын бір сол үшін жоқ еткен ем.
Мен оның тартыларда құшағына, Домбырам отын болды ошағына. Қақталды қара борша сол ағашқа, Таласты күндер алтын шашағына.
Күндерді содан бері кезекпенен Ұйқтатам, олар үшін тезек терем. Осындай оңашада мағынасыз Қызарып шыққан күнді тез өткерем.
Кеспірсіз кең даланы кезеп көрем; Мен соған күнде оңаша көз жеткерем: Су ішкен, жалғыз оттап, құралай мен Қу жыңғыл саясынан көжек көрем.
Жетім ұл қора қойды жалғыз жайды, Оңаша зарлағаны жан қозғайды.
Ала қаз жұмыртқасын жылан сорған, Өзінен басқа жанға жарғызбайды.
Бір Тəңір барлығына айыпты да; Осыны сорлың бүгін жай ұқты ма?.. Жарыңа серік болмақ сертім еді; Сені де бұйыртпады... Жайықты да...
Жараспас шүбəсі көп жерге тұрған, Үйге жүр аға болып бірге туған.
Алласы, аруағы – бəрі де бар,
Олқы емес менің түскен ірге-тұлғам.
Жөн десең ескі дертті жаңғыртуың, Өзің көр: өзегіңді жандыр, суын.
Сөз бітті, ол ақырын сипап алды Құрманның маңдайынан жаңбыр суын.
Бір қилы Құрманғазы тұнжыр енді, Қапаста қайран асық тың жүр еді. Мұны да құлазытты ару жастың Бақыттан əлдеқашан тұл жүрегі.
- Іс болған, – деді Құрман, – нелер «ғажап!»
Уа, тоба!.. Сұлулық пен өнер мазақ... Тегінде, аңыраған саздан қорқып Əлдисіз, жаназасыз өлер қазақ.
Жə... барам, ағаң болып «көргенді» үйге, Маңырап малы-басы өрген биге.
Ұзақ түн көңіл айтам сол есікте Жоғалған махаббат пен өлген күйге.
Қайтейін, қалап сүйген қарындасым, Кісенге кісің қолы қарылғасын!..
Өтініп өз жарымнан сұрап алған Сен едің ақ бөтеге қарлығашым...
Мен сендей жоғалтпаймын ішкі мұңды, Имандай тұтам сонау үш күнімді.
Қоспаған қатал тағдыр жеңгелігі Қалдырды жүрегімде ұшқыныңды.
Ал, саған айтар өлең: «Аулыңдамын,
He десең, жалтағым жоқ – қаулыңдамын. Аз күнге... Ақтық рет... Тым құрыса Қоянның көжегіндей баурындамын».
...Оқушым? Болды қызық аяғы да. Бұл сəтте жылт етпеді жай оғы да; Білмеппіз, əлдеқашан жұлдыз туып, Аулаққа бұлт кетіпті баяғыда.
Ақынның ендігі сөз еркі деме: Су шөпке сұлап тұрды екі дене... О да бір ғарыптардың осалдығы, Сен оған еліктеме, елтіме де.
Қарасын қара дейік, ағын ақтап: Сертінен қалай ғана айнымақ пəк?.. Ғарыптар мауқын басып, маңғаз кеште, Жуынды сəулесімен айдың аппақ.
Салты бар əр ғасырдың, əр уақтың; Ұстады шылбырынан ару аттың; Сағынған ағасы мен ақ періште Беттеді ордасына «аруақтың».
Сарыарқаға сапар
Жөнелді сол бетімен ол ұзаққа, – Қыпшаққа, арғын, үйсін елі жаққа. Бихабар бес жыл өтті, Жиделіде Шығарды оңбағандар оны жоққа:
Азғырда аңыз-өсек балалады, (Ауызға кімің қақпақ бола алады):
Ол бірде құла түзде сауысқан мен Берінің азығына баланады.
Біреулер оны қайта тірілткенде, Шығарды құл екен деп түрікпенде. Тағы бір айтылуда: «қобызшыдан
Қыз алып, шекті деген тұрыпты елде»,
Ит дұшпан табады екен жоқты, зады: Өзенге оны кейде жұтқызады.
Ойнатып құлағымен ақбоз атты, Ұрының жетегінде жортқызады.
Өтірік бəрі соның шуылдаған, (Ызасы жаудың əлі суынбаған.) Ел берді бес жыл ұдай берекелі
Ықылас, дəм-тұзы мен суын да оған.
Ол өтті дариядан, көліңнен де (Арқада мөлдіреген көлің кем бе). Басынан құм баласы Құрманғазы Шалқыды тау, қарағай көрінгенде.
Орманда, мөлдір бұлақ жағасында Сын, кінə табиғатқа тағасың ба?.. Қоздырып құс базарын шешен бұлбұл Сайрайды таң сəріден тағы осында.
Бұлбұлды бұл өлкеде досы қанша, – Қазақтың күнде думан көші қонса: Күлгені, жылағыны, туғаны – күй, Өлгені тіріледі күй шығарса.
Аққудың қобыздағы əні қандай!.. Саз бар ма бұл ғаламда анық ондай?! Боздайды жер түбінен жетім бота; Сорлы жан содан өзін танығандай.
Аяйсың Маралдының «Жез киігін» Өзгеден ала қашқан өз күйігін; Іздейсің осы маңнан жануардың Басына талай шыққан боз биігін.
Елсізде екі зарлық қосылар күн – Сыртынан аңдығаны өші бардың: Ғашықтар зиратынан байғұс жылап, – Қобызда бəрі қалған осылардың.
Қазақта дала жоқ қой қаңыраған, – Ыза-шер, бақ дарытқан Тəңір оған. Əзелден əр толқыны сырға толы Арқаның əні қандай аңыраған!
Арқаның ас тойынан кім қалады?.. Дабысың сонда ғана тыңдалады. Қызбелде ақын, əнші салысқанда Күнің мен өз жайына түн қалады.
Шешеннің естігенде шын атасын, Өзіңді өзің əрең ұнатасың;
Көкшенің күн шалмаған ақ қызы мен Салына өнеріңді сынатасың.
Ал, сонау Алатауда үйсін ақын Сөзі бар қапелімде қисынатын. Ол елде шаңқобыз бен дауылпазға Өзбекше майысады биші қатын.
Бір аршын домбырасын сабалаған Сайрамда тиіседі саған ағаң.
Өлеңнің неше түрлі жəкетайын Қосылып алты келін соғады оған.
Бір білсе «қонақ кəде» болатынын, Алмайды бұл өлкеде дала тыным.
«Алатау» күйін тартты Құрманғазы Асында ұлы жүздің Дулатының.
Күйің мен ала жаздай жарысып əн Сый келді Сиқымынан, Жанысынан! Армансыз шарықтады асыл өнер, Жаралған əз жігіттің жаны сонан.
Қазақтың даласында бес жыл ұдай Құрманның еркелігін кешті Құдай. Отыр ол осы жолы шекті келіп, Көрінді көкжиектен кеш бүгін ай.
Батыстан баяу самал жылымдаған, Ырымшыл Құрманғазы жылынды оған: Жайыққа жолаушының жолын тілеп, Жұлдыз да бүгін тегіс жымыңдаған.
Шадыман Құрманғазы ұғынды олай. Өзгеден ол бақытты бүгін қалай? –
«Арғынның адвакаты ақтап алып,
Жын соққыр Əбубəкірдің жығылғаны-ай!»
Келеді елге қайтып осы өлеңмен. Хан-зада! Енді қалай ол сенен кем?..
Ол бүгін азат болған ақ бас аға, Өнері баяғыша өршеленген.
Өзгеше құндыз берік бұрынғыдан, Кең шалғай ішігі де бұлыңғырдан. Жеккені көк шанаға екі жирен, Жетіпті жер түбінен бүгін Құрман.
Жол жүріп түнделетіп, азандап та, Жетіпті жер түбінен Қазанғапқа. Қазанғап аңсаушы еді «бір көрсем, деп, Азап-сор, əлдеқайдан қазам жоқта».
- Ассалаумағалəйкүм!
- Уағалəйкүм...
- Ініңмін алдан шығып ағалайтын.
- Қазжан-ай, өнерліде аға бар ма?.. Жетпейді менің көзім оған айқын.
Осылай жетім көңіл босағанын, Өзі де сезбей қалды осы ағаның.
Ай жарық; түн ішінде келін шығып, Түбінен сəлем етті босағаның.
Жан еді Қазанғап та асқақ үнді; Қазанғап пірім деді басқа кімді?! Ол да бір қазан дауыл домбырада Шертетін заман салған бастағыңды.
Бөтенге бүгін есік ол аша ма? – Құрманды қабылдады оңашаға. Күйшінің қонақ үйі күндізгідей: Қойғызды он шырақты он ашаға.
Бүгінге екеу ара, өзі ұғардай Оңаша емін-еркін сөзі бардай. Батамен бауыздалды бір жабағы – Мəслихат ұзақ таңға созылардай.
...Шығыстың сөз басталды Жоңғарынан, Қаратау, Қарлы таудың заңғарынан, Сарнаған сахараның сазынан да, Бұрынғы, бүгінгінің заңдарынан.
Жəне сөз қасиетті əн дарыған Ертіс пен Есіл, Нұра аңғарынан, – Баршаны баяндады Құрманғазы Осынау сапарынан аңғарылған.
Ақтарды неше түрлі сыр асылын, Алмады домбыра да сірə тыным: Аңсаған бір көруді екі машық Кезекпен төкті күйдің сұрапылын.
Бір сəтте Құрманғазы – Болды, – деді, Шыныға шайды құйды, балды жеді, – Жə, – деді – осы қазақ əр тайпада Аталас, құда, жиен, балдыз еді.
Көп көрдік пақырыңды сорақының
«Өзімнің сүйегім» деп соратының; Қызғанып өзге жаннан өлгенде де, Тығады бір төбеге соны ақырын.
Ол емес, енді бақсақ, нəсіліміз:
Ол ғана – нəмəрт туған нас ұлыңыз. Осынау үлкен елдің үнін ұқпас Болғанбыз тосаң құлақ асылы біз.
Əулеті қазақ жұрты Сарыарқаның. Кім оның түгел сарқып сорар қанын?.. Ағайын алтау емей, біреу болса, Патшаң мен қанша бүлік салар ханың.
Қобызда, домбырада – ендігі үнде Ұрансыз ұйқтағаның елдігің бе?.. Білсекші: неше мəрте ат үстінен Алғыздық еңіреген ерді кімге?..
Жə, Қазжан! Өн бойыңда тың бар күшің. Сен менің «Сарыарқамды» тыңдармысың?.. Бір хадар ұнар болса, үйреніп қал, Мақтаншақ саятшы да құндар құсын.
Қазанғап қадамайды сұғын босқа, Күдіксіз күй сарыны бүгін басқа.
- Құреке! Құдай медет!.. Бастатыңыз, Иншалла, шарам кəне ұғынбасқа...
- Құрманының бір сұс келді миығына Қолды қол уқалады иі қыла;
Жарты кез көк сақалын екі айырып Лақтырды жар төбедей иығына.
Ақ басты айнымаған дөң қыраны... Селк етті; қатты қақты домбыраны. Күтпеген адам дереу шошығандай Күй болды құдіретті осы қандай?!
Əлде бұл тау тасқыны сарқырама; Ендеше, соның соңы сарқыла ма?.. Ғаламат сұрапылды бəлкім аспан, Қайтеді, дауылпазы шарқ ұра ма?..
Бітпеген жанар тауда көз қалды ма?.. Жоқ, əлде теңіз тентек қозғалды ма?.. Мүк басқан ескі кеме мүрдем кетіп, Аралдан қарауытқан аз қалды ма?..
Жоқ, əлде байтақ дала сілкіне ме, Жылай ма ақ бəйбіше, сылқым ене?.. Боз орда ақтарылып, бота боздап, Аулақта шұрқырайды жылқы неге?..
Қалың ту жер мен көкте желбіреп те, Тас түйін тар келді ме жең білекке? Батагөй бабаң тұрып қол жайды ма Оятқан ойды, қырды зеңбірекке?..
Əйтеуір дүние бір дүрлігеді.
Бұл неткен қүдіретті бірлік еді?.. Долы жан сабап барып домбыраны, Сағадан саусақтарын бір бүгеді.
Күшті ме жалындаған өрт осыдан, Мұхиттай бұл сағатта ол тасыған. Қайран ер қайта барып шүйлігеді-ау Аңсаған арманының ортасынан!
Дегендей: «Анық көрер салтанатым, Қайратым қалың қолдан сол табатын, Жоғалтса екі басты самұрық пен
Хан тақсыр, патша Құдай, сұлтан атын!
Шалқиды көшікен елдің қиялдасы, Сор-азап соңғы туған күй атасы,
Түп-түгел көз алдыңда қозғалады Өлкенің өзен, тауы, қия тасы.
Бар екен өзі-дағы ойлағандай,
Ұзақ жыл сағындырған ұлы ағаңдай, Əлгіде біткен күйді əлі тыңдап, Қазанғап отыр ойда уланғандай.
Ісі жоқ оның өзге күйіңмен де, Жұмыссыз қонағыңмен, үйіңмен де. Апыр-ау, қайғы, шаттық қайда кетті?.. Əлгі бір қатты соққан құйынмен бе?..
Жалғыз-ақ күлімсіреп күрсінеді.
Бұ да бір кек дауылмен көрші ме еді?.. Мұның да осы жүрген залымдарға
От шашып, ойнағанын көрсін елі!
Сол беттен Қазанғапты бұрман қазір. Асыл жан Ақтөбенің бір маңғазы.
Ол отыр əлгі күйді əлі тыңдап, Қасында ұйықтап кетті Құрманғазы.
Көбік шашқан
Түсті деп жан қыспаққа, мал қыспаққа, Адай көшіп келеді Маңғышлаққа.
Теңізден əрі жатқан кең түбекте Бабалар жетем дейді мəңгі ұшпаққа.
Көшкен ел бүгін теңіз жағасында; Аштарқан масасы да жоқ осында.
Бір түнше қалың күрке; ел ұйқыда; Беймезгіл отты бекер жағасың ба? –
Қап-қара толқындары Атыраудың, Қасында атан түйе, ат-лаудың Түнекте ыңырсыған ақтылы қой, – Баршаны күзетеді, апыр-ау, кім?
- Əрине, құдай өзі қам қылар да... Əйтсе де, күзетшілер, қалғымаңдар!
- Теңіз жақта болыңдар, теңіз жақта;
Қыз-қырқын деп, қымыз деп қаңғымаңдар!
Жатарда қалың күпі, тон ұстаған Осындай пысық шалдар таныс саған... Ұйқыда бəрі соның... жағадағы Жартаста екеу ояу тыныстаған.
Жайласқан жалпақ қара биік іасқа, Екеуі зор денелі, иықтас та.
Біз барсақ, əңгімені бəлкім олар Шерткені жанымызды ұйытпас па?..
Осы жұрт біле ме екен Қашағанды,
«Өлеңі – темір тікен, ошағанды» Біреуге жəбір-жапа біреу қылса,
Ол қашан жанып түспей, өше қалды?!
Осы жұрт біле ме екен Қашағанды,
«Құрықтан құтқармаған босағанды» Көрмекке ел қонысын тағы шыққан Тап қылды Құрманғазы осы ағанды.
Бұл күнде Құрманғазы жасы келген,
«Əйтсе де, оған жем бе жасық өлген?..» Əлі де сарқылмаған өнер бұдан, Махаббат, берекелі нəсіп елден.
Тоқтатқан Азнабайдай əңгі нені, Арқада аңыраған əн кім еді? –- Тамсанып тағы соған кəрі күйші, Жағада жалғастырды əңгімені.
Қ ұ р м а н ғ а з ы :
Сонымен кек мылтығын қожаңдатқан, Құтылдым палаштан да қазам жоқтан. Сарыарқа сапарынан қайтқан жылы Ай жатып, құрмет көрдім Қазанғаптан.
Жайықтан жазғытұры ілкі тасқан
Ат жалдап, судан өттім көл тұтасқан. Жатқанын қара дөңде қайран шешем Таныдым құлазыған құлпытастан.
Таппадым кіре қояр жер тесігін, Моланың төрт құлағын, төрт есігін Еңіреп құшыппын да, танымаппын Жас қыршын Қазиымның тəмпешігін.
Мен келсем, ел жаңылған əзілінен, Əр кімнің құшақтауға əзірі – мен. Көңілсіз өткен күнді оқи бердім Əуестің ақ самайы, əжімінен.
Ac татпай, қара шайды ай ұрттадым, Жаз бойы бір құдайды айыптадым.
Ерғали, Меңдіғали, бала Мəмен
Күй тартса, бір жадырап айықпадым.
Қазаға өз қайғысын сау төледі. Бір күні жақын қонды Сəукем елі. Батаға ат жетелеп күйеуімен Оралды осы Дина сəукелелі.
Кигені елден ерек қызыл-жасыл,
Мен көрдім бұрынғыдан қызыңды асыл, Тай жықтым тамашаға; өнері бар Жастары елдің қалай қызынбасын?!
Жинатып Жиделі мен Үштағанды, Ақ Дина алақанда ұстаған-ды.
Думанда бозбала мен қыз баладан Көрмедім көбелектей ұшпағанды.
Қоздырар делебеңді алға сүйреп, Əйелден сері көрдім алғаш рет. Жұмылған қаралы көз қайта ашылып,
«Маңымнан жоғал, дедім, ал қасірет?»
Серпілдім, «Серпер» күйін безілдеттім, Байқасам, дүниеден безінбеппін.
Сол күні əзіл қысып, бəйбішеге
«Əуенжан, келді жігіт кезім», деппін.
Уа, дүние! Ол жылдар да алыс қалды, Кеп көрдік жұлысқанды, алысқанды. Тынымсыз көкіректі күй мазалап, Қоймайды қиял шырқап əлі ұшқанды.
Қ ұ р м а н ғ а з ы :
Тек, əй, шайтан, денемді салқындаттың, Періштеге əрнені сəл тыңдаттың...
Əлгің рас, өнерде кəрілік жоқ,
Өнер – жаны өлмейтін сан қымбаттың.
Құрманғазы бұл сөзді бастай беріп, Ұшып тұрды, денесі тастай берік.
«Сұмдық, – деді, – жанданды мына теңіз» Сұрапылға құлағын тосты-ай келіп.
- Бəсе... бəсе... Мынау жел не деті кетті?.. Нар толқынды жар толқын дедектетті.
Жаман сарын келеді теңіз жақтан:
- Уау, сақтансаң құдайдан медет депті.
- Уау, үстіңді ақ топан суың басты!.. Күзетшілер бақадай шуылдасты.
Қазан-ошақ, қазықты ақырындап, Еппен келген алғашқы су ұрласты.
Арты жетті ағызып шапқан аттай, Көбік бейне көк тасқа шаққан оттай. Шашырайды жан-жаққа: ай астында Жердегілер құлайды шатқалақтай.
Жапырылды жағалай майда құрақ, Аруананың ботасы ойда аңырап: Қатын-бала бақырған, ит ұлыған, Ақ толқынның ішінде қой жамырап.
Ат жоғалды тепкілеп сағанаққа, Атан, үлек жұтқызбай сұғанаққа,
Талай жанды арқалап, жас бұзауды Қазығымен қалдырды суға ноқта.
Тағдыр елді тап қылды тағы азаттқа, Айғай-сүрең ұзады жаға жақда, Адасқанды шақырып алдағылар Қыр басында күпіні жағады отқа.
Ақын, күйші теңіздің ортасында, (Ел қайғысын тағы да тартасың да...) Ақ диюдай қамаған асау толқын Зəулім биік солардың жартасын да.
Олар отыр шошынып төңіректен,
«Міне саған жақсылық Тəңір еткен!» Ырғып кетіп барады теңіз жаққа, Бақан, уық, кебеже, темір кетпен.
Уа, көк теңіз! Жалмауыз жайының да Олжа тілеп оянды қойыныңда.
Қоңырау да соғылды су ішінен Ирең еткен нар бота мойынында.
Уа, сұмдық-ай!.. Ет жүрек шошынады: Тарқатып та болмаған шашын əлі:
Ақ көбіктің ішінде қарауытып, Өлген сұлу бұрымы шашылады.
Осыған да ай арсыз нұр құяды. Суда сəби саусағы тырбияды.
Құрман бейне құлпытас... Білер ме едің, Қайда кетіп сорлының тұр қиялы?..
- Бəрі, – дейді ол, – бармақтай (бақ үшін-ау!..) Бақыттан тұл, сұм заман тағысың-ау?..
Тойдырып-ақ бітті ғой, қу Құдайдың Жақсылығын жалынып тағы сұрау.
Жері күйген: көктемі, күзі күйкі, Қашқын адам, босқын ел ызы-қиқы, Бар көргенім осы да... Түк естімес Берсең еді одан да қызық ұйқы!?
Мешеу жұрттың қанына құмарттың да, Айдап келіп, бұған да құлаттың ба?..
Бір жақсы түс көрмеген көңіліңмен Құны қайсы естігіш құлақтың да?!
Əне, дүлей толқынның сұстылары Жас өлікті жайынға құштырады, Əлгі тапқан олжасын бөлісе алмай, Айдаһардан қаттырақ ысқырады.
Ал, бақытты əр жерден шұқынып тап, Бітір, зекет, салықтан сытылып қап!.. Саған, қазақ, опасыз толқындардың Олжалысы күледі сықылықтап.
Шулап кетті құлаққа шағалаң да, Қортпа балық қуанды жағаларда. Жас өлікті сабайды шапалақтап, Солар алып тереңге жоғаларда.
Аяғымның астынан мазақтаған Көк дүлейдің мұнысы азап маған.
Біреу болса, мендей-ақ Құдай құлы, Ауыр жүгін арқама аз артпағам.
Қатал тағдыр менімен көп ұстасты, Идім бе мен соныңа көніп басты! Тойдым енді: ұзақ жыл күнəсіз-ақ
Күл, топырақ, от шашты, көбік шашты.
Керегі жоқ жылмасақ кей үлгінің, He болар деп сұрама кейін күнім!.. Бітсін енді хикая мен туралы,
Үні басқа жаралсын кейінгінің.
Эпилог
...Өнердің бал қосылды қаймағына, Бабамның аты қанша бай мағына?! – Ол барды Еуропаның ұлы Моцарт, Шуберт пен Шопен туған аймағына.
Бір өмір шалқып барып бір тоқтары, Сазқұмар Бетховеннің ұрпақтары Атамның бағалаған асқақ үнін – Қазақтың шаттығына ортақ бəрі.
Сыймаған шеңберіне аз ұяның, Өнерпаз ер Ұланы Азияның Тыңдады «Сарыарқаны» сапқа тұрып Шырқады тағы-тағы өз зиялым.
Жайлаған күйге жомарт, сараң жақты
Кім білмес «Адай», «Серпер», «Саранжапты»
Алты хат Арабстан ферузасын Айқара осынау бір сарын жапты.
...Айтшы, дос! Өзің түгіл, асылында, Жаудан да менің сырым жасырын ба?.. Құрметті академик Құрманғазы, Өзімнің коммунисттік ғасырымда.
Таға алмас пітнəң да оны өсекке, Ол əсте қалған емес көне шетте. Ардақтап адамзаттың ақ тілеуін, Үндейді о да ғажап келешекке.
Баламдай өлгенімше бар сүйетін, Оқушым! Маған дұға қасиетің! Түгестім дастанымды; сағат соқты Бабамның рухына бас иетін.
ТАҒДЫР
Сері Жүрсін, Күйші Жүрсін баһман, Серпінділеу кірді де үйге шадыман, Домбырасын ала салып қолына Жырлап берді сырды сыртта дарыған.
«Шықшы сыртқа, көкжиекке қарашы, Шыған кесте көк пен жердің арасы; Ақ қанаттар, көк канаттар жарқылдап, Келе жатыр аңсап туған даласын!»
Келе жатыр, келе жатыр құс қайтып!
Үйде ешкім жоқ, отыр мұны кімге айтып?! Айтушы да, тыңдаушы да бір өзі, Қуанышы – күйі, жыры, жан сөзі!
Көз алдында қанаттардың жарқылы; Құлағында қанаттылар саңқылы.
Түсінен жан шошынар халде отыр Күйші Жүрсін бір өзі.
Қолында тек «Қу қарағай» досы бар. Қу қарағай – домбырасы қасықтай; Асықпайды ол күйші саусақ асықпай. Екі күйде: біреуінен бірі артық...
Шерту керек: ойлай беріп жасытпай. Қаңтарулы қалдырды да «Тұлпарды», Шертті күйші сұңқылдатып «Сұңқарды». Əсем сілтеп, күй қанатын ойнатып, Тербеп берді көк бұлттар да бұлттарды.
Сұңқылдады самғап жүріп «Сұңқар күй», Мүмкін іште: тыңдап жатыр «Тұлпар күй». Сол бір сəтте көкжиекте тербелген
«Сұңқар күйі» болар əлем іңкəр күй. Шертіп отыр сергіп күйші «ой басты», Жомарт дала: «Перзентім!» – деп той ашты. Айдын көлде құстар біткен «он» салып, Көк құрақтар самал желпіп тойласты.
Күйдің сазын бабына əбден келтірген, Күйші өзі де тəрізді əбден елтіген, Күнге төсей берген кезде иегін,
Сырт еткізген кім домбыра тиегін?
Көзін ашса екі аққу балапан... Қанаттары бейне аппақ алақан, Мөлиіп тұр қарсы алдында кезінеп:
«Домбыраңды тартшы! – дейді-ау, – тезірек!»
Уа, пəруар, бұ не ғажап, нанам ба?! Нанам, аққу тəқуа ғой ғаламда: Деп ойлана берген кезде екі аққу
Төніп берді... домбыраны қағар ма?!
Қорқу-үрку, ойында жоқ, мөлдіреп... Мына екі аққу еді неткен ер жүрек?! Жаутаңдаған көздерінде бар тілек:
«Домбыраңды тартшы, – деп тұр, – тезірек
Адамзатты мұнша адал дос көрген, Құстың барын күйші қашан ескерген?! Бар екен ғой, бар екен ғой! Уа, ғажап! Не құдірет, сонда мұнша ес берген?
Мамырлап кеп жақындатып тұмсығын, Ұғатындай домбыра үні тылсымын; Мойыңдарын көкке созып «аңқ» етті, Білдіргендей жүректері «қышқылын».
Аққудың бұл жұмбақ сырын түсініп,
«Сұңқар күйін» шертіп берді Жүрсінім! Ақ періште егіз аққу балапан
Тыңдай берді күй əуені мүсінін.
«Уа, жіберген, кереметтісі Тəңірдің! Тілектерің орындауға əзірмін!» – Шерте берді «Сұңқар күйін» күйшіміз, Өтемекке адамзаттық парызын.
Батарына жақындапты алтын күн,
«Сау болыңдар, қасиетті жарқыным!» –
Домбырасын шерткен күйі келсе үйге,
«Аққу!..» – деген – естілді бір саңқыл үн!
Күймен бірге екі аққу да үйге енді, Ес қалмады күйшіде де, күйде енді. Көл жайлаған, су жайлаған екі аққу, Адамдарға «Туыстастай» үйренді.
Жетім екен екеуі де шер жүрек... Шерлі жүрек болады-мыс ер жүрек... Шер жүрекке шер тарқатар үн керек, Бұдан бөтен бұларда енді жоқ тілек.
Қос жетімнің бұл сəттегі сезімін, Сипаттауға жетер емес төзімім. Жанымменен, қанымменен ұққаным; Жасаураған жанарлары көзінің.
Тыңдағанда «Сұңқар күйдің» самғауын, Тілегендей қанатының талмауын;
Екі аққу да қос қанатын қаққыштап, Арман етіп отыр ма одан қалмауын!
Жоқ бұларда, жоқ ондай ой деген, Айырмайды, құлағын күй пернеден. Тыңдай беру, тыңдай беру күй сазын, Жүрегінің жан жарасын емдеген.
* * *
Ай жетпес, жаздың жəннат тамызына! Айналған ай біткеннің аңызына.
Көрелік бір сипатын «Маржан көлде», Саржалдың жайсаң жатқан жазығында.
«Маржан көл» маржан десе, маржан еді, Суы бір қасиетті бальзам еді.
Тербелткен күміс толқын Маржан көлді Тəңірім тек Саржалға жазған еді.
Маржан көл, асты маржан, үсті күміс,
Жаз күндер малға да ырыс, жанға да ырыс. Менсінбей Маржан көлден басқа көлді, Қонады осы көлге келгенде құс!
Ақ бар ма жетер аққу ақтығына?! Пəк бар ма жетер аққу пəктігіне?! Көргенде көл үстінде жүзгенін
Тең тапшы сезіміңнің шаттығына?!
Тəңірім мұнша мүсін сымбат берген, Аққудай құстың барын кім бар керген
Толқын боп сипар ма едің аппақ төсін, Сəттерде ұшарында қанат керген!
Көл-толқын тербетуге бір тоймайды. Сəулесін толқындырып күн ойнайды, Аққу болу тек қана аққуға тəн...
Қарауға сипатына көз тоймайды.
Бар ғой, бар аққудан да басқа құстар; Аққуға бəрінің де жаны құштар.
Аққуға қанаттының бəрі қымбат, Жүзеді бəрінің де əнін тыңдап.
Қар кетіп жер көгере бастаса аз-маз, Қаңқылдап қоңыр дауыс топ қоңыр қаз Үйірлеп, үйректі ертіп соңдарынан,
Мəз-мəре Маржан көлде «тойлайды» жаз.
Маржанның оңтүстік пен шығыс жағы, Əлпештеп өзі өсірген бал-құрағы.
Арудың кəмшат ішік жағасындай Жай толқып, сезіміңді мəз қылады.
Құс біткен бірі жүзіп, бірі малтып, Ойнайды бір-бірімен суды шалпып. Қосылып қасқалдақтар қамыс жақтан, Қаз дауыс қаңқылдайды көкке шалқып.
Қаз дауысын бірде-бірі күндетпейді, Күндесе қаз дауысына үн жетпейді. Құстарда осында кең құрметтілік, Əрқайсысы өз дауысын өрнектейді.
Адам неге жүрмейді құстарға ұқсап?.. Өзінде барын өзі етпей нысап, Қызғаныштың өртіне ой алдырып, Озықты өртемекші матап-тұсап.
...........................................................
...........................................................
Көл беті қаз бен үйрек əм басқалар, Қаз дауыс бастаса-ақ тек, той басталар, Сайрандап, жүзіп, сүңгіп дуылдап жүр, Аққу жоқ, аққу қайда той басқарар?
Көл жатыр ешбір құсты аласынбай, Құстар жүр көлдің ерке баласындай, Сипайды көл толқыны құс қанатын, Сипаған жас бөбегін анасындай.
Көл үсті ұзақ күнге құс сайраны, Бəрі ұмыт жəбір-жапа қай-қайдағы. Түнеріп, түсі суып күз келгенше,
Құстардың тарқамайды бұл мейрамы.
Қызығасың қарауға бір тоймайсың, Жүйрік көңіл – құс боп, сен де ойнайсың! Сөйтіп жүріп көлдің емес, өмірдің Тереңіне телміріп не ойлайсың?!
Түсті есіме: құс біткеннің ажары Аққу қайда? Біткен бе өмір базары? Басқа кұстар сол екеуін құрметтеп, Аудармаушы ед екеуінен назарын...
Ұзын мойын, созса көкке жетердей, Аңқылдамайд, оны көкке көтермей;
Кең үнімен кербез мойын, кеңірдек Маржан көлдің патшасы боп өтердей.
Құстар көркі, көлдің көркі... аңқыл үн, Əу дескендей екеуі əсем саңқылын Қатар сүңгіп, қатар жүзіп, ырғалып, Жүрген кезі-ау, қос перизат жарқыным!..
Қанаттарын толқындармен ұштаған, Жайып қалса ақ торғынмен тыстаған, Бикештердің ақ шатыры тəрізді – Жанына ұстап қолтығына қыспаған!
Тұлғасы ірі, жандары пəк сезімді, Дуалайды көрген сəтте-ақ өзіңді! Жанарыңа жан сырыңды шығарып, Жүрегіңе оқиды-мыс дұғалық.
Дүниеде аққудай пəк адал жан,
Болар ма екен? Болды ма екен жаралған? Жоқ-ақ шығар... Туар мүмкін бір кезде... Тіршіліктің бақыты тек сол арман!
Өмір заңы – жақсыны ажал қойған ба? Жақсыларды жұтуға ол тойған ба?
Маржан көлді бір қасірет торлап жүр, Немен тынар? Ойлан, мейлің, ойланба?!
Сұм тағдырға сөзің сірə өткен бе? Екеуі де тап боп «ажал өткелге». Опат бопты... Опат бопты, не шара? Балапандап өткен жылғы көктемде.
Ата-енесіз сорлап қалған қос жетім, Шер тарқатар үн керек қып жүретін... Құлақтары шалды бірде күй сазын, Сорлыларды аяған ғой құдіретім!
Көл жиекке шықты да көк құрақтан; Шерлілерге шер тарқатар үн қатқан Күй əуенге күйші тартқан ынтығып,
Тоқтай қалды, жақындап кеп бір жақтан.
Күйдің сазын бабына əбден келтірген. Күйші өзі де тəрізді əбден елтіген, Күнге төсей берген кезде иегін.
Сырт еткізген кім домбыра тиегін?
Көзін ашса екі аққу балапан, Қанаттары бейне аппақ алақан. Мөлиіп тұр қарсы алдында кезінеп,
«Домбыраңды тартшы! – дейді-ау, – тезірек.
Бұдан соңғы хикаясын бұлардың Ілкі бұрын шумақтарда жырладым. Егізінен айырылған жас аққудың Хал-жайын, қасіретін əм тыңдағын.
Екі аққусыз басқа құстар жүзбейтін, Жанарларын екі аққудан үзбейтін.
«Екі əулие – ақ періште тұрғанда, Əншейін бір құстармыз ғой біз дейтін!»
Бұл екі аққу аққуы ғой Жүрсіннің Тірісінің жүрегінің дүрсілі: – Егізінен айырылғандық қасірет, Аңырайды, алқынады күрсініп.
Жатып алып іштей жоқтап егізін, Өрт шалғандай іш қасірет теңізін, Жаудырайды, жасаурайды жанары, Жасыра алмай жан күйігін сезімнің!
Сорлы аққу егізінен айырылған, Мұның не бұл, осыншама қайғырған? Тұр орныңнан, тірлік керек тіріге, Жата-жата қанатың да майырылған?
Деп күйшіміз... Аққу жанын үйірген, Қасіретті тарқатпақ боп түйілген; Күйді шертіп, көлге ертіп барады, Аққу ше? Аққу мұң басты сол күйімен.
Көлге апарса аз жүзіп, тез шығады; Күйші Аққудың қасіретін ұғады.
Көкке төсеп жатып алған бауырын, Көтереді домбыраның бұрамы.
Тұрып келіп күйші достың қасына Махаббаттай бір-біріне ашына, Мөлдіреп кеп тапжылмастан тұра қап, Тыңдайды кеп, күй құдіретке бас ұра.
Бүгін тағы ыршыл Жүрсін əн-күймен, Көлге қарай беттегенде үйінен,
Ере шығып, жалқы аққу сезеген Көлге келді күміс толқын үйірген.
Жүрсін түспей көлге аққу да түспейді, – Жүрші, жүр! – деп, Домбырасын тістейді. Түсінеді жүрсін жаны сезімтал,
Не айтып тұр Аққуының іш пейілі.
Домбырасын кеудесіне жапсыра, Күйме жағын иегімен басты да; Домбыраны күй сазымен сайратты, Құс біткенге «Күй театр» ашты да.
Жалқы аққу, жетім аққу шер-шемен, Домбыра үні тербелткенде күйменен, Жүзіп... тыңдап... Бір кетіп, бір келіп жүр.. Бір өзінің бақытыңдай көл сүйген.
Тыңдайды-мыс күйді басқа кұстар да, Күй сазына бұлар дағы құштар ма?! Бірде-бірі үркіп, ұшып кетпестен Сүңгіп шығып... Жүзеді осы тұстарда.
Күнде осылай болып жүрді тамызда, Жүрсін, – «Аққу» айналды елде аңызға. Сенбегендер келіп көріп əдейі
«Тіфə, Тіфə! – Əдемі, – деді, – əдемі, Құдірет қой – десті – адам əлемі!»
* * *
Бір күні көлге тағы апарғанда, Бір аққу көлге қонды қатар ғана.
Айырылған егізінен қайғылы аққу, Шығарып салды аз ғана сапар ғана.
Қайтып келді күйшінің өз қасына, Күй ғана жан серігі, əм анасы да, Аққудың Жаны Күй мен күйшіде дей, Риза бар адамзат баласына.
Осылай жасай берсе нешелер жыл, Бұл аққу бермек емес өзгеше сыр. Күйшіде, аққу дағы қайдан білсін, Тұрғанын не дайындап өгей тағдыр?!
Бір кеште Қарттар да бар, жастар да бар, Ішінде бірлі-жарым мастарда бар.
Жайсаң жүз, жаны таза достар да бар, Кірпі жүз жүрегі жұт қастар да бар.
Жүрсіннің тыңдаймыз деп «Сұңқар» күйін, Бас қосқан күйші үйінде кешкі жиын...
Қақ төрде сəлде сақал Аңсаған карт, Көбісі – жұпыны көңіл, жүдеу киім.
Кең де емес, тар да емес төргі бөлме, Есігін айқара ашып келгендерге, Төселген көне кілем, көне көрпе,
Қош алып, жай жайылып жатыр төрде.
Жүрсіннің əкесі де, шешесі де, Жүдеулік өткен күндер есесіне Жүрсіні – күйші, елі құрмет еткен, Мəз-мəре күндеріне бұған жеткен.
Аққулар Жүрсін жанды келіп тапқан, Жіберген қасиет қой Жаппар хақтан! Шүкіршілік! Мың шүкірлік! – дейді ата-ана, Тəрізді періште кеп шамын жаққан.
Ақ көңіл бала күннен адалдығын Ардақтай білген Жүрсін адамдығын. Сүт жүрек, Қулық-сұмдық ойламайтын, Аққу жан түкке де жоқ харамдығы.
Өмірдің перзенті бір инабатты, Сосында жігіт болып өсті сəтті. Аққудың екі жетім балапаны,
Сол шығар... Мұны ғана келіп тапты.
Перзенті домбыра мен əн-күйіне, Мейлі сыртта, мейлі өз үйінде, Уайым, қайғы-қасірет дегендер жат, Толыдай рахатқа кең дүние!
Дерліктей: Аққу да аққу, күйші де аққу, Өмірді шын сүйгендер тату-тəтті,
Сол кеште мына отырған үлкен-кіші Күйшіге, күйге арнады хақ лəззатты.
Қасында сүйген жары сұлу Гүлсім, Көктемгі ақ қайындай сұлу мүсін; Күй шертіп отыр Жүрсін жаны сері, Ісі жоқ, керуен көшсін, иттер үрсін.
Бақыты, рақаты сезімінің
Тəтті күй сыңқылдатты сезім үнін. Жаны елтіп, көңілі толқып тыңдаушылар Ырқынан айырылардай төзімінің!
Күйші отыр самғап, сілтеп сан ырғақты, Жұрт тілеп «Сұңқар күйін» сұңқылдатты. Боздатып «Боз інгенді» ботасы өлген, Күрсінтіп, кейбіреуді ыңырантты.
Баба күй балбыратып жанын жұрттың. Жайып сап жазирасын тұрды үміт күн.
Саумалдай самал желпіп жайлау төсін, Түңдігін айқара ашып еркіндіктің.
Білесіз, күйшіміздің аты – Жүрсін, Ісі жоқ күйден басқа жансын, күйсін. Бөленген күй бесікке періште жан, Алдында не тұрғанын қайдан білсін?
Сан сезім сан қияға самғап шауып, Шаршы топ дарқан көңіл рахат тауып Тербеліп күй толқынға отырғанда, Күйшіні бір «сар қасқа» алды қауып.
Қауып, талап кетпеді, алып кетті;
О, сұмдық... Талай жүрек талып кетті. Қарғады қалың қауым лағнет айтып; Қасқырдай қанға құмар Шалықбекті.
Аңырап қала берді қалың жиын. Көңілді бұлт басты зіл қара құйын... Күй боп туған, күй болып жасай-тұғын, Күйшіге осы ма, өмір, тартқан сыйың?!
Десті жұрт «Аһ!» ұрысып жалбарына... Сорлы аққу аңғармады, аңғарды ма?! Барды да құлап қалған домбыраға...
Дедектеп сыртқа ұмтылды... зарлады да.
«Қой!» – дейтін Құдірет жоқ Шалықбекті Ай-түй жоқ Аққуды да атып кетті.
Күйшіге күйінішті жаралы аққу,
Ақ жүні қызыл қан боп талып кетті.
МЕН – ҚАЗАҚПЫН
I
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы кең.
Пəк сəбимін бесікте уілдеген, Дəуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым. Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
...Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен, Қалалар да өтіпті түз белінен.
Қаңқалары табылып жатыр қазір Соғыстар мен жорықтар іздерінен.
О, замандас, соларға бір қараңыз; Əр кірпіші, əр тасы бір қора аңыз. Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп, Өшкендерді табатын бір ғана біз.
Мирасы ма, мұра ма, аз ба со да? Алынбайды алтындай қазбаса о да. Тереңім көп, тұңғиық тарихым кеп, Жылдар көші том-томдап жазбаса да.
Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім. Білдім бірақ найза мен аттың белін.
Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,
Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.
Жетпеген жоқ ғылымға зеректігім, Сезбеген де емеспін керектігін.
Қала бердім жарыққа жол таба алмай, Қараңғыға тас батып өр екпінім.
...Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын, Жаза алатын, ғылымды қаза алатын. Жаза алатын дүниелік дастандарды, Жаза алатын тарихқа қазақ атын.
Атымның да кеше ғой танылғаны, Оған дейін не таңба таңылмады? Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз – Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, түн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
- Жоқ, ондай ел болмайды жер бетінде Мал соңында кұл емей, желдейтін не? Мен – Шыңғыс хан, атыңды өшіремін. Менмін сені тірілей жерлейтін де!..
Екі айтпайды хан тақсыр, бір кеседі, От көссе де қолымен, бір көседі.
Қылышына ілініп қылша басым, Əр шапқыншы қолында жүр кесегі.
Шегірткедей қаптаған ат тұяғы Тозаңдатып талқандап жатты ұямды. Ит үрікті түтеген түтіндерден,
Шат күлкілі даланы жат күй алды.
Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым. Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым. Сансыз басты диюдай сан тіріліп,
«Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым.
«Мен – қазақпын» дедім хан Темірге де. Жезтырнақша қадалды жебір неме.
Шыңғыс қорқау болғанда, мынау бөрі, Біреуінен бірі кем елірді ме!?
О да Құдай саналды, жұртты алдады. О да мені өлтірді, кұрта алмады.
О да кетті жегідей, жерімді отап, О да салды денеме дыр таңбаны.
Таңба – таңба тəнімнің тыртықтары Қатпарына қаншама сыр тықпады? Шежіренің беттерін ашар о да,
Оқи алсаң кітаптай, сүртіп қанын.
Қан да, көздің жасы да сорықпады. Күреңітті көлдердің борықтары.
Азан-қазан «Ақ табан шұбырынды», Ала топан жоңғардың жорықтары...
Мал айырылды дағдылы жайлауынан,
Жер айырылды жарлы елден, байлы ауылдан. Қыран бүркіт адасты мекенінен,
Қыз жаңылды сертті сөз байлауынан.
Сарыарқада сарнады Асан Қайғы, Домбырадан бақсыдай бас алмады.
«О, қарт баба, еңсенді көтер! – дедім, –
Көп күрсінсең, көңіл де қасаңдайды.
«Ару – жолда, мал – төрде, бала – белде», Уайым түбі – теңіз ғой, бара берме.
Жігер керек, жыр керек, жалау керек, Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге.
Жерімізде жау қолы жосығанда, Тура айтуға тірі тіл шошығанда, Жалғыз дауыс – домбыра емес пе еді
Қарсы барған қаныпезер Жошы ханға?
Күй емес пе ботасыз нар идірген? Əн емес пе аққудай жар ілдірген?
Жыр емес пе жүрекке жел бітірген? Олар барда дей алман тарылды іргем.
Жолдас емес адамға дүние боқ. Жұмаққа да жүр қазір дін ие боп. Өлең қалсын ұрпаққа, өнер қалсын, Ата мирас мəңгілік дүние боп.
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті. Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең
«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті...»
Сондай-сондай заманды кешкен елмін, Жұт арытып, шөл қысып көшкен елмін. Өшіп кетер бір жайда жер бетінен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Дос та іздедім жау тисе болысатын, Қыс қыстасып, жаз бірге қонысатын. Еділ, Жайык, Ертісті сағаладым, Үміт көрдім қаһарлы орыс атын.
О да қолын ұсынды тосқан таңдай. Тар кезеңде табысқан достар қандай! Жайып салдым алдына жанымды мен, Аппағынан жарылған дастарқандай.
III
Жайып салдым сырымды дос алдына, От басында, өрісте, қос алдында.
- Жан-жүрегі көзінен көрінетін
Қазақ, – дедім, – отырған осы алдыңда.
Көшіп – қонып жүргенім мал қамынан, Өмір іздеп су, шалғын алқабынан.
Одан өзге тіршілік, кəсібім жоқ,
Не тауыппын құранның əлхамынан.
Ұқсатамын оны мен қысыр малға. Білем, бұл сөз – күпірлік мұсылманға. Шынымды айтсам, Алланың өзін де мен Еске аламын кейде бір қысылғанда.
Шариғаттың шартынан үрке бердім, Көргенім жоқ өмірге бір керегін, Еркек болып сəлдені сыйламадым, Əйел болып бетімді бүркемедім.
Жоқ, дін емес, мал – жаным, жер – кіндігім. Жалайды итше жарамды – дертімді күн.
Күн астында гулеген желді сүйем, Сүйем оның тежеусіз еркіндігін.
Келгенім жоқ дүниеге кемді – күн мен. Күн болмаса алар ем емді кімнен?
Хауанадай көңілшек түзден тудым, Сүйем оның қиялдай кеңдігін мен.
Жарқын, жалпақ, жайбасар керіктігін Табиғатын десем де еріктімін.
Сүйем оның самал таң, салқын кешін, Сырға өзімдей түнінің беріктігін.
Келбетім бар шой қара құздарымда, Жаралғандай ызадан ызбарлы о да. Досыма көл, жауға шөл мінезімдей Аптап шілде, ақ боран мұз-қары да.
Құшақтасам, сүйегім сынды деме, Сүйе қалсам, тынысым тынды деме. Жылай қалсам жұбатпа, мұңды деме, Сақ-сақ күлсем секіріп, жынды деме.
Құс ішінде ұнайды қыран маған. Күрт құлаймын құласам, бұраңдаман.
Іштей сүйем, сүйсем мен, іспен сүйем, Көлгірсімен, көзіңше ұрандаман.
Аққу, бұлбұл əнімен сылаң қақтым, Сұлулыққа, өнерге сұғанақпын.
Сауысқан мен қарғадан жиіркенем, Бірі сұйқылт, біреуі сырғанақ тым.
Қызық көрем жəндікте құмырсқаны, Тырмысқаны тынымсыз тұрмысқа əлі. Белі үзілген бейнетқор қайтер еді Бітсе менің күшімнің бір мысқалы!?
Қолдан түспей ақ таяқ, шалғы орағым, Қалт-құлт етіп тірнектеп мал құрадым. Жұлдызбен тең мен қазған құдық саны, Сүйем судың мөлдірін, бал бұлағын.
Сүйем гүлдің қызылын, қызғалдағын, Қызыл алтын секілді ол қызғанда күн.
Иіскеп тұрып соны мен, бақ аңсаймын, Болса өзгеде, жоқ жəне қызғанбағым.
Тамызықпын жолдасқа, пілтедеймін, Жал-құйрығын атының күлтелеймін. Өз үйімде тимеймін жауыма да, Жығылғанға жұдырық сілтемеймін.
Құнықпаймын дүние – шолаққа мен, Асым барда қуанам қонаққа мен.
Жолаушыға сатпаймын көлеңкемді, Болса болды бірер əн – қонақ кəдең.
Даяшымын, бəйекпін, ең кішімін, Демесе кім «мен тақсыр, мен күштімін». Шоқпар боп та шекеме тимеген жоқ Жомарттығым, аңқылдақ сенгіштігім.
Қазақтың да жоқ емес «жау шаптары», Қолымыздың бірдей ме саусақтары.
Есімімнен садақа кетсе олар,
Демес едім «қабырғам қаусап қалды».
IV
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Қашан қазақ атандым мен азандап? –
Əлі күнге білмейсің, ей, адамзат.
Есіміме береді бала жасын Құлпытасты шұқыған кей азамат.
Өзі шешер тарих талас үнін, Əйтеуір мен – адамның баласымын. Екеу емес, адамзат біреу ғана,
Айырымы жоқ ақ өң мен қарасының.
Адамзатта айырым жоқ, адамда бар –
Адамдықта, əдетте, аранда бар. Бөлтірігін жей-тұғын бөрілер бар, Бабасын да сатады арамға олар.
...Өшпей-тұғын от іздеп құр сандалған Прометей мен болдым құрсауланған. Жарқылдадым Исатай найзасы боп, Махамбет боп тілінен жыр саулаған.
«Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атаңдай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай – Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін қиратып, Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім...»
Қамшы үйірдім атойлап хан тағына, Хан-сұлтандай қайырымсыз аң табына. Жалаңдаған найзама жалт қарады Қаңтарылған зар заман аңтарыла.
Кезіккендей бір сойқан сең селіне, Теңселгенде қанды тақ еңсеріле, Тұрып қалды жамбастап сүйеніп ап, Ақ патшаның қап-қара семсеріне.
Тұрып қалды, түндігі желпілдеді, Төне түстім, дауылым серпілмеді. Өштескен соң өліспей бітіспеймін –
Не сен! Не мен! – болды тек сертім де енді.
V
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.
Қайран ұлы ел анадай көп балалы, Тағдырымның бетіне дөп қарады.
- Шеттен таяқ жемессің мен тұрғанда, Патша-екеңнен болмаса... – деп қалады.
- Жоқ, жоқ, – дедім, – мен оның пендесімін Сол береді шапағат, ел несібесін.
Ағзамына айтамын арызымды, Танылады ұлындай енді есімім...
Сəби сенім, ақ үміт желіктірді, Əлде алдамшы бір сайтан еліктірді. Шағым етіп, дейінші, мен байғұсың Қол қусырып сарайға келіп тұрды.
- Қазағыңмын, Алдияр, үмметіңмін, Еділ, Жайық, Ертістің күн бетімін. Күн астында күн көру қиындады, Қуғын шектім, күзендей індетілдім...
- Тоқтат! – деді патшамыз, – қазағы кім? Қазақ деген жоқ болса, азалы кім?
- Қара қырғыз, Алдияр, онысы бір, –
Деп нөкері көбейтті мазақ үнін.
- Мен – қазақпын, қырғыз ол – туысқаным, Бірге тартқан тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бəлки, Бөліп берген егізге уыс нанын.
Ерке Талас, ер Манас – қырғыз деген, Төскей, төсек, тілегі бір бізбенен.
Ол болуға, Алдияр, арланбаймын, Ал қай Құдай қазақты білгізбеген?..
- Болған емес, болмайды қазақ деген! – Патша ашулы, шеккендей азап менен. Əттең, əттең айтқызса өз алдында,
- Ей, Алдияр, ақылың аз-ақ! – деп ем!
Шығысыңда сұр дала сұлап жатқан. Қазынаң ол, мола емес құлап жатқан;
Бүлкілдеткен ұртыңды бифштекс –
Шопан ата көз жасын бұлап жатқан.
Менен, тақсыр, жерің аз жат сыр алған. Қызметіңде қалбаңдап қат сыналғам, Сен білмесең, біледі Наполеон – Солдатың боп Сенадан ат суарғам.
Сонау орыс мұжығы, қара халық Көрген емес көршіден дараланып. Өгіз менен, соқа одан, білік одан, Ортақ егін саламын, қара барып.
Екі тілде сөйлейді баламыз да, Екі тілден тояды бал аңызға.
Даламызда жолығып тамыршылап, Құда түсіп қоямыз қаламызда.
...Шеркеулер де, мешіт те былай қалды, Жерде патша, аспанда Құдай қалды.
Бөгеттер мен жасанды шекаралар Бөле алмады, жалп етіп құлай қалды.
Қазақ атты мал баққан шаруаны Қастерлейді Пугачев аруағы.
Тағы ерер ек тірілсе, тағы өлер ек Күл астында тығулы қаруы əлі...
Бір жазықты тым ұқсас тумас еді, Бір болмаса арманы, тұлға, шебі – Ер Пугачев – қазақтың Исатайы, Нар Исатай – орыстың Пугачеві.
Сезем, патшам, тағы бір жақпастығым: Зəреңді алған жұртыңмен аттастығым. Мен – қазақпын, ол – казак – қазақ, орыс, Қынапта құр қос қылыш жатпас бүгін.
Дүбірлес ем дауылмен, мен бірлес ем, Пушкин білді қазақты, сен білмесең. Даланы да түрмеге айналдырдың, Арылмаған аяқтан сен бір кісен.
Пушкин мені алыстан іздеп келді, Бұғауларды жырымен үзбек те еді. Өз жанымен жанымды салыстырды, Көп ұқсастық көзінде тізбектелді.
Көл-көсір əн, кең жазық көсілген əн, Керуенін заманның көшірген əн, Қозы менен Баянның сырындай əн, Күйзелткен əн, көңілді өсірген əн...
Аңсап келді ұлы ақын, ұға келді Құдіретті əн иесін, құба белді. Қараң етіп алдынан, күркелерден, Көлеңкесі Пугачевтың шыға берді.
Шыға берді, дауылды шақтай əлі... Жаңа жыр боп ақынға бақ таянды...
«Сұлу Баян, – деді ол – Татьянам, Татьяна – қазақтың ақ Баяны».
Ақ табан боп жатсам да босып – өріп, Ақын кетті даламның досы болып.
Соның да сен, Алдияр, жендетісің, Тұра-тұғын тоятсыз тосып өлік.
Досым еді украин қобзары да, Қанып еді Жыр – Тарас көп зарыма. Сен итеріп оны да жібергенсің Арыстан жал Аралдың көк жарына.
«Танған жоқсың əлі сол бағытыңнан! Дер еді олар, бір тұрса табытынан, – Қазақтың да білерсің кім екенін, Соға қалса өр дауыл тағы тыңнан!..»
Ал əзірге білмесең, білме, патшам, Болды маған мұжықпен бірге жатсам. Болды ұқса жанымды солар менің, Болды соның білігін тілге тартсам.
Білмейсің ғой мен түгіл соларды да, Халық қамы ойыңа оралды ма?
Жезөкшедей жат тілде шүлдірлейсің, Күлесің сен орыстың соры алдында.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.
Мен – бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын, Оң-солымды туды енді абайлар күн.
Оятқандай даламды дауыстары
«Кім жазықты?» дегенде талайлардың.
Мен өзгердім, көп жіті көз-құлағым. Бөгде-бөгде жайларды сөз қыламын. Қилы ертегі шертеді тамыр орыс Қанжарының бір сипап жез қынабын.
Талай сөзі миымда шегенделді:
«Күрес», «теңдік», «декабрист» дегендері. Жүрегінде жүн болар орыстардың, Патшаға да оқталса, егерде елі.
Жалғыз қалсаң, жасисың, əл кетеді, Жақсы жолдас сүйейді, əлді етеді. Жырға қосып Стенька Разинді Орыс, қазақ отырып əндетеді.
Кейде кезі болады «тастап алған», Бақыт тілеп, нұр тілеп досқа таңнан. Ақ шөлмекті құйрықтан бір-ақ қойсаң, Ақ патшаны табасың тостағаннан...
Ех, Алдияр, шерімді тарқататын
Ащы судай жоқ болды-ау марқабатың. Саған деген жанымның, жүрегімнің Арктика жайлады əр қабатын...
Жоқ, жоқ, сенің алдыңа кіре алмадым. Тыңдайды деп сөзімді тірі алдандым. Бұл – айтқаным ойымның даусы ғой тек Өзі ғана еститін бір Алланың...
Сол Алла не, патша не бірақ маған? Екі айыпты біреуін бірі ақтаған.
Мен – қазақпын, перзентпін танылмаған, Сот алдында «əкемді» бір-ақ табам.
VI
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.
Дүбір дала дабысшыл, дабырашыл, Ат қосқандай бəйгеге ауыл да асыр. Көп күркіреп, жалт ойнап жетті түзге
Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр.
Миллиондардың үніндей жаңғырығы-ай! Тарап жатыр өлкеме жан жырындай.
Қапырықта қаһарлы Бесінші жыл Төгіп өтті жаздың ақ жаңбырындай.
Таң белгісі секілді жел тұрды саф, Саф самалға шөліркеп ел тұрды аңсап. Белбеуіндей шығыстың шапанының Көкжиектен көрінді кемпірқосақ.
О, қызық-ай, қызылы мол ағынан, Ту желбіреп тұрғандай жолағынан. Жоқ, əншейін қызылшыл əдетімен Əлденеге жориды, шолады жан...
Кемпірқосақ шыққан жоқ асылы өзге, Болған да емес қызылы, жасылы өзге.
Өзгерген тек өзімнің көзім, бəлки, Самолетті, сауытты ғасыр өзге.
Қой торымен мен бірақ жүрмін əлі, Кей жағдайда жаяумен бірмін əлі. Жаңа естідім заводтың гудоктарын, Өгей бала үніндей үн бұл əлі.
Əлі де одан жүреді үркіп атым. Жекірігі секілді ол Урквардтың. Урквардтың қалтасы – Қарағанды, Аузына оның Алтай тұр бүркіп алтын.
...Табысады ту тіккен Нілдімен де, Кімде қайрат барын да білдім енді.
«Мен – басшымын, сен – қосшы» десе біреу Ер қасына сойылды ілдім мен де...
Пісіргені көк құрыш көріктердің, Сарбаздарға сом дойыр өріп бердім. Қолы аттың жалында тұрған халық, Баса киіп тымағын, бөріктерін.
Кейде қозып кеткендей делебесі, Лап береді ел дауы, жер егесі.
Шаңырағы шатырлап ақ ордалар, Қара күйе болады керегесі.
«Бұл – ойыншық, алда зор насыры əлі, Ақ патша да аяққа бас ұрады.
Ақау, айдай, ашылар көңіл шайдай!..» –
Деп күбірлеп тұрғандай ғасыр əні...
Дала соны тыңдайды, «ұзын құлақ».
«Ұзын құлақ» əзірге ызың бірақ. Ызың бірақ маған өр жел бітірді, Қыран билік алғандай, құзғын құлап.
«Мен – қазақпын» деп қоям батқан күнге, Көз қысам шығып келе жатқан күнге.
Бəйге күткен тұлпардай жер тарпимын, Асығамын қиқулы «аттан» күнге.
VIII
Мен – қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске, Айта бергім келеді айта бергім.
Айта келдім ақ – адал жүрегіммен, Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен. Ақын тілі, махаббат, бұлбұл тілі – Жыр ғып қазақ тілімен жүремін мен.
Жас күшіктей жарық нұр дəніктірген, Тырнап аштым көзімді əріптермен.
Марқа бұзау секілді қадалдым кеп Желініне ғылымның дəріптелген.
Қанша бүгін əлемге аян ұлым! Тыңдайды түз сансыз шат Баян үнін. Қайта туған қарт Жамбыл, жас Күлəштар Бір-бір жолы жаңа өмірбаянымның.
Мені уақыт шыңдады, шынықтырды.
«Күрес – бақыт» дегенді шын ұқтырды.
Көз алдымда ұзарып көлеңкесі
Зəулім құрылыс, ұлы істер тұнып тұрды.
Жалындатып бесжылдық жалауларын, Əр төбенің басында алауладым.
Əр кірпіштің сəбидей жауырынын жазып, Əр шешектен арадай бал ауладым.
Турксиб боп төселдім поездарға, Поездарша жүк артып ой озды алға. Қарағанды аталған кочегар боп, Отан пешін қыздырдым аяздарда.
Тіреу болдым Жезқазған шахтасына, Бақыт жатты сары жез саф тасында. Жер астынан көр емес, жұлдыз көрдім, Түстім қызыл екпінді тақтасына.
Құнықтым мен еңбекке, дəндеп алдым, Тамшы болдым, шық бодым, дəн де болдым. Əлдилендім заводтың гудогымен, Соныменен оянып əн боп өрдім.
Ғаламат күш, апырау, бұл не деген? Тас та қалмас, сеземін, гүлдемеген. Тəттілігін еңбектің осыншама Қазақ қазақ болғалы білген емен.
Сепкенім – дəн, шашу – гүл, тергенім – бал, Өрмектерім – өзендер, өргенім – тал,
Жаңа үй болған жастардай мəз боп жүріп, Жақсы күнде жаман түс көргенім бар.
Жылды айтпаймын қап түбін бос ақтарған, Шалбарымның белдігі босап қалған.
Түнді айтамын бауырымнан Сəкенімді ап,
«Жау» деген сөз жанына қосақталған...
IX
Мен – қазақпын, белдімін, байтақ елмін. Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске, Мен Ленин есімін айта келдім.
Айтып келем, айтамын, жар саламын, Жаршысы қып даланың барша адамын. Мен күлемін, жырлаймын, қызумын мен, Жер-жаһанның ішкендей бал шарабын.
Көлеңкесі көлбеген көк төрінде Алатаудың көк бұйра бөктерінде Ойнап берді оркестр күймен қырып, Көктемеде əуезі көкке өріле.
«Қазақ елі – мереке» күйдің аты. Аясындай аспанның күй қанаты, Дірілдейді жас қыздай жігіт күткен Табиғаттың құз атап құйған заты.
Жалғыз тұрса тау емес, бір ұршық тас. Жалғыз қаздың, деген бар, үні шықпас. Қырық рудай сан жылдар тозғындаған Домбыраның өзіммен күні ұшықтас.
Сардаланың шөлдеткен сырдаң жазы, Жапа-жалғыз сол көптен тұрған қазды.
Алып келген өлтірмей – асқан өнер, Найзагер күй сиқыры Құрманғазы.
Мылқаулықты домбыра жерлейді енді. Көкжиекті күмбірі кернейді енді.
Контрабас, прима, қобыз, керней, Ду көтеріп қосыла сермейді енді.
Өз атымдай мəшһүр болған аты, Домбыра да осындай қол – қанаты. О да шықты əлемнің сахнасына,
Жалт қаратты, телміртіп мол қаратты.
Тыңдайды ұйып арбаған оркестрді Маңқиған тау шөгерген нар кескінді. Əр дыбысы даланы думандатып,
Əр шертуі бауырына тарта естілді.
Дəл ұқпаңдар сөзімді «дала» деген, Өзгерді ұғым көп ғасыр ала келген. Қандай дала, лық толы дастарқаны, Қала оттары самсаса ала белден?
Қандай дала Кентауы, Теміртауы, Алтын тауы, жез тауы, көмір тауы? Қандай дала жас орман, жасыл жайлау Тұрған күліп төсінде өмір таңы?
Қандай дала жолаушы шөлдемесе, Сайтанданған сағымды «көл» демесе, Ай жүргенде жолықпай жалғыз пана,
Бір сапары жүз рет «өл» демесе? Қалай сондай дей алам Сарыарқаны,
Сал Біржандай тірілген əні арқалы. Көкжиекке соғылған алтын теңіз Алтын мұртты бидай ғой əр алқабы.
Жапырылған толқындай, қопарылған, Жалы қандай жайқалған шоқы – адырдан! Шал күйеуден құтылған арудай түз! – Топас кетпен, азусыз шот арылған.
Жыр толғанып соны ойлап, «дала» десем. Түседі еске ұйқастай дана көсем.
Дана – дала, сондай-ақ дала – дана, Бір ұғымға қалайша баламас ем.
Талай заман жаныштап жабырқатқан, Тəубеге кеп, тартқандай Тəңір қартаң, Мен күш алып, аспандап тұрмын бүгін, Таңырқаман, бірақ мен таңырқатам.
Айсыз түнде қыз торып, мал қорыған Қандай сырлы «Ал қоңыр» – бал қоңыр əн! Əнмен бірге кемелер кетіп жатыр
Старт алып космосқа Байқоңырдан.
Байқоңыр бұл – екі сөз: бай да қоңыр, Бай да қоңыр қанатты байтақ өңір.
Адамзаттың алдында жатқалы тұр Сол баспалдақ арқылы Айдағы өмір.
Биіктіктің даламмен бірге есігі, Өз атымдай естілген елге есімі.
Орыс ұлы Гагарин – менің де ұлым, Менің жерім оның да бір бесігі.
Осында да тербелді, сусындады Эйнштейн, Кюридің қисындары. Сол бесікте жасарды Циолковский,
Содан таппақ шын ғылым сый-сындарды.
Сонда туды қазақтың дер көктемі, Қара көзі көкке өтті, жерге өтті енді.
Сол бесікте бір мəз қып, бір қайғыртып, Қанышым да екі рет жөргектелді...
Ол бесігі – ана мен əкенің де, Жаралған тек тіршілік əкелуге. Сол бесікте бір түгіл екі туды
Қызыл сұңқар, ақ жүрек Сəкенім де...
Дəуірледің, о дала, ойқой дала, Дандайсыма сен бірақ, айқайлама. Жай үнің де гимндей саңқылдаған Жетіп жатыр даңқыңдай қай-қайда да.
...Дəріптейді оркестр дана атын, Өмір берген, дəн берген далаға тың. Алатауды ұялап шыққан күндей Аспандайды қалықтап ғаламат үн.
Ол үн мөлдір өзеннің сылдырындай, Шат күлкінің саф күміс сыңғырындай. Самал өпкен егіннің сыбдырындай, Шабыттанған ақынның тың жырындай.
Ол миллион жүректің дүрсіліндей, Тасқын атқан таулардың гүрсіліндей.
Ол үн жаңа ерліктің дабылындай, Құлдырайды, самғайды бір сүрінбей.
Кейде оркестр кербездеп шертеді де, Дүние толып кетеді ертегіге.
Ертегіші – алдияр баба дала, Ақындардың ақыны жер, тегінде.
Жерді көр де мені көр, сыншыл қауым. Іші күйсін күңіренген күншіл жаудың. Кемпірқосақ бояуын кім таниды, Байлап алса көзіне кір шұлғауын.
Урквардтар солайша қарағанда, Қандай болып көрінер Қарағанды? Ақ деп, бəлки, көмірін қаралай ма? Соған да ұқсас сандырақ тараған-ды.
Енді ондайлар бойыма аласа тым. Күндері өтті түс көріп, бал ашатын. Қай елі бар олардың қайта туған, Қазақстан даңқымен таласатын?
...Оркестр де сайрайды сол туралы, Жетіп барған космосқа жол туралы. Шарлайды күй ауылды, жайлауларды, Мақтанышқа жүректі толтырғалы.
Жалғыз қалсаң жасисың, əл кетеді. Жақсы жолдас сүйейді, əлді етеді. Орыс, өзбек, украин, қырғыз, татар, Қосылады, көтеріп əндетеді.
«Қазақ елі – мереке» күйдің аты. Аясындай аспанның күй қанаты. Дірілдейді жас қыздай жігіт күткен Табиғаттың тау атап құйған заты.
X
Мен – қазақпын, мен баймын, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске, айта бергім келеді айта бергім.
Мен – қазақпын, қаныммен, сүйегіммен, Сəн-салтанат, салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да, Мұрагермін оған да, иемін мен.
Тағдыр мені мирастан арылтпасын, Тоқтатпасын, тостыртып сарылтпасын. Ұзын болып аяққа оралмасын,
Тұсау болып адымды тарылтпасын.
Алдан көрген əр таңым арай маған, Кері баспан, кейінге қарайламан.
Үлгісімен тірілу, тірілтудің,
Маған жаңа модадай қарайды адам.
Қарай берсін, ол маған жарасады. Қабат көрсін «қалаша», «далашаны». Тымағы мен қалпағын кезек киіп, Қутыңдайды қазақтың қара шалы.
Қыз да шашын уақытқа қарап өріп, Кисе де сəт қамзол мен қамқа бөрік,
О заманнан келді деп сөгуші жоқ, Жүр оны да модаға бала көріп.
Түбіріндей қайыңның бақта тұрған, Орындыққа мен алғаш шаққа отырғам. Театрда, үйде де енді көрсең, Шіренемін патшадай тақта отырған.
Уақыт – шыңға қолымды артып келем, Өзгеге ұқсап, өзіме тартып келем.
Ар жағына Айдың да көзім жетті, Ертеңімді содан да артық көрем.
Қонақ келсе, қымыз да, қазы да бар, Құсбек болса, бүркіт те, тазы да бар. Жерге отырса, көрпе мен жастық əзір, Өзге десе, өзге де қазына бар...
Бірақ мені баяғы түз демесін, Тіміскілеп «шыл», «шылық» іздемесін. Менің құлқым емес ол, жала маған, Көксегендей көктемнен күз елесін.
Əлдекімдер жүрегі сіркелеген Ұлт атына уларын бүрке берген.
Көргенсіздік, пасықтық, надандығын
«Қазақшылық» дегенмен бүркелеген.
Жоқ, жоқ, маған ондайды жапсырмасын Еңкеймейді ездікке тақсыр басым.
Жаным ада қараңғы қалтарыстан, Менен тапқан адалдық ақ сырласын.
Мен аулақпын бөлексіп бəлденуден. Үйренбеймін «ұлттықты» əлдекімнен.
«Қазақпын» деп қаңбақтай көшіп жүрмен,
«Мұсылманмын» деп жəне сəлде кимен.
Мен – қазақпын, жаныммен, жүрегіммен, Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.
Алабөтен болмаймын өзгелерден, Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.
«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын, Мақтан етсін атақты туысы атын.
«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана, Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын.
Мен – қазақпын, адамзат, бір балаңмын. Кетігіңе кірпіш боп кіл қаландым.
Октябрьде, космостық дəуірде де Барлаушысы боп жүрмін бұл ғаламның.
Кешір мені, күндеме «тентегіңді», Көрдім, рас, көбіңнен ерте күнді. Əркім, бірақ не ексе, соны орады, Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.
Бергені емес Құдайдың, бұл ұлықтың, Тағдырыма патшалық сырын ұқтым. Бір мүшесі болғаным қандай бақыт Коммунистік партиядай ұлылықтың!
Сондықтан да биіктеп барады елім, Барады ұлы Отаным – балалы елім.
Жер бетінде ырысты бір мен болсам, Бақытсызға өзімді балар едім.
Болмысыңда ешкім жоқ оза туған. Шыр етіп ол ақ қолын соза туған.
Мен де солай талпынып, қанаттандым, Барсам барам Айға да өз атыңнан.
Дау-жанжалдың сонда еріп келмесін тек, Жауыздықты жер-ана жерлесін тек.
Сөйлейін мен төтенше елшіңдей бір, Адам ұлын мақтан ғып жерлесім деп.
Кешір мені, күндеме «тентегіңді», Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді. Мен туралы дастан да – сен туралы, Менше көрсең, менше ойлап ертеңіңді.
Мен – қазақпын, жан Отан, бел балаңмын. Махаббаты сенікі жер – даламның.
Ана сүйсе бір жүрек, менше сүйсін, Кешір мені, аса айтсам – мен де адаммын.
Құптасаң да, сөксең де сен өзің біл; Кейде асқақтау сөйлесем мен өзім бір, Құлағы естіп кенеттен, тілі шыққан Саңырау-сақау құлқындай мінезім бұл.
Кешір, ана, еркеңді елпілдеген. Есесі бұл мың жылдың желпінбеген. Дүр сілкіндім өзіңнің қанатыңмен, Еркін келем тек сенің еркіңменен.
Тақтар өшті елімді елсінбеген, Шақтар өшті мендейді менсінбеген. Атым бар да, жоқ еді фамилиям, Енді о да бар, оны да сенсің берген.
Қандай дүние жетеді балауына! Бəрі сенің, жан Отан, қалауыңа! Өз бейнеңдей əлемге түр танылып Қазақстан гербі де, жалауы да.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім!
ОҚ ЖƏНЕ ГҮЛ
Ұлы Отан соғысында, Брест қамалында хабар-ошарсыз кеткен қадірлі ағаларым –
Əуелбек жəне Əзімбек Иманбердиевтерге арнаймын.
I
Аяғымда қырық екінші номерлі Қолпылдайды қызыл ботинка... Лапылдаған қырық екінші отты жыл, – Өтті бір...
Оқ – қыңыр...
Отты жыл кіреді түсіме; Қытықтайды мойнымды Шинельдің кірпі – жағасы. Қатқан қара нан батады тісіме... Бөлтіріктей бұғынып,
Оқ жатыр стволдың ішінде. Бұл оқ Адам үшін бе?
Ал өмір кім үшін?.. Күні-түн,
Ерсілі-қарсылы
Соғыс сермейді қылышын.
Дүние демікті ала алмай тынысын Қиын күн!..
Москваның қызыл қабырғасына Сауыт боп киілдім.
Салқын окоп ішінде,
Ыстық махаббат туралы ойладым.
Отан-ананың көзінен Мөлдір жас боп төгіліп,
Əлсіреген оның жаралы білегінде Бұлшық ет бон ойнадым.
О, өлім... Оқ – өлім, Гүл – өмір!
Снаряд сауытын көтеріп, Алдыңғы шепте десті гүл. Соғыстан қорыққан жоқ, Мықты ол.
Жамырап белеңнен, Солдаттармен атакаға шықты ол! Үйренді ол порохтың иісіне.
Жер үйдің үстінде, Пулемет қасында Батырлар қабірі басында,
Өсті гүл касканың астында! Оқтың бетін қайтарған,
Нəзік деп гүлді мен айта алман. Кейбіреулер
Оқ пен гүлдің айырмасы қанша деседі? Оқ жасалады Адам қолымен,
Ал, гүлдер өзінше еркін өседі.
II
Оқ – қыңыр; Тоқтамайды ол, Сүрінбейді ол, –
Тартады жолсыз сүрлеумен. Естімейді сөзіңді, Ескермейді шеніңді...
Оқ – қатал:
Онда дос бар ма?! Сүңгиді қыршын жүрекке Бозаң тартқан бастарға.
Ақымақтық пен ұлылықты Таразылап өлшемес ол мүлде. Оқ тиеді асқақ Арманға,
Оқ тиеді үлкен Өмірге! Оқ – кекшіл; (Мұны ұқ!) Зəрін шашып жыл талай, Мұз сақтаған жылғадай,
Жатады ол жүректерде бұғынып. Көп заман өтсе де,
Зақымданған сырқат өкпелер алқынды. Құмалақтай оқ қалдығы –
Əлі де сыздатып жүр талай балтырды. Денеге терең бойлаған сол бір оқ Ысылған озбыр тыңшыдай,
Адам қуанышының ізіне түседі... Ол сұғын қадайды
Нұрлы болашаққа – алдағы. Кеше тоқылдағы сықылды Мүгедектің ағаш балдағы. Кешегі жарақат партизан Дəрі ішеді күркілдеп, Соғыс тарихын шертеді
Майдандас, кемтар досымның Сүйексіз шекесі бүлкілдей!..
IV
Өмірде сан қилы бар Биік Биікке – жүрегім тым қызба.
Альпинист ұмтылса шың, құзға, Гагарин – ұмтылды жұлдызға!.. Биіктік – Ерлердің мекені, Отанын сүйген Ар биік.
Жеңістің тұлғасын жасады Батырлар жан қиып.
Шын сұңқар жатпайды – Жып-жылы қуыста тарбиып, Күресте қанынан айрылған Досына береді ол қан құйып. Қорқаққа – қазулы ор, Ерлерге бар Биік! Білеміз,
Теп-тегін келген жоқ бұл Жеңіс. Бұл Жеңіс –
Тайғақ жол, тік еңіс!
Майданда көз жұмған Батырлар –
Жеңістің қожасы Бұл Жеңіс жолында
Ер өліп, төгілді жесірлер көз жасы, Жеңістің ұраны –
Көп айттық «ураны». Бораған оқтың астында, Қара нан кеміріп, Ойладық Жеңіс туралы. Жеңісті іздедік – Жазымен, қысымен, – Брянскі орманы ішінен... Тоқымдай жерді біз
Жүз алып, жүз бердік. Мушканың титімдей көзінен Үлкен Жеңісті іздедік.
Фашизм жендеті
Оққа ұшты қалпақтай.
Іздедік Жеңісті
Он тəулік нəр татпай, Жеңісті іздедік –
Осынау, оқ атқан адырдан. Жеңісті іздедік –
Бір басқан адымнан. Бір тамшы қаннан біз Жеңісті іздедік.
Жеңісті іздедік –
Аяқты, қолды да біз беріп! Жас дəурен өмірді Жеңіске біз айырбастадық. Жастықтың орнына Снаряд жастандық.
Жүректің дүрсілін Көкшіл мұз тыңдады.
Жарақат денеден қызыл қан Бір емес, мың тамды Жеңістің жолында ағарды
Он сегіз жасар жігіттің шаштары. Ұйқы-қыз аруды ап қашты Майданның түнгі марштары.
V
Алғы шеп жып-жылы үй емес; Кейде қар, кейде ызғар.
Окоптың шатыры – көк аспан, Шегесі – жұлдыздар.
Сағыныш құрсағын қампитты Елдегі арулар гүл терген...
Нұрлы жеңісті іздедік Қараңғы түндерден.
Іздедік Жеңісті Күнімен, түнімен Іздедік Жеңісті!
Қайыңның бүрінен, Көктемнің гүлінен... Жеңісті келін қып түсірдік Ақ отауына бейбіт өмірдің. Сол бір күн: –
Көңіл – жаз, көңіл – күн. Қызыл аланда желбіреді Гүлдері ту болып бүкіл өңірдің. Салют боп аспанға атылдым, Жыр болып төгілдім...
Біздің жастық шақ ажалмен айқасты Бақытты күн үшін бүгінгі.
Біздің жастық шақ солдат боп, Котелок ішіне үңілді.
Тар кезеңде садақ боп, Біздің жастық шақ бүгілді.
Біздің жастық шақ қан болып, Маңдайдан төмен жүгірді.
Біздің жастық шақ жалау боп, Берлинге тігілді!
Альпинист шығатын шын емес Рейхстаг күмбезі,
Қошқарбаевтың əр адымын аңдыды Ажалдың мың көзі.
Ту тіккен қазаққа Күлімдеп қарады күн көзі.
Біздің Рахымжан батыр ғой! Гитлер кім өзі?.. Біз үшін – Фашисті жою – басты шарт! Мың рет тіріліп,
Мың өлді біздің жастық шақ.
Қып-қызыл оқтың астында, Қақаған аязда
Гүлдеді біздің жастық шақ. Білеміз:
Теп-тегін келген жоқ бұл Жеңіс. Бұл – Жеңіс – Тайғақ жол, тік еңіс! Өмірде əр қилы бар Биік,
Тек қана Ерлерге көнеді. Төменде жүргенше жарбиып, Биікте мерт болғым келеді!
О, көне шежіре, Саған мен үңілсем
Қат-қабат тарихты ақылмен бұрғылап; Сарбаздар табаны,
Аттардың тұяғы Қаншама салды əлек
Момын жердің бүйірін ұрғылап! Жас тамды кездерден,
Қан тамды шоқпардан.
Ат жалын құшқан батырлар Оралған жоқ қанды «көкпардан». Сан елдің ұлдары
Сан рет жоқталған.
Қатты зат болса егер бұл ауа, Болар еді шұрқ тесік – Тартылған садақтан, Атылған оқтардан!!!
Біз саған жүгінсек, о шындық, Кесілген аяқтар,
Тыртық денелер Сөйлейді ашынып...
Неге айтпасқа соғыстың зардабын? Тартынам мен неге?
Майданда хирург те – геолог, О да іздеді темір, қорғасын,
Құралын жүгіртіп жарақат денеге! Бір грамм тот басқан сүр темір
Батырдың жауырынын жерге тигізген. Бұл соғыс талай боздаққа
«Ағаш шапан» кигізген!.. О, менің қиқар Ғасырым, Соғыс дүниесін қоқсытпа, Тірі өмірге оқ сұқпа!
Жер шарын қағаздай жыртқылап, Тастауға бола ма қоқсыққа?!.
Штыкты жерге шаншысын, Өмірді сүйсе кімде-кім!
Шіркін өмір қызық қой!.. Асқақта, Арманым, Үзілме, күдерім.
Сенен бақыт күтемін О, менің тірі күндерім.
Қайтесің оқ деген немені, Айтсайшы, даланын гүлдерін! Сыбдырлай ма жапырақ?
Шөпілдей ме еріндер?.. Ғажап қой, айлы түндегі үн!!! Мен өмірге құштармын!
Өлген күнде де естігім келеді, Табытыма қағылған шегенің үндерін!..
VII
Өмірге беймезгіл келдің деп, Кім маған ұрсады?
Миллион жыл мені көтерді Уақыт құрсағы.
Өмірге ғашық боп, Мəңгілік мұздарды еріттім, Теңізді толқыттым, Айналдырып жер шарын,
Көктегі Күнді де жылжыттым Бұл жарық Дүниені
Жүздеген жыл күттім, Мыңдаған жыл күттім Жер, жер болғалы
Су ақты қанша күн, Жыл өтті қанша мың?!
Мен уақыт құрсағында жатсам да, О, Өмір, сені аңсадым.
Асықтым, Асықтым, Асықтым
Уақыт құрсағын ұрғылап. Белгісіз бір түнек дүниеден, Түстім мен құлдырап, Айналам – Тіршілік, Айналам – нұрлы бақ.
Жеттім мен өмірге
Қат-қабат ғасырды бұрғылап!.. Тамаша! Қызық мол,
Бүгінгі заманға қарашы! Өмірім – ұзын жол, Соғыс –қарақшы.
Еңбеккер екі қолымды Бейбіт Тірлікке сыйлаймын. Менде бар – бір-ақ сараңдық; Өмірімнің жартысын
Ұйқыға қимаймын... Теңіздің түбі бар,
Шырқау биіктің ұшы бар. Өзеннің бойы бар, ені бар. Тулаған Мұхиттың шегі бар... Өмірдің жоқ шегі.
...Жол жатыр ақ маңдай. Аспанның жүзі алқызыл, Арайлы таң қандай!
Алатау – алма ағаш, Жермен өбіскен балағы. Күн – апорт қырмызы, Батысқа дөңгелеп барады... Планета – ақ отау, Тыныштық – жас келін.
Отауға кіргізбе, Адамзат, Апаттың əскерін!
Жақсы ғой ашық күн Бал құйған көңілге. Ғашықпын, ғашықпын, Шаруагер өңірге...
Мейлі, миллион жыл өтсін, Адам боп, немесе гүл болып, Мен қайта келемін Өмірге – Менде бар – бір-ақ сараңдық; Өмірімнің жартысын
Ұйқыға қимаймын. Еңбеккер екі қолымды Бейбіт Тірлікке сыйлаймын.
VIII
Бəрі де қолымнан келеді, Тебінсем – Жұлдызға жетемін. Қияннан асып та кетемін.
Ақыл – көлігім, Кеземін Жер, Көкті.
Анасын жоқтаған сəбидей Қолдарым аңсайды еңбекті. Бəрі де қолымнан келеді, Кім мені басынар?!
Бұл жүрек сүйе де біледі, Шындап сүйсе егер асыл жар! Бəрі де қолымнан келеді, Табиғат маған бас ұрар.
Қуансам – күлкім бар, Қайғырсам – көзімнің жасы бар. Бəрі де келеді қолымнан, Сондықтан қолдарым терлейді. Тек қана Кеңістік əлемге Жасанды Жер жасау
Қолымнан келмейді, Қолымнан келеді бəрі де, Өмірге соншалық құнықтым. Оқ ату – қолымнан келмейді, Шүріппе басуды ұмыттым.
Білемін – Достықты Білмеймін – жаттықты. Жерге мен төкпеймін
Кесеге құйылған сыбаға – шаттықты Қолымнан келеді –
Түз гүлін жырлауға, Өмірді əндетіп шырқауға. Қолымнан келеді,
Қажеті болса егер,
Бір тауды қосамын бір тауға! Қолымнан келеді;
Дарияны жетектеп кетемін өз басым!
Қолымнан келмейді, – Жүректен суырып ала алман Адамның бір тамшы көз жасын.
X
Əлемнің құпиясын тонаған О, Адам!
Ақылың биік асқардан. Жер бар ма сен баспаған? Бел бар ма сен аспаған?! Істейді,
Істейді, Істейді –
Ақыл, ой – астанаң!.. Мен бүгін қуанам, Ал, бірақ мастанбан.
Жұлдызды шақырып аламын Тұңғиық аспаннан.
Көгілдір көрпені үстіме жамылып, Осынау Айды жастанам.
«Восход» – төсегім, Кеңістік – баспанам!.. Нұр ойнап жүзінде,
Жымиып қарайды тас маған. Бар табиғат,
Күллі өсімдік, Тіпті, Адам да
Өмірін гүлден бастаған!.. Соғыстың тырайған қаңқасын Адамзат əлдеқашан-ақ, Қоқысқа лақтырып тастаған. Дегенмен, сонда да...
Снаряд сауыты ажалды ішіне толтырып, Қоймаларда мүлгиді,
Сақтан, жас Адам! Бір ауамен тыныстап. Бір өзеннен су ішіп,
Бір жердің нанын біз жейміз. Тыныштық жақпай ма,
О, Пентагон, осы сіз, Неліктен бүлік іздейсіз?!.
Біздің Планета гүл болып жайнайды, Біз егер трактор үстінен түспесек Жер шары – аппақ нан,
Жер шары – құс төсек! Жердің қампық құрсағын Сипаймын қолыммен, Саусақпен көремін бар кенін, Сөз боп па көз деген?!
Аласа үйден шықсам да, Космосқа тиеді өз төбем! Арман – шын досым,
Ал, соғыс – маған жат.
Снаряд сауыты ажалды ішіне толтырып, Қоймаларда мүлгиді,
Сақтан, Адамзат!
ΧІ
Біз саған жүгінсек,
О Шындық, О, сұмдық!.. Соғыста кесілген аяқ, қол Сөйлейді ашынып, Осыны ұқ!
Үшінші аяқты мен керек етпеймін;
Жетеді маған екі аяқ, Жетеді екі көз,
Екінші жүрек те керексіз, Үшінші қол артық.
Сау болсын табиғи мүшелер, Бəрінен сол артық!
Белгісіз, жұмбақ бақытқа Жүремін ұдайы қызыға құмартып. Адамның бəрі де бір адам, Сондай-ақ кім артық?
Кейде біз мұңайып, ал кейде Күлеміз көз жасын құрғатып. Қайғының бəрі де бір қайғы, Бақыттың бəрі де бір бақыт. Адамның бəрі де бір адам, Сондай-ақ, кім артық?!
Мидағы зұлым пиғылдан Бейнетқор қолдағы кір артық. Соғыста туған бір құшақ дастаннан Еңбекте туған бір ауыз жыр артық! Нағылет соғыстың аты өшсін, Тыныштық өмірді мұра тұт.
Тірліктің бір сəті – миллион сом! Басы артық өмірді
Несиеге бермейді уақыт. О, менің тірі Күндерім, Мен үшін ту, бақыт!
Соғыс құрысын!..
Өмірге қараймын құмартып. Жетеді – нан, жер, ауа, Жетеді маған екі аяқ, Үшінші қол артық.
Сау болсын табиғи мүшелер, Бəрінен сол артық!..
ΧІІ
Əлемде Адам көп!
Солармен таныссам мен жеке Бүкіл өмірім жете ме?
Құй жетсін, жетпесін, Жаным соншалық етене...
Шіркін-ай, бəрімен достассам, Барғандай болар ем Меккеге! Сөзімнен мен қайтпан,
Бүкіл əлемді куə тұт; Дүниедегі барлық
Адаммен Достасуға табар ем уақыт! Достықты қош алам
Көңілдің гүлімен, Жүректің отымен,
Бейтаныс біреуді бір көрсем, Қайтадан көргенше өкінем!.. Өмірге құштармын.
Өмірден көңіл сірə қайтқан ба?! Ажал қашады өңкеңдеп,
Мен өлең айтқанда. Ұмытып ғашықтық əуенді,
Майданда көп айттым өлеңді, Ескірді ол енді...
Солдаттар бүгін де əн салар, Əндері болғанмен сүйкімді Кетірді-ау, сиқымды!
Əскери былғары етіктер Болғанмен сүйкімді...
Ал, оның жойқын сартылы Бұзады ұйқымды.
Тойларда құйқылжып шалқыған. Балқытпас күй кімді?!
Əн салған қыздар да, Апырай, неткен сүйкімді!.. Ысқырып қорғасын,
Тыныштық ұйқысын бұзбасын. Біздің ашушаң Ғасырдың
Тас түйілген қабағы ашылып, Тіршілік алға қозғалсын!
Болашақ ұрпаққа
Бізді мақтарлық сөз қалсын. Тарыдай осколканың зардабынан Жүректер күн бұрын тозбасын. Дегенмен, жолдастар,
Өлім –
Өмірден озбасын! Тыныштық!
Еңбек! Достық! – деп,
Бастайық сөз басын. Шопандар үйінде той болып, Қотанда қойлар қоздасын... Жайдары, момын күндерді Сүйемін өз басым.
Гүл менің күлкім ғой, Ал, оқ – көз жасым.
Ерлікті тек майдан тумайды, Еңбектен іздейік Ерлікті
Оқ атсақ –
Тірі күндерді жер жұтты
Егер, дəн сепсек –
Əрине, болады жер жүкті!
XIII
Жұмыр дəнге Жер жерік, Қарны тырсиып.
Сұп-сұлу жарық дүние Көзіме тұр сыйып!
Тым қатал өмірдің тəртібі; Соқпағы тайғақ қаншама! Бір рет анадан туамын, Бір рет барамын бақшаға.
Бір замат – сəтсіздік тап болар, Кейде сау ат-көлік.
Бір ғана бақытқа жетем деп, Сан рет жасаймын қателік.
Ащылы-тұщылы бір өмірге татымас Күрессіз он өмір.
Күрессіз дүние – өлі өмір. Бір рет сəби боламын.
Бір рет мектепке барамын. Кейбір шақ мұңайсам,
Ал кейде күлемін. Бұл қызық дəуренді
Миллион жыл күтсем де, Бір рет өмір сүремін.
Бұл дəурен – гүл дəурен, Кіремін есікті кең ашып. Жүз жыл бойдақ жүрсем де, Бір рет боламын мен ғашық.
Жастық шақ – найзағай жарқылдақ. Кəрілік – салқын бақ.
Тірі бір күннің құны – миллион сом! Əр минут менімен табақтас.
Көңілің шадыман ба? Əлде шерлі ме?.. Уақыт онымен санаспас.
Тебіренсем, ал, тіпті,
Қолдан жасаймын шаттықты Күлемін.
Жүремін. Сеземін.
Өйткені, мен бүгін көңілді.
Мен бір-ақ нəрсені сезбеймін – Өлімді! Ажалды, əмəнда,
Өзімнен ілгері оздырман. Өлімнен көп бұрын
Бұл өмір ит көйлек тоздырған! Гүл болып өседі
Жерге сіңіп өнген тер. Атылған оқтар
Ствол ішіне қайта кірмейді, Тірілмейді өлгендер!
Уақыттан жарқын өмір мүсінін қашаған Социализм – тым іскер.
Біз бүгін – министр, Біз бүгін – жұмыскер.
Болашақ Ұлына мұра боп,
Қалсын Тыныштық, мəдени үлгі істер. Дүниеге келмеген ұрпаққа
Біз мылтық атуды үйретсек –
Боламыз қылмыскер!
XIV
Миллион дəннің ішінен Жалғыз оқты танисың...
Кім жақсы көрмейді Гүл мен нан иісін! Кім жақсы көрмейді Күлкісін баланың! Мен өзім ұнатам Түтінін даланың,
Жаутаңдаған бұлақтың жанарын! Мен жырлаймын
Жаңа шатырға қағылған іскер шегені... Атама, атама
Оқ деген немені! Оқ – ақымақ, Адам – ақылды.
Адам адам болғалы Талай оқ атылды.
Ал, атылмаған оқ қанша? Ол тура жүреді
Жер жұмыр болса да. Оқ – қыңыр...
Тоқтамайды ол, Бұрылмайды ол, Сүрінбейді ол. Бəрі бір оған –
Батыста да, терістікте де... Зулайды ол –
Жолсыз кеңістікпен!.. Батыс Берлинде
Қару ұстаған қайратты қолдар Соқа тұтқасын ұстаса нетеді?! Шаппаға жармасқан саусақтар, Дымқыл, бусанған өңірге
Дəн шашса нетеді?
Каска ішінде тауықтар «қыт-қыттап»,
Жұмыртқаға толса екен лайым –
Шаруалардың етегі...
Шіркін, Тыныштыққа не жетеді!..
XV
Шіркін дүние-ай, ЬІстықсың сен неге?! Махаббат отына
Су сепсең сөне ме! Қиыршық тастаққа Дəн көмсең ене ме?.. Жұртымнан көштің сен Жастық шақ, о неге?
Ақ тал шашты қылыш қып, Кəрілік шабуыл жасайды Самайдан өрмелеп төбеге Жылдар – шаттық, мұң сарайы, Күндерім – баспалдақ.
Көктем басталса тау табанынан Кəрілік самайдан басталмақ.
Уақытты тежемек күш қандай! Қызық қой табиғат шынында; Өзімнен миллион есе кішкентай Бір тəулік беріпті шыбынға...
Азсынбан уақытты, Көпсінбен бақытты.
Кей гүлдің өмірі бір-ақ күн, Ал, соның өзінде
Шаттықтың көп балын татыпты! Күн нұры – музыка;
Билейді жер дөңгелеп, Билейді гүлдер, Билейді көбелек.
Дəн есірген жер жұмыр. Нұр сандық – күн жұмыр. Тас түйілген, балғадай Жұдырық та жұп-жұмыр. Елбіреп жүректер,
Кек жарасы сыздамасын қуыста. Тас түйілген жұдырықтар жазылып, Гүлдер толсын уысқа!..
Жақсы ғой ынтымақ, Жақсы ғой кеңшілік!
Соқыр ішек сықылды зұлымдықты Кеудесінен Адамның
Құдірет болсам, тастар едім мен сылып!
XVI
Жер жұмыр. Дəн жұмыр. Күн жұмыр
Адамның басы да жұп-жұмыр. О-дағы күндей қызады.
Ақылдың сəулесі Алысқа ұзады – Ғарышқа ұзады!
Нан болып пісетін еді ғой Болса егер ми қамыр.
Қиялдың аэродромы, Ақылдың қоймасы – Бар құдірет мида тұр! Терең, батыл ойлары, Жарқын арманы Самғаған шалғайға,
Лениндей ұлы жан қайда?!
Күрестің алғашқы дəні өнді Жұмыскер, кең, қарыс маңдайда!.. Қиялды шыңдаған балғадай,
Ми да қызады магмадай Ой-арман піседі
Тамдырдан шыққан ақ нандай. Ойлаудан,
Ойлаудан, Ойлаудан!
Шекеден тер шықты. Ақыл – адамның Көлігі меншікті.
Адамдар, Адамдар, Дүниені алмайық үркітіп.
Шаппаға жармасқан тентек саусақтар Мидың əмірін тұр күтіп!
Жер шары – атылған қырғауыл, Адам отпен ойнаса.
Бітеді құмға гүл –
Ми егер, шаруа боп ойласа... Кешегі қанды айқаста, Украинаның қасиетті топырағына Қан тамды менен де.
Соғысты көрдік қой,
Оқ жұмсақ дегенге сенем бе?!
XVII
Оқ – жауыз.
Гүлдер – періште, қарусыз. Гүлдердің төркіні – Оңтүстік, Оңтүстік – ару қыз. Сүйемін, Оңтүстік, Бозымық таңыңды.
Оңтүстік аптабы шарап қой, Оятар мүлгіген қанынды!
Топырақ қойнына дəн кірсе,
Əп-сəтте шығады құлағы қалқиып, Жүзімнің жанары жарқырап, Ішіне алыпты бал құйып.
Февральда шешеді Оңтүстік күпі, шекпенін. Ешқашан тот баспайды Соқаның тістерін, Диханның кетпенін.
Жайлауым жап-жазық, Тауларым кіл асқақ!
Сүр бұлт – қағазға Қол қойды найзағай
Көктем-келіннің түскенін растап. Көңілден қоныс таппады
Өмір шиқаны – қасірет, қайғы, мұң. Жақсы ғой тыныштық,
Жақсы ғой айлы түн! Қашаған, асау арманға Жүрек сілтейді құрығын. Кім жақсы көрмейді Қыздардың бұрымын?! Кім жақсы көрмейді Қырмызы қыр гүлін?
Тот басады семсерді, Жарады гүл бүрін Қымыздай сапырып,
Ішеді құлағым жапырақ сыбдырын. Жақсы ғой түз гүлі!..
Ұмытуға болмай тұр: Алғашқы ұсынған қыз гүлі Əлі де кеудемде солмай тұр.
Аралар гүлден бал алса,
Біз аламыз тазалық, көрікті. Гитлер қанқор, жауыз болса да, Гүлдерді о да жақсы көріпті!
XVIII
Мен тірі шағымда, Соғысқа сермеймін Тілімді қылыш қып.
Егер, мылтық «гүрс» етіп атылса, Оққа шашалар Тыныштық, Кірпігін қадап Əлемге,
Оқиды Күн газет. Планеталарға сапар шегуге, Айға ұшуға
Жылдамдық бізге тым қажет! Еңбек етуден тартынбас – Мына қол, мына бас.
Қазына, байлығын алсам да, Табиғат ақы сұрамас.
Күн сайын түйіндеп үлкейген Арман – қиял ғой.
Өмірде құпия болмаса, Əрине тозады қиял-ой. Не бір сұлулық тозады
Осынау күннен тұрмаса нұр алып. Сұлулық өмірде болмаса,
Өледі құмарлық Жасасын сұлу Дүние! Сұлулық алысқа шабады. Сұлулық жоқ жерде Қызық та шамалы.
Өмірдің ойы бар, қыры бар, Əрбір жүректің өзінше сыры бар. Жүзінен лəззат алғанға
Ақы сұрамас сұлулар... Əлемде кім сұлу?
Оқ – құбыжық, гүл сұлу! Атылған оқтан жылдамдық алған Адам ақылы тым сұлу!
Жарық дүниені шексіз сүйемін, Менде жоқ – қымсыну.
Тарих бетіне мөрдей басылған Аңғарсам əр ізді;
Атылып кеткен оқтар
Сұлу өмірдің секпілі тəрізді. Батырлық, даңқ, атақты Естімейді қай керең?!
Ел үшін мерт болған Ерлердің Ерлігін сұлу деп айтар ем!
XIX
Ерлік батырмен пəтерлес, Ерлік даңқпен көз таныс. Ерлік – ұстайтын зат емес, Ерлік – қимыл, қозғалыс! Ерлік алға ұмтылса, Қорқыныш артына бұрылар. Отанын сүйген жүректе Ерліктің бүрі бар.
Ол керек қылмайды шуақты Көктемгі жып-жылы жауынды. Өседі ол тайғақ жолдарда, Тілейді ол дауылды!!!
Ерлік қан майдан шебінде Бес күнде бір рет түстенген. Ерлігі жоқ адамдар
Қанаты жоқ құспен тек, Ерлік қанды айқаста
Сөніп бара жатқан кеудеге от берді. Жылдың төрт мезгілін
Ол окоп ішінде өткерді. О, Ерлік!
Жүрдің сен өрмелеп Үстімен тас-құздың... Котелок күңгірлеп,
Бөксесін соғады жас қыздың. Қыпша бел майысып, Балғын иыққа батады
Мылтықтың бұжыр қайысы... Фашизм жендеті құтырды... Батыр қыз Əлия
Өлімнің бетіне түкірді! Жыныстық сұлулық сөз бе екен, Сұлулық – əншейін қымсыну.
Дегенмен сұлулар сұлу ғой, Ал, Ерлік одан да тым сұлу! Майданда қамал көп, еңіс көп, Жау – көтерем ат емес, Ерліксіз жеңіс жоқ,
Ерлік жеңіспен пəтерлес. Матросов, Зоя, Гастелло, Төлеген Тоқтаров,
Генерал Карбышев, Ер Мəншүк Біздермен жасайды бұл шақта. Батырлар, Ерлігін мұра қып, Қалдырды кейінгі ұрпаққа!
Намыс – оттығы Ерліктің, Ерлік өспейді болбырап.
Ердің жүрегі штыкке шаншылса, Штыктен жоғары тұрады ол бірақ! Дар көзі тарлық қылмайды
Сияды үлкен басқа да. Тұзақ арқан тесігі арқылы Қарады Батырлар –
Болашақ өмірге, нұрлы аспанға. Ерлік – ескерткіш,
Ерлік – құлпы тас. Ерлік даңқпен бір тұтас.
Ерлік – бақыттың өткелі, Ерлік батырмен ашына. Ерлікке əжім түспейді, Ерліктің ақ кірмейді шашына Көздің жанары сөнсе де, Сөнбейді Ерліктің. жанары. Ерліктің ақ кірмейді шашына! Ғасырларды басқыш қып, Болашақ Еліне, мəрмəр тас – Ерлікті көтеріп барады!
XXII
Өлеңмен бір жатып,
Өлеңмен бірге тұрамын таңертең. Гүліңді теремін,
Суыңды ішемін. Ауаңды жұтамын...
Табиғат, мұншама жомарт ең! Адамға бас иген
О, құрыш темірлер,
Құтырып кетпе енді.
«Соғыстың Құдайы» болғанша, Болсайшы диқанның кетпені.
О, жабы темірлер, Сен бүгін – арғымақ.
Үстіне мінді енді Космонавт! Сауыққой, сері бұл Ғасыр, Ауадан шарап жасамақ!
Атом дəуірі Өнерін оздырған. Атом дəуірі
Космосқа жол шегіп, Қиялдың етігін тоздырған. Физика, ақылгөй замана Жасартпақ Адам өмірін.
Химия – киімім, Химия – көлігім!
Кейде ол қолдан жасайды Құдайдың «өлімін»...
Бал татқан кеседен У татқым келмейді. Жігіт боп есейген Армандар кел дейді. Адал, таза көңілден
Гүлдер «оқ» боп атылса, Кеудемді тосамын, Бұқпаймын окопты қалқалап. Күлімдеп тұрса табиғат, Сөйлесе Шындық, Ақиқат, Құмарым менің тарқамақ!
Коммунизм Отауына мен кірмен Оқ салған дорбаны арқалап...
Қызыл гүл – өмір бұл.
Гүлі жоқ өңір тұл. Айнымас Достықты Гүлге балау бар. Гүл исін əйбат сезеді Порохты иіскеген танаулар! Махаббат елшісі,
Өмірдің ажары, Көңілдің базары – Гүлдер өседі белеңде. Соғысты көрдік қой,
Оқ жұмсақ дегенге сенем бе!.. Жүгірген тымпыңдап, Күндерім тым қымбат.
Жасасын Тыныштық! –
Жасасын Ынтымақ!
Бүкіл Əлемнің бейтаныс жандары, Əкел қолыңды!
Сартылдасын алақан, Достарға толсын жан-жағым. Тек қана тап-таза жеңдерден Көрінбесін қызарып, Былғаныш ұшы қанжардың!..
МАХАББАТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Үстіңгі шекті басып дірілдетіп,
Бас бармақ үн шығарды күмбірлетіп. Жөнелді тарап бойға күйдің басы Бір жайдың алыс күнгі үнін шертіп...
Кіршіксіз ақ жүрегін тат баспаған Алдымда отырды қарт, ақ шашты адам Көрініп көне күннің куəсіндей Артына талай қилы жыл тастаған.
Жеті түн. Жұрт ұйқыда. Ауыл жым-жырт. Төнеді аспан жерге, қоса мүлгіп.
Ауада жеңіл қанат жел еседі,
(Бас бармақ домбырада баяу жылжып).
Күн ұзақ жортуылдан түк таба алмай, Дария да жатыр сұлық ұйқтағандай, Əр жерде ояу толқын дөңбекшиді Түнде де тентек қалпын ұмытпағандай.
Шеткі үйден біреу шықты есік ашып, Беттеді дарияға, белден асып...
(Сол кезде ұрлап басып бас пернені Жөнелді сұқ саусақ та төмен қашып.)
Лүпілдеп жүрек шіркін, жан асыға Көк талдың отырдың кеп арасына.
О, ғажап, шырак жағып, қолға ұстады... (Шынашақ домбыраның сағасында)...
Түн түнек, білінбейді кім екені, Қолында жаққан шырақ дір етеді. Алыста манаураған төбеттердің Ауылдан үріп қойды бір, екеуі.
Аймақтың естілгендей бар тынысы Елеңдеп отыр мына жалқы кісі.
Сол кезде шалынды кеп құлаққа анық Пысқырған арғы беттен ат дыбысы.
Сəл биік көтерілді жанған шырақ, Кенеттен шолп етті су, шөп сылдырап, Қақ тіліп омырауымен тұнық суды Қасқиып жүзіп келеді қара арғымақ.
(Жөнелді бір тебіреніп толқынға ұқсап Саусақтың тұтқынынан дыбыс босап). Жағаға шыққаннан соң біреу түсіп Арқандап, арғымақты қойды тұсап.
Манағы шырақ сөнді, болды ғайып. Кездесті жағада екеу құшақ жайып. Айқасты білектері, төс түйісіп
Бірі қыз, бір жігіт болуы анық.
Сол түннің əлсіз бұзып тыныштығын Шығарды ғашық жандар сүйіс үнін. (Бұл жерде шал маңдайы қойды жіпсіп Ол жайдың байқамаған кім ыстығын?).
II
Дарияның екі беті түрік пен қазақ Ол кезде ел болатын достығы аз-ақ. Таң атса бір-біріне сəлеміндей Зуылдап жатушы еді тартқан садақ.
Босамай қолдан найза, аттан тақым, Жазықсыз қанжығада қан тұратын. Екі елдің өз заманда ерегісін Жақсылап жазып өтті алдыңғы ақын.
...Тəнтəн қыз ару еді – ауыл бағы, Көркімен қабат ұнап жалын жаны. Сан сабаз түсінде оны сүйіп, құшып Өңінде құшағынан табылмады.
..Жарқ етіп жаңа нұрын жаққанында Қалт етпей қыздың ізін бақты ауыл да. Мұндай қыз дəурені ұзақ болмаушы еді Кетер деп қай жігіттің ат жалында?
Дариға-ай, аз дəуренге қыздай жұмбақ Жан бар ма сыр сақтағыш жұрттан ұрлап! Бағады-ау, із білдірмей, шу шығармай Жатса да жан сезімі іште тулап.
Жағаға Тəнтəн еді барып жүрген, Бос тастап от төсекті жарым түннен. Жүрген соң ылғи күтіп ай батуын
Бұл сырды дүниеде тек жұлдыз білген.
...Ұмытып дүние дауын, ел егесін, Қоздырмай қан жортуыл делебесін.
Асынбай алтын балдақ ақ қылышты Серті деп сергу білмес ер егестің.
Жүйткімей алғы шепке атқан оқтай, Тұлпардың тұяғынан шаң боратпай, Үн қоспай боз көдемен ат құйрығы, Ұшынан қызыл қамшы көбік ақпай.
Жүріспен жанға тыныс жұмсақ аяң Дыбысын төңірекке етпей баян.
Ер еді түркпен түздің қыранындай Келеді секілденіп момын қоян.
Тесіліп меңіреу түнге жіті қарап, Жан-жаққа құлақ тігіп, дыбыс санап, Қашаннан иесіне сенімді дос Бағыттан айну білмес қара арғымақ.
Жағаға жеткеннен соң, айыл тартып, Мінгенде қайта ырғып, шылбыр қамтып. Жануар дарияға түсе қалып
Тартушы ед, тұрған жерге шырақ шалқып.
Иесі деуші еді оны жаннан есті, Өзі де жануардың жылқы емес-ті.
Жағадан қыздың жаққан отын танып Желігіп жеті түнде дария кешті.
Осылай жүрді сұлу жарын қарсы ап, Əр күні түн болуын тілеп, аңсап, Батырдың жанын, тəнін мол қаусырған Кең еді дариядан сол бір құшақ.
III
Ырғиды домбырада кəрі саусақ, Сабылған арғымақтың жүрісін сап. Тəп-тəтті кейде қыздың шолпысындай Сағадан үн келеді жылы-жұмсақ.
Қарт көз сап сабырменен отыр маған. Үн келіп бір мезетте топырлаған.
Жөнелді барлық саусақ қос шекте ойнап Жер ғой бұл ат шапқанда солқылдаған.
Бір жасап қайтқан сайын ер өмірі, Желігіп, ұзай бере жел көңілі?
Сүйейтін ауыздыққа арғымақты Жиырылып қалсын бір деп жер өңірі.
Жөнелді ауылына қыз да қайтып, Кірді, əне есігінен... қалды жатып: (Сабылды ерсіл-қарсыл сонда саусақ Əлдебір өкініштің үнін айтып).
Серік деп сенгенімен қара түнді, Ол дағы алдай-тұғын кезін білді, Еңбектеп боз жусанның арасымен Жүгіріп ең шеткі үйге біреу кірді.
Ойпырмай, ол қандай сұм түнді баққан, Қыз жолын тосып, ұзақ аңдып жатқан! Білмеді байғұс сұлу, кетті ұйықтап
Бұл күні құрылғанын қанды қақпан.
IV
Біліп ап өткен түнде қыздың сырын Жағаға залым дұшпан жетті бұрын. Бағы ма, я соры ма тосып тұрған Жігіт те ерте келе қапты бүгін.
Отырды канішер сұм шырақ жағып, Ол отты қара арғымақ қалды танып. Күшті екен күндегіден дария ағыны Жануар бір пысқырды түсе қалып.
Шалқиып дария жатыр екі ортада, Жөнелді жүзіп тура,ер қорқа ма! Жаздырмай ат-бауырын ағыс бөгеп Кешігіп жайдағыдан келді ортаға.
Сол кезде домбырадан ширығып күй, Дегендей тындаушыға осы үнді түй. Айнымас қоңыр сазы, енді қазір Азынап ащы бебеу қағады ылғи.
Не болды? Арғы бетке ат өтті ме? Кез болып сүрінді əлде қалы екпінге?
Толқынның əлде айнығыш мінезі ұстап Жігітті аттан жұлып əкетті ме?
О, құрсын, жаманат сөз серпіл кейін Əлі де біраз жер бар шетке дейін.
Барады қара арғымақ жүзіп əлі Тастар ма, ол иесін – сүйікті ерін?!
Отырған арғы бетте тұрды да адам, Жағада онан сайын келіп таман
Еңкейтті қолындағы от-шырағын Бір сұмдық болмаса игі, сірə, жаман!
Не ғажап болар екен ал, мына сəт! Шырақты бір тақтайға бекітіп ап. Аяусыз қара қолы қалтырамай Ағыстың қоя берді алдына сап.
Істелді ауыр қылмыс! Оны қайда Байқайтын жанашыр дос осындайда?! Жалт етіп қара арғымақ қуып берді, Ендігі өкініштен бар не пайда?
Қаскүнем жер астына калды бұғып, Барады жануар ат əлі қуып.
Бұрылмас бауыздасаң басы қатты, Талды ма, шіркін, жігіт мысы кұрып?
Алысқа, тым алысқа кетті ұзап,
Жауға да қызмет еткен құрғыр шырақ. Өрінде дарияның жалғыз сəуле Армандай елестейді кұр бұлдырап.
Амал не, тым тұтқиыл мына сорға, Жағаға қыз асығып жетті сонда.
Бұлдырап бара жатыр жалғыз шырақ Қара атты соңындағы көрді зорға.
Қатыгез зілдей тағдыр қара тастан, Алдында жерге құлап барады аспан. Төменде сылқ-сылқ күліп дария жатыр Жап-жаңа қыз бақытын ала қашқан.
Жығылды, төседі қыз жерге басын, Жібектей жел қозғайды сүмбіл шашын. Ес-түссіз тұра салып жүгірді алға Шақырып жар жағалап жалғыз досын.
Меңіреу күш қыздың қайтсын қызғанышын, Бауырына бүктегендей бір табысын.
Аймаққа жаңғырып үн қатады,
Көк дария қайталаған қыз дауысын.
...Ыңырсып күй кетеді осы жерде, Аяныш қыз жəйтін тосып елге.
Келеді көз алдыңа қыз бейнесі Күй бейбақ үздік-үздік өксігенде.
Бір кезек құбылады күй сарыны Естіліп дарияның шу-сарылы. Алдыңнан қанат қағып өткендей-ақ Баянсыз бір махаббат қысқа күні.
Тынбастан ақса дағы күн-түн шұбап, Дариядай жоғалатын теңіз құлап.
Күй дағы бірте-бірте бітеді екен Құлақта көпке дейін ызыңы қап...
Тартатын көп құмар күй «Тəнтəн қызы» Домбырада жосылып жатқан ізі.
Осылай күй ішінде көп жасапты Тағы бір махаббаттың жақсы аңызы.
ТҮСІНІКТЕР
Сапарғали Бегалин. «Тас арал». Поэма Кенесары Қасым- ұлы көтерілісіне қатысқан əйгілі Шұбыртпалы Ағыбай ба- тырдың жорықтарын арқау еткен. Тасарал – Балқаш көлінің жағасындағы бекініс. Ағыбай батыр осы жерде қайтыс бол- ған. С.Бегалиннің бұл поэмасы өзінің қолжазбасы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қызметкерлерінің құрастыруымен шыққан ақын- ның көптомдық шығармалар жинағына енгізілген.
Иса Байзақов. «Құралай сұлу». 1925 жылы «Қызыл Қа- зақстан» газетінің 2-санында жарық көрген. Поэма сюжеті халық аңызына негізделген. Кейіннен1983 жылғы екі томды- ғында жарияланған. 2010 жылы Палодар қаласында жарық көрген үш томдықтың 1 томынан алынды.
Əбу Сəрсенбаев. «Ақырғы граната». Бұл поэма майдан- гер ақынның соғыста хабарсыз кеткен солдаттар тағдырына арналған туындысы. Ə.Сəрсенбаев 1942–1947 жылдар ара- лығында кеңес армиясының қатарында болып, соғысқа қа- тысқан. Бұл жинаққа 1991 жылы «Рауан» баспасынан жарық көрген «Ақырғы граната» атты балладалар мен дастандар кітабынан алынып берілді.
Жұмағали Саин. «Алтай». Партизан ақынның соғыстан кейін жазған шығармасы. 1950 жылы жарық көрген «Алтай» атты кітабына енген. Поэма соғыс шындығын, майдан су- ретін, майдангер психологиясын суреттеуімен құнды.
Қасым Аманжолов. «Абдолла (Ақын өлімі туралы аңыз)». Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясы- ның поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. «Абдолла» поэмасы – əлем классикасына енгізуге болатын бірегей туынды. 1944 жылы
жараланып, госпитальға түскен ақын Қасым өзінің атақты поэмасын жазады. Оны сол жылы баспа беттерінде жария- лайды. Ол поэма туралы Ғабит Мүсіреповтің «Майданнан соққан жаңа леп» деген мақаласы дүниеге келеді.
Қалижан Бекхожин. «Ақсақ құлан». Эпик ақын өзінің
«Ақсақ құлан» поэмасын 1939–1940 жылдары жазған. Ал- ғашқы нұсқасы «Əдебиет жəне искусство» журналының 1940 жылғы сандарында жарияланған. Кейін, 1963 жылы ав- тор бұл дастанына қайта оралып, өңдеп жаңғыртқан. Поэма сюжетіне негіз болған халық аузындағы «Ақсақ құлан» күйі- нің тууы туралы аңыз. Поэмадағы күйші тұлғасы, іс-əрекеті, күйшінің сүйікті жары Елік образы ақын қиялының жемісі. Орыс тіліне аударылып (аударған орыс ақыны Владимир Со- колов) бірнеше рет жарық көрген.
Əбділда Тəжібаев. «Күй атасы». Əбділда Тəжібаев
«Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ əдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Қазақ мəдениетінің тарихында Құрманғазының алатын орны ерек- ше. Құрманғазы мұрасын танытуда академик А. Жұбанов өл- шеусіз еңбек сіңірді. Ақын-жазушылар, суретшілер, мүсін- шілер өз шығармаларында Құрманғазының көркем бейнесін жасады. Ақындар І.Жансүгіров «Көбік шашқан», Ə.Тəжі- баев «Күй атасы», Х.Ерғалиев «Құрманғазы» дастандарын жазды. Ə.Тəжібаев дастанында ұлы күйшінің Динамен кез- десіп, оған өз домбырасын табыстағаны жырланады.
Хамит Ерғалиев. «Құрманғазы». Құрманғазының өнері мен өмірін, өнерпаз тағдырын, күйдің дүниеге келу оқиғала- ры мен сəттерін эпикалық тұрғыда танытқан туынды. Поэма ақын поэзиясының үлкен жетістігі. Өнерпаз тағдырын арқау еткен бұл поэма бірнеше бөлімдерден тұрады. Алғаш 1958 жылы ҚМКƏ баспасынан шыққан. Кітапқа кейбір бөлімдері қысқартылып ұсынылды.
Дихан Əбілев. «Тағдыр». Ақын-жауынгер Дихан Əбілев соғыс кезінде шығарған өлеңдері біздің халықтың қиын- қыстау жылдарындағы патриоттық шығармаларының ішін- де «Майданбек» поэмасының орны ерекше. Соғыстан ке- йінгі жылдарда үлкен шығармашылық табыспен жазылған
«Шолпан», «Тасқұлақ», «Дариға», «Махаббат тағдыры»,
«Тағдыр» поэмаларын атауға болады.
Тайыр Жароков. «Тасқын». Поэмада 1921 жылы Алма- тыда болған су тасқынын суреттей отырып, Қайсар мен Жа- мал секілді қарапайым жастардың бейнесін типтік дəреже- де жасай білген. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып,
«Тасқынға тосқын» (1965) поэмасын жазды. Бұл шығарма- лар тек Жароков шығармашылығының ғана емес, қазақ поэ- зиясының елеулі табысы ретінде бағаланды.
Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын». Жұбан атақты
«Мен – қазақпын» поэмасымен қазақ əдебиетінің ірі тұлға- сына айналған ақын. Поэма 1964 жылы жарияланды. Бұл сюжетсіз поэмада ақын қазақ халқының өткен тағдыры мен тарихын лирикалық-публицистикалық стильде жырлады. Қазақ халқының ұлттық болмысы мен рухын танытып, оның ерлік дəстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата жырлай білді.
Тоқаш Бердияров. «Оқ жəне гүл» Т.Бердияров – қазақтың көрнекті ақыны. Қазақ поэзиясындағы жаңа ізденіс Тоқаш поэзиясынан басталды. Жасы он жетіге жаңа толған Тоқаш соғысқа алынады. Отан соғысы аталатын сұрапылға бастан- аяқ қатысқан ақын соғыс психологиясын, соғыстағы солдат психологиясын үлкен философияға айналдырып жырлаған.
«Оқ жəне гүл» атты сюжетсіз поэмасы осының мысалы.
Ғафу Қайырбеков. Махаббат туралы аңыз. Бұл шағын поэмада ақын аңыздық оқиғаны арқау ете отырып, махаббат трагедиясын, ғашықтық зарының күйге айналуын жырлайды.
МАЗМҰНЫ
САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН (1895–1983)
ҚАЗАҚТЫҢ 100 ПОЭМАСЫ
3-том
Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова
ИБ № 7281
Басуға 18.07.2013 қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/ . Қаріп түрі «Times New Roman».
32
Офсетті басылым.
Шартты баспа табағы 20. Баспа табағы 23,5.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?